Тәуке ханның өмірі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

Тәуке хан өмірі

Негізгі бөлім

  1. Тәуке ханның үш жүздің басын қосуы.
  2. Тәуке хан және Жеті жарғы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Тәуке ханның өмірі

Қазақ хандығының билігі 1680 жылы Жәңгірдің ұлы Тәукеге көшті. Жаңа билеуші көрген саясаткер, арқылы дипломат, құдыретті хан болды. Тәуке ханның өзіне дейнгілерден айырмашылығы - хандықтағы ерекше әлеуметтік топты құрайтын, дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегімен өзінің үстемдігін нығайтуға тырысты. Дәстүрлі қазақ қоғамында билерге ерекше маңыз берілді. Билердің шаруашылық, әдетті-құқық, әскери және идиологиялық міндеттерді атқаруда ерекше ролі болды.

Тәуке хан даулы істерді шешуде билер сотының беделін арттырып, билер кеңесін кесімді үкім шығаруда ерекше органға айналдырылды. Осыдан бастап билер кеңесі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды мәселелерді шешетін тұрақты жүйеге айналды.

Тәуке хан билігінің бір бөлігін беру жолымен ықпалды билерді мемлекеттік істерге тартуға бағытталған саясат ұстанды. Ол қазақтың үш жүзінің ең беделді билердің қатысумен билер кеңесін сәтті ұйымдастырып отырады. Ұлы жүзде Төле бидің, Орта жүзде Қазыбек бидің, Кіші жүзде Әйтеке бидің беделі ерекше болды. Олардың даналығы мен кемеңгерлігі ойрат жаулап алушыларына қарсы қазақ халқының күшін біріктіруде, сондай-ақ хандықты ауыр сындардан аман алып өтуге бағытталды.

Тәуке хан орыс-қазақ қатынастарнының жақындасуына табандылықпен қол жеткізді. Ол 1686-1693 жылдары Сібірге бес елшілік жіберді. Мұнда Тәуке орыс-қазақ қатынастарының өзара тең дәрежеде дамуын нығайтуға айқын мүдделілігін танытты. Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы бейбіт келісім-қатынастар сақтала берді. 1698 жылан ойраттар мен қазақ әміршілері арасындағы қарулы қақтығыстардын жаңа кезеңі басталды. Жонғардың әскери шонжарлары манызды сауда жолдары өтетін және ірі сауда орталықтары орналасқан Оңтүстік Қазақстанның аумағын басып алуды көкседі. Қазақтың Сығанақ, Түркістан, Отырар, Сайрам, әсіресе Созақ қалалары жоңғарлармен күресте өзіндік стратегиялар тірек бекетіне айналды. Тәуке ханның ойратармен күрестегі кейбір сәттіліктері оған үлкен жеңіс әкелмеді, соғыс белсенділігі ойраттардын жағына болды. Қалмақ-қазақ қырқыстары толассыз жүргізілді.

Уақытша болса да, бар қазақтың бірігуіне әсер еткен, атақты заңы - Жеті Жарғының өмірге келуіне мүмкіндік жасаған Ұлы Тәуке хан еді. (1680-1715) Тәуке хан кезіндегі жетістік деп - қазақтардың 1695жылға дейінгі жоңғарлардан 32 қаланы азат еткенін мысалға келтіре аламыз.

Тәуке ханның үш жүздің басын қосуы.

Есімнің немересі - Жәңгірдің бел баласы - Тәуке хандық құрған XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басы-қазақ елінің абыройы асып, көсегесі көгерген ерекше бір кезең болды. Бұл жайында белгілі тарихшы А. И. Левшин былай деп жазды:”Тәукенің атын атаса-ақ, бар қазақтың жүрегін алғыс кернеп, мақтаныш билейді. Қазақ ордасының Ликургы, Драконты-сол адам. Тәуке алауыз болып, қырғынға бөккен елді бабына түсіріп, ру мен ру арасындағы жұрттың бәрін өзіне мойын ұсындыра білді, әлсіз рулардың басын қосып, әулетті дұшпанға қарсы қоя алды, күштілерді тізеге салып, тәубесіне келтірді, баршаға ортақ заң жасап, сол бойынша билік айтты. ”

XVII ғасырдың аяғында қабылданған Тәуке ханның “Жеті Жарғы”атты заңы, шынында да, қазақ елінің бірігуіне жағдай жасады. Ру арасындағы келіспеушілік, бір жүз бен екінші жүз арасындағы қырғи-қабақ салқындық әлсіреді. Ел бірлігін сақтауда хандық биліктің заң негізінде кұшеюі аз үлесін қосты. (1, 366-қор, 1-т., 327-іс, 47п. ) Тәуке ханның “Жеті Жарғысы”бойынша ханның құқықтары мен міндеті мынандай болатын:

Біріншіден, хан - барлық рулардың бірлестігінің бірден-бір басшысы; жерді бөлісу, қайта қарап рулар арасындағы жерді бөліп беруде, ханның шешімі ақырғы шешім болды. Хан - өзіне қарасты жердің күшімен елді қорғауға міндетті.

Екіншіден, хан басқа елдермен бітім, келісім жасауға немесе бөтен елге соғыс жариялауға хұқы бар, ол барлық әскердің бас қолбасшысы (сардары) болып есептеледі.

Үшіншіден, хан басқа мемлекеттермен дипломатиялық байланыс жасауға, хандықтың барлық сыртқы саясатын белгілеуге хұқы бар.

Төртіншіден, хан өзіне қарасты ел ішіндегі тәртіпсіздік болдыриау үшін, қылмысы ауыр адамға өлім жазасын беруге хұқы бар. Яғни елдері жоғарғы соттың міндетін қоса атқарды.

Бесіншіден, халық хан билігін мойындап отырып, жүзегеасыруға тиіс еді.

Сөйтіп, Тәуке ханның “Жеті Жарғысы” бір орталыққа бағынған мемлекетті құруға көмектесті. Елдің алауыздығына тиым салынып, бұра тартқан адам әділ жазаланды. Өзінің ортақ тілі бар, белгілі шекаралық арқылы анықталған хандығының жері бар, саяси мақсаты ортақ, қазақ елі тәуелсіз, таза ұлттық мемлекетке айналды. Қазақ елінің ұлт болып қалыптасуы да осы кезең - XVIII ғасырдың басы болатын.

Елдің елдігін сақтауда қазақтың үш биінің - Төле би, Қазбек би, және Әйтеке билердің тарихтағы орны бөлек. Қазақ халқының бұл үш биі ел басына күн туған қиыншылық кезде де, ел жиналған айт, ас, той тұсында да, жер дауы да жесір дауы, күн дауы көтерілген жерде де бірге бас қосып, ел тағдырын бірге шешісіп келген. Кейде екі би бір шешімге келе алмай қалғанда, үшіншісі ортадан билік айтып, дауды тындырып отырған.

Тәуке хан және Жеті жарғы

«Жеті жарғы» қазақ халқының мемлекет және құқықтық тарихында ерекше орын алатын құбылыс. Оның қайнар бастауы қазақ халқыньщ көнеден келе жатқан салт-дәетүрі, әдет-ғұрьптары. Бұлар бірнеше мыңдаған және жүздеген жылдар көшпелі елі ортада, Евразияның ұлан-байтақ даласында сақталып, толықтырылып, XVII ғасырдың соңында XVIII ғасырдың басында жаңа редакцияға түсті.

«Жеті жарғының» көрсетілген уақыт межесінде дүниеге келуі, қазақ әдет-ғұрып заңдарының жаңадан өнделуі тарихи оқиғалармен тығыз байланысты, заңды құбылыс. Қазақ көшпелілерінің қоғамы Орталық Азияда қалыптасқан ауыр Саяси-әлеуметтік жағдайда, сыртқы қауіптің күшеюіне қайткен күнде де жауап беруі қажет болды. Осындай объективті тарихи ситуация мемлекет іргесін, халықтың бірлігін күшейтуге бағытталған заңдар ережесінің қайта жаңғыруына тікелей әсер етті.

Әлі күнге дейін толық зерттеліп болмағанымен «Жеті жарғы» туралы біршама деректер анықталды. ХШ-ХІХ ғғ. Зерттеушілердің үлкен еңбегінің арқасында «Жеті жарғының» негізгі ережелері ғылыми ортаға танылды деп есептеуге болады. «Жеті жарғының» қайнар көздерінің бірі қазақ халқының тарихи фольклоры да біршама жүйеленіп, көп және құнды дерек беретін жағдайда. Енді осы жинақталған деректерді тарихшы - қолымен белгілі бір методологиялық жүйеге салып реттеу мәселесі тұр. Бұл қиын да, қызықты шаруамен бірнеше жылдан бері белгілі ғалым этнограф Жамбыл Омарұлы Артықбаев айналысты, соның бір нәтижесі «Жеті жарғы» кітабы. «Жеті жарғы» оқу құралының құрылымы, ішкі логикасы мығым, дұрыс ойластырылған деген пікірдеміз. Автордың алдымен «Жеті жарғының» зерттелу тарихы туралы жазғаны көңілге қонады, сонымен бірге оқу құралында «Жеті жарғының» дерек көздері, негізгі ережелерінің жинақталуы туралы да дұрыс көзқарас бар.

Ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиетте «Жеті жарғы» атауына қатысты әр түрлі пікірлер бар, бірақ олар ғылыми қауым тарапынан толық қолдау таба қоймаған, бір-біріне керағар келіп жататын жорамалдауларға негізделген. Бұл төңіректе әлі де даулы мәселелер көп болғандықтан біз осы атауға қатысты жасалған этимологиялық талдаулар мен түсініктердің негізгі бөлігіне ғана тоқталып кетеміз.

«Жеті жарғы» атауын алғаш рет Әз Тауке хан түсындағы қабылданған заң ережелеріне қатысты қолданған Н. И. Гродеков. Ол ұзақ уақыт Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Сырдария облысының әскери губернаторы қызметін атқарып, сол кезеңде қазақ әдет-ғүрып, заң ережелеріне қатысты деректерді мол жинайды.

Н. Гродеков пікірінше «Жеті жарғы» Қасым мен Есім хандардың заманындағы қазақтың ескілікті заңдарыньің негізінде жасалған: «Хан Тауке собрал на урочище Культобе (в Сыр-дарьинской области) семь биев, в числе которых был знаменитым бай Төле Алимбеков, и эти бил соединили старинные обычаи ханов Касыма и Ишима (Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы) в новые обычаи, называемые - «жеті жарғы») .

Әз Тәуке ханның заманы, сол заманда түзілген «Жеті жарғы», туралы деректер қазақ ауыз әдебиетінің әр саласынан кездесіп; қалады Зерттеушілердің көпшілігі «Жеті жарғы» ел есінде айшықты афоризмдер, қанатты сөздер түрінде сақталды деген пікірде, олай болса қазіргі ел аузында ескілікті, қария сөз.

Қазақ шежіресінде «Жеті жарғы» көбінесе «Күлтөбенің V басында күнде кеңес» деген атаумен белгілі. М. Ж. Көпеев бүліл туралы: «Күлтөбеде күнде кеңес» осы Әз Тәуке түсында айтылған сөз. «Кері кеткен елдің кеңесі көп болады, Кедей елдің кош басшысы көп болады» деген сөз де сол заманда айтылған сөз болса керек» - деген қисынды жорамал айтады (45, 6. 8) . Әз Тәукеден кейінгі «ақтабан шұбырынды», жаппай кедейшілік пен жүдеушілік XVII ғ. соңы - XVIII ғ. басындағы мәлі-меттерге сынай қарауға мәжбүр еткен болуы керек

Қ. Байболұлының "Төле бидің тарихы" шежіресінде "Жеті жарғыға'' қатысты біраз әңгімелер бар: "Қазаққа қасқайтып жол көрсетіп, заң шығарып, өрнек салған себепті "Қасым ханның қасқа жолы" дейді. Сол Қасым ханның сызығымен елге жарлық жүргізген жағдайдан "Есім ханның ескі жолы" дейді. Оны жеңілдетіп Тәуке хан мен Төле бастаған үш бидің жобасы мынандай-ды . . . "

