Аяқталмаған қылмыстардың жалпы сипаттамасы


Жоспар:
1. Аяқталмаған қылмыстардың жалпы сипаттамасы және саралау тәртібі
2. Қылмысқа дайындалу және саралау тәртібі
3. Қылмысқа оқталу және саралау тәртібі
Қажетті әдебиеттер:
1. Аяқталмаған қылмыстардың жалпы сипаттамасы және саралау тәртібі
Аяқталмаған қылмыстардың қатарына қылмыстық құқық қылмысқа даярлану мен оқталуды жатқызады. Қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі баптардың диспозицияларында тек аяқталған қылмыстардың белгілері келтірілген. Ал қылмыс кінәлінің еркіне байланысты емес жағдайларда аяғына дейін жеткізілмесе, онда аяқталмаған қылмысты әрекеттердің түрлері орын алып, іс-әрекетгі квалификациялау аяқталған қылмыстармен салыстырғанда өзгеше жүргізіледі және жауаптылық тағайындауда да айырмашылық болады.
Аяқталмаған қылмыстардың ерекшелігін білдіретін белгіл_ердің қатарына мыналар жатады:
1. Аяқталмаған қылмыстар тек қасақана, оның ішінде тікелей қасақана әрекеттермен жасалады. Жанама қасақаналықпен қылмысқа окталу немесе даярлану әрекеттері адамның қылмыстың орындалуын білдіретін немесе зардапқа деген психикалық қатынасында кездеспейді. Қылмыстық кодекстегі тікелей де, жанама да касақаналықпен анықталатын қылмыстарда тек тікелей касақаналық орын алғанда ғана қылмысқа даярлану немесе оқтапу кездеседі. Жанама қасақаналықпен қылмыс жасауға дайындалу және оқталудың мүмкін еместігі, ол қылмыстың салдарын тілемей тұрып, оған дайындала немесе қылмысты жасауға оқтала алмайтындығына байланысты болып табылады. Ал абайсыздықпен жасалатын қылмыстарда қылмысқа дайындалу немесе оқталу болмайды, сондықтан мұндай кінә нысанындағы қылмыстарда аяқталмаған қылмыстық әрекеттер болмайды.
2. Аяқталмаған қылмыстарда кінәлінің еркіне тәуелсіз себептерге байланысты қылмыстың орындалуы аяғына дейін жеткізілмейді. Егер қылмыстың аяғына дейін жеткізілмеуі адамның қылмысты әрекеттің жалғасуын өз еркімен түпкілікті тоқтатуына немесе туындауы мүмкін зардапты дер кезінде өзінің алдын алуына байланысты болса, онда қылмысты аяғына дейін жеткізуден бас тарту ретінде бағаланады және өзге әрекеттерінде басқа қылмыстың белгілері болмаса қылмыстық жауаптылықган босатылады.
3. Аяқталмаған қылмысты құрайтын әрекеттер қоғамға қауіпті деп бағаланады, себебі қылмысқа дайындалу немесе оқталу әрекеттерінде адамда қауіпті ой-ниет орын алады және ол аяғына дейін жеткізілу мақсатын көздейді, сонымен қатар заңмен қорғалатьн мүдделерге нақты қауіп туындайды және қылмыстық мақсатқа жету үшін осындай мүдделерге қарсы бағытталған әрекеттердің алғашқы сатысы көрініс алады.
Аяқталмаған әрекеттердің қоғамға қауіпті болуы қылмыстық жауаптылық қолданудың заңды негізін білдіреді.
Аяқталған қылмыстармен аяқталмаған қылмыстардың басты айырмашылығы, ол аяқталмаған қылмысты әрекетгерде қылмыстық құқықга бейнеленген қылмыс құрамы белгілерінің толық болмауы болып табылады. Аяқталмаған қылмыстарда құрам элементтерін сипаттайтын белгілердің ішінен тек қылмыс объектісі ғана емес, сонымен бірге субъективтік белгілерден қылмыстың мақсаты мең ниеті, ал объективтік белгілердің ішінен кепшілік жағдайлардатқылмыстың орындалуын білдіретін әрекет немесе әрекетсіздік және материалдық құрамдар бойынша қылмыстың зардабы орын алмайды. Мұндай белгілердің аяқгалмаған қылмыстарда орын алмау себебі, ол қылмыс субъектісі, іс-әрекеттің қасақана түрде жасалуы сияқты қылмыс құрамының барлық немесе көпшілік түрлеріне тән, көбінесе бірдей анықталатын белгілер болмауына байланысты. Қылмыс объектісі, қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын іс-әрекеттер, ниетпен максаттың, елеулі зардаптың түрі тәрізді белгілердің бір ерекшелігі, ол аталған белгілердің аяқталған қылмыстарда көрініс алатын белгілер болып саналуына байланысты болып табылады. Бұл белгілердің кейбіреулері түсіндіре кетуді талап етеді. Ең алдымен қылмысқа даярлану немесе оқталу тәрізді әрекеттерде қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге зардап келмесе, онда қылмыстық жауаптылықты қолданудың қандай негіздері бар, қылмыстық жауаптылыққа адамды тарту үшін кұрам элементтері толық болуы керек емес пе деген сұррақ туындауы мүмкін. Аяқталмаған қылмыстардың ерекшелігінің бірі, ол әдетте заңмен қорғалатын обьектілерге зардап келмеуі немесе зардап келгенде де кінәлінің ойындағыдай емес, одан төмен деңгейде туындауы болып табылады.
