Ағзалардың көбею түрлері


АҒЗАЛАРДЫҢ КӨБЕЮ ТҮРЛЕРІ.
- Жыныссыз көбею.
- Жынысты көбею.
- Партеногенез.
Табиғатта көбеюдін кеңінен таралған екі жолы бар: жыныссыз және жынысты көбею. Жыныссыз көбеюге бір ғана дара қатысса, жынысты көбеюге екі дара (особь) қатысады. Көбею түрлерін мына кестеден көруге болады.
Жыныссыз көбею-жануарлар мен өсімдіктерге тән қасиет. Әсіресе жыныссыз көбею жоғарыдағы кестеден көріп отырғандай, өсімдіктер әлемінде кеңінен таралған. Жыныссыз көбеюде мейоз болмайды. Көбеюдің кейбір жолдары:
1. Қарапайымдар (амебалар, эвгленалар, инфузориялар, споровиктер, т. б. ) біржасушалы жасыл балдырлардың денесі екіге немесе одан да көп болікке митоз жолымен бөлінеді де, одан бірдей екі дара түзіледі, бүлардың әрқайсысын екі дербес ағза дамып шығады.
2. Кейбір ағзалардың ата-енелік дара денесінен бірнеше жасушалар бөлініп шығады да, бүршік пайда болады. Ол бүршіктеніп өседі де, жаңа дараға айналады. Кебеюдің мұндай түрі ашытқы ағзалар, гидралар, гидроидты және маржан полиптері, т. б. омырткасыз жәндіктерге тән касиет.
3. Спора аркылы көбею кеңінен таралған. Мысалы, кұрлык осімдіктерінде сырты калың қабықпен қапталып, қолайсыз ортаның әсеріне тезімді гаплоидты жасушалар спораның комегімен жыныссыз көбейеді. Споралар сумен, желмен және жануарлар арқылы таралады.
Ал, балдырлар мен суда тіршілік ететін саңырауқүлақтар тал-шықтарымен суда еркін жүзетін зооспоралары арқылы кобейеді. Өсімдіктер әлемінде өсімді жолмен кебею кеңінен таралған.
Жынысты жолмен көбею деп сперматозоид пен жұмыртқа жасушалары ядроларының өзара қосылу барысын айтады. Аталық және аналық жыныс бездерінде гаметалар дамиды. Аналық дара ағзасында - жұмыртка жасушалары 46, ал аталық дара ағзасында сперматозоидтар түзіледі 47. Омыртқалы жануарлардың жыныс жасушалары пішіні және мөлшері жөнінен арқылы болады. Мысалы, балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылардың, құстардың жұмыртқа жасушалары ірі, дөңгелек пішінді болып келеді, әсіресе кұстардың жұмыртқа жасушасының мөлшері үлкен негізінен, цитоплазмадан және қоректік зат қоры сарыуыздан тұрады. Жұмыртқа жасуша қозғалмайды, ал аталық гаметалар, сперматозоидтар мөлшерінің кішілігі және қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Аналық және аталық гаметалар қосылғанда, жасуша үрықтанады, урықтанган жасушаларды «зигота» деп атайды. Осы зиготада ата-енеден алынған түқым қуалау ақпараты сақталады да ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады.
Жынысты жолмен көбеюдің эволюциялық дамудағы маңызы өте зор. Оның жыныссыз көбеюден негізгі артықшылығы екі дараның тұқым куалау ақпараты қосылады. Осының нәтижесіңде ағза жаңарады да, ұрпақтардың сыртқы ортаға төзімділігін арттыра түседі. Сонымен, жынысты жолмен көбею әсіресе омыртқалы жануарлар мен жоғары сатылы өсімдіктерде кеңінен таралған.
Табиғатта кеңінен таралған жынысты көбеюдің ерекше түр өзгерісі кездеседі, оны партеногенез деп атайды. Партеногенез (грекше «партенес» - қыз, «генезис» - туу) . Оның мәні ұрықтанбаған жұмыртқа жасушадан жаңа аналық ағзаның дамуы. Бұл әрекет табиғатта өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінде кездеседі.
Мысалы: дафния және бітеде (көктем, жаз, күздің басыңда) ұрыктанбаған жұмыртқа жасушаларында партеногенетикалық аналықтар дамиды. Ұрықтанған жұмыртқалар қыстап шығып, көктемде партеногенез жолымен көбейе алатын аналықтар қайтадан дамиды. Аталықтар күзде пайда болады. Бұл құбылыс баларада, жабайы арада, өсімдіктерде-«бақбақта», т. б. кездеседі.
Баларада партеногенез басқаша жүреді, ұрықтанбаған жұмыртқалардан тек аталықтар (трутендер), ал ұрықтанғандарынан аналықтар (аналық ара) мен жетілмеген аналықтар (жүмысшы аралар) дамиды. Жоғары және төменгі температурамен әсер ету арқылы жасанды жолмен ұрықтанбаған жасушалардан жаңа ағзалар дамитыны дәлелденді, бірақ өте сирек кездеседі.
Мысалы, бақаның ұрықтанбаған жұмыртқасын 6°С температурада қыздыра отырып, инемен шұқығанда, сол жұмыртқа жасушадан аналық қасиеттері бар ересек бақа дамыған.
Атақты орыс генетигі Б. Л. Астауров жасанды партеногенездік жолмен көбею кабілеті бар жібек кұртын алды. Жоғары температурамен әсер еткенде жібек кұртының аналығында мейоз әрекеті жүрмей, диплоидты хромосома жиынтығы бар жұмыртқа жасушасы пайда болған. Осы жасушадан жұмыртқалары ірі болып келетін (полиплоидия) аналықтар партеногенез жолымен дамыған. Мұндай әдістерді пайдаланып партеногенездік жолмен жібек кұртының аналықтарын алудың қазіргі кезде жібек өндіруде маңызы зор болып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz