Саяси жүйе ұғымы туралы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Саяси жүйе ұғымы туралы

"Жүйе" ұғымын XX ғасырдың 20 жылдары ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс биологы Л. Фон Борталанфи (1901 -1972) . Ол бұл терминді клетканың сырткы ортамен алмасу процесін көрсету үшін пайдаланды. Ғалым жүйеге өзара байланыста болатын элементтердің біртұтас жиынтығы ретінде карады. Жүйенің бір элементі өзгеріске ұшыраса, барлық тұтастымен өзгереді. Жүйе сыртқы дабылдарға және өзінің ішкі элементгерінің талаптарына жауап қайтару арқасында дамиды.

Ұлыбритания

Конституциялық монархия. Мемлекет басшысы королева. Үкімет басшысы премьер-министр. Заң шығару органы Парламент. Ол екі палатадан Лордтар және Қауым.

Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, "үлкен сегіздіктің" мүшесі, ядролық державалардың бірі бола отырып, КСРО тараған кезден бастап Кеңестік бұрынғы кеңістікті өзінің стратегиялық мүдделерінің аймағы ретінде қарай отырып, жаңа тәуелсіз мемлекеттер жөнінде белсенді көзқарас ұстанды. Атап айтқанда Британ сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі Каспий аймағын елдің ұлттық мүдделерінің ауданы ретінде қарап, онда өзінің орнын нығайтуға күш салуы болып табылады. 1990 жылдардың басында елдің бұрынғы Премьер-Министрі, көрнекті британ саясаткері М. Тэтчердің Қазақстанға келуі осының дәлелі. Лондонның Орталық Азия мемлекеттері жөнінде маңызды міндеттеріне либералдық реформаларды қолдау, халықаралық құрылымдарда тиісті елдердің қызметін бақылау, діни радикализмнің таралуына жол бермеу жатады.

Қазақстанның Еуропадағы аса ірі сауда және инвестициялық серіктесі ретінде Ұлыбританияның айрықша орны екі жақты қатынастарда саяси проблемалардың жоқтығымен, бірінші кезекте мұнайға, газға және құбырға орай геостратегиялық және экономикалық факторлармен байланысты.

Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Королдігі арасында дипломатиялык, қаты-настар 1992 жылғы 19 қаңтарда орнатылды.

Бұл орайда Қазақстан - Британ қатынастарының дамуына Президент Н. Назарбаевтың Біріккен Королдікке 1991 жылғы қазанда жұмыс сапарының барысында-ақ тыныс берілген еді. Сол кезде Еуропа қайта құру және даму банкінің, қазір Қазақстанда белсене жұмыс істеп жатқан "Бриtиш Газ", "Бри-тиш Петролеум" компанияларының және басқа да жетекші британ компанияларының басшылығы байланыстар орнатылды.

Қазақстанға Король отбасымен мүшелері мұрагер ханзада Чарльз 1996жылғы қарашада, ханшайым Анна 1993жылғы шілдеде және Королева II Елизаветаның немере інісі Герцог Глостерский 2002 жылғы қыркүйекте келіп қайтты.

Екі жақты қатынастар экономика мен мәдениет саласында, сондай-ақ НАТО-ның "Бейбітшілік жолындағы әріптестік" бағдарламасы шеңберіндегі әскери ынтымақтастық серпінді дамуда.

Президент Н. Назарбаевтың 1994 жылғы наурызда Ұлыбританияға ресми сапары өзара іс-қимылды тереңдетуде жаңа кезеңді ашты. Қазақстан - Британ ынтымақтастығының шарттық-құқықтық негізін қалаған құжаттарға қол қойылды. Бұлар: Достық және ынтымақтастық туралы бірлескен декларация; Білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы; Әуе қатынасы туралы келісімдер; Екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы декларация; Қос салық салуды жою және табыс пен мүлік құнының өсіміне салықтар төлеуден жалтаруды болдырмау туралы конвенция.

1995 жылдың соңы мен 1996 жылдың басында екі жақты экономикалық қатынастарды реттейтін екі шешуші келісім: Қос салық салуды болдырмау туралы конвенция және Инвестиция-ларды қолдау мен өзара қорғау туралы келісім күшіне енді. Бұл Қазақстан мен Ұлыбритания арасында сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастардың дамуын айтарлықтай дәрежеде жеңілдетті. Оның негізгі бағыттары энергетика, кен өндіру өнеркәсібі, сауда, әлеуметтік инфрақурылым, денсаулық сақтау, көлік пен байланыс, қаржы және жекешелендіру саласындағы консалтингтік қызметтер, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру болып отыр.

Ұлыбритания Еуропа Одағы елдері арасынан бірінші болып 1996 жылғы маусымда Қазақстан мен ЕО арасындағы серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді бекітті.

Кейінгі уақытта Қазақстан - Британ қатынастарын серпінді дамыту үрдісі айтарлықтай нығая түсті. Британ бағыты біздің саясатымыздың еуропалық бағыттағы маңызды құрамдас бөлігіне айналды. 1997 жылғы маусымда Қазақстан Президентінің Ұлыбританияға баруы елеулі оқиға деп саналады. Лондондағы келіссөздерден кейін саяси және сауда-экономикалық байланыстарға, ірі Британ компаниялармен ынтымақастықты кеңейтуге серпін берілді.

1999 жылғы сәуірде НАТО-ның мерекелік салтанатында Н. Назарбаевтың Ұлыбританияның Премьер-Министрі Т. Блэр-мен кездесуі болды. Мемлекеттер басшылары өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету жөнінде бұдан былайғы іс-қимылды талқылап, белгіледі.

Қазақстан Президентінің 2000 жылғы қарашада Лондонға ресми сапары екі елдің өзара қатынастарындағы ірі оқиға еді. Сапар барысында Королева II Елизавета Н. Назарбаевты Қазақстанда саяси және экономикалык, тұрақтылықты қамтамасыз етуге, заңдылық пен демократияны орнатуға, сондай-ақ жәһандық ауқымда ядролық қаруды таратпау ісіне сіңірген еңбегі үшін Біріккен Корольдіктің жоғары наградасы Қасиетті Михаил және Қасиетті Георгий орденімен марапаттады. Сапар кезінде әскери саладағы ынтымақтастық туралы құжаттарға, ҚР Өкіметі компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Британ кеңесі арасындағы Қазақстан - Британ университетін құру туралы меморандумға қол қойылды.

Ұлыбритания Қазақстанмен сауда-саттықта жетекші орын алатын әлемнің бес дамыған елдерінің қатарына жатады. 1998 және 1999 жылдары сауда айналымы тиісінше 629 млн. және 422 млн. долларды құрады. 2000 жылы екі жақты сауда айналымы 450 млн. долларды, оның ішінде экспорт 231 млн. долларды, импорт 219 млн. Долларды құрады. Және де 2000 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымының жалпы көлеміндегі Ұлыбританияның жеке үлесі 3, 2 пайызды құрады.

Ұлыбритания

Екінші дүниежүзілік соғыстың салдары. Гитлерге қарсы одақтың мүшесі ретінде Ұлыбритания соғыстан жеңімпаздар қатарында шықты. Оның адам шығындары Бірінші дүниежүзілік соғыспен салыстырғанда аз болды, бірақ материалдық шығындары бірнеше миллиард фунт стрелингкке теңелді. Оның үстіне Ұлыбритания өзінің сыртқы қаржы активтерінің көбінене айырылып, АҚШ пен өзінің доминиондарының борышкеріне айналды. Бұл екіжақтылық жағдайын Ұлыбританияның соғыс жылдарындағы премьер-министр У. Черчиль «Триумф және қасірет» деп атады.
Соғыс жылдарындағы консерваторлар басқарған аралас үкіметтің құрамына лейбористік және либералдық партиялардың өкілдері де енді. Соғыс бітісімен бұл аралас үкімет тарады да, 1945 жылы шілдеде өткен парламент сайлауында екі басты қарсыластар:консерваторлық және лейбористік партиялар арасында билік үшін күрес қайта басталды. Әдетте олардың екеуінің бірі жеңеді. Бұл саяси маятник осы уақытқа дейін тербелуде. Соғыстан кейінгі алғашқы сайлауда жеңіс лейбористер жағында болды.
Лейбористік үкімет. 1945-1951жж. Лейбористер сайлаушыларға әлеуметтік салада реформалардың кең бағдарламасын ұсынды.
Бұл бағдарламада «Болашақ бетбұрыс» деп аталады. Консервативтік партияның айқын бағдарламасы болмады, олар тек Черчилльдің беделіне арқа тұтты. Олар өмір сүру жағдайларын жақсартуды көксеген ағылшындардың көңіл-күйін ескермеді, сөйтіп, қатты жеңіліс тапты. Лейбористерді жақтап 12млн. дауыс берді, олар қауымдар палатасындағы орындардың үштен екісіне ие болды.
Лейбористік партия өз уәделерін негізінен орындады. Үкімет Ағылшын банкін, көмір және газ өнеркәсібін, электростанцияларды, телеграф пен радиобайланысын, заамттық авиацияны, су және теміржол транспортын, ішінара қара металлургияны мемлекет қарамағына алды. Мемлекеттендіру сатып алу жолымен іске асырылды. Шаруашылықтың бұл салаларында жалдамалы жұмыскерлердің 20%-дейін жұмыс істейтін. 1946 жылы кәсіподақтарға қарсы 1927 жылы қабылданған жазалаушылық заң жойылды. 1945-1948 жж. жұмыс қабілетін жоғалтуға, кәсіби науқастарға байланысты жәрдем ақыларды, қарттыққа байланысты және жесір әйелдерге зейнетақы төлеуді қамтитын әлеуметтік қамтамасыздандыру мен қауіпсіздендірудің жаңа кешенді жүйесі іске асырылды. 10 миллионнан астам жұмысшылардың жалақысы көбейтілді. Ақырында, 1948жылы ұлттық денсаулық сақтау қызметі құрылды және тегін медициналық қызмет көрсету жүйесі еңгізіліп, дәрі-дәрмектер тегін үлестірілетін болды. Лейбористік партия біртіндеп реформалау жолымен Ұлыбритания «демократиялық социализмге» өтеді деп есептеді.


Консервативтік үкіметтер. 1951-1964жж. 1951 жылы қазанда сайлауда жеңіп шыққан У. Черчилль тағы да үкімет басқарды. Консерваторлар лейбористер тұрған әлеуметтік құрылымды сол күйінше қалдырды. Тіпті олар 1945 жылы сайлаудағы жеңілістен қорытынды жасап, «әл-ауқаттылық мемелкеті» идеясына қолдау көрсетті. Консервативтік партия үкімет басында 13 жыл отырды. Ол өзініңөзгерген жағдайларға бейімделуге және мемлекеттік басқару мен әлеуметтік-экономикалық саясаттың жаңа әдістерін қолдануға қабілеттілігін көрсетті. 1962 жылы теңдестірілген экономикалық даму бағдарламасын жасау үшін экономикалық дамудың Ұлттық кеңесі құрылды. 1964 жылы болған кезекті парламент сайлауы екі партияның ешқайсысына да айқын басымдылық берген жоқ. Екеуі де 12 млн. даусы алды, бірақ лейбористердің бағы жанып, сәл ғана басымдылыққа ие болды.
Г. Вильсонның үкіметі (1964-1970) консерваторлар бастап кеткен болашақ экономикалық жоспарлауды жасау бағытын жалғасытырды. Г. Вильсон әсіресе елдің ғылыми-техникалық мүмкіндіктерінің дамуына үміт артты. Осы мақсатпен 1965 жылы парламент тұңғыш «ұлттық бесжылждық экономикалық жоспарды» қабылдады. Жосапрды орындау үшін Г. Вильсон үкіметтің, бизнестің және кәсіподақтардың әрекет бірлігін қамтамасыз етуге тиіс болды. Үкіметтің «Ниеттре туралы декларация» атты құжаты жалақының өсуі мен бағаның артуын «ақылға сиымды» мөлшерге шектеу ерікті түрде іске асырылса, 1966 жылы кейін үкімет оныкүгтеп «қатыруға» кірісті. 1970 жылы парламент сайлауында консерваторлар жеңіске жетті.
Э. Хиттің экономикалық саясаты. (1970-1974) «қалай болғанда да» өндірісті қатаң капиталистік жетілдіру және экономикалық дамуды тездету бағытын іске асырды. Хиттың тұсында Ұлыбритания ЕЭБ-ге мүше облды. «бағалар мен табыс саясаты» бұрынғыдан да нұсқада қабылданды, баға мен жалақыны әкімшілік жолымен реттестеруші аппарт құрылды. «Өнеркәсіпегі қатынастар туралы» кәсіподақтарға қарсы бағытталған заңның консервативтік нұсқаыс жарық көрді. Ол кәсіподақ қозғалысы мен ереуілдерге қатаң шектеулер қоюды көздеген болатын. Заң қабылданды, бірақ бүкіл ТБК пен оған кіретін кәсіподақтар оған қарсы көтерілді. Елге жаппай ереуіл қаупі төнді. Хит баспасөз Бен тоғышарлардың жұмысшыларды емес, өзін қолдайтынына сеніп, жаңа парламент сайлауын тағайындайды. Аздаған ғана парламент сайлауын тағайындады. Аздаған ғана көпшілікпен (303-қарсы 296) 1974 жылы 28 ақпандағы сайлауда лейбористер жеңіске жетті.
Премьер-Министр Г. Вильсон (1976 жылы оның орнына Д. Ж. Каллагэн келді. ) басқа жоспар мен «бағалар мен табыстар » саясатының жаңа нұсқасын қабылдауға мәжбүр болды. Вильсон-Каллагэн үкіметінің (1974-1979) саясатының негізгі желісі «әлеуметтік келісім», яғни кәсіподақтардың атынан ТБК мен үкімет арасындағы келісім жасасу болды.

Ұлыбританияның сыртқы саясаты. Ұлыбритания әдетте Еуропалық және дүниежүзілік саясатта ерекше орын алып келді. Ел құрлықтағы соғыстарға сирек қатынасатын, бірақ дипломатиялық күрестің кездейсоқ қалтарыстарында әруақытта жетекші күш ретінде көрініс табатын сыртқы саясат саласындағы көпжылдық тәжірибе Ұлыбританияға Еуропалық «концертте» «бірінші скрипка» рөлін ойнауға мүмкіндік беріп келді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң жағдай күрт өзгерді:»дүниежүзінің тағдырына жауапкершілік» рөлі АҚШ-қа көшті де, Ұлыбритания Еуропада өгей бала күйінде қалып қойды. Оның ерекше орны мына үш жақты рөлімен анықталады:Ұлыбритания халықаралық аренада АҚШ-тың басты әріптесіне айналды, екінші жағынан, ол басты Батыс Еуропалық елдердің бірі қалпында қала берді, ең соңында, ол көлемі метрополия көлемінің 20 есе артық доминиондарды біріктіретін ұлттар достығының басшысы ретінде дүние жүзінде танымал еді. АҚШ пен арада әсіресе соғыстан кейінгі алғашқы жылдары «ерекше қатынастар»-бағыныштылық пен қаржы-қаражат саласындағы тәуелділік қатынастары орнады.
Құрлықтық Еуропамен белгілі бір дәрежеде менсінбеушілік пен салқындық қатынастары орнады. Бірақ Ұлыбритания барлық батысеуропалық одақтарға мүше болды (НАТО, Батысеуропалық одақ) . Ұлыбритания Францияның ҒФР-мен жақындасуына сенімсіздікпен қарады. Франция болса, өз тарапынан, ағылшын-американдардың тығыз байланыстарына сенімсіздік білдіріп, Англияны АҚШ-тың «Троян аты» деп есептеді. Бұл 1973 жылға дейін Францияның Ұлыбританияның Еуропалық экономикалық бірлестікке кіруіне тосқауыл қойып келген себептерінің бірі ғана.
Ұлыбритания ядролық қаруға байланысты ерекше ұстанымда болып келді. Британ үкіметтері, француз үкіметтері сияқты, өздерінің партиялық тегіне қарамастан, тіпті болмағанда, Францияға тең ядролық мәртебеге ие болуға құқын қорғады.
Ұлыбритания Корея соғысына, БҰҰ мен АҚШ-тың басқа да әрекеттеріне қатысты.
Ұлыбританияның 1991 ж. Маастрихттегі батысеуропалық бірігуі процестері мен ХХІ ғасыр басындағы саяси, экономикалық және валюталық одақ құру туралы құжаттарды дайындау мен қабылдауға қатысуын британ саясатының атлантикалық бағдардан (АҚШ-қа бейімделуден) Еуропалық бағытқа ойысқандығын көрсетті. Ұлыбританияның КСРО мен социалистік елдерге қатынасы бірқалыпты, ұстамды болды, әрине, кейде дипломатиялық жанжалдар да болып отырды

http://sachok. kz/referat/show/671

Әлем

Ұлыбританияның саяси

5

Азаттық радиосы

Ұлыбританиядағы бұл жолғы парламенттік сайлау әлемнің назарын ерекше өзіне аударып отыр. Тұңғыш рет британиялық дәстүрлі екі саяси топ - «лэйбористер» мен «торилер» парламенттегі 646 орынның басым көпшілігін қақ бөліп алатын әдетінен жаңылайын деп тұр.

Екінші дүниежүзілік соғыстан бері еңсесі көтерілмей келе жатқан британиялық үшінші саяси күш, яғни, либералдар бұл жолы алдындағы екі саяси партиямен құйрық тістесетін жағдайға жетіп отыр. Ал соңғы бір айдың ішінде харизмасы күшті жас лидерінің арқасында либералдар партиясы тіпті мәреге екінші боп жетуге жуық қалды. Ағылшын парламентаризмінің тарихында сирек болатын мұндай өзгерістің басты себептеріне тоқталсақ.

Солдан оңға қарай либерал-демократ Ник Клегг, премьер-министр лейборист Гордон Браун және консерватор Дэвид Камерон

"ЛЕЙБОРИСТЕРДІҢ" ТҰЯҚ СЕРПЕР СӘТІ

Бірінші себеп, 1997 жылы ағылшын консерватизмін күйрете жеңіп, британиялық социал-демократтардың үстемдігін орнатқан Тони Блэйр үш мәрте премьер-министр креслосын сақтап қалғанымен, жылдан-жылға лэйбористердің абыройы кеми берді. Блэйрдің Ауғанстан мен Ирактағы АҚШ-тың әскери операцияларын барынша қолдауы елдің наразылығын тудырды. Соғысқа қарсы әлемдегі ең көп адам қатысқан шерулердің бірнешеуі Лондонда өтті.

Лэйбористердің денсаулық сақтау саласындағы реформалары да өте сәтсіз тәжірибеге айналды. Әйгілі NHS, яғни Ұлттық біртұтас денсаулық сақтау саласы, дәрігерлері мардымсыз жалақы алатын, сапасыз қызмет көрсететін аты ғана тегін аудандық поликлиникалардың жүйесі болып қалды. Балалар арасындағы қайыршылық пен мектеп оқушыларының сауатсыздығы жағынан Ұлыбритания соңғы оншақты жылда Батыс Еуропа елдерінің орта шеніне жетпей қалды.

Ұлыбританияның қазіргі Үкімет басшысы, лейборист Г. Браун

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясаттану ғылым және пән ретінде
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Саяси ойдың даму кезеңдері
Қоғамдағы саяси жүйе
Әлеуметтану пәнінен дәрістер жинағы
Саясаттану пәнінен дәрістер
Саяси билік және саяси жүйе
Саясаттану пәнінен дәрістер кешені
Саяси жүйенің қызметтері
Қазақстан Республикасының мемлекет нысандарының жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz