Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру


ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ КРЕАТИВТІ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты-олардың шығармашылық жұмыста өзінің креативті қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Мұғалімнің де дарынды оқушылармен жұмыс жасау бейімділігін де диагностикалау қажет, яғни «субъект-субъект» парадигмасының орындалуы керек.
Дарындылық-адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Дарындылық пен қабілеттіліктің не екенін, оқушы дарындылығын анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің тиімділігін, нәтижелілігін білетін мұғалім ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс істей алады. Көбінесе “дарынды оқушы - бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П. Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П. Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының креативтік дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты-олардың шығармашылық жұмыста өзінің креативтік қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету- оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Баланың дарындылығын анықтап, олармен жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек?
Ол үшін :
- Дарынды оқушыны таңдаған кезде оқушының жеке құжаттарын, мінездемесін сынып журналын зерттеу;
- Оқушының сабақтағы, сабақтан тыс кездегі іс-әрекетіне бақылау жасап, талдау жүргізу;
- Әр түрлі әдістерді пайдаланып оқушы білімін тексеретін жұмыстарды ұйымдастырып, баланың білім деңгейін анықтау керек.
Кез-келген мұғалім осындай жұмыстарды жүйелі жасап және жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізе алса ғана, оқушылардың дарындылығын, креативті қабілет мүмкіндіктерін айқындай алады. Дарындылықты, оқушының креативті белсенділігін айқындау процесі көп жақты. Дарындылық- табиғи және тәрбиелеу барысындағы дарындылық болуы мүмкін, сондықтан да оның қалай пайда болғанына қарамастан диагностикасы болу керек. Осы тұрғыда мектеп психологының ролі артады, олар педагогтарға көмек көрсетуі қажет.
Дарынды оқушыны диагностикалауды мына бағытта жүргіздік :
- Оқушының креативті ойлауына;
- Оқушының өзін-өзі бағалау деңгейіне ;
- Оқушының толеранттылығына;
- Оқушының интуициясына;
- Ол лидер ме ?
- Өзін оқымысты деп бағалай ма?
- Оқушының қызығушылығы;
- Оқушының көңілінен шығатын іс-әрекеті;
- Оқушының тұлғалық бейімділігі мен қабілеттілігін анықтадық.
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты. Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймыз. Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абройын барынша құрметеуге, оның шығармашылық креативтік қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады. Өз тәжірибемізде төмендегідей ережелерді басшылыққа алдық.
- оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау;
- күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту) ;
- өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау) ;
- ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы) ;
- оқушылардың өзін- өзі шығармашылық креативті басқаруы;
- тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;
- ата- аналармен ынтымақтастық құру.
Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды. Мұғалімнің де дарынды оқушылармен жұмыс жасау бейімділігін де диагностикалау қажет, яғни «субъект-субъект» парадигмасының орындалуы, оқушы мен мұғалім арасындағы синергетикалық педагогиканың басшылыққа алынуы қажеттігін түсіндік. Ол үшін өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу керектігіне көз жеткіздік:
- оқушы дарындылығының моделін білу;
- қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
- дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
-дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі қажет деп ойлаймыз;
Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Мұғалімнің іскерлігіне қойлатын талаптар:
-дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
-дарынды оқушыларды (жекелей және топпен) оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;
- оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
- дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
-дарынды оқушының ғылыми -ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;
-дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы. Қазіргі таңда креативті дарынды оқушылармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттарын анықтадық.
Осы бағыттардың мақсаттары мен міндеттері төмендегідей:
- дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін анықтадық;
- жан-жақты ақпаратты қабылдауын
- коммуникативті бейімділігін
- дарынды оқушының шығармашылық креативті деңгейін;
- дарынды оқушының қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауы.
Бұл мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін мынандай жұмыс түрлерін жүргізуді жоспарладық:
1. оқушымен жасалынатын жұмыстың икемді және ұтқыр жоспарын құрдық;
2. жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасадық;
3. дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал еттіқ;
4. дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құрдық;
5. дистанциялық оқуды ұйымдастыру.
Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынадай мәселелерге баса назар аудару керектігін анықтадық:
1. пән сабақтарында шығармашылық креативті сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізу;
2. дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыру;
3. сабақтан тыс мезгілінде жүргізілетін жұмыстарды- пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуальдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізу керек;
4. білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделдетіп оқытуды ұйымдастыру.
Жеделдетіп оқыту бағдарламасын мұғалім оқушымен және ата-анамен бірігіп құрылды. Мектепте дарынды оқушылармен жұмыс нәтижелі болу үшін, балалардың ата-аналарымен де бірқатар жұмыстар жүргізілуі керек.
Олар: - ата-аналар күндерін ұйымдастыру;
- мектеп психологы тарапынан ата-аналарға кеңес беру.
Мектепте жеке пәндерді оқуда ерекше білім жетістіктерін көрсеткен оқушылардың мәлімет банкісі құрылып, портфолиосы жинақталды, оқушылардың білім жетістіктері мен психологиялық дамуының диагностикалары салыстырылды. Дарынды оқушымен жұмыс істейтін мұғалімдердің бейімділігіне тестілеу жүргізілді. Өзіміздің іс-тәжірибемізде оқушылардың креативтік дарындылығын анықтау барысында төмендегідей параметрлер бойынша психологпен бірлесе отырып, зерттеу жүргізу барысында ата-аналарға дарындылықты бағалау парағы толтырылды.
Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін, жұмыс істеу қарқындарын ескере отырып, сыни ойлау жобасы бойынша білім беру өнімді жұмыстардың бірі болып саналады. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегияларын жүзеге асыру барысында қала, облыс көлемінде семинарлар ұйымдастырылып, мұғалімдердің іс - тәжірибелері таратылуда.
Оқушы потенциалын ашуда, білім көзіне өзі жетуге бағыт - бағдар беруде « Зерде » оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысы дұрыс жолға қойылған. « Зерде » оқушылардың ғылыми қоғамы - бұл ғылыми - зерттеушілік жұмыс дағдыларын қалыптастыруға және белгілі бір ғылым саласында өз білімін жетілдіруге арналған өз интеллектін дамытуға талаптанған оқушы жастардың ерікті шығармашылық бірлестігі. Ғылыми - зерттеу жұмыстарымен айналысатын оқушылардың білімге, ғылымға ұмтылысы ерекше. Биылғы жылдың өзінде ғылыми жобамен айналысып жүрген бүлдіршіндер зерттеу жұмыстарын ортаға салып, жаңалыққа жаны құмар жас ғалымдар екендерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Олардың беталыстары басқа да оқушылар үшін үлгі - өнеге болары сөзсіз.
Соңғы 3-4 жылдың ішінде бастауыш сатыда болып жатқан үлкен өзгерістердің бірі - пәндік оқыту жүйесі. 8-9 сынып оқушыларын өз пәнін жетік меңгерген, шығармашыл ұстаздар білім нәрімен сусындатуда. Оқушыларды даралап, саралап оқытудың оң нәтижесін жыл сайын ұйымдастырылып отырған қалалық, облыстық, республикалық пәндік олимпиадалардан аңғаруға болады:
Барлық жаңа технологиялардың алдымен қоятын мақсаты - оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, креативті қабілетін қалыптастыру.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше жан - жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру - мұғалімнің зейін - зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруға көмектеседі. Оқушылардың дарындылығы соңғы жылдары өткізіліп келе жатқан Ақыл-ой олимпиадасы оқушылардың дарындылық қабілеттерін анықтауда көп мүмкіншілік беріп, нәтижесін көруге көмектеседі. 2009-2010 оқу жылында өткен қалалық олимпиадаға №17 мектеп-гимназиясынан барған 18 оқушыдан құрылған топ командалық ІІ орынды, жоба қорғауда ІІ орынды иеленсе пәндік кезеңде 6 пәннен барған 18 оқушының барлығы 100% жүлделі орынға ие болды. Бұл дегеніміз жүргізілген жұмыстар мен нақты зерттеулер нәтижесі.
“ . . . Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады”. (Плутарх)
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Ендеше баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы екенін әр ұстаз естен шығармауы абзал.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан республикасы Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. - Алматы, 2002.
2. Выготский Л. С. Психология. - М., 2000.
3. Эльконин Д. Б. Избранные педагогические труды. - М, 1989.
4. Леонтьев А. Н. Проблемы развития психики. - М., 1972.
5. Гальперин П. Я. Введение в психологию. - М., 2000.
6. Границкая А. С. Научить думать и действовать. - М., 1991.
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында көрсетілгендей білім беруді инновацияландыруға сай икемдеу үшін білім беру жүйесін ақпараттындыру талабы қойылып отыр. Заман талабына сай болу үшін еңбек сүйгіш аздық етеді. Білім берудегі жеке тұлғаны дамытуда, дана және дара ойлай алатын дарынды бала қажет, осы қажеттілікті орындау мақсатында математика пәні бойынша дарынды оқушылармен жұмыс істеу барысында әдістеме топтамасын жинақтадым.
Дарынды балаларды анықтау - баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес (мысалы сынақтан өткізу) . Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылып анықтау қажет.
«Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін дарынын ашу- мұғалім міндеті, ендеше мен өзімнің тәжірибемнен бала бойындағы ерекшелікті, қабілетті танып, соған бағыттап дарынды баланың болашағының ірге тасы дұрыс қалануына үлкен жауапкершілікпен қараймын. Осылай дарынды оқушымен жұмыс жүргізгенде мақсаты мен міндетін қоямын.
Мақсаты: заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер,
ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, логикалық
тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны
қалыптастыру.
Міндеті: - оқушының ақыл-ой қабілетін жетілдіру;
-шығармашылық жеке дарындылығын арттыру.
-қабілетті оқушымен жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім
дәрежесін ой- өрісін әрі қарай дамыту.
Тақырыптық зерттеу деңгейі:
Дарынды оқушымен жұмыс бастамас бұрын мұғалімге талап қойылады:
1. Дарынды баланы анықтауда психологпен бірлескен жұмыс жасау;
2. Ата-анасымен педагог ретінде сөйлесе білу;
3. Дарынды балаларға арнайы бағдарламалар жасау;
4. Дарынды балаға шығармашылықпен жұмыс істеу үшін жаңа, тың
тапсырмалар беру, орындалуына талап қою;
5. Жаңа технология элементтерін сабақта пайдалану;
6. Тапсырманың орындалу нәтижесін қадағалау.
Дарынды оқушылармен мына жұмыстар жүргізіледі:
- тестпен жұмыс;
- қосымша материалдармен жұмыс;
- мектепішілік сайыстарға қатыстыру;
- аудандық, қалалық, республикалық, олимпиадаларға қатыстыру;
- ғылыми жоба қорғау.
Осындай дарынды оқушылармен жұмыс жүргізуде мынадай нәтижелерге жеттім:
- білім сапасы артты;
- қалалық, аудандық олимпиадалардан грамота, ІІ, ІІІ орын алды;
- ғылыми жобадан қалалықтан ІІ орын, республикалықтан ІІІ орын алды.
Қорытынды: Зерттеу жұмыстың барысында дарынды оқушылармен
жұмыс түрлерін ұйымдастыру қарастырылып,
тұжырымдамалар жасалды.
Кішкентай адамның рухани әлемін оқуға
ғана жетелеуге болмайды. Егер біз баланың
бар күшін сабаққа жұмсауға ұмтылсақ, оның
өмірі төзгісіз болады. Ол оқушы ғана емес,
ең алдымен сан қырлы қызығушылығы,
сұранысы, ынтасы бар адам болуы керек.
В. Сухомлинский
Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүние жүзінде білімнің ролі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.
Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру. Қазіргі кезеңде білім беру жүйелерінде қайта құру жүріп жатыр, білім беру жүйелерінің жаңа ұлттық моделі құрылуда.
Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгілерінің бірі жалпы білім беретін орта мектепте математика ғылымы негізінен берілетін білімді қайта жаңарту болып табылады.
Міне, осындай маңызды мәселелерді шешуде жас ұрпақты сапалы да саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше. Қазіргі заман-математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі. Ал талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты-математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады.
Математика сөзінің өзі грек тілінде білім, ғылым деген мағынаны білдіреді.
Олай болса ежелгі замандардан-ақ математикалық білімді ғылымдықтың жоғары дәрежесі ретінде қабылдаған.
Математика барлық ғылымдардың логикалық негізі - күре тамыры. Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және шыңдай түседі. Математикалық тілде тілдесу қабілетін, сөз коммуникациясын дамытады. Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі.
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында көрсетілгендей білім беруді инновацияландыруға сай икемдеу үшін білім беру жүйесін ақпаратттандыру талабы қойылып отыр. Заман талабына сай болу үшін еңбек сүйгіш аздық етеді. Білім берудегі жеке тұлғаны дамытуда дана және дара ойлай алатын дарынды бала қажет, осы қажеттілікті орындау мақсатында математика пәні бойынша дарынды оқушылармен жұмыс істеу барысында әдістеме топтамасын жинақтадым.
Дарынды балаларды анықтау - баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес (мысалы сынақтан өткізу) . Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін дарынын ашу - мұғалім міндеті, ендеше мен өзімнің тәжірибиемнен бала бойындағы ерекшелікті, қабілетті танып, соған бағыттап дарында баланың болашағының ірге тасы дұрыс қалануына үлкен жауапкершілікпен қараймын. Осылай дарынды оқушымен жұмыс жүргізгенде мақсаты мен міндетін қоямын.
Дарындылықтың табиғаты шексіз. Осы дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі ең тиімді болып есептеледі.
Зерттеушілік, ізденушілік - бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез.
Педагогикалық үрдісте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы қажет. Зерттеу білігі мен дағдысы тек ғылыммен айналысатын адамға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет.
Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйде емес, өзі ашады.
Қазіргі кезде қоғамдық-әлеуметтік өмірдің барлық саласында түбірлі өзгерістердің болуына байланысты білім жүйесінде де, ойын мазмұны мен оқыту әдістемесінде де біршама жаңарулар болып жатыр.
Шығармашылық- зерттеу тәртібінің маңызды сипаттамасы. Адам шығармашылық нәтижесіне ғана қанағаттанып қалмай, шығармашылықпен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззат алуға қабілетті.
Психологтар «зерттеу тәртібін» тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуда маңызды деп көрсетеді. Шынында да ізденушілік белсенділігі төмендеген сайын адам қолынан еш нәрсе келмейтін сияқты үрей туғызатын жағдайға тап болуы мүмкін. Сөйтіп, білімге деген ынтасы басылып, нәтижесінде өзінің қабілетін, мүмкіндігін әлдеқайда төмендетіп алуы ғажап емес.
Дарынды оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады.
Солардың ішіндегі ең тиімдісі (зерттеуге оқыту) - оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру.
Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет. Оған қол жеткізетін тиімді жұмыс түрінің бірі- оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру.
Дарынды бала қойылған проблеманы тұтастай көре біліп, оған байланысты болмыс сырларын көптеп шешуге, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығады, түсініксіз нәрсені білуге ынтазарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой әрекетімен шұғылдануға бейім келеді.
Сондықтан мектеп оқушыларының дарындылығын дамыту жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру басты мақсат, ғылыми проблема болып табылады.
Анықтаманың мазмұны бізге қазіргі мектеп оқушыларының дарындылығын дамытудың моделін жасауға мүмкіндік берді.
Ғылыми-педагогикалық, оқу-әдістемелік әдебиеттерді талдау бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытудың деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері оқушылардың шығармашылық дарындылығының 3 деңгейін көрсетті: креативті деңгей, интегративті деңгей, когнитивті деңгей.
Сонымен, ұсынылып отырған шығармашылық дарындылықты дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі оқушылардың танымдық және тұлғалық дамуы мен олардың даралық ерекшеліктерін, айқын қабілеттерін, креативтілігін арттырып, шығармашыл дарынды тұлғаның қалыптасуына негіз болады деп есептейміз.
Дарындылықты дамыту мәселесі бойынша жасалған теориялық талдаулар негізінде мына тұжырымға келдік.
1. ХХІ ғасырдың әлеуметтік-экономикалық көзқарасы-шығармашылық тұлғаны қалыптастыру мәселелерін қоғамдық басымдылыққа айналдыру. Шығармашылық тұрғыда ойланатын, интеллектуалдық сипатта әрекет ететін жас адамдардың тәрбиеленуі, оқуы және ой-өрісінің дамуы мемлекеттік сипат және әлеуметтік мән-мазмұнға ие болуда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz