Әлеуметтік бақылаудың мәні, мазмұны және атқаратын міндетті қызметтері



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1.Әлеуметтік бақылаудың мәні, мазмұны және атқаратын міндетті қызметтері
2.2.Ж.Гурвич, Т.Парсонс, П.Бергер, Э.Фромның әлеуметтік бақылау теориялары
2.3.Әлеуметтік бақылауда мадақтау мен жазалаудың түрлері
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Бірде-бір қоғам әлеуметтік бақылаусыз болуы мүмкін емес. Тіпті кезейсоқ жиналған адамдардың тобының да қысқа мерзімде ажырап қалмау үшін өзіндік бақылау тетіктерін дайындау тура келеді. Әлеуметтік бақылау түрлі амалдармен жүзеге асырылады. Бірінші - оны орындау әлеуметтендіру арқылы жүзеге асырылады.
Әлеуметтік бақылауды әлеуметтендіру үдерісінде әдет-ғүрыптарды, мұраттарды, дағдыларды, мәдениетті меңгеру негізінде орындайтын болады. Бала кезінен бастап заңды құрметтеуге дейін ол қарым-қатынас ережелерін табиғи күйде қабылдайды. Қарапайым қатынастардағы талаптарды озінен-озі орындайтын адам заңды бұлттартпай орындаудың артықшылығын, тәртіпке бағынушылықтың ұтымдылығын бірте-бірте оқыту барысында меңгереді. Саяси-кұқықтық сананы арнаулы біліммен қатар әлеуметтік мұраттардың жиынтығы қалыптастырады. Заңға өз еркімен бағынатын тұлға өмірлік жағдайлардың қолайлылық дәрежесіне сай әлеуметтенеді. Тұрмыстың тауқыметінен козі ашылмаған жасөспірімді заңды қастерлеуге үндеудің өзі аңғырттық болар еді. Сондықтан әлеуметтену арқылы жағымды мінез-құлықты қалыптастыру әлеуметтік бақылаудың жүзеге асырылуын толық қамтамасыз ете алмайды.
Екінші амал - әлеуметтік бақылау топтық қысым арқылы жү- зеге асырылады. Жекелік алғашқы топтың мүшесі ретінде қоғамға кірігеді. Әр топ ресми және бейресми мөлшерлерді орындату арқылы оз қызметін жүзеге асырады.
Топтың жеке мүшелері ережелерді, әдеттерді, дағдыларды, әдет-ғұрыптарды қуаттауга тиісті. Топтың қабылдаган мөлшерлерінен ауытқыған жекеліктің жүріс-тұрысын теріс қабылдап, оның мінез-құлқын айыптауға әкеледі. Ә. Мәйо Хоторн сынамасында дәлелдегендей, бейресми ережелерді бұзғаны үшін ұжымға келген жаңа мүшелерге әр түрлі қатал жазаларды қолданады: теріс ниетпен қарау, қатарына қабылдамай, сөйлеспей қою, балағаттау, зәбірлеу, қорлаушы айдар тағу ("сатқын", "штрейкбрехер"). Осындай ұжымдық мінез-құлық көрсету арқылы төзуге болмайтын жағдай қалыптастырып, жұмысшы ұжымы ұстанатын ережелерді бұзғандарды (басшылардың айтқанын ұжыммен келіспей орындау) өз орталарынан кетуге мәжбүрлейді.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1.Әлеуметтік бақылаудың мәні, мазмұны және атқаратын міндетті
қызметтері
2.2.Ж.Гурвич, Т.Парсонс, П.Бергер, Э.Фромның әлеуметтік бақылау
теориялары
2.3.Әлеуметтік бақылауда мадақтау мен жазалаудың түрлері
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Бірде-бір қоғам әлеуметтік бақылаусыз болуы мүмкін емес. Тіпті кезейсоқ
жиналған адамдардың тобының да қысқа мерзімде ажырап қалмау үшін өзіндік
бақылау тетіктерін дайындау тура келеді. Әлеуметтік бақылау түрлі
амалдармен жүзеге асырылады. Бірінші - оны орындау әлеуметтендіру арқылы
жүзеге асырылады.
Әлеуметтік бақылауды әлеуметтендіру үдерісінде әдет-ғүрыптарды,
мұраттарды, дағдыларды, мәдениетті меңгеру негізінде орындайтын болады.
Бала кезінен бастап заңды құрметтеуге дейін ол қарым-қатынас ережелерін
табиғи күйде қабылдайды. Қарапайым қатынастардағы талаптарды озінен-озі
орындайтын адам заңды бұлттартпай орындаудың артықшылығын, тәртіпке
бағынушылықтың ұтымдылығын бірте-бірте оқыту барысында меңгереді. Саяси-
кұқықтық сананы арнаулы біліммен қатар әлеуметтік мұраттардың жиынтығы
қалыптастырады. Заңға өз еркімен бағынатын тұлға өмірлік жағдайлардың
қолайлылық дәрежесіне сай әлеуметтенеді. Тұрмыстың тауқыметінен козі
ашылмаған жасөспірімді заңды қастерлеуге үндеудің өзі аңғырттық болар еді.
Сондықтан әлеуметтену арқылы жағымды мінез-құлықты қалыптастыру әлеуметтік
бақылаудың жүзеге асырылуын толық қамтамасыз ете алмайды.
Екінші амал - әлеуметтік бақылау топтық қысым арқылы жү- зеге
асырылады. Жекелік алғашқы топтың мүшесі ретінде қоғамға кірігеді. Әр топ
ресми және бейресми мөлшерлерді орындату арқылы оз қызметін жүзеге асырады.
Топтың жеке мүшелері ережелерді, әдеттерді, дағдыларды, әдет-ғұрыптарды
қуаттауга тиісті. Топтың қабылдаган мөлшерлерінен ауытқыған жекеліктің
жүріс-тұрысын теріс қабылдап, оның мінез-құлқын айыптауға әкеледі. Ә. Мәйо
Хоторн сынамасында дәлелдегендей, бейресми ережелерді бұзғаны үшін ұжымға
келген жаңа мүшелерге әр түрлі қатал жазаларды қолданады: теріс ниетпен
қарау, қатарына қабылдамай, сөйлеспей қою, балағаттау, зәбірлеу, қорлаушы
айдар тағу ("сатқын", "штрейкбрехер"). Осындай ұжымдық мінез-құлық көрсету
арқылы төзуге болмайтын жағдай қалыптастырып, жұмысшы ұжымы ұстанатын
ережелерді бұзғандарды (басшылардың айтқанын ұжыммен келіспей орындау) өз
орталарынан кетуге мәжбүрлейді.
Үшінші амалға күштеуді қолдану жатады. Дәстүрлі қоғамдар- да бейресми
бақылау басым болса, дамыған күрделі қоғамдарда мемлекеттік күштеудің
мүмкіндігін кең қолданады. Жазалаудың қаталдық дәрежесі тәртіпті бұзудың,
қоғамға зиян келтірудің ауыртпалығына сәйкес анықталады. Ол үшін билік
орындары әр түрлі жазалау жүйесін дамытып келді. Жүріс-тұрыстың жалпы
қабылданған үлғілерін ұстануға мүмкіңдік туғызатын жазалаулар мен
мадақтауларды қолдануды жалпы санкциялар деп атайды. Олар теріс және
жағымды болып бөлінеді. Жазалаулар құқықтық мөлшерлерде көрсетіледі, ал
мадақтаулар билік (үкімет, мекемелер, құзырлы орындар және қоғамдық,
шығармашылық ұйымдар) тарапынан жұрт алдында мақұлданады. Яғни
санкциялардың әлеуметтік мөлшерлерді орындауы, оларға ыңғайлануы үшін
конформистік мінез-құлыққа әр түрлі мадақтауларды қолданады, ал оны
орындамайтын, ауытқыған мінез-кұлық көрсететіндерге - де- виациялық
ауытқуларға жазалаулар қарастырылған.
Жаңадан құрылатын қоғамда ескі мөлшерлер бұзылып, жаңалары қалыптасып
үлгірмеген жағдайда мінез-құлық ауытқуының бұзушылық салдарларының шектен
асып кету қауіптілігі пайда болады. Сондықтан мінез-құлықтың ауытқуы
мәселесін зерттеуде ғылымның түрлі өкілдері оның психофизиологнялық,
биологиялық, генетикалық себептерін анықтауға көңіл бөлді. Бірақ біз үшін
мінез-құлық ауытқуыньтң соңиологиялық түсіндірмесі маңызды. Дегенмен,
дүниежүзілік социологиялық әдебиетте әлеуметтік бақылаудың мәні, қоғамда
атқаратын қызметін қарастырған еңбектерде баршылық. Олардың алдыңғы
қатарына
Ж.Гурвич, Т.Парсонс, П.Бергер, Э.Фром және т.б. ойшылдардың еңбектерін
атауға болады.

2.1.Әлеуметтік бақылаудың мәні, мазмұны және атқаратын міндетті
қызметтері

Қоғамда бәрі кездейсоқ болып көрінгенімен әлеуметтік тәртіпке
келтірілген. Кез келген қоғам адамдардың жүріс-тұрысын реттеуді және
әлеуметтік тәртіп орнатуды маңызды деп санайды. Әлеуметтік бақылау
әлеуметтендіру амалымен жүзеге асырылады. "Әлеуметтік бақылау" ұғымы
қоғамда әлеуметтік тәртіптің және орнықтылықтың қалай қамтамасыз етілетінін
ашып береді. Әлеуметтік бақылау деп қоғамның мөлшерлерін, құндылықтары мен
жазалау ережелерінің жиынтығын өзіне біріктіретін адамдардың мінез-құлқын
реттейтін ерекше әлеуметтік тетікті атайды.
Шын мәнінде жеке адамдардың кылықтары қалыпты деп саналатын жүріс-
тұрыстың шеңберінен шығып кетеді. Әлеуметтік өмірде ыңғайланумен -
конформнзмен қатар ауытқулар - девиация да орын алады. Ал өтпелі қоғамдарда
әлеуметтік мөлшерден ауытқу жаппай көпшілік сипат алады. Жаңадан құрылатын
қоғамда ескі мөлшерлер бұзылып, жаңалары қалыптасып үлгірмеген жағдайда
мінез-құлық ауытқуының бұзушылық салдарларының шектен асып кету қауіптілігі
пайда болады. Сондықтан мінез-құлықтың ауытқуы мәселесін зерттеуде ғылымның
түрлі өкілдері оның психофизиологнялық, биологиялық, генетикалық себептерін
анықтауға көңіл бөлді. Бірақ біз үшін мінез-құлық ауытқуыньтң соңиологиялық
түсіндірмесі маңызды.
Әлеуметтік бақылау жүйесінің ықпалына бағынбайтын, ұйғарылған
әлеуметтік мөлшердің талаптарынан ауытқып кететін жекеліктер барлық
қоғамдарда кездеседі. Адамдардың басым көпшілігі әлеуметтендіру нәтижесінде
ешқандай күштеусіз жүріс-тұрыстың жалпы ережелерін ұстанады. Бірақ
әлеуметтендіру кемшіліксіз болмайды, сондықтан әлеуметтік бақылауды
қолдануды қажет етеді. Әлеуметтік бақылау өз мүшелерінің лайықты мінез-
құлқын белгіленген қалыптар мен жазалаулар шеңберінде қолдау үшін қоғамда
бар материалдық және рәміздік қорлар жиынтыгын қолданады. Оның қызметін
екіге бөліп көрсетуге болады: мөлшерлік, ол адамның мінез-құлқын құндылықты-
мөлшерлік реттеуіштердің іс-әрекетімен бақылауға саяды және
институционалды, ол әлеуметтік бақылаудың субъектілер жүйесінің (адамдардың
мінез-құлқын жазалау арқылы реттейтін арнаулы институттардың) болуына
негізделеді.
Келесі шеңберді қоғамдық өнеғе-ғибрат, әдет-ғұрыптар бейнелейді.
Құлықтылыққа жат қылықтар үшін жұмыстан қуады, жақындары үялтады,
көргенсіздік танытқанға қоғамда теріс қөзқарас кәрсетеді, айып тағады.
Осындай үлкен күштеу шеңберімен қатар бақылаудың кіші шеңберлеріде орын
алады. Үшінші шеңбер-кәсіби жүйе. Жұмыста адамды түрлі нұсқаулар, кәсіби
міндеттер, іскерлік борыштар шектейді. Кәсіпкерлерді лиңензиялау ұйымдары,
қызметкерді кәсіби мекеме бақылайды. Бақылауды жоғары ресми орындарда
бастықтармен қатар қызметтестер де жүргізеді. Кәсіби жүйенің бақылауы
маңызды, өйткені кәсібі мен лауазымына сай жекеліктің өндірістен тыс
жағдайда немен айналысатынын және тыйым салынатын нәрселерді анықтап алады.
Қоғамдық орта тағы бір келесі бақылау жүйесін құрайды. Бұл шеңберде
бейресми талаптар қойылады. Қоршаған әлеуметтік ортада көптеген
құбылыстарды қамтитын жазылмаған талаптар да қойылады. Ол адамның киінуіне,
сойлеуіне, әстетикалықталғамдар мен саяси, құқықтық, діни козқарастарына
т.с.с. байланысты. Бұның бәрі бақылау шеңберінің тиімділігін арттырады.
Ең соңғы, жекелікке жақын шеңберде оның жеке оміріне байланысты отбасы
және жолдастарының бақылау шеңбері орналасқан. Бірақ бұл шеңберде
әлеуметгік қысымның ықпалы әлсіремейді. Жақындардың жақтырмауының әсері -
ботендер айтқанынан әлдеқайда жоғары.
Әлеуметтік бақылау түрлі амалдармен жүзеге асырылады. Бірінші - оны
орындау әлеуметтендіру арқылы жүзеге асырылады.
Әлеуметтік бақылауды әлеуметтендіру үдерісінде әдет-ғұрыптарды,
мұраттарды, дағдыларды, мәдениетті меңгеру негізіңде орындайтын болады.
Бала кезінен бастап заңды құрметтеуге дейін ол қарым-қатынас ережелерін
табиғи күйде қабылдайды. Қарапайым қатынастардағы талаптарды озінен-озі
орындайтын адам заңды бұлттартпай орындаудың артықшылығын, тәртіпке
бағынушылықтың ұтымдылығын бірте-бірте оқыту барысында меңгереді. Саяси-
кұқықтық сананы арнаулы біліммен қатар әлеуметтік мұраттардың жиынтығы
қалыптастырады. Заңға өз еркімен бағынатын тұлға өмірлік жағдайлардың
қолайлылық дәрежесіне сай әлеуметтенеді. Тұрмыстың тауқыметінен козі
ашылмаған жасөспірімді заңды қастерлеуге үндеудің өзі аңғырттық болар еді.
Сондықтан әлеуметтену арқылы жағымды мінез-құлықты қалыптастыру әлеуметтік
бақылаудың жүзеге асырылуын толық қамтамасыз ете алмайды.
Екінші амал - әлеуметтік бақылау топтық қысым арқылы жүзеге асырылады.
Жекелік алғашқы топтың мүшесі ретінде қоғамға кірігеді. Әр топ ресми және
бейресми мөлшерлерді орындату арқылы оз қызметін жүзеге асырады.
Топтың жеке мүшелері ережелерді, әдеттерді, дағдыларды, әдет-ғұрыптарды
қуаттауга тиісті. Топтың қабылдаган мөлшерлерінен ауытқыған жекеліктің
жүріс-тұрысын теріс қабылдап, оның мінез-құлқын айыптауға әкеледі. Ә. Мәйо
Хоторн сынамасында дәлелдегендей, бейресми ережелерді бұзғаны үшін ұжымға
келген жаңа мүшелерге әр түрлі қатал жазаларды қолданады: теріс ниетпен
қарау, қатарына қабылдамай, сөйлеспей қою, балағаттау, зәбірлеу, қорлаушы
айдар тағу ("сатқын", "штрейкбрехер"). Осындай ұжымдық мінез-құлық көрсету
арқылы төзуге болмайтын жағдай қалыптастырып, жұмысшы ұжымы ұстанатын
ережелерді бұзғандарды (басшылардың айтқанын ұжыммен келіспей орындау) өз
орталарынан кетуге мәжбүрлейді.
Үшінші амалға күштеуді қолдану жатады. Дәстүрлі қоғамдарда бейресми
бақылау басым болса, дамыған күрделі қоғамдарда мемлекеттік күштеудің
мүмкіндігін кең қолданады. Жазалаудың қаталдық дәрежесі тәртіпті бұзудың,
қоғамға зиян келтірудің ауыртпалығына сәйкес анықталады. Ол үшін билік
орындары әр түрлі жазалау жүйесін дамытып келді. Жүріс-тұрыстың жалпы
қабылданған үлғілерін ұстануға мүмкіңдік туғызатын жазалаулар мен
мадақтауларды қолдануды жалпы санкциялар деп атайды. Олар теріс және
жағымды болып бөлінеді. Жазалаулар құқықтық мөлшерлерде көрсетіледі, ал
мадақтаулар билік (үкімет, мекемелер, құзырлы орындар және қоғамдық,
шығармашылық ұйымдар) тарапынан жұрт алдында мақұлданады. Яғни
санкциялардың әлеуметтік мөлшерлерді орындауы, оларға ыңғайлануы үшін
конформистік мінез-құлыққа әр түрлі мадақтауларды қолданады, ал оны
орындамайтын, ауытқыған мінез-кұлық көрсететіндерге - девиациялық
ауытқуларға жазалаулар қарастырылАДЫ

2.2.Ж.Гурвич, Т.Парсонс, П.Бергер, Э.Фромның әлеуметтік бақылау
теориялары

Ж. Гурвичтің анықтауына сүйенсек, "әлеуметтік бақылау - мәдени
үлгілердің, әлеуметтік рәміздердің, ұжымдық мағыналардың, құндылықтар,
идеялар және мүраттар, тағы оларды қамтитын, қарастыратын және пайдаланатын
әрекеттер мен үдерістердің жиынтығы ретінде белгіленуі мүмкін, осылар
арқылы әр ғаламдық қоғам, әр жеке топ, әр әлеуметтік нысан мен әр жекелік
оларға тән антиномияларды, шиеленістер мен дау-жанжалдарды уақытша және
тұрақсыз тепе-теңдік жолымен еңсеруге қол жеткізу, жаңадан күш жинау үшін
ұжымдық шығармашылыққа бағытталған түйісудің басқа нүктелерін тауып алу".
Әлеуметтік бақылаудың негізгі міндеті - жекеліктерді жағымды
әлеуметтік мінез-құлыққа көндіру болып табылады.
Әлеуметтік бақылау қоғамдық тәртіпті еақтаудың өзгеше тетігі регінде
билік өкілдігін, әлеуметтік мөлшерлерді, құндылықтарды пайдаланады.
Әлеуметтік жүйе әлеуметтік бақылау арқылы өзін-өзі реттейтін бір әдіс болып
саналады. Оның атқаратын негізгі міндетті қызметтері қоғамды қорғауға және
орнықтыруға бағытталған. Т. Парсонс әлеуметтік бақылаудың міндетті қызметі
жекеліктердің әлеуметтік күтулері мен шынайы мінез-құлық арасындағы
айырмашылықты барынша азайтуға бағытталатынын атап көрсетеді. Әлеуметтік
бақылаудың міндетті қызметі жеке үш тармаққа бөлінеді: реттеуші, қорғаушы
және тұрақтандырушы.
Әлеуметтік бақылау үлгілі өлшемдерінің негізгі бөлшектеріне -
әлеуметтік мөлшерлер, әлеуметтік үйғарымдар, мақұлдау немесе жазалау
шараларын қолдану және құндылықтар жатады. Ә. Фромм қоғамның тиімді қызмет
атқаруы - оның мүшелерінің мінез-құлқы осы қоғамның талаптарына сай әрекет
етуі өздерінің қалауымен орындайтын түрпатта қалыптасқанда ғана мүмкін
болатынын атап көрсетті1.
П. Бергер өзінің әлеуметтік бақылау тұжырымдамасында кез келген қоғам
өзінің бағынбайтын мүшелерін ауыздықтайтын немесе жуасытатын әр түрлі
құралдарын белгілеп алады - деген. "Бірде-бір қоғам әлеуметтік бақылаусыз
болуы мүмкін емес. Тіпті кездейсоқ жиналған аз ғана адамдар тобының да
қысқа мерзімде ажырап қалмау үшін өзіндік бақылау тетіктерін дайындау тура
келеді". Қазіргі заман адамы қоғамның әр түрлі институттары тарапынан
жүзеге асырылатын әлеуметтік бақылаудың көп деңгейлі және көп жақты
жүйесіне енгізілген.
Бергер әлеуметтік бақылауды орталықтандырылған шеңберлер түрінде
суреттейді. Шеңбердің ортасында адам тұрады. Әр шеңбер бақылаудың жаңа
жүйесі болып табылады. Сыртқы шеңбері болатын үлкен күштеу шеңберіне саяси-
құқықтық жүйе жатқызылады. Оны бейнелейтін мемлекет озінің дегенін еріксіз
орындатады: әскерге шақыртады, салықты толетеді және басқа коптеген
үйғарымдарын жүзеге асырады.
Соңғы шеңбердің өзегін жүбайлардың сырлас қатынастары күрайды. Адам
сырластық қатынастарда ең маңызды сезімдеріне қолдау іздейді. П. Бергер
жазғандай, "жұмысында өктемшіл адамдар, үйінде өзінің әйелдеріне лезде жол
береді, достары наразылықпен қабағын түйсе, бүрісе қалады". Адам осындай
жағдайдың бәрін зердесінен өткізіп, кімге бағынатынын, орын беретінін,
жарамсақтанатынын ұғынганда қоғамның зор ықпалы оны басып тұратынын жете
түсінеді.
Әлеуметтену барысында дара тұлға әлеуметтік мөлшерлерді өзінің мінез-
құлқын реттейтін кұрал ретінде меңғереді. Бүкіл әлеуметтік өмір ережелер
мен мөлшерлерге бағынады, онсыз қоғамда астан-кестен орын алар еді.
Әлеуметтік мөлшер адамның мінез-құлқын бақылайды және бағыттайды, реттейді
және бағалайды. Олар арқылы қоғам және әлеуметтік топтар өз мүшелеріне
тиісті талаптарын қояды. Оларды орындай алмаған жағдайда адамдар қысылу,
ыңғайсыздану күйін кешеді. Мысалы, біреуге жамандық ойлау, өлім тілеу
немесе табыстарына қызғанышпен қарауы үжданы алдында кейін азап шектіреді.
Ар-ұятына сүйену - өзін-өзі бақылаудың болуын білдіреді. Әлеуметтік өзара
әрекеттесуді өзін-өзі бақылаусыз жүзеге асыру мүмкін емес, өйткені
тұлғаралық сенім болмайды. Өзін-озі бақылау ырықсыздықты, албырттық мінез-
құлықты тежейді. Егер әлеуметтену табысты нәтижеге қол жеткізсе, онда қоғам
мүшелері озінің теріс қылықтарын ар-ұят тезіне салып өзі бағалай алатын
болады. Ал рухани ыдыраған қазіргі қоғамда жеке бастың материалдық және
мансаптық мүдде- леріне шектен тыс басымдық берілғендіктен бейресми
бақылаудың тетіктері барынша әлсіреген.
Өзін-өзі бақылауы дамыған қоғамда сыртқы бақылауы төмен болады, яғни
әскерді, сотты, мемлекетті қолдануы шектеледі. Сыртқы қатал бақылау, ұсақ
қамқорлық сана-сезімнің және оз еркімен көңіл білдіруді тежейді. Өктем
билікке бағынған қоғамда адамдардың ішкі бақылауы жетілмей қалады, жігері
басылып тұншықтырылады, жауапкершіліктен, ынталылықтан гөрі қорқыныш сезімі
пайда болады, бәрін үрланып, аса сақгықпен ғана жасауға бейім болады.
Осының салдарынан бұқара көпшіліктің санасының астыңғы қабатында барлық
күштеумен енгізілген ережелерге, заңдарға парықсыз қарсылығы қалыптасады.
Сол себептен Кеңес Одағында қалыптасқан құқықтық ингилизм, әлеуметтік
тәртіпке бағынбау, бүлікке бейімділік әлі күнге дейін кең тараған. Бұл
зорлыққа еріксіз қарсылықтың көрінісін бейнелейді.
Бақылауды басқарумен теңестіруге болмайды. Ата-ана мұғалімнің
балаларына берген сабақ тапсырмасын орындау үдерісін қадағалайды. Сол
сияқты қоғамдық көлікте жүрушілер ақы төлеуде бақылаушыларға кездеседі.
Жұмыста мекеме бастыгы берген тапсырманың орындалу барысын төменгі буын
жетекшісі бақылайтын болады.
Басқару түсінігінің мағынасы бақылау түсінігінен кең. Басқарушы берген
тапсырмасын өзі тікелей бақылауы басқарылатын бірліктің көлеміне
байланысты: бөлім басшысының бақылау мен басқаруды біріктіруге мүмкіндігі
бар, себебі қызметкерлер көз алдында болады. Ал басқару бірлігі іріленген
сайын бақылау мүмкіндігі төмендейді. Елбасы өзіне тікелей есеп беретін
министрлер мен облыс әкімдерінің беретін есебі арқылы басқаруы мен
бақылауын үштастырады.
Басқару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық жүйесінде әлеуметтік салықтың ролі
Экономикалық дамудағы қаржы
Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері
Қаржы жүйесінің мәні
Ішкі аудитті бағалау
Қазақстан Республикасында салықтық әкімшілік ету механизімін жетілдіру
«Қаржы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Қаржы жүйесінің құрылымы немесе 2004 - 2006 жылдардағы қызметін талдау
Аудиттің негізі және оның атқаратын қызметтері
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Пәндер