«Азаматтық құқық бойынша әрекетқабілеттілік ұғымы»


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТI
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТI
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «Азаматтық құқық бойынша әрекетқабілеттілік ұғымы»
Орындаған: заң факультетінің
күндізгі оқу бөлімінің
4 курс студенті
Ғылыми жетекші:
з. ғ. к., аға оқытушы Мейірбекова Г. Б.
Норма бақылаушы: Ермұхаметова С. Р.
Жұмыс қорғауға жіберіледі
кафедра менгерушісі
з. ғ. к., доцент
Жандарбек Б. А.
«___»2009 ж.
Алматы, 2009 ж
Мазмұны
Кіріспе 3
І. Азаматтық құқықтағы мерзімдерді есептеу және
оның заңдылығының мәні.
- Азаматтық құқықтағы мерзім ұғымы және оның
түрлері, жіктелуі. 6
1. 2. Мерзімдерді есептеу және оның заңдылығының мәні. 10
1. 3. Азаматтық құқықтық міндеттемелерді орындау мерзімдері. 19
1. 4. Азаматтық заңдардың уақыт бойынша қолданылуы. 27
ІІ. Талап қою мерзімінің құқықтық жағдайы.
2. 1. Талап қою мерзімінің ұғымы, олардың азаматтық
құқықтағы ролі. 30
2. 2. Талап қою мерзімінің өту түрлері және оны қалпына келтіру 35
2. 3. Талап қоюды қамтамасыз ету мерзімдері. 39
ІІІ. Соттардың азаматтық іс жүргізу мерзімдерін қолдануы.
3. 1. Азаматтық іс жүргізу мерзімдері. 42
3. 2. Соттардың азаматтық іс жүргізу мерзімдерін қолдануы. 47
Қорытынды 51
Қолданылған әдебиеттер 53
Кіріспе
Жазғалы отырған дипломдық жұмысымның тақырыбы - "Азаматтық құқық мерзімдерінің түсінігі мен түрлері" - демек осы тақырып төңірегінде сөз қозғамастан бұрын жалпы азаматтық құқық деген пән, ғылым, құқықтық салаға анықтама яки алғы сөз айтып, айтқалы отырған мәселелерге бастама салып кетсем.
Жалпы азаматтық құқық өте кең әрі көлемді ұғым, оны жоғарыда аталғандай сан қилы жағынан қарастыруымыз мүмкін. Азаматтық құқық негізі қалағалы көп уақыт, ғасырлар өтті деуге болады. баршаға мәлім осы негіз ретінде "Рим жеке құқығы" қарастырылады. Осыдан сан ғасырлар бұрын өркениеттік даму жағынан алдынғы орындардан көрініп келе жатқан мемлекеттердің бірі Рим империясы. Рим империясында осындай ұлы бастама яғни, азаматтық құқыққа негіз болған. "Рим жеке құқығы" пайда болып, қалыптасып дамуы өте маңызды тарихи оқиға ретінде белгілі. Рим құқығы шамамен мың жыл, б. з. д. 450-ші жылдан б. з. кейін 350-ші жыл аралығында дамыған. Corpusjuris Civilis, ремжерден, кодекс және новеллалардан тұрды.
Азаматтық құқық қазіргі кезеңде барлық салаларда өзінің қолдану аясын белгілейді. Оны біз маңызы жағынан жоғары орындарға қойыпқарастырғанымыз жөн. КСРО кезінде толық заңды - Азаматтық құқық институты болды, - деуге дәтім бара алмайды. Осы сөзіме дәлел ретінде, әр саланың субъектілері, қарастыратын қатынас түрлері бар, ал ол кезде көптеген қазіргі қолдануда бар ұғымдар болған емес (кәсіпкер, жеке меншік т. б. ) және ол уақыттың реттеу тәсілі сол уақыттың тән қасиеті, императивті яғни "вертикальды" жоғарыдан төмен жүзеге асырылатын. Осы секілді мысалдар көптеп орын алғаны сөзсіз. Әрине осының бәрі азаматтық құқықтың даму дәрежесін жоғарылатпады. Қуанышқа орай тәуелсіздік алғаны, азаматтық құқық саласында айтарлықтай жетістіктер көп, оны өзіміздің бауырлас ТМД елдерімен салыстыра отырып айқын түсінеміз. Алғаш бастаған сөзімнен ауытқулар болғанымен, осының бәрін неге жазбасқа?
Азаматтық құқық заң ғылымдарының ішіндегі ең универсалды әрі ең кең тарағаны, деп ойлауыма негіз бар деп ойлаймын. Мұның айғағы әр іс-әрекет істеу барысындағы туындайтын қатынастың көбін Азаматтық құқық реттейді. Оған біз күнделікті өмірдегі мысалдар арқылы көз жеткізе аламыз. Осымен кіріспе бөлімді тәмамдап, азаматтық құқықты жүйелі, әрі дұрыс анықтап, басқа құқықтық салалар жүйесіндегі орны туралы айтамын. Келесі кезекте азаматтық құқықтың ұғымын айқындауға тура келеді.
Азаматтық құқық - ауқымы жағынан ең үлкен құқық саласы, ол азаматтардың арасындағы жеке қатынастарды: мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың, азаматтардың арасындағы мүлік туралы, сондай-ақ мүліктік емес те қатынастарды реттейтін нормаларды қамтиды. Құқықтың басқа салаларынан азаматтық құқық өзінің тақырыбымен ерекшеленеді.
Азаматтық құқық - құқықтың саласы, оның нормалары тауар-ақша қатынастарын және соларға байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді. Заңдарда қаралған жағдайларда азаматтық құқық өзге де жеке мүліктік емес, мысалы, ар-намыс пен абыройды қорғау сияқты, қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық меншік құқығының мазмұнын бекітеді, сатып алу мен сатуды, басқа мәмілелерді, жеткізіп беру, құрылыс мердігерлік қатынастарын, әртүрлі міндеттемелерге байланысты тараптардың арақатынастарын, авторлық, мұрагерлік және өнертапқыштық қатынастарды тәртіптейді. Осы қатынастарды реттеуде азаматтық құқықтағы мерзімнің алар орны ерекше. өйткені азаматтық нормативтік-құқықтық актілердің әрекеттілік шегін белгілеу, құқық нормаларын дұрыс іске асыруға қажет. Себебі, қандай нормативті актілер болмасын, белгілі уақытта белгілі кеңістікте, белгілі адамдардың тәртібін реттеуге шығарылады. Бұл мәселенің үлкен маңызы барлығы құқық қорғау органдарының құзыретті органдарының қызметіне байланысты.
Нормативтік-құқытық актілер өз әрекетін күшіне кірген мезгілден бастайды. Көптеген елдерде, нормативтік актілердің күшіне кіруіне арналған тәртіптері бар.
1. Актіні өз күшіне кіруі, құқықтық-шығармашылық органның қабылдаған уақытынан басталады.
2. Акт өзінің күшіне жарияланғаннан кейін, белгілі уақыт өткеннен кейін кіреді. Мысалы, біздің мемлекетте заңды актілер өз кеңістігімізде, оларды баспада жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен кейін ғана күшіне кіреді.
3. Нормативтік-құқықтық актінің өз күшіне кіруі, сол қабылданған актінің өзінде қоса көрсетіледі, не болмаса оны күшіне келтіру туралы арнайы акт жарияланады.
Нормативтік-құқықтық актілердің күшіне кіруінің маңыздылығын сонда, сол кезден бастап олардың ұйғарымдары орындалуы қажет. Жаңа нормативтік-құқықтық актілер өзінің әрекетін тек өзінің күшіне кіргеннен кейінгі қатынастарға таратады. Оның кері күші жоқ. Бұл принциптің ерекшелігі, нормативті актілердің ұйғарымдары, оны басып шыққанға дейінгі пайда болған қатынастарға таралмайды деген мағынаны береді. Мұндай жағдай, азаматтардың құқықтарымен, міндеттерін қамтамасыз етуге ең сенімді кепіл болады.
Қорыта айтқанда, азаматтық құқықтағы мерзімдерді қолдану жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың мүліктік және мүліктік емес, өзіндік қатынастарын жүзеге асыруда үлкен маңызға ие. Бұл тақырып бойынша әдебиеттер жоқтың қасы, сондықтан бітіру жұмысымызды азаматтық құқық мерзімінің теориялық жағынан ғана емес практикалық жағынан қалай қолданылатынын қарастырдық. Яғни талап қою мерзімі басталғаннан азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарына түсетін ескере отырып азаматтық құқықтағы мерзіммен қатар азаматтық іс жүргізу мерзімдерін салыстыра қарадық.
Бұл қазіргі нарықтық экономикалық замандағы ең өзекті актуальды тақырыптардың бірі деп есептеймін. өйткені бұл кезең шарттық қатынастармен жүзеге асатын елеулі кезең болып саналады. Сондықтан жасалынған шарттардың мерзімдерінің заң бойынша реттелуі ең басты міндет.
І. Азаматтық құқықтағы мерзімдерді есептеу және
оның заңдылығының мәні.
1. 1. Азаматтық құқықтағы мерзім ұғымы және
оның түрлері, жіктелуі.
Азаматтық айналымда және әлеуметтік проблемаларды шешуде уақыт факторы маңызды рөл атқарады.
Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы заңда, мәміледе немесе сотта көзделген әрекеттерді немесе әрекетсіздікті жасау қажет болатын уақыт кезеңіне (аралығымен) немесе уақыт мезетіне байланысты болады.
Басталуы немесе өтуі белгілі бір құқықтық салдар туғызатын уақыт кезеңі немесе уақыт мезеті азаматтық құқықта мерзім деп аталады.
Мерзімнің маңызы - оның басталуына немесе өтуіне белгілі бір заңдық салдар байланысты болады. мерзім азаматтық айналымды реттейді, оның қатысушыларын тәртіпке келтіреді; азаматтық құқықтың әртүрлі субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін дер кезінде қорғауды қамтамасыз етеді. өзінің заңдық табиғаты бойынша мерзім - бұл заңдық факт, заң онымен белгілі бір заңдық салдардың тууын байланыстырады. Заңдық фактілер, өз кезегінде оқиғаларға және әрекеттерге бөлінеді. мерзімді әдетте, оқиғалар санатына жатқызады, өйткені мерзімнің басталуы немесе өтуі объективтік сипатта, яғни азаматтық құқықтар субъектілерінің еркіне тәуелсіз сипатта болады. 1 бірақ заң әдебиеттеріндегі келесі көзқарас бойынша, мерзім оларды оқиғаларға да, әрекеттерге де жатқызуға болмайтын ерекше, дербес заңдық фактілер санаты болып табылады. 2
Бұл көзқарас мынадай жағдайға негізделген: заңды мерзімдер уақыттың өтуінің объективтік заңына бағына отырып, шығу тегі жөнінен қалай дегенде де еріктік мерзімдер болып табылады, өйткені оларды заң шығарушылардың не шарттағы тараптардың еркі айқындайды, сондықтан да екіжақты табиғаты болады. Бұл пікірмен келісу қиын, өйткені әлде біреудің еркімен белгіленген мерзім уақыт кезеңі немесе уақыт мезеті ретінде қалай дегенде де бір кезде басталады, яғни оны жақындатуға да, алыстатуға да, өзгертуге де, жоюға да болмайды.
Азаматтық құқықта мерзім ұғымы заңдық салдармен байланысты сәт немесе шектеулі кезең деп түсіндіріледі. Демек, заң табиғаты тұрғысынан алып қарағанда, мерзім дгеніміз заңдық факт болып табылады.
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру әруақытта да мерзіммен тығыз байланысты. Сондықтан азаматтық құқығында мерзімнің алатын орны ерекше. Азаматтық заңдар уақыт кезеңі мен азаматтық құқықтардың пайда болуын, өзгеруін немесе жойылуын анықтаумен қатар, заңда немесе шарттарда көрсетілген әрекеттердің жүзеге асырылуын да қамтамасыз етеді. Уақыттың кезеңдері объективті түрде, яғни азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың еркіне бағынбайтын болғандықтан, оқиғалар қатарына жатады.
Азаматтық құқықтағы мерзімді әртүрлі негіздерге сүйеніп жіктеуге болады. мерзімді кімнің белгілейтініне қарай заңды, шарттық және сот мерзімдерін ажыратады. Туғызатын құқықтық салдарына қарай мерзім құқық түзейтін, құқықты өзгертетін және құқықты тоқтататын мерзімге бөлінеді.
өзінің табиғатына қарай мерзім мынадай түрлерге бөлінеді:
1) азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі - бұл осы кезеңде уәкілетті адам өзінің субъективтік құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған қандай да әрекеттерді жасау мүмкіндігі болатын уақыттың бір бөлігі. Оны әдетте, заң актісі белгілейді, бірақ тараптардың келісімімен де анықталуы мүмкін (меншік құқығы, авторлық құқық және т. б. ) ;
2) субъектвтік құқықтардың қолданылу мерзімі - бұл осы уақыт аралығында қолданылу шегі уақытпен шектеулі туындаған субъективтік құқықтар сақталатын уақыт кезеңі. Мысалы, сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі;
3) тыйым салатын мерзім - бөл белгілі бір құқықтарды жою мақсатында белгіленетін мерзім. Мәселен, "Нотариат туралы" 1997 ж. 14 шілдедегі ҚР Заңының 8-бабындағы 6-тармаққа сәйкес, нотариус лицензиясын алған, бірақ нотариаттық іс-әрекеттер жасауға үш жыл бойы кіріспеген адамның нотариаттық қызметпен айналысуына біліктілік емтиханын қайталап тапсырғаннан кейін ғана рұқсат етіледі деп үзілді-кесілді түрде атап көрсетілген;
4) кепілдік мерзім - сатушының ұзақ мерзім пайдалануға немесе сақтауға арналған өнімнің әдеттегі қабылдап алу кезінде байқала қоймайтын кемшіліктерін анықтауына арналған мерзім. Кепілдік мерзімді мемлекеттік стандарттар немесе шарт белгілейді. Оның үстіне, шарт, егер тіпті олар мемлекеттік стандартта немесе техникалық талаптарда көзделмеген болса да кепілдік мерзім белгілеуі мүмкін, талаптарда көзделмеген болса да кепілдік мерзім белгілеуі мүмкін, сондай-ақ стандарттарда көзделген мерзімнен едәуір ұзақ кепілдік мерзім белгілей алады. кепілДік мерзімді белгілеу тұтынушылардың мүдделерін қанағаттандырады және өндірілетін өнімнің немесе орындалатын жұмыстың сапасын арттыруға ынталандырады;
5) шағымдану мерзімі - заң бұл мерзімді міндеттерін ерікті түрде орындауды талап ету құқығын бұзуына байланысты субъективтік құқықты бұзған адамға белгілейді. Заң шағымдану мерзімін ғана емес, сондай-ақ оған жауап беру мерзімін де белгілейді. Мысалы, тасымалаушыға жүкті тасымалдаудан туындайтын талап қоюға дейін оған көлік туралы заң актілерінде көзделген тәртіпте талаптар қойылуы міндетті;
6) азаматтық-құқықтық міндеттерді орындау мерзімі - шартта белгіленеді. Мәселен, қарыз беру шарты бойынша борышты қайтару сәті міндетті орындау мерзімі ретінде қарастырылуы мүмкін;
7) азаматтық құқықтарды қорғау мерзімі, немесе азаматтық құқықта аталып жүргеніндей, талап қою мерзімі.
Бұдан бұрын айтылған құқықтық реттеудің пәні мен әдістемесі азаматтық құқықтың онымен шектес басқа салалардың бөліп қарауға мүмкіндік береді. бірақ та азаматтық құқықты шектес салалардан оқшаулағанда төмендегідей жағдайларға көңіл аудару қажет: жаңа Азаматтық кодексі (1994 ж. ) қабылданғанға дейін азаматтық құқық өзіне тән қатынастарды реттеді. Айталық, Қазақ КСР Азаматтық кодексі (1963 ж. ) бойынша отбасы, еңбек, жер қатынастары, сондай-ақ колхоздардағы өздерінің Жарғысынан бастау алатын қатынастар, суды пайдалану жөніндегі қатынастар тиісінше заңдармен реттелініп келді. Ендігі жерде Азаматтық кодекстің1-бабы 3-тармағына сәйкес азаматтық құқық 1-баптың 1-тармағында аталған белгілерге сай келетін отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналымдағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда, сондай-ақ оларды реттеуге ағаттықтар кеткен кезде қолданылады.
Азаматтық және еңбек құқықтарының аражігін ашу белгілі бір жағдайда өзіндік қиындықтар да туғызады. Бұл орайда Азаматтық кодекстің 19-бабының 3-тармағы жеке кәсіпкер мен азаматтардың арасындағы еңбек шартын, оның ішінде келісім-шартты жасау мүмкіндігі жөнінде болып келген дауларға нүкте қояды. Жарғыда айтып өткендей, еңбек қатынасына азаматтық құқықты қолдану мүмкіндігі Азаматтық кодекстің 1-бабының 3-тармағында анық көрсетілген. Осы тұжырымдаманы түсіндіру жөнінде 1995 жылы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты өзінің Пленумында № 10 қаулысын қабылдады. Бұл қаулы "Моральдік зиянды өндіртіп алу туралы заңды соттардың қолдануы туралы" деп аталады. оның 5-тармағында былай делінген: "Еңбек туралы заңдарда рухани немесе дене зардабын шеккендерге өтем төлету жөнінде тікелей айтылмауына қарап, жәбірленуші зиянның орнын толтыруға құқығы жоқ деуге болмайды. Сот КСРО мен республикаларының азаматтық заң негіздерінің 131-бабына сүйене отырып, жұмыскерді заңсыз жұмыстан шығарғаны не басқа жұмысқа ауыстырғаны үшін, оған еңбекақы төлемей, жұмыста мүгедектікке, кәсіби ауруға ұшыратқаны үшін, сөйтіп, рухани және дене зардабына жол бергеніне байланысты жұмыс берушіден өтем төлеуді міндеттеуге құқылы. 3
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру әруақытта да мерзіммен тығыз байланысты. Сондықтан азаматтық құқығында мерзімнің алатын орны ерекше. Азаматтық заңдар уақыт кезеңі мен азаматтық құқықтардың пайда болуын, өзгеруін немесе жойылуын анықтаумен қатар, заңда немесе шарттарда көрсетілген әрекеттердің жүзеге асырылуын да қамтамасыз етеді.
1. 2. Мерзімдерді есептеу және оның заңдылығының мәні.
ҚР Азаматтық кодексінің 6-тарауында мерзімдерді есептеу тәртібін егжей-тегжейлі реттейтін нормалар бар. Мәмілемен белгіленетін не сот тағайындайтын мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіліп белгіленеді.
Күнтізбелік күн дегеніміз - бұл белгілі бір айдың және жылдың нақты саны.
Оқиғалар дегеніміз - бұл адамдардың еркінен тәуелсіз пайда болатын заңдық маңызы бар фактілер (адамның табиғи өлімі, мерзімнің өтуі және т. с. с. ) . Мұндағы фактінің болмай қоймайтындығы мынадан көрінеді, заң актісінде не мәміледе немесе соттың шешімінде көрсетілген оқиға міндетті түрде болуға тиіс. Сөзсіз болуға тиісті оқиғаны көрсете отырып, оның мерзімін анықтау ерекшелігі мынада, азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар оның нақты басталатын уақытын алдын ала білмейді. Мәселен, мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жарияланған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және міндеттерді орындау нақты күнмен байланыстырылатын жағдайдағы мәмілелерде күнтізбелік күнге сілтеме жасау жиі кездеседі. Мысалы, тауарлар 2004 ж. 31 желтоқсанына дейін жеткізіліп берілуі тиіс. Бірақ сілтеме соттың шешімінде де болуы мүмкін, сондай-ақ заңның өзінде де айқындалуы мүмкін.
Уақыт кезеңі болып табылатын мерзім оның ұзақтығын көрсетумен анықталады және жылдармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе сағаттармен есептеледі. Мерзімді дұрыс есептеу үшін оның басталуы мен аяқталуын дәл анықтаудың зор маңызы бар. Уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен немесе мерзімнің басталуы белгіленген оқиға болғаннан кейінгі келесі күннен басталады. Мәселен, тұрғын үйді жалдау шарты 2003 ж. 15 ақпанда жасалған болса, оның қолдану мерзімі 2003 ж. 16 ақпаннан басталады. Күнтізбелік күн немесе оқиғаның басталуы есепке алынбайды. Ал мерзімнің аяқталуы ережесіне келетін болсақ, ол пайдаланылатын уақыт бірлігіне қарай өзгеріп отырады. 4
Жылдармен есептелетін мерзім - мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде бітеді. Мәселен, үш жылдық талап қою мерзімі 2003 ж. 1 сәуірден басталса, 2006 ж. 1 сәуірде аяқталады.
Айлармен есептелетін мерзім соңғы айдың тиісті күнінде аяқталады. Мұнда, егер айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы ондай күн жоқ айға келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді. Мәселен, мүлікті айлық жалдау мерзімі 2003 ж. 31 қаңтардан басталса, ол 2003 ж. 31 ақпанда аяқталуға тиіс, ал күнтізбелік мұндай күн жоқ болғандықтан, ол 2003 ж. 28 (немесе 29) ақпанында аяқталады.
Жарты жылда және тоқсанда есептелетін мерзімнің соңғы күні туралы мәселе де осылайша шешіледі. Мұндай жарты жылдық мерзім алты айға, ал тоқсан - үш айға тең деп есептеледі, тоқсанды есептеу жылдың басынан бастап жүргізіледі.
Жарты ай деп анықталатын мерзім күндермен есептелетін мерзім ретінде қарастырылады және 15 күнге тең деп есептеледі. Мерзімді апталармен есептеуде ол соңғы аптадағы мерзім басталған күнмен аяқталады. Мәселен, апталық мерзімнің өтуі жұмада басталса, онда ол өзі басталғаннан кейінгі келісі жұмада аяқталады. Мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге келетін жағдайларда одан кейінгі ең жақын жұмыс күні мерзімнің аяқталу күні болып есептеледі. Бұл арада, мерке, ажлпыға бірдей белгіленген демалыс күні, сондай-ақ осы ұйымның режимінде көзделген күнжұмыс істемейтін күн болып есептеледі. Мысалы 25 желтоқсан көптеген шетелдік көомпаниялар үшін жұмыс істемейтін күн болып табылады, өйткені бұл күні Христостың туған күні мерекесі атап өтіледі. Бұл жағдайда жұмыс істемейтін күннен кейінгі ең жақын жұмыс күні мерзімінің аяқталатын күні болып есептеледі.
Сағаттармен анықталатын мерзімді есептеуде мерзімнің басталуын анықтау қажеттігі тумайды, өйткені мерзімді бұлайша анықтау әдісінде оның басталуы немесе аяқталуы әуел бастан-ақ өте дәлдікпен белгіленеді.
Егер мерзім қандай да бір әрекетті жасау үшін белгіленген болса, ол жалпы ереже бойынша, мерзімнің соңғы күнінің 24-сағатына дейін орындалуға тиіс. Алайда, мұндай әрекет ұйымда істелуге тиіс болса, онда мерзім белгіленген ережелер бойынша бұл ұйымда тиісті операциялар жүргізу тоқтатылатын сағатта аяқталады. Мұндай қатынастарда мерзімнің соңғы күні осы ұйымдардағы жұмыс ресми тоқтатылатын кезде не тиісті операцияларды жүргізу тоқтатылатын шақта аяқталады. Бірақ мұндай реттерде мерзімнің соңғы 24-сағатына дейін поштаға немесе телеграфқа тапсырылған жазбаша мәлімдемелер мен хабарламалар мерзімінде жөнелтілген деп есептеледі.
Азаматтық заңда мерзімді есептеуге байланысты арнайы белгіленген тәртіп бар. Заңға сәйкес мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиғамен байланыстырылады. Заңда мерзімді тағайындау жолдары көрсетілген, атап айтсақ, бұл сол сәтті көрсететін уақыт (күнтізбелік кұн), белгілі уақыт кезеңі (жылдар, айлар, күндер және сағаттар) және сөзсіз болуға тиісті оқиғалар дер едік. Құқықтарды жүзеге асыру мен міндеттемелерді орындаудың мұндай мерзімдері белгіленген күннен басталады (мысалы, навигацияның басталуы мен аяқталуы және т. б. ) .
Егер мерзім кезеңмен белгіленсе, құқықты жүзеге асыру мен міндеттемені орындау мерзімі аяқталғанға дейінгі уақыттың кез келген сәтінде орындала беруі мүмкін. Мысалы, мұрагер мұра ашылған сәттен бастап алты ай ішінде мұраны қабылдау немесе одан бас тарту шешім алуға құқылы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz