Аминнің химиялық қасиеттері


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

  1. Аминдер
  2. Аминнің химиялық қасиеттері


АМИНДЕР

Аминдер дегеніміз - аммиак (NН 3 ) молекуласындағы бір, екі немесе үш сутек атомдарының орнын көмірсутек радикалдары басқан өнімдер.

Аминдерді аммиак (NН 3 ) молекуласындағы сутек атомдарының орнын басқан радикалдардың санына қарай үш топқа бөледі

-NН 2 тобы - амин тобы деп аталады. Аминдерді аммиак туындысы ретінде немесе көмірсутек туындысы ретінде қарастыруға болады.

Мысалы:

СН 3 - NН 2 метиламин немесе аминометан

Изомериясы. Аминдерде тізбек жөне радикалдың орналасу нзомериялары болады. Мысалы:

Физикалық қасиеттері. Аминдердің жеңіл өкілдері - газ тәрізді, аммиактың иісіндей иісі бар заттар. Суда жақсы ериді. Ал молекулалық массалары ауыр өкілдері сұйық немесе қатты күйде болады. Молекулалық массаларының артуымен бірге суда ерігіштіктері кемиді.

Химиялық қасиеттері. Көптеген химиялық қасиеттері аммиакқа ұқсайды.

1. Ауада жануы

4СН 3 -NН 2 + 9О 2 -» 4СО 2 + 10Н 2 О + 2N 2

2. Суда ерігенде ерітіндісіне лакмус тамызсақ, сілтіге тән реакцияны
көрсетеді. Демек, аммоний гидроксиді тәрізді орынбасқан метил
аммоний гидроксиді түзілетінін көреміз:

Суда еритін аминдердің аммиакқа қарағанда негізділіктері басым болады. Себебі аминдер молекуласындағы көмірсутек радикалдары-ның электрон тығыздығы электртерістігі басым азот атомына ығысып, оның донорлы-акцепторлы байланыс түзуге бейімділігін арттырады:

3. Қышқылдармен әрекеттесіп, тұз түзеді (бейтараптану реакциясы) :

Сондықтан аминдерді органикалық негіздер деп атайды. Оларды тұздарынан күшті сілітімен әсер етіп, ығыстырып шығаруға болады.

Анилин. Анилин - ароматты амин. Аммиак молекуласындағы сутек атомының орнын - бензол сақинасы (фенил радикалы) басқан өнім:

Анилин- түссіз, май төрізді, өзіне тән иісі бар улы зат. Суда аз ериді. Ауада ашық калғанда тотығатындықтан, қоңыр түсті болып көрінеді.

Алынуы. Анилин - химия өнеркәсібінің маңызды өнімдерінің бірі. Ол барлық бояғыш заттарды алуда бастапқы өнім болып саналады. Анилинді және басқа да біріншілік аминдерді алудың ортақ әдісі -нитроқосылыстарды тотықсыздандыру әдісі. Бұл әдісті 1842 жылы орыс ғалымы Н. Н. Зинин ашты. Сондықтан Зинин реакциясы деп аталады:

Химиялық қасиеттері. Анилиннің негіздік қасиеті - жай аминдерге қарағанда нашар. Оның себебі, анилин молекуласында бензол ядросы болуына сәйкес туындайтын атомдардың бір-біріне өзара әсеріне байланысты. Бензол ядросының л-электрондар жүйесі (фенол сияқты) амин тобындағы азот атомының бөлінбеген электрон жұбын өзіне тартатындықтан, амин тобының протонды тарту қабілеті нашарлайды:

Демек, негіздік қасиеттер мына ретпен кемиді:

  1. Амин тобы қатысатын реакциялар:

2. Бензол сақинасы қатысатын реакциялар.

Жоғарыда айтылғандай, бензол сақинасындағы 2, 4, 6-көміртек атомдарында электрон тығыздығы артатындықтан, сақинаның үш жерінде орынбасу жеңіл өтеді. Мысалы:

Қолданылуы. Аминдер дәрі-дәрмектер, полимерлік материалдар алуда кең қолданылады. Анилин - маңызды амин. Ол анилинді бояулар, дәрілер (сульфаниламидтік препараттар) және полимерлік материалдар (анилинформальдегидтік шайырлар) алуға жұмсалады (1-сызбанұсқа) .

1-сызбанұсқа

Аммиак молекуласындағы сутек атомдарының орнын көмірсутек радикалдары басқан өнімдерді аминдер деп атайды. Олар: біріншілік, екіншілік және үшіншілік болып жіктеледі. Негіздік қасиет көрсетеді, ароматты аминдердің негіздік қасиеті алифатты аминдерге қарағанда төмен болады. Ароматты аминдерде амин тобының әсерінен сақинада реакция жеңіл өтеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Органикалық химия саласындағы карбамидті қосылыстар және оның туындыларын синтездеу
Аминдер
Карбон қышқылдары. Карбон қышқылдарының күрделі эфирлері. Карбон қышқылдарының амидтері. Ароматты қатардағы карбон қышқылдары. Дикарбон қышқылдары
«1-АЛЛИЛ-2,5-ДИМЕТИЛПИПЕРИДОЛ-4-ТІҢ ФЕРМЕНТАТИВТІ ЭТЕРИФИКАЦИЯСЫ»
Ароматты аминдердің қолданыстағы түрлері
Пирозалин мен оксазолиннің туындыларын синтездеу
Аминспирттер және олардың биологиялық рөлі. Көпатомды спирттер. Химиялық қасиеттері
Газ құрамынан күкіртсутекті жою үрдісі
Циклды және -қанықпаған карбонилді қосылыстардың тотықсыздану технологиясын жасау
Аминоспирттер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz