Әдеби аударма


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе.

1. Әдеби аударма.

2. Әдеби аударма ғылымының тарихы.

Қорытынды.

Кіріспе.

Аударма - өмір танытатын, білім тарататын, тәрбие беретін құрал ғана емес, ол сонымен бірге халық пен халықты қауыштырады.

Бейнелі сөзбен айтсақ, аудармашы - халық пен халықты таныстырып, достастыратын дәнекер.

Аудару принципі мен аударманың дәлме-дәлдігі туралы ұғым заманалар озған сайын өзгеріп отырады.

Мысалы, орта ғасырларда әріпшілдік, сіреспе аударма басым болса, бертін келе, жаңғыру дәуірінде, XVII-- XVIII ғасырларда «еркін» аударма етек алды. Одан соң әдебиет әлемінде балама аударма пайда болды.

Шынайы шығармашылыққа еркіндік керек. Дегенмен, тіл аяғынан тұсауын алған ат емес, құйғытып шаба жөнелмейді. Тіл морфологиялық, орфографиялық, синтаксистік ережелерге бағынады. Аударма-қиын мәселе. Аудармаға қойылатын талап пен талғам да зор.

Балама аударма - көріксіз көшірме емес, түпнұсқаның эмоциялық жеке эстетикалық ерекшеліктерін екінші тілде түгел мүсіндеу.

Мұның үлгілерін біз қазақ поэзиясында алдымек Абайдан табамыз. Ұлы ақын аударған Пушкин, Лермонтов, Крыловтардың ғибратты шығармаларының төл туындымыздай халқымыздың көкейіне қонып, зердесіне ұялауы; аударма енерінің құдірет-күшін танытуы. Абай өзі қазақша сөйлеткісі келген шығарманың қан тамырын дәл басып, жүрек тынысын дәрігерше тыңдап, мүлтіксіз сөзді М. Ю. Лермонтовтан аударған Гетенің «Қараңғы түнде тау қалғып» деген өлеңін алайық. «Горные вершины Спят во тьме ночной; Тихие долины Полны свежей мглой; Не пылит дорога, Не дрожат листы . . . Подожди немного, Отдохнешь и ты».

Абай осы нұскадан аударған. Абайдың аудармашы ретіндегі сезімталдығына қайран қалмасқа болмайды. Орыс өлеңі арқылы неміс елеңінің тіршілік-тынысын тап басуы қандай ғажап! Лермонтов: «Қараңғы түнде тау шыңдары ұйықтайды» десе, Абай «Қараңғы түнде тау қалғып, ұйқыға кетер балбырап» деп қазақшалайды. Сөйтіп, Гетенің өзіндегі «покоится» дегеніне бір табан жақындай түседі. Абай әуелі тауды қалғытады да, содан кейін барып, балбыратын ұйқыға батырады. Өлең оқыған адамды тыныштыққа белеп, маужырат-қалғандай болады.

Қараңғы түнде тау қалғып, ұйқыға кетер балбырап

Даланы жым-жырт делсал ғып,

Түн басады салбырап.

Шаң шығармас жолдағы,

Сілкіне алмас жапырақ.

Тыншығарсың сендағы,

Сабыр қылсаң азырақ.

Ғажап, кем-кетіксіз сомдап соғылған тұтас көркемдік!

Өзге тіл табиғатын, тынысын тарылтпай, езінің рухы мен тіршілігін өшіріп алмай, мағынасын бәсеңдетпей, өз ана тілінің табиғатына аялап әкелу - көркем аударма деп аталады.

С. Сейфуллин сөзбе-сөз аударманы әділ сынаған. «Айқапта» 1914 жылы басылған «Манап» драмасы жөнінде «Қазақшаға аударғанда, сөзбе-сөз аударыпты. Соның үшін сөздерінің тәртібі нағыз қазақша болып шықпаған» дейді.

Біреу дәл аударады, көркемдігі жетпейді. Екінші біреу түпнүсқадан аздап ауытқығандай көрінеді, алайда аударма оқырманға ұнайды, себебі, шығарманың басты-басты қасиеттерін сақтайды. Ал үшінші біреулер тым лағып кетеді.

Аударма әдебиетінің атақты теоретигі Корней Чуковский сөзімен айтсақ, С. Маршак секілді шеберлердід мықтылығы «әріпті әріппен емес, юморды юмормен, көркемдікті көркемдікпен жаңғыртуында».

Мысалы, Мұхтар Әуезов В. Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясындағы Грумь оның бір диалогында «Во-первых, знай, что моя лошадь устала, а господин и гоо пожа упали» деген сөздерді: «Ең әуелі мәлім етейін, менің атым болдырып, мырза мен әйел жалп етісті» - деп аударады. «Жалп етісті» деген етістік бүкіл көріністің қимылдың динамикасын жанды суреттеп түр.

Нақыл сөздерді езге тілдерден, алдымен орыс тілінен қазақшаға аудару бізде XIX ғасырдың екінші жартысынан басталатын сияқты.

Мысалы, Ы. Алтынсарин өзінің Орынборда 18, 79 жылы басылған «Қазақ хрестоматиясына» бірнеше прозалық мысалдар аударып кіргізген. Солардың ішінде «Не нәрсенің де құр сыртына қарап қызықпа, жылуы ішінде болар», «Жинақтылық сараңдыққа қосылмайды», «Тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма» деген сияқты орыс тілінен аударылған нақылдар кездеседі. Алтынсарин аудармасы - алғашқы көркем аударманың бастау бұлағы.

Аудармаға қойылатын басты талап -автордың стилистикалық өзіндігін сақтау, яғни адамдардың келбет-бітімі, жүріс-тұрысы бір-біріне қандай ұқсамаса, олардың сөз саптау машығы да бір-біріне сондай ұқсамайды, ендеше сол ерекшелікті айыра білу керек. ;

Аударма мамандық емес - өнер. Өнерге өмірді арна? ғанда ғана өнімді еңбек беруге болады. СондықтаЩ «жүрдім-бардым» атүсті айналысу дегендер мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді аудару ісін көгертпейді, аударма мәдениетін биікке көтермейді. Бұл іске бірыңғай берілген, белсене, құлшына, жүрек әмірімен жүмылған аудармашылар керек.

Қандай сөзді болса да, кілтін тапса, қазақшаға аударуға болады. Аударма теориясын зерттеуде кездесетін қиындықтар. Аударма теориясы, соның ішінде, қазақ аудармасының теориясы да - жас, жаңа ғана туып, қалыптасу дәуірін бастан кешіріп отырған кенже ғылым. Міне, осы себептен де қазақ аудармасынық тарихы да жазылмаған. Ал «заттың тарихы жоқ жерде - заттьщ теориясы жоқ, ал заттың теориясы жоқ жерде онық тарихы туралы тіпті сөз болуы мүмкін емес». Өйткені ондай жағдайда зат туралы, оның шекарасы мен мағынасы туралы мүлде ұғым болмайтыны айдан анық.

Аударма өнерінің дәл өзіне арналмағанмен, үлт тілінің тазалығын сақтау, қазақшаға аударылған еңбектерде оқырманға түсінікті етіп жеткізу жайында" қазақ оқымыстыларының XVIII-XIX ғасырлар мен XX ғасырдың бас кезінде айтқан пікірлері бар.

Қазақ аудармасы ұлттық мәдениетіміздің, әдебиетіміз бен публицистикамыздың құрамдас бір саласы ретінде дамып отырған кезде оның теориясы, тарихы, жеке аударманьщ шеберлігі жайында келелі пікірлер айтыла бастады, жеке авторлардың монографиялык зерттеулері, жинақтар, мақалалар жарияланды. Аударманы зерттеу ісінде соңғы 30-40 жылдың ішінде елеулі Бір кезде В. Г. Белинский «Орыс тіліне аударылған шығарма брыс әдебиетінің туындысы» деген болатын. Аударма қызметінің ең басты мақсаты, Белинскийдні айтуынша, халықтардың бір-бірімен танысьш, өзара идеялар алмасуы, соған орай, әдебиеттерінің гүлденіп өсуі, ақыл-ой ерісінің үлгілері бір халық әдебиетініқ екінші халық тіліне аударылуына негізделеді.

Аударманың тарихын сөз еткенде оның өзі әрбір ұлттың әдебиет пен мәдениеттің құрамдас бөлігі болғандықтан, ізін де, дәстүрін де, даму дәрежесінің қандай сатыда болған да сол ұлттың әдебиеті мен мәдениетінің тарихынан іздеген дұрыс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАЗБАША АУДАРМАНЫҢ АЛГОРИТМІ
Мәтінді дәлме - дәл жеткізу
Шетелдік аударматану
Аудармадағы транспозиция және трансмутация ұғымы
Қазақ әдебиетіндегі аударманың орны, маңызы
Поэзиялық шығармаларды аудару
Қағаздан аудару
Қазақ авторлары шығармаларын аударудың стилистикалық мәселелері
Аударма
Аударма түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz