Тауарлы-материалдық қорлардың есебі туралы ақпарат


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 8

I БӨЛІМ ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІ

1. 1. Тауарлы-материалдық қорлар және оларды жіктеу мен ХҚЕС бойынша тауарлық-материалдық қорлардың бағалануын есепке алу . . . 10

1. 2. Тауарлы-материалдық қорлардың қозгалысын есептеу кезінде жасалатын құжаттар . . . 17

1. 3. Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі . . . 23

1. 4. «Мырзакент» корпорациясы бухгалтериясының құрылымы мен технологиялық процесі . . . 34

II БӨЛІМ ТАУАРЛЫ - МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫ ТАЛДАУ

2. 1. Тауарлы-материалдық қорларды талдаудың мақсаты және міндеттері . . . 50

2. 2. Тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу көздері . . . 52

2. 3. «Мырзакент» корпорациясының тауарлы-материалдық қорлар құрамы мен дайын өнім қорларын талдау . . . 60

2. 4. Материалдық ресурстарды пайдалануды талдау . . . 63

III БӨЛІМ ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ АУДИТІ

3. 1. Материалдар аудиті . . . 66

3. 2. Кәсіпорынның дайын өнім және тауарлар аудиті . . . 75

3. 3. Кәсіпорынның бизнес -жоспары . . . 79

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 87

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 90

ҚОСЫМШАЛАР . . . 93

Аннотация

Бұл дипломдық жұмыс «Өнеркәсіп кәсіпорнындағы тауарлы-материалдық қорлардың есебін ұйымдастыруы және талдауы» деп аталады.

Бұл дипломдық жұмыста келесідей сұрақтар қарастырылады:

  • Тауарлық- материалдық қорлардың есебі;
  • Тауарлық материалдық қорларды талдау;
  • Тауарлық - материалдық қорлардың аудиті.

Дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасының нормативтік -құқықтық құжаттары, әдістемелік құралдар, кітаптар, түрлі экономикалық және бухгалтерлік басылымдар, Статистикалық агенствоның көрсеткіштері негізінде және «Мырзакент» корпорациясының құжаттары негізінде жазылған.

Жұмыста келесідей ұсыныстар бар:

- есептің автоматизацияланған жүйесін енгізу қажет;

- арнайы ұқсастыру әдісін қолдану ұсынылады;

- кәсіпорын бухгалтерлерінің халқаралық қаржылық есеп беру стандарттары негізінде біліктілігін арттыру;

- кәсіпорынның техникалық-құрал жабдықтарын қайта жаңарту.

Дипломдық жұмыс 3 бөлімнен және 92 беттен тұрады. Кесте саны 11, Сызбалар саны 3.

Қысқартулар мен символдар

МЖШ - механикалық жөндеу шеберханасы;

БЕС - бухгалтерлік есеп стандарттары;

ХҚЕС -халқаралық қаржылық есеп стандарттары;

ТМҚ - тауарлық - материалдық қорлар;

СТН - салушының тіркеу номері;

ҚҚС - қосылған құн салығы .

Нормативтік сілтемелер

  1. Назарбаев Н. А. Казахстан 2030. Процветание и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны к народу Казахстана //Казахстанская правда. - 1997. - 11 октября. - с. 9-16.
  2. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 235 Заңы
  3. «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңы, "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 12 наурыз N 63-64
  4. Ұйымның есеп саясатын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі. Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті
  5. Современный бухгалтерский учет: Оқу құралы/ Сейдахметова Ф. С. жалпы редакциясы- Алматы: «Издательство LEM» ЖШС, 2005. - 312 б. "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 12 наурыз N 63-64
  6. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Оқу құралы / Ермолович Л. Л., Сивчик Л. Г., Толкач Г. В., Щитникова И. В. -М: «Интерпрессервис» - 2001 - 576 бет
  7. «Мырзакент» корпорациясының материалдық - құжаттары және есеп саясаты мен даму тарихы

Анықтамалар

1. ФИФО - есептен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады.

2. Арнайы идентификациялау әдісі - бұл әдіс запастардың партиялық есебін дәл ұйымдастыру мүмкіндігі болған жағдайда қолданылыады.

3. Дайын өнім - бұл кәсіпорында толық өндеуден өткен, стандартқа сәйкес, техникалық бақылау белімімен қабылданған және қоймаға өткізілген өнім.

КІРІСПЕ

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес. Экономиканың барлық саласындағы, кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізатпен материалдарды ұқыпты жүмсауға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік кұнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық қорларын, ақша қаражаттарын және басқада ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға жэне тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызымен мәнін айрықша бағаламауға болмайды. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуының маңызы зор. Бухгалтерлік есеп материалдардың сақтануы, шығындар нормасының төмендетілуі, тиімді қолданылуы туралы мәліметтерді жинақтайды. Тауарлы-материалдық қорлар есебінің жалпы принциптері бухгалтерлік есептің № 7 «Тауарлы-материалдық қорлар есебі» стандарты негізінде ұйымдастырылып, мұнда есептің негізгі бағыттары көрсетілген:

- тауарлы-материалдық қорлардың өзгерісі;

- тауарлы-материалдық қорлардьщ өзіндік қүны және бағалануы;

- шығындардың есептелуі;

- есеп берудегі айқындама. [2, 2 б]

Тауарлы - материалдық қорлар субъектінің айналымдық қорының негізгі бөлігі болып табылады. Оның құрамына материалдар, аяқталмаған өндіріс, тауарлар кіреді. Нарықтық экономика жағдайында айналымдық қордың айналымдылығын жоғарылату оның маңызды және нақты көрсеткіші болып табылады. Өнімнің өзіндік құнында материалдардың үлес салмағы өнеркәсіптерде 70% құрайды, яғни пайда түсірудің негізгі көзі болып табылады. Осы мәліметтердің нәтижесінде дипломдық жұмысымның тақырыбын «Өнеркәсіп кәсіпорныныдағы тауарлы-материалдық қорлардың есебін ұйымдастыруы және талдауы» деп алдым. Негізгі мақсатым «Мырзакент» коррпорациясында тауарлы-материалдық қорлардың алатын орнын, ұйымдастырылу тиімділігін, бағалануын ашып көрсету. Осы дипломдық жұмысымдағы негізгі міндетім төмендегі мәліметтерді қарастыру:

- Тауарлы-материалдық қорларды жіктеу мен бағалау;

- Тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысын есептеу кезінде жасалатын кұжаттар;

- Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы жэне бухгалтериядағы есебі;

- Тауарлы-материалдық қорларды түгелдеу және оларды есеп беруде ашып көрсету;

- Тауарлы-материалдық қорларды талдау;

- Тауарлы-материалдық қорлардың аудиті. [12, 24 б]

«Мырзакент» коррпорациясында тауарлы-материалдық қорлар 42% құрайды. ЖШС «Мырзакент» коррпорациясының тарихына қысқаша тоқталып өтейік. Бұл кәсіпорын 1999 жылы 22 сәуірде Қазақстан Республикасының Құқық қорғау Министрлігінде заңды тұлға ретінде тіркелді .

Негізгі өндіретін өнімдері:

- мақта шикізатын дайындау және өңдеу

«Мырзакент» коррпорациясы дайын өнімдерін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тұтынады.

I ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІ

1. 1 Тауарлы-материалдық қорлар және оларды жіктеу мен бағалау

Өндіріс процесіне еңбек құралдарымен қатар материалдық қорлары еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек заттары өндіріс процессіне бір - ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, өнімнің өзіндік құнын құрайды.

Тауарлы - материалдық қорлар келесідей активтер түрінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар және құрастырушы бұйымдар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар; аяқталмаған өндіріс; субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар. Тауарлы-материалдық қорларды есепке алудың алдында мынадай негізгі міндеттер тұрады: қорларды кіріске дер кезінде және толық есепке алу, сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау; қорлардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау; көліктік-дайындау шығындары мен дайындалған қорлардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау; ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық қорларды сату, сақталатын орындардағы қорлардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу. Өндіріс барысындағы функционалдық ролі мен мақсаты бойынша барлық материалдық қорлар негізгі жэне көмекші болып бөлінеді.

Негізгілер - дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін құрайтын материалдар болса, көмекші материалдар өндірілетін өнімнің өзіндік кұнына кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін көмекші материалдар негізгі материалдарға қосымша пайдаланылады. Бірақ, материалдарды негізгі және көмекші етіп бөлу шартты сипатқа ие, өйткені олар өнімді шығаруға жұмсалған материалдардың санына, технологиялық сипатына және басқа да көптеген факторларына тәуелді болып келеді.

Тауарлы-материалдық қорлардың барлық түрін есепке алу үшін (201) 1310 «Материалдар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары пайдаланылады. Бұл бөлімше қүрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді: (201) 1310 «Шикізаттар және материалдар», (202) 1311 «Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер, детальдар», (203) 1312 «Отын», (204) 1313 «Ыдыс және ыдыстық материалдар», (205) 1314 «Қосалқы бөлшектер», (206) 1315 «Басқа материалдар», (207) 1316 « Қайта өңдеуге берілген материалдар», (208) 1317 «Құрылыс материалдары».

Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер қажеттігінше әрбір шоттар бойынша субшоттар және материалдық есебі бойынша аналитикалық (талдамалы) шоттар аша алады. Сонымен қоса, кәсіпорын өзіне жатпайтын материалдары, баланстан тыс шоттарды есепке алады (002, 003) . [4, 42б]

Материалдардың есебін ұйымдастырудың басты алғы шарты: оларды дұрыс бағалау болып табылады. Тауарлы-материалдық қорларды бағалау кезінде неғұрлым арзан өзіндік құнымен, не таза құнымен бағаланады. Қолда бар тауарлы-материалдық қорлардың бүлінуі немесе олардың жекелей, әлде толықтай ескіруі немесе олардың бағасының төмендеуі, яғни бір сөзбен айтқанда, өзіндік кұнының деңгейіне келтіру мүмкіндігі болмаған жағдайда, өзіндік кұнның орнына сату бағасы пайдаланылуы мүмкін. Шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, отын, қосалқы бөлшектер және басқа қосалқы материалдар кәсіпорын балансында өздерінің нақты өзіндік құнымен көрсетіледі. Осы баға бойынша кұндылықтар синтетикалык есепте де көрсетіледі; талдамалы есепте - тұрақты есеп бағасымен көрсетіледі. Тауарлы-материалдық қорлар қалдығын дұрыс анықтаудың көптеген параметрлері бойынша үлкен мағынасы бар. Ең алдымен қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесіне, яғни өнімнің жеке түрлерінің табыстылығына, сәйкесінше, бюджетке аударылу көлеміне әсер ететін өткізілген өнімді, дұрыс есептеу үшін қажет. Сондықтан тауарлы-материалдық қорлар қалдығьн есептеу әдісін дұрыс таңдау мен сатылған тауарлы-материалдық қорлардың құнын дұрыс анықтау маңызды болып табылады. №7 «Тауарлы-материалдық қорлар» бухгалтерлік есеп стандарты келесі 3 әдісті ұсынады:

1. Арнайы идентификациялау әдісі .

2. Орташа есептеу құн әдісі.

3. ФИФО әдісі. [12, 45 б]

«Мырзакент» коррпорациясы орташа есептеу құн әдісін колданады. Бұл әдіс аталған әдістердің ішіндегі кең тараған әдіс болып табылады. Бұл әдіс кезінде материалдық қорлардың құны - ай басындағы қалдық кұнына ай бойында келіп түскен қорларын қосып есептелінген орташа бағасы есептелінеді.

Кесте 1

«Мырзакент» корпорациясының ТМҚ орташа есептелген құн әдісі

Көрсеткі штер: Көрсеткі штер
Мотор майы, 1л: Мотор майы, 1л
Мотор майы, 2 л: Мотор майы, 2 л
Қосалқы бөлшектер: Қосалқы бөлшектер
:
Бояу: Бояу
Көрсеткі штер: Саны, дана
Мотор майы, 1л:

Бағасы 1

данаға

Мотор майы, 2 л: Саны, дана
Қосалқы бөлшектер: Бағасы 1 данаға
: Саны, Бірлік
Бояу:

Бағасы,

бірлік

Саны,

кг

Бағасы, кг
Көрсеткі штер: 1. 01. 2002. қалдық
Мотор майы, 1л: 210
Мотор майы, 2 л: 80
Қосалқы бөлшектер: 190
: 120
Бояу:
26
95
Көрсеткі штер: 8. 01. келіп түсті
Мотор майы, 1л:
Мотор майы, 2 л:
Қосалқы бөлшектер:
:
Бояу: 14
220, 6
20
100
Көрсеткі штер: 14. 01.
Мотор майы, 1л: 350
Мотор майы, 2 л: 80
Қосалқы бөлшектер: 200
: 120, 50
Бояу:
Көрсеткі штер: 1 26. 02
Мотор майы, 1л: 500
Мотор майы, 2 л: 80, 50
Қосалқы бөлшектер: 460
: 120, 50
Бояу:
8
120
Көрсеткі штер: 7. 04
Мотор майы, 1л: 240
Мотор майы, 2 л: 80, 50
Қосалқы бөлшектер: 330
: 120, 60
Бояу: 20
235
Көрсеткі штер: 19. 05
Мотор майы, 1л: 470
Мотор майы, 2 л: 80
Қосалқы бөлшектер: 280
: 120
Бояу:
Көрсеткі штер: 1. 06
Мотор майы, 1л:
Мотор майы, 2 л:
Қосалқы бөлшектер:
:
Бояу: 5
220, 4
15
130
Көрсеткі штер: 29. 07
Мотор майы, 1л: 530
Мотор майы, 2 л: 80
Қосалқы бөлшектер: 440
: 120, 50
Бояу:
Көрсеткі штер: 24. 08
Мотор майы, 1л:
Мотор майы, 2 л:
Қосалқы бөлшектер:
:
Бояу:
6
140
Көрсеткі штер: 17. 09
Мотор майы, 1л: 600
Мотор майы, 2 л: 80
Қосалқы бөлшектер: 730
: 120, 50
Бояу:
Көрсеткі штер: 9. 10
Мотор майы, 1л: 810
Мотор майы, 2 л: 80, 50
Қосалқы бөлшектер: 990
: 120, 70
Бояу: 12
240
Көрсеткі штер: 22. 12
Мотор майы, 1л: 700
Мотор майы, 2 л: 81
Қосалқы бөлшектер: 800
: 121
Бояу:
18
138, 80

Тауарлы-материалдық қорлардың бірлігінің орташа есептелген құнын есептеу үшін мынадай деректер қажет; 1 лиртлік мотор майы

1. 01. 2004 ж. қалдық: 210 дана 16800 тг сомасына 2004 жылы келіп түскені: 4200 дана 337260 тг сомасына 1 литр мотор майы орташа есептелген құны: (337260+16800) :4410дана= 80, 28 теңге сатылған тауарлардың өзіндік кұны: 4120 дана х 80, 28 = 330753, 6 теңге 31. 12. 2004 ж қалдық: 290 дана х 80, 28 = 23281, 2 теңге ФИФО әдісі.

ФИФО - есептен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. Бұл әдіс кағидасы бойынша материалдық қорлардың бірінші кезекте кіріске алынғаны, алғашқы болып яғни бірінші кезекте шығыс етіледі деп есептеледі. Яғни барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен соң бірі кіріске алынғандағы кезегі бойынша шығыс етіледі. Ай соңында шаруашылық субъектінің қоймасында қалған материалдардың өзіндік құны соңғы кіріске алынған материалдардың бағасымен бағаланады. 210x80=16800 350x80=28000 210x80=16800 350x80=28000 500x80, 50=40250 240x80, 50=19320 470x80=37600 530x80=42400 600x80=48000

810x80, 50=65205

410x81=33210

Босатылған материалдардың құны 330785теңге.

Қалдық құны 354275-330785, 0-23490теңге

Арнайы идентификациялау әдісі - бұл әдіс запастардың партиялық есебін дәл ұйымдастыру мүмкіндігі болған жағдайда қолданылыады. [11, 56 б]

700x81=56700

810x80, 50=65205

600x80=48000

530x80=42400

470x80=37600

240x80, 50=19320

500x80, 50=40250

270x80=21600

Босатылған материалдардың құны 331075теңге

Қалдық құны 23200теңге

Кесте 2

Тауарлы-материалдық қорлардың бағалау әдістері салыстыру .

Орташа өлшенген құн әдісі: Орташа өлшенген құн әдісі
ФИФО ӘДІСІ: ФИФО ӘДІСІ
Арнайы ұқсастыру әдісі: Арнайы ұқсастыру әдісі
Орташа өлшенген құн әдісі: 354060:4410=80, 28
ФИФО ӘДІСІ: 210x80-16800
Арнайы ұқсастыру әдісі: 700x81=56700
Орташа өлшенген құн әдісі: 4120x80, 28-330753, 6
ФИФО ӘДІСІ: 350x80=2800
Арнайы ұқсастыру әдісі: 810x80, 50-65205
Орташа өлшенген құн әдісі: 290x80, 28=23281, 2
ФИФО ӘДІСІ: 500x80, 50=40250
Арнайы ұқсастыру әдісі: 600x80=48000
Орташа өлшенген құн әдісі:
ФИФО ӘДІСІ: 240x80, 50-19320
Арнайы ұқсастыру әдісі: 530x80-42400
Орташа өлшенген құн әдісі:
ФИФО ӘДІСІ: 470x80=37600
Арнайы ұқсастыру әдісі: 470x80-37600
Орташа өлшенген құн әдісі:
ФИФО ӘДІСІ: 530x80=42400
Арнайы ұқсастыру әдісі: 240x80, 50=19320
Орташа өлшенген құн әдісі:
ФИФО ӘДІСІ: 600x80=48000
Арнайы ұқсастыру әдісі: 500x80, 50=40250
Орташа өлшенген құн әдісі:
ФИФО ӘДІСІ: 810x80, 50-65205
Арнайы ұқсастыру әдісі: 270x80-21600
Орташа өлшенген құн әдісі:
ФИФО ӘДІСІ: 410x81=33210
Арнайы ұқсастыру әдісі:
Орташа өлшенген құн әдісі: Босатылған материалдардың
ФИФО ӘДІСІ: Босатылған
Арнайы ұқсастыру әдісі: Босатылған
Орташа өлшенген құн әдісі: кұны 330753, 6 теңге.
ФИФО ӘДІСІ: материалдардың құны
Арнайы ұқсастыру әдісі: материалдардың құны
Орташа өлшенген құн әдісі: Қалдық құны 23281, 2 теңге.
ФИФО ӘДІСІ: 330785 теңге.
Арнайы ұқсастыру әдісі: 331075 теңге.
Орташа өлшенген құн әдісі:
ФИФО ӘДІСІ: Қалдық кұны 23490 теңге.
Арнайы ұқсастыру әдісі: Қалдық құны 23200 теңге.

2-ХҚЕС-на сәйкес қорлар мына активтер:

  • Қалыпты қызмет барысында сату үшін арналған;
  • Осылай сату үшін арналған өндіріс процесінде, немесе;
  • өндіріс процесінде немесе қызметтер көрсету кезінде пайдалану үшін арналған шикізат немесе материалдар түрінде.

Демек, тауарлық-материалдық қорлар анықтамаға сәйкес мынадай үш санатқа бөлінеді:

  1. шикізат пен материалдар
  2. аяқталмаған өндіріс
  3. дайын өнім және тауарлар

Тауарлық-материалдық қорлар компания балансында актив ретінде танылады. Егер компанияға болашақта экономикалық пайдалар ағысының ықтималдығы болса, қорлардың құны немесе сеніммен өлшене алатын бағасы болады. Әдетте компания қорларының құрамына оларбойынша меншіктің заңды құқығы сатып алушыға көшкен қорлар енеді. Алайда стандарттарда қарастырылған белгілі бір ережелер қолданылатын бірқатар жағдайлар болады. Жыл аяғындағы оларға заңдылық құқық сатып алушыға көшкен жолдағы тауарлар есепті кезеңнің қорлары ретінде көрсетіледі. Консигнацияға берілген тауарлар консигнанттағы қор ретінде көрсетіледі. Қорлардың есепке алудың аса маңызды мәселелерінің бірі оларды бағалау болып табылады. 2-ХҚЕС- ына сәйкес қорлар өткізу мүмкіндігінің өзіндік құны мен таза құны сияқты екі шаманың ең азы бойынша бағалануы тиіс. Яғни компаниялар қорларды қаржы есептілігінде төменгі баға ережесі бойынша көрсетуге тиіс. Оның мәнісі -байыппен қарау қағидатына байланысты орай қорлар мүмкін болатын құндарының ең кемі бойынша бағаланады.

Компания бухгалтері қорлардың өзіндік құнына нелер қосылатынын және қорлардың өзіндік құнынан шығарылатын әрі олардың пайда болу кезеңінде шығыстар ретінде танылатын шығындар тізбесін білуге тиіс.

Компанияның есеп саясатында қызмет ерекшелігіне қарай компания қорларының өзіндік құнына осылатын шығындар тізбесі белгіленуі тиіс.

Сондай-ақ мүмкін болатын өткізудің таза құны не екенін, қандай жағдайларда қорлар бойынша бағаланатынын және өйткені айқындау әдісін білу қажет. Ең аз бағалауды айқындаудың әдісі де немесе тәсілі де есеп саясатымен белгіленеді.

Мүмкін болатын өткізудің таза құнының есеп қисабы ең сенімді айғаққа, яғни есеп қисап жасалған кезде өткізу үшін арналған қорлар шамасына негізделеді. Бұл есеп-қисаптар кезең аяқталғаннан кейін мұндай оқиғалар кезең аяғында болғанжағдайларды қандай да бір деңгейде дәлелдейтін оқиғаларға тікелей қатысты бағаның немесе өзіндік құнының ауытқуын есепке алады.

Өткізудің таза құнына дейінгі барлық есептен шығарулар және қорлардың барлық ысыраптары есептен шығаруды жүзеге асыру немесе ысырап болған кезеңдегі шығыстар ретінде танылуы тиіс.

Қаржы есептілігін ХҚЕС-ына сәйкес жасайтын ұйымдар шоттардың жұмыс жоспары ұйым қызметінің ерекшелігіне орай нұсқаулыққа сәйкес жасалатынын қазақстандық компанияның бухгалтерлері білетіні жөн. Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес нұсқаулақта белгіленген тәртіппен қызмет қажеттілігіне қарай ұйым синтетикалық және талдамалы шоттар ашады. Егер тауарлық-материалдық қорлар жасалған шарттар бойынша сатуға арналса, онда есеп қисап шартты орындау үшін арналған көлемде контракті бағалары бойынша жүргізіледі. Шарт бойынша қажеттен асып кеткен қорлар ағымдағы рыноктық бағалар бойынша қайта бағаланады. Егер шикізат пен материалдар негізінде шығарылған дайын өнімдер өзіндік құнына тең немесе асырылған бағалар бойынша сатылатын болса, шикізат пен материалдар қайта бағаланбайды. Егер мұндай сенімділік жоқ болса, шикізат пен материалдар олардың қалпына келтіру құны бойынша қайта бағаланады. Өткізудің таза құнын бағалау әрбір есепті кезеңінде дүркін-дүркін жүргізіледі. Өткізудің таза құнына дейінгі қорлардың бастапқыда ішінара есептен шығаруға әкеп соққан жағдайлар өзгергенде, есептен шығарылған сома қорлардың өзіндік құнын сипаттайтын шамаға дейін өтеледі.

Тауарлақ-материалдық қорларды сақтаудың бірыңғай мерзімі жоқ, әр кәсіпорында өз өндірісінің ерекшеліктері болады. Сондықтан әрбір кәсіпорын материалдық қорлар үшін өз нормаларын белгілеп, бекітуге тиіс. Шикізат пен материалдар -ең көп деңгейде 45 күнге дейін . Көптеген кәсіпорындар өз өндірісінің ерекшеліктеріне қарай ақшаға қатысты аз жұмсалатын, бірұ әр уақытта қолда болуға тиіс қорлардың көп номенклатурасын қоймада сақтауға мәжбүр болады. Осындай қорларға неғұрлым тән мысалдар қосалқы бөлшектер табылады. Қандай да бір тиын тұратын қосалқы бөлшектің болмауынан жабдық жөнделмей қалуы мүмкін. Қосалқы бөлшектер үшін сақтау мерзімін ең көп дегенде алпыс күнге дейін белгілеуге болады. Егер кәсіпорын қоймаларда қорлардың сақтаудың нормативтік оңтайлы мерзімін белгілесе, онда олардың әрбір түрі бойынша тауарлық- материалдық қорлардың нақты айналымдылығын есептеген жөн және жіктеу белгілері бойынша талдау жасау керек.

Өткізудің таза құнының ұлғаюынан болған тауарлық-материалдық қорларды кез келген қайта қосымша есептеу шамасы қайта қосымша есептеуді жүзеге асыру кезеңінде шығыстар деп танылған тауарлық-материалдық қорлар шамасының азаюы ретінде танылуы тиіс. [1, 16б]

1. 2 Тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысын есептеу кезінде жасалатын кұжаттар

Өндіріс қорларының шығысы мен түсімі бойынша жасалатын алғашқы құжаттар материалдық есепті ұйымдастырудьң негізі болып табылады. Тікелей алғашқы кұжаттардың көмегімен тауарлы-материалдық қорлардың тиімді пайдалануын және сақталуын, қозғалысын алдын ала, ағымдағы және келешектегі бақылануын жүзеге асырады. Есепті тиімді ұйымдастыру ісінде қорлардың сақталуы мен есепке алынуына қатысы бар барлық тұлғаларға баға көрсеткішінің номенклатурасын жасап, таратудың маңызы зор. Онда субъектінің қолында барлық материалдық қорлар белгілі бір белгілері бойынша әзірленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорында тауарлы-материалдық қорларды аудиттеуді ұйымдастыру жолдары
Мемлекеттің сыртқы сауда жағдайының теориялық негіздері
Тауарлық-материалдық қорлар есебінің теориялық негізі
Тауарлы – материалдық қорлар туралы жалпы мағлұмат
Кәсіпорынның қоймасына тауарлы – материалды қорлардың түсуін құжаттық рәсімдеу
Тауарлы - материалдық қорлардың қоймадағы есебі
кәсіпорындағы тауарлы материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуын зерттеу және «ЕмбіМұнайГаз» АҚ – ның мәліметтері негізінде кәсіпорынға экономикалық сипаттама беру
Ұйымның есеп саясатын жəне қаржылық жағдайы
Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебі
Тауарлы - материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz