Азаматтың құқық қабiлеттiлiгiнiң негiзгi мазмұны
1 Азаматтардың әрекет қабiлеттiлiгi
2 Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың әрекет қабiлеттiлiгi
3 Заңды тұлға ұғымы
4 Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу
5 Заңды тұлғаны қайта құру
6 Мәміле ұғымы.
7 Өкiлдiк
8 Сенiмхаттың тоқтатылуы
9 Меншiк құқығы ұғымы және оның мазмұны
10 Иелену мерзiмi

Азаматтық құқықтар мен мiндеттер заңдарда көзделген негiздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерiнен пайда болады, өйткенi ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетiлмегенiмен, олардың жалпы негiздерi мен мәнiне байланысты азаматтық құқықтар мен мiндеттердi туғызады. Осыған сәйкес азаматтық құқықтар мен мiндеттер: 1) заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмiлелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенiмен, оларға қайшы келмейтiн мәмiлелерден; 2) заңдарға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын әкiмшiлiк құжаттардан; 3) азаматтық құқықтар мен мiндеттер белгiлеген сот шешiмiнен; 4) заң құжаттарында тыйым салынбаған негiздер бойынша мүлiктi жасау немесе иемдену нәтижесiнде; 5) өнертабыстар, өнеркәсiптiк үлгiлер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтiң өзге де нәтижелерiн жасау нәтижесiнде; 6) басқа жаққа зиян келтiру салдарынан, сол сияқты басқа жақ есебiнен мүлiктi негiзсiз сатып алу немесе жинау (негiзсiз баю) салдарынан; 7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттерi салдарынан; 8) заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.
Азаматтың құқық қабiлеттiлiгiнiң негiзгi мазмұны
Азаматтың Қазақстан Республикасы шегiнде де, одан тыс жерлерде де мүлiктi, соның iшiнде шетел валютасын меншiктенуге; мүлiктi мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркiн шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзi немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бiрiгiп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәмiле жасасып, мiндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтiң өзге де туындыларына интеллектуалдық меншiк құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүлiктiк және жеке құқықтары болады.

Азаматтық құқықтар мен мiндеттердiң пайда болу негiздерi
Азаматтық құқықтар мен мiндеттер заңдарда көзделген негiздерден, сондай-ақ
азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерiнен пайда болады, өйткенi ол
әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетiлмегенiмен, олардың жалпы негiздерi мен
мәнiне байланысты азаматтық құқықтар мен мiндеттердi туғызады. Осыған
сәйкес азаматтық құқықтар мен мiндеттер: 1) заңдарда көзделген шарттар мен
өзге де мәмiлелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенiмен, оларға қайшы
келмейтiн мәмiлелерден; 2) заңдарға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды
туғызатын әкiмшiлiк құжаттардан; 3) азаматтық құқықтар мен мiндеттер
белгiлеген сот шешiмiнен; 4) заң құжаттарында тыйым салынбаған негiздер
бойынша мүлiктi жасау немесе иемдену нәтижесiнде; 5) өнертабыстар,
өнеркәсiптiк үлгiлер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және
интеллектуалдық қызметтiң өзге де нәтижелерiн жасау нәтижесiнде; 6) басқа
жаққа зиян келтiру салдарынан, сол сияқты басқа жақ есебiнен мүлiктi
негiзсiз сатып алу немесе жинау (негiзсiз баю) салдарынан; 7) азаматтар мен
заңды тұлғалардың өзге де әрекеттерi салдарынан; 8) заңдар азаматтық-
құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда
болады.
Азаматтың құқық қабiлеттiлiгiнiң негiзгi мазмұны
Азаматтың Қазақстан Республикасы шегiнде де, одан тыс жерлерде де мүлiктi,
соның iшiнде шетел валютасын меншiктенуге; мүлiктi мұраға алып, мұраға
қалдыруға; республика аумағында еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты жер
таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркiн шығып кетуге және оның аумағына
қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен
айналысуға; дербес өзi немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен
бiрiгiп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген
мәмiле жасасып, мiндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және
өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтiң өзге де туындыларына
интеллектуалдық меншiк құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның
орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүлiктiк және жеке
құқықтары болады.
Азаматтардың әрекет қабiлеттiлiгi
1. Азаматтың өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны
жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға
қабiлеттiлiгi (азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi) кәмелетке толғанда, яғни он
сегiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемiнде пайда болады. 2. Заң
құжаттарында он сегiз жасқа жеткенге дейiн некелесуге рұқсат етiлетiн
жағдайда, он сегiз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық
көлемiнде әрекет қабiлеттiлiгiне ие болады. 3. Егер заң құжаттарында өзгеше
белгiленбесе, барлық азаматтардың әрекет қабiлеттiлiгi тең болады.
Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың әрекет
қабiлеттiлiгi
1. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар мәмiлелердi
ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келiсiмiмен
жасайды. Мұндай келiсiмнiң нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын
мәмiле үшiн белгiленген нысанға сай келуге тиiс. 2. Он төрт жастан он сегiз
жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар өздерiнiң табысына, стипендиясына, өзге
де кiрiстерiне және өздерi жасаған интеллектуалдық меншiк құқығы
объектiлерiне өз бетiнше билiк етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмiлелер
жасасуға құқылы. 3. Жеткiлiктi негiздер болған жағдайда қорғаншылық және
қамқоршылық органы кәмелетке толмаған адамның өз табысына, стипендиясына,
өзге де кiрiстерiне және өзi жасаған интеллектуалдық меншiк құқығы
объектiлерiне өз бетiнше билiк ету құқығын шектеуi немесе ол құқықтан
айыруы мүмкiн. 4. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке
толмағандар осы баптың ережелерiне сәйкес өздерi жасаған мәмiлелер бойынша
дербес жауапты болады және өздерiнiң әрекеттерiнен келтiрiлген зиян үшiн
осы Кодекстiң ережелерi бойынша жауап бередi.
Азаматты өлдi деп жариялау
1. Егер азаматтың тұрғылықты жерiнде ол туралы үш жыл бойы деректер
болмаса, ал егер ол өлiм қатерi төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты
деп жорамалдауға негiз болатын жағдайларда алты ай бойы хабар-ошарсыз
жоғалып кетсе, мүдделi адамдардыңарызы бойынша сот оны өлдi деп жариялауы
мүмкiн. 2. Соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әскери
қызметшi немесе өзге адам соғыс қимылдары аяқталған күннен бастап кемiнде
екi жыл өткеннен кейiн өлдi деп жариялануы мүмкiн. 3. Өлдi деп жариялау
туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күнi өлдi деп жарияланған адамның
өлген күнi болып есептеледi. Өлiм қатерi төнген немесе жазатайым оқиғадан
қаза тапты деп жорамалдауға негiз болатын жағдайларда хабар-ошарсыз жоғалып
кеткен адам өлдi деп жарияланған реттерде сот бұл адамның шамамен қаза
тапқан күнiн оның өлген күнi деп тануы мүмкiн. 4. Адамды өлдi деп жариялау
туралы заңды күшiне енген сот шешiмiнiң негiзiнде азаматтық хал актiлерiн
жазу кiтаптарына оның өлгенi туралы жазба жасалады. Бұл жазбаның нәтижелерi
де нақты өлiм туралы жазбаның нәтижелерi сияқты болады.
Заңды тұлға ұғымы
1. Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi
бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан
мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды
жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды
тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға
тиiс.
Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi
1. Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары болып, өз қызметiне байланысты
мiндеттердi осы Кодекске сәйкес мойнына алуы мүмкiн. Мемлекеттiк
кәсiпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың азаматтық құқықтары
болуы және заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында тыйым салынбаған
кез келген қызмет түрiн жүзеге асыру үшiн қажеттi азаматтық мiндеттердi
атқаруы мүмкiн. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда белгiлi бiр қызмет
түрiн жүзеге асырушы заңды тұлғалар үшiн басқа қызметпен айналысу
мүмкiндiгi болмауы немесе шектелуi мүмкiн. Заңды тұлға тiзбесi заң
актiлерiнде белгiленетiн жекелеген қызмет түрлерiмен лицензия негiзiнде
ғана айналыса алады. 2. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған
кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшiн
лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық
қабiлеттiлiгi сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол
қайтарып алынған, оның қолданылу мерзiмi өткен немесе заң құжаттарында
белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады. 3.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен
ғана ұсталатын заңды тұлғаның (мемлекеттiк мекеме) құқық қабiлеттiлiгi осы
Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен
белгiленедi.
Заңды тұлғаның атауы
1. Заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкiндiк беретiн өз
атауы болады. Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық-
құқықтық нысанын көрсетудi қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша
мағлұматты қамтуы мүмкiн. Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында
көрсетiледi. Заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль
қалыптарына қайшы келетiн аттарды, егер жеке адамдардың есiмдерi
қатысушылардың есiмдерiне сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың
есiмiн пайдалануға олардан (олардың мұрагерлерiнен) рұқсат алмаса, олардың
есiмдерiн пайдалануға жол берiлмейдi. 2. Коммерциялық ұйым болып табылатын
заңды тұлғаның атауы заңды тұлға тiркелгеннен кейiн оның фирмалық атауы
болып табылады. Заңды тұлға белгiлi бiр фирмалық атауымен заңды тұлғалардың
бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi. Заңды тұлғаның фирмалық атауды
тек қана өзi пайдалануға құқығы бар. Бөтен бiр фирмалық атауды заңсыз
пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесiнiң талап етуi бойынша мұндай
атауды пайдалануды тоқтатуға және келтiрiлген залалдың орнын толтыруға
мiндеттi. Заңды тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға байланысты құқықтары
мен мiндеттерi заңдарда белгiленедi. 4. Мемлекеттiк органдар болып
табылмайтын заңды тұлғалардың фирмалық атауларында, қызмет көрсету
таңбаларында, тауар таңбаларында, Қазақстан Республикасының заң
актiлерiнде, Президентi мен Үкiметi актiлерiнде белгiленген Қазақстан
Республикасы мемлекеттiк органдарының ресми атауларына сiлтемелердi
пайдалануға тыйым салынады.
Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары
1. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше
көзделмесе, заңды тұлға өз қызметiн жарғысы және құрылтай шарты негiзiнде,
немесе eгep заңды тұлғаны бiр тұлға құрған болса, жарғысы және заңды тұлға
құру туралы жазбаша түрде ресiмделген шешiмi (жалғыз құрылтайшының шешiмi)
негiзiнде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде
көзделген жағдайларда, коммерциялық ұйым болып табылмайтын заңды тұлға
ұйымдардың осы түрi жөнiндегi жалпы ережелер негiзiнде iс-әрекет жасай
алады. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлға өз қызметiн
Қазақстан Республикасының Үкiметi мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының
негiзiнде жүзеге асыра алады. 2. Заңды тұлғаның құрылтай шарты жасалады, ал
жарғысын құрылтайшылары бекiтедi. Егер коммерциялық ұйымның құрылтайшысы
бiр адам болса, құрылтай шарты жасалмайды. 3. Коммерциялық емес ұйым мен
мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтай құжаттарында заңды тұлға қызметiнiң мәнi
мен мақсаты белгiленуге тиiс. Шаруашылық серiктестiгi, акционерлiк қоғамы
мен өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай құжаттарында олардың қызметiнiң мәнi
мен мақсаттары көзделуi мүмкiн. 4. Құрылтай шартында тараптар
(құрылтайшылар) заңды тұлға құруға мiндеттенедi, оны құру жөнiндегi
бiрлескен қызмет тәртiбiн, оның меншiгiне (шаруашылық жүргiзуiне оралымды
басқаруына) өз мүлкiн беру және оның қызметiне қатысу ережелерiн
белгiлейдi. Егер осы Кодексте немесе заңды тұлғалардың жекелеген түрлерi
туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шартта құрылтайшылар арасында
таза табысты бөлудiң, заңды тұлға қызметiн басқарудың, оның құрамынан
құрылтайшылардың шығуының шарттары мен тәртiбi де белгiленедi және оның
жарғысы бекiтiледi. Құрылтай шартына құрылтайшылардың келiсуi бойынша басқа
да ережелер енгiзiлуi мүмкiн. 4-1. Жалғыз құрылтайшының шешiмi заңды
тұлғаны тiркеу жөнiндегi iс-әрекеттi жүзеге асыратын тұлғаны тағайындау,
мүлiктердi меншiкке беру (шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару) шарттары
туралы шешiмдi және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн
өзге де шешiмдердi қамтуға тиiс. Жалғыз құрылтайшының - заңды тұлғаның
шешiмiн Қазақстан Республикасының заңдарына және осы заңды тұлғаның
жарғысына сәйкес оның осындай шешiм қабылдауға құқығы бар органдары,
лауазымды адамдары немесе қызметкерлерi қабылдайды. 5. Заңды тұлғаның
жарғысында: онда оның атауы, тұрғылықты орны, оның органдарын құру тәртiбi
және олардың құзыретi, оның қызметiн қайта құру мен тоқтату ережелерi
белгiленедi. Егер заңды тұлғаны бiр адам құрса, онда оның жарғысында
мүлiктi құру және кiрiстердi бөлу тәртiбi де белгiленедi. Жарғыда заңдарға
қайшы келмейтiн басқа да ережелер болуы мүмкiн. 6. Бiр заңды тұлғаның
құрылтай шарты мен жарғысы арасында қайшылықтар болған жағдайда: 1) егер
олар құрылтайшылардың iшкi қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының
2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшiншi тұлғалармен қатынастарында
маңызы болса, жарғының ережелерi қолдануға тиiс. 7. Барлық мүдделi адамдар
заңды тұлғаның жарғысымен танысуға құқылы.
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу
1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды
қоспағанда, заңды тұлға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтуге
тиiс. Мемлекеттiк тiркеу тәртiбi заңдарда белгiленедi. 2. Мемлекеттiк
тiркеу деректерi, соның iшiнде коммерциялық ұйымдар үшiн фирмалық атауы
заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiне енгiзiледi. 3. Заңды
тұлға мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап құрылды деп саналады. 4.
Филиалдар мен өкiлдiктер заң құжаттарында белгiленген тәртiппен тiркеледi.
Филиалдар мен өкiлдiктер атаулары өзгерген жағдайда қайта тiркелуге жатады.
5. Заңды тұлға құрудың заңда белгiленген тәртiбiн бұзу немесе оның құрылтай
құжаттарының заңға сәйкес келмеуi заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуден бас
тартуға әкелiп соқтырады. Заңды тұлға құрудың тиiмсiздiгiн желеу етiп
тiркеуден бас тартуға жол берiлмейдi. Мемлекеттiк тiркеуден бас тартқаны,
сондай-ақ мұндай тiркеуден жалтарғаны үшiн сотқа шағым берiлуi мүмкiн. 6.
Заңды тұлға мынадай жағдайларда: 1) жарғылық капиталының мөлшерi
азайтылған; 2) атауы өзгергенде; 3) шаруашылық серiктестiктерiндегi
қатысушылардың құрамы өзгергенде (шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының
тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн
жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар
рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерiн
қоспағанда) қайта тiркелуге тиiс. Аталған негiздер бойынша құрылтай
құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер заңды тұлға қайта тiркелмейiнше жарамсыз
болып табылады. Құрылтай құжаттарына басқа өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзiлген ретте заңды тұлға бұл туралы тiркеушi органды бiр айлық мерзiмде
хабардар етедi.
Филиалдар мен өкiлдiктер
1. Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның мiндеттерiнiң
бәрiн немесе бiр бөлiгiн, соның iшiнде өкiлдiк мiндетiн жүзеге асырушы
оқшау бөлiмшесi филиал болып табылады. 2. Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс
орналасқан және оның мүдделерiн қорғау мен өкiлдiгiн жүзеге асыратын,
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды
қоспағанда, оның атынан мәмiлелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын
оқшау бөлiмшесi өкiлдiк болып табылады. 3. Филиалдар мен өкiлдiктер заңды
тұлға болмайды. Бұларға өздерiн құрған заңды тұлға мүлкi берiледi және оның
бекiткен ережелерi негiзiнде жұмыс iстейдi. 4. Қоғамдық бiрлестiктердiң
құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшылары
қоғамдық бiрлестiктiң жарғысында және оның филиалдары немесе өкiлдiктерi
туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланады. Дiни бiрлестiктердiң
құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшылары дiни
бiрлестiктердiң жарғысында және оның филиалы немесе өкiлдiгi туралы ережеде
көзделген тәртiппен сайланады не тағайындалады. Өзгеше нысандағы заңды
тұлғалардың филиалдарды мен өкiлдiктерiнiң басшыларын заңды тұлға уәкiлдiк
берген орган тағайындайды және оның сенiмхаты негiзiнде жұмыс iстейдi.
Заңды тұлғаны қайта құру
1. Заңды тұлғаны қайта құру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, өзгерту)
оның мүлкiн меншiктенушiнiң немесе меншiк иесi уәкiлдiк берген органның,
құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның
құрылтай құжаттарында уәкiлдiк берiлген органның шешiмi бойынша, не заң
құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешiмi бойынша
жүргiзiледi. Заңдарда қайта құрудың басқа да нысандары көзделуi мүмкiн.
Заңды тұлға - жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын, арнайы қаржы компаниясын қайта құру зейнетақымен қамсыздандыру,
сақтандыру қызметi және секьюритилендiру туралы заңнамада көзделген
ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады. R970070 Р970819 V001180
Акционерлiк қоғамдарды қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының
акционерлiк қоғамдар туралы заң актiсiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле
отырып жүзеге асырылады. 2. Қайта құру ерiктi түрде немесе ықтиярсыз
жүргiзiлуi мүмкiн. 3. Заң құжаттарында көзделген реттерде ықтиярсыз қайта
құру сот органдарының шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн. Егер заңды
тұлғаның мүлкiн меншiктенушi, ол уәкiлдiк берген орган, құрылтайшылар
немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкiлдiк берiлген
органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының шешiмiнде белгiленген
мерзiмде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және
оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы
тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк
соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етедi, бөлу
балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесiнде туындайтын
құрылтай құжаттарымен бiрге соттың бекiтуiне бередi. Аталған құжаттарды
соттың бекiтуi жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу
үшiн негiз болады. 4. Заңды тұлға, бiрiктiру нысанында қайта құрылатын
реттердi қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тiркелген кезден
бастап қайта құрылған деп есептеледi. Заңды тұлғаны оған екiншi бiр заңды
тұлғаны бiрiктiру жолымен қайта құрған кезде, заңды тұлғалардың мемлекеттiк
регистрiне бiрiктiрiлген заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғандығы туралы
жазба жасалған кезден бастап олардың бiрiншiсi қайта құрылған деп
есептеледi.
Өндiрiстiк кооператив туралы жалпы ережелер
1. Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде олардың
өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк
жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив
деп танылады. 2. Кооператив мүшелерi екеуден кем болмауға тиiс. 3.
Өндiрiстiк кооперативтiң мүшелерi кооператив мiндеттемелерi бойынша
Өндiрiстiк кооператив туралы заңда көзделген мөлшер мен тәртiп бойынша
қосымша (жәрдем беру) жауапты болады. 4. Өндiрiстiк кооперативтiң және оның
мүшелерiнiң құқықтық жағдайы осы Кодекске, заң құжаттарына сәйкес
белгiленедi.
Өндiрiстiк кооперативтi қайта құру және тарату
1. Өндiрiстiк кооператив өз мүшелерiнiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша
ерiктi түрде қайта құрылуы және таратылуы мүмкiн. Өндiрiстiк кооперативтi
қайта құрудың және таратудың өзге негiздерi мен тәртiбi осы Кодексте және
басқа заң құжаттарында белгiленедi. 2. Өндiрiстiк кооператив өз мүшелерiнiң
бiрауызды шешiмi бойынша шаруашылық серiктестiгi болып қайта құрылуы
мүмкiн.
Азаматтық құқық объектiлерiнiң түрлерi
1. Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық
объектiлерi бола алады. 2. Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке):
заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет,
шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi,
фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де
құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады. 3. Жеке мүлiктiк
емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-
қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық,
жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы,
шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен
құқықтар жатады.
Бағалы қағаздар
1. Бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен
басқа да белгiлердiң жиынтығы. 2. Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар
және бағалы қағаздардың осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге
де заң актiлерiмен айқындалған өзге де түрлерi жатады. 3. Бағалы қағаздар
шығарылым нысаны бойынша: 1) құжатты және құжатсыз; 2) эмиссиялық және
эмиссиялық емес; 3) атаулы, ұсынбалы және ордерлiк бағалы қағаздар болып
бөлiнедi. Құжатты бағалы қағаздар - құжатты нысанда (бағалы қағаздың
мазмұнын арнаулы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ тiкелей оқу
мүмкiндiгi болатын қағаз немесе өзге материалдық жеткiзушi) шығарылған
бағалы қағаздар. Құжатсыз бағалы қағаздар - құжатсыз нысанда (электрондық
жазбалар жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаздар. Эмиссиялық бағалы
қағаздар - бiр шығарылым шегiнде осы шығарылым үшiн бiрдей жағдай негiзiнде
орналастырылатын және айналымда болатын, бiртектi белгiлерi мен
реквизиттерi бар бағалы қағаздар.Эмиссиялық емес бағалы қағаздар - осы
тармақтың төртiншi бөлiгiнде көрсетiлген белгiлерге сәйкес келмейтiн бағалы
қағаздар. Атаулы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған
тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз. Ұсынбалы бағалы қағаз - ол
куәландырған құқықтардың бағалы қағазды ұсынушыға тиесiлiгiн растайтын
бағалы қағаз. Ордерлiк бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда
аталған тұлғаға, ал оларға осы құқықтар осы Кодекстiң 132-бабының 3-
тармағында көзделген тәртiппен берiлген жағдайда, басқа тұлғаға тиесiлiгiн
растайтын бағалы қағаз. 4. Осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының
өзге де заң актiлерiмен бағалы қағаздардың белгiлi бiр түрiн қайсыбiр
нысанда шығару мүмкiндiгiне жол берiлмеуi мүмкiн.
Мәміле ұғымы.
Азаматтық кодекстің 147-бабында мәміле азаматтар мен заңды тұлғалардың
Азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға
бағъпталған әрекеттері деп белгіленген. Мәмілеге мынадай белгілер тән:
1) тұлғаның (тұлғалардың) ерік (тілек немесе ниет) білдіруі;
2) рұқсат етілген ерік білдіру, яғни құқыққа сәйкес әрекет;
3) кандай да бір Заңды құқық жасауға бағытталған Азаматтық құқықтык
қатынастардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы; 4) мәміленің
әрқашанда құқықтық салдарды туғызуы.
Мәміленің маңызы жақтардың еркі мен ерік (ниет, тілек) білдіруінен
түрады. Ерік білдіруі ауызша, конклюденттік әрекеті арқылы жазбаша (жай
немесе нотариалдық) және үндемей қалу жолымен білдіріледі.
Мәмілеге қатысушылардың ерік білдіру, әдісін мәміленің нысаны деп
атайды. Егер мәмілеге қатысушылар өздерінің еркін ауызша айтқан болса, онда
бұл ауызша жасалған мәміле болады. Мысалы, телефонмен жасалған мәміле
ауызша жасалған болып есептеледі. Айталық, ауызша жасалған мәміле
орындағанын растайтын жазбаша құжат берілуі мүмкін (тауар чегі, затты сатып
алғанын айғақтайтын құжат және т.б.), сондай-ақ жетон, билет сияқты
растайтын белгілер үсынылады. Бірақ бұдан ауызша жасалған мәмілеге келіп-
кетер ештеңе жоқ
Конклюденттік әрекет (латынша concludere — жасау) — сол арқылы
тұлғаның мәмілеге қатысуға ниет білдіру әрекеті. Мәселен, азамат автоматқа
ақша салу арқылы, ондағы тауарды алуға деген еркін білдіреді.
Мәміленің жарамдық шарттары
Мәміленің жарамдылығы заң талаптарына сәйкес айқындалады. Мәміленің жарамды
болуы шарттарына жататындар: мазмұны заң талаптарына сәйкестік, мәмілеге
қатысатын жөне оны жүзеге асыратын адамның қабілеттілігі, еркі мен ерік
білдірудің сәйкестігі, мәмілелердің нысанын сақтау. Мәміле шын мәнінде
Заңға қайшы келмеуі тиіс, яғни кез келген құқықтық нормативтік құжаттарға
сай келуі қажет. Мысалы, азаматтық құқық қабілеттілігі мен әрекет
қабілеттілігін шектеуге бағытталған мәміле жарамсыз мәміле болып табылады
(АК-тің 18-бабы).
Мәміле ерікті әрекет болғандықтан, оны әрекет қабілеттілігі бар әрбір
азамат жасай алады, ал Заңды тұлғалар жалпы және арнайы әрекет қабілетті
болғандықтан мәміле жасауға қабілетті деп саналады.
Мәміленің жарамды болуы үшін ерік және ерік білдіру бір-бірімен сәйкес
келуі керек. Олардың арасындағы сәйкессіздік мәмілені жарамсыз етіп
көрсетеді.
Мәміле оның нысанын сақтау кезінде құқықтар мен міндеттер туғызады,
сол арқылы тұлғалардың ерік білдіруі немесе ресми куәландыру әдісі
көрінеді. Мәселен, оған мәмілені нотариалдық куәландыру (АК-тің 154-бабы)
мен тіркеуді (АК-тің 155-бабы) айтуға болады.
Жарамсыз мәмілелер
Жарамсыз мәміленің түсінігі. Азаматтық кодекстің 157-бабында бұл
туралы былай делінген: "Мәміленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына,
сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған
жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың
талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін".
Жарамсыз мәмілелердің түрлері. Азаматтық құқық теориясында
мәмілелердің жарамсыз болуы мынадай түрлерге бөлінеді: а) субъект құрамының
ақауы болатын мәміле; ә) ерікке қатысты ақауы бар мәміле; б) нысанның ақауы
бар мәміле; в) мазмұнының ақауы бар мәміле. Азаматтық кодексте мазмұны заң
талаптарымен сәйкес келмейтін кез келген мәміле жарамсыз болатындығы
жөнінде жалпы норма бар (АК-тің 158-бабы).
Субъекттік құрамының ақауы бар мәміле екі топқа бөлінеді. Оның
біріншісі азаматтардың әрекет қабілетсіздігімен, екінші Заңды тұлғалардың
арнайы құқық қабілеттілігімен немесе олардың органдарының мәртебесімен
байланысты болады.
Қатысушылардың жасы мен психикалық жағдайынан туындаған әрекеттер
мәміленің жарамсыз болуына басты негіз болып есептеледі.
Мәмiленiң нысаны
1. Мәмiлелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай немесе нотариалдық).
2. Заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен жазбаша (жай не нотариалдық)
немесе өзге белгiлi бiр нысан белгiленбеген мәмiле, атап айтқанда, олар
жасалған кезде атқарылатын мәмiлелердiң бәрi ауызша жасалуы мүмкiн. Мұндай
мәмiле адамның мiнез-құлқынан оның мәмiле жасау еркi айқын көрiнiп тұрған
ретте де жасалған деп саналады.
3. Жетон, билет немесе әдеттегiдей қабылданған өзге де растайтын белгi
арқылы расталған мәмiле, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, ауызша түрде
жасалған болып табылады. 4. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың
келiсiмiнде көзделген реттерде мәмiле жасауға ерiк бiлдiру деп танылады. 5.
Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшiн жасалған мәмiлелер, егер
заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келiсiмi бойынша ауызша жасалуы мүмкiн.
Өкiлдiк
1. Басқа адамның (өкiлдiк берушiнiң) атынан бiр адамның (өкiлдiң)
сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген
өкiлеттiгi күшiмен жасаған мәмiлесi өкiлдiк берушiнiң азаматтық құқықтары
мен мiндеттерiн тiкелей туғызады, өзгертедi және тоқтатады. Өкiлеттiк
өкiлдiң (бөлшек сауда жүйесiндегi сатушы, кассир және т.б.) әрекет жасаған
жағдайынан да көрiнуi мүмкiн. 2. Өкiл жасаған мәмiле бойынша тiкелей
өкiлдiк берушiде құқықтар мен мiндеттер пайда болады. 3. Өкiл жеке өзiне
қатысты да, сонымен бiрге өзi өкiлi болып табылатын басқа адамға қатысты да
өкiлдiк берушiнiң атынан мәмiлелер жасай алмайды. 4. Басқалардың мүдделерi
үшiн болса да өз атынан әрекет ететiн адамдар (коммерциялық делдалдар,
мұрагерлiк кезiнде өсиеттi орындау тапсырылған адамдар және т.б.), сондай-
ақ болашақта жасалуы мүмкiн мәмiлелерге қатысты келiссөз жүргiзуге уәкiлдiк
берiлген адамдар өкiлдер болмайды. 5. Сипаты жөнiнен тек жеке өзi ғана
жасауға болатын мәмiленi, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген реттердегi
басқа да мәмiлелердi өкiл арқылы жасауға жол берiлмейдi.
Өкілдіктің түрлері:
Заңды өкілдік — өкілдік берушінің еркіне қарамастан заң талабы негізінде
туындайтын өкілдік.Мысалы,жасы кіші балардың өкілдері аналық және әкелік
фактісіне негізделген ата-анасы заңды өкілдері болып табылады.
Келісімді өкілдік— шарт негізінде жүзеге асырылатын өкілдік.өкіл беруші мен
өкілдің арасында ішкі қарым-қатынастарын анықтайтын келісім шарт
жасалады.(көбінесе тапсырма шарты
Ерекшеліктері:келісім беруі тиіс, әрқашан да арнаулы рәсімдеуді талап
етеді(сенімхат), құқықтар мен міндеттердің көлемі өкілдік беруші тарапынан
жеке анықталады
Сенiмхат
1. Бiр адамның (сенiм бiлдiрушiнiң) өз атынан өкiлдiк ету үшiн екiншi
адамға (сенiм бiлдiрген) берген жазбаша уәкiлдiгi сенiмхат деп танылады. 2.
Мүлiкке билiк жасауға және нотариаттың куәландыруын талап ететiн мәмiлелер
жасауға берiлетiн сенiмхатты, егер заң құжаттарында өзгеше белгiленбесе,
нотариат куәландыруға тиiс. 3. Нотариат куәландырған сенiмхаттарға: 1)
госпитальдарда, санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерiнде емделiп
жатқан әскери қызметшiлердiң және өзге де адамдардың осы госпитальдардың,
санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, медицина
бөлiмi жөнiндегi орынбасарлары, аға және кезекшi дәрiгерлерi куәландырған
сенiмхаттар; 2) мемлекеттiк нотариалдық кеңселер мен басқа да нотариалдық
әрекет жасайтын органдары жоқ әскери бөлiмдер, құрамалар, мекемелер және
әскери-оқу орындары орналасқан мекендердегi осы бөлiмдердiң, құрамалардың,
мекемелердiң, оқу орындарының командирлерi (бастықтары) куәландырған әскери
қызметшiлердiң сенiмхаттары, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлердiң,
олардың отбасы мүшелерi мен әскери қызметшiлер отбасы мүшелерiнiң
сенiмхаттары; 3) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас
бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған сенiмхаттары; 4)
халықты әлеуметтiк қорғау мекемелерiндегi кәмелетке толған әрекет
қабiлеттiгi бар азаматтардың осы мекеменiң немесе тиiстi халықты әлеуметтiк
қорғау органдарының басшысы куәландырған сенiмхаттары теңестiрiледi. 4. Хат-
хабар, соның iшiнде ақша және сәлемдеме алуға, жалақы және азаматтар мен
заңды тұлғалардан өзге де төлемдер алуға сенiмхатты сенiм бiлдiрушi тұратын
қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық
(селолық) округ әкiмi аппараты, ол жұмыс iстейтiн немесе оқитын ұйым,
тұрғылықты жерi бойынша тұрғын үй пайдалану ұйымы, ол емделiп жатқан
тұрақты емдеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi, сондай-ақ әскери қызметшiлерге
сенiмхат берiлгенде тиiстi әскери бөлiмдердiң командованиесi куәландыруы
мүмкiн. Құжат жiберудi байланыс қызметкерi жүзеге асырған кезде телеграф
арқылы, сондай-ақ байланыстың басқа да түрлерi арқылы жiберiлетiн
сенiмхатты байланыс органдары куәландырады. 5. Үшiншi жақтар сенiм
бiлдiрiлген адамға сенiм бiлдiрушi факсимилелiк және өзге де байланыстар
бойынша, ресми байланыс органдарының қатысуынсыз жолдаған өздерiне қатысты
әрекеттер жасау үшiн берiлген сенiмхатты түпнұсқа деп санауға құқылы. 6.
Заңды тұлға атынан сенiмхат оның басшысы немесе бұған оның құрылтай
құжаттарымен уәкiлдiк берiлген өзге де адамның қолы қойылып берiледi және
сол ұйымның мөрiмен бекiтiледi. 7. Ақша және басқа бағалы мүлiктi алуға
немесе беруге мемлекеттiк органның, коммерциялық ұйым мен коммерциялық емес
ұйымның атынан берiлетiн сенiмхатқа сол ұйымның бас (аға) бухгалтерi де қол
қоюға тиiс. 8. Банкiде операциялар жасауға берiлетiн сенiмхатты және сауда
саласында мәмiле жасауға берiлетiн сенiмхатты беру тәртiбi мен нысаны
арнайы ережелермен белгiленуi мүмкiн.
Сенiмхаттың тоқтатылуы
1. Сенiмхаттың қолданылуы: 1) сенiмхат мерзiмiнiң өтуi;2) сенiмхатта
көзделген әрекеттердiң жүзеге асуы; 3) сенiмхатты берушi адамның оның күшiн
жоюы; 4) сенiмхат берiлген адамның одан бас тартуы;5) өз атынан сенiмхат
берген заңды тұлғаның тоқтатылуы; 6) атына сенiмхат берiлген заңды тұлғаның
таратылуы; 7) сенiмхат берген адамның қайтыс болуы, оның әрекет қабiлеттiгi
жоқ, әрекет қабiлеттiгi шектеулi немесе хабар-ошарсыз кеттi деп танылуы; 8)
сенiмхат берiлген азаматтың қайтыс болуы, оның әрекет қабiлеттiгi жоқ,
әрекет қабiлеттiгi шектеулi немесе хабар-ошарсыз кеттi деп танылуы
салдарынан тоқтатылады.
Талап қою мерзiмiнiң өтуiн тоқтата тұру
1. Талап қою мерзiмiнiң өтуi: 1) егер талап қоюға төтенше және бұл жағдайда
болмай қоймайтын оқиға (бой бермейтiн күш) кедергi жасаса; 2)
мiндеттемелердiң бұл түрiн орындау Қазақстан Республикасы Президентiнiң
жариялауымен кейiнге қалдырылуына байланысты (мораторий): 3) егер талапкер
немесе жауапкер соғыс жағдайына көшiрiлген әскери бөлiмшелер құрамында
болса; 4) егер әрекет қабiлеттiгi жоқ адамның заңды өкiлi болмаса; 5)
тиiстi қатынасты реттейтiн заңдардың қолданылуын тоқтатуға байланысты
тоқтатыла тұрады. Азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның
орнын толтыру туралы талаптар бойынша талап қою мерзiмiнiң өтуi азаматтың
зейнетақы төлемдерiн тағайындау жәненемесе жүзеге асыру туралы немесе
жәрдемақы тағайындау туралы тиiстi ұйымдарға жолдануына байланысты
зейнетақы төлемдерi тағайындалғанға жәненемесе жүзеге асырылғанға немесе
жәрдемақы тағайындалғанға не зейнетақы төлемдерiн тағайындаудан жәненемесе
жүзеге асырудан немесе жәрдемақы тағайындаудан бас тартылғанға дейiн
тоқтатыла тұрады. 2. Талап қою мерзiмiнiң өтуi, егер осы бапта көрсетiлген
мән-жайлар талап мерзiмiнiң соңғы алты айы iшiнде пайда болса немесе
бұрынғысынша қала берсе тоқтатыла тұрады, ал егер бұл мерзiм алты айдан
аспаса - талап мерзiмiнiң өтуi кезiнде тоқтатыла тұрады. 3. Тоқтата тұруға
әкелiп соқтырған мән-жайлар тоқтатылған күннен бастап талап қою мерзiмiнiң
өтуi одан әрi жалғасады. Бұл орайда мерзiмнiң қалған бөлiгi алты айға
дейiн, ал егер талап қою мерзiмi алты айдан аспаса - талап мерзiмiне дейiн
ұзартылады2. Сенiмхатты берген адам сенiмхаттың немесе сенiм ауысуының
күшiн кез келген уақытта жоя алады, ал сенiмхат берiлген адам одан бас
тарта алады. Бұл құқықтан бас тарту туралы келiсiм жарамсыз болады.
Меншiк құқығы ұғымы және оның мазмұны
1. Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және
қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған
билiк ету құқығы. Меншiк құқығы мәмiле жасалған кезде болған барлық
жүктемелерiмен басқа адамға берiледi. 2. Меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену,
пайдалану және оған билiк ету құқығы болады. Иелену құқығы дегенiмiз
мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды заң жүзiнде қамтамасыз ету.
Пайдалану құқығы дегенiмiз мүлiктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн алудың,
сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзiнде қамтамасыз етiлуi. Пайда кiрiс,
өсiм, жемiс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкiн. Билiк ету құқығы
дегенiмiз мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын белгiлеудiң заңмен қамтамасыз
етiлуi. 3. Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез
келген әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың
меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала отырып,
оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi өз
өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен
ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы. 4. Меншiк
иесiнiң өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттiң
құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзбауға тиiс. Құқықтар мен
заңды мүдделердi бұзушылық басқа нысандарымен қатар, меншiк иесiнiң өзiнiң
монополиялық және өзге де басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауынан
көрiнуi мүмкiн. Меншiк иесi өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың
денсаулығы мен айналадағы ортаға келтiрiлуi мүмкiн зардаптарға жол бермеу
шараларын қолдануға мiндеттi. 5. Меншiк құқығының мерзiмi шексiз. Мүлiкке
меншiк құқығы осы Кодексте көзделген негiздер бойынша ғана ықтиярсыз
тоқтатылуы мүмкiн. 6. Заң құжаттарында көзделген реттерде, жағдайлар мен
шектерде меншiк иесi өз мүлкiн басқа адамдардың шектеулi түрде пайдалануына
жол беруге мiндеттi.
Мемлекеттiк меншiк құқығы
1. Мемлекеттiк меншiк республикалық және коммуналдық меншiк түрiнде
көрiнедi. 2. Республикалық меншiк мемлекеттiк қазынадан және заң
құжаттарына сәйкес мемлекеттiк республикалық заңды тұлғаларға бекiтiлiп
берiлген мүлiктен тұрады. Республикалық бюджеттiң қаражаты, алтын валюта
қоры және алмас қоры, мемлекеттiк меншiктiң осы Кодекстiң 193-бабында
аталған объектiлерi және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген
өзге де мемлекеттiк мүлiк Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қазынасын
құрайды. 3. Коммуналдық меншiк жергiлiктi қазынадан және заң құжаттарына
сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен тұрады.
Жергiлiктi бюджет қаражаты және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп
берiлмеген өзге де коммуналдық мүлiк жергiлiктi қазынаны құрайды. 4.
Мемлекеттiк меншiктегi мүлiк мемлекеттiк заңды тұлғаларға шаруашылық
жүргiзу немесе оралымды басқару құқығымен бекiтiлiп берiлуi мүмкiн. 5.
Жекелеген мемлекеттiк мекемелердiң иелiгiндегi мемлекеттiк мүлiктiң
құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi заң актiлерiмен белгiленедi. 6.
Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсiне беру
Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.
Мүлiктi жеке меншiктен мемлекеттiк меншiкке ерiктi және өтеусiз беру
Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
Оралымды басқару құқығы ұғымы мен оның мазмұны
Оралымды басқару құқығы меншiк иесiнiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын
мемлекеттiк мекеменiң, меншiк иесiнен мүлiк алушы және өз қызметiнiң
мақсатына, меншiк иесiнiң тапсырмаларына және мүлiктiң мақсатына сәйкес заң
құжаттарымен белгiленген шекте сол мүлiктi иелену, пайдалану және оған
билiк ету құқығын жүзеге асырушы қазыналық кәсiпорындардың заттық құқығы
болып табылады.
Оралымды басқару құқығына ие болу және тоқтату
Оралымды басқару құқығына ие болу мен тоқтату, егер заңдарда өзгеше
белгiленбесе, осы Кодекстiң 13 және 14-тарауларында көзделген ережелер мен
тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
Оралымды басқаруға берiлген мүлiктi меншiктенушiнiң құқығы
1. Оралымды басқарудағы мүлiктi меншiктенушi заң құжаттарына сәйкес
мемлекеттiк мекеме немесе қазыналық кәсiпорын құру, оның қызметiнiң мәнi
мен мақсаттарын белгiлеу мәселелерiн шешедi, мемлекеттiк мекеменiң ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz