Ауыл шаруашылығында инвестициялық белсенділікті арттыруды жетілдіру жолдары



1 Ауыл шаруашылығына инвестицияны тартуды ынталандыру
2 Инвестицияны мемлекет тарапынан реттеу
3 Агроөнеркәсіп комплексін қолдау
Ауыл шаруашылығына инвестицияны тартуды ынталандыруда отандық өндірістердің азық-түлік тауарларын нарыққа шығару мәселелерін шешу мен оның тиімділігін арттыру мақсатында механизмдерін қайта дайындау қажет. Елімізде 2004-2010 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының ауыл аймақтарын дамытудағы Мемлекеттік бағдарлама, «2004-2010 жылдары аралығында ҚР-ның ауыл аймақтарын дамытудағы Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша 2004-2006 жылдардағы іс-шаралар жоспары туралы» ҚР-сы Үкіметінің қаулысы, ауылды қолдау бағдарламасының қабылданып және жүзеге асырылып жатқанына қарамастан, ауыл шаруашылығы өндірісінің өсу деңгейі орташа.
Қазіргі таңда ауыл аймақтарын тұрақты дамыту бойынша іс-шаралар мемлекеттің әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. 2003-2005 жылдары ауыл жылы деп аталғаннан бастап, АӨК сферасы тұрақтандырыла бастады. Осы жылдары ауыл шаруашылығының жалпы ұлттық өнімі 38%-ке және 772 млрд. теңгеге жетті. Соңғы 5 жылда табысты шаруашылықтар 2 есеге ұлғайып, шығынданушылар 1,5 есеге азайды. Егер 1995 — 1999 жылдары ауыл шаруашылығы орташа есеппен 18 млрд. теңгеге шығындалса, ал соңғы 5 жылда салалар орта есеппен жыл сайын 5,7 млрд. теңге пайда алып отыр.
Ауыл жылы кезінде агроөнеркәсіп саласының негізгі капиталына 600 млрд.теңге тартылған, 2002 жылмен салыстырғанда 7 есе көп. Сонымен қатар, үш жылда қосымша 208 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Ауыл шаруашылығы жұмысшыларының орташа еңбек ақысы 2004 жылы 11,978 мың теңгені құрады, яғни 2002 жылмен салыстырғанда 47 %-ға жоғары.
Сол сияқты, ауыл жылы деп аталған күннен бастап, аграрлық сектордың экономикасына республикалық бюджеттен 203,4 млрд. теңгеден келеді. Осыған орай, ауылдың үш жылдығында Қазақстанда бидай өндірісінің орташа жылдық көлемі 15 млн. тоннаны құрады және еліміздің экспорттық потенциалы жылына 4-5 млн. тонна бидайға жетті. Соңғы жылдары бидайды сатып алуға 100 млрд. теңге бөлінді, нәтижесінде бидайдың 1 тонна бағасы орташа 30 долларға өсті, ал шаруа қожалықтарының табысы — 1 млрд. теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығын дамытуда келесідей міндеттерді шешу қажет:

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Ауыл шаруашылығында инвестициялық белсенділікті арттыруды жетілдіру жолдары

Ауыл шаруашылығына инвестицияны тартуды ынталандыруда отандық өндірістердің азық-түлік тауарларын нарыққа шығару мәселелерін шешу мен оның тиімділігін арттыру мақсатында механизмдерін қайта дайындау қажет. Елімізде 2004-2010 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының ауыл аймақтарын дамытудағы Мемлекеттік бағдарлама, 2004-2010 жылдары аралығында ҚР-ның ауыл аймақтарын дамытудағы Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша 2004-2006 жылдардағы іс-шаралар жоспары туралы ҚР-сы Үкіметінің қаулысы, ауылды қолдау бағдарламасының қабылданып және жүзеге асырылып жатқанына қарамастан, ауыл шаруашылығы өндірісінің өсу деңгейі орташа.
Қазіргі таңда ауыл аймақтарын тұрақты дамыту бойынша іс-шаралар мемлекеттің әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. 2003-2005 жылдары ауыл жылы деп аталғаннан бастап, АӨК сферасы тұрақтандырыла бастады. Осы жылдары ауыл шаруашылығының жалпы ұлттық өнімі 38%-ке және 772 млрд. теңгеге жетті. Соңғы 5 жылда табысты шаруашылықтар 2 есеге ұлғайып, шығынданушылар 1,5 есеге азайды. Егер 1995 —жылдары ауыл шаруашылығы орташа есеппен 18 млрд. теңгеге шығындалса, ал соңғы 5 жылда салалар орта есеппен жыл сайын 5,7 млрд. теңге пайда алып отыр.
Ауыл жылы кезінде агроөнеркәсіп саласының негізгі капиталына 600 млрд.теңге тартылған, 2002 жылмен салыстырғанда 7 есе көп. Сонымен қатар, үш жылда қосымша 208 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Ауыл шаруашылығы жұмысшыларының орташа еңбек ақысы 2004 жылы 11,978 мың теңгені құрады, яғни 2002 жылмен салыстырғанда 47 %-ға жоғары.
Сол сияқты, ауыл жылы деп аталған күннен бастап, аграрлық сектордың экономикасына республикалық бюджеттен 203,4 млрд. теңгеден келеді. Осыған орай, ауылдың үш жылдығында Қазақстанда бидай өндірісінің орташа жылдық көлемі 15 млн. тоннаны құрады және еліміздің экспорттық потенциалы жылына 4-5 млн. тонна бидайға жетті. Соңғы жылдары бидайды сатып алуға 100 млрд. теңге бөлінді, нәтижесінде бидайдың 1 тонна бағасы орташа 30 долларға өсті, ал шаруа қожалықтарының табысы —1 млрд. теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығын дамытуда келесідей міндеттерді шешу қажет:
- ауыл шаруашылығы жағдайларына талдау жүргізу, оның ең маңызды салаларына мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығына қызмет ететін арнайы қызметтер және оның негізгі басымдылықтарын бөліп көрсету;
- қолда бар құрал жабдықтарына талдау жүргізу, оның қазіргі заман талабына сай құрал жабдық пен технологияларға сәйкестігін зерттеу
- зерттелетін салада агро бірлестігін, кластерді құруда - жаңа ұйымдық форманы қолдану мүмкіншілігін үйрену;
- еліміздің ауыл шаруашылығына инвестицияны тартуда ынталандыру механизмдерін жасау. Халыққа берген Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолында атты жолдауында атап көрсетілгендей отандық ауыл шаруашылығы өнімінің бәсеке қабілеттілігін арттыру міндеті ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеу мен өндіріс сферасына кластерлік инициативасын жүзеге асыру арқылы аграрлық өндірісті индустриализациялау негізінде жүргізілуі қажет. Сондықтан, аграрлық секторға жеке секторды тарту, агроиндустриялды саясатқа инвестициялық ресурстарды тартуды ынталандыру қажет. Агроөнеркәсіп саласының бәсеке қабілеттілігін келешекте дамыту үшін келесідей бағыттарды қарау қажет:
- техникалық және технологиялық қайта жарақаттау негізінде АӨК -нің индустриализациясын тездету;
АӨК - де қаржылық, сақтандыру және ақпараттық құрылымын дамыту қажеттілігі;
ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеу сферасын дамыту және халықаралық стандартқа келтіру;
бидайды, сүтті, жеміс-жидек өнімдері мен мақтаны қайта өңдеу бойынша жоспарланған пилоталық кластер қызметін қамтамасыз ету;
АӨК-нің өнімдер базарын мемлекет тарапынан реттеуді камтамасыз ету;
ауыл аймақтарын дамытуда тек мемлекеттің қаржы салымын өсіру есебінен ғана емес, шаруа кожалықтарының өз ісін және өз ауылын дамытуда жағдай жасау, яғни басқару вертикалы бойынша мемлекеттік бақылауды күшейту;
- қосымша құн салығын төмендету, әсіресе қайта өндеуші салаларында;
- шаруа қожалықтарын қолдауда жеңілдіктер орнату.
ҚР-ның аграрлық секторында туындаған мәселелер:
- ауылдың кіші индустриясын дамыту қажет;
- ауыл халқының жұмыссыздық деңгейінің жоғарлығы;
халықтың кедейлік санының көпшлігі;
кіші және орта кәсіпкерліктің даму әлсіздігі;
- инфрақұрылымның дамымауы және сервистік қызмет көрсету деңгейінің төмендігі.
Бұл аталған мәселелерді шешу үшін ұлттық экономиканың аграрлық секторына инвестициялық ресурстарды тарту және салуды ынталандыру қажет. Ол үшін экономиканың осы секторына инвестицияны тартуды ынталандыру арқылы ұйымдық-экономикалық механизмді қайта дайындау қажет. Оған мыналар кіреді:
заңдарды қайта жасау. Айталық, ауыл аймағы мен агроөнеркәсіп кешенін дамытуда мемлекеттік реттеу туралы заң; ауыл аймақтарында шағын бизнесті микро несиелеу туралы заң;
экономиканың аграрлық секторына инвестициялық ресурстарды тарту бойынша нақты қызметпен айналысатын мамандандырылған органды құру;
салықты реттеу жүйесін;
несиелеудегі жеңілдік жүйесін;
ауыл шаруашылық өндірісін сақтандыру жүйесін;
Ауыл шаруашылық өндірісінде инвестициялық процесті мемлекет тарапынан реттеудің объективті қажеттілігі тікелей жер мен тірі табиғатты өндіріс құралы, зат және еңбек сайманы ретінде пайдалануы, капиталдық төменгі дәрежелі кұрылымы, маусымдық жұмыс, қор қайтарым деңгейінің төмендігі, капиталға деген қажеттіліктін өсуі мен тағы да басқа ерекше факторларға негізделген. Аграрлық секторда инвестициялық қызметті мемлекет тарапынан реттеудің негізгі мақсаты —бұл, ең алдымен өндірісті іске қосып, халықты азық-түлікпен және басқадай тауарлармен қамтамасыз ету, экспорттық әлеуетті қалыптастыру, халықты жұмыспен қамту, ауылдың әлеуметтік жағын дамыту және инвесторлардың инвестициялық белсенділігін арттыру.
Бірақ, инвестицияны мемлекет тарапынан реттеу тұрғысындағы мәселелер бойынша ғалым-экономистердің ой-пікірлері бірдей емес. Мысалы, белгілі американдық ғалым Л. Самуэльсон жазғандай: ... біздің күнделікті тілімізде инвестиция әрдайым экономикалық талқылауда өзіне тән мәнге ие емес. Біз таза инвестициялау немесе капитал құрушы деп айтамыз, яғни қоғамда нақты капиталдық таза өсімімен сипатталады (ғимарат, құрал-жабдық, материалды-өндірістік қор және т.б.) Жалпы халық инвестициялауды былай атайды, егер ол жер учаскісін, айналымдағы құнды қағаз сатып алатын болса немесе жаңа меншік иесі болатын болса...
Таза инвестициялау жаңа нақты капитал құралғанда ғана орын алады
Бірақ, қаржы жүйесінің тұрақсыздығы әлемдік экономиканың көтерілуі мен төмендеуінен көрініс табады, сол сияқты капиталдың ағылуына әкеледі. Дағдарыс кезінде әрі халықаралық инвесторлар сырттағы нарықтан кетіп, өз орталығына қайта оралада. Оған айқын мысал Оңтүстік-Шығыс Азиядағы
дағдарыс процесінде қаржы капиталының құйылуы дәлел бола алады. Экономикалық жүйедегі ең басты тұрақтылықты қамтамасыз ететін іс-әрекеттегі механизмінің өзі қажетті нәтижеге әкелмейді. Сондықтан айта кететін мәселе, нарықтың өзін-өзі реттеудегі негізгі ой-пікірлер жансақтықты дәлелдейді.
Ең бастысы, монополияның жаһандануы негізгі нарықтық бәсекеге зиян келтіруде, өз кезегінде бұл теріс процесті тоқтату қажеттілігін көрсетеді. Сондықтан шапшаң түрде қаржы және өнеркәсіптік капиталдың өсуін шоғырландыру байқалады. Әсіресе, қиын реттелетін трансұлттық монополия қызметінің ауқымын ұлғайту және кеңейту болып табылады. Жекелеген мемлекет тарапынан оның қызметіне бақылау жасау мүмкіндігі шектеулі. Соңғы жағдайда қаржы нарығын тұрақтандыру үшін капиталдың шоғырлануын төмендетуде мемлекеттің алатын орны ерекше. Экономиканың жаһандануы мемлекет ішінде өз азаматтарының жақсы тұрмыс жағдайын қорғау бойынша мүмкіндіктерін шектейді. Мемлекеттің халықты әлеуметтік жағынан қорғауды маңызды жолы өз экономикасының басқару рөлін күшейту, жалпы ұлттық өнімде мемлекет үлесін ұлғайту болып табылады. Мұндай жағдайда мемлекет ұлттық қаржы капиталын шоғырландыра бастайды.
Мемлекет рөлін күшейту позициясы бойынша кейбір түсініктемеге Д. Сороста қосыла отырып былай дейді: Әлбетте, автократиялық жүйе демократиялық елмен салыстырғанда капиталдың тез шоғырлануына қолайлы, ал өркендеген ел кедей мемлекеттен демократияның дамуы үшін икемді. Сондықтан дамыған үлгіні көру бұл автократия әдісімен капиталдың шоғырлануына, өркениетті демократияға өтуінен көруге болады. Бірақ автократиядан демократияға өзінен-өзі өтуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Аймақтың инвестициялық тартымдылығын жақсарту жолдары
Облыс, аудан және қаланың шаруашылығының дамуымен байланысты құбылыстар мен процестерді зерттеу
Ауыл шаруашылық саласына инвестиция тартудың шетелдік тәжірибесі
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау
Ауыл шаруашылық саласын дамытудағы инвестицияның рөлі және олардың мәні
Ауыл шаруашылығының мәселесі қазіргі кездегі өзекті мәселе
ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Мемлекеттің даму институттары
Индустриялық–инновациялық даму туралы ақпарат
Пәндер