Әлеуметтану туралы түсінік оның ғылыми маңызы



1. Әлеуметтану туралы түсінік оның ғылыми маңызы.
2. Әлеуметтанудың пән ретінде оқылу мақсаты.
3. Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысы.
Пайдаланылған әдебиеттер
«Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің “Societas” қоғам және гректің lоgоs — ілім, ұғым деген сөзінен шығады. Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелердің, инсти-туттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Объект дегеніміз — бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар, мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Бұлар зерттелетін объекті болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдапанады. Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы объктінің қасиеті мен зерттеушінің алдына қойған мәселелерінің мақсаты мен сипатына, оның ғылыми білімінің деңгейіне және өз дүние-танымынанда қолданатын құрал-тәсілдеріне байланысты.
Зерттеу пәні уақытта зерттеу объектісін қажет етеді, оған кірмейді, онымен тең емес, өйткені бір ғана әлеуметтік объект өмірдің алуан түрлі мәселелерін шешу үшін зерттелуі мүмкін. Әлеуметтік бірлестіктер қоғамды қайта құру, өзгерту субъектісі болып саналады және бұл — әлеуметтік субъектінің өзін-өзі ұйымдастыруының тұрақты түрі. Әлеуметтік бірлестіктің түрлеріне: отбасы, адамдардың әлеуметтік-таптық, топтық, әлеуметтік-демографиялық, ұлттық, территориялық, мемлекеттік және бүкіл адамзаттық қоғам бірліктері, қозға-лыстары, т.б. жатады.
"Әлеуметтік құрылым". Бұл өндірістегі қоғамдық еңбектің бөлінуінің реттеген жүйесі және осыған сәйкес меншікке, билікке, басқаруға, қоғамдағы адамдардың құқық және міңдеттеріне қатынастарының жүйесі.
1. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы:
Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
2. «Қазақ энциклопедиясы» , 7 том

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Әлеуметтану туралы түсінік оның ғылыми маңызы.
2. Әлеуметтанудың пән ретінде оқылу мақсаты.
3. Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысы.
Пайдаланылған әдебиеттер

Әлеуметтану ұғымы латын тілінің “Societas” қоғам және гректің lоgоs
— ілім, ұғым деген сөзінен шығады. Социология, яғни әлеуметтану қоғамның
пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі
әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелердің, инсти-туттардың,
құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Объект дегеніміз — бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол
қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік
мекемелер, институттар, мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-
әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Бұлар зерттелетін объекті болғаннан
кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық
немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін
пайдапанады. Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы объктінің қасиеті мен
зерттеушінің алдына қойған мәселелерінің мақсаты мен сипатына,
оның ғылыми білімінің деңгейіне және өз дүние-танымынанда
қолданатын құрал-тәсілдеріне байланысты.
Зерттеу пәні уақытта зерттеу объектісін қажет етеді, оған
кірмейді, онымен тең емес, өйткені бір ғана әлеуметтік объект
өмірдің алуан түрлі мәселелерін шешу үшін зерттелуі мүмкін.
Әлеуметтік бірлестіктер қоғамды қайта құру, өзгерту субъектісі болып
саналады және бұл — әлеуметтік субъектінің өзін-өзі ұйымдастыруының тұрақты
түрі. Әлеуметтік бірлестіктің түрлеріне: отбасы, адамдардың әлеуметтік-
таптық, топтық, әлеуметтік-демографиялық, ұлттық, территориялық,
мемлекеттік және бүкіл адамзаттық қоғам бірліктері, қозға-лыстары, т.б.
жатады.
"Әлеуметтік құрылым". Бұл өндірістегі қоғамдық еңбектің бөлінуінің
реттеген жүйесі және осыған сәйкес меншікке, билікке, басқаруға, қоғамдағы
адамдардың құқық және міңдеттеріне қатынастарының жүйесі.
"Қоғамдық сана". Бұл қоғамның рухани құрылымының жиынтығы. Қоғамдық
сана әруақытта тікелей немесе күрделі болып, қоғамдық сипатта болады. Яғни,
ол жалпы қоғамға тән қасиет. "Әлеуметтік топ" — адамдардың ортақ мүдде-
талаптарына, құндылық-бағалықтары мен сана-ережелеріне қарай бірлесуі;
"әлеуметтік жіктеу" — бұл қоғамның құрылымы, оның жікке бөлінуі, әлеуметтік
теңсіздік;
"түлға" — бұл адамның әлеуметтік сапасы, оның мәні.
Әлеуметтану тұлғаны талдап, зерттегенде әр түрлі ұғымдарды қолданады.
Әлеуметтік құндылық. Бұлар қоғамдық қатынастарды, мұң-мұқтажды, талап-
тілектерді анықтайтын тұлғалық құнды нұсқаулар. Бұлар адамдардың тәртібінің
іштей реттелуі, басқарылуы арқылы белгіленеді.
"Әлеуметтік нормалар" (ережелер) қоғамда қалыптасып, реттеліп отыратын
ережелердің жиынтығы. Тұлғалық ынта, көңіл, назар, ықылас, қалау, тілек,
т.б. — бұлар адамдардың әлеуметтік белсенділіктерінің қозғаушы күштері
(стимулдері); "әлеуметтік рөл", яғни атқарылатын қызмет; "әлеуметтік
статус" — адамның қоғамдағы орны мен жағдайы, т.б.
Әлеуметтануда әлеуметтік құбылыстар мен процестердің бес негізгі заңы
тұжырымдалған:
1. Әлеуметтік құбылыстардың қатар өмір сүру заңы. Мысалы, егер "А" құбылысы
болса, ол әруақытта "Б" құбылысын қажет етеді.
2. Әлеуметтік құбылыстардың даму тенденцияларын (яғни, бағыттарын)
анықтайтын заң. Мысалы, өндіргіш күштердің өзгеруі өндірістік қатынастардың
өзгеруін талап етеді.
3. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі байланыстарды,
қатынастарды анықтау заңы. Бұл заң іс-қимыл, атқаратын қызмет деп те
аталады. Ол әлеуметтік объектінің әрбір элементінің, бөлігінің арасындағы
байланысын, қатынасын бейнелейді.
4. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы себепті байланыстарды бейнелейтін
заң. Мысалы, әлеуметтік бірліктің негізгі, қажетті шарты — ол қоғамдық және
жеке мүддені сәйкестендіру, үйлестіру болып саналады.
5. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы байланыстардың болу мүмкіндігін
білдіретін ықтималдық заңы. Әлеуметтанудың құрылымына оның таным, білім
деңгейлеріне анықтама беру үшін алдымен "құрұлым", "деңгей" деген ұғымдарға
анықтама берген жөн.
Құрылым дегеніміз — біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің
элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз. Қандай да бір
ғылым болмасын, оның белгілі бір құрылымы болады. Бұл құрылым сол ғылымның
қоғамда алдына қойған міндеті мен атқаратын қызметіне байланысты
анықталады. Әлеуметтану ғылымы да осындай. Оның құрылымы екі үлкен
жағдаймен түсіндіріледі: Біріншіден, әлеуметтану әлеуметтік өмірді
бейнелеу, түсіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырып, әлеуметтік зерттеу
теориясын, әдістемесін, әдісін, талдау тәсілін жасап, қоғамның даму
мәселелерін шешеді. Әлеуметтік өмір туралы әр түрлі деңгейде теориялық
қорытындылар жасалады. Екіншіден, әлеуметтану қоғамдық және әлеуметтік
құбылыстар мен үдерістерді өзгөрту, қайта құру үшін оларға жоспарлы, әрі
тиімді жолдар, құралдар арқылы ықпал етіп әлеуметтік мәселелерді талдап
зерттейді. Бұл әлеуметтанудың қолданбалы саласын құрайды. Теориялық білім
жан-жақты, әмбебапты, ал, эмпирикалық - ақиқатты, шындықты, белгілеуші
білім. Теориялық білім эмпирикалық білімнің негізіне сүйенеді, ал,
эмпирикалық ғылым теориялық білімнен біршама басым болғанымен, ғылымның
жоғары даму деңгейін көрсете алмайды. Ғылымның дамуы әруақытта теориялық
білім деңгейінің эмпирикалық білім деңгейінен басым болуын қажет етеді.
Сонымен, әлеуметтік білімнің құрылымы деп қоғамның ''әлеуметтік
жүйесінің серпінді дамуы, іс-әрекет, қызмет жүргізілуі туралы әр түрлі
жиналған фактілерді, ақпараттарды, хабар-мәліметтерді ғылыми дұрыс
түсіндіруді және ғылыми ұғымдардың жиынтығының реттелуін, тәртіпке
келтірілуін айтамыз. Әлеуметтік білімнің негізгі құрылымы, тұжырымы,
қағида, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану ғылымы жайлы
Әлеуметтану және әлеуметтік философия
Социология ғылымы туралы жалпы түсінік беру
Социология пәні мен қызметтері
Әлеуметтанулық білімнің құрылымы. Макро және микро әлеуметтану. Теориялық және қолданбалы әлеуметтану
Социология ғылым ретінде
Әлеуметтанудың пәні мен әдісі
Әлеуметтану ғылымының объектісі, оның пәні және әдістері
Қазіргі қоғамның түсінігіндегі әлеуметтанудың рөлі
Әлеуметтану түсінігі оның ғылыми маңызы
Пәндер