Қазақстан Республикасының азаматтық құқығындағы мәмілеге байланысты мәселелер


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе . . . 4
1 Азаматтық құқықтық қатынастағы мәміленің құқықтық мазмұны және жалпы сипаттамасы . . .
1. 1 Мәміле белгілері және түрлері . . .
1. 2 Мәміле нысандары . . .
1. 3 Өкілдік және сенімхат . . .
1. 4 Сыртқы экономикалық мәміленің құқықтық реттелуі және оның бір түрі тәуекелді контрактілер . . .
2 Азаматтық құқықтық қатынастағы мәміленің жарамды және жарамсыз түрлері . . .
- Азаматтық құқықтық қатынаста мәміле жарамдылығының талаптары . . .
- Азаматтық құқықтық қатынаста жарамсыз мәмілелер . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланған әдебиеттер Тізімі . . .
Қосымша . . .
Кіріспе
Қазақстан Республикасының қалыптасу, елде экономикалық реформаларды жүзеге асыру және нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша күшейеді. Бұл жаңа құбылыс біздің өмірімізде алдыңғы қолданылып жүрген құқықтық жүйені түбірімен өзгертуді талап етті. Осыған орай, Қазақстанда нарықтық қатынастарды жаңаша азаматтық-құқықтық реттеу керек болды. Елде жеке меншік пайда болды, жекешелендіру процесі жүрді, мемлекеттік басқару жүйесі мен экономиканы түп-тамырымен өзгерту процесі жүргізілді.
Тауар-ақша және басқару қатынастарын құқықтық реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы одан әрі нығая түспек. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Конституциясын, оның жаңа қырлары мен ерекшеліктерін және басқа да заңдардың жоғары принциптерін, олардың мағынасы мен мазмұнын қайта бағалау оңай шаруа емес. Осыған байланысты жас егемен республиканың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негіздерін нығайтудың мейлінше маңызды екендігі сөзсіз.
Егеменді Қазақстанның азаматтық құқық ғылыми одан әрі творчестволық дами түсуі мақсатында және алда тұрған міндеттерді орындау үшін бүгінде зор мүмкіндіктерге ие.
Қазақстанның азаматтық құқығы өз дамуының бiрнеше кезеңiнен өттi. Республиканың ауқымды кодификацияланған актiсi болып табылатын қазiргi Азаматтық кодекс осы заманғы азаматтық құқық идеяларын қамтиды. Кодекс тауар-ақша қатынастарын реттеудiң: меншiк нысандарының теңдiгi және оған қол сұғылмаушылық, шарттың еркiндiгi, азаматтық айналым субъектiлерiнiң теңдiгi тәрiздi негiзгi принциптерiн қалады. Азаматтық кодекс негiзiнде нарық экономикасын дамытуға жағдай жасаған заңдардың негiзгi пакетi жасалды [1, 3 б. ] .
Соның ішінде нарықтық экономика кезеңінде азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде азаматтық құқықтың маңызды институттарының бірі ретінде азаматтық құқықтық мәмілені дамыту өзекті мәселе болып отыр.
Қазақстан Республикасы Коституциясының 1-шi бабында: «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам, оның құқықтары мен бостандықтары» деп жазылған [2] .
Мәміле - заңды әрекет, ол арнайы азаматтық құқық қатынастарының пайда болуына, тоқтатуына немесе өзгертілуіне бағытталған.
Мәміле азаматтық қатынастарды туғызады, өйткені мәміле жасау нәтижесінде туындайтын құқықтық салдар нақ азаматтық заңмен айқындалады.
Сонымен, мәміле дегеніміз - ерік актісі. Онда азаматтық құқықтық қатынастардың еркі көрінеді. Бұл арады ерік саналы мақсатқа жету үшін белгілі бір құқытық салдарды туғызуға бағытталған, яғни өздерінің шаруашылық, тұрмыстық, мәдени және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру. Мәміленің ырықты сипаты оның тиісті құқықтар мен міндеттер жасауға, оларды өзгерту мен тоқтатуға бағытталуымен айқындалады.
Сонымен, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерін анықтауда, өзгертуде немесе тоқтатуда, яғни азаматтардың, заңды тұлғалардың қатынастарын құқықтық реттеуде мәміленің маңызы зор. Себебі мәміленің құқықтық институт ретінде қалыптасуы және тиісінше құқық нормаларының дамытылуы сауда айналымының дамуымен етене байланысып жатыр, яғни мәміле зат алмасуының негізгі құқықтық нысаны болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа арнаған кезекті Жолдауында былай, деген болатын: «Қоғам әрбір қадам басқан сайын демократияландыру мен адам құқықтары саласындағы ең жоғары стандарттарға жақындап келеді. Біз ел Конституциясында негізгі құқықтар мен бостандықтарды бекіттік. Бүгінгі күні Қазақстанның барлық азаматтары тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие» [3. 1-2 б] .
« . . . Адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшті, заманауи, қорғанысқа қабілетті әскерді, пәрменді құқық қорғау жүйесін құрдық. Біз демократиялық даму үлгісі негізінде азаматтық қоғам институттарын дәйекті түрде қалыптастырдық [3] .
Азаматтық құқықтың ең жетекші бөлімдерінің бірі болуымен қатар тек әлеуметтік-экономикалық салада ғана емес, сондай-ақ құқықтық қатынастарда мәміленің кеңінен көрініс беруі - оның аса күрделілігімен қатар, ауқымының кеңдігін де айғақтаса керек.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік және теориялық негіздері. Қазақстандық және ресейлік ғалым-заңгерлердің арасынан азаматтық құқығындағы мәміле мәселесі, оның ішінде мәміле түрлері, сонымен қатар, мәміленің жарамды және жарамсыз мәселелері жөнінде Ынтымақов С. А., Рашидова З., Смағұлова А. С., Сүлейменов М. К., Басин Ю. Г., Жайлин Г. А., Төлеуғалиев Ғ., Диденко А. Г., Новицкий И. Б., Власов Ю. Н., Суханов Е. А., Сергеев А. П., Толстой Ю. К., Серебровский В. И., Барщевский М. Ю., Зайцева Т. И., Крашенинников П. В., Данилов Е. П., Резникова Е. В., Смолина Л. В., Грудцина Л. Ю., Никитюк П. С., Данилов Е. П., Рубанов А. А. және тағы басқа да ғалымдардың еңбектерінен кездестіреміз. Дегенмен бұл тақырып қазақстандық ғалым-заңгерлердің еңбектерінде жанама түрде ғана сөз болып, қазақстандық ғалымдардың жазған еңбектерінде жан-жақты ашылып, толық зерттелуі жоқтың қасы екендігі ескерілген.
Дипломдық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының азаматтық құқығындағы мәмілеге байланысты мәселелерге талдау жасау. Осы мақсаттан туындайтын міндеттер : азаматтық құқықтық қатынастардағы мәміленің рөлі азаматтық құқықпен байланысты Қазақстандық заңдарды және халықаралық құқықтық реттеуді талдау, жүйелеу және зерттеу, сонымен қатар, мәміле ұғымы, түсінігі, түрлері, мәміле нысаны, өкілдік және сенімхат мәселелері, заң бойынша мәміленің жарамды және жарамсыздығы, Сыртқы экономикалық мәміленің құқықтық реттелуі және оның бір түрі тәуекелді контрактілер бойынша мәмілелер және оның ерекшеліктерін зерттеу мен тұжырым жасау.
Азаматтық құқықтық қатынаста мәміленің рөлі мәселелері көптеген нормативті құқықтық актілермен, мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Азаматтық Кодекспен, көптеген басқа да институттар мен шешімдермен реттеледі.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Азаматтық құқықтағы мәміле мәселелері жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін жетілдірудің теориялық ережелерін дамытуға, соның ішінде заң бойынша мәмілердің түрлері, мәмілелерге ие болу мәселелерін жетілдіруде едәуір үлес қосуында жатыр. Жүргізілген зерттеудің қорытындысы ғылыми-зерттеу жұмыста, сонымен қатар, ЖОО азаматтық құқық пәндерін оқытуда, оқу үдерісінде қолдануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеудің негізгі мақсаттары мен талаптарына сай келеді. Жұмыс кіріспеден, бес бөлімшені біріктіретін екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
- Азаматтық құқықтық қатынастағы мәміленің құқықтық мазмұны және жалпы сипаттамасы
1. 1 Мәміле белгілері және түрлері
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 147-бабында мәміле ұғымы азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді анықтауға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп көрсетілген. Мәміле ерік актісі. Онда азаматтық құқық қатысушыларының еркі көрінеді. Бұл арада ерік саналы мақсатқа жету үшін белгілі бір құқықтық салдарды туғызуға бағытталған. Атап айтқанда өздерінің шаруашылық, тұрмыстық, мәдени және басқа да қажеттіліктері қанағаттандыру үшін өндірістік, азық-түлік тауарларын сатып алады [4] .
Сонымен, мәмілеге мынадай белгілер тән:
1) тұлғаның (тұлғалардың) ерік (тілек немесе ниет) білдіруі;
2) рұқсат етілген ерік білдіру, яғни құқыққа сәйкес әрекет;
3) қандай да бір занды құқық жасауға бағытталған (азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы) ;
4) мәміле әрқашанда құқықтық салдарды туғызады.
Мәміленің маңызы жақтардың еркі мен ерік (ниет, тілек) білдіруінен тұрады. Ерік білдіруі ауызша, конклюденттік әрекеті арқылы жазбаша (жай немесе нотариаддық) және үндемей қалу жолымен білдіріледі [5] .
Мәмілеге қатысушылардың ерік білдіру әдісін мәміленің нысаны деп атайды. Егер мәмілеге қатысушылар өздерінің еркін ауызша айтқан болса, онда бұл ауызша жасалған мәміле болады. Мысалы, телефонмен жасалған мәміле ауызша жасалған болып есептеледі. Айталық, ауызша жасалған мәміле орындағанын растайтын жазбаша құжат берілуі мүмкін (тауар чекі, затты сатып алғанын айғақтайтын құжат және т. б. ), сондай-ақ жетон, билет сияқты растайтын белгілер ұсынылады. Бірақ бұдан ауызша жасалған мәмілеге келіп-кетер ештеңе жоқ.
Мәмілеге қатысушының ішкі еркін және байқалған сыртқы еркін ажырата білу керек. Егерде ерік сыртқы еркін білдірсе, ол басқа адамдардың қолы жететін нәрсе бола алмайды, яғни оның заңды салдары жоқ. Сонымен бірге ерік білдіру құбылысы мәмілеге қатысушылардың ішкі еркіне сәйкес келмесе, онда мәміле жасалмады деп танылады.
Мәміле - бұл ең көп тараған заңдық фактордың бірі. Дүкенде азық-түлік сатып алу, транспортта жол жүру, коммунальдық қызметке сол сияқты әрекеттер "мәміле" деген ұғымды қамтиды [6] .
Кез келген қоғамда құқықтық реттеудің негізін мемлекеттің егемендігін құрайды. Себебі мемлекет елде белгілі бір құқытық тәртіп орнатады.
Жеке ерік білдіру, яғни субъектінің іс-әрекеті мәміле жасау арқылы азаматтық құқықты туғызады, өзгертеді және тоқтатады.
Мәміленің жалпы түсінігі рим құқығында толықтай зерттелген жоқ. Сонда да мәмілені құқытық реттеу рим заңгерлерінің алдына қойған маңызды міндеті болды. Мәмілені бір жақты және екі жақты, шартты ерік білдіру формасының әсері, және басқа да мәміле туралы ілімнің негізін құрайтын нормалар бізге рим құқығынан келді [7] .
Мәмілелерге мынадай төрт белгі тән:
1. Мәміле - адамдардың ықтиарлы актісі, яғни әрекеті. Әрекеттер мен оқиғаларды ажырата білу қажет, ол оқиғаларға адамның ықтиарына бағынбайтын мән-жайлар жатады. Мысалы үшін дүлей апат сипатындағы құбылыстарды (дауыл, су толқыны, өрт, сондай-ақ соғыс қимылдары, ереуін) айтуға болады. Мәміленің ырықты сипаты оның тиісті құқықтар мен міндеттер жасауға, оларды өзгерту мен тоқтатуға бағыталуымен айқындалады [8] . Мәмілелерді құқықтардан - әлгіндей нысаналы бағыты жоқ әрекеттерден сондай белгілері бойынша ажырату қажет. Бұл арада Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің олжа және оған меншікті болу тәртібі жөніндегі ережелерді реттейтін 245-бабын мысалға келтіруге болады. Жоғалған затты табушының оны табуды мақсат етпесе де, оның белгілі бір құқықтары мен міндеттері пайда болады.
2. Мәміле - заңды әрекет, ол құқыққа қарсы азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызатын әрекеттерден - деликтерден (азаматтардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ басқа адамның мүлкіне зиян келтіру) сонысы арқылы ерекшеленеді.
3. Мәміле арнайы азаматтық құқық қатынастарының пайда болуына, тоқталуына немесе өзгертуіне бағытталған.
Мәміле құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, өзгертуіне немесе тоқтатылуына бағытталуы мүмкін, олайда басқа құқық салалары реттейтін өзге де ықтиярлы актілерден осы белгілері арқылы ажырату қажет. Мәміле, еңбек заңдарында қызметкерлердің еңбектегі құқықтары мен міндеттері олардың қызметке есептеу туралы арыз беруі мен әкімшіліктің оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрығы шығарылған кезден бастап пайда болатыны көзденген. Мәмілелерді әкімшілік актілерден ажырата білу қажет, ал ондай актілер де азаматтық құқықтар мен міндеттердің туындауына негіз болмайды. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 7-бабы бойынша:
Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдарда көзделген негіздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәніне байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады.
4. Мәміле азаматтық қатынастарды туғызады, өйткені мәміле жасау нәтижесінде туындайтын құқықтық салдар нақ азаматтық заңмен айқындалады.
Мәміле белгілерін қарастыра келгенде, оның мәні тараптардың еркі мен ерік білдіруінен тұратын атап өту қажет. Ерік дегеніміз адамның мәміле жасауға деген тілегі, ниеті, яғни оның психикалық жай-күйі. Мұндай ниет, тілек ішкі ерік деп аталады. Алайда адам ерік білдірмесе, оның мәміле жасауға деген ниеті белгісіз болып қала береді. Ерікті білдіру (көрсету) ерік білдіру деп аталады. Ерік: “мен нені қалаймын?” деген, ал ерік білдіру: “Бұл үшін мен не істеймін?” деген сұрақа жауап қайтарады [8] .
Мысалы, ауырып қалуыма немесе қартаюыма байланысты өзімді-өзім қамтамассыз еткім келеді. Сондықтан да өмірімді сақтандыру жөнінде мәміле жасаймын.
Ерік ауызша, жазбаша, ым жасау арқылы және, ақырында үндемеу (әрекетсіздік) арқылы білдірілуі мүмкін. Мәмілені ауызша жасау оны өзара ерік білдіруге қатысушылардың тікелей қабылдауын білдіреді. Телефон арқылы жасалған мәміле ауызша жасалған деп танылады [8] .
Егер мәмілеге қатысушылар ерік білдірген құжат жасаса, ерік жазбаша білдірген болады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 152-бабында, егер заңдарда немесе тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, хат алысу, телеграммалар, телефонограммалар, телетойпограммалар, факстер немесе субъектілерді және олардың білдірген еркінің мазмұнын анықтайтын өзге де құжаттар алысу мәміленің жазбаша түрде жасалуына теңестіріледі деген ереже белгіленген [9] .
Конклюденттік әрекеттер (латынша соп - қорытынды жасау) адамның мәміле жасау ниетін аңғартатын мінез-құлық. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде конкиюденттік әрекеттерге 151-баптың 2-тармағы арналған адамның мәмілеге жасалған болып саналады. Мысалы, автоматтар арқылы зат сатып алу, валюта айырбастау, әртүрлі ойындар ойнау мәміле жасау болып табылады.
Үндемеу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген жағдайларда мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады [9] .
Азаматтық кодексінің 151-бабының 4-ші тармағы бойынша. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылды.
Мәмілерде мақсат пен дәлелді де бөліп көрсету қажет. Мәмілеге қатысушылардың еркі бағытталған құқықтық нәтиже мәміленің мақсаты деп түсінеді. Дәлел-адамды мәміле жасауға ынталандыратын себеп. Дәлелдің қателігі мәміленің жарамдылығына ықпал ете алмайды. Мысалы, азамат пәтер алуға үміттеніп, жиһаз сатып алады, ал оған ордер беруден бас тартады. Орындалмаған дәлел мәміленің жарамдылығына (жиһаз сатып алуға) ықпал ете алмайды. Жиһазға меншік құқығы (сатып алу-сату шартының мақсаты сол) сатып алушыға ауысады. Дәлелді есепке алу азаматтық айналымның тұрақтылығын бұзар еді. Алайда, тараптар кейде өз келісімімен дәлелге құқықтық мән де бере алады. Мұндай жағдайда тараптар уағдалықан дәлел мәміленің өзі сол талаппен жасалған болады [10] .
Сонымен мәмілені мына белгілері арқылы сипаттауға болады:
а) мәміле - бұл әрқашанда ерік актісі, яғни адамдардың іс-әрекеті;
б) бұл құқықтық іс-әрекет;
в) мәміле азаматтық - құқықтық қатынастарды туғызуға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталады;
г) мәміле азаматтық қатынастарды туғызады, себебі мәміле нәтижесінде туындайтын құқықтық қатынастар азаматтық заңмен анықталады.
Мәмілені құқықтық реттеу жеке құқықтың маңызды институттарының бірін құрайды. Бұл кездейсоқтық емес, себебі азамттық айналым азаматтар мен заңды тұлғалардың ерік актісі ретінде мәмілеге психалогиялық кезеңдер тән. Себебі ерік тұлғаның белгі бір мақсатқа жетуі үшін белгілі бір құқықтық салдарды туғызуға бағытталады. Мұндай тілек, ниет ішкі ерік деп аталады. Бірақ мәміле жасау үшін тек ішкі еріктің болуы жеткіліксіз. Оны міндетті түрде басқа тұлғаларға жеткізу керек. Ішкі ерікті сыртқа шығару тәсілі ерік білдіру деп аталады. Ішкі ерікті білдірудің барлық тәсілдерін үш топқа топтастыруға болады:
- тура ерік білдіру, ауызша немесе жазбаша нысанда жасалады, мысалы, шартқа отыру, келтірілген шығынның орнын толтыруға келісімді хабарлау т. б. ;
- жанама ерік білдіру, яғни заңмен белгіленбеген мәміленің белгілі бір нысаны адамның мінез-құлығына мәміле жасауға деген еркі айқын байқалғанда жасалды деп есептеледі. Заң бойынша мұндай мәмілелер ауызша жасалады;
- ерік білдіру үндемей қалу арқылы да көрсетілуі мүмкін. Бірақ мұндай мәмілелер ерік білдіруге тек қана заңдарда көзделген реттерде ғана немесе жақтардың келісімі жағдайында ғана рұқсат етіледі.
Ерік және ерік білдіру - тұлғаның жасалған іс-әрекетке психикалық қатынасының екі жағы, яғни ерік және ерік білдіру бір-біріне сай болуы керек. Егер ерік бір әрекетке бағытталып, ал ерік білдіру басқа іс-әрекетті көздеп тұрса, мәмілеге қатысушылар арасында дау туғызуы мүмкін [10] . Сондықтанда, мәміле үшін ерік пен ерік білдіру бірлігі маңызды.
Адамның жасап жатқан іс-әрекетке психикалық жай-күйінің тағы да бір элементі, бұл - дәлел. Дәлел - адамды мәміле жасауға ынталандыратын себеп. Дәлелдің қателігі мәміленің жарамдылығына ықпал ете алмайды. Дәлел мен мақсатты мәміленің негізінен ажырата білу қажет. Мысалы, меншік құқығына ие болу сатып алу - сату үшін негіз болады, ал мүлікті пайдалануға беру - аренда үшін негіз болады, т. с. с. Тұлғаның нақты құқықтық мақсаты мәміле негізімен сай келмеуі мүмкін, бұл жағдайда біз теріс пиғылды мәмілеге тап боламыз. Арнайы заңда көрсетілген жағдайларда қоспағанда, негіз мәміленің маңызды элементерінің бірі болып табылады [10] .
Мәмілені түрлер бойынша жіктеу әр түрлі белгілері бойынша жүреді.
Мәмілеге қатысушы жақтардың санына байланысты мәмілелер бір жақты, екі жақты және көпжақты болып бөлінеді. (бұл бөлудің негізінде ерік білдіру үшін)
Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және жеткілікті болатын мәміле бір жақты мәміле деп есептеледі.
Шарт жасау үшін екі тараптың не үш немесе одан да көп тараптың келісілген ерік білдіруі қажет. Бір жақті мәміле мәміле жасаған адамға міндеттер жүктейді: ол басқа адамдарға заң құжаттарында белгіленген не сол адамдармен келісім болған реттер де ғана міндеттер жүктей алады.
Бір жақты мәмілелерге тиісінше міндеттемелер туралы және шарттар туралы жалпы ережелер қолданылады, өйткені бұл заңдарға, мәміленің табиғаты мен мәніне қайшы келмейді. Яғни бір жақты мәміле үшін тек бір жақтың ғана еркі болса жеткілікті. Нысаны, өсиет қалдыру, мұра қабылдау конкурс жариялау үшін басқа ешкімнің келісімінің керегі жоқ, бұл іс-әрекеттерді тек бір тұлға ғана жүзеге асыра алады. Бір жақты мәміле, басқа мәмілелер сияқты құқық пен міндеттердің туындауына, өзгеруіне және тоқталуына әкеледі.
Екі немесе одан да көп тұлғаның келісімі қажет мәмілелер екі жақты немесе көпжақты мәмілелер деп аталады. Мұндай мәмілелер шарт деп аталады. Шарттар өз ретінде әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі, әйтсе де шартты мәміленің бір түрі ретінде сипаттау үшін ең алдымен шарттардың қайтарымды және қайтарымсыз түрлеріне назар аударуымыз керек, яғни ақылы және ақысыз [11] .
Егер бір жақ өз міндеттемесін орындағаны үшін ақы алатын болса, шарт ақылы деп танылады. Мысалы, сатып алу-сату шарты. Сатып алу-сату шарты біздің мемлекетіміздегі өндіріс процесін және тұтынуды қамтамассыз етеді, тауар-ақша қатынастарының міндеттемелерін шешеді. Ол ұйымдар арасындағы экономикалық байланыстарды жүзеге асыру құралы болып табылады. Сөйтіп, сатып алу-сату шарты, екі жақты, ақылы, яғни консенсуальды болып табылады.
Сатып алу-сату шартын жасасу барысында тараптар белгілі бір құқықтарға не болып, мойындарына нақты міндеттер алады. Сатушының басты міндеті - мүлікті сатып алушыға өткізу, ал сатып алушынікі - оның құнын төлеу. Бұл міндеттер орындалмаған жағдайларда заңда көзделген салдар туындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz