Қазақстан Республикасының әлеуметтік салымдары және зейнетақы төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Факультет: Инженерлі экономикалық

Кафедра: Қолданбалы информатика

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының әлеуметтік салымдары және зейнетақы төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫМДАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ5

1. 1 Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы5

1. 2 Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу8

1. 3 Жинақтаушы зейнетақы қорларын ұйымдастыру14

1. 4 Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталы18

1. 5 Зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығын сипаттамасы22

1. 6 Қазақстан Республикасының зейнетақы салымдарды есепке алудағы ақпараттық жүйені тұрғызудың мақсаты мен тағайындалуы29

1. 7 Қазақстан Республикасындағы зейнетақы және әлеуметтік салымдардың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар31

1. 8 Зейнетақы және әлеуметтік салымдарды есепке алудың ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы . . . 37

2 ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫМДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ40

2. 1 Есеп қойылымы40

2. 2 Кіріс ақпараттары41

2. 3 Шығыс ақпараттары43

2. 4 Ақпарат базасы46

2. 5 Зейнетақы және әлеуметтік салымдардың есептер кешенін орындау үшін қолданылатын программалық құралдардың сипаттамасы47

2. 6 Зейнетақы және әлеуметтік салымдарды талдау және болжау есептер кешенін шешуге арналған программаға сипаттама48

2. 7 Программалық жабдықтау құрылымы50

2. 8 Зейнетақы төлемдері мен әлеуметтік салымдарды есепке алу программасын пайдаланушыларға нұсқау52

3 АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МҮМКІН АЙМАҚТАРЫ . . . 54

3. 1 Ақпараттық жүйені құруға кететін шығындарды бағалау54

ҚОРЫТЫНДЫ60

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ61

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта ақпараттандыру қоғамның негізгі өндірістік күші болып табылады. Қазіргі кезеңнің ерекшелігі - индустриялы экономикадан негізгі қоры ақпараттық қор болып табылатын ақпараттық экономикаға көшу.

Ақпараттандыру өркениеттің дамуындағы объективті заңдылық, қазіргі заман қоғамының дамуына, экономиканы қарқындандыруға, өндірістік және қоғамның өзара байланысының дамуына әсер жасайтын маңызды фактор болып табылады.

Ақпараттандыру қоғамның барлық саласынында жаңа ақпараттық технологияларды тиімді қолдану, өндірістің индустриясын құру және ақпаратты өңдеу арқылы сипатталады. Зейнетақы саласын жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі жаңа ақпараттық жүйелерді қолдану болып табылады.

Ақпараттандыру - жалпы компьютерлендіру негізінде біріңғай ақпараттық кеңістік құру.

Дамыған елдердің байлығы, олардың өркениеттілігі қоғамның ақпараттандырылуына байланысты өлшенеді. Соңғы кезде ақпараттық технологиясы дамыған елдерге АҚШ, Жапония, Қытай, Оңтүстік корея, Малайзия сияқты мемлекеттер жатады.

Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.

Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады.

Нарықтық қатынасқа көшудегі «зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» механизмдегі қайта құрулар осы Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның ақпараттық жүйе қызметтерінің бөлімдеріне айтарлықтай әсер етті. «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның ақпараттық жүйесін құру принципі осы Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның иерархиялық құрылымын құрудан көрінеді.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Алматы қалалық Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы алынған.

Ұсынылып отырған дипломдық жұмыстың мақсаты «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның қызметін автоматтандыру болып табылады. «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бүкіл Республика көлеміндегі облыстарда және екі қалада (Астана, Алматы) сонымен бірге облыстардағы бүкіл аудандардағы бөлімшелерде халыққа қызмет ету жүйесін автоматтандыру арқылы халыққа қолайлы аталған кәсіпорынның жұмысына тиімді және жеңіл болуын қарастырады.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен, қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпараттық жүйесінің деңгейін бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Қазақстан Республикасының зейнетақы және әлеуметтік салымдарды есепке алудың ақпараттық жүйесін негіздеу бөлімінде пәндік сала, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның сипаттамасы, ақпараттық, программалық, математикалық, техникалық қамтамасыз ету талаптары анықталған және аталған кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы берілген, ақпараттық жүйенің концептуалды схемасы көрсетілген.

Екінші бөлімде кәсіпорынның негізгі қызметі, есеп қойылымы, кіріс және шығыс ақпараттар анықталған. Есептер кешенін орындау үшін қолданылатын программалық құралдардың сипаттамасы, программалық жабдықтау құрылымы, «Зейнетақы төлемдері мен әлеуметтік салымдарды есепке алу» ақпараттық жүйесін пайдаланушыларға нұсқау берілген.

Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімі «Ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және оны қолданудың мүмкін аймақтары» деп аталады. Бұл бөлімде ақпараттық жүйені құруға кеткен шығындарды бағалау және оның экономикалық тиімділігі есептелінген.

Сонымен қатар, дипломдық жұмыстың соңында қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалар көрсетілген.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫМДАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ

1. 1 Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы

Азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықгық және әлеуметтік непздерін, мемлекеттік органдардың, меншік нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын іске асыруға қатысуын Қазақстан Республикасының Заңы белгілеп, реттеп отырады.

Қазақстан Реслубликасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы.

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік қуқықтық актілерінен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Азаматтарға Заңда белгіленген жағдайлар туған ретте Орталықтан зейнетақы төлемдерін алу құқығына кепілдік берілген. Зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге оларға еңбек сіңірген жылдары үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақыларын қайта тағайындату құқығы беріледі.

Жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты жоқ зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеген адамға жерлеуге арналған біржолғы төлем Орталықган он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді. Ал Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі болған зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеуді жүзеге асырған жеке немесе заңды түлғаға Орталықтан отыз бес айлық есептік көрсеткіш мелшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.

Орталыктан зейнетақы төлемдерін тағайындау: Орталықтан зейнетақы төлемдері: 2001 жылғы 1 шілдеден бастап-еркектерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда тағайыңдалады.

Төтенше және барынша радиациялық қатерлі өңірлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 10 жыл турған азаматтар "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес: еркектер - жалпы жұмыс стажы 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде; әйелдер - жалпы стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындалуына құқылы.

Бес және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа толғанда жасына байланысты толық көлемде зейнетақы алуға қуқылы, аталған зейнетақы жасы 1998жылғы 1 шілдеден бастап жыл сайын 6 айға өсіп отырады, бірақ түтас алғанда 3 жылдан аслауға тиіс.

Орталықган зейнетақы төлемдері өмір бойына тағайындалады және төленіп отырады.

Орталықтан зейнетақы тағайындау үшін еңбек стажын есептеу кезінде мыналар есепке алынады:

1) еңбек шарты (келісім-шарт) бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтін жұмыс;

2) әскери қызмет;

3) қүқық қорғау органдарындағы қызмет;

4) мемлекеттік қызмет;

5) кәсіпкерлік қызмет;

6) бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекке және өзгенің жәрдем көрсетуіне муқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ 80 жасқа толған қарт адамдарға күтім жасаған уақыт;

7) атом сынақтары, экологиялық апаттар салдарынан зардап шеккен не иммундық тапшылық вирусын жұқтырған не ЖҚТБ-мен ауыратындарға, 16 жасқа дейінгі мүгедекке күтім жасаған уақыт;

8) жұмыс істемейтін ананың жас балаларды бағып-күткен, бірақ әрбір бала 3 жасқа толғаннан аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл шегіндегі уақыт;

9) қылмыстық жауапқа негізсіз тартылған және қуғын-сүргінге ұшыраған, бірақ кейін ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру және жер аудару орындарында жазасын өтеген уақыты;

10) еңбекке жарамды азаматгардың бұрынғы КСРО-ның уақытша оккупацияланған аумағында жане ¥лы Отан соғысы кезеңінде өздері басңа мемлекеттердің аумағына зорлықпен апарылған адамдардың (жасына қарамастан) сонда болған, фашистік концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңінде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда ұсталған уақыты, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса;

11) жумыс істемейтін соғыс мугедектері мен оларға теңестірілген мүгедектердің мүгедек болған уақыты;

12) бұрынғы кеңес мекемелерінің, Қазақстан Республикасы мекемелері мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері әйелдерінің (жұбайларының) шетелде тұрған кезеңі, бірақ жалпы алғанда 10 жылдан аспауға тиіс;

13) офицерлік құрамдағы адамдар, прапорщиктер, мичмандар және мерзімінен тыс қызмет атқаратын әскери қызметшілер әйелдердің мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде жұбайларымен бірге тұрған кезеңі, бірақ 10 жылдан аспауға тиіс;

14) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегі жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және кадрлар даярлау, біліктілігін арттыру және қайта мамандандыру курстарында, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сондай-ақ күндізгі жоғары және орта діни оқу орындарында оқу;

15) әскерилендірілген күзетте, арнаулы байланыс органдарында және кен-құтқару бөлімдерінде олардың ведомстволық бағыныстылығына және арнаулы немесе әскери атағының болуына қарамастан;

16) әлеуметтік сақтандыруға қаржы төлеген жағдайда өзге де жұмыс.

Орталықтан зейнетақы тағайындау үшін еңбек стажын жеңілдікпен есептеу кезінде мыналар да есепке алынады:

1) ұрыс қимылдары кезеңінде майдандағы армия құрамындағы, оның ішінде әскери борышын өтеу кезіндегі әскери қызмет, сондай-ақ ұрыс қимылдары кезеңінде партизан отрядтары мен құрамаларында болу, сондай-ақ әскери жарақат салдарынан емдеу мекемелерінде емдеуде болған уақыт - әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайыңдаған кезде осы қызметтің мерзімін есеп үшін белгіленген тәртіппен,

2) әскери бөлімдеріндегі жұмыс, оның ішінде еркін жалдамалы құрам ретіндегі жұмыс және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген әскери қызметтен басқа, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қызмет екі есе мөлшерде;

3) Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейінгі қоршау кезеңінде Ленинград қаласындағы жұмыс - үш есе мөлшерде;

4) 12 жастан бастап және одан үлкен жастағы азаматтардың 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейінгі қоршау кезеңінде Ленинград қаласында болған уақыты - екі есе мөлшерде;

5) Ұлы Отан соғысы кезінде басқа мемлекеттердің аумағына зорлықпен апарылған адамдардың сонда болған уақыты, сондай-ақ фашистік концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңінде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда) болған уақыты, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса - екі есе мөлшерде;

6) заңсыз қылмыстық жауапқа тартылған және қуғын-сүргінге ұшыраған, кейіннен ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру, жер аудару орындарында жазасын өтеу, бас бостандығын шектеу отырып мәжбүрлеп еңбекке тартылған, арнаулы қоныстандыру орындарында ұсталған және психиатрлық мекемелерде мәжбүрлеп емдеуде болған уақыты-үш есе мөлшерде;

7) Семей сынақ полигонына жапсарлас жатқан аудандардағы 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейінгі кезеңде жұмыс істеп, әскери қызмет атқару - үш есе мөлшерде, ал 1963 жылғы 6 шілдеден бастап 1992 жылғы 1 қаңтарға дейінгісі-бір жарым есе мөлшерде;

8) алапеске және обаға қарсы мекемелерде, иммундық тапшылық вирусын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауырған адамдарды емдеу жөніндегі жұқпалы аурулар мекемелеріндегі жұмыс-екі есе мөлшерде; сот медициналық сараптама мекемелеріндегі және емдеу мекемелерінің патология-анатомиялық бөлімдеріндегі жұмыс-Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жұмыс тізбесі бойынша бір жарым есе мөлшерде;

9) толық навигациялық кезең ішінде су көлігіндегі жұмыс бір жыл істеген жұмыс үшін есептеледі;

10) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, өнеркәсіптің маусымдық салалар кәсіпорындарындағы толық маусым ішіндегі жұмыс Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізім бойынша бір жылғы жұмыс стажына есептеледі.

Еңбек стажы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге Орталықтан зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек стажы еңбек кітапшасымен расталады. Ал еңбек кітапшасы жоқ немесе онда тиісті жазбалар болмаған кезде еңбек стажы жұмыс туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың негізінде не сот шешімінің негізінде анықталады.

1. 2 Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу

Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс негізге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады. 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган анықтайтын тәртіппен белгіленеді. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін қажетті еңбек стажынан тыс жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 процентке өсіріледі, бірақ ол зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін табыстың 75 процентінен аспауға тиіс.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, әскери қызметшілердің, Қазақсган Республикасының ішкі істер органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің және зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдардың және көрсеткіштердің № 1 тізімі бойынша және жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері бойынша жеңілдікті шарттарда тағайындалған адамдардың зейнетақы төлемдері мелшерін қоспағанда, 1998жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мелшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 25 еселенген айлық есептік көрсеткіштің 75 процентінен аса алмайды.

Зейнетақы төлемдерін есептеу үшін 3 жылғы жұмыс ішіндегі табыс қатарынан 36 күнтізбелік айдағы жұмыс ішіндегі табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы анықталады. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеуге арналған табыс тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін он бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс

Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы арыз зейнетақы телемдерін есептеу үшін қажетті стажы мен табысын растайтын құжаттармен қоса азаматтың тұрғылықты жері бойынша зейнетақы телемдерін тағайындаушы органға беріледі. Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізеді. Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган зейнетақы тағайындау мәселелері бойынша түсіндірме беруге және азаматтардың тиісті құжаттарды ресімделуіне көмек көрсетуге міндетті.

Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға арналған құжаттарды қарауды халықты әдеуметтік қорғау органы құжаттар табыс етілген күннен бастап 10 күн мерзімнен кешіктірмей жүзеге асырады. Зейнетақы төлемдерін тағайьшдаушы органы тиісті шешім шығарылғаннан кейін 5 күннен кешіктірмей бұл туралы арыз берушіге хабарлайды. Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартылған жағдайда зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органы бас тартудың себептерін жазбаша түрде негіздеп, табыс етілген құжаттарды арыз берушіге қайтаруға міндетті.

Орталықтан зейнетақы төлемдері зейнетақы тағайындауға өтініш берілген күннен бастап тағайындалады.

Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын осы Заңда белгіленген ставкалар бойынша төлеуге тиіс. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы міндетті зейнетақы жарналарын төлеу үшін бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап алуға және онымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға міндетті. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысына міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бір мезгілде екі және одан да көп шарт жасасуға, сол сияқты салымшының міндетті зейнетақы жарналарын іс жүзінде екі және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорына енгізуіне, не жарнаны бір қорга төлеп, жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін басқа жинақтаушы зейнетақы қорында сақтауына жол берілмейді.

Зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Бірінші жөне екінші топтардагы мүгедектігі бар адамдар, егер мүгедек-тігі мерзімсіз болып белгіленсе, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.

Міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді. Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген өсімпұлдың толық және уақтылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық органдары жүзеге асырады.

2005 жылгы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке коды және

(немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірі және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан зейнетақы шарттары жоқ бұрынғы қызметкерлердің (Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты түрғылықты жерге кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тартіппен хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) кірістерінен ұсталған міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тартіппен аударылады.

Жинақтаушы зейнетақы қорларына төленуге тиісті міңдетті зейнетақы жарналары қызметкердің зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысының он проценті мөлшеріңце белгіленеді. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайы-нғы кіріс ең төменгі айлық жалақының жетпіс бес еселенген мелшерінен аспауға тиіс. Адвокаттар, жеке нотариустер мен жеке кәсіпкерлер үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына төлеуге жатқызылған міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген кірістің он проценті мөлшерінде белгіленеді, бірақ ең төменгі айлық жалақының он процентінен кем болмауға және ең төменгі айлық жалақының жетпіс бес еселенген мелшерінен жоғары болмауға тиіс. Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (есептеп қосудың) және аударудыңтәртібі мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Салымшы-жеке тулғалар жинақтаушы зейнетақы қорларына ерікті зейнетақы жарналарын олармен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жағдайда өз пайдасына өз табысы есебінен енпзеді. Алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарының салымшылары оларды салық салынғаннан кейінгі табыс есебінен жүзеге асырған жағдайда жеке және заңды тулғалар болуы мүмкін. Ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы, оларды төлеу тәртібі, сондай-ақ зейнетақы телемдерін төлеу тәртібі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.

Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді кәсіптерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін қызметкердің пайдасына салымшылар өз қаражаты есебінен жүзеге асырады. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді, бірақ ол қызметкердің ай сайынғы табысының он процентінен жоғары болмауға тиіс. Бұл орайда ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен анықталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры
Салық инспекциясында заңды тұлғада салық төлемдерін қабылдау ақпараттық жүйесі
Жеке тұлғаларға салынатың салық. Кәсіпкерлерден алынатың салық. Салықтың түрлері және жіктелуі
Зейнетақымен қамсыздандырудың Чилилік моделі
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы реформасының ерекшеліктері мен кемшіліктерін анықтау
Орталықтан зейнетақы тағайындаудағы еңбек өтілі
Зейнетақы қорының мәні, қалыптасу тарихы
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін талдау
Қазақстан Республикасындағы зейнет ақы жүйесінің теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz