Банктік емес несиелік мекемелерді реттеу


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Банктік емес несиелік мекемелерді реттеу

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым. өкілетті органның лицензиясы негізінде каржы нарығын немесе қаржы ұйымдарын, яки ҚР Ұлттык Банкін реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын, банк болып есептелмейтін заңды тұлға «Банктер туралы» заңда көзделген банктік операциялардың жеке түрлерін немесе өзге де операцияларды жүргізуге құқылы.

ҚР заңнамалық актінде көзделген жағдайдан өзге еш уакытта бірде-бір банк емес ұйымнын жеке және заңдық тұлғалардан депозиттерді қабылдауға құқы жоқ. Банк емес ұйымдардын қызметін реттеу ҚР Ұлттық банкінің 2003 жылғы 6 желтоқсандағы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйымдардың қызметін құру, лицензиялау, реттеу, ұйым қызметін тоқтату туралы №445 Ережелері негізінде жүргізіледі. Ал ол Банктер туралы, Ұлттык банк туралы және «Қаржы нарығы мен каржы ұйымдарын бағалау және қадағалау туралы» Заңдардың негізінде тұжырымдалган. Банк емес ұйымдар өз қызметін тек қана Банктер туралы Заңының 31 бабына сәйкес жасақталған Операцияларды өткізудің жалпы шарттары туралы ереже мен ішкі ережелер негізінде ғана жүзеге асыралады.

Операцияларды жүргізудің жалпы шарттарының ережесі банк емес ұйымдар жүзеге асыратын барлық банктік және басқа операциялары бойынша мағлұматтарды қамтуы тиіс. Банк емес ұйымдарға лицензия Банк туралы занда көзделген бір немесе бірнеше операцияны жүзеге асырута беріледі, бұған тек кана банктер атқаруға тиісті банк операциялары кірмеуі керек.

Бұл ретте теменде керсетілген банктік операциялар тек осы тәртіп бойынша үйлестіріле алады:

  • аудармалык операциялармен ұштаскан кассалык операциялар;
  • ипотекалык карыздар бойынша талап ету кұжаттарын басқару бөлігіндегі сенімді операцияларымен қоса қарыз операциялары;

Ерекше жағдайларда, Үкімет пен Ұлттық банктің шешімі бар болса, өкілетті орган кұрылтайшысы не қатысушысы (акционері) төмендегі органдар болып табылатын ұйымдардың жекелеген операция түрлерін жүзеге асыруға лицензия бере алады:

1. Үкіметке сенім артқан мемлекет.

  1. Ұлттық банк.
  1. Құрылтайшысы жалғыз ғана Үкімет немесе Ұлттық банк болып табылатын заңдық тұлға.

Банк емес ұйымдардың бухгалтерлік не өзге есеп беруінің тізбесі, формасы мен уақыты, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін жауапкершілік Ұлттық банк пен Реттеу жөніндегі агенттіктің бөлек заңдық актілерімен белгіленеді.

Банк емес мекемелер Ұлттық банк пен Агенттіктерге олардың талап етуі бойынша кез келген ақпаратты, өздерінің қаражаты, өткізіп жатқан операциялары, берген немесе алған қарыздары жайындағы мәліметтерді беруге міндетті. Агенттік банк емес ұйымдар орындауға тиісті қосымша нормативтер мен нормаларды белгілей алады.

Банк емес ұйымның қызметін Агенттік инспекциялайды, ол облыстың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында орналасқан банк емес ұйымдардың қызметін тексеру жөніндегі өкілдігін өзінің аумақтық өкілдеріне немесе ҚР Ұлттык банкінің филиалдарына бере алады. Банк емес ұйым ҚР заңын бұзған жағдайда Агенттік оған «Банктер туралы» заңының 47 бабының а), б), е) тармақшаларында көрсетілген санкциялар мен шектеулі ықпал шараларын қолданады. Дәлірек айтқанда, айыппұл салу, барлық немесе белгілі бір операцияларды өткізуге берілген лицензияны тоқтату немесе қайтып алу, «Банктер туралы» заңының 20 бабында көрсетілген міндетін атқарудан шектету сынды шаралар қолдана алады. Агенттік Лицензияны қайтарып алу үшін Агенттік өзі қабылдаған шешімі туралы әділет органдарын I ай бұрын хабардар етуі керек. Банк емес ұйымдарды қайта құру немесе қызметін тоқтату ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асады.

Банктік емес мекемелер

Парабанктік жүйе экономикамыздың нарықтық қатынастарға көшуі барысында жаңадан қалыптасып, енді ғана біртіндеп дамып келе жатқан жаңа құрылымды сипаттайды.

Банктік емес мекемелердің немесе парабанктік мекемелердің банктерден айырмашылығы - олар біріншіден, клиенттердің белгілі бір түріне ғана қызмет етсе, екіншіден, банктік операциялардың жекелеген түрлері бойынша қызмет көрсетеді.

Кейбір экономикалық әдебиеттерде парабанктік жүйенің ішіндегі несиелік мекемелерге ломбардтарды, несиелік серіктестіктерді, несиелік қоғамдарды және одақтарды жатқызады.

Ломбардтар - бұл жылжитын мүліктерді кепілге ала отырып, қысқа мерзімге ссудалар беретін несиелік мекеме.

Тарихта ломбардтар өсімқорлық несие беретін жеке меншік кәсіпорын ретінде пайда болған. Ломбардтардың мамандану саласы жылжитын мүлік, оның ішінде бағалы металдар мен асыл тастарды (бағалы қағаздардан басқа) кепілге алып, тұтыну несиесін беру болып табылады. Олардың ссудалары негізінен қысқа мерзімге (30 күнге дейінгі мерзімге) кепілге салатын мүлік құнының 50-80 /о мөлшерінде беріледі. Кепілге алып ссуда берумен қатар, олар клиенттердің құндылықтарын сақтау, сондай-ақ комиссиондық негізде кепілге салынған мүліктерді сатумен айналысады.

Несиелік операцияны ұйымдастырудың басты ерекшелігі - мұнда несиелік шарт және кепіл міндеттемелері болмайды.

Ссуданы кепілге беру барысында клиент кепілге зат қойғандығын куәландыратын және ссуда алғандығын растайтын құжат немесе кепіл билетін алады. Онда қарыз алушының реквизиттері және мәміленің басты шарты көрсетіледі.

Несиелік серіктестік - өз мүшелеріне несие-есеп айырысу қызметін көрсету мақсатында құрылған несиелік мекеме.

Несиелік серіктестіктердің жарғылық капиталы пай қосу және міндетті кіру жарнасын төлеу жолымен қалыптасады. Мұндағы қосқан үлестер мүшеліктен шығып қалған жағдайда қайтарылмайды. Несиелік серіктестіктердің мүшелеріне кооперативтер, жалгерлік кәсіпорындар, банктер, шағын және орта бизнес, жеке түлғалар кіреді. Несиелік серіктестіктердің басты пассив операцияларына - салымдарды тарту және займдарды орналастыру; актив операцияларына - ссудалық, комиссион-дың, сауда-делдалдың операциялары жатады.

Несиелік серіктестіктің бір түріне ауыл шаруашылығы несиелік қоғамдары жатады. Оның құрылтайшысы: Орталық банк, коммерциялық және мамандандырылған банктер, үкімет құрылымдары, жеке және заңды тұғалар бола алады. Олардың басты қызметі- ауыл шаруашылығына несие-есеп айырысу қызметін көрсету; шаруашылық заттарын, мал, тұқым, ты-ңайтқыш сатып алу шығындарын және өзге де жұмыстарды несиелеу. Ауыл шаруашылығы несиелік серіктестіктерінің клиенттеріне шаруа қожалықтары, фермерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылық кәсіпорындары жатады. Негізгі операциялары: қысқа және орта мерзімге ссудалар беру және салымдар қабылдау, делдалдың қызмет. Ауыл шаруашылық несиелік серіктестіктерді ұйымдастырудың басты ерекшелігі - олардың қызметінің бірқатар салық жеңілдіктеріне ие болуы, атап айтсақ, табыс салығынан босауы, сондай-ақ оған үлес қосушы ларға да салықтық жеңілдіктер болады.

Несиелік одақтар - бұл белгілі бір жеке тұлғалардан немесе ұсақ несиелік мекемелерден ұйымдастырылатын несиелік кооперативтер.

Олар негізгі екі типте болуы мүмкін: 1) қысқа мерзімді тұтыну несиесін беру мақсатында кәсіби немесе аумақтық белгілеріне қарай жеке түлғалар тобымен ұйымдастырылған; 2) еркімен қосылған дербес несиелік серіктестік түрінде, мысалы, ссуда жинақ серіктестіктері, өзара несие қоғамдары, коопе-ративтер және т. б.

Несиелік одақтардың капиталдары олардың мүшелерінің қосатын үлесінен және пайларды төлеу, сондай-ақ займдарды шығару жолымен қалыптасады. Негізгі операцияларына мыналар жатады: салымдарды тарту және займдарды шығару; өзінің мүшелеріне қамтамасыз етілген ссудалар беру, вексельдерді есепке алу; сауда делдалдың және комиссиондық операциялар; кеңес беру және өз мүшелеріне аудиторлық қызмет көрсету.

Өзара несие крғамдары - шағын және орта бизнеске қызмет көрсететін коммерциялык, банктерге қызметінің сипаты жағынан ұқсас келетін несиелік мекемелер.

Бұл қоғамдар Үлы қазан төңкерісіне дейінгі Ресейде, соның ішінде Қазақстан аумағында жеке өнеркәсіпшілер мен саудагерлерге несие-есеп айырысу қызметін көрсеткен. Өзара несие қоғамдарының қатысушыларына заңды және жеке тұлғалар жатады. Оның капиталы оған қатысушылардың қосқан жарналарынан қалыптасады.

Қазақстанда банктік емес мекемелердің мынадай түрлері дамып отыр:

  • ломбардтар; несиелік серіктестіктер; микрокредиттік ұйымдар; жинақтаушы зейнетақы қорлары;

- пошта-жинақ мекемелері;

- ипотекалық компаниялары. .

Соның ішінде қазіргі кезде ломбардтық мекемелер мен несиелік серіктестіктер кеңінен дамып келеді. .

ҚР Ұлттық банктің 1997 жылғы 29 тамыздағы № 314 «Ломбард туралы» ережесіне сәйкес, ломбард - банк болып табылмайтын, Ұлттык, банктің берген лицензиясы негізінде операциялар мен қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға.

Ондай операцияларға мыналар жатады:

ломбардтық операциялар: тез іске асырылатын бағалы
қағаздар мен жылжымалы мүліктерді кепілге алып, қысқа
мерзімді несие беруді сипаттайды;

  • бағалы металдардан(алтыннан, күмістен, платинадан, платина тобындағы металдардан) жасалған монеталарды, сондай-ақ бағалы металдар және асыл тастардан тұратын зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
  • сейфтікқызметтер: клиенттердің бағалы қағаздарын құжаттарын, құндылықтарын сақтауға байланысты, сол сияқты сейфтік жәшіктерді, шкафтарды, бөлмелерді жалға беру қызметтерін көрсетеді;
  • келісімшарт мерзімі ішінде жалға берілген мүлікке жалға берушінің меншік құқығын сақтай отырып, ол мүлікті жалға беру;

• заң талаптарына сәйкес кепілге алынған мүлікті сату.
Ломбардтардың құрылтайшылары мен қатысушыларына

жеке және заңды тұлғалар жатады. Мемлекет өзінің өкілетті органдары арқылы оған құрылтайшы болуы мүмкін.

Ломбард кез келген ұйымдық-құқықтық формада (ашық акционерлік қоғамнан басқа) құрылып, өз қызметін жүзеге асырады.

«Несиелік серіктестік туралы» К, Р заңына сәйкес несиелік серіктестік - бұл оның қатысушыларының бос ақшалай қаражаттарын жұмылдыру жолымен қаржылык, көмек көрсету барысындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру максатында заңды және жеке тұлғалардың ерікті түрде бірігуінің нәтижесінде құрылган, банк болып табылмайтын және К, Р Ұлттық банкінің лииензиясы негіэінде жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға .

Несиелік серіктестіктердің мынадай түрлері болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиелік мекемелердің түрлері
Банктік емес несие институттарының экономикалық мәні мен маңызы
Қазақстан Республикасындағы несие нарығы мен несие ресурстарының жағдайы
Қазақстан Республикасында несиелеу жүйесін дамыту
Дамыған мемлекеттердің орталық банктерінің функциялары
Ұлттық банк: оның мақсаттары, міндеттері мен қызметтері
Несие жүйесінің түсінігі
ҚР – сы банктерінің несие беру операцияларының мәні
Қазақстандағы Ұлттық банк және оның банк жүйесіндегі рөлі
Несие жүйесінің экономикалық мәні және маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz