Аграрлық кәсіпкерлікті құқықтық реттеу


З А Ң Ф А К У Л Ь Т Е Т I
Табиғи ресурстар Және экологиялық құқығы кафедрасы
БІТІРУ Ж Ұ М Ы С Ы
Аграрлық кәсіпкерлікті
Құқықтық реттеу
РЕФЕРАТ
Бітіру жұмысының тақырыбы : “ Аграрлық кәсіпкерлікті
Құқықтық реттеу”.
Жұмыс мақсаты : қазақстан республикасының “Шаруа (фермер) қожалығы туралы” заң негiзiнде, аграрлық кәсіпкерлік ретінде шаруа (фермер) қожалығының қүқықтық Жағдайы Және оның басқа шаруашылық түрлерiнен айырмашылығын анықтау, оның құқықтық Жағдайының ерекшелiктерi мен белгiлерiн көрсету, ауыл шаруашылық кәсiпкерлiкке байланысты құқықтық механизмiне қолданыстағы заңдар негiзiнде талдау жасап құқықтық баға беру.
Көлемi - 56 бет.
Негiзгi Сөздер тiзiмi : кәсіпкерлік, аграрлық кәсіпкерлік, шаруа (фермер) қожалығы, Жеке кәсiпкер, мемлекеттiк тiркеу, Жер пайдалану құқығы, жерге меншік құқығы, мемлекеттік қолдау.
Бітіру жүмысы құрылымы : кiрiспе, үш тарау; қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ . . . 4
1. Аграрлық кәсіпкерліктің түрі ретінде шаруа (фермер)
Қожалығы қызметiнiң құқықтық негiздерi
1. 1Аграрлық кәсіпкерліктің түрі ретінде шаруа (фермер)
Қожалығының құқықтық Жағдайы Және оның түрлерi . . . 6
1. 2 Аграрлық кәсіпкерліктің түрі ретінде шаруа (фермер)
Қожалығының қызметiн мемлекеттiк тiркеу . . . 9
1. 3. Аграрлық кәсіпкерлік түрі ретінде шаруа (фермер)
Қожалықтарының қызметін мемлекеттiк қолдау шаралары . . . 11
2. Аграрлық кәсіпкерліктің түрі ретінде шаруа (фермер)
Қожалығының құрылу тәртібі
2. 1 Аграрлық кәсіпкерліктің түрі ретінде шаруа (фермер)
Қожалығының Жерге құқықтарының пайда болу негіздері . . . 16
2. 2 Аграрлық кәсіпкерліктің түрі ретінде шаруа (фермер)
Қожалығының жер меншік немесе жер пайдаланушы ретінде
Құқықтары мен міндеттері . . . 27
3. Аграрлық кәсіпкерліктің түрі ретінде шаруа (фермер)
Қожалығының қызметiн тоқтату шарттары . . . 49
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54
Қолданылған әдебиеттердiң тiзiмi . . . 55
Кiрiспе
Мемлекеттiң нарықтық экономикаға негiзделiп қүрылуы қазақстандағы ауылшаруашылығы дамуында күрделi өзгерiстердi талап еттi.
Ауылшаруашылығында Жер негiзгi өндiрiс құралы болып табылады, Сондықтан да шаруа (фермер) қожалықтарының қызметiн үйымдастыру саласында Жер қүқық қатынасын реттеуi үлкен маңызды мәселе, оған Себеп шаруа (фермер) қожалығының дамуына Жер қүқық қатынастарынының түрақты Жағдайы үлкен әсер етедi.
Аграрлық реформаны Жүзеге асырудың бiр бағыты Жер қатынастарын қайта құру болды.
1991 Жылдан бастап қазақстанда Жер реформасы Жүзеге асырылуда. Мұның негiзгi максаты Жерде әртүрлi шаруашылықтарын дамыту нәтижесiнде ауылшаруашылығының өнiмдерiн өндiрушiлер арасында Жердi қайта бөлу. Жер реформасын Жүзеге асыру үрдісiндегi 1991-1995 Ж. Ж. кезеңiнде Жер қатынастарын өзгерту негiзiнде ауылùаруашылығын реформалаудың негiзгi Сұрақтары белгiлендi Және елеулi түрде шешiмiн тапты Және олар ауылшаруашылығы өндiрiсiң нарықтық Жағдайларына өту кезеңiнiң талаптарына Жауап беретiн едi.
1991-1996 Жылдар арасында арнайы Жер қорына 1, 5 млн. га Жыртылатын Жерлер енгiзiлдi. Олар бiрiншi кезекте азаматтарға шаруа қожалығын Және Жеке қосалқы шаруашылық Жүргiзу үшiн берiлдi, бұл республика тұрғындарының Жеке шаруашылығы үшiн Жер учаскелерiне сұранысын елеулi түрде қанағаттандыруға мүнкiндiк бердi. 1
Жер реформасын Жүзеге асыру мақсатында қазақстанда көптеген заңды Және заңға сәйкес актiлер қабылданды, ол мысалы. Қазақстан республикасы 2003 жылғы Жер кодексі2, " Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңы"3, " Жеке кәсiпкерлiк туралы заңы". Аталған заңды актiлер қазақстан республикасының конститусиясына сәйкес азаматтардың кәсiпкерлiк қызметiнiң еркiндiк қүқығына мемлекеттiк кепiлдiк жүйесiн қамтамасыз етедi. Қазiргi кезде қазақстанда нарық қатынастары дамуы кезiнде болашақ шаруа (фермер) қожалықтары көбеюде. Себебi, бұлар Жер реформасын негiзгi Және маңызды элменттерiнiң бiрi.
Аграрлық кәсіпкерліктің субъектілерінің дережесі әртүлі болуы мүмкін. Аграрлық кәсіпкрелердің құқықтық жағдайы көп жағдайда субъектінің өзінің ұйымдық нысанымен, аграрлық кәсіпкерлікпен айналысудың мүліктік негізін қалыптастыру тәртібімен, аграрлық сектордағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуді ұйымдастыру нысанымен анықталады. Сонымен қатар аграрлық кәсіпкерлердің құқықтық жағдайының ерекшелігін анықтаушы негіздердің барлығы бір-бірімен байланысты, бір-біріне тәуелді. 4
22 желтоқсанда 1997 Жылы қазақстан республикасы Үкiметiнiң қазақстан республикасы ауылшаруашылығын 2010 Жылға дейiн даму стратегиясын бекiту туралы қаулысы қабылданды. Бұл құжатқа сәйкес ҚР ауылшаруашылығы 2010 Жылғы дейiн ауыл шаруашылық өнiмдерiн үш есе көбейту, ауылшаруашылығында кедейлiктi төмендету Және ауылшаруашылық тұрғындарын әлеуметтiк қорғау мақсаттарын көздейдi.
5 маусымда 2005 жылы “Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы” Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Ол агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуды мемлекеттiк реттеудi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.
1. Аграрлық кәсіпкерліктің түрі ретінде шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң құқықтық негiздерi
- Аграрлық кәсіпкерліктің түрі ретінде шаруа (фермер) қожалығының құқықтық Жағдайы Және оның түрлерi.
Қазақстан республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) шаруа (фермер) қожалығы деген ұғым енгiздi Және оңы заңды тұлға құрмай- ақ Жүргiзiлетiн Жеке кәсiпкерлiк түрi ретiнде таныды.
1990 Жылы 20 мамырда қабылданған қазсср " Шаруа шаруашылығы туралы"1. Заңның көптеген ережелерi ҚР Азаматтық кодексiнiң Және өзге де заң актiлерiндегi Соның iшiнде, 1995 Жылы 22 желтоқсанда қабылданған "Жер туралы " Жарлығының талаптарына сәйкес келмедi.
Жоғарыда аталған мәселелер негiзiнде жасайтын қорытындыда, шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдарды қайта қарау қажеттiлiгi туындайды.
Қазақстан республикасының " Жеке кәсiпкерлiк туралы" заңына сәйкес шаруа (фермер) қожалығы Жеке кәсiпкерлiктiң бiр түрi болып танылады.
1990 Жылы 20 мамырда қазсср заңына сәйкес келесi түсiнiк берiлген "Шаруа шаруашылығы дегенiмiз- ауылшаруашылығын бiрлесiп Жүргiзетiн адамдардың Семьялық, еңбек бiрлестiгi болып танылады. Шаруа шаруашылығының қызметi тек қана шаруалардың өзiнiң Жеке еңбегiмен атқарылады. "
31 наурызда 1998 Жылы қабылданған ҚР заңына сәйкес " Шаруа (фермер) қожалығы дегенiмiз- азаматтардың Жеке кәсiпкерлiктi Жүзеге асыруы ауылшаруашылығына арналған Жерлердi, ауылшаруашылығы өнiмiн өндiрумен, Сондай- ақ осы өнiмдi ұқсатумен Және тығыз байланысты отбасылық еңбек бiрлестiгi болып табылады".
Бұл анықтамадан мынаны көруге болады, шаруа қожалығының құқықтық мәртебесiнде өзгерiстер болды, осыған сәйкес оның құқықтық Жағдайында бiрқатар еркшiлiктерiн көрсетуге болады
1. Шаруа (фермер) қожалығы - аграрлық кәсiпкерлiктiң бiр түрi ретiнде қарастыралады.
Жеке кәсіпкерлік дегеніміз жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кіріс алуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздерінің меншігіне негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі болып танылады.
Бұл қызметтiң субúектiсi ретiнде Жеке және заңды тұлға болып табылады. Шаруа (фермер) қожалығына заңды тұлға деген мәртебе берiлмеген, ал бұрынғы заңда, яғни 1997 жылғы 19 маусымда қабылданған Жеке кәсіпкерлік туралы заңымен қожалық заңды тұлға құрмай қызмет жасайтын жеке кәсіпкерлктің бір түрі болып танылды.
Шаруа (фермер) қожалығына мұндай мәртебе берудi түсiндiретiн болсақ, заңды тұлғаны құру көптеген шығындарды қажет етедi, мысалы құрылтай құжаттарын дайындау Жарғылық қордың белгiленген мөшерiн төлеу. Заңды тұлғалар Жеке кәсiпкерлерге қарағанда Салықты көп төлейдi. Заң актiлерiнде бұл Субúектiлердiң мәртебесi Жөнiнде әртүрлi көзқарастар айтылады, мысалы ресей заңдары бойынша қожалықтар заңды тұлға болып танылады.
2. Шаруа (фермер) қожалығы ауыл шаруашылылық қызметi негiзгi аграрлық кәсiпкерлiк қызмет ретiнде танылады. Сонымен қатар, олар басқа да кәсiпкерлiк қызметтермен, егер заңда тиым салынбаса, айнасылуға құқығы бар. Ауылшаруашылығымен байланысты қызмет мiндеттi түрде ауылшаруашылығына арналған Жерлерiнде Жүзеге асырылуы тиіс. Бiздiң пiкiрiмiзше, заңның мұндай талабы дұрыс, бұл мәселе заңда бiрiншi рет көзделiп отыр. Бiрiншiден, ол Жергiлiктi органдарға Жер учаскесiн беру туралы қабылданғанда осы талапты негiзге алуды мiндеттейдi, яғни ауылшаруашылық қызметiн Жүргiзуге Жарамды Жер учаскелерiн беру. Екiншiден, оның орындалуы iс Жүзiнде ауылшаруашылық мақсатында Жерлердiң нысаналы пайдалану қағидасын қамтамасыз етедi.
3. Шаруа (фермер) қожалығы отбасылық еңбек бiрлестiгi болып танылады, былайынша айтқанда аталған қызмет тек қана Жанұяның негiзiнде Жүргiзiледi. Сондықтанда, осы ереженi Жүзеге асыру мақсатында, заңда шаруа (фермер) қожалығының мүшелерiң толық тiзiмi көрсетiлген. Олар келесi азаматтар болып танылады- Жұбайлар, балалар, асырап алған балалар, ата-аналар, туыстар. Басқа адамдар 1990 Жылғы заңына сәйкес шаруа қожалықтын мүшесi болып танылатын, 8 Сәуiр 1993 Ж. Ереже Жойылды.
Жоғарыда аталған тұлғаларды қожалықтың мүшесi ретiнде тану кезiнде туыстық қатынастары туралы белгiсi ғана емес, Сонымен қатар олар қожалық қызметiне Жеке еңбектерiмен қатысуы қажет.
Айта кететiн Жай, қожалықтың мүшесi болып табылатын тұлғаның жасы заң бойынша белгiленбеген. Ресей заңдарына сәйкес қожалықтың мүшесi ретiнде 16 жасқа толған тұлғалар Саналады. Бiздiң пiкiрiмiзше мұндай келiсiмсiздiктi Жоþ қажет. Қандайда болмасын тұлғаны қожалықтың мүшесi ретiнде 14 жасқа толған тұлғаны Санауға болар едi, Себебi бүл жаста қожалықтың қызметiне Жеке еңбегiмен қатысуына болады.
Басқа азаматтар кәзiргi кезде шаруа (фермер) қожалығында еңбек шарты негiзiнде жұмыс iстеуге құқылы.
4. Шаруа (фермер) қожалығы тек қана тұлғалармен құрылады. 1990 Жылғы заңға сәйкес шаруа шаруашылығын тек ҚР азаматтары ғана құруға құқығы бар едi, ал кәзiргi кезде ондай шектеу Жоқ. Былайынша айтқанда, шаруа (фермер) қожалығының мүшесi ретiнде шетел азаматы да болуы мүмкiн. Бiрақ қожалықтың басшысы ретiнде 18 жасқа толған ҚР әрекет қабiлеттiлiгi бар азаматы бола алады.
5. Жаңа заңға сәйкес шаруа қожалығы Және фермер қожалығы деген ұғымдар тең болып танылмайды, олардың айырмашылығы келесiде:
Шаруа (фермер) қожалығы мына түрде құрылуы мүмкiн:
- Кәсiпкерлiк қызмет бiрлескен, ортақ меншiгiне негiзделген отбасылық кәсiптiк нысанында Жүзеге асырылатын шаруа қожалығы ретiнде. 1998 Жылы 17 желтоқсанда қабылданған қазақстан республикасындағы "Неке Және отбасы туралы" заңы 4 неке -отбасы қатынастарын, Сондай-ақ оларды Жүзеге асырудың кепiлдiктерiн белгiлеп, реттейдi, отбасының дамуын қазақстан республикасының мемлекеттiк әлеуметтiк саясатын басым бағыты деп анықтай отырып, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етедi. Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан баладарды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүлiктiк Және мүлiктiк емес Жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты Және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиiстi адамдар тобы.
- Өзiндiк кәсiпкерлiктi Жүзеге асыруға негiзделген фермерлiк қожалық ретiнде өзiндiк кәсiпкерлiктi бiр азамат меншiк құқығы бойынша өзiне тиесiлi мүлiк негiзiнде, Сондай-ақ мүлiктi пайдалануға Және оған билiк етуге Жол беретiн өзге де құқыққа байланысты дербес Жүзеге асырылады.
- Бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде Жай серiктестiк түрiнде ұйымдастырылған фермерлiк қожалық ретiнде. Жай серiктестiк бiрлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негiзiнде құрылады.
Сонымен қатар, қазақстан республикасының заңдарына сәйкес шаруа (фермер) қожалығының басқа да түрлерi көзделуi мүмкiн.
Шаруа (фермер) қожалығындағы жұмыстарды орындауға жалдау (еңбек келiсiмi немесе шарты, келiсiм-шарты) бойынша жұмыс iстейтiн азаматтар тартылуы мүмкiн.
Шаруа (фермер) қожалығында жалдау туралы шарт жасасу тәртiбi Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен белгiленедi.
Шаруа (фермер) қожалығының мүшелерi мен қожалықта жалданып жұмыс iстейтiн азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады.
Шаруа (фермер) қожалығының басшысы Қазақстан Республикасының тиiстi әлеуметтiк сақтандыру, сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдарында өзiнiң тұрғылықты жерi бойынша сақтандырушы ретiнде тiркеледi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына және басқа органдарға қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өз табысынан белгiленген тәртiппен қаржы енгiзедi.
Шаруа (фермер) қожалығында жұмыс iстеген уақыт еңбек кiтапшасы не Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн жүзеге асырылған сақтандыру жарналарының төленгенiн растайтын құжаттар негiзiнде жалпы және үздiксiз жұмыс стажына есептеледi.
Шаруа (фермер) қожалықтарының мүшелерiне, сондай-ақ жалданып жұмыс iстеген азаматтарға зейнетақы тағайындау мен төлеу Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгiленген тәртiп пен шарттар бойынша жүргiзiледi. Шаруа (фермер) қожалығы өз шығындарын алынатын табысының есебiнен жабады. Шаруа (фермер) қожалығының өндiрiстiк, коммерциялық және өзге де қатынастары шарт негiзiнде жүзеге асырылады. Шаруа (фермер) қожалығының қызметiне, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен басқа жағдайларда, мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар тарапынан араласуға тыйым салынады.
Шаруа (фермер) қожалығы банк шоттарын ашуға және банктегi өз ақшаларына иелiк етуге құқылы. Шаруа (фермер) қожалығына салық салу Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады, қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiп пен ережелер бойынша мүлкiн, жер учаскесiн және жер пайдалану құқығын кепiлге салып кредит алуға құқылы. Шаруа (фермер) қожалығы сақтандыру туралы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жалға алынған және жеке меншiк өндiрiс құрал-жабдықтарын, сондай-ақ ауыл шаруашылық дақылдарының егiсiн (екпелерiн), көпжылдық екпелердi, шығарған өнiмдерiн, шикiзатты, материалдарды жойылуы немесе зақымдануы жағдайынан сақтандыруды жүзеге асырады. кредит беру және оны сақтандыру
1. 2 Аграрлық кәсіпкерліктің түрі ретінде шаруа (фермер) қожалығының қызметiн мемлекеттiк тiркеу.
Аграрлық кәсіпкерлік ретінде шаруа (фермер) қожалығы өзіне тиесілі жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе уақытша жер пайдалану құқығын мемлекеттiк тiркеуден өткізген Сәттен бастап құрылды деп есептелдi.
Аграрлық кәсіпкерлік ретінде шаруа (фермер) қожалығы мемлекеттiк тiркеудiң екi түрiнен өтедi.
- Жер меншік иесі ретiнде өзіне тиесілі жер учаскесіне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығын мемлекеттік тіркеу .
- Жеке кәсiпкер ретiнде тіркеу.
Жерге құқықтарды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi 1995 Жылы 25 желтоқсанда қабылданған "жылжымайтын мүлiкке құқықтарды Және онымен жасалған мәмiлердi мемлекеттiк тiркеу туралы” ҚР заңымен реттеледi. 5
Бұл заңға сәйкес мемлекеттiк тiркеу дегенiмiз - тiркеушi органның меншiк құқығы Және басқа да қүқықтарды, Сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке ауыртпалықтарды, Сонымен қатар Жер учаскесiне құқықтарын тiркеу проседурасы.
Мемлекеттiк тiркеуге жерге меншік, соның ішінде жеке меншік құқығы және Жер пайдалану құқығы жатады. Жылжымайтын мүлiкке деген құқықты Және осыған қатысты мәмiлелердi тiркеу құқық иеленушiнiң немесе өкiлеттi мемлекеттiк органының өтiнiшiнiң негiзiнде, ал егер құқық шарт негiзiнде пайда болса, оның кез келген тарабының өтiнiшiнiң негiзiнде тiркеушi орган (әдiлет органы) Жүзеге асырады. Тiркеушi органға шаруа (фермер) қожалығының басшысы келесi құжаттарды тапсыруы тиiс:
1. Тiркеу туралы өтiнiш.
2 Жер учаскесiне құқықтары бар екенiн дәлелдейтiн құжаттар (мысалы: жерге жеке меншік құқығы туралы немесе уақытша жер пайдалану құқығы туралы мемлекеттiк акт, Жер үлесiне құқығы бар екендiгiн дәлелдейтiн куәлiк Және басқа да) .
- Тiркеушi органдардың қызметiне ақы төлегендiгi туралы дәлелдейтiн құжат.
- Әрбiр шаруа (фермер) қожалығы мүшесiнiң Жеке басын куәландыратын құжаттар.
Жер учаскесiне ортақ меншiк (ортақ Жер пайдалану) құқығын тiркеу кезiнде тiркеу туралы өтiнiш барлық меншiк иелерiмен (Жер пайдаланушылармен) олардың меншiк құқығын (Жер пайдалану) растайтын құжат Және олардың Жеке басын растайтын құжат ұсына отырып қол қояды.
Жылжымайтын мүлiкке құқығына Және онымен жасалатын мәлiметтердi тiркеуге берiлген құжаттарды қабылдаудан бас тарту Сол құжаттардың заңда қажетiлген талаптарға сәйкес еместiгi негiзiнде ғана Жүргiзiледi.
Тiркеуге берiлетiн құжаттарға заң бойынша мына талаптар қойылды:
Жер учаскесiне байланысты құқықтың пайда болуын, тоқтатылуын, өзгеруiн Және шектеулердi растайтын құжаттар сәйкесiнше рәсiмделген түрiнде қабылданады. Құжаттарда өшiрiлiп не қосылып Жазылған не Сызылған Сөздер Және келiсiлмеген өзгертулер болғанда, Сондай-ақ қарандашпен орындалған құжаттар қабылданбайды.
Жер учаскесiне қатысты құқықтарды мемлекеттiк тiркеу үшiн қажеттi барлық құжаттар екi данадан берiледi, оның бiрi түп нүсқасы болуы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi болуы тиiс. Құжаттың түп нұсқасы (нотариалды куәландырылған көшiрме) тiркеуден кейiн құқық иесiне қайтарылады. Жер учаскесiне құқықты тiркеуге байланысты құжаттарды алғаннан Соң тiркеушi орган құжаттың келiп түскен күнiн, Сағатын Және минутын тiркеуге мiндеттi.
Берiлген құжаттардың негiзiнде өтiнiш иесiне тiркеуге қажеттi құжаттарды алғаны туралы оның келiп түскен күнiн, Сағатын Және минутын көрсете отырып қолхат бередi.
Тiркеушi орган өтiнiш иесiнiң тiлегi бойынша Жүргiзiлген тiркеу Жөнiнде тiркеуге берiлген құжаттарға Жазбалар арқылы куәландыруға мiндеттi.
Мемлекеттiк тiркеудi тоқтату шарттарыда да көрсетiлген. Бұл тiркеу құқығын шағымданып отырған тұлғамен қоса басқа тұлға өтiнiш берiлгенде бұл құқықты тiркеу бес күннен аспайтын мерзiмге тоқтатыла тұрады.
Егер осы мерзiм iшiнде құқықты шағымданып отырған тұлға берiлген талап арызын дәлелдейтiн дәлелдемелер ұсынбаса тiркеу орындалуы тиiс, ал дәлелдемелер табыс етiлген Жағдайда даулап Жатқан құқықты тiркеу Сот шешiмi шығарғанға дейiн тоқтатылады.
Мемлекеттiк тiркеуден бас тартудың негiзгi ретiнде бiрiншiден, егер ұсынылған құжат, заңмен белгiленген талапқа сәйкес болмаса, екiншiден құқықты тiркеу Жөнiндегi өтiніштi әрекет қабiлеттiлiгi Жоқ азамат ұсынса.
Тiркеуден бас тартылғанда немесе тоқтатылғанда құқықтық кодекстерде тиiстi Жазбалар Жазылады. Бас тартқан Жағдайда өтiнiш иесiне бас тартудың Себебi Жөнiнде Жазбаша түрде хабарлама Жiберледi. Хаттың көшiрмесi осы жылжымайтын мүлiкке бүрын ашылған iске тiркеледi. Тiркеушi орган тiркеудi он күннен кешiктiрмей Жүзеге асыруға мiндеттi.
Шаруа (фермер) қожалығының Жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу тiркеу тәртiбi 2006 жылы 31 қантарда қабылданған "Жеке кәсiпкерлiк туралы" заңында көрсетiлген. 6 Ол тәртiп бойынша тiркеушi органдардың қызметiн Жергiлiктi Салық органдары Жүзеге асырады. Тiркеуден өту үшiн келесi құжаттар болу тиiс:
- бекiтiлген түрде арыз, онда кәсiпкер туралы мәлiматтер Жеке басын куәландыратын құжаттардың деректерi көрсетiлiу тиiс;
- ақы төлегенi туралы құжат.
Тiркеу аталған құжаттар берiлген күнi Жүзеге асырылады.
Шаруа (фермер) қожалығы Жеке кәсiпкер ретiнде барлық уақытта мемлекеттiк тiркеуден өтуге мiндеттi емес.
Заң бойынша екi Жағдайда мемлекеттiк тiркеуден өту мiндеттi екенi көрсетiлген.
Оларға мыналар Жатады:
- Егер бұл қожалықтар тұрақты түрде Жалданбалы еңбектi қолданса;
- кәсiпкерлiк қызметтен қазақстан республикасының заң актiрлерiнде Жеке тұлғалар үшiн белгiленген Салық Салынбайтын Жылдық Жиынтық табыс мөлшерiнен асып түсетiн мөлшерде Салық зандарына сәйкес есептелген Жылдық Жиынтық табысы бар болған Жағдайда.
Егер шаруа (фермер) қожалығы жоғарыда аталған жағдайларды тіркеуден отпесе, оның қызметiне тыйым Салынады, яғни Сот шешiмiнiң негiзінде оның қызметі тоқтатылуы мүмкiн.
Тiркеу мiндеттi емес Жағдайда мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк оның кәсiпкерлiк қызметтi Жүзеге асыруына кедергi болып табылмайды. Мемлекеттiк тiркеусiз өз қызметiн Жүзеге асырушы шаруа (фермер) қожалығы мәмiле жасау негiзiнде өзiнiң кәсiпкер болып табылмайтына Сiлтеме жасауға құқығы Жоқ.
Шаруа (фермер) қожалығын тiркеу кезiнде өтiнiштi қожалықтың әрбiр мүшесi Жеке бередi, Сондықтан мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк қожалықтын барлық мүшесiнiң тiзiмiн көрсету арқылы берiледi.
Мемлекеттiк тiркеу үшiн оның төлем қазақстан республикасының зандарында белгiленген тәртiпп мөлшерiне сәйкес алынады.
1. 3. Аграрлық кәсіпкерлік түрі ретінде шаруа (фермер) қожалықтарының қызметін мемлекеттiк қолдау шаралары.
Заң бойынша шаруа (фермер) қожалықтарының құқықтарын қорғаудың бiрнеше тәсiлдерi көрсетiлген7 :
Бiрiншiден, мемлекеттiк органдардың шаруашылық қызметiне араласпауы.
Мемлекеттiк органдар заңды көрсетiлген реттерден басқа кездерде шаруа (фермер) қожалығының қызметiне араласпауы тиiс.
Бақылау Және қадағалау функсиясын Жүзеге асыратын құзіреттi мемлекеттiк органдармен шаруа (фермер) қожалықтарын тексеру Жылына 1 реттен көп болмауы тиiс, егер де басқаша заң актiлерiнде көрсетiлмесе.
Мұндай шектеулер тексеру материалдары бойынша қылмыстық iс қозғалған кезде қолданылмайды.
Бiр Жылда бiр реттен көп болатын мемлекеттiк органдардың тексерулері тек қана Жалақы, зейнетақы, Жәрдемақы, мiндеттi толемдердiң дұрыс аударылуына байланысты мәселелер туындаған кезде ғана болуы мүмкiн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz