Канондық құқық және мораль



Кіріспе ... ... ... ... ...3

Негізгі бөлім
1.Канондық құқық және мораль ... ... ... ... .4
2.Табиғи құқық және мораль ... ... ... ... ... ..5
3. Позотивтік құқық және мораль ... ... ... ... .7
4. Рим құқығы және мораль ... ... ... ... 9

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
Пайдаланылған әдебиетер ... ... ... ... ... ..12
Рим азаматтығы ең алдымен Рим азаматтарының заңды неке арқылы туылуы негізінде, кейін құлдарды бостандыққа жіберу арқылы және шетел азаматтарына азаматтық беру арқылы пайда болды. Рим азаматтығы ол өлгенде және өте ауыр қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұтқынға түскенде жойылады. Бірақ Рим территориясына қайтып оралғандар барлық құқықтарды қайта иелене алатын болды.
III ғасырда формалды түрде құқық қабілеттіліктің теңдігі жарияланды. Шын мәнінде теңдік болған жоқ. Империялық кезеңде адамдар теңсіздігі олардың сославияға бөлінуінен көрінді және ол мамандыққа байланысты болды. Олар: сенаторлар, әскерилер, қалалық курилдер, саудагерлер, қолөнершілер, престондар. Сославиялық белгілерді білу салық салу барысында жєне некеге тұру барысында маңызды болды.
Қазіргі құқықта құқық қабілеттілік пен әрекет қабілетін жеке бөліп көрсетеді. Ежелгі Рим құқығында мұндай категориялар болмады, бірақ барлық әрекеттерді жасауға барлық тұлғалар тең құқықты болмады. Рим құқығында 7 жасқа дейінгілер толық әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылды. Ал 7 жастан 14 жасқа дейін тек қана олар өзіндік жағдайын нашарлатпайтын, мүлкін жоғалтпайтын, міндет арқаламайтын мәмілелер жасай алды. Ондай мәмілелер жасау үшін қамқоршысының келісімі қажет болды.
Жүйке ауруымен аруратындар толық және дене бітіміне кемістігі барлар соған байланысты қатынастарда әрекет қабілеттілігі жоќ болып танылды. Әйел адамдардың әрекет қабілеттілігі мен құқық қабілеттілігі шектеулі болды.
Рим құқығында тұлға ретінде екі жиынтықтан құрылған құқық қабілеттілігіне ие субъектілер танылды. Бірінші жағдайда тұлға адам белгілеріне тән болуы керек болса, екінші жағдайда азаматтық құқыққа ие бола алатын субъект болуы тиіс болды. Адамдық ерекшелігіне бірнеші жағдайлар әсер етті: еркіндігі мен еркінг еместігі, азаматтық жағдайы, римдік отбасындағы жағлайы, тағы басқалар.
1. Айтжан Б.Е., Хусаинова А.М. Рим құқығы. - Алматы: Жеті жарғы, 2005.
2. Сапарғалиев Ғ. Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі. - Алматы, 1995.
3. Ғабитов Т.Х. Алматы 2006 «Заңгер этикасы»
4. Ғабитов Т.Х. Алматы 2003 «Заңгер этикасы»
5. Алауханов Е. Қылмыстық құқық, ерекше бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 2001

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Негізгі бөлім
1.Канондық құқық және
мораль ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.Табиғи құқық және
мораль ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
3. Позотивтік құқық және
мораль ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .7
4. Рим құқығы және
мораль ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...11
Пайдаланылған
әдебиетер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.12

Кіріспе

Рим азаматтығы ең алдымен Рим азаматтарының заңды неке арқылы туылуы
негізінде, кейін құлдарды бостандыққа жіберу арқылы және шетел азаматтарына
азаматтық беру арқылы пайда болды. Рим азаматтығы ол өлгенде және өте ауыр
қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұтқынға түскенде жойылады. Бірақ Рим
территориясына қайтып оралғандар барлық құқықтарды қайта иелене алатын
болды.
III ғасырда формалды түрде құқық қабілеттіліктің теңдігі жарияланды.
Шын мәнінде теңдік болған жоқ. Империялық кезеңде адамдар теңсіздігі
олардың сославияға бөлінуінен көрінді және ол мамандыққа байланысты болды.
Олар: сенаторлар, әскерилер, қалалық курилдер, саудагерлер, қолөнершілер,
престондар. Сославиялық белгілерді білу салық салу барысында жєне некеге
тұру барысында маңызды болды.
Қазіргі құқықта құқық қабілеттілік пен әрекет қабілетін жеке бөліп
көрсетеді. Ежелгі Рим құқығында мұндай категориялар болмады, бірақ барлық
әрекеттерді жасауға барлық тұлғалар тең құқықты болмады. Рим құқығында 7
жасқа дейінгілер толық әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылды. Ал 7 жастан 14
жасқа дейін тек қана олар өзіндік жағдайын нашарлатпайтын, мүлкін
жоғалтпайтын, міндет арқаламайтын мәмілелер жасай алды. Ондай мәмілелер
жасау үшін қамқоршысының келісімі қажет болды.
Жүйке ауруымен аруратындар толық және дене бітіміне кемістігі барлар
соған байланысты қатынастарда әрекет қабілеттілігі жоќ болып танылды. Әйел
адамдардың әрекет қабілеттілігі мен құқық қабілеттілігі шектеулі болды.
Рим құқығында тұлға ретінде екі жиынтықтан құрылған құқық
қабілеттілігіне ие субъектілер танылды. Бірінші жағдайда тұлға адам
белгілеріне тән болуы керек болса, екінші жағдайда азаматтық құқыққа ие
бола алатын субъект болуы тиіс болды. Адамдық ерекшелігіне бірнеші
жағдайлар әсер етті: еркіндігі мен еркінг еместігі, азаматтық жағдайы,
римдік отбасындағы жағлайы, тағы басқалар.

1.Канондық құқық және мораль.
Құқықтық заңдар жүріс-тұрыстың, әрекеттің сыртқы жағын есепке алады,
олар жекелеген ниеттерді реттей алмайды, жеке қайғылар, үміт, өкіну сияқты
адамның ішкі әлемімен тығыз байланысты діни сезімдерде көмек бере алмайды .

Діндер күннен-күнге дамуда. Қазіргі кезде дәстүрлі ежелгі діндермен
қатар жаңа, қазіргі заманғы діни конфессиялар мен қозғалыстардың қалыптасу
үдерісі орын алуда. Бұрынғы діндер де, қазіргі заманғы діндерде қазіргі
кезгі өмір шындығына бейімделуге, өзіне сенушілерді тартуға тырысуда. Сол
себепті де, олардың басым көпшілігіне қазіргі кездегі құқықпен қатар өмір
сүру, адам құқықтарының бұзылуы фактілеріне өз наразылықтарын білдіру тән.
Мысал ретінде, діндердің бейбітшілікті қалыптастыру, қайырымдылық, білім
беру, тәрбиелік, бітімгершілік қызметтерін атауға болады.
Христиан дінінің қайнар көздеріне көз жүгіртелік. Төменде келтірілген
материалдар А. А. Гусейновтың “Ұлы моралистер” еңбегінен іріктеп алынған.
“Мұсаның заңдар жинағы” – заңды сипатқа ие емес. Тарихи тұрғыдан
қарастырсақ, ол заңдардан бұрын пайда болған, керісінше кейіннен пайда
болған заңдар осы діни каноннан көп нәрсені иемденген. Мұса мен
израиылдықтадың өзара қарым-қатынастары ақылды көсем мен көпшіліктің қарым-
қатынастарының ауқымынан әлдеқайда кең. Мұса басқаларға қарағанда халықтың
еркі мен мүдделерін тереңірек білдіруші ғана емес, ол белгілі бір дәрежеде
халықты қалыптастырған.
Евреилік – иудаистік мәдениеттен тыс жерлерде Мұсаның есімін ең
алдымен он өсиетпен байланыстырады. Мұсаның нормашығармашылық қызметі тек
бұлармен шектелмесе де, оның Он өсиетін “Мұсаның кодексі” деп атайды.
Бескітаптылықтың заң шығармашылық бөлігіндегі Он өсиеттің алатын орны
израиылдықтарға басқа заңдарды Мұса арқылы білдірген Яхвенің бұларды өзі
жариялағанымен ерекшеленеді.
Алғашқы үш өсиет тек Яхве құдайына табынуына талап етеді, басқа
құдайларды ойдан жасап шығаруға тыйым салады.
Бесінші өсиет әке мен ананы сыйлауды талап етеді. Оның қажеттігі
балалардың ата-аналарының еркіне бағынбауынбауының қылмыстық факт екенімен
ғана түсіндірілмейді.Кейінгі өсиеттерді адамның жақынға деген қатынасын
білдіретін нормалар ретінде сипаттауға болады. Бұл жерде жақын дегеніміз өз
халқының барлық өкілдері “Өз халқыңның ұлына кектенбе және ашуланба, өз
жақыныңды өзіңдей сүй”.
Мазмұны бойынша Он өсиеттің қағидаларымен жарияланған әділдік барлығы
үшін бірдей. Бұл жерде сөз түп-тамыры рулық-тайпалық қатынастарға кететін
талион қағидасы және бірдей нәрсе үшін бірдей нәрсені қайтару туралы
болмақ. Бұл “өлтірме” қағйдасынан айқын көрінеді. Ескере кететін бір
мәселе, Бескітаптықтың мәні бойынша “өлтірме” қағйдасының талаптары
Израильдің аумағымен шектелген. Басқа халықтармен қарым-қатынастарда
Мұсаның заңдары не оларды бағындыруды, не оларды толығымен жойып жіберуді
талап етеді.
Иса өз ілімін жеке тұлғаның пісіп-жетілу уақыты деп саналатын
30жасында жариялады. Ол үш жылдай өз ілімін насихаттады. Содан кейін
құдайдан безінуші ретінде айыпталып, жазаланған болатын. Оны өлтіру туралы
шешімді көпшілік қолдап, римдік прокуратор Понтий Пилат бекітті. Жазаны
римдік билік органдары жүзеге асырды. Жазалаудың құлдар мен қарақшыларға
арналған ең бір төмен түрі таңдалды. Иса өзінің сөзі, ойы, ілімі үшін
крестке таңылып, керіп шегеленіп өлтірілді.
Адамға қойылатын басты талап – жердегі барлық мақсаттар мен
талпыныстардың мәнсіздігін түсіну, сезіну. Құндылықтардың ауқымын дұрыс
анықтап алу керек және басты ақиқатты түсінген жөн. Жүректің әлемге бағынуы
мүмкін емес[1, 20].
Адам өзінің тәжірибедегі шешімдерін шешу жолында тек ілімге немесе
діни формулаларға сүйенбеуі қажет. Әрқашан, кез-келген жағдайда ол өзі
дербес өз тәуекеліне сәйкес, өз жауапкершілігін ескере отырып қимылдауы
қажет. Ол жағдайларға тәуелді болмауы керек, керісінше, жағдайлар оған
тәуелді болуы тиіс. Адамның сүйе білу сезімінің айқын сындарлы көрсеткіші
болып оның өз жауларына деген қарым-қатынасы табылады. Исаның махабатты
адамның ең басты мақсаты деп түсінген ойын ХХ ғасырдың философтары одан әрі
дамытты.
Әлемнің ірі діндері – ислам, христиан діні, конфуций ілімі, буддизмб
иудаизм – ғасырлар бойы халық қалыптастырған мәдени құндылықтарды біздің
заманымызға алып келуші болып табылады. Бұл құндылықтармен халықтардың өиір
сүру кейпі, олардың шаруашылық этикасы, салт-дәстүрлері, құқықтық
көзқарастары тығыз байланысты. Дін социологиясын зерттеуші М.Вебер
әлемдік діндердің шаруашылық этикасының ерекшеліктері, діни құндылықтардың
отбасы өміріндегі, балаларды тәрбиелеу жүйесіндегі ролі туралы жазған.

2. Табиғи құқық және мораль.

Ежелгі гректер табиғи құқықты адамның табиғатымен оның өмір сүруге
құқығымен өзінің табиғи қажеттіктерін қанағаттандырумен, ләззат алу
құқығымен, сонымен қатар жеке бостандық құқығымен байланыстырған.
Антик заманында қалыптасқан табиғи құқық туралы түсініктер өзінің
өзгертілген түрінде қазіргі күнге дейін жетіп “адам құқықтары” идеясынан
көрініс тапты. Табиғи құқық туралы кзқарастардың тарихи дамуы
салыстырмалы сипатқа ие, себебі ол адамның қоғамдағы орны мен роліне,
мемлекеттің адамға қатынасы мен адамның мемлекетке қатынасына қатысты
көзқарастардың өзгеруін білдіреді. Табиғи құндылықтар шегінде адам өзін
табтғаттан бөдіп қарастырмайды. Еуропа өркениетінің тарихындағы үйлесімді
адамның бұл қысқа мерзімді кейпі антикалық пластикада Фидий мен Поликлеттің
мүсіндерінде мәңгі сақталған. Адамның әрбір әрекеті құдайдың есімімен
салыстырылады, құдайлар адамдардың іс-әрекеттерін басқарады.
Демокриттің ойынша, жасандылық пен табиғилықтың байланыс сипатының
дұрыс түсінілуі этикадағы, саясаттағы, көзқарастардағы әділдіктің талабы
болып табылады. Грек софистері табиғат заңдарын полистің заңдарына қайшы
қоя отырып, полис заңдарының табиғатқа қайшы келетін істерді жасауға
мәжбүрлейтіндігі атап көрсеткен.
Платон Сократтың көзқарастарымен келісе отырып, заңдар мен әділдіктің
негізінде құдайдық идеалда бастама жатқанын атап көрсетеді. Сонымен қатар,
мемлекеттік құрылым түрі (аристократия, олигархия, демократия және тирания)
мен адамдардың ішкі жан-дүниесінен байланыс табады.
Аристотельдің құқықты екі нысанға бөліп қарастырған көзқарасы ерекше
мәнге ие болған. Еуроплық құқықтық ойдың дамуның кейінгі тарихында не
адамның табиғи мәніне, не басқа бағытта: құқықтық нормаларды саналы, тиімді
шығаруға бағытталған ерекше зейінді байқауға болады. Табиғи құқықтың
қалыптасуы, ол туралы әртүрлі даулар мынадай бірқатар философиялық
мектептердің пайда болуына негіз болды: стоиктер, киниктер, эпикурлықтар.
Ағартушылық дәәуірінде француз ағартушылары Вольтер мен Руссоның
көзқарастары табиғи құқықпен еркіндік және теңдік сияқты құндылықтарды
байланыстырған[2, 12].
Сананың, адамның жобалық қызметінің көмегімен табиғи құқықты жасанды
жолмен жасалған құқықтан ажырату алғаш рет адамның қоғамдағы дербестігін,
адамдардың мүдделерінің әртүрлі болу мүмкіндігін, адамның “қоғамдық”
өмірінің қиын тағдырын жеке таңдаудың қажеттігін бекітті.
Этнос – ішкі трансформациялық үдеріспен сипатталатын тұрақты түрде
өзгеріп-дамып отыратын, бірақ, осы өзгеруінен белгілі бір тұрақтылық
байқалатын жүйе. Этносты құрайтын бөліктерді әртүрлі көзқараспен сипаттауға
болады: қалыптасқан өмір сүру салты ретінде де, белгілі бір шартыллық үлесі
бар этнос ретінде де, табиғи құқық ретінде де.
Жолдағы табынатын негізгі құндылықтардың қатарына ізденіс пен өз
мақсатына жетуді жатқызуға болады. Жол – бұл әртүрлі әлемдерді
байланыстыратын және жаңа әлемдердің қайнар көзі болып табылатын ерекше
тәжірибе. Миграциялық тәжірибені ұстанушы шығармашылық адамы олардың
ешқайсысының қамауына түспей- ақ, мәдениеттің әлемдерін жасап, оларды
байланыстырады.
Даму тәжірибесі тәуекелмен күшті ерекше жағдайларда көрсетумен
байланысты шекаралық құбылыстарды көрсетеді. Мұндайда жеке тұлға қатыгез
ақиқатты өзгерту мүмкін емес жағдайларда басқа бейнеге енеді, өзін- өзі
өзгертеді. Табиғи құқықтың құндылықтарының жоғалмайтынын ескеріп өткен жөн.
Олар заңдылық мәртебесін иелене отырып, жартылай мемлекеттік құқыққа еніп
кетеді, жартылай моральдық құндылықтар саласында қалып қояды, сөйтіп,
қоғамның жекелеген салаларында өмір сүре береді, дартылай өзгертілген күйде
өнерде, эпоста, фольклорда, тұрмыс нысандарында, заттық мәдениет
ескерткіштерінде, тілде сақталып қалады. Мұның барлығы табиғи құқық
идеясының тарихтың әртүрлі кезеңдерінде қайта жандануына мүмкіншілік
береді: XIV – XVI ғасырлардағы қайта өрлеу кезеңінде, XVIII ғасырдың
француз Ағартушылық кезеңінде, қазіргі кездегі “адам құқықтары”
концепцияларында. Сонымен қатар, жоғарыда аталып өткендей, адамның табиғи
құқықтардың мәнін иеленген жаңа құқықтары пайда болды. Бұл – ақпарат алуға,
қажетті білім алуға, еңбек етуге, әлеуметтік қамтамасыз етілуге құқық.
Табиғи құқық идеясының дамуымен қатар басқа бағытта – құқықты түсінудегі
саналы, оңтайлы, ғылыми, саяси, мемлекеттік тәсіл апологиясыда дамыды. Бұл
қөзқарас шегінде құқық саналы түрде жасалады, саяси институттар мен заңнама
жүйесінде жүзеге асырылады, заңды рәсімдермен және нормаларды түрлерге
бөлумен байланысты болады. Мұндай құқық позотивтік құқық деген атқа ие
болады. Оның тарихындағы аса жарқын құбылыстар ретінде Рим құқықғын және
оның Еуропадағы Н.Макиавелли, Т.Гоббс, Дж.Локк сияқты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Неке құқығы туралы
Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік нормалардың ұғымы және түрлері
Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші
Халықаралық қатынастар теориясы
Құқық нормаларын талқылау ұғымы
Сыбайлас жемқорлық қазіргі заманның құбылысы ретінде
ЗАҢ БОЙЫНША НОРМА ЖҮЙЕСІ
Құқықтық әдет ерекшеліктері
Әлеуметтік нормалар
Өлең сөздің теориясы
Пәндер