Абылай ханның хаттары қытай мұрағатынан табылды



1 Қытай империясы мен Қазақ хандығы арасындағы көршілік қатынастар
2 Қытай мұрағатынан алынған дүниелер
Қытайдың №1 Тарихи мұрағатына шығыстағы көршілеріміз тегіннен-тегін «бірінші» деген санды теліп отырған жоқ. Бұл мұрағатта әр түрлі тілде хатталынған аса құнды он миллионнан астам құжат сақтаулы. Осындай бай қоры бар мұрағат шетелдік зерттеушілерге көпке дейін «өңін бермей» келгені рас. Яғни кезіндегі саясатқа, Қытай мемлекетінің өз ұстанымына байланысты «жабық» күйін сақтады. Кең көлемде жүргізіліп жатқан «Мәдени мұра» бағдарламасы Қытай мұрағатының «кілтін» 2004 жылдан бастап тапты. Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, «Шығыстану» секциясының жетекшісі, профессор Меруерт Әбусейітованың жетекшілігіндегі ғылыми топ (Бахыт Еженханұлы, Нәпіл Базылхан, Сағынтай Сұңғатай) Пекин қаласындағы №1 Тарихи мұрағатқа 2004-2005 жылдары үш мәрте экспедиция жасап, көптеген тарихи деректермен танысқан. Экспедиция мүшелері өздерінің ғылыми іздестіру жұмыстарын ең алдымен, мұрағаттағы «құжаттар каталогын» тексеріп, сұрыптаудан бастаған екен. Нәтижесінде Қазақ хандығына тікелей қатысты тарихи құжаттардың 3500-ден астам тұпнұсқасы бар екені анықталған. Оның ішінде көне манжұр тілінде жазылған құжаттар саны 3 мыңнан асады, көне ойрат «тотын-моңғол» жазуында хатталынған құжаттар 40-тан асып түссе, қытай тілінде қағазға түскен хаттардың 350-ден көп екені, «шағатай тілі жазуындағы» құжаттардың 60-тан асатыны белгілі болған.
Күні бүгінге дейін жүргізілген жұмыстар негізінен осы хаттарды тауып, олардың мазмұны мен сипатын ашу төңірегінде өткен. Нәтижесінде құжаттарды төмендегідей топтастыруға қол жетті.
.1. Қазақ хандығының хан-сұлтандары тарапынан Манжұр-Цин императорына («Ұлық Боғда Ежен ханы») және жергілікті ұлықтарға жазылған хаттар (көпшілігі «шағатайша» және «тотын-моңғолша»)
.2. ХVІІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ-қытай сауда байланыстары туралы құжаттар (қазақтарға қатысты құжаттардың басым бөлігі қазақ-қытай сауда аймақтары жөнінде. Ол деректер қытай, манжұр, шағатай / ескі қазақ тілдерінде жазылған)
.3. Қазақ – Манжұр-Цин, қазақ – қырғыз, қазақ – қоқан, қазақ – ойрат, қазақ – қашғар, қазақ – орыс арасындағы шегаралық, саяси, әскери, азаматтық-қылмыстық т.б. істер туралы мәліметтер (манжұр, қытай, ойрат, шағатай/ ескі қазақ тілдерінде)
.4. Қазақтың елі мен жері, салт-дәстүрлері, саяси-әлеуметтік жағдайы, т.б. туралы мәліметтер (манжұр, қытай, ойрат, шағатай / ескі қазақ тілдерінде)
.5. Қазақ-қытай арасындағы дипломатиялық қатынастарға байланысты (елшіліктер және оған қатысты туындаған мәселелер туралы) құжаттар.
.6. Қазақ және қытай билеуші лауазым иелерінің арасындағы жеке тұлғалық хат-құжаттар (Боғда Ежен хан грамоталары, сый-сияпаттық хаттамалар, дәрі-дәрмек сұраулары т.б.)
Қытай мұрағатындағы құжаттарды зерделеу бұдан ары қарай қалай жалғасады?

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Мәдениет

АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ХАТТАРЫ ҚЫТАЙ МҰРАҒАТЫНАН ТАБЫЛДЫ
Қытай империясы мен Қазақ хандығы арасындағы көршілік қатынастар мен
саяси, мәдени байланыстар төңірегінде бұған дейін белгісіз болып келген
жаңа деректер анықталып, соған орай тың көзқарастар пайда болатын
сыңай-лы. Мұның нобайы қазірдің өзінде көзге ұрып тұр.
Қытай мұрағатынан Абылай хан мен Әбілпейіз, Уәли, Орыс т.б. сұлтандардың
хаттары табылды. Бұл құжаттар екі ел арасындағы байланыстарды көрсетіп
қана қоймай, Қай хан, қай сұлтан қарашаның қамын көбірек күйттеді? деген
сауалдарға да жауап беретін болады. Ең бастысы, бұл хаттардың
тұпнұсқасымен қазақстандық оқырмандар 2006 жылдың аяғынан бастап танысуға
мүмкіндік алады.
Қытайдың №1 Тарихи мұрағатына шығыстағы көршілеріміз тегіннен-тегін
бірінші деген санды теліп отырған жоқ. Бұл мұрағатта әр түрлі тілде
хатталынған аса құнды он миллионнан астам құжат сақтаулы. Осындай бай қоры
бар мұрағат шетелдік зерттеушілерге көпке дейін өңін бермей келгені рас.
Яғни кезіндегі саясатқа, Қытай мемлекетінің өз ұстанымына байланысты
жабық күйін сақтады. Кең көлемде жүргізіліп жатқан Мәдени мұра
бағдарламасы Қытай мұрағатының кілтін 2004 жылдан бастап тапты. Р. Б.
Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, Шығыстану
секциясының жетекшісі, профессор Меруерт Әбусейітованың жетекшілігіндегі
ғылыми топ (Бахыт Еженханұлы, Нәпіл Базылхан, Сағынтай Сұңғатай) Пекин
қаласындағы №1 Тарихи мұрағатқа 2004-2005 жылдары үш мәрте экспедиция
жасап, көптеген тарихи деректермен танысқан. Экспедиция мүшелері өздерінің
ғылыми іздестіру жұмыстарын ең алдымен, мұрағаттағы құжаттар каталогын
тексеріп, сұрыптаудан бастаған екен. Нәтижесінде Қазақ хандығына тікелей
қатысты тарихи құжаттардың 3500-ден астам тұпнұсқасы бар екені анықталған.
Оның ішінде көне манжұр тілінде жазылған құжаттар саны 3 мыңнан асады,
көне ойрат тотын-моңғол жазуында хатталынған құжаттар 40-тан асып түссе,
қытай тілінде қағазға түскен хаттардың 350-ден көп екені, шағатай тілі
жазуындағы құжаттардың 60-тан асатыны белгілі болған.
Күні бүгінге дейін жүргізілген жұмыстар негізінен осы хаттарды тауып,
олардың мазмұны мен сипатын ашу төңірегінде өткен. Нәтижесінде құжаттарды
төмендегідей топтастыруға қол жетті.
.1. Қазақ хандығының хан-сұлтандары тарапынан Манжұр-Цин императорына
(Ұлық Боғда Ежен ханы) және жергілікті ұлықтарға жазылған хаттар
(көпшілігі шағатайша және тотын-моңғолша)
.2. ХVІІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ-қытай сауда байланыстары туралы құжаттар
(қазақтарға қатысты құжаттардың басым бөлігі қазақ-қытай сауда аймақтары
жөнінде. Ол деректер қытай, манжұр, шағатай ескі қазақ тілдерінде
жазылған)
.3. Қазақ – Манжұр-Цин, қазақ – қырғыз, қазақ – қоқан, қазақ – ойрат,
қазақ – қашғар, қазақ – орыс арасындағы шегаралық, саяси, әскери,
азаматтық-қылмыстық т.б. істер туралы мәліметтер (манжұр, қытай, ойрат,
шағатай ескі қазақ тілдерінде)
.4. Қазақтың елі мен жері, салт-дәстүрлері, саяси-әлеуметтік жағдайы, т.б.
туралы мәліметтер (манжұр, қытай, ойрат, шағатай ескі қазақ тілдерінде)
.5. Қазақ-қытай арасындағы дипломатиялық қатынастарға байланысты
(елшіліктер және оған қатысты туындаған мәселелер туралы) құжаттар.
.6. Қазақ және қытай билеуші лауазым иелерінің арасындағы жеке тұлғалық
хат-құжаттар (Боғда Ежен хан грамоталары, сый-сияпаттық хаттамалар,
дәрі-дәрмек сұраулары т.б.)
Қытай мұрағатындағы құжаттарды зерделеу бұдан ары қарай қалай жалғасады?
Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты және ҚХР-дың №1 Тарихи
мұрағаты ХVІІІ–ХІХ ғасырлардағы Қазақстан мен Орталық Азия тарихы мен
мәдениеті туралы Қытай мұрағаты құжаттары деп аталатын халықаралық
ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асырудың келісім-шартына қол қойды. Бұл жоба
бойынша ҚХР-дың №1 Тарихи мұрағатында сақталған Қазақстанға қатысты әр
түрлі тілде хатталған тарихи құжаттар мен құнды деректерді сұрыптау,
сараптан өткізу, тарихи құжаттардың екі тілде (қазақша, қытайша) іргелі
ғылыми каталогын дайындау, ғылыми кешенді зерттеулер жүргізумен қатар, осы
негізде ғылыми зерттеу еңбектерінің көптомдық кітаптарын баспадан шығару
мәселелері қолға алынбақ. Әрине, екі жақтан да мамандар қатыстырылып, екі
мемлекеттің мүддесіне қайшы келмейтін тарихи жақтары ескеріледі. 2006-2008
жылдарға арналған жобаның алғашқы жылының аяғында-ақ бір кітап жарық көруі
тиіс. Егер жұмыс жедел жүре бастаған жағдайда бір емес, екі кітаптың
баспадан шығып үлгеруі ғажап емес. Шығыстанушы ғалымдар қызыға оқыған
Абылай ханның Цин патшасына жолдаған 5-6 (әзірге табылған) хаты, Әбілпейіз
сұлтанның шағатай тілінде жазған хаты, Уәли сұлтан мен Орыс сұлтан
хаттарының манжұр тіліндегі мәлімдемелері нақ осы кітаптарға кіруі әбден
мүмкін. Ал 2008 жылға дейінгі зерделеулер әзірге салмақты бес кітапқа жүк
болады деп есептелуде.
Тағы бір астын сызып айтатын мәселе – Қытай мұрағатындағы Қазақстанға
қатысты құжаттардың саны жоғарыда айтқан 3500-бен шектелмейді. Бұл сан 4-5
мыңға дейін көтерілуі мүмкін. Бахыт Еженханұлының айтуынша, қазақ-қытай
арасындағы байланыс ортадағы ойраттың ойраны шыққаннан кейін барып
өрбіген. Бұл 1755-57 жылдарға сәйкес келеді. Осы жылдардан бастап, екі ел
арасында бір ғасырға жуық уақыт әр түрлі қарым-қатынастардың болғанына
мұрағат құжаттары дәлел болады.
СОҢҒЫ СӨЗ ОРНЫНА
Қытай мұрағатынан алынған дүниелер – еліміздің тарихы мен мәдениеті үшін
өте құнды әрі зор ғылыми маңызға ие деректер болатыны даусыз. Бұл құжаттар
арқылы біз аумалы да төкпелі кезеңде өмір сүрген Қазақ хандығының
ішкі-сыртқы саясаты мен әлеуметтік ахуалын, шаруашылығы мен
тыныс-тіршілігін жаңа қырынан тануға мүмкіндік аламыз. Бұған қоса айта
кететін нәрсе, Қытай патшасына жазған хаттары арқылы сол заманда ел
билеген хан-сұлтандарымыздың да бет-бейнелері ашыла түспек. Елдің ертеңі,
жұрттың болашағы үшін қағазға түскен мыңдаған хаттардың арасында халықтың
қамынан гөрі жеке бастың қамын күйттей келген үшбу хаттардың да
кездесетінін, мұндай бәтуәсыздықты Цин империясы өз мүддесіне қарай
пайдаланғанын мұрағатта көз майын тауысып отырып, құжаттарға үңілген Бақыт
Еженханұлы жоққа шығармайды. Бірақ бұл жайында әңгіме қозғау – әзірге
әдептілікке жатпайды, екіншіден – аяқталмақ түгілі жаңа басталған іс
жөнінде көсіле сөйлеу екі жақты келісім шартқа нұқсан келтіруі де мүмкін.
Сондықтан хан-сұлтандардың не дегенін өзгенің аузынан емес, жеке мөрі
басылған өз хаттарынан оқыған жөн. Ал ол күн алыс емес.
Сансызбай ӨКЕНҰЛЫ

   2007-June-13 11:46:52
 
н екі жыл (он екі мүшел жыл деп те аталады, адамдардың туылған жылындағы
он екі хайуанатты еске сақтау үшін арнаулы қолданылады) — ежелгі Қытай
этнографиялық мәдениетінің бір түрі. Бұл мәдениет табиғат  тумалары —
тышқан, сиыр, барыс, қоян, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз
сынды он бір түрлі хайуанатты, сондай-ақ аңыздарда айтылатын айдаһарды
Қытайдың ертедегі ондық таңба жылнамасындағы он екі жыл есебімен
сәйкестіріп, тамаша да қызықты мүшел жыл жылнамасын  қалыптастырған.

Он екі жыл — ежелгі Қытай этнографиялық мәдениетінің бір түрі. Бұл
мәдениет табиғат тумалары —  тышқан, сиыр, барыс, қоян, жылан, жылқы, қой,
мешін, тауық, ит, доңыз сияқты он бір түрлі хайуанатты, сондай-ақ
аңыздарда айтылатын айдаһарды Қытайдың ертедегі ондық таңба жылнамасындағы
он екі жыл есебімен сәйкестіріп, тамаша да қызықты мүшел жыл жылнамасын 
қалыптастырған. Сонымен он екі түрлі хайуанат, көптеген мәдениет мазмұнын
өзіне астар етіп, әрі күн, ай, жұлдыздардың айналым қозғалысының әр
мезгілдік уақыты  мен орнына уәкілдік еткен, әрі мүшел жыл мен адамдардың
туған жылын бейнелеген. Әр адамның туған жылы бірдей болмағасын, олар
әрбір жылға (мүшел жылға) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандарының дипломатиялық хаттарының тарихи маңызы
Абылай (Әбілмансұр) хан
Қазақ мемлекетінің қалыптасуындағы Төле бидің ролі
Абылай (әбілмансұр) хан өмірбаяны
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ ЖАНР ДӘСТҮРІ
Абылай хан саясаты
Сауда - экономикалық қатынастар
Абылай хан жайында
Қытай Халық Республикасы туралы ақпарат
Қазақстандық археография
Пәндер