2. Қылмысқа дайындалу және саралау тәртібі
Қасақаналықпен жасалатын қылмыстардың кезендерінде дайындалу сатысы қылмыстық ой-шешімді іске асырудың алғашқы сатысын білдіреді. Дайындалу әрекеттерін қылмысқа оқталу немесе аяқталған қылмыстар өз құрамына сіңіреді, себебі қылмыстың кейінгі сатысы алдыңғы сатыға қарағанда қоғамға қауіптілігі, тәсілі бойынша ауыр деп бағаланады. Сондықтан қылмыс жасалып және ол қылмысты жасауға алдын ала дайындық болғанда, бірден Ерекше бөлімнің бабымен 24 бапқа сілтеме жасалынбай квалифкацияланады. Негізінде қылмыстық құқық ережесі бойынша қылмыстың алдын ала дайындық арқылы жасалуының квалификация жүргізу кезінде ролі жоқ. ҚК 24 бабының ережесі аяқталмаған қылмысты әрекеттердің түрлерін және оның белгілерін аныктауға арналған. Сондыісган қылмысқа дайындалудың қылмыстық құқықтағы негізгі мағынасы, қасақана қылмысты жасауға алдын ала дайындық жасау әрекеттерінің кінәлінің еркіне тәуелсіз себептермен аяғына дейін жеткізілмеуін білдіреді жэне осындай жағдайды сот-тергеу құжаттарында бейнелеуді, сонымен қатар жауаптылық тағайындау кезінде ескеруді қамтиды.
Қылмысқа дайындалу төмендегідей белгілермен анықталады:
- қылмыстың құралдары мен қаруын іздестіру;
- қылмыстың құралдары мен қаруын дайындау;
- қылмыстың құралдары мен қаруын бейімдеп жасау;
- қылмысқа қатысушыларды іздестіру;
- қылмыс жасауға сөз байласу;
- қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау.
Қылмыс жасау үшін кұралдар мен қару іздестіру - қылмыстың орындалуы үшін қажетті болып табылатын құралдар және қару тәрізді жабдықтарды табу жолындағы әрекеттерді білдіреді. Кейбір қылмыстардың өзіндік ерекшелігіне қарай қажетті құрал-жабдықтардың дайын болуы міндетті болып табылады. Мысалы жалған ақша немесе жалған төлем құжаттарын жасау үшін алдымен арнайы техникалық құралдарды түгелдеу қажет. Сонымен қатар қылмыстың жасалуын жеңілдету үшін тиісті құралдар мен жабдықгарды іздестіру әрекеттері жасалуы мүмкін. Мысалы кісі өлтіру қылмысын атылатын қарусыз да жасауға болады, бірақ қылмысты жеңіл орындау үшін атылатын қару іздестірілуі мүмкін. Мұндай қылмыстар арнайы құрал-жабдықтарсыз да жасала алады. Қылмыстың құралы немесе қаруының қылмысты квалификациялауға әсер ететін кездері де болады. Егер белгілі бір қылмыс түрінің орындалуы үшін арнайы құралдың қолданылуы қажетті болса, онда мұндай құрал квалификация кезінде жеке қылмыстың түрін білдірмейді және іс-әрекетке қуқықтық баға беруге әсер етпейді. Өйткені бүл құрал-қару осы қылмыстың құрамында міндетті белгі ретінде қолданылады. Мысалы бандитизм қылмысының жасалуы немесе оған дайындық жасау кезінде атылатын қару болғаны үшін атылатын қаруды, жарылғыш заттарды заңсыз сақтағаны немесе алып жүргені үшін 251 баппен қосып квалификация жасауға болмайды. Ал егер қасақана кісі өлтіру қылмысы атылатын қаруды заңсыз пайдалану арқылы жасалса, онда 96 баппен жэне 251 баппен қылмыстар жиынтығы ретінде бағаланады.
Осындай жоғарыда баяндалған дайындалуды білдіретін белгілер кінәлінің еркіне тәуелсіз себептермен қылмыс аяғына дейін жеткізілмесе, жасалған іс-әрекет қылмысқа дайындалу ретінде бағаланып, ҚК Брекше бөлімінің тиісті бабымен және 24 баптың 1 бөліміне сілтеме жасау арқылы квалификацияланады. Қылмысқа дайындалудьщ аяқталу моменті немесе 24 баптың 1 бөлімін қолдану негізі, ол дайындалуды білдіретін белгілердің аяғына дейін орындалуына байланысты емес. Дайындалу - уақыт аралығы бойынша қылмысқа оқталуға дейінгі кезеңді толық қамтиды.
3. Қылмысқа оқталу және саралау тәртібі
ҚК 24 бабының 3 бөліміне сәйкес, “тікелей қылмыс жасауға бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет (эрекетсіздік), егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жет-кізілмесе, қылмыс жасауға оқгалу болып танылады”. “Қылмыс жасауға тікелей бағытталған әрекет” ретінде қылмыстың объективтік жағы белгілерін орындауға бағытталған немесе обьективтік жағы белгілерін орындағанмен, бірақ тиісті зардаптың туындамауы алынады. Бұл екі жағдайда да, яғни қылмыстың объективтік жағы белгілерін орындауға бағытталған немесе ол белгілер орындалғанмен зардаптың туындамауы кінәлінің еркіне тәуелсіз жағдайларға, себептерге байланысты болуы керек. Осы екі жағдайға қарай қылмыстық құқық қылмысқа оқталудың екі түрін, аяқталған және аяқталмаған оқталуды келтіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz