Құлақтың құрылысы және қызметі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. 1. 1. Естудің маңызы
  2. 1. 2. Құлақтың құрылысы және қызметі. Иірім түтіктің ішкі құрылысы
  3. 1. 3. Дыбыстың қаттылығы.
  4. 1. 4. Есту гигиенасы.

Қорытынды

  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолы жатады. Сыртқы есту жолы иірім жасай орналасқан шеміршекті және сүйектібөліктерге бөлінеді. Оның шеміршекті бөлігінде май бездері мен сарғыш түсті секрет - құлық көп бөлінеді. Ал сыртқы есту жолындағы түктер қорғаныш қызметін атқарады: шаң, тозаңды, ұсақ жәндіктерді, микробтарды тұтып қалады. Құлақ қалқаны дыбыс тербелістерін қабылдайды да оны дабыл жарғағына жібереді. Ортаңғы құлақ бір-бірімен жалғасып жатқан дабыл қуысы, есту түтікшесі мен емізік тәрізді өсіндіден (өзінің үңгірімен) тұрады. Есту түтікшесі тамақтың, мұрын-жұтқыншақ бөлігін дабыл қуысымен байланыстырып тұрады, сондықтан тұмау кезінде инфекция мұрын-жұтқыншақтан сол түтікше арқылы ортаңғы құлаққа түседі. Ал дабыл қуысы сыртқы есту жолы мен құлақтың ішкі бөлігі лабиринттің (шытырманның) арасында орналасқан. Ол бұрыс куб тәрізді, сондықтан алты қабырғасы болады. Дабыл қуысында дыбыс тербелістерін дабыл жарғағынан лабиринтке жеткізетін балғашық, төсше және үзеңгі деп аталатын үш кішкене сүйекше бар. Сүйекшелер тізбегі дыбысты лабиринттің сопақша терезесіне жібереді. Ортаңғы құлақтың бұлшық еттері дабыл жарғағы мен дыбыс сүйекшелері тізбегінің қалыпты тонусын сақтау, ішкі құлақты тыс дыбыстық шамадан тітіркендірулерден қорғау; дыбыс өткізгіш аппараты толқынындағы дыбыстарға бейімдеу қызметтерін атқарады. Ішкі құлақ - “лабиринт” деп аталады. Ол шеміршекті және сүйекті бөліктерге бөлінеді. Сүйекті лабиринт: кіре беріс, жартылай үш иірім өзектері мен ұлулы денеден тұрады. Шеміршекті бөлігі сүйекті лабиринттің ішінде орналасқан. Оның іші мөлдір сұйық эндолимфамен, ал осы екі лабиринттің арасы перилимфамен толған. Дыбыс дірілі перилимфадан эндолимфаға, ал ол арқылы ұлуға беріледі. Есту жүйкесініңшеті орналасқан ұлудан дыбысты қабылдайтын жүйке клеткалары бар есту жүйкесі шығады. Дыбыс өткізгіш аппаратына құлақтың сыртқы, ортаңғы, ішкі бөліктері мен перилимфа, эндолимфа, геликотрема жатса, дыбыс қабылдағыш аппаратына кортий мүшесінің сезімтал клеткалары, ұлудың сүйекті бөлігіндегі спиральді түйін, есту жүйкесінің өткізгіш жолдары мен ядролары, ми қыртысының самай бөлігіндегі оң және сол жақтағы (ми орталығы) орталықтары жатады.

1. 1. Естудің маңызы .

Адам есту мүшесі арқылы айналасындағы дыбысты естиді. Адамның сөз сөйлеп, өзара қарым -қатынас жасауында есту мүшесінің маңызы зор. Есту мүшесінен түскен ақпараттар ішкі мүшелердің қызметіне әсерін тигізіп, оларды реттеуге қатысады. Адамды қауіптен сақтауда бұл ақпараттардың маңызы үлкен. Есту мүшесін дыбыс қоздырады . дыбыс есту мүшесінің рецепторлары арқылы жүйке жүйесіне жеткізіледі, айналадағы ортада болып жатқан жағдайларды хабарлайды

1. 2. Есту мүшесінің құрылысы

Құрылысы : есту мүшесі - құлақ. Құлақ 3 бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы. және ішкі құлақ.

1. Сыртқы. құлаққа құлақ қалқаны, мен сыртқы дыбыс жолыжатады. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыс тербелістерін құлақтың ішіне бағыттайды. Сыртқы дыбыс жолдарының ішкі шеті жұқа, тығыз, керілген дабыл жарғағымен бітеді. Сыртқы дыбыс жолдары арқылы дыбыс толқындары дабыл жарғағына, содан соң ортаңғы құлаққа өтеді. Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады.

2. Ортаңғы. құлақ дабыл жарғағынан кейін басталады, ол самай сүйегінің ішінде орналасқан. Ортаңғы құлақтың ішінде ауа болады. Ортаңғы құлақ қуысы есту түтігі арқылы жұтқыншақпенжалғасады. Адам есінегенде, жұтынғанда есту түтігінің өзегі жұтқыншаққа ашылады, жай уақытта жабық болады. Ортаңғы құлақтың қуысында бірімен-бірі буын арқылы байланысқан 3 дыбыс сүйекшелері (балғашық, төс, үзеңгі) орналасқан. Үшеуін косқандағы салмағы шамамен 0, 05 г. Сүйекшелердің сырты сілемейлі қабықшамен қапталған. Балғашық, төс, үзеңгі деген атаулар пішіндері осы заттарға ұқсайтындықтан қойылған. Балғашық сүйегінің жіңішке шеті дабыл жарғағымен бітісіп кеткен. Жуандау шеті буын арқылы төс сүйекшесімен, ол үзеңгі сүйекшесімен қозғалмалы байланысады. Бұл сүйекшелер ортаңғықұлақтың қуысы арқылы дыбыс толқынын өткізеді. Дабыл жарғағының тербелісі алдымен осы үш сүйекке, содан соң ішкі құлаққа беріледі. Ортаңғы құлақ куысындағы қысым атмосфера қысымымен бірдей. Қысым кенеттен төмендеп немесе жоғарылап кетсе, құлақ бітеліп уақытша естімей қалады (әсіресе бұл ұшқанда байқалады) . Мұндай жағдайда жиі-жиі жұтыну керек. Адам жұтынғанда ортаңғы құлақ куысындағы қысым атмосферадағы ауа қысымымен теңеседі.

3. Ішкі құлақтағы куыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйені шытырман (лабиринт) деп атайды. Мұндағышытырманның сыртқысы - сүйекті, ал ішкісі - жарғақты шытырман деп аталады. Шытырмандар - есту мен тепе-теңдік мүшелері. Сүйекті шытырманның ішінде жарғақты шытырман орналасады. Жарғақты шытырманның қабырғалары жалпақ эпителийменқапталған жұқа дәнекер тақташадан (пластинка) түзілген. Жарғақты шытырманның ішінде лимфа сұйықтығы болады. Оралма тәрізді ширатылған ұлу-дене - есту мүшесі. Бұл ұлудененің куысы сұйықтыққа толы болады. Ұлуденедегі сезімтал жасушалардыбыс толқынын кабылдап, козуды есту жүйкесіне өткізеді. Қозу есту жүйкесі арқылы ми қыртысының самай бөлігіндегі есту орталығына жеткізіліп, талданып жинақталады.

Дыбыс тербелістері есту мүшелері арқылы келетін күрделі құбылыс болып саналады . есту анализаторы -дыбыс қабылдайтын құлақ, дыбысты өткізуші дыбыс жүйкесі және орталық ми сыңарлары қыртысының есту аймағыныан тұрады . есту мүшесі үш бөліктен тұрады : сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ . Сыртқы құлақ - құлақ қалқанынан және сыртқы дыбыс жолынан құралған . Құлақ қалқаны екі жағы терімен қапталған шеміршек болып келеді . оның негізгі атқаратын қызметі - ауадағы дыбысты қабылдап, дыбыс өткізу жолына бағыттау . құлақ қалқанын қозғалысқа келтіретін бұлшық еттер нашар дамығандықтан, адам дыбыс шыққан жаққа қарай басын бұрып, дыбысты қабылдайды . Сыртқы дыбыс өткізу жолының ұзындығы 30 мм, ол терімен қапталған түтікше . оның ішінде ерекше бездер болады. Бұл бездердің әсерінен құлақтың ішінде құлық түзіледі . Құлық сыртқы дыбыс жолына айналадағы ортадан енетін шан-тозаңдар мен микробтарды ұстап қалады .

Дыбыс өткізу жолының ішкі түбін сопақша пішінді жұқа дабыл жарғағы қаптап жатады. Бұл дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады. Жарғақ серпімді, сондықтан дыбыс толқыны соғылғанда, сол толқынды бұлжытпай қайталап отырады. Ортаңғы құлақта . ортаңғы құлақ жарғақ қуысынан тұрады. Жарғақ қуысы дыбыс түтігі арқылы мұрын жұтқыншақпен /аңқамен/ жалғасады. Бұл анатомиылық жол дабыл жарғағына ортаңғы құлақ қуысынан келетін ауа қысымы мен атмосфера қысымының бірдей болуын қамтамасыз етеді. Ортаңғы құлақта бір- бірімен тізбектеле жалғасқан үш дыбыс сүйегі бар . Олар : үзеңгі, балғашық, төс сүйектері деп аталады . Балғашық дабыл жарғағының ортаңғы бөлігіне жалғасқан . Жұқа жарғақшамен керілген екі тесік бар, олар дөңгелек және сопақша тесіктер деп аталады . Сопақша тесікке үзеңгі сүйегі тиіп, оны қозғалысқа келтіреді . дабыл жарғағымен байланысты балғашық төс сүйекке, одан соң үзеңгіге қозғалыс әсерін тигізеді .

Ішкі құлақ қуыстар мен иірімделген өзектер жүйесінен -сүйекті шытырманнан тұрады . Ол жарғақты шытырманды құндақ тәрізді қаптап жатады . бұл екеуінің аралығында өте тар қуыс бар . Ол қуыс мөлдір сұйықтық - перилимфамен толы . Ал жарғақты шытырманның қуысы эндолимфа деп аталатын сұйықтықпен толы . Шытырман кіреберіс деп аталатын бөлімнен тұрады . Оның алдында иірім, артқы жағында доға қуыстары бар . Иірімді түтік дөңгелек тесік арқалы ортаңғы құлақ қуысымен, ал кіребірес - сопақ тесікпен байланысты болады. Құлақтың есту мүшесі -иірім болып саналады . Иірім 2. 5 -тей айналым жасайтын оралма тәрізді ширатылған иірімдік түтік каналы болып табылады . Оның иірімі өте жұқа дабыл жарғағымен бөлінген . Бұл дабыл жарғағы оралма тәрізді иірімделген, оны иірімді түтіктің негізі деп атайды . Дабыл жарғағы талшықты ұлпадан тұрады . Талшықты ұлпаның құрамында шамамен 25 мың ерекше талшық бар . Талшықтардың ұзыңдығы әр түрлі және олар иірімді түтіктің бойымен көлденең орналасқан . Бұл талшықтардың үстінде сезімталдық қызмет атқаратын түкті клеткалар бар. Бұл есту анализаторларының шеткі бөлімі -Кортиев мүшесі. Рецептор клеткаларының түктері иірімді түтіктің ішіне - эндолимфаға бұрылған, ал одан есту жүйкесі басталады . Иірім түтік қуысының қалған бөлігі доға қуыстағы тепе -теңдік мүшеге жатады . қысқа талшықтар төменгі жағына, ұзын талшықтар ең үстіне орналасқан .

Есту мүшесінің қызметі . Дыбыс қоздырғыш толқындарын сезу - күрделі құбылыс. Ауадағы дыбыс толқындары құлақ қалқанымен ұсталып, сыртқы дыбыс жолмен өтіп, дабыл жарғағын тербеліске келтіреді . Одан дабыл жарғағында пайда болған тербелісті ортаңғы құлақтың дыбыс сүйектері / балғашық, үзеңгі, төс/ күшейтіп, оны сопақ тесіктің жарғақшасына жеткізеді . Сүйектер дабыл жарғағына қарағанда сопақ тесіктің жарғақшасына жеткізеді . Сүйектер дабыл жарғағына қарағанда сопақ тесіктің жарғақшасының тербелу шегін азайтуымен қатар, тербелудің күшін / шамамен 50 есе/арттырады . Егер дыбыс өте жоғары болса, онда арнайы бұлшық еттер дабыл жарғағын және сопақ тесік жарғағының керілуін үлкейтеді, Осының нәтижесінде жарғақ тербеліп, оны жарылып кетуден сақтайды . Сопақ тесік жарғағының тербелуі ішкі иірім түтіктің сағасына жетеді мұнан пайда болған тербелу ішкі құлақтағы перилимфа мен эндолимфаны қозғалысқа түседі, оның үстіндегі есту түкті клеткалары - рецепторлар қозғалады да, оларда қозу туғызады . Бұл қозу үлкен ми сыңарлары қыртысындағы есту аймағына өткізгіш жүйке арқылы жеткенде дыбысты сеземіз.

1. 3. Дыбыстың қаттылығы .

Дыбыс тың сипатын, күшін, ж ағымды немесе зиянды әсерін анықтай аламыз. Күшті /қатты/дыбыс иірім түтіктің иірім түтіктің қысқа талшықтарымен сезіледі де, одан соң Кортиев мүшесіне жетеді . Қозумен барлық талшықтар бір мезгілде қамтылмайды. Олардың белгілі ұзындығы барлары қозуға түседі, сөйтіп, ең алдыммен, дыбыспең сезіліп, анықталуы Кортиев мүшесінде өтеді, одан соң қозу есту жүйкесі арқылы орталыққа жетеді. Дыбыс құлақ арқылы ауа жолмен және сүйек өткізгіштігі жолымен қабылданады . Сүйек өткізгіштік түрінде дыбыс толқыны бас сүйегін тербелтіп, тікелей иірімді түтікке жетеді . Бұл өткізгіштікке сыртқы және ортаңғы құлақ қатыспайды, Жер бетіндегі ауа орталығында дыбыс құлақ арқылы, ал адам судың ішінде /сүңгігенде, су астында / болғанда сүйек өткізгіштігі басым болады . мұндай жағдайда адам жылдам шаршап қалады. Адамның құлағы 15-20-дан 2 Гц жылдамдыққа дейін тербелу аралығында дыбыс толқынын сезеді . Адам сөйлегенде оның дыбысының толқыны 150-2500Гц жылдамдыққа дейін тербелу аралығында болады.

Дыбыс қаттылығы децибел арқылы өлшенеді . Адам дыбыс қаттылығын құлақта ауру пайда болғанша қабылдайды. Бұл 1-ден 140 децибелге дейін сәкес болады . Егер дыбыс үнемі 120-140 децибелге сай болып, ұзақ уақыт құлаққа әсерін тигізсе, онда құлақ ауруы пайда болады . Сағаттың дыбысы -20, сыбырлап сөйлеу -40, дауыстап сойлеу -60, айқалау -80, траввайдың шуы -70-75, ұшақтың пропеллерінен 5 м қашықтықта 110 -120, күннің күркіреуі -120 децибал болады . Дыбыстың бұл қаттылықтары есту мүшесінде бейімделу құбылысын туғызады.

Сондықтан кейбірадамдар дыбыстың жоғары қаттылығына үйренеді. Мұндай адамдар радио, теледидар, магнитафондарды өте қатты дыбысқа қойып, шу шығарып тыңдауды әдет етеді.

1. 4. Есту мүшесінің гигиенасы .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есту және тепе-теңдік мүшелері
Құлақтың құрылымы
Биология пәнінен дәстүрлі емес сабақтың түрлері
Көз алмасының қабықтары
Анализаторлар
Көру талдағышының негізгі мүшесі - көз алмасы
Сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақтың құрылысы, қызметтері. Статокинетикалық және есту анализаторлары. Кіреберіс- ұлу нерві( VІІІ-жұп)
Жұлын. Бас-ми
Акустикалық шуды өлшеу
Есту талдағыштары туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz