Жаһандық экономикалық дағдарыс


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жаһандық экономикалық дағдарыс шикізаттың даму үлгілерін алуды тағы бір насихаттай отырып, табиғи ресурстарды айналымға өлшеусіз тарту арқылы өндірісті қарқынды жолмен өрістетуді негіздейді. Бұл үлгі қоршаған ортаға орасан зор залал келтіруге итермелей отырып, ғаламдық экологиялық дағдарыс қатерін туғызады.

Әлемде қазірдің өзінде өткір экологиялық ахуал қалыптасты. Оған мынадай негізгі белгілер тән:

- табиғи, оның биологиялық процестерді бұзатын көлемде өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы;

- су жүйесінің өнеркәсіптік және су қалдықтарымен ластануы;

- табиғи ортаның жылу режимімен бұзылуы;

- атмосфераның жанатын отын өнімдерімен ластануы;

- зиянды және улы заттары бар, өмірдің геохимиялық және биологиялық жағдайына теріс әсер ететін материалдар мен өнімдерді пайдалану;

- қоршаған ортаны шудың, тербелістің, сәулеленудің әртүрлі түрлерімен ластануы;

- топырақтың, табиғи ортаның жойылуына жер бетіндегі тіршіліктің жойылуына алып келетін жерді осы заманғы қалпына келтіру мен құнарландырусыз пайдалы қазбалар кен орындарын игеру;

- орман алқаптарының оларды қалпына келтірудің төмен қарқыны кезінде бұзылуы;

- қуаңдану процестерінің дамуына алып келетін егістік және басқа ауылшаруашылық жайылымдарының қысқаруы;

- шикізатқа, азық-түлік тағамдарына және т. б. қажеттілікті қанағаттандыру үшін хайуанаттар әлемінің жекелеген түрлерінің жойылуы.

Мұндай жағдай экологиялық шектеулер тұрғысындағы әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасын әзірлеудегі қызығушылығын арттыруға алғы-шарт болып табылады. Экологиялық дағдарыс туралы айтқанда біз өзара байланысты қоғамдық (антропогендік) және тіршіліктік (табиғи) факторлардан туындаған қоршаған ортаның ластануын меңзеп отырмыз. Осы мәселеге және оларды шешу құралдарындағы ұстанымдарды шет елдерде айрықша дамыған үш теориялық бағыттармен бөліп көрсетуге болады.

Бірінші бағытқа әлеуметтік-экономикалық өсуге жағымсыз көзқарас білдірген инженерлік кибернетика саласындағы мамандарды (Дж. Форрестер, Д. Медоуз және басқалар) жатқызуға болады.

Екінші бағыт, егер нарықтық экономикалық тетіктерді табиғатты пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеудің әртүрлі түрлерімен толықтырса, әлеуметтік-экономикалық даму негізінде экологиялық дағдарысты еңсеруге болады деп тұжырымдайтын әлеуметтік-экономикалық өсуді жақтаушыларды біріктіреді. Осы бағыттың шегінде реттеу әдістеріне қатысты ерекшеленетін екі бағытты бөліп көрсетуге болады. Оны жақтаушылардың бірі «бір сарынды дирижерлік әдістерді» жақтайды. Олар бағалық реттеуді қолдайтын жаңа классикалық қанаттың өкілдері. Басқа ағымның өкілдері - институционалистер - мәселелерді институттар жүйесін: заңнамалық, қадағалау және бақылау органдарын, стандарттарды және т. б. құру арқылы шешу қажет деп санайды.

Үшінші бағыт көптеген мектептерді, ағымдар мен қоғамдық бірлестіктерді біріктіреді, олардың өкілдері «даму мен өмір салтының балама үлгілері» жасау идеясы төңірегіне топтасады. Алдағы бағыттардан ерекшелігі осы бағыт өкілдері экологиялық ахуалдың әлеуметтік астарларына жіті назар аударады.

Қазіргі тұжырымдамалар төрт негізгі мәселелермен, негізінен әртүрлі ұстанымдармен айрықшаланады:

- экологиялық дағдарыс себептерін түсіндіру;

- экологиялық дағдарысты еңсеру;

- экономикалық өсудің қоршаған ортаны қорғаумен, экологиялық мәселелерді шешумен үйлесімдігі;

Экологиялық дағдарысты еңсеру құралдарын, оның ішінде экологиялық реттеу және экологиялық саясат құралдарын таңдау.

Осыған байланысты экологиялық шектеулерді ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық дамудың қолданыстағы теорияларын топтастырудың төрт негізгі өлшемін пайдалану ықтимал болып саналады (1-кесте) .

1 кесте - Экологиялық шектеу тұрғысындағы әлеуметтік экономикалық даму тұжырымдамасын топтастыру

Топтастыруөлшемі:

Топтастыру

өлшемі

Тұжырымдаманыңбасты қағидасы:

Тұжырымдаманың

басты қағидасы

Ұғымның (тұжырымның) дефинициясы (мазмұны): Ұғымның (тұжырымның) дефинициясы (мазмұны)
Топтастыруөлшемі:

Экологиялық дағдарыстың басты себебін түсіндіру

Тұжырымдаманыңбасты қағидасы:

Өндіріс күштерін дамытудағы кемшіліктер

Қоғам институттары жүйесінің жетілмеуі

Нарықтық қатынастардың шектеулі дамуы мен таралуы

Ұғымның (тұжырымның) дефинициясы (мазмұны):

Техникалық детерминизм

Институционализм

Неоклассицизм

Топтастыруөлшемі:

Экологиялық дағдарысты еңсеру мүмкіндігіне көзқарас

Тұжырымдаманыңбасты қағидасы:

Жағымсыз: дағдарыс еңсерілмейді

Оң: дағдарысты еңсеруге болады

Ұғымның (тұжырымның) дефинициясы (мазмұны):

Экологиялық пессимизм

Технологиялық оптимизм

Топтастыруөлшемі:

Экономикалық өсу мен табиғатты қорғаудың үйлесімділігі идеясына көзқарас

Тұжырымдаманыңбасты қағидасы:

Жағымсыз: экономикалық өсуді тоқтату қажет

Оң: экономикалық өсу мүмкін

Ұғымның (тұжырымның) дефинициясы (мазмұны):

«Өсуге қарсы» теориясы

«Сапалық» және «үлгілік»

өсу теориясы

Топтастыруөлшемі:

Экологиялық саясатты

жүргізудің ұсынылған

құралдары

Тұжырымдаманыңбасты қағидасы:

Тікелей мемлекеттік реттеу әдістері

Жанама (нарықтық) әдістер

Аралас әдістер

Ұғымның (тұжырымның) дефинициясы (мазмұны):

Дирижизм

Неоклассицизм

Неоклассикалық

Тұрақты даму тұжырымдамасында көзделген ұзақ мерзімді тиімділік пен әділдік материалдық және ізгіліктік негіздерді, сондай-ақ индустриалдық қоғам дамуының экономикалық тетіктерін түбегейлі қайта қарау қажеттігін тудыратындықтан, бұл тұжырымдама әзірше жеткілікті деңгейде нарықтық экономикасы дамыған елдердің экономикалық саясатына әсер еткен жоқ.

Экологиялық ақиқаттарға экономикалық өсу сәйкестігінің мәселесімен Қазақстан да кіретін шикізаттық экономикасы бар елдер үшін аса өзекті. Қазақстанды экономикасының шикізаттық сипатына қарамастан, индустриалдыққа дейінгі ел ретінде санауға болмайды, сонымен қатар ол индустриалды дамыған елдер қатарына да жатпайды. Қазақстан сияқты елдер индустриалды дамыған және дамушы елдер арасында аралық жағдайда қалып отыр (әлемдік экономиканың діңгегі мен орталығы) . Оларда салыстырмалы жоғары даму мен артта қалушылық белгілері бар.

Осы аралық жағдай қосарлы экологиялық жүктемеге алып келеді. Бір жағынан, мұнда ескі индустриалдық елдердегі сияқты техногендік дамудың жағымсыз салдары байқалады. Екінші жағынан, дамыған елдердегі сияқты табиғи ресурстарды пайдаланудың пәрменді әдістерінің нәтижесінде табиғи ортаны ң тозуы орын алады [1] .

Қазақстанда бұл бірқатар жағдайларда тек республиканың мүддесіне ғана қатысты емес, ғаламдық салдары бар ірі экологиялық бұзушылыққа алып келді (Арал, Каспий жағалауы, бұрынғы Семей полигонының аумағы және т. б. ) Кейбір мәліметтер бойынша, елдегі ресурстарды пайдалану мен биосфераның ластану көрсеткіштері Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі осындай көрсеткіштерден асып түседі, ал қоршаған ортаның бұзылуынан болған экономикалық залал ЖІӨ 20-30% жетеді [2] .

Нарықтық экономикаға көшу кезеңі Қазақстандағы күрделі экономикалық ахуалды нашарлатты, бұл әлеуметтік-экономикалық даму процесіне де елеулі шектеулерді жүктейді. Экономикалық өсудің басталған кезеңінде, артынша экономикалық өсу кезеңінде республика өндірісті дамытуға және қоршаған ортаны қорғауға инвестициялардың бір уақытта қатар өсуін қамтамасыз ете алмады. Әзірше экономикаға қатысты экологиялық мәселелер екінші орында қалып отыр.

Сонымен қатар, елімізде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жаңа экологиялық саясат қалыптасып, оны қорғау жөніндегі шаралар әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасына белсенді енгізіле бастады, 2004-2015 жылдарға арналған ҚР Экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасы бекітілді. 2030 жылға дейінгі - «Экология және табиғи ресурстар» Қазақстан Республикасының стратегиясын жүзеге асыру парниктік газдарды қысқарту, биоресурстарды сақтау мен тиімді пайдалану және т. б. жұмыстарды қамтиды. Қазақстанның экологиялық саясатында халықаралық ынтымақтастық кеңейе түсуде, көптеген халықаралық шарттар бойынша міндеттемелер орындалуда, бес Каспий жағалауы мемлекетімен, Каспий Экологиялық Бүкіләлемдік Банкісімен бірлесе отырып, бағдарлама әзірленіп, жүзеге асырылуда [3, 4] .

Көптеген елдердегі сияқты «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-әрекеттердің ұлттық жоспары» әзірленді (Алматы, 1999 ж. ), онда ұлттық деңгейдегі бірінші кезектегі іс-әрекеттерді талап ететін экологиялық мәселелер белгіленді, табиғатты қорғау қызметінің аймақтары анықталды, басым жобалар мен шаралар, олардың болжамдық құны мен ықтимал демеушілері ұсынылды [5] .

Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығындағы экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқара алады. Еуропа мен Азия арасында саяси, мәдени және экономикалық көпір бола отыра, Қазақстан құрлықтың табиғи және экологиялық жүйесінің дамуында осындай дәнекерлік міндетті атқаруда. Қазақстан аумағының көлемі климаттық жағдайлардың сан-алуандығы, өңірдегі су тепе-теңдігінің ерекшелігі бүкіл Еуразия аумағындағы экологиялық жағдайдың оның Қазақстандағы тұрақтылығына айтарлықтай тәуелділігін туғызып отыр.

Қазақстан Республикасының экономикалық өсуі бүгінгі күнге дейін негізінен әлемдік нарықтағы шикізат бағасының өсуі мен табиғи ресурстардың едәуір көлемін пайдалану есебінен өтуде. Сондай-ақ табиғи капиталдың орасан зор шығыны мен бұзылуы орын алып отыр. Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны қоршаған ортаға әсер ететін жоғары эмиссиялармен қатар жүруде. Қолда бар бағалау бойынша ел аумағының 75% экологиялық тұрақсыздықтың жоғары қауіп-қатеріне ұшыраған. Шөлейттену мәселесі де өткір тұр. «Тарихи ластанулар», қалдықтардың жиналуы, стационарлық және жылжымалы көздерден шығарылатын улы заттардың күн арта өсуі табиғи орта жағдайы мен халықтың денсаулығына қауіп төндіруде. 2006 жылы осы келеңсіздіктерді жоюға бағытталған «2007-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу» тұжырымдамасы қабылданды [6] .

Сонымен қатар, Қазақстанда қабылданған құжаттар экологиялық, әлеуметтік және экономикалық мәселелердің бір-бірімен тығыз байланысын жеткілікті деңгейде анықтамайды. Экологиялық шаралардың маңыздылығымен қатар, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мәселелердің түйінін шешу жолдары экономикалық салада жатқандығын да ұмытпау қажет. Жоғары технологияларға негізделген күшті экономика ғана табиғатты қорғауға қабілетті. Экономиканың құрылымдық қайта құрылуы және өндірістік күштер дамуының жоғары индустриалдық сатысына дәйекті көшу процесінде ғана көптеген экологиялық мәселелердің шешілуі жеңілдейді. Соған сәйкес қоршаған ортаның ғаламдық жағдайына зиянды әсер ететін «лас» индустриаланған осы заманғы ресурстық және энергияны қажетсінетін кезеңді барынша қысқарту талап етіледі.

2003 жылы экономикалық өсудің шикізаттық сипатынан арылуға бағытталған Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы бекітілді. Алайда Стратегияны жүзеге асыру барысында Қазақстан экономикасындағы құрылымдық ілгерілеушіліктің жағымсыз бағыттылығын жою және тұрақты дамуды қамтамасыз ету әзірше мүмкін болмай отыр.

Жалпы экономикалық даму әзірше көбінесе қоршаған ортаға жүктемесі жоғары дамудың шикізаттық үлгісіне бейімделген. Республиканың ИИД Стратегиясында экологиялық мәселелер кездеседі, алайда олар дербес топтаманы құрамайды. Стратегиядағы экологиялық саясаттың негізгі міндеті өнеркәсіпті экологияландыру болып табылады, ал бұл мәселені кешенді шешу ИСО халықаралық сапа стандарттарын енгізуден көрінеді. Стратегияда су ресурстарының, ауа бассейнінің ластану мәселесі қаралған, ал мұнай өндіру компаниялары негізгі көз болып табылатын топырақтың ластануы, климат өзгерісін ескерту, биосан алуандылығын сақтау мәселелері назарға алынбаған.

Стратегияда бағыт беріледі, оған сәйкес экономика салаларын дамыту мен қалпына келтіру қоршаған ортаны ластайтын шығарындылар мен лақтырындылардың бір деңгейде тұрақтандыру кезінде жүзеге асырылуға тиіс. Стратегияда маңызды экологиялық мәселелер тұжырымдалған, алайда стратегияны жүзеге асыру нәтижесінде экологиялық жүктемені төмендету бойынша қандай-да бір нақты міндеттер, бағдарлар қойылмайды. Жалпы осы топтама елдің және оның өңірлерінің экономикалық даму мәселелерінен алшақтау, онда жалпы нысанда экология аясындағы мәселелер нақтырақ көрсетілген.

Тұрақты дамуға көшу үшін өнеркәсіпті әртараптандыру, оны жаңарту, технологиялық жаңғырту маңызды орын алады, сол арқылы табиғи ортаға экономикалық дамудың зиянды әсерін жоятын, ең болмағанда оны азайтатын өндіріс үлгісінің алғы-шарттарын енгізуге болады. Осы міндеттер өңірлік өнеркәсіптік және құрылымдық-инвестициялық саясаттың көмегімен шешілуі тиіс.

Бұл тұрғыда ҚР-ның 2020 жылға дейінгі қарқынды индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру белгілі бір мүмкіндіктерге жол ашады. Бағдарламада тұрақты дамуды қамтамасыз ету міндеттері тікелей қойылмаса да, тұрақты даму мақсаты үшін оның табысты жүзеге асырылуы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-әрекеттің Ұлттық жоспарына қарағанда, берерінің көп екендігін болжауға болады. Бағдарламаның басты міндеттері Қазақстан экономикасын әртараптандыру сервистік-технологиялық экономикаға, яғни жоғарыда атап өтілгендегідей, тұрақты дамудың негізгі шарты ретінде қарастырылатын экономикаға көшуге алғышарт жасау болып табылады.

Шикізат экономикасы жағдайындағы тұрақты даму міндеттері аймақтық өнеркәсіптік және құрылымдық-инвестициялық саясаттың көмегімен шешілуі тиіс.

Дағдарыстан кейінгі кезеңде өңірлік құрылымдық өнеркәсіп саясатын жүзеге асыратын маңызды мәселелер қатарында қаржы ресурстарын іздеу мен инвестициялық белсенділікті артыру мәселесі тұр. Дағдарыстан шығудың қазіргі ахуалында айтарлықтай сыртқы қаржыландыруға - тікелей және жанама мемлекеттік қаржыландыруға (инвестициялар, дотациялар түрінде), шетелдік капиталды кеңірек тартуға есеп жасау мүмкін емес. Сондықтан өңірлер өнеркәсібін қайта құру, негізінен ішкі ресурстарға, жеке инвестицияларға бағдарлануы тиіс, бұл өз кезегінде инвестициялық кешенге қатысты икемді қаржылық саясатты талап етеді. Мысалы, осыған байланысты муниципальдық бағалы қағаздарды шығару тәжірибесін пайдалануға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дағдарыстың пайда болу табиғаты
Қаржылық саласы және әлемдік экономика
Нарықтық экономикадағы дағдарыстың пайда болу себептері
Дағдарыс жағдайында экономиканы басқарудағы мемлекеттің рөлі
Дағдарыстан шығу кілті
Мемлекет дағдарыстың алдын алудың барлық шараларын жасауда
Ұлттық экономиканы дағдарыс кезінде тиімді әрі дұрыс басқару жолдарын ұсыну
Қазақстанға дағдарыстың кері тартпа әсері
Жаһандану жағдайы
Экологиялық проблемалардың салдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz