Қазақстанда құқықтық мемлекет құру
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .3
1 1.1 1995 ж ҚР Конституциясы: ҚР конституциялық құрылысы ... ... ... ... ... .5
1. 2 Конституцияның ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1. 3 Конституцияның мәні ... ... ... ... ... ... ... ...8
1. 4 Конституцияның ерекше белгілері ... ... ... 9
1.5 Қазақстан Республикасы Конституциясының принциптері ... ... ... ... ... ... .11
1. 6 Конституция . Қазақстан республикасының негізгі заңы ... ... ... ... ... ... ... 17
2 2. 1 Құқықтық мемлекет ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2. 2 Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны...19
2. 3 Құқықтық мемлекет негіздері ... ... ... .22
2. 4 Қазақстанда құқықтық мемлекет құру ... ... ... 23
2. 5 1995ж. ҚР конституциясындағы мемлекет пен құқықтың мәселелері ... ... 25
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ...26
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Қазақстан Республикасындағы Құқықтық реформа мемлекеттiк бағдарламасын (1994 ж.) орындаудың басты нәтижесi қоғам мен мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын айқындап берген, адам мен азаматтың негiзгi құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ мемлекеттiк институттардың жаңа жүйесiн бекiткен Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы (1995 ж.) болды. Конституциялық нормаларды дамыту үшiн "Қазақстан Республикасының Президентi туралы", "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы", "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы", "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы", "Республикалық референдум туралы", "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңдар, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығы және Қазақстанның ұлттық заңнамасының негiзiн құраған өзге де заң актiлерi қабылданды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының негiзiнде жаңа конституциялық құқық түзiлдi, оған сәйкес бiздiң мемлекетiмiз үшiн неғұрлым қолайлы президенттiк басқару нысаны берiк орнықты. Мемлекеттiк бiртұтас билiктiң үш тармаққа бөлiнуi жүзеге асты. Тұрақты жұмыс iстейтiн қос палаталы Парламент күннен-күнге жемiстi жұмыс iстеуде. Атқарушы билiктi нығайту және жетiлдiру жөнiнде шаралар қолданылды. Бiртұтас сот жүйесi құрылды, судьялардың тәуелсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылданды.
Жеке меншiк, азаматтық қоғам, еркiн кәсiпкерлiк қатынастарын реттейтiн азаматтық құқық одан әрi дами түстi. Қылмыстық құқықта адамның табиғи, ажырамас құқықтары мен бостандықтарының басымдығына негiзделген, қорғалуға тиiс әлеуметтiк құндылықтардың түбегейлi жаңа сатысы айқындалды. Әлемдiк қоғамдастықта орныққан принциптерге едәуiр сәйкес келетiн азаматтық iс жүргiзу, қылмыстық-iс жүргiзу және қылмыстық-атқару заңнамасы елеулi өзгердi.
Соттар мен құқық қорғау органдарының құқық қорғау қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған қайта құру реформаның маңызды құрамдас бөлiгi болып табылды.

1.«Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы». С.К.Амандықова.
Астана, 2001 жыл.[ 174б.]
2. «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы». Ғ.Сапарғалиев.
Алматы, 2004 жыл. [11-171-5б.]
3. «Қазақстан Республикасының Конституциясы» Астана 2007 жыл.[ 385б.]
4. «Салыстырмалы құқықтану негіздері »Табанов. Алматы, 2003 ж.[ 464б.]
5. «Құқық негіздері ».С.Д.Баққұлов Алматы, 2004 ж. [248 б]
6. Қазақстан республикасының Конституциясы. Алматы 1995 ж. 30 тамыз
7. Қалмырзаев Ә. Халықтың қуаты бірлікте. “Ата-заң арналары”. Егеменді
Қазақстан газеті. 1998 жыл. 27-тамыз.
8. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
9. Ашеулов А. Т.[97-99]
10. Ашеулов А. Т. [82-83]
11. Ашеулов А. Т. [99-101]
12. Сапаргалиев Г. Конституционное право Республики Казахстан. —
Алматы: Жеті жарғы, 1998. — [59-60б.] — 10000 экз.
13. Сапаргалиев Г. Конституционное право Республики Казахстан. [61-64]
14. ҚР Конституциясы. Алматы. – 1995ж 30 тамыз;
15. Указ Президента РК от 19 июня 1995г. «О порядке рассмотрений
обращений граждан» (Вести Казахстана от 24 июня 1995г.);
16. 1995 ж.19.06. «ҚР Үкіметі туралы» Конституциялық Заңы (1997ж.24.02.,
1999ж.06.05. түзетулер мен өзгертулер енгізілген):
17. Таранов В.В. Административное право РК. Алматы: Норма, К.-2002.[255с.]
18. Ибрагимов Х.Ю. Административное право РК. –Алматы: Данекер.-2000.[148 с.]
19. Сборник нормативных актов по административному праву РК. –Алматы:
Борки. –2004.[30 c]
20. Уваров Н.В. Государственная служба и управление. –Алматы. –2003.[296с.]
21. Административное право РК. Особенная часть. –Алматы: Жеті жарғы. –
1998.[ 272с]
22. А.Стамқұлұлы – Экологиялық аймақ. Алматы: Жеті жарғы, 1995ж.[205 б.]
23. Толковый словарь Конституции РК – Алматы: Жеті жарғы, 1996ж.[365с]
24. Уваров В.Н. Государственная служба. / В.Н.Уваров – Алматы: 1997ж.[224с.]
25. 1995ж 29 желтоқсандағы «Конституциялық Кеңес туралы»
конституциялық заңды күші бар ҚР Президентінің заңы. N 24, 173-құжат
26. О Президенте Республики Казахстан. Конституционный закон Республики
Казахстан от 26 декабря 1995г. №2733.
27. Баянов Е. ҚР мемлекет және құқық теориясының негіздері (10 бөлім 37 тарау).-Алматы, 2003ж.[258б.]
28. Ағдарбеков Т, А. Әлайдар. Оқу құралы. Құқық негіздері. – Алматы, 2008ж.[255-257 б.]

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 1.1 1995 ж ҚР Конституциясы: ҚР конституциялық
құрылысы ... ... ... ... ... .5
1. 2 Конституцияның
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 7
1. 3 Конституцияның
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...8
1. 4 Конституцияның ерекше
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.5 Қазақстан Республикасы Конституциясының
принциптері ... ... ... ... ... ... .11
1. 6 Конституция - Қазақстан республикасының негізгі
заңы ... ... ... ... ... ... ... 17
2 2. 1 Құқықтық
мемлекет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..18
2. 2 Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2. 3 Құқықтық мемлекет
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...22
2. 4 Қазақстанда құқықтық мемлекет
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2. 5 1995ж. ҚР конституциясындағы мемлекет пен құқықтың
мәселелері ... ... 25
3.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...27
Кiрiспе
Қазақстан Республикасындағы Құқықтық реформа мемлекеттiк бағдарламасын
(1994 ж.) орындаудың басты нәтижесi қоғам мен мемлекет дамуының
стратегиялық бағыттарын айқындап берген, адам мен азаматтың негiзгi
құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ мемлекеттiк институттардың жаңа
жүйесiн бекiткен Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы (1995
ж.) болды. Конституциялық нормаларды дамыту үшiн "Қазақстан Республикасының
Президентi туралы", "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның
депутаттарының мәртебесi туралы", "Қазақстан Республикасының Үкiметi
туралы", "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi
туралы", "Республикалық референдум туралы", "Қазақстан Республикасындағы
сайлау туралы" конституциялық заңдар, Қазақстан Республикасы Президентiнiң
"Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң
күшi бар Жарлығы және Қазақстанның ұлттық заңнамасының негiзiн құраған өзге
де заң актiлерi қабылданды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының негiзiнде жаңа
конституциялық құқық түзiлдi, оған сәйкес бiздiң мемлекетiмiз үшiн неғұрлым
қолайлы президенттiк басқару нысаны берiк орнықты. Мемлекеттiк бiртұтас
билiктiң үш тармаққа бөлiнуi жүзеге асты. Тұрақты жұмыс iстейтiн қос
палаталы Парламент күннен-күнге жемiстi жұмыс iстеуде. Атқарушы билiктi
нығайту және жетiлдiру жөнiнде шаралар қолданылды. Бiртұтас сот жүйесi
құрылды, судьялардың тәуелсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар
қабылданды.
Жеке меншiк, азаматтық қоғам, еркiн кәсiпкерлiк қатынастарын реттейтiн
азаматтық құқық одан әрi дами түстi. Қылмыстық құқықта адамның табиғи,
ажырамас құқықтары мен бостандықтарының басымдығына негiзделген, қорғалуға
тиiс әлеуметтiк құндылықтардың түбегейлi жаңа сатысы айқындалды. Әлемдiк
қоғамдастықта орныққан принциптерге едәуiр сәйкес келетiн азаматтық iс
жүргiзу, қылмыстық-iс жүргiзу және қылмыстық-атқару заңнамасы елеулi
өзгердi.
Соттар мен құқық қорғау органдарының құқық қорғау қызметiнiң
тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған қайта құру реформаның маңызды құрамдас
бөлiгi болып табылды.
Судьялар корпусын жасақтауда билiктiң барлық тармақтары мен судьялар
қоғамдастығын қатыстыра отырып, судьяларды ғұмыр бойына тағайындау тәртiбi
енгiзiлдi, олардың мәртебесi мен қамтамасыз етiлу деңгейiн көтеретiн басқа
да шаралар iске асырылды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясына сәйкес қылмыстық
iстер бойынша анықтау мен алдын ала тергеудi арнайы органдар жүргiзедi әрi
олар сот пен прокуратурадан бөлiнген. Iшкi iстер органдарын оларға тән емес
функциялардан босату мақсатында өртке қарсы күрес қызметi бұл органдардың
құрылымынан шығарылды. Қылмыстық-құқықтық статистика жүргiзу қызметi iшкi
iстер органдарынан өзiне берiле отырып, Қазақстан Республикасының Бас
прокуратурасы жанынан Құқықтық статистика және ақпарат орталығы құрылды.
Сонымен қатар Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнен, Қорғаныс министрлiгiнен, iшкi
iстер органдары мен кеден органдарынан тиiстi сараптама бөлiмшелерiнiң
берiлуi есебiнен Қазақстан сот сараптамасы ғылыми-зерттеу институтының
базасында "Әдiлет министрлiгiнiң Сот сараптама орталығы" құрылды.
Қазақстандық құқықтық жүйенiң қоғамның әлеуметтiк-экономикалық және
қоғамдық-саяси өмiрiн уақ реттеуден, құқық қорғау органдары қызметiнiң
жазалау-қуғындау әдiстерiнен, сот iсiн жүргiзудегi айыптауға бейiмдiктен
және мемлекет пен жеке меншiк иесiнiң өзара қарым-қатынастарындағы
мемлекеттiк мүдделер басымдығынан арылуы жүрiп жатыр.
Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы
жұрт таныған принциптерi мен нормаларына сәйкес елдiң құқықтық жүйесiнiң
жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қолданыстағы заңнама одан әрi дамытуды,
атап айтқанда қолданыстағы заңдарды кезең-кезеңiмен жетiлдiрудi, сондай-ақ
қажет жағдайда қоғамды одан әрi демократияландыру талаптарына және оны
әлеуметтiк-экономикалық дамыту мiндеттерiне сай келетiн жаңа нормативтiк
құқықтық актiлер қабылдауды талап етедi.
Құқықтық реформаның қорытындыларын талқылау нәтижесiнде қоғамда
Конституцияның негiзiнде құқықтық жүйенi қарышты дамыту қажеттiгi туралы
пiкiр үстемдiк алды. Қазақстан Республикасының Конституциясы қажеттi
құқықтық әлеуеттi қамтиды, ол оның құқықтық нормаларында ғана емес, оның
құқықтық идеялары мен принциптерiнде де тұжырымдалған. Конституцияның
құқықтық идеялары Қазақстанда демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтiк мемлекет институттарын нығайтуға бағытталған заңнамалық, ұйымдық
және басқа шараларда жүзеге асуға тиiс.
Құқықтық мемлекеттiң конституциялық идеялары заңнаманың құқық,
әдiлеттiлiк, гуманизм идеяларын арқау ете түзiлуiнде, құқықтық тәртiптi,
адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының материалдық, ұйымдық-
құқықтық, саяси кепiлдiктерiн нығайтудың пәрмендi құралдарының жасалуынан
көрiнiс табуға тиiс. Сонымен қатар өзiнiң конституциялық мiндеттерiн
қалтқысыз орындауға тиiс мемлекеттiк қызметшiлердiң, өзге де азаматтардың
жауапкершiлiгiн арттыру керек. Әлеуметтiк мемлекет конституциялық идеясын
iске асырудың аса зор маңызы бар. Бұл жұмысты бiрiншi кезекте жеке адамның
өзiн-өзi танытуы мен экономикалық еркiндiгiне қажеттi жағдайлар жасауға,
әлеуметтiк өмiрдiң салаларын үйлестiруге патернализмге, қоғамның жiкке
жарылуына, түрлi әлеуметтiк топтардың бiр-бiрiне қарсы тұруына жол бермей,
қоғамның әлеуметтiк жағынан шетiн топтарына көмек көрсетуге тиiс
мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
І 11 1995 ж ҚР Конституциясы: ҚР конституциялық құрылысы
Заң ғылымында Конституция деп жоғарғы заңдық күшке ие және қоғамдық
құрлыс пен мемлекеттік құрылым, мемлекет пен тұлға арасындағы өзара
байланыс, мемлекеттік орган жүйесінің қызметі мен ұйымдастырылу негізін
бекітетін негізгі заң түсіндіріледі.
Қазақстанның жаңа конституциялық заңының қалыптасу тарихы өзінің
бастауын 1990 жылы 24 сәуірдегі Президенттің қызмет орнын белгілеу туралы
Қазақ КСР-ның заңымен Қазақ ССР Конституциясына өзгеріс енгізу кезеңінен
басталады. Бұл заң Конституцияға бұрын талай енгізілген өзгерістердің
қатарына жатпайды. Атанған заң мемлекеттің басқару жүйесіне айтарлықтай
өзгеріс әкелді. Президенттң қызмет орны республикада жүргізіліп жатқан
терең саяси және экономикалық қайта құруларды қамтамасыз ету,
конституциялық құрлысты нығайту мақсатында белгіленеді.
Конституциялық заңдардың қалыптасуының екінші кезеңі 1991 жылы 10
желтоқсанда Қазақ Советтік Социалистік Республикасы атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаумен басталады.
ҚР Конституциялық заңының қалыптасуының үшінші кезеңі 1993 жылы
қаңтарда Жоғарғы Кеңеспен жаңа Конституцияны қабылдаумен басталады. Бұл
құқықтық акт Қазақстанның мемлекеттік және құқықтық құрлысын жаңаша
анықтады. Конституция мемлекеттік егемендік жарияланған кезеңнен бастап
қабылданған көптеген құқықтық нормаларды, конституциялық заңдардың
принциптері мен идеяларын қабылдады.
Конституциялық заңдардың қалыптасуының төртінші кезеңі 1995 жылы
Конституцияны қабылдаумен байланысты. Онда енді КСРО мен Қаз КСР-ның
Конституциясы мен заңдарына болмады. Заңдарды конституциялық нормаларға
сәйкес келтіру-заң шығару органының міндеті. Президенттік басқару жүйесі
бекітілді, қос палаталық Парламент нығайтылды, Конституциялық сот
Конституциялық кеңеспен ауыстырылды және ол енді сот органы болмады. Сот
жүйесі реформаланды, құқық қорғау органдары қайта құрылды. Бұл кезең әлі
жалғасуда. Негізінен президенттік басқару жүйесінде бекітілген жоғарғы және
жергілікті мемлекеттік билік органдарын қайта құру аяқталды.
ҚР Конституциясы келесі заңдық қасиеттерді иеленеді:
1. Бұл құқықтық акт, заң. ҚР Конституциясы-бірыңғай ерекше заңдық
қасиетке ие құқықтық акт, оның көмегімен халық қоғам мен мемлекеттің
құрылымының негізгі принциптерін құрады, мемлекеттік биліктің
субъектілерін, оны жузеге асыру механизмі анықтайды, мемлекет қорғайтын
адам мен азамат құқығын бекітеді.
2. Заңдық жоғарылығы. Конституцияның жоғарылығы конституциялық
құрлысты нығайтады, яғни мемлекетің Конституцияға, құқыққа бағынуы.
Конституция барлық басқа нормативтік актілерге қатысты жоғарғы заңдық
күшке ие. Сондықтан заңдар және басқа құқықтық актілер Конституцияға қайшы
келмеуі керек. Бұл оны қорғаудың ерекше құралымен кепілделінетіндігінен
байқалады. Конституцияға қайшы келетін актілер өзгертіледі немесе онымен
сәйкестендіріледі.
3.Ағымдағы заңның базасы болады. Нақ Конституция құқық шығармашылық
процессін анықтайды-әр түрлі органдар қандай негізгі акт қабылдайтындығын,
олардың атауын, заңдық күшін, заңдардың қабылдану тәртібі мен процедурасын
бекітеді.
4. Қабылдау және өзгертудің ерекше тәртібі. ҚР Конституциясына
өзгерістер енгізумен қайта қарау үшін ерекше, күрделі тәртіп бекітілген. ҚР
Конституциясы 1995 жылы бүкіл халықтық дауыс беру жолымен қабылданды және
қатаң конституциялардың қатарына жатады.
Конституциялық құрылыс – бұл мемлекетті құқыққа бағындыруды қамтамасыз
ететін және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын мемлекетті
ұйымдастыру формасы.
Демократиялық конституциялық мемлекетте қоғам бір уақытта мемлекетті
басқарушы ретінде және өзін реттеуші жүйе ретінде өзін реттеуші азаматтық
қоғам мен оның қажеттілігінен тәуелді болады.
Әрекет ететін Қазақстан Конституцияда ҚР Конституциялық құрлысының
концепциясының негізіне Конституцияның 2 бөлімінің 1 бабаында бекітілген
негізгі принцип гуманистік идея қойылған: қоғамдық келісім және саяси
тұрақтылық, бүкіл халық игілігіне экономикалық даму, қазақстандық
патриотизм, мемлекеттік өмірдің маңызды сұрақтарын шешуде демократиялық
әдістер қолдану бұған референдумда және Парламентте дауыс беру де кіреді.
ҚР Конституциялық құрлысына қоғамда қалыптасқан қоғамдық қатынастың
бүкіл жүйесі кіреді. Оның нығаюында Қазақстан Республикасының бүкіл құқық
саласы мен заңдары қатысады.
ҚР Конституциясына сәйкес (1 б) Қазақстан Республикасы өзін
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекітеді.
1. Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет деп жариялайды
(ежелгі грек сөзі демократия аударғанда халық билігі). Оның демократиялық
сипаты келесіден көрінеді: онда халық билігін қамтамасыз ету; биліктің заң
шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінуі; идологиялық және саяси
алуандылық; меншіктің барлық формасын тану және тең қорғау.
Демократиялық мемлекетте биліктің бірден-бір бастауы және қорғаушысы
халық болады. Бүкіл биліктің қорғаушысы халық деп тану халық егемендігін
көрсетеді. Халық егемендігі халықтың толық билігін көрсетеді., яғни қоғам
мен мемлекеттің істерін басқаруға халықтың шынайы қатысуы үшін халықтың
әлеуметтік-экономикалық және саяси құралдарды иеленуі.
Халық өзінің билігін тікелей республикалық референдум және сайлаумен
қатар, мемлекеттік билік органдарына делегат жіберу арқылы жүзеге асырады.
2. Құқықтық мемлекет. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес
Қазақстан өзін құқықтық мемлекет деп бекітеді. Құқықтық мемлекет
мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар
түгелімен бағынуға міндетті әрекет ететін құқықтық нормалармен өзін
шектеумен сипатталады. Осыған байланысты құқықтық мемлекеттің жұмыс
істеуінің негізгі принципі құқық жоғарылығы болып табылады. Бұл ең алдымен
конституция мен заңдардың жоғарылығын көрсетеді.
Құқықтық мемлекеттің мәні – оның жүйелі демократизмі, билік көзі
ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекетті қоғамға бағындыру құқықтық
мемлекет болып өзінің міндетті ерекшелік қасиетін танитын және билікті бөлу
институтын, соттың тәуелсіздігін, басқарудың заңдылығын, азаматтардың
құқығын мемлекеттік биліктің бұзуынан оларды құқықтық қорғауды танитын
мемлекет есептеледі. Құқықтық мемлекеттің басты идеясы құқықтық мемлекетпен
байланысты болуы, оның әрекеті болжау және сенімділік кепілдеуі,
азаматтарды мемлекет пен оның органдары тарапынан болуы мүмкін зорлық-
зомбылықтан қорғау.
3. Әлеуметтік мемлекет. Әлеуметтік мемлекет – бұл әлеуметтік саясаты
адамның өмір сүруі мен оның еркін дамуына материалдық қатынастың еркін
дамуына, ақталмаған әлеуметтік айырмашылықты жеңуде лайықты қамтамасыз
етуге бағытталған мемлекет.
Әлеуметтік мемлекет өзінің әр бір азаматына адамға лайықты тіршілік
минимумын қамтамасыз етуге ұмытылады және осыған байланысты әр бір есейген
адамның өзін және өзінің отбасын асырауға ақша табу мүмкіндігі болуы қажет.
Егер әр түрлі себептерге байланысты мұндай мүмкіндік жүзеге асырылмаса және
адам қажеттілігі тиісті деңгейде қанағаттандырылмаса ғана мемлекет
араласады.
Әлеуметтік мемлекеттің маңызды бір мақсаттарының бірі әлеуметтік
теңдікті қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік теңсіздікке
қарсы тұру құралы әлеуметтік қамтамасыз ету.
4. Зайырлы мемлекет. Зайырлы мемлекет мемлекеттің шіркеуден
бөлінгендігін, олардың қызмет шеңберін шектелгендігін (сонымен қатар мектеб
те шіркеуден бөлінген, бұл мемлекеттік құрылымның зайырлылық сипатымен
қамтамасыз етіледі), сондай-ақ қандай да бір діннің мемлекеттік немесе
міндетті болып бекітілуіне тиім салынудан көрінеді.
Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет ретінде діни ұйымдардың
мемлекеттен бөлінгендігімен сипатталынады. Мемлекет ісіне діни қоғамдық
ұйымдардың араласуына жол берілмейді және мемлекеттік органдардың діни
ұйымдардың ісіне араласуына жол берілмейді.
1 2 Конституцияның ұғымы
Конституция ұғымын ерте заманда Грецияда Аристотель қалыптастырған
болатын. Ол кезде Конституция деген сөз саяси құрылыс ұғымын
білдіретін. ХҮІІ ғасырда Францияда бұл сөз рентаны, рента шартын бейнеледі.
Ұлы француз төңкерісі қарсаңында Конституция сөзі Мемлекеттің жай-күйі
ұғымын танытты. Конституция сөзі латынның constitutio – бекіту, орнату
деген мағынаны білдірді. Рим империясы заңдарында императорлардың құқық
көздеріне айналған түрлі нұсқаулары мен жарлықтарын білдірді. Орта
ғасырларда феодалдық еркіндік туралы құжаттар осылай атала бастады.
Ең алғашқы конституциялық типтік актілер Англияда қабылданған
болатын. Ұлыбритания, Жаңа Зеландия жазбалы емес конституциялары бар
мемлекеттер. Оның жазбалы емес конституция деп аталуы ХІІІ – ХХ ғасырларда
қабылданған көптеген актілер, соның ішінде сот үрдістері (прецедент), әдет-
ғұрып (конституциялық келісім) жататындығынан. Бұлардың бәрі бір-бірімен
байланысы жоқ, белгілі бір жүйеге келтірілмеген, сондықтан тұтас акті
ретінде қалыптаспаған.
Ең алғашқы жазбалы Конституцияны (ішкі құрылымдарға бөлінген бірыңғай
негізгі заң) АҚШ – тікі деп атауымызға болады, ол 1787 жылы қабылданып, осы
уақытқа дейін қолданылып жүр. Еуропадағы жазбалы конституциялар Польша мен
Францияда 1791 жылы қабылданған болатын.
Конституцяның ерекше белгілерін айқындай отырып, құқықтанушылар, оны
ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте ең жоғары
заңдық күші бар құқық нормаларының жүйесі, ол бір жағынан адам мен
қоғамның, екінші жағынан адам мен мемлекеттің арасындағы қатынастар
негізін, сонымен бірге мемлекеттің өзінің ұйымдастыру негіздерін қоғамдық
және конституциялық құрылыстың негіздерін, адам мен азаматтың негізгі
құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі
басқару буындарын ұйымдастыру және олардың қызметі қағидаттарын бекітуші
әрі реттеуші Негізгі Заң ретінде тұжырымдайды. Сондықтан Қазақстан
Республикасының Конституциясы елімізде қолданылып жүрген барлық заңдардың
іргетасын қалайды, оның заңдарының заңы болуы шындық, ақиқат. Құқық
қалыптарының бұл жүйесі заң салаларына қағидаттық қалып болып табылып,
құқық реттегіштің базасына айналады. Ал, ағымдағы заңдар осы конституциялық
қағидат қалыптарын әрі қарай дамытушы күш ретінде есептеледі.
1 3 Конституцияның мәні
Конституцияның мейлінше көп тараған мағынасы – ең жоғарғы құдіретті
күші бар заң немесе заңдар деген ұғымда қолданылады. Конституцияның
құдіретті күштілігі мынадан айқын көрінеді: біріншіден, оның нормалары өзге
заңдардың тұжырымдарынан айрықша басымдылықта болады, екіншіден, жай заңдар
және оған тәуелді нормативтік актілер осы конституцияда айқындалған
органдар арқылы конституциялық процедураға сай қабылданулары тиіс,
үшіншіден, төменгі деңгейдегі нормативтік актілер Ата заңымыздың
нормаларына сәйкес болуы керек.
Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы Төртінші Ата заң
(1937, 1978, 1993, 1995 жж.) Кейінгі екеуінің алдыңғылардан елеулі
айырмашылығы сол – бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздікті, егемендікті
және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырады.
Кейінгі Ата заңда (1995 ж.) құқықтық мемлекеттің қалыптастырылу бағыттары,
азаматтардың құқытары мен бостандықтары, соның ішінде жеке адамның жан-
жақты қалыптасуына қажетті экономикалық еркіндігі, идеологиялық пен саяси
әр алуандығы, халық билігін жүзеге асырудың демократиялық амалдары,
экономикалық қатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға сай бейнеленеді.
Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының мәтінінен байқағандай, оның
нормалары ұзақ жылдарға бейімделген, тұрақты, жалпы мәндес болулары тиіс.
Ал, Конституцияның өзі референдумда (Қазақстан Республикасы, Ресейде,
Францияда, т.б. елдерде сияқты) немесе басқаша да қабылдануы мүмкін. Оның
іс жүзіне енгізілуі біржақты – мемлекет басшысының актісі арқылы болуы да
мүмкін. Конституцияға құқықтық акт ретінде ғана емес, оны бүкіл
қоғамымыздың әділеттілік адамгершілік бағытын ұстаушы қалып ретінде
қарауымыз керек. Өзінің мәні жағынан конституция ол қабылданған кездегі
саяси күштердің арақатынасын көрсетуші қоғамның әр түрлі бөліктерінің саяси
мүдделері тоғысқан бейнебір қоғамдық шарт маятнигі болып табылады. Мұндай
қоғамдағы үйлесімсіз ешқандай құқықтық тәртіптің орнығуы мүмкін емес.
Конституцияның мәні оның қызмет ету сипаттамасынан айқын көрінеді. Ол
үш негізгі қызметті: заң (құқықтың басты қайнар көзі ретінде), саяси
(мемлекеттің құрылысын) және идеологиялық (қоғамның алтын қазынасын – адам
және адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын) дәріптеуші қызметін
атқарады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық заң салаларының заңдық
базасы болып табылады, ал оның нормалары басқалары үшін нормалық принцип
болып есептеледі. Қазіргі кездегі Қазақстандағы құқық жүйесінің қалыптасуы
еліміздегі құқықтық мемлекет құру бағытымен ұштастырылуда. Сондықтан
еліміздің Ата заңының мәні мен оның алатын орны барған сайын жоғарылауда.
1 4 Конституцияның ерекше белгілері
Қоғамдық қатынастардың конституциялық құқытық реттілігінің дамуын
мінездейтін әлемдегі мынандай үш ерекшелікті атап көрсетуге болады.
1. Конституцияларды, жалпы алғанда конституциялық құқықты тұрақты
социализацияландыру көрініс табуда. Дүние жүзіндегі алғашқы конституциялар,
әдетте, саяси сферамен шектелген. Олар жеке (азаматтық) және саяси құқықтар
мен бостандықтарын уағыздаған. Тек, ерекше жағдайда ғана құқық меншігін
(мәні жағынан әлеуметтік-экономикалық тұрғыда) мәлімдеген.
ХХ ғасырдағы әлеуметтік шиеленістердің нәтижесінде конституцияға
бүкіл қоғамдық құрылысты реттеудің белгілі бір нысандарын (саяси,
әлеуметтік-мәдениет жүйелерін қосқанда) енгізу қажеттігі талап етілді.
Осындай дәстүрді іс жүзінде енгізіп, нығайтуға социалистік деп аталатын
елдердің (КСРО) конституциялары көп әсерлерін тигізді.
Алғашқы жылы кеңестік конституциялары Қазан революциясынан кейін
пайда болды.
2. Конституциялық құқықты демократизацияландыру. Бұл тенденция барлық
жерлерде сайлаудың жалпыға бірдей, тең және төтелігінен туындайды. Өйткені,
біз, Республика Президентінің, Парламент Мәжілісінің, Сенатының және
мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
мүшелерін жасырын дауыс беру жағдайында, лауазымына қарамастан, тек
Қазақстан Республикасының Сайлау туралы Конституциялық заңы негізінде
ғана өткіземіз. Бұдан да басқа қазіргі кездегі, өз егемендігімізді алғаннан
бері дүниеге жаңа демократиялық институттар келіп, дами бастады. Солардың
бірі - әкімшілік пен конституциялық әділеттілік, адам құқығы жөніндегі
мемлекеттік ұйымдар, т.б.
3. Конституциялық құқықты интернационализациялау. Бұл тенденцияның басты
өзегі әрбір демократиялық мемлекеттің Ұлттық конституциялық құқығының
халықаралық құқықпен жақындасып, олардың арасындағы алшақтықтың бірте-бірте
жойылуы. Жеке мемлекеттің конституциялық құқық мәселесіндегі айтарлықтай
жетістіктері халықаралық деңгейде қорытындылап, олар халықаралық актілерге
пактілер, конвенциялар, және т.б. түрінде енеді. Мұнын өзі әрбір
мемлекеттің ұлттық заңдарына тиісті демократиялық конституциялық құқықтық
институттарды кіргізуге өз әсерін тигізеді деген сөз. Қазақстан
Республикасының Конституциясындағы Республика бекіткен халықаралық
шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт
бойынша оны қолдану үшін заң шығару, талап етілетін жағдайдан басқа
реттерде, тікелей қолданылады және барлық заңдар, Республика қатысушы
болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына,
бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми
түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады, делінген
тұжырымдар осының куәсі. Демек, біздің Ата заңымызда тікелей көрсетілмесе
де, тек республика бекіткен халықаралық шарттар ғана өзіміздің құқықтық
жүйелердің, құрамдас бөлігі деп есептеуімізге күмән жоқ..
Мемлекеттік құқық ғылымында конституция терминін материалдық және
формальды негізінде түсіндіреді. Материалдық мәні ретінде конституция – бұл
жазбалы акт, актілердің жиынтығы немесе конституциялық әдет-ғұрыптар.
Мұндай материалдық мәнінде термин конституция өмірде аз қолданылады.
Көбінесе, біз конституцияны формальды мәнінде, яғни заң немесе заңдардың
топтары ретінде, өзге нормативтік актілермен, заңдармен салыстырғанда оның
ең жоғары күші бар екендігін түсінеміз. Демек, конституцияны бұл тұрғыда
заңдардың заңдары немесе Ата заң деп түсінуіміз қажет.
Конституция түсінігн заңды (юридикалық) конституция және нақтылы
(фактически) конституция жүктеулерінен ажыратуымыз қажет. Заңды конституция
– бұл қоғамдық қатынастарды реттейтін белгілі бір құқықтық нормалардың
жүйесі. Нақтылы конституция болса, ол өмір өзегінен туындайтын қатынастар.
Яғни, мұндай конституция өмірмен тығыз байланыста болып, одан алшақтамауы
тиіс. Былайша айтқанда, ол өмір шындығы, өмір ақиқаты.
Қазақстан Республикасының конституциялық құығы деп Қазақстан
Республикасы аумағында әрекет ететін, қоғамның құрылысы негіздерін және
мемлекеттік билікті ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілер
ұғынылады.
Конституцияның сыртқы заң күші бар және ол республиканың барлық
аумағында тікелей қолданылады. Барлық басқа бастаулар конституция
нормаларынан шығады және оған қайшы келмеуге тиіс.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – басқа ұлттық құқықтық
қайнар көздеріне қарағанда ең жоғарғы заң күші бар, мемлекеттік және
қоғамдық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтарын,
бостандықтары мен міндеттерінің негіздерін, сонымен қатар жергілікті өзін-
өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет принциптерін
бекітетін және реттейтін мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы.
1 5 Қазақстан Республикасы Конституциясының принциптері
Құқықтық принциптер мемлекеттік органдардың, азаматтардың, олардың
бірлестіктерінің, лауазымды адамдардың қызметін үйымдастырудың белгілі бір
бағыттарын қарастыратын құқықтық нормативтік идеялар болып табылады.
Конституциялық принциптер Конституцияда және конституциялық құрылысты, оның
қызметін ұйымдастыру бағытын анықтайтын құқықтық нормативтік идеялар.
Конституциялық принциптер Конституция қабылданар кезеңде қалыптасқан
экономикалық, саяси, әлеуметтік, этникалық факторлармен және мемлекет пен
қоғам дамуының стратегиялық идеяларымен қамтамасыз етіледі. Әлем таныған
халықаралық құқық нормаларын да назардан тыс қалдыруға болмайды. Республика
конституциясында Қазақстан халықаралық құқық принциптері мен нормаларын
құрметтейтіндігі атап айтылған. Қазақстан Республикасы Конституциясы
нормаларын талдау нәтижесі бойынша конституциялық принциптерді екі топқа
бөлуге болады:
Конституцияда айқындалған принцип
Конституцияда айқындалмаған принцип. Бұл принцип конституциялық
қағидаларды талдау аясында рәсімделеді.
Конститтуция Қазақстан Республикасының қызметіне негіз боларлық
принциптерді орнықтырады. Қазақстан Республикасы қызметіне негіз боларлық
принциптер туралы конституциялық ереже Қазақстан мемлекетіне, оның
органдарына және Қазақстан қоғамына, оның қоғамдық саяси институттарына
арналады.
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық келісім принципі бірінші орында
тұрады. Өйткені қоғам әртүрлі топтарға, ұлттарға, тектерге, конфессияларға
бөлінеді. Сондықтан қалыпты қоғамдық келісімнің маңызы айрықша. Мемлекеттік
органдардың құқық қорғаушылық қызметінің де қоғамдық келісімді нығайтуға
қосар үлесі зор. Мемлекет қоғамдық саяси бірлестіктерден қоғамдық келісімді
бұзуға бағытталған әрекеттерге жол бермеуді талап етеді. Қоғамдық келісімді
қолдау мемлекеттің, оның органдарының ғана емес, сондай ақ қоғамдық саяси
институттардың, тұтастай қоғамның міндеті.
Бұл орайда Қазақстан Респуликасындағы жағдай қанағаттанарлықтай.
Азаматтардың олардың қоғамдық бірлестіктерімен ұйымдарының сан мыңдаған
ұсыныс тілектерін ескере отырып, Республикалық Референдум өткізу:
референдумға ерікті түрде қатысу және азаматтардың өз қалауын еркін айту.
Жабық сайлау кезінде референдумға азаматтардың жалпыға ортақ, тең және
тікелей қатысу құқығы.
Жариялылық принциптеріне негізделеді.
Парламенттің қызметі демократиялық әдістер негізінде жүзеге
асырылады. Оның Палаталарының құзыретіне жататын барлық мәселелер, тұтас
алғанда, ашық қарау, талқылау, дауыс беру жолымен шешіледі. Конституциялық
Кеңес, Үкімет, орталық атқарушы органдар өз қызметтерінде демократиялық
әдістерді кең қолданады.
Билікті бөлу принципі конституциялық құрылыс негіздерінің бірі
ретінде Конституцияның мемлекеттік органдардың жүйесі мен құзыретін,
олардың өзара өкілеттік шегін бекіткен көптеген қағидаларында көрініс
тапты.
Мемлекеттік биліктің жоғарғы сатысында билік бөлу принципін
қамтамасыз ету үшін ҚР Конституциясы бөлу принципін билік тармақтары
арасында іс жүргізуді шектеу принципі мен ұштастыруды көздейді. ҚР
Конституциясына тән сипат, онда іс жүргізудің түпкі билігі Парламентке
бекітілген. Парламент, оның Палаталары Сенат және Мәжіліс өз қызметін тек
Конституцияда көрсетілген өкілеттік шеңберінде ғана жүргізеді. Ал Үкіметтің
өкілеттігіне келсек, Конституция бойынша оған олардың кейбіреуі ғана
берілген Оның Президенттің заңдары мен актілері арқылы жүктелген басқа да
қызметтерді атқаратындығы көрсетілген.
Билік бөлу принципін барлық билік тармақтарының тәжірибесін байыту
есебінен жетілдіруге болады. Судьялардың жұмысы принциптерін арнайы атау ол
билік тармақтарының бірі болғандығы үшін ғана емес, сонымен бірге құқықтық
мемлекетте азаматтардың құқығын, бостандығын және заңды мүдделерін қорғауда
айрықша мәнге ие болатындығымен де маңызды.
Қазақстан Республикасының Конституциясында Конституцияның үстемдік
принципі Ресей Федерациясы Конституциясындағы сияқты (4б, 2т) тікелей
дараланбаған. ҚР бүкіл аумағында Конституцяның үстемдік принципі әр қилы
ісер етеді. Ең алдымен ол Қазақстанда конституциялық құрылысты
орнықтырудан, құқықтық мемлекет құруға ұмтылудан көрінеді. Конституцияның
үстедігін тану мемлекеттің Конституцияға, задарға бағыну идеясын білдіреді.
ҚР Конституциясында республика өзін құқықтық мемлекет ретінде бекітті деп
жазылған.
Конституцияның үстемдігі, сондай ақ оның басқа да принциптерімен,
нормаларымен бүкіл мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің,
лауазымды адамдардың және азаматтардың қоғамдық өмірінің барлық
салаларындағы қызметінің сәйкестендірілуі тиістігін білдіреді. Қазақстан
Респуликасы Конституциясының үстемдігі принципінде мемлекеттік құрылымның
біртұтас нысандары бейнеленеді. Біртұтас Қазақстан мемлекеті
Конституциясының үстемдігі Республиканың барлық аумағында бірдей жүреді.
Аумақтық тұтастық, оның бөлінбейтіндігі туралы қағида ҚР Конституциясының
нақ лсы үстемдік принципіне негізделген.
Жалпы ұлттық келісім, қоғамдық саяси тұрақтылықты нығайту мақсатында
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1997 жылды жалпы ұлттық
келісім және саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жариялау
туралы жарлық шығарды. Жалпыұлттық келісім жылын өткізуде саяси партиялар,
ұлтық мәдени орталықтар, қоғамдық және діни бірлестіктер белсенді рөл
атқарды. Олар қоғамдық келісімді, қоғамдық саяси тұрақтылықты нығайту
бағытында бірлескен акциялар өткізуді көздейтін өзара келісімдерге қол
қойды.
Республика қызметіне негіз болатын маңызды принциптердің бірі – елдің
саяси тұрақтылығын орнату принципі. Қоғамдық келісім сияқты, саяси
түрақтылықта та, мемлекеттің, қоғамның, олардың институттарының үздіксіз,
ойластырып жүргізген жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асырылады. Қазақстан
Респуликасы Конституциясы қоғамның барлық мүшелерін біріктіре алатын және
саяси құқықтық мұраттарды әлеуметтік мәдени құндылықтарды қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы мемлекеттік құрылым
саласында және мемлекеттілік сипатында мұраттар бірлігін қалыптастыруға
қолайлы жағдай жасады.
Қазақстан Республикасының қызметі экономикалық дамуға бағытталуы
тиіс. Қоғамды гүлдендірудегі шешуші мәніне орай экономикалық принцип
негізгі принциптердің бірі болып табылады. Осы принципті орнықтыра отырып,
Конституция, біріншіден, мемлекеттің, қоғамның экономикасын дамытуда алатын
орны мен жауапкершілігін атап көрсетеде. Мемлекеттің жеке экономикалық
қатынастар саласындағы қатал, байыпты да батыл реттеушілік қызметінсіз,
сондай ақ экономиканың мемлекеттік секторларын жан жақты реттеп, қатаң
басқармайынша экономиканы дамыту мүмкін емес. Екіншіден, Конституция
экономикалық қатынастарды жолға қойып, экономиканы дамытуда азаматтық
қоғамның өзінің де алатын орнын мойындайды.
Конституция Қазақстандық патриотизм принципін негізгі принциптердің
бірі ретінде есептейді. Патриотизм Қазақстан азаматтарының өз Отанына деген
сүйіспеншілігімен берілетіндігін, оның өмірінің барлық салаларында саяси,
экономикалық, мәдени салаларда табысқа жетуіне, оның қуатының, қорғаныс
қабілетінің артуына, халықаралық аренада беделінің нығайюына ықпал ету
идеясы, сезімі мен әрекетін білдіретін принцип болып табылады. Қазақстандық
патриотизм Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі принциптерінің бірі
ретінде бекітілгендіктен мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, қоғамдық
бірлестіктер мен азаматтар оны басшылыққа алуы тиіс.
Мемлекет өміріндегі мейлінше маңызды мәселелерді демократиялық жолмен
шешу Қазақстан Республикасы қызметіндегі ерекше орнынға ие, соған орай
демократиялық принцип негізгі принцип болып табылады. Крнстититуция
мемлекет өмірі мәселелерін демократиялық жолмен шешудің бірқатар әдістерін
қарастырған. Ол мемлекет өміріндегі маңызды мәселелерді халықтың өзінің
республикалық референдум арқылы шешуінде көрініс табады. ҚР Президентінің
1995 жылы 02.11 Респуликалық референдум туралы жарлығында бүкіл халықтық
дауыс беруге шығарылуға мүмкін мәселелер тізімі келтірілген. Бұл мәселелер
Республика Конституциясында, конституциялық заңдарында, олпарға өзгерістер
мен толықтырулар енгізілген зңдарда қабылданған. Референдумға мемлекет
өмірінде шешілуге тиісті басқа да маңызды мәселелер шығарылды.
ҚР Конституциясының жоғары заңдылық күші және нормаларының тікелей
қолданылу принципінің мазмұны оның үстемдігі принципімен салыстырғанда
басқашалау. ҚР Конституцясының жоғары заңдық күші, ҚР қабылданатын заңдар
және басқа да құқықтық актілердің ҚР Конституциясына қайшы келмеуін,
жоғарыдан төменге дейінгі мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар,
жергілікті өзін өзі басқару органдары, сондай ақ азаматтар, олардың
бірлестіктері Конституцияны сақтауға міндетті екендігін білдіреді.
Конституцияның тікелей қолданылуы оның жоғары заңдық күші принципінің
маңызды бөлігі болып табылады. Конституцияның тікелей қолданылуы оның құқық
шығармашылығына, институттың қайта құрылуға, азаматтардың, олардың
бірлестіктерінің өз құқықтары мен бостандықтарын тікелей жүзеге асыруына,
адамдардың моральдық құқықтық өмір салтына ықпалетуін білдіреді.
Конституция іс жүзінде құқық ұғымын береді. Ол қандай заңдардың
қабылдануы мүмкін екендігін көрсетеді. Ол бірқатар жоғары мемлекеттік
органдардың нысандары көрсетілген норма шығармашылық өкілеттігін
белгілейді. Мемлекеттік органдардың құрылу тәсілдерін бекіте отырып,
Конституция тұрақты институттық жаңарудың негізін жасайды. Азаматтар
Конституцияға сүйеніп, өздерінің құқықтары мен бостандықтарын қорғай алады.
Азаматтардың конституциялық нормалары әр түрлі қабылданып, әртүрлі жүзеге
асырылуы мүмкін. Бірінші шарт ол Конституцияны білу.
Конституциялық заңдылық ол барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды
адамдардың, азаматтардың және олардың бірлестіктерінің Қазақстан аумағында
конституциялық нормалар мен қағидаларды (принциптерді) мүлтіксіз сақтап,
біркелкі қолдану.
Демократиялық централизм принципі атқарушы биліктің иерархиялық
құрылуы мен қызметі жөнінде. Айталық, жергілікті атқарушы органдар
Республиканың атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді, атқарушы
биліктің жалпы мемлекеттік саясаты тиісті аумақтағы даму мүддесі мен тұтыну
қажетіне сай жүргізуін қамтамасыз етеді. Централизм Президенттің
облыстардың, қалалардың әкімдерін тағайындауларынан көрінеді.
Зайырлы мемлекеттiң конституциялық идеялары мемлекеттiк идеологияға
дiни ағымдардың ықпал етуiне, экстремистiк дiни идеялардың бой көтеруiне
тосқауыл қоятындай, сонымен бiрге дiни бiрлестiктердiң конституциялық
тәртiп шегiндегi қызметiн шектемейтiндей заң актiлерi мен өзге де iс-
шараларда жүзеге асуы тиiс.
Конституциядағы қоғам мен мемлекет қызметiнiң түбегейлi принциптерi
туралы айтылғандарды ескере отырып, қоғамдық келiсiм мен саяси
тұрлаулылықты қоғамдық та, мемлекеттiк те институттар қамтамасыз етуге
тиiс. Сөйтiп, түбегейлi конституциялық принцип - барша халықтың игiлiгiне
арналған экономикалық даму, Конституцияда "меншiк мiндет жүктейдi, оны
пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгiне де қызмет етуге тиiс" деп
жарияланғандықтан, экономиканың мемлекеттiк те, жеке секторларында да
өмiрге енiп, iске асуға тиiс.
Қазақстанның көпұлтты халқының достығын нығайту мен мемлекеттiң
тәуелсiздiгiн бекiтуде қазақстандық патриотизм принципiнiң маңызы зор. Оны
нығайту үшiн мемлекеттiң, қоғамдық институттардың, отбасы мен мектептiң
бiрлескен күш-жiгерi қажет.
Республика қызметiнiң түбегейлi конституциялық принципi ретiнде
мемлекет өмiрiнiң барынша маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен шешу
мемлекеттiк институттардың, саяси партиялардың, басқа да қоғамдық
бiрлестiктердiң, бейүкiметтiк ұйымдардың, халықтың түрлi әлеуметтiк жiктерi
мен топтарының бiрлескен күш-жiгерi негiзiнде де мүмкiн болады.
Бұл орайда мемлекеттiк органдар қызметiн ұйымдастыру мен оған баға
беру олардың жұмысының формалды-статистикалық көрсеткiштерiмен шектелмеуi
тиiс. Бiрiншi кезекте азаматтардың конституциялық құқықтары мен
бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн қорғау
жөнiндегi жұмыстың нақты нәтижелерi назарға алынуы тиiс.
Республика қызметiнiң Конституцияда аталған түбегейлi принциптерi
заңнамада белгiлi бiр дәрежеде бекiдi. Бұл процесс ел iшiнде де,
Қазақстанның басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарында да жаңа саяси,
экономикалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz