Алқабилер соты



1 Алқабилер институтының енгiзiлуi
2 Алқабилердің ең басты мақсаты
3 Сот ісін жүргізудің конституциялық қағидаттарын жүзеге асыру
4 Ата Заңымызда белгіленген сот тәуелсіздігі
5 Алқабилер қатарына мүше болатын адамдар
Бүгiнгi күнде өзiн демократиялық қоғам ретiнде таныған әрбiр ел өз iшiндегi мемлекеттiк құрылымдардың демократиялық талаптарға негiзделiп жұмыс iстеуiн қалайды. Ал, бұл мәселеде ұтымды және тиiмдi механизмдерге негiзделген сот iсiн жүргiзу маңызды және негiзгi рөл атқарады. Сондықтан алқабилер институтының сот құрылымдарына енуi бiрiншiден, құқықтық мемлекеттiң демократиялық қадамдарына зор кепiлдiк беретiнi айқын. Ал, өз кезегiнде алқабилер сот iсiне араласып, әр қылмыстық iстердегi айғақтарды екшелеп, қылмыстық жауапкершiлiкке тартылғандардың қаншалықты кiнәлi екендiгiн немесе кiнәсiз екендiгiн анықтап, iстiң әдiл шешiлуiне ықпал ететiн институт болуы тиiс. Екiншiден, сот реформасындағы бұл қадам сот құрылымдарының тәуелсiздiгiн одан әрi нығайта түседi.
Алайда, алқабилер институтын енгiзу Конституцияға, қылмыстық кодекс пен Қылмыстық iстер жүргiзу кодексiне, сондай-ақ «Алқабилер туралы» арнайы Заң қабылдануымен шешiле салмайды. Ең алдымен бұл мәселенi құқықтық тұрғыда шешу қажет, сонымен бiрге, оның әлеуметтiк-экономикалық мазмұнын зерделеп, оның жұмыс iстеуiнiң Қазақстанға барынша сәйкес келетiн жолдарын анықтау ләзiм. Мұның өзi өз кезегiнде қазiргi қол жеткiзген құқықтық реформаның жетiстiктерiне нұқсан келтiрмеуi тиiс.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
АЛҚАБИЛЕР СОТЫ
Бүгiнгi күнде өзiн демократиялық қоғам ретiнде таныған әрбiр ел өз iшiндегi
мемлекеттiк құрылымдардың демократиялық талаптарға негiзделiп жұмыс iстеуiн
қалайды. Ал, бұл мәселеде ұтымды және тиiмдi механизмдерге негiзделген сот
iсiн жүргiзу маңызды және негiзгi рөл атқарады. Сондықтан алқабилер
институтының сот құрылымдарына енуi бiрiншiден, құқықтық мемлекеттiң
демократиялық қадамдарына зор кепiлдiк беретiнi айқын. Ал, өз кезегiнде
алқабилер сот iсiне араласып, әр қылмыстық iстердегi айғақтарды екшелеп,
қылмыстық жауапкершiлiкке тартылғандардың қаншалықты кiнәлi екендiгiн
немесе кiнәсiз екендiгiн анықтап, iстiң әдiл шешiлуiне ықпал ететiн
институт болуы тиiс. Екiншiден, сот реформасындағы бұл қадам сот
құрылымдарының тәуелсiздiгiн одан әрi нығайта түседi.
Алайда, алқабилер институтын енгiзу Конституцияға, қылмыстық кодекс пен
Қылмыстық iстер жүргiзу кодексiне, сондай-ақ Алқабилер туралы арнайы Заң
қабылдануымен шешiле салмайды. Ең алдымен бұл мәселенi құқықтық тұрғыда
шешу қажет, сонымен бiрге, оның әлеуметтiк-экономикалық мазмұнын зерделеп,
оның жұмыс iстеуiнiң Қазақстанға барынша сәйкес келетiн жолдарын анықтау
ләзiм. Мұның өзi өз кезегiнде қазiргi қол жеткiзген құқықтық реформаның
жетiстiктерiне нұқсан келтiрмеуi тиiс.
Бұл сұрақтарды шешу Қазақстан Республикасындағы алқабилердiң қылмыстық сот
өндiрiсiне қатысу Тұжырымдамасында бекiтiлгенiндей мынадай қағидалардың
сақталуы негiзiнде жүзеге асуы қажет:
- заңдылық, қылмыс пен жазаланатын iс-әрекет тек қылмыстық заңмен
анықталуы керек;
- әдiлдiлiк қағидасы, алқабилердiң қатысуындағы сот қылмыстың қоғамдық
қауiптiлiгiн оның сипаты мен дәрежесiн, кiнәлiнiң жеке тұлғасын, жазаны
ауырлататын және жеңiлдететiн мән-жайларды ескере отырып әдiл шешiм
шығарғаны жөн;
- барлық адамдардың шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық, мүлiктiк
жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына және басқа да жағдайларына қарамай
заң мен сот алдындағы теңдiгi қағидасы;
- кiнәлiнiң жауаптылық қағидасы, тұлға өзiнiң кiнәлiлiгi анықталған және
қоғамға қауiптi әрекетi мен одан туындаған салдар үшiн ғана жауап бередi;
- iстi тараптардың теңдiгi негiзiнде жүргiзу қағидасы, айыптау функциясы
қорғау мен iстi шешу функциясынан бөлек болуы;
- кiнәсiздiк функциясы;
- қылмыстық қудалауды үнемдеу қағидасы, жаза қылмыс жасаған адамды тек
қана оны қылмыстық жауаптылықтан не жазадан босатуға ешқандай негiз
болмағанда тағайындалуы қажет. Ал, жасалған қылмыс үшiн қарастырылған
барынша қатал жаза, одан жеңiл жаза жазаның мақсатына қол жеткiзуге мүмкiн
болмайды дегенде ғана тағайындалғаны дұрыс.
Мiне, осы аталған қағидалар сақталған жағдайда алқабилер институтының
тиiмдiлiгiн көруге болады.
ҚР ҚIЖК-нiң 25-бабының 1-бөлiмi екiншi абзацымен толықтырылған толықтыруда
алқабилердiң судьялары секiлдi дәлелдемелердi қаралған дәлелдемелердiң
жиынтығына негiзделген өзiнiң iшкi нанымы бойынша бағалайтындығы, бұл ретте
ар-ожданын басшылыққа алатындығы айтылған.
548-бапта, судья алдын-ала тыңдауды прокурордың, осындай өтiнiш бiлдiрген
сотталушының және оның қорғаушысының қатысуымен жабық сот отырысында жеке-
дара жүргiзiледi делiнген. Бұл заң нормасы да егер iс бойынша
сотталушылардың ең болмағанда бiреуiнiң iстi сотта алқабилердiң қатысуымен
қарауы туралы өтiнiшi болса, алдын-ала тыңдау iсiнде барлық сотталушылардың
және олардың қорғаушыларының мiндеттi қатысуын көздейтiндiгi көрсетiлген.

Осы орайда айта кететiн бiр жәйт, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының
17.03.2005 жылғы № 666 санды бұйрығымен прокурорлық қызметкерлердiң кәсiби
бiлiктiлiгiн көтеру, ҚР прокуратура органының кадрлар резервiмен жұмысты
жақсарту және жұмыстың жаңа тәсiлдерiн тарату мақсатында республика
аумағында аймақтық базалық прокуратуралар құрылды. Бiздiң Кентау қалалық
прокуратурасы да сондай аймақтық базалық прокуратура саналады.
Сондықтан да бiз алқабилер институтының енгiзiлуiн семинар кеңестерде
қарап, талқылап, пiкiрлер алмастық.
Алқабилер институтының енгiзiлуi мемлекеттiк айыптаушы – прокурорға да,
айыпты қолдау барысында бiлiктiлiк көрсетумен қатар, алдын-ала тергеу мен
сот тергеуi барысындағы жинақталған дәлелдемелердi алқаби мүшелерiне
дәйектi түрде жеткiзiп, сотталушының қылмысқа қатыстылығына көз жеткiзу
керек болады. Ол прокурор тарапынан зор кәсiби дайындық пен шешендiк өнердi
қажет етедi.
Осы мақсатта жас прокурорларды тәрбиелеу бағытында Кентау аймақты базалық
прокуратурасында бiршама iс-шаралар жоспарланып, iске асырылып келедi.
Алқабилер туралы заңға байланысты бұл бағыттағы жұмыс кандидаттардың
тізімін құрудан басталады. Жергілікті атқарушы органдарға жүктелген осы
міндетті орындау барысында бірқатар кемшіліктерге жол беріліп, мұның өзі
алқабилерді құру кезінде көптеген қиындықтар туғызып жататыны бар. Мәселен,
осы тізімге 65 жастан асқан, денсаулығының нашарлығына байланысты сот ісіне
қатыса алмайтын азаматтар немесе аталған мекенжайда тұрмайтын, көшіп кеткен
адамдардың енгізілетін жағдайлары кездесіп жатады. Тіпті, тізімде
көрсетілген мекенжайдағы үйлердің жоқ болып шыққан жайлары да болды. Яғни,
тізім жасаудағы осындай жауапсыздықтардың салдарынан алқабилерді құру біраз
қиындықтарға түсіп жатады.
Алқабилердің тізіміне кірген тұлғалардың азаматтық танытып, өздерінің
конституциялық құқығын заңға сәйкес пайдалануға ынталарының жоқтығына
байланысты алқабилер алқасын құруға кедергі келтіретін жайлардың орын
алатыны да шындық. Осыған орай, әр азамат бұл істің маңыздылығын түсініп,
өздерінің конституциялық құқықтарын пайдалануға, қоғамдық мін­детін
орындауға жауапкершілікпен қарағаны дұрыс болар еді.
Алқабилердің ең басты мақсаты қылмыстық істі қарағанда әділдік пен
бейтараптықты сақтап, заң талабына сай шешім қабылдау екендігі белгілі.
Өкінішке қарай, кей кезде олар бейтараптықты сақтамай, сотталушының
кінәлілігіне айғақтардың жеткіліктілігіне қарамастан, керісінше шешім
қабылдауы да орын алып тұрады. Осындай жағдайларда бабаларымыздың өсиет
ретінде Тура биде туған жоқ деген қағидасының іс жүзінде сақталмай
қалатын жайлары да орын алатыны жасырын емес.
Жоғарыда айтылған және де басқа да іс қарау барысында кездесетін
олқылықтар мен қиындықтар алқабилердің қатысуымен өтетін сотқа дайындық пен
оны қарау барысында істі уақытылы және сапалы қарауға теріс әсерін тигізіп
жататыны рас.
Алқабилермен қаралатын істердің тағы бір ерекшелігі, ол еліміздің 25 жасқа
толған азаматтарының сот билігіне қатысуына жағдай жасайтындығында десек,
артық айтқандық болмас. Осындай істерді қарау барысында алқабилерге шешім
шығаруға тек қана сотталушының айыпталу фактісі ғана ортаға салынады, олар
сотталушының бұрын сотталғаны туралы, есірткіқұмарлығы, араққұмарлығы
сияқты жаман мінездемесі туралы және өзге де қолайсыз жағдайлары жөнінде
мәліметтерді, алдын ала сотталушы туралы теріс пікір туғызбау үшін білмеуі
тиіс. Сондықтан, сот отырысында аталған жағдайлар қатаң бақылауда ұсталуы
шарт, тараптар жағынан, басқа да қатысушылардан осындай заңбұзушылыққа
баруына жол берілмеуі қажет.
Жақтардың жарыссөзі екі бөлімнен тұрады. Біріншісі алқабилердің қатысуымен
өтсе, екінші бөлігі оларсыз өтеді. Тағы бір ерекшелігі, кеңесу бөлмесінде
10 адамнан құралатын алқабилермен кәсіби судья сотталушының кінәлі не
кінәлі еместігі туралы шешімді құпия, жазбаша түрде бюллетень арқылы
негізгі үш (Қылмыстық әрекеттің орын алғаны дәлелденді ме? Бұл әрекетті
сотталушының жасағаны дәлелденді ме? Бұл әрекеттің жасауына сотталушы
кінәлі ме?) сұраққа дауыс беру жолымен шешеді.
Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау үшін алқабилер мен
судья бірауыздан дауыс берулері қажет. Он бес жылдан артық мерзімге бас
бостандығынан айырып, жаза тағайындауға ең кемінде алқабилер алқасының 8
мүшесі қолдап дауыс беруі шарт.
Алқабилермен шығарылған үкім процессуалдық заңнаманы сақтай отырып
шығарылса, жаза мөлшері өзгертілуге, үкім бұзылуға жатпайды.
Сергек Баймағамбетов:
– Сотқа алқабилерді қатыстыру заман талабынан туған оң қадам екендігі
анық. Халық өкілі саналатын алқабилер ауыр қылмыс жасаған адамдарды
соттауға қатыса отырып, Ата Заңымызда белгіленген барлық биліктің бастауы
халық екендігі жөніндегі қағиданы жүзеге асыруға ықпал жасайды.
Алқабилердің қатысуымен өтетін сот мәжілістері қолданыстағы заңдарға сай
жүргізіледі және басқа сот мәжілістерімен салыстырғанда біраз ерекшеліктері
бар. ҚР Қылмыстық істер жүргізу заңнамаларына сәйкес, төрағалық етуші судья
іс материалдарынан дәлелдемелер ретінде жол беруге болмайды деп танылған
нақты деректерді алып тастауы керек және төрағалық етуші судья алқабилерге
жүгінген кезде қандай іс материалдарына алқабилердің сүйене алатындарын
және сол дәлелдемелердің жиынтығын басшылыққа ала отырып, сотталушының
айыбын ашатын немесе оны ақтайтын шешім шығарылатындығын еске салады.
Алқабилердің қатысуынсыз қаралған істермен салыстырғанда осы жоғарыда
көрсетілген заң талаптарын дұрыс қолдану оңайға түспейді. Бұл тұста
төрағалық етуші судьяның кәсіби біліктілігін айқындайтын жайлар кездеседі
және оң шешім қабылдау да соған байланысты болмақ. Өйткені, алқабилер
судьяның көрсеткен дәлелдемелеріне баға бере отырып, шешім шығарады.
Сот ісін жүргізудің конституциялық қағидаттарын жүзеге асыру – өмір
талабы. Ал оның негізгі қағидаттары: бар адамның заң алдында теңдігі,
кінәсіздік презумпциясы, тараптардың бәскелестігі және заңды бұза отырып
алынған дәлелдемелерді пайдаланудың мүмкін еместігі дейміз. Бірақ, мұның
бәрін алқабилер қатысатын сот қана толық жүзеге асыра алады. Өйткені,
алқабилердің қатысуы соттың бейтараптығын толығымен қамтамасыз етеді.
Осыған орай Жоғарғы Сотта “Алқабилер туралы” және “Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне алқабилердің қатысуымен
қылмыстық сот ісін жүргізуді енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы” заңдарды талқылау жөніндегі семинар отырысы
өткізілді.
Еліміздің Жоғарғы Сотының іс жоспарында тұрған осынау семинар жұмысына сот
саласының судьялары мен басшылары, Бас прокуратура мен адвокаттар алқасының
қызметкерлері қатысты. Аталған басқосудың мақсаты – заң қағидаларын
талқылап, оны іске асыру және алқабилер қатыстырылып өткізілетін сотты 2007
жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу жөніндегі шараларды белгілеу еді.
Алқабилер туралы жалпы түсінік берген Жоғарғы Соттың судьясы А. Смолин,
алқабилер дегеніміз кім, олар не үшін қажет, оның мүшелері кімдер бола
алады, қайдан жиналады, қалай іріктеледі, саны мен сапасы қандай болады,
ақырында үкімді қалай шығаратыны туралы жан-жақты айтып берді.
Журналистермен кездескен Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі
алқасының төрағасы Әбдірашит Жүкенов аталған семинардың маңыздылығына
ерекше тоқталды. Ол журналистерге алқабилер қатысуы арқылы өтетін бөлменің
қандай болатындығын көрсетті. Алқабилер қатысатын сот үдерісі тек облыстық
соттарда ғана қаралады. Негізгі алқабилер саны тоғыз болса, оларға қосымша
екі кәсіптік судья жетекшілік жасайды. Судьяның бірі төраға болып табылады.
Алқабилер қарауына ең жоғары жаза – ату жазасын қолдану қажет етілетін
істер ғана беріледі. Жылма жыл елімізде ондай яғни, ҚК 96-бабы, 2-бөлігіне
жататын 700-800 істер қаралады. Енді қазіргі уақытта барлық облыстық
соттарда алқабилер қатысып өткізетін істерге байланысты арнайы бөлмелер
жабдықталына бастады.
Соттағы әр іс үдерісі ашық өткізіледі. Оған басқа да адамдар қатыса алады.
Бұрынырықта соттың тәжірибесінде болғандай, халық заседательдері дегендер
судьялармен бірге отыратын. Олардың алқабилерінен қандай айырмашылықтары
бар деп білеміз? Негізгі ерекшелік, қазіргі алқабилер өздері шешім
қабылдайды. Олар үш сұраққа жауап беруге тиіс. Бірінші сұрақ: аталған
қылмыс орын алды ма? Екінші сұрақ: оған сотталушының қатысы бар ма? Үшінші
сұрақ: ол кінәлі ме? Осы сұраққа жауап беру үшін аталған 9 алқаби және екі
кәсіптік судья бөлек кеңесу бөлмесінде сұрақтарға жеке жауап қайтарады.
Сөйтіп олардың әрқайсысы жеке дауыстарын қағазға жазып, урнаға салады.
Мұнан соң түскен дауыс саналады. Егер алқабилердің осы дауыстарына сай
сотталушының кінәсі жоқ деген шешім қабылданса, айыпты босатылады.
Сондықтан бұрынғыдай ашық талқылау деген жоқ.
Алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізу институтының енгізілуі
мемлекетімізді құқықтық және демократиялық жағынан одан әрі дамытуда жүзеге
асырылып жатқан маңызды шаралардың бірі болмақ,
– Алқабилердің қатысуымен өтетін сот мәжілістерінде кәсіби және құқықтық
жағынан жоғары сапалық дәрежедегі мемлекеттік айыптауды жүзеге асыруда
көбіне прокурордың жинақталған айғақтарды талдау барысына белсене қатысып,
жұртты ұйытатындай тілге шешен болуының маңызы зор. Алқабилер сотына
қатысқан мемлекеттік айыптаушының міндеті сот зерттеулеріне алқабилерді
шебер тартып, айғақтар мен куәлардың көрсетулерін, айғақтарды нақтылап
айқындайтын тұжырымды сұрақтар қою арқылы олардың көздерін жеткізуге күш
салу болып табылады. Сондай-ақ, ол сот мәжілісі барысында зерттелген
айыпкердің кінәлілігін дәлелдейтін нақты айғақты ұстана отырып, неліктен
бір айғақтарды теріске шығарып, екіншілерін қабылдайтындығын алқабилердің
көзін жеткізе дәлелдеуге күш салуы тиіс.
Алқабилердің қатысуымен өтетін соттарда негізінен алқабилердің салиқалы
ұстанымы, рақымшылдығы, ар-ұяты сияқты адами факторының әсері үлкен
болады. Мемлекеттік айыптаушы да өз ұстанымын дәл осыған сүйене отырып
жасауы шарт. Осыған орай, ол айыптау сөзін қарапайым да ұғынықты тілмен,
алқабилердің көзін жеткізетіндей, осындай шешім қабылдау арқылы азаматтық,
конституциялық міндетін адал орындап, арына дақ тү­сірмейтіндігін
дәлелдейтіндей тұжырымдап айтып бере білуі керек.
Осы орайда, мемлекеттік айыптаушылардың біліктілігін арттыру бағытында
мақсатты жұмыстар жүргізіліп келеді. Облыстық прокуратурада осы тақырыпқа
арналған арнайы семинарлар өткізіліп тұрады. Сот тәжірибелері негізінде
әдістемелер мен пайдалы ұсыныстар дайындалады. Сот шешімінің әділ және
заңға сай болуы көбіне мемлекеттік айыптаушылардың сот мәжілістерінде өз
ұстанымдарын қалай және қай қырынан жеткізе алуына байланысты болмақ.
Сондықтан да, прокуратура қызметкерлері өздеріне жүктелген осындай үлкен
міндет биігінен көріну үшін кәсіби біліктіліктерін көтеріп, жұмыстарын
уақыт талабына сай құруға жете көңіл бөледі.
– Алқабилердің сот шешіміне қандай ықпалы бар? Сот барысында алқабилер мен
судьяның арасында түсінбестік не пікір қайшылықтары кездеспей ме және ондай
жайлар қалай шешімін табады?
– Заң бойынша алқабилер алқасына мүше болған азаматтың құқығы тұрақты
судьяның құқығымен тең болып табылады. Ол дегеніміз, судьяның қандай құқығы
болса, ол да сондай құқыққа ие деген сөз. Сондықтан, шешім қабылдау
мәселесі қаралған кезде әр алқаби бейтарап, құпия тұрде бюллетень арқылы
қойылған сұрақтарға жауап беру жолымен өз құқығын іске асырады. Шешім
қабылдауда алқабиге ешкім ықпал етуге тиіс емес, заң бойынша оған тыйым
салынған. Сондықтан, оларға жүктелген сот атқару жұмысы өте ауыр да жауапты
мәселе, оны атқаруға немқұрайды қарауға болмайды. Бұл осы күннің өзекті
мәселесі деуге толық негіз бар. Ал, кеңесу бөлмесінде болған жайттар заң
талабына сай жария етуге жатпайды, ол – құпия. Дегенмен де, сот болғасын,
адамның тағдырын шешу оңай шаруа еместігі баршамызға мәлім, соған
қарамастан, алқабилер шешім қабылдаудан тыс қалмауы тиіс. Осыған орай,
түсінбеушіліктер, пікір қайшылықтары болуы мүмкін, олай болуы керек те,
өйткені, пікір қайшылығы арқылы ақиқат, объективтік, заңдылық мәселесі
шешіледі. Сот атқаруына еліміздің азаматтарын қатыстыруды жүзеге асыру
жөніндегі мақсаттың көздегені де осы десе болады. Яғни, азаматтардың өз
ұстанымдарын жүзеге асыруға жағдай туғызу деген сөз. Кеңесу бөлмесінде
туындайтын мәселелер төрағалық етуші судьяның қолданыстағы заңдардың
талаптарын түсіндіру, мысалдар келтіру арқылы дұрыс ұғым тудыру, азаматтық,
алқабилік борышты заң талабына сай атқару керектігін ұғындыруы арқылы
шешімін тауып жатады.
– Алқабилердің сот шешіміне ықпал етуі олардың сотталушыны айыптау немесе
ақтау шешімінің негізінде шығарылады. Яғни, алқабилер сот шешімін шығаруға
ықпал ете алады. Егер олар айыпкерді кінәсіз деп тапса, сот шешімі де соған
сай шығарылады. Алқабилер сотының құрылуының өзі сотқа халық өкілдерін
қатыстыру арқылы, оның шешім шығаруына халықтың қатысуын қамтамасыз ету
мақсатынан туындағаны белгілі. Қазіргі сот барысы бұл мақсаттың
орындалғанын көрсетеді. Халық өкілдері алқабилер сотына қатысу арқылы
өздерінің конституциялық құқықтарын пайдалануларына мүмкіндік алып отыр.
Сот отырысы барысында алқабилер мен судьяның арасында түсінбеушілік немесе
пікір қайшылықтары орын алуы мүмкін емес. ҚР ҚІЖК 559-бабына сәйкес,
төрағалық етуші судья алқабилерге олардың құқықтарын, міндеттерін және істі
қарауға байланысты іс-әрекеттеріне шектеулерді түсіндіреді, сондай-ақ,
міндеттерді бұзу және шектеулерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЛҚАБИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН СОТ ІСІНЕ ПРОКУРОРДЫҢ ҚАТЫСУЫ
Құқықтық мемлекет құруға бағытталған қадам
Қазіргі кездегі алқабилер институтының қалыптасуы
Алқа билердің қатысумен сот процесін дамытудың негізгі кезендері және жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасының сот жүйесі
Ұлыбританияның сот жүйесі және оның ерекшеліктері
Шет елдердегі сот билігінің конституциялық құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасында судьялар сотын құру перспективаларын қарастыру
Қaзaқстaн Республикaсындaғы сот реформaсы:теңденциялaры және aлғышaрттaры
ҚР сот билігінің басқа да мемлекет өкілдерімен өзара байланыс жасау мәселелері
Пәндер