Қазақ деректерінде "Жеті жарғы" қазақтың көне әдет ғұрьп заңдарьшан бастау алатыны, "Қасым ханнъщ қасқа жол", "Есім ханның ескі жолы" атты заң ережелерімен ' тікелей сабақтас екені ылғи да ескертіліп отырылады. Қазақ шежіресінің кейбір нүсқаларында мемлекеттің тірегі "сегіз санат" туралы айтылады. Осы "сегіз санаттың" да "Жеті жарғыға" қатысы тікелей болуы мүмкін. Қазақ деректерін бүгінгі күні ғылыми түрде жүйелеп, әсіресе ел аузында айтылып жүрген аңыз, билік шеигімдері мен дауларды зерделі ғылыми талқыға салып, олардың маңындағы тарихи шындықты, түп нұсқаны, дәуір ерекшеліктерін анықтайтын уақыт келді. Қазақ шежіресінде, жалпы ауыз әдебиетінде мемлекет пен қүқық туралы бірнеше мың жылдар қордаланған деректер мол. Олар әуел бастан біздің адами болмысымызды қалыптастырған өзге де рухани қазынаның арасында жүрген түр моншақтай.

«Жеті жарғының» зерттелу тарихын бірнеше ғасырды қамтиды, бірақ ескерте кететін мәселе бар. Алдымен «Жеті жарғыны» ғылыми түрде зерттеу, яғни академиялық деңгейде зерттеу, әлі күнге дейін тәжірибе ала алған жоқ. Екіншіден, «Жеті жарғыны» қазақтың әдет-ғұрып дәстүрлерімен, жолдарымен салыстыра отырып, жеке бөліп қарастырған зерттеулер жоқ. Тіпті «Жеті жарғыны» қазақтың мыңдаған жылдар бойы қордаланып, қоғамдық өмірінің реттеуші тетігі есебінде өмір сүрген заң-ережелерінен бөле жарып қарау мүмкін де емес шығар.

«Жеті жарғы» туралы алғашқы салиқалы пікір айтқан А. И. Левшин қарама-қайшылыққа толы жазбалар қалдырды. Кіші жүз қазақтарының ішіндегі белгілі, салмақты ру басшылары мен сүлтандарын айтқанына сүйене отырып А. И. Левшин: «было время, говорят благоразумнейшие из Киргизов Меньшой Орды, когда и наш народ жил в покое, было время когда и у нас существовал порядок, были законы и правосудье. Сей золотой век, о котором воспоминают они со вздохок, есть царствование знаменитого Хана их Тявки» (51. Ч. 3, б. 169. ) деп жазады.

Қазақ қоғамының XVIII ғ. соңы XIX ғ. басында елеулі өзгеріске түскені, хан билігінің, ежелгі тәртіпдегі сындарының кете бастағаны бір жағынан тарихи заңдылық, екінші жағынан Ресейге бодандықтың тікелей нәтижесі

Біздіңше, "жеті" билердің санын немесе толықтықты, жетілгендікті білдірмейді. Тек қаралатын мәселенің санын ғана көрсетеді. "Жарғы" сөзі көне түркі тілінде - иарлығ, қазақша - жарлық мәнін білдіреді. "Жарлық" -әмір, заң, билік мағынасында қолданылған. "Кодекс Куманикста" "Жарғы" сөзі - деуі, айтыс, тартыс, әдет-ғұрып заңы, әмір, билік, шешім деген мағынаны білдіреді. А. К. Арендс Алтын Орда тарихының материалдарының жинағында: "Джарга" сөзі турік-парсы тілінде қатар, жол, топ, ал игеру сөзі монғол түрік тілінде әдет-ғұрып заңдары, билік шешім", - деп жазады.

"Жарғы" ежелгі түріктердің сөзі болып, ерте дәуірлерден бастап-ақ әдет-ғұрьш, заң нормаларында қолданылып келеді. Ауғанстанда "Үлкен Жырға" (Лойа Жирга) мемлекеттік жоғарғы өкілдік органы болып табылады. Ауғандар өз тайпаластарын шақырып, жалпы жиналыс-жырға өткізіп, онда түрмыс-тіршіліктің ең қажетті де маңызды мәселелерін талқылап шешеді. "Жырға" мен "Жарғының" түп-төркіні бір, үқсас. Біздін пікірімізше, "Жеті жарғы" - жеті жарлық, жеті дау, жесір дауы, қүн дауы, мал-мүлік дауы, ұрлық-қарлық, айып-жаза, алым-салық, т. б. кірген.

Дау-жанжалды қарағаны үшін хан "хандық ақы", билер "билік ақы" алған. Хандық ақы дауланған мал-мүліктің бестен бір мөлшеріне, билік ақы оннан бір мөлшеріне тең болған. Сол секілді "жасауыл ақы", "даушыға жіп кесер" ағысы алынған

Осы нүсқа дерегі бойынша: "Жәңгір ханның ұлы Тауке "Қасым ханның қасқа жолын", "Есім ханның ескі жолын" өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелердің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер "Тәуке ханның Жеті жарғысы" ("Жеті жарлығы") аталып кеткен делінеді.

Бірінші жарлығы: "Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әәзіреті қастықпен өлтірілсе, олардың әркайсысы үшін жеті кісінің құн мөмиерінде құн төленген.

Екінші жарлығы: "Төрелер мен қожалардың жай қатардагы біреуі өлтірілсе, олардың әркайсысына (ақсуйектік, пірдің тұымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс

Үшінші жарлығы : "Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келгеп атын босатаға байлағандықтан, біреуді теуіп өлтірсе - "бүтін құн", ал үйдің артына байланған ат теуіп өлтірсе - тек "аттан " айып тартады "

Төртінші жарлығы : "Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, онда ол баланы өлтіремін десе де ерікті, сүраусыз болады.

Бесінші жарлығы : "Кәмілетке жеткен баласы туган ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек ")

Алтыншы жарлығы: "Қуда тусіп құйрық бауыр жегеннен соң-ақ баталы жесір басқага кетсе, оган берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне калыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін.

Әлбетте "Жеті жарғыға" ислам діні мен оның құқықтык көрінісі шариаттын әсері тимеді деген зерттеуді қажет етеді. Өйткені ол исламды насихаттайтын ақын-жыраулар ел ішінде кептеп шыға бастаған, қожаларды әрбір қазақ пір тұтып, айтқандарын екі етпей жатқан кез еді. Әл-Фараби, Йассауи секілді ғұламаларды айтпағанның өзінде, діни уағыз дүркіреп тұрғанды. Сондықтан діннің әсері болды. Бірақ ежелгі әдет-ғұрып жобалары жоғалмағаны да ақикат. Сол түстарда дүниеге келген өлең-жыр, қиссалар, нақыл сөздер бүл пікірімізді жоқка шығармайды. Қазақ "Жарғысының" "шариат" заңы талаптармен ұштасып жатуының сырын арабтар мен қазақтардың көшпенді тұрмыс салтынан іздегеніміз мақұл. Бұл екі халықтың әдет-ғұрпы бір-бірінен онша оқшауланып жатқан жоқ. Оның үстіне, құран адамзат баласының ең жақсы мұраттарын өзіне қағида етіп алғаны хақ. Тек қазақтар ислами басты доғмалары: бес уақыт намаз оқу, ораза тұту секілді талаптарын орындай берген. Оған үнемі мал бағу, көшіп-қонудың әсері болган. Ал ұрлық-қарлық, қылмыс, қоғамдық озара карым-қатынас жайындағы аса маңызды заңдар мен этикалық қағидалар қазақтарда арабтардан кемшін не кереғар еместігі айдан анық.

"Есім ханның ескі жолы" деп аталатын заң жобалары Қасым хан меті туысканы Жедік ханның немересі Шығай ханның баласы Есім хан заманында кабылданған. Жошы ханның әулетінде қырық жылдак астам тақта отырған тек Есім хан болған деседі. Бұл деректі әлі де анықтай түскен дүрыс.

Қазақ Совет энциклопедиясында "Есім 47 жыл (1598-1645) хандық қүрды" десе Қазақ ССР тарихында "30 жыл (1598-1628) хандық қүрған" деп көрсетілген.

Есім хан көбіне ойраттардың шабуылына тойтарыс беру үшін жорықтарда жүрді. Сол себепті де ол "Қасым салған қасқа жолға" көп өзгеріс енгізбесе керек. Бізге келіп жеткен деректер бойынша, Есім хан ердің қүнына 100 жылқы және алты жақсы (6 түйе) кесім белгілеген. Ол бай-кедей, жас-көрі, қараша-сұлтан демей, еркек атаулының бәріне бірдей қолданылған. Одан басқа да үстеме өнер құны, сүйек құны бар. Егер өлген адам батыр не ақын жырау немесе би болса, сол өнері үшін үстеме құн алынған. Сол секілді елген адамның сүйегі туысқандарының қолына тимей ит пен құсқа жем болса, сүйегі үшін қүн төлеген. Ал әйел құны алынатын қалың мал мөлшерінде белгіленген.

Тәуке хан заңдарының неліктен "Жеті жарғы" деп аталу этимологиясына тоқтала кетейік. Өйткені әлі күнге "Жеті жарғы" деп не себепті аталғанын түсіндіру түпкілікті шешілмей келеді. Әрбір зерттеуші "Жеті жарғы" деген сөзге оздерінше қарап, бір-біріне ұқсамайтын өзіндік мағына береді. Заң әдебиеттерінде "Жеті жарғыны" жеті бидің туындысы, яғни жеті бидің қатысуымен қабылданған қазақ заңы деп түжырымдайды. Мұны қолдаушылар зерттеушілер арасында әжептәуір орын алған. Мысалы, Н. И. Гродеков: "Тәуке ханның тұсында жеті би, яғни жеті жарғыш немесе жеті жарғы, жеті іс бітіретін қызметкерлер жиналған", - дейді. Л. А. Словохотов та: "Күлтөбеде Тәуке хан жеті би жинады", -- деп көрсетеді. Біздің бірқатар ғалымдарымыз да осы пікірді қолдайды. А. П. Чулошников "Жеті жарғыны" - "жетеудің жариялауы" дейді. Кейде "Жеті жарғыны" "Жеті жорғаға" балайды: "Тәуке ханның жеті биі болған, төрт аяғын тен басқан жорға секілді, жетеуі де тілі шешен, жүйрік екен, сондықтан да халық Тәуке ханның жеті жорғасы немесе жеті жорға атап кеткен", - дейді.

Тарихта, соның ішінде, көшпелі Орта Азия хандықтарының тарихында күрделі өзгерістерді енгізіп, заңды реформалауға қатысқан адам санымен алынған болса, олардың есімдері әлі халық жадында сақталған болар еді, бірақ адам санымен атау тіпті кездеспейтін жайт. Бірқатар деректерге қарағанда, Тәуке хан қырық рудан қырық би жинап, кеңесіп отырған әлбетте, 7 би емес, "Жеті жарғыны" жүйелеуге көптеген билердің қатысқаны даусыз. Солардың ішінде беделді де ең басты үш бидің (ұлы жүзден Төле би, Орта жүзден - Қазыбек би және Кіші жүзден - Әйтеке би) аты ғана халықжадында сақталған.

"Бірінші орынды кек заңы алады: қанға - қан, зақымға - зақым, ұрлық, тонау, зорлық, зинақорлык өлім жазасына кесіледі. Осы ережелерге сәйкес, өлген адамның туыстары қылмыскерді өлтіруге хакылы, ал қолын, аяп, құлағын т. б, мүшелерін зақымдаса (шапса) сол мүшесінен айырылуы керек, Дегенмен, билердін шешімі немесе даутер жақтың келісімі бойынша қылмыс үшін кесілетін кесімді ақыны төлеп, жазаны жеңілдетуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ежелгі заңдары. Қасым ханның касқа жолы
Қазақ халқының дәстүрлі мемлекеттік және құқықтық мәдениетінің алтын қорынан сақталған қымбат қазыналар
Қазақ хандары мен билері
Тәуке хан және «Жеті жарғы»
Тәуке ханның ата-тегі, өмірі, биліктегі ішкі және сыртқы саясаты жайлы
Жеті жарғы – құқықтық әдеп-ғұрып ретінде
Қазақ хандығының негізін қалаған хандар
Бұхар жыраудың билік шешімдері
Жеті жарғы. Тәуке Ханның далалық конституциясы
Тауке ханның ішкі және сыртқы саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz