Дайын өнiм есебiн ұйымдастыру


Мазмұны
Кiрiспе5
- Дайын өнiм есебiн ұйымдастыру10Дайын өнiм есебiнiң теориялық мәселелерi10Дайын өнiмдi өткiзу және жөнелту есебi27Дайын өнiмнiң өзiндiк құнының есебі33Дайын өнiмдi өткiзуден кiрiстер45
- Дайын өнiмнiң аудитi48Дайын өнiм және тауарлар аудитiнiң теориялық негiздерi48Дайын өнiмдi жiберу есебiнiң аудитi57Ескерілмеген өнiм аудитi58Дайын өнiмдi арту, өткiзу және сату есебiнiң аудитi60
Қорытынды62
Әдебиеттер тiзiмi65
Тiркемелер
Кiрiспе
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға көøуiне байланысты бухгалтерлiк есептiң мәнi де өзгердi. Егер әкiмшiлiк-әмiршiлiк жүйе кезiнде дайын өнiм өндiру жоспарлы түрде болса, онда қазiргi кезде дайын өнiмдi тек нарықтық жағдайларға сай тұтынушылардың сұранысына байланысты, олардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыратындай өнiм шығару маңызды болып келедi. Өндiрiс процесiне еңбек заттары өндiрiс қорлары ретiнде қатысып, жаңа қалыптасқан өнiмге өзiнiң құнын толық берiп отырады. Олар бұл процесте толық қолданыла отырып, жаңа өнiм негiзiн құрайды.
Әрбiр кәсiпорынның негiзгi мақсаты пайда табу болып табылады. Және сол кәсiпорынның нәтижесi - дайын өнiм. Дайын өнiм өндiру процесiнде сапалы түрде өнiм өндiру, оның қоймада сақталуында жауапты тұлғаның болуы және қоймадан босатылуын қадағалау кәсiпорынның маңызды мәселелерiнiң бiрi. Дипломдық жұмыста дайын өнiм есебi мен аудитiнiң өзектi мәселелерi қарастырылған. Жұмыс “Карданвал” ААҚ мәлiметтерiнiң негiзiнде жазылған.
Зауыт Шымкент қаласының орталығына орналасқан, оның алаңы аланың жер құрамына кiредi. Жер сатып алынған. Зауыттың орналасқан орны “Промстройпроекта” аумақтық институтының аумақтық бөлiмiмен келiсiлгендей Шымкент қаласының даму барысында сақталатын болады. Зауыт аумағы 5, 7 га жердi құрайды. Темiр жол желiсi зауыт шекарасынан 50 м қашықтықта жатыр. Зауыт иеленген алаң тегiс релüефте, 0, 7 м қиғаштықта орналасқан.
“Карданбiлiктерi” ААҚ 1948 жылы негiзi қаланған кардан бiлiктерi зауытының негiзiнде құрылған.
- УАЗ (Ульяновск автозауыты), ГАЗ (Горький автозауыты), Нива (Волга автозауыты) ААҚ-ның автокөлiктерi үшiн, “Белорусь” тракторы үшiн кардан бiлiктерiн өндiруге, сондай-ақ УАЗ, Волга, Жигули, Москвич, РАФ, ЛУАЗ автокөлiктерi үшiн ашамай шығаруға және шет елдiк автокөлiктерге арналған кардан бiлiктерiн жөндеу жұмысын жүргiзуге мамандандырылған.
Кардан механизмдерi машиналардағы бiлiктердiң қиылысатын осьтерiн бiлiктермен жалғастыру үшiн кең түрде қолданылады. Олар ауылшаруашылық машиналарының өндiрiсiнде, автомобильдерде, тракторларда, тепловоздарда және т. б. көпшiлiгiнде байланыстырушы элемент ретiнде енедi, радиоэлектронды құрылымдарда, металл кесетiн станоктарда, бұрғылаушы құрылымдардың, насостардың және мұнайдың ауыр саймандарында байланыстырушы ретiнде, басқару механизмдерiнде, ұшақтардың күш беру тетiктерiнде, радиоүнқаққыш құрылымдарда, орман-тоқыма өндiрiстерiндегi механизмдер мен машиналарда және басқа да көптеген жерлерде қолданылады.
Карданның шарнирлерi кәдiмгi жинақы кинематикалық қосылыс ретiнде қарастырылады. Кардандық механизмдердiң атауы белгiлi итальяндық математика және механика саласының ғалымы Дхсеранимо Карданоның (1501-1576 ж. ж. ) есiмiне байланысты шыққан.
Автокөлiктер мен тракторлардағы кардандық берiлiстер бергiш қораптан жетекшi бiлiктiң бiрiне немесе таратқыш қораптан бiрнеше жетекшi бiлiктерге айналым беру үшiн қызмет етедi.
Кардан бiлiктерi ұрма-соқпасыз және ешқандай ауытқымай, автокөлiктер немесе тракторлар қозғалысының барлығының жылдамдығы кезiнде бiркелкi айналып отыруы тиiс.
Өндiрiстiк қуаты: Трактордың кардан бiлiктерi - 170 мың дана, Автокөлiктiң кардан бiлiктерi - 190 мың дана, Ашамайлар-2000 мың дана.
Зауытты жарақтандыру: Зауыттағы жабдықтар -329 бiрлiк, оның iшiнде, металл кесушi -235 бiрлiк, автоматты және жартылай автоматты - 98 бiрлiк, агрегатты станоктар- 94 бiрлiк, қозғалмалы -штамповты - 20 бiрлiк, дәнекерлегiш -5 бiрлiк, бояғыш- 1 бiрлiк, теңестiргiш- 5 бiрлiк.
Келешектi болжаған шешiмдер:
- ДТ - 75, Т - 95 (Павлодар трактор зауыты) тракторларына арналған кардан бiлiктерi өндiрiсiн игеру.
- МТЗ-86, МТЗ-112 (Минск трактор зауыты) тракторларына арналған кардан бiлiктерi өндiрiсiн игеру.
- Т-150 (Харьков трактор зауыты) тракторларына арналған кардан бiлiктерi өндiрiсiн игеру.
- ЖВП 9. 1 шөп ору және жинау техникасына (Қызыл жар) Петропавловск “Ауылшаруашылығы техникалары” ЖШС, тракторларына арналған кардан бiлiктерiн игеру.
- Ауылшыруашылығы техникалары үшiн деталь өндiру.
- ГАЗ-53, КАМАЗ, ЗИЛ, КРАЗ жүк көлiктерi үшiн кардан бiлiктерiн меңгеру.
- ГАЗель автокөлiгiне арналған кардан бiлiктерiн өндiрудi меңгеру (үштiректi кардан бiлiктерiн теңестiруге арналған теңестiрушi станоктарды алу) .
Өндiрiстi дамытудың келешекке жасалған шешiмi Қазақстан Республикасында, сондай-ақ Орта Азия аймағы бойынша кардан бiлiктерiн әзiрлеу жөнiндегi бiрден бiр зауыт, трактор, автокөлiктер, соның iшiнде шетелдiк маркiлердiң барлық модельдерi үшiн кардан бiлiктерiнiң номенклатурасын кеңейтуге негiзделген.
Аталған өнiмдi өндiру ТМД, жақын және алыс шетелдердегi елдерме байланысты кеңейтуге, әлемдiк рынокқа шығуға мүмкiндiк тудырады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - “Карданвал” ААҚ мәлiметтерiнiң негiзiнде дайын өнҚмнҚң есебҚ мен аудитҚн зерттеу және оларды жетҚлдҚру бойынша ұсыныстар жасау.
Техникалық бөлiм:
Кардан бiлiктерiнiң өндiрiсi мынандай технологиялық процестердi қамтиды:
- кардан бiлiктерi және ашамай детальдары мен байланыстарын механикалық өңдеу, химиялық техникалық өңдеу, құрастыру өндiрiсi, теңестiру, бояу және тақталау.
Детальдарды механикалық жолмен өңдеу үшiн механикаландырылған автоматты және жартылай автоматты ауысымды жүйелер қарастырылған, детальдарды автоматты түрде артатын және құрылымдармен, арнайы агрегатты станоктармен, автоматтармен жабдықталған.
Кәсiпорын жабдықталған: отындық-энергетикалық ресурстармен, еңбек ресурстарымен, материалдық ресурстармен /ұңғыларды дайындау, жинақтауыш материалдар/.
Кардан бiлiктерiн өндiру ГОСТ 15001-88 бойынша жүзеге асырылады.
Өнiмнiң өтiмi. “Карданбiлiктерi” ААҚ Қазақстанда және Орта Азияда кардан бiлiктерi ашамайларын өндiру жөнiндегi бiрден-бiр кәсiпорын. Негiзгi бәсекелестерi ретiнде танылғандар - ×ернигов кардан бiлiктерi зауыты (Украина), Гродно қаласындағы “Белкард” зауыты (Белорусь) . Дегенмен ешқандай зауыт сапалық пен баға жағынан бәсекелiкке түсе алмайды. Зауыттың ұзақ уақыт тоқтап қалуына байланысты кардан бiлiктерiнiң ашамайларын әзiрлеу барысында үлкен жетiспеушiлiк орын алды. Айталық, ашамайларға деген сұраныс 1 млн. дана болса, кардан бiлiктерiне 500 мың данадан аса сұраныс қордаланып қалған. Кардан бiлiктерi ашамайларының рыногын толықтыру үшiн бос қуат-күштерiн және зауыттың маманданған жұмысшыларын тиiмдi пайдалану қажет.
Ашамайлар мен кардан бiлiктерiн сату саласында арнайы және кедендiк шектеулер қойылмаған. Ашамайлар мен кардан бiлiктерiнiң негiзгi тұтынушылары мыналар :
-Минск трактор зауыты - Келiсiм шарт №67, 07. 02. 2002ж., сомасы 688170 АҚШ доллары, Ульяновск қаласындағы “Авторай” АКШБ, мәмiле №71, 12. 10. 2001ж., сомасы - 10 млн. ресей рублi, “Мұрат-М” ЖШС, келiсiм шарт №26, 12. 07. 2001ж., сомасы 129137000 теңге. Ашамайлар мен кардан бiлiктерiн босату оның көптеген тұтынушыларға әзiрленгенiне қарай жүзеге асырылады. Айналымдағы қаржы нақты болған жағдайда келiсiм шарттар мен мәмiлелер 2005 жылдың соңына дейiн және 2004 жылға бекiтiледi.
Кесте 1
“Карданавал” ААҚ-ң 2004-2005 ж. қаржы-шаруашылық қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi.
Өткен жыл
2004ж
Есептегi жыл
2005ж
Ауытқу
(+, -)
Өсiм темпi
%
- Өткiзуден (сатудан) түскен табыс
- Өнiмнiң өзiндiк құны
- Жалпы табыс
- Кезеңдiк шығындар
- Салық алынғанға дейiнгi табыс
- Рентальдiк
- Орта тiзiм саны
- Еңбек өнiмдiлiгi
- Негiзгi құралдардың орташа жылдық құны
- Қорқайтымдылығы,
- Дайын өнiм есебiн ұйымдастыруДайын өнiм есебiнiң теориялық мәселелерi
Қазақстан Республикасының аймағына әрекет етiп тұрған барлық субъектiлерге (Қазақстан Республикасының аймағында тiркелген резиденттiк емес өкiлдiктер мен филиалдар, заңды тұлғалар, кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалар) қаржылық есеп берудi және бухгалтерлiк есептi жүргiзу мiндеттiлiгi жүктеледi.
Сот алдында жауап беретiн және сотқа шағымдана алатын, өз атынан жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқын жүзеге асыра алатын, сол мүлiктердi өз қалауынша оперативтiк тұрғыда басқара алатын немесе шаруашылықты жүргiзуге меншiк құқығы бар ұйымдарды заңды тұлғалар деп атайды немесе солай деп танылады.
Коммерциялық ұйымдар тек келесiдей нысанда құрылуы мүмкiн:
- шаруашылық серiктестiктер;
- акционерлiк қоғамдар;
- өндiрiстiк кооперативтер;
- мемлекеттiк кәсiпорындар.
Коммерциялық емес ұйымдар заң актiлерiнiмен қаралған дiни бiрлестiктерден, қоғамдық қорлардан, тұтыну кооперативтерiнен, акционерлiк қоғамдардан, қоғамдық бiрлестiктерден және ұйымдық нысандарынан құрылуы мүмкiн.
1. Шаруашылық серiктестiктер . Қүрылтайшылар (қатысушылардың) қосқан үлесi бөлiп көрсетiлген жарлық капиталы бар коммерциялық ұйымдар шаруашылық серiктестiгi болып табылады. Қүрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарының есебiнен құрылған, сондай-ақ серiктестiктiң шаруашылық қызметiнде шығарылған және сатып алынған мүлiктер серiктестiктердiң меншiгiне жатады.
Қазiргi кезде шарашылық серiктестiктер толық және коммандиттiк серiктестiктер болып құрылады.
Толық серiктестiк - мұндай серiктестiктiң қатысушылары толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдай да оның мiндеттемелерi бойынша өздерiне тиесiлi барлық мүлiкке отрақ жауапкершiлкте болады.
Коммандиттiк серiктестiк - серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өзiнiң барлық мүлкiмен (толық серiктестiктер) қосымша жауап беретiн толық серiктестiктерден және серiктестiктiң кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыруына араласпайтын, жауапкершiлiгi серiктестiк (салымшылар) мүлкiне өздерi салған салымдардың жиынтығымен шектелетiн қатысушылардан тұрады. Коммандиттiк серiктестiктердiң қызметiне араласатын толық серiктестiктiң құқылы ережесi және олардың мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi толық серiктестiктiң тәртiбiмен анықталады.
2. Қосымша және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк .
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк (ЖШС) . ЖШС жарлық капиталы бiр немесе бiрнеше серiктестiк тұлғалардың ұйымдастыруымен құрылған жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк деп танылады, қосқан үлесi құрылтайшылардың құжаттарында бөлiп көрсетiледi; олар өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде ғана алған мiндеттемесi мен тәуекелдiлiк залалы бойынша жауап бередi. Серiктестiкке қатысушылардың саны елуден аспауы керек.
Ол бiр ғана тұлғадан тұратын, басқа да серiктестiктердiң жалғыз қатысушысы ретiнде болуына болмайды.
Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк. Мұндай серiктестiктiң қатысушылары оның мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жарғылық капиталдағы салымдарымен, ал бұл сомалар жеткiлiксiз болған жағдайда - қосымша өздерi еселеген мөлшерiнде салған салымдармен өздерiне тиесiлi мүлкiне жауап бередi.
3. Акционерлiк қоғам - өз қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражаттарды тарату мақсатында акция шығарумен айналысатын заңды тұлға. Қоғам акционерлерi өзiнiң мiндеттемесi бойынша жауап бермейдi және олардың қызметiмен байланысты өздерiне жататын акцияларының құнының шегiнде тәуекелдiлiктен алған зиянды шегедi. Акционерлiк қоғам ашық, жабық және ашық халықтық қоғам болып бөлiнуi мүмкiн.
Акционерлiк қоғам - өздерiнiң шығарған акциясын ашық, жеке, жабық түрде орналастыруына құқығы бар. Мұндай қоғамның қатысуышылары өздерiне тиесiлi акцияларды басқа акционерлердiң келiсiмiнсiз иелiктен шығара алады.
Мұндай қоғамның акциялары тек қана өз құрылтайшылары iшiнде немесе алдын ала белгiленген тұлғалар шеңберiнде таратылады. Егер де жабық акционерлiк қоғамның акционерлерiнiң саны жүзден асып кетсе, онда келесi үш айдың барысында акционерлердiң жалпы жиналысында қоғамның типiн өзгертуге, яғни ашық акционерлiк қоғамға айналуына шешiм қабылдауына болады.
4. Өндiрiстiк кооператив - бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзiнде, олар өзiнiң еңбек етуiмен тiкелей қатысуының негiзiнде және мүлiктiк пайларын (үлестерiн) мүшесi ретiнде бiрiктiрудiң негiзiнде құрылған азаматтық ерiктi бiрлестiк. Кооператив мүшесi екiден кем болмауы тиiс.
5. Мемлекеттiк кәсiпорын . Мемлекеттiк кәсiпорындарға жататындар:
- шаруашылықты жүргiзу құнына негiзделген мемлекеттiк кәсiпорын. Ол өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлiкке жауап бередi, бiрақ мемлекет мiндеттемелерi үшiн жауапты болмайды;
- ағымдағы (оперативтiк) басқару құқығына (қазыналық кәсiпорын) негiзделген мемлекеттiк кәсiпорын, Қазақстан Республикасы үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқару органының шешiмiмен құрылады.
6. Коммерциялық емес ұйымдар. Оларға: мекемелер, қоғамдық бiрлестiктер, қоғамдық қорлар, тұтыну кооперативтерi, дiни бiрлестiктер, қауымдастық (одақ) нысанындағы бiрлестiктер жатады.
Шаруашылық жүргiзушi субъект қызметiнiң мақсаттарын оның меншiк иесi белгiлейдi. Ол егер заңмен тыйым салынбаса және субъектiнiң жарғысына жауап беретiн болса, онда ол кез-келген қызмет түрiн жүзеге асыруына болады.
Мемлекеттiк мүлiктi баспауға уәкiлеттi органдар, басқа заңды және жеке тұлғалар субъектiнiң құрылтайшылары бола алады. Шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң құрылтайшылары құрып, ол мемлекттiк тiркеуден өткен күннен бастап заңды тұлға құықығына ие болуы мүмкiн. Меншiк иесiнiң рұқсатымен шаруашылық жүргiзушi субъект заңды тұлға құқылы бар еншiлес субъектiлердi, сондай-ақ филиалдар, өкiлеттер, бөлiмдер және басқа да ерекшеленген бөлiмдер құра алады.
Субъектiнiң құрылтайшылары (акционерлерi) бекiткен жарғы негiзiнде қызмет етедi. Жарғының мазмұны заңға қайшы келмеуi керек. Жарғыда шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң түрлерi, оның атауы, орналасқан жерi, қызметiнiң мәнi мен мақсаттары, басқарушының өкiлеттерi, басқару және бақылау органдары, олардың қабiлеттiлiгi, субъектiнiң мүлiктi қалыптастыру және табысты бөлу тәртiбi, қайта құру және қызметiн тоқтату тәртiбi белгiленедi. Жоғарыда сондай-ақ құрылтайшылар, субъект әкiмшiлiгi мен оның еңбек ұжымдарының арасындағы қарым-қатынастары да белгiленедi. Негiзгi қорлар мен айналым қаражаттары, сондай-ақ субъектiнiң дербес балансында көрсетiлетiн құндылықтары (мүлiктерi) субъектiнiң мүлкiн құрайды.
Субъектiнiң мүлкiн қалыптастырушы көзi болып мыналар саналады:
Құрылтайшылардың ақшалай, материалдық және басқа да жарнамалары (үлестерi) ; қызмет нәтижесiнен алынған табыстары; бағалы қағаздардан түскен табыстары; банктер мен басқа несие берушiлердiң кредиттерi; бюджеттен берiлен күрделi салымдары және демеу қаражаттары; қайтарусыз немесе қайырымдылық жарналары; ұйымдардың, кәсiпорындардың және азаматтардың құрбандықтары; Қазақстан Республиксы заңдары тыйым салмайтын өзге де табыс көздерi.
Шаруашылық жүргiзушi субъектiсi өнiм шығарушы болып табылатындықтан, ол өзiн-өзi қаржыландыруды және дербестiк негiзiнде өнiмдi шығаруды, сатуды және қызмет көрсетудi көздейдi.
Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң есеп саясаты
Қазақстанның бухгалтерлiк есеп стандарттарына және ол бойынша жасалған әдiстемелiк ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебiн жүргiзудiң қоғамдық тұрғысынан танылған тәсiлдерi мен әдiстерi, ережелерi мен қағидалары белгiленген, онда әрбiр кәсiпорындардың техникалық базасында, олардың шешетiн мiндеттемелерiнiң күрделiлiгiне, басқарушы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiне қарап нақтыланған.
Кәсiпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшiн таңдап алынған тәсiлдер жиынтығы, құндық өлшемдерi, ағымдығы топтастыруды және бухгалтерлiк есептегi шаруашылық қызметiне жасалған қорытынды шолу фактiлерi кәсiпорынның есептiк саясатында көрiнiс табуы тиiс. Басқаша айтқанда, есептiк саясат - бұл бухгалтерлiк есеп жүйесiн жүргiзудiң жалпы қағидасы мен ережесi нормативтiк-құқықтық құжаттарда белгiленген.
Оларды жүзеге асыру барысында нақты кәсiпорынның есептiк саясаты келесiдей жорамалдардан алынған жөн:
- кәсiпорын өз мүлкiмен өзiмен-өзi болушылығы (кәсiпорын өз баланысында тек заң бойынша танылған мүлiктердi ғана көрсетедi, ал қалған барлық құндылықтар мен мiндеттемелер баланыстан тыс шоттарда есепке алынады) ;
- толассыз қызмет (есеп саясатының мәселесi бойынша қандай да бiр қабылданатын шешiм, кәсiпорын өз қызметiн болашақ кезеңде тоқтатпайтындығы немесе қызмет масштабын қысқартпайтындығы басшылыққа алынуы керек) ;
- есеп саясатын пайдаланудың жүйелiлiгi (шаруашылық операциясын көрсету әдiсiнiң тұрақтылығы, есеп беру жылының барысында мiндеттеме мен мүлiктi бағалау, сондай-ақ бiр есептiк жылдан басқасына өткен кезде де) ;
- шаруашылық қызметiндегi фактiлердiң мерзiмдiлiк анықтылығы (әр фактiлердiң түскен немесе төленген кезiне қарамастан, олар өзiнiң орындалған немесе орын алған кезеңiне жатқызылуы керек) ;
Пайдаланатын есеп саясатының басты мiндетi мен негiзгi арналымы - кәсiпорынның қызметiн барынша пара-пар көрсету, iс мүддесi үшiн осы қызметтiң тиiмдiлiгiн реттеу мақсатында толық, объективтi және шынайы ақпаратпен қаптастыру. Есеп саясаты бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес қалыптасады.
Ол есеп процесiнiң барлық тараптарын қамтуы керек: әдiстемелiк, техникалық, ұйымдық жақтарын.
Әдiстемелiк аспектiсi - деп кәсiпорында өнiмнiң өзiндiк құнын есептеу, амортизацияны шығару, мiндеттеме мен мүлiктi бағалау үшiн пайдаланатын әдiстерiн айтады; техникалық деп осы әдiстердiң синтетикалық шоттарында көрсету сызбасы, есеп регистiрлерiнде осы әдiстiң қалай жүзеге асқандығын айтады; ұйымдық деп осы әдiстердiң бухгалтерлiк қызмет тұрғысынан жүзеге асқандығын, оның кәсiпорынды басқару құрылымындағы алатын орнын айтады.
Кәсiпорын бухгалтерiк есептiң келесiдей ережелерiн өз бетiнше шешуiне болады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz