Көркем шығарманы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негізін жасау


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Диссертацияда мынадай терминдер сәйкес анықтамаларымен қолданылады.

ҚР - Қазақстан Республикасы.

Патриотизм (грек сөзі patriotes - отандас, Patris - отан, туған жер) - Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау.

«Қазақстандық патриотизм» - көздің қарашығындай сақтап келген туған жерін қорғау, елінің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сыйлау, ана тіліне деген сый-құрмет, елі мен жерінің өркендеуіне үлес қосу .

Патриоттық тәрбие дегеніміз - халқымыздың ерлік батырлық дәстүрі негізінде оқушылардың ерік-жігерін табандылық, батылдық қасиеттерімен бірге ұлттық сана, намысын оятып, елі, жері, Отанына деген сүйіспеншілік, мақтаныш, ана тіліне деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

Ұлттық сезім - ұлттық ой-санадан ерекшелеу - бұл адамның түрлі өмірлік құбылыстар мен жағдайларды, ұлттық мүдделерді өзіндік тұрғыдан түсіну.

Ұлттық мақтаныш - ұлттық материалдық, әлеуметтік және мәдени жетістіктерінің негізінде қалыптасатын, әрі алдыңғы қатарлы ұлттық идеялар, ой-пікірлермен байып отыратын, ұлт бостандығы және саяси әлеуметтік бостандық жолындағы күрестің тарихымен байланысты әлеуметтік психологиялық сезім болып саналады.

Дәстүр - белгілі бір ұлттың немесе халықтың ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын, тарихи қалыптасқан, олардың әлеуметтік ортасында ұзақ уақыт бойы сақталып отырған әлеуметтік-мәдени құндылықтар жиынтығы.

Әдет-ғұрып - белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік ортада пайда болып, оның мүшелерінің мінез-құқының, тұрмыс-тіршілігінің бұлжымас қағидаларына айналған жөн-жосық, жол-жоралғы.

Намыс - арлы адамның өзіне, айналасына, ұлтына кір келтірмеу үшін күресте бойына қайрат беретін сезімі. Қазақ халқы ұлттық намысқа ерекше мән беріп, халықтық тәлім-тәрбие жүргізеді.

Патриоттық сезім - адамда жүре пайда болатын жеке тұлғаның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, әлеуметтік құбылыс.

Бастауыш сынып оқушыларын көркем әдебиет шығармалары негізінде патриоттыққа тәрбиелеу дегеніміз - ата-бабаларымыздың жауынгерлік дәстүрі мен ерлік, батырлық істерін дәріптейтін әдебиет үлгілері арқылы оқушылардың ұлттық мақтаныш сезімін, намыс-жігерін оятып, елін, тілін, ұлттық рәміздерін құрметтеуге, Отанына, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көркем шығарма дегеніміз - ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың өмір тарихы, шығарма арқауы көркем тіл арқылы, сөз өнерінің күшімен суреттелетін шындық.

Көркем әдебиет дегеніміз - жеке тұлға мен бүкіл қоғамның сезім, талап, армандарының образдағы көрінісі.

Көркем әдебиеттің объектісі - өмір, адам проблемасы, соның өткені мен бүгіні, болашағы. Оның орталығында образдар дүниесі тұрады. Образ белгілі бір өмір суретінен алынады.

Ойды образбен айтатын көркем өнер категориясына әдебиет, музыка, мүсіндеу, кино, скульптура және архитектура өнерлері жатады. Осының ішінде тіл (сөз) өнеріне негізделгені - көркем әдебиет пен кино.

Әдебиет деген сөздің түп төркіні арабша атаудан шыққан - сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді.

Патриоттық құндылық - қоғамдағы ізгілік қарым-қатынасты, табиғат пен адам арасындағы мейірімділікті, ұлтаралық мәдениетті дамыту, елі мен туған жерін, Отанын сүю, мемлекеттің тәуелсіздігі мен бейбітшілігін, әлемдік тыныштықты сақтау үшін күресу.

Тұлға - ерік-жігерінің іске асуы, өз ойын еркін іске асырудың дайындығы және оның іске асуының нәтижесі. Тұлға дегеніміз - сезімнің, әсердің ішкі күйінішінің - сүйінішінің бойға жинақтаған көрінісі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз адамның өзіне тән жеке бас қасиеттерін іске асыруы.

Қасиет - адам бойындағы жақсылық, адамгершілік, ар-абырой, қадір.

Тәрбие жүйесі дегеніміз - Жеке адамды идеялық, саяси, адамгершілік, экономикалық т. б. жағынан қалыптастыратын жүйелі процесс. (И. П. Подласый)

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасында болып жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістер білім беру жүйесін өзгеше құруды талап етуде. Әсіресе, білім беру саласында ізгілендіру, демократияландыру үрдістері жүріп жатқан кезде, білім мазмұнын ұлттық ерекшеліктер негізінде құру, өсіп келе жатқан жас ұрпақты рухы биік, саналы, патриоттық сезімі жоғары тұлға етіп тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр.

Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының 7 бағытында « . . . оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Олар - патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның дамуы, заңға мойынсұнушылық» -деп атады [1, 6 б. ] .

«Қазақстан Републикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» қойылған мақсаттарға жету үшін шешуге қажетті басты міндеттердің бірі «жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу» екендігі, білім беруді дамытудың «Тәрбие жұмысы және жастар саясаты» бағытында 2011 жылдан бастап «қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында тұрақты негізде мемлекеттік рәміздерді таныту, тарих, салт-дәстүр және ана тілін білу жөнінде іс-шаралар жалғастырылатын болады» делінген [2, 6 б. ] .

Мұның өзі бастауыш сынып оқушыларының тәрбиесінде еліміздің өткені мен бүгінін ескере отырып, оның жарқын болашағын құратын ұрпақтың ұлттық сана-сезімін, туған елі мен жерін сүйе білуге, Отаншылдыққа тәрбиелеу мәселесін яғни, патриоттық тәрбие берудің қажеттілігін көрсетеді.

«Тәрбиедегі ең басты бағыт, - делінген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болуы керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық әлемге аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезі мен өткенінің талаптары, объективті факторлары негізінде жас ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған бай тәжірибе арқылы тәрбиелей отырып, өзінің ата-бабаларының рухани мұрасын игере түсуі керек» делінген [3, 2 б. ] . Тұжырымдамада көрсетілгендей, өз Отанының перзенті болуда ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар, ата-бабалардың рухани мұраларын меңгеру ауыз әдебиеті арқылы жүзеге асырылатыны белгілі. Көркем шығармалардың өзін ауыз және жазба әдебиеті тұрғысынан қарастырсақ, оның көркемдік, тәрбиелік күш-қуатын сарқа пайдалану қажет деп санаймыз. Көркем шығарманың ұрпақ тәрбиесінде алатын орны зор. Өйткені, ол заман талабына сай оқыту мен тәрбиелеудің басты арқауы бола алады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: Орта білім беру міндеттерінің бірі - азаматтыққа, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу , - деп көрсетіледі [4, 2-8 бб. ] .

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында (2010) білім беру мәселесіне ерекше көңіл аударып, 12 жылдық білім жүйесіне көшуде ұлттық мектептің моделін құра отырып, өсіп келе жатқан жас ұрпақты патриоттық сезімге, Отаншылдыққа тәрбиелеу қажеттігін атап көрсетті. Онда: «2020 жылға дейінгі даму бағдарламасының түпкі мақсаты - еліміздің тәуелсіздігін баянды ету, қазақтың ұлт болып өркендеуіне жол ашу, оның тілі мен мәдениетінің кең құлаш жаюына мүмкіндік туғызу», - делінген [5, 1 б. ] .

Ендеше білім беру саласының басты міндеті - өскелең ұрпақты ерлік рухында патриоттыққа тәрбиелеу екені айқын. Патриотизм - туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік. Оның негізгі элементтері: туған жер, ана тілі, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі және оларды құрмет тұту.

Патриоттық сезімнің қайнар көзі - Отан. Патриоттық тәрбиенің негізгі мазмұны- туған жердің табиғаты, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар болып табылады. Қоғам өмірі жайлы аталған мәліметтерді бала көркем әдебиет үлгілерін оқудан алады. Ана тіліміздегі әдебиет деген сөздің түп төркіні арапша атаудан шыққан-сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Әдебиет дегеніміз-өнер. Ойды образбен айтатын көркем өнер категориясына әдебиет, музыка, мүсіндеу, кино, скульптура және архитектура өнерлері жатады. Осының ішінде тіл (сөз) өнеріне негізделгені-көркем әдебиет пен кино. Олай болса әдебиет-сөз өнері. Өнердің көп салаларының ішіндегі ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі-көркем әдебиет. Көркем әдебиет адамның жан-сезіміне ықпал етіп, сол негізде оның ой-санасын тәрбиелейді. Көркем әдебиеттің объектісі-өмір, адам проблемасы, соның өткені мен бүгіні, болашағы. Оның орталығында образдар дүниесі тұрады. Образ белгілі бір өмір суретінен алынады. Көркем әдебиет дегеніміз - жеке тұлға мен бүкіл қоғамның сезім, талап, армандарының образдағы көрінісі.

Сонымен, көркем шығарма мазмұнына қарай көркем әдебиет деп аталады. Жоғарыдағы айтылғандарды қорыта келе, көркем шығарма дегеніміз- ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың өмір тарихы, шығарма арқауы көркем тіл арқылы, сөз өнерінің күшімен суреттелетін шындық деп анықтама беруімізге болады.

Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесі ең алдымен отбасы мен бастауыш сыныптардағы білім мен тәрбиеге байланысты болса, екіншіден балаға жақын ұлттық көркем шығарманы оқу арқылы қалыптасады. Яғни, патриоттық тәрбиені бастауыш сыныптан бастап жүзеге асырудың маңызы зор. Оның себебі, бастауыш сатыдағы кезең - бала дамуының ұйтқысы, іргетасы болып, оқу әрекеті қалыптасуының өте қолайлы кезеңі. Олай болса, бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруді көркем шығармалар арқылы жүзеге асыруға болады.

Көркем шығарма арқылы жеке тұлғаның рухани әлеміне мақсатты түрде әсер ету үшін ең алдымен бастауыш сынып оқушыларының көркем шығармаға деген қызығушылықтарын оятып, оны әсерлі оқи, тыңдай білуге баулу қажет. Ұрпақ тәрбиесінде көркем шығармалар баланы патриоттыққа тәрбиелеу құралы екені сөзсіз. Көркем шығарманы оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану және көркем шығарма жанрлары негізінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу мәселесі бірнеше ғылыми-педагогикалық еңбектерде көрсетілгені зерттеу барысында анықталды.

Патриотизм, патриоттық тәрбие мәселесін көптеген философ, психолог, педагог ғалымдар әр қырынан зерттеп, негіздегені айқындалды.

Алдыңғы қатарлы ағартушылар Ш. Уәлиханов [7], А. Құнанбаев [8], Ы. Алтынсарин [9] жан-жақты қарастырып, өздерінің өмірден тоқыған пайымдауларынан ауқымды ой жүйесін құрған. А. Құнанбаев шығармалары өсіп келе жатқан жас ұрпақты патриоттыққа баулып, ар-намысын, адамгершілік үшін күресуге тәрбиелеп, қайрат, ақыл, жүректілік сияқты адам бойындағы қасиеттерді қалыптастырады [8] .

Белгілі қазақ ойшылдары А. Байтұрсынов [10], М. Дулатов [11], Ж. Аймауытов [12], М. Жұмабаев [13], Ш, Құдайбердиев [14] т. б. өз еңбектерінде ұлтымыздың салт-дәстүрлеріне, оның ішінде Отансүйгіштік және ерлік дәстүріне ерекше мән беріп, көркем шығармалар негізінде патриоттық тәрбие беру туралы құнды пікірлер айтып көрсеткен.

Қазіргі жағдайда философиялық тұрғыдан патриоттық тәрбиенің мән-мазмұнын зерттеген В. Г. Афанасьев [15], Л. П. Буева [16], Г. Л. Смирнов [17], Г. Н. Федосеев [18] т. б. ғалымдардың ғылыми еңбектерінде патриоттық тәрбиеге байланысты құнды пікірлер айтылған. Сонымен бірге, қазақстандық философия ғылымының зерттеушілері Ж. Алтаев [19], Ж. Әбділдин [20], Ә. Нысанбаев [21], А. Қасабеков [22] және т. б. еңбектерінде халық мәдениеті мен өсіп келе жатқан жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде көркем шығармалардың рөлі, маңызы ерекше сипатталады.

Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері мен олардың даму заңдылықтарын зерттеген ғалымдар А. А. Давыдов [23], Н. В. Занков [24], А. Н. Леонтьев [25], В. С. Мухина [26], С. Рубинштейн [27] т. б., республикамызда белгілі психолог ғалымдарымыз Т. Тәжібаев [28], М. Мұқанов [29], Қ. Жарықбаев [30], Ә. Алдамұратов [31], Х. Шерьязданова [32] т. б. қарастырған.

Зерттеліп отырған мәселенің теориялық және практикалық тұрғыдан зерттеген қазақстандық педагог-ғалымдарымыз Т. Сабыров [33], Қ. Бержанов [34], Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев [35], М. Жанпейісова [36] т. б. Сондай-ақ Ресей педагог-психолог ғалымдары П. И. Пидкасистый [37], В. А. Сластенин [38], Т. А. Ильина [39], Н. В. Савин [40], т. б. еңбектерінде осы мәселе жан-жақты қарастырылған.

Қазақстан Республикасы көлемінде К. Құнантаева [41], Ш. Майғаранова [42], К. Н. Меңлібаев [43], В. Г. Храпченков [44], А. Р. Жұмаханов [45], М. Ж. Құрманбаева [46], С. Ешімханов [47], С. Т. Иманбаева [48, 49], С. Б. Омарова [50], Н. И. Қойшыбаева [51], Ж. А. Макатова [52], Д. С. Құсайынова [53], К. Ж. Қожахметова [54], Л. Т. Сайдахметова [55], А. К. Қалимолдаева [56], Л. Майлыбаева [57] т. б. патриоттық тәрбиеге байланысты елеулі зерттеулер жүргізді.

Этнопедагогиканың мазмұнын, құралдарын, формалары мен әдістерін шешуде, оларды оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдарын қарастыру мәселесі бойынша қазақстандық ғалымдар К. Қожахметова [58], С. Қалиев [59], С. Ұзақбаева [60], Ж. Наурызбай [61], т. б. ерекше үлес қосты.

Көркем шығарма М. Әуезов [62], М. Ғабдуллин [63], А. Қоңыратбаев [64], С. Қасқабасов [65], З. Қабдолов [66] сияқты әдебиетшілердің арнайы зерттеу нысанасы болды.

Егеменді елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік, мәдени өзгерістер өсіп келе жатқан жас ұрпақты патриоттық сезімге, елжандылыққа тәрбиелеуге жаңаша тұрғыда қарауды қажет етеді.

Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарманы жетік білуі, оларға патриоттық тәрбие беретіні сөзсіз. Бірақ бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруді көркем шығармалар арқылы жүзеге асырудың ғылыми-педагогикалық негізін айқындау - әлі де болса, өз шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі.

Солай бола тұра көркем шығармалардың педагогикалық мүмкіндіктері мен оларды бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың қазіргі жағдайы арасында; бүгінгі қоғам талабына сай көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің өзектілігі мен оны пайдаланудың ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделген әдістеменің жоқтығы арасында қайшылықтар туындап отыр.

Сол себептен, бұл қайшылықтардың шешімін табуда біздің ғылыми зерттеу жұмысымыздың мәселесі көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық және әдістемелік жолдарын қарастыру болып табылады.

Аталған мәселенің бүгінгі күнге дейін ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыда өз деңгейінде қарастырылмауы ғылыми зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларын көркем шығарма негізінде патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздері» деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеу мақсаты: көркем шығарманы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негізін жасау.

Зерттеудің міндеттері:

  • бастауыш сынып оқушыларын әдебиеттік оқу пәнінде көркем шығарма негізінде патриоттыққа тәрбиелеудің ғылыми-теориялық негіздерін анықтау;
  • бастауыш сынып оқушыларын әдебиеттік оқу пәнінде көркем шығарма негізінде патриоттыққа тәрбиелеудің құрылымдық жүйесін жасау;

- бастауыш сынып оқушыларын көркем шығарма негізінде патриоттыққа тәрбиелеудің мазмұны мен әдістерін айқындау;

- әдебиеттік оқу пәнінде көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына оқу-тәрбие үрдісінде патриоттық тәрбие берудің әдістемесін жасау.

Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сатысындағы оқу-тәрбие процесі.

Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау, Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартын, оқулықтарды, бағдарламаларды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдау, бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісін бақылау, алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибелерді жинақтау, зерттеу, сауалнама жүргізу, диагностикалау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

  • бастауыш сынып оқушыларын әдебиеттік оқу пәнінде көркем шығарма негізінде патриоттыққа тәрбиелеу жұмысының ғылыми-теориялық негізі айқындалды;
  • бастауыш сынып оқушыларын әдебиеттік оқу пәнінде көркем шығарма негізінде патриоттыққа тәрбиелеудің құрылымдық жүйесі жасалды;
  • сыныптан тыс жұмыстарда патриоттық тәрбие берудің мазмұны мен әдістері, жолдары айқындалды;
  • бастауыш сынып оқушыларына көркем шығарма арқылы патриоттық тәрбие берудің әдістемесі дайындалды;
  • көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің анықтамасы берілді.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

- көркем шығарма арқылы сыныптан тыс жұмыстарда патриоттық тәрбие берудің бағдарламасы мен әдістемесі әзірленіп, мектеп тәжірибесіне ұсынылды;

  • көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әдістемесін бастауыш сынып мұғалімдері өз іс тәжірибелерінде оқу-тәрбие үрдісінде қолдануға болады;
  • бастауыш сынып оқушыларын көркем шығарма негізінде патриоттыққа тәрбиелеудің анықтамасы берілді;
  • зерттеу материалдарын жоғары және арнайы орта педагогикалық оқу орындарында, бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде, педагогикалық кадрлардың біліктілігін жетілдіру институтында пайдалануға болады.

Диплом жұмысы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейтестілігі, мақсаты, объектісі, міндеттері айтылады. Жұмыста қолданылатын зерттеу әдістерінің ерекшеліктері ашылып, зерттеудің ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәні сипатталып, диссертация құрылымы қамтылған.

«Бастауыш сынып оқушыларын әдебиеттік оқу пәні арқылы патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші бөлімінде зерттеліп отырған мәселеге байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер мен көзқарастарға талдау жасалып, теориялық негізі анықталды. Бастауыш сынып оқушыларын көркем әдебиет шығармалары негізінде патриоттыққа тәрбиелеу және әдебиеттік оқу оқулығындағы патриоттық тәрбиеге байланысты көркем шығармаларға, сыныптан тыс жұмыстарға талдау жасалып, қазіргі жағдайы қарастырылды.

«Бастауыш сынып оқушыларына әдебиеттік оқу пәні арқылы патриоттыққа тәрбиелеу жұмыстарының мазмұны мен әдістері» атты екінші бөлімінде Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің құралы ретінде көркем шығарманың мазмұны, мәні қарастырылды. Сыныптан тыс жұмыстарда патриоттық тәрбие берудің бағдарламасы мен әдістемесі әзірленді. Көркем шығарма арқылы патриоттық тәрбие беру жұмыстарының құрылымдық жүйесі ұсынылды. Көркем шығарманы оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдері айқындалып, жолдары көрсетілді.

Қорытындыда нәтижелерге негізделген тұжырымдар мен ғылыми тұрғыдан ұсыныстар беріледі.

1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІ АРҚЫЛЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері

Қазақстан Республикасының егемендік алып, дербес мемлекет болуына байланысты қоғам өмірін ізгілендіру мен демократияландыру өскелең жеткіншектерді тәрбиелеуде көркем шығарманың мән-мағынасын санамен ой елегінен өткізе отырып, тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Нарықтық қатынастарды нығайтумен, меншіктің алуан түрлілігін, кәсіпкерлікті қалыптастырумен, еңбек тиімділігін дамытумен байланысты Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесіне, мектептік білім беруге талаптарды түбірімен өзгертеді.

«Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламасында» қамтылған мәселелер Республикада патриоттық тәрбие беруде негізгі орын алады. Бағдарламада бүгінгі ұрпаққа тәрбие беруді отбасы, балабақша, мектеп, әлеуметтік қоғамның өзара бірлігінде, сабақтастықта қарастырады. Аталған бағдарламада: Қазақстандық патриотизм - әрбір азаматтың өз Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезіну. Барлық отандастарды ұлты мен конфессиясына қарамастан жете құрметтеу, олардың салтын, дәстүрін, тарихы мен мәдениетін құрметтеу, мемлекеттік тілге құрметпен қарау [67, 48 б. ] .

Жас жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде мектеп негізгі рөлді атқарады. Осы тұрғыдан алғанда «Жаңа әлеуметтік даму» жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің тұжырымдамасында: мектепте тәрбие жұмысын жандандыруға оның ішінде патриоттық тәрбие беруге баса назар аударады. Он, да: патриотизм ұғымына философиялық, педагогикалық және психологиялық талдау жасай келе, «патриотизм», «ұлттық патриотизм», «қазақ патриотизмі», «Қазақстандық патриотизм», «жалпыадамзаттық» ұғымдарына талдау жасалып, тұжырым берілген. Атап айтсақ,

Философиялық тұрғыда “патриотизм - адамгершілік және саяси принцип, сезім, оның мазмұны - Отанға сүйіспеншілік, оған адалдық, оның өткені мен қазіргісіне деген мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға құлшыныс. Патриотизм - адамның мыңдаған жылдар бойы бекіген ең терең сезімдерінің бірі”.

Педагогикалық тұрғыда “патриотизм - әдетте Отанға сүйіспеншілік деп аталатын, нақты бір әрекет бейнесінде және қоғамдық сезімдердің күрделі жиынтығында көрініс беретін балаларының Отан анаға деген көзқарасын сипаттайтын қоғамдық және адамгершілік принцип”.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің педагогикалық мүмкіндіктері
Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарма арқылы патриотизмін қалыптастыру
Әдеби туындыны бастауыш мектептің оқу - тәрбие процесінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің теориялық және әдістемелік негізін жасау
ЕРЛІК ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
ОҚУШЫЛАРҒА ИНТЕРНАЦИОНАЛДЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Оқушыларға отансүйгіштік интернационалдық тәрбие беру мәселелері
Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
Әдебиеттік оқу пәнінің, көркем шығарманы оқыту мен талдаудың негіздері
Оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру
Өлкетану деректерін жинақтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz