«Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидалары»


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Ф КГМУ 4/3-04/01

ИП №6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007 г.

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы

ДӘРІС

Тақырыбы: « Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидалары».

Пәні: БДО 26 Epid - 3226 «Эпидемиология»

Мамандығы: 051301 - «Жалпы медицина»

Курс: 3

Уақыт: (ұзақтығы) 1 сағат

ҚАРАҒАНДЫ - 2010ж.

Кафедраның мәжілісінде бекітілді

Хаттама №

"" 2010ж.

Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасының

меңгерушісі м. ғ. д., профессор М. С. Шабдарбаева


● Тақырыбы: «
Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидалары».

● Мақсаты: Жұқпалы сырқаттанушылық кезіндегі алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу принциптерін меңгеру.

● Дәріс жоспары:

1. «Эпидемияға қарсы шаралар жүйесі» түсінігіне анықтама.

2. Шараларды әсерінің бағытталуы бойынша топтастыру. Топтастырудың басқа да критерилері.

3. Эпидемияға қарсы шаралардың тиімділігі.

4. Эпидемияға қарсы шаралар және эпидемиялық процесті басқару.

● Дәріс тезистері:

«Эпидемияға қарсы шаралар жүйесі» түсінігіне анықтама.

Эпидемияға қарсы шаралар жүйесі - бұл тұтас тұрғындар сырқаттанушылығын төмендетуді, нақты инфекцияларды жоюды, нақты тұрғындар топтарының арасында жұқпалы ауруларды алдын алуды қамтамасыз ететін, ғылымның даму сатысында негізделген ұсыныстардың жиынтығы.

Шараларды әсерінің бағытталуы бойынша топтастыру. Топтастырудың басқа да критерилері.

Әсерінің бағытталуы бойынша

Шаралардың бағытталуы: Шаралардың бағытталуы
Шаралар тобы: Шаралар тобы
Шаралардың бағытталуы: Инфекция көзі
Шаралар тобы:
  • клиникалық-диагностикалық
  • емдеу
  • оңашалау
  • режимді шектеу
  • санитарлық- ветеренарлық
  • дератизациялық
Шаралардың бағытталуы: Беріліс механизмі
Шаралар тобы:

- Санитарлық-гигиеналық

- Дезинфекциялық

- Дезинсекциялық

Шаралардың бағытталуы: Қабылдағыш организм
Шаралар тобы:

- Иммунопрофилактика және иммунокоррекция;

- жедел профилактика

Әдетте тәжірибе барыснда бір шараларды профилактикалық немесе ЭҚШ деп атайды. Профилактикалық шаралар деген ұғым - ол жұқпалы аурулардың алдын алу дегенді білдіреді, ал ЭҚШ - дегеніміз тікелей эпид. ошшақта жүргізіледі, сол ошақтың таралып кетпеуіне және ошақты тез арада жою негізіне бағытталған.

Сонымен эпидемияға қарсы шаралар (ЭҚШ) - бұл ғылымның даму сатысында дәлелденген, жұқпалы аурулардың алдын алу және солармен күресу шшараларының жиынтығы.

ЭҚШ топтастырудың (жіктеудің) үлкен маңызы бар. Көбінесе кең таралған және теория бойынша дәлелденген ЭҚШ-дың үш тобын алуға болады, олар ЭП (эпид процестің) 3 звеносына бағытталған шаралар:

  • жұқпалы аурулар көзіне
  • беріліс механизміне
  • қабылдағыш организмге (кесте бойынша) .

Антропоноздарда, зооноздарда әрбір осы бағытталған шаралардың

2 топ шараларды бөліп алуға болады.

  1. Антропоноз негізінде ЖАК (жұқпалы аурулар көзіне) : емдеу диагностикалық (ерте дер кезінде жұқпалы ауруларды анықтау - активті, пассивті, туберкулез ауруында рентгенге түсіру, лабораториялық зерттеулер, эпид. анамнез жинау), режимді-шек қою (үйде оңашалау, жұқпалы аурулар ауруханасында клиникалық және эпидемиологгиялық көрсеткіштеріне байланысты) . Зооноздарда санитарлық - ветеринарлық (ауру жануарларды анықтау, оңашалау, емдеу, ерекше көңіл бөлу режимді немесе сою) . Дератизациялық шаралар.
  2. Қоздырғыштың беріліс механизмін үзу: санитарлық-гигиеналық, ЭҚШ:

- дезинфекциялық

- дезинсекциялық

3. Қабылдағыштыққа қарсы жүргізілетін шаралар:

- егу профилактикасы

- жедел профилактикасы

4. Жалпы шаралар тобы:

- лабораториялық зерттеу

  • санитарлық-ағарту жұмыстары

Эпидемияға қарсы шаралар схемасын және жеке нозологиялық формалардың эпидемиологиясын біле отырып, белгіллі бір жағдайда нақты шараларды таңдап, жұүргізе білу қажет.

ЭҚШ жіктеу принцптерімен қатар, басқа да критериялар және оларды топтастыру анықталған.

  1. Шараларды жүргізу үшін қолданылатын арнайы қарсы қолданылатын құралдардеп атайды.

Оларға жататындар: емдеуге қажетті этиотропты құралдар, дератизация заттары (ратицидтер), дезинфекция, дезинсекцияға қолданылатын заттар (инсектецидтер, акарацидтер, ларвицидтер), иммунопрофилактикаға қолданылатын заттар (иммунды сары сулар, иммуноглобулиндер) вакциналар, анотокситндер (егу профилактикасы заттары), жедел профилактика заттары (бактериофагтар, антибиотиктер, химиопрепараттар) т. б.

2. Эпидемияға қарсы құралдарды (заттарды) талап етпейтін шаралар:

- оңашалау

- режимді - шек қою

- санитарлық - ветеринарлық

- санитарлық - гигиеналық

- санитарлық - ағарту жұмыстары

Кейбір кезде барлық ЭҚШ 2-ге бөлінеді:

  1. диспазициондық - бұл шшаралар, 3-ші звеноға қатысты шаралар (қабылдағыш организмге) . Бұл шараның мақсаты - зақымдалғаннан (жұқтырғаннан) кейін ауруды ескерту.
  2. Экспозициондық - шаралар, 1-ші және 2-ші звеноға қатысты шаралар (ЖАК мен БМ) . Олар адамдардың жұқтырып алмауын ескерту мақсатында жүргізіледі.

ЭҚШ атқаратындар:

- медициналық күштер

- медицинаға жатпайтын күштер

Эпидемияға қарсы қолданылатын заттар (құралдар)

мен шаралардың сапасы.

ЭҚШ сапасы - бұлшараларды жүргізу кезінде арнайы бір жетістіктерге (көрсеткіштерге) жету. Препараттарды (құралдарды) талап ететін эпидемияға қарсы шаралардың сапасы мынадай:

1. Қолданылған заттардың сапасын әртүрлі критерилар және әртүрлі параметрлер бойынша анықталады. Ең негізгі жалпы критерий (белгі) қажетті қорытындымен қамтамасыз ету қабілетті.

Мысалы бактериофагтарды қолданған кезде: Бактериофагтар жедел профилактика үшін емдеу мақсатында қолданылады.

Бактериофаг сапасының негізгі параметрлеріне: препараттың фаготиптік құрамы, оның қоздырушы құрылымына сәйкестігі, фаг титрі, бактериофагты қолданғаннан кеиінгі эндотоксин концентрациясының қажетті мөллшерден көп болмауы. Осы барлық атап өткен препараттардың параметрлері, препараттарды шығару кезінде бақылауға алыну керек.

2. Берілген әдістердің толығымен орындалуы.

Мысалы, ошақта дезинфекция жүргізу:

Ұсынылған әдістер бойынша, іш сүзегі ошағында ылғалды ошақтың қорытынды және камералық дезинфекция жүргізу үшін үлкен көлемді жұмыс атқарылады - дезинфекция жүргізер алдында барлық терезелерді, форточкаларды жабады, сонан соң ас бөлмедегі ыдыстарды тазартады, экспозиция уақытын сақтау қажет. Сосын ауру адам болған бөлмелерді, оның заттарын, киімдерін, төсек-орынын камералық дезинфекцияға алады, барлық бөлмелерді өңдеуден өткізеді, ең соңында әжетхана мен ошақтың шыға беріс дәлізін дезинфекциялайды. Сонан кейін дезинфектор арнайы киімдерін шешіп, ошақтан шығады. Осындай дезинфекция әдісі барлық ошақтарда міндетті түрде сақталуы қажет.

3. Нақты эпидемиялық жағдайларда орындалатын шаралардың жеткілікті мөлшері.

Мысалы: Егу жұмыстарын жүргізу кезінде дәлелденген, эпидемиялық жағдайдың сәтті аяқталуы мынаған байланысты, егер қоздырушының беріліс механизмі беллсенді болса (мысалы қызылша ауруында) тұрғындар арасындағы науқастылықты тоқтату үшін, егілетіндер саны (мөлшері) жоғары болуы қажет.

4. Егу жұмыстарын өз уақытында орындау:

Мысалы: №58 Ф жедел хабарлама түссе қызылша мен ВГА ауруында иммуноглобулин енгізу ұсынылды. Бұл үшін енгізу мерзімін сақтау қажет, ошақта ауру анықталғаннан кейін бірден иммуноглобулин енгізіледі. Вирус клетка ішіне еніп кеткеннен кейін иммуноглобулинді кешіктіріп жіберсе оның қажеті де болмайды, себебі антидене өзінің нейтральді әсерін білдірмейді. Сондықтан эпидемиолог ошақта қандай шара өткізу керек және міндетті түрде оның орындалу мерзімін көрсетіп жазады.

Препараттарды қажет етпейтін, эпидемияға қарсы шаралардың

сапасы екі көрсеткішке байланысты (№3 №4 кесте) .

- нақтылы жағдайлардағы жүргізілетін жұмыстардың толықтығы

- оллардың өз уақытында іске асуы.

Эпидемияға қарсы құралдар мен шаралардың тиімділігі.

Эпидемияға қарсы шаралардың тиімділігі - бұл жүргізілетін шараларадың нәтижесін көрсетеді.

Эпидемияға қарсы шаралардың тиімділігін 3 аспектіде қарастыруға болады.

- эпидемиологиялық

- әлеументтік

- экономикалық.

Эпидемияға қарсы шаралардың эпидемиологиялық тиімділігі - бұл сырқаттылық динамикасының деңгейінің, құрылымының өзгеруі және соған байланысты (өлім, мүгедектіктің) сандық азаюы.

Мысалы: Күлге, көкжөтелге, қызылшаға, полиомиелитке қарсы жаппай жоспарлы профилактикалық егу жүргізгенде сырқаттылықтың, летальділіктің, өлімнің деңгейі бірден төмендейді.

Эпидемияға қарсы шаралардың әлеуметтік тиімділігі мыналарға байланысты: жалпы тұрғындар санының азаюын болдырмау, өлім санының азайту, өлімнің, мүгедектіктің санын азайту есебімен тұрғындар арасында еңбекке қабілетсіз адамдарды болдырмау. Қорыта айтқанда сырқаттылықтың деңгейі төмен болса, өмір сүру қабілеттері де көпке сақталады. Тұрғындардың денсаулығын сақтасақ, үлкендер арасында еңбекке жарамсыздар саны азаяды. Келешектегі халықтар санын көбейтіп балалардың өмірі сақталады.

Эпидемияға қарсы шаралардың экономикалық тиімділігі әлеуметтік тиімділікпен тығыз байланысты. Ол мынадай экономикалық тиімділікпен көрінеді: тұрғындардың еңбекке қабілетін сақтау, жалпы қоғамдағы ауру адамдарды емдеуге, ошақта шараларды жүргізуге, еңбекке уақытша жарамсыздық қағазы бойынша еңбегін төлеу үшін шығындарды көп жұмсамау. Экономикалық тиімділік қаржымен де сипатталады - жалпы қоғам бойынша сырқаттылыққа, мүгедектікке, летальділікке үнемделген қаржы.

Қазіргі заманғы эпидемиологияда, әлеуметтік экономикалық талдау кеңінен қолданылады. Бұл талдау денсаулық сақтау органдарының белгілі бір территориясында жұқпалы аурулардың экономикалық, әлеуметтік маңызын анықтау мақсатында қолданылады, СЭС, тиімсіз қымбат тұратын эпидемияяға қарсы шараларды жүргізбеуді негіздейді. Мысалы