Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу


Жоспар
- Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу - азаматтың іс жүргізудің сатысы.
- Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу бойынша іс жүргізу әрекеттері.
3. Сот хабарлаулары мен шақырулары.
1. Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу -
азаматтық іс жүргізудің сатысы
Талап арыз (арыз, шағым) қабылдау арқылы азаматтық іс қозғағаннан кейін сот азаматтың процестің келесі азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу сатысына өтеді. Нақты азаматтық істі сотта қарау сатысында бұзылған немесе даулы құқықтар, бостандықтар және заңмен қорғалатын мүдделер қорғауы жүзеге асырылады. Егер істі қарау және шешу бойынша сәйкесті әзірлік жүргізілсе бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды қорғап шығуға мүмкіндік бар.
Кез келген азаматтың іс бойынпіа сотта қарауға әзірлеу жүргізілуі қажет, себебі, бұл маңызды рөл атқаратын азаматтық процестің жеке сатысы.
Сотта іс қарауға әзірлеуді жүргізу туралы заң талаптарын сақтау істі дұрыс және уақтылы шешудің негізгі шарттарының бірі. Сотта іс қарауға әзірлеу сатысы сотпен сәйкесті ұйғарым қабылдаудан басталады. Бұл ұйғарымда жүргізілуге тиіс әрекеттер белгіленеді. Істі сотта қарауға әзірлік жүргізудің мақсаты - істі дер кезінде және дұрыс шешуді қамтамасыз ету.
Осы мақсат ҚР АІЖК-нің 166-бабында көрсетілген міндеттерді шешу жолымен жүзеге асырылады. Азаматтық істерді әзірдеудің міндеттері:
- істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлардыайқындау;
- тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиісті заңды анықтау;
- іске қатысатын адамдардың құрамы мен процестіңбасқа да қатысушылары туралы мәселені шешу;
- әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді анықтау.
Кейбір ғалымдардың пікірінше сотта Іс қарауға әзірлеу сатысында тек сот қана әрекет етеді бірақ бұл түбінде осы сатының мәні мен мазмұнына сәйкес емес. Әрине, судьяның қызметі негізгі болып есептеледі, сондықтан оның әрекеттері азаматтық іс жүргізу құқығының арнайы нормаларымен реттеледі. Бірақ әзірлік жүргізуге іске қатысушы тұлғалардың тікелей қатысы бар. Мысалы, тараптар Іс бойынша сотқа дәлелдемелер ұсынуға міндетті.
Әзірлеу сатысында дәлелдемелер ұсынуға жағдай жасалуына байланысты іс жүргізуге басқа да тұлғалар қатысуы мүмкін. Осылай, мысалы, сотта істі қарауға әзірлік жүргізу кезінде алғашқы, косымша және қайталама сараптама тағайындауға болады.
Іс жүргізуге қатысушылардың атқаратын рөлдері әр-түрлі. Судья заңмен бекітілген іс-әрекеттер жасауға тиіс. Егер Іс сот мәжілісінде қарауға тиісті түрде әзірленбесе, онда судья оны сот отырысында қарауға тағайындауға құқығы жоқ. Әзірленбеген іс заңсыз және негізсіз шешім шығаруға, сондай-ақ осы сотпен қабылданған шешімді бұзуға немесе өзгертуге әкеп соғады. Сотпен белгіленген дәлелдемелерді Іске қатысушылармен ұсынбауы олардың мүдделерін қанағаттандырмайтын сот шешімін шығаруға әкеледі. Басқа қатысушылар іске қажет болған жағдайда қатысады.
Азаматтық істерді қарап талап арызды (арызды, шағымды) қабылдағаннан кейін судья істі сотта қарауға әзірлеу жүргізеді және ҚР АІЖК-нің 168-бабына сәйкес ұйғарым шығарады.
Мына жағдайды ескерген жөн, егер жоғары түрған сот төменгі сот шешімін бұзып және істі жаңа сот қарауына жіберсе, осы іс бойынша істі жүргізуші судья жаңадан істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым қабылдау қажет.
Істі сотта қарауға әзірлеу заңмен белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс.
2. Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу бойынша іс
жүргізу әрекеттері
Істі сотта қарауға әзірлік жүргізуді әр турлі іске қатысушылар жүзеге асырады, бірақ процесте негізгі қызметті судья атқарады. Сондықтан ҚР АІЖК-і ІЭД-бабының талаптарына сәйкес істің мән-жайларын ескере отырып, істі сотта қарауға әзірлеу тәртібімен судья жеке-дара мынадай әрекеттерді жүргізеді:
- талап қоюшыдан ол мәлімдеген талаптардың мәні бойынша жауап алады, одан жауапкердің тарапынан мүмкін болатын қарсылықтарды анықтап алады, егер бұл қажет болса, қосымша дәлелдемелер беруді ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
- қажет болған жағдайларда жауапкерді шақырып алады, одан істің мән-жайлары бойынша жауап алады, талап қоюға қандай қарсылықтар бар екенін және бұл қарсылықтардың қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкін екенін анықтайды; айрықша күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсінік беруді ұсынады, жауапкерге оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
- іске тең талап қоюшылардың, тең жауапкерлердің
дербес талаптарсыз үшінші тұлғалардың кіруі туралы мәселені шешеді, сондай-ақ тиісті емес жауапкерді ауыстыру туралы мәселені шешеді;
- тараптарға дауды шешу үшін олардың аралық сотқа жүгіну құқықтарын және мұндай әрекеттің салдарын түсіндіреді;
- оның нәтижесіне мүдделі азаматтар мен ұйымдарға істі қараудың уақыты мен орны туралы хабарлайды;
- куәларды сот отырысына шақыру туралы мәселені шешеді;
- тараптардың өтінімі бойынша және өз бастамасы бойынша сараптама тағайындайды, сондай-ақ іске маманды, аудармашыны қатыстыру мәселесін шешеді;
- тараптардың өтініштері бойынша ұйымдардан немесе азаматтардан дәлелдемелер талап етеді;
- кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда іске қатысатын адамдарды хабарландыра отырып, жазбаша және заттай дәлелдемелерді сол жерде тексеруді жүргізеді;
- талап қоюды қамтамасыз ету туралы мәселені шешеді;
- талап қоюшының өтініші бойынша оның берген талап арызын (арызын) қайтару туралы ұйғарым шығарады;
- басқа да қажетті іс жүргізу әрекеттерін жасайды. Судья іс жеткілікті әзірленген деп тапса, оны сот отырысында қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады.
3. Сот хабарлаулары мен шақырулары
Істпі coтта қарауга әзірлеу соттысы істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым шығарудан басталады және істі сот отырысында қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарумен аяқталады.
Судья істі дайын болды деп тани отырып, оны сот отырысында қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады және осымен бір мезгілде тараптар мен процестің басқа да қатысушыларына істі қараудың орны мен уақыты туралы хабарлайды.
Іс бойынша тараптарды және басқа да іс жүргізуге қатысушыларды (куәларды, сарапшыларды, мамандарды және аудармашыларды) сот отырысының немесе жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасаудың уақыты мен орны туралы:
- соттың шақыру қағаздарымен (іске қатысушы тұлғалар және пошта арқылы) ;
- тапсырыстың хат арқылы;
- телефонограмма немесе жеделхат арқылы;
- хабарлау мен шақырудың жасалуын қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы хабарландырылуы немесе сотқа шақырылуы мүмкін, бірақ адамдардың сотқа уақтылы келуі және іске даярлануы үшін жеткілікті мерзімі болуы есептеле отырып жолдануға тиіс.
Тәжірибеде жиірек сот хабарлаулары мен шақырулар арасында соттың шақыру қағазы қолданылады. Соттың шақыру қағазы жіберілген азаматқа табыс етіліп, сотқа қайтарылура тиісті түбіршегіне оның өз қолы койылады. Ұйымға жіберілген шақыру қағазы оның өкіліне немесе басқару қызметін атқаратын тиісті адамра табыс етіледі, ол шақыру қаразының -түбіршегіне оны алғандығы жөнінде өзінің қызметін, тегін және аты-жөнін көрсетіп қол қояды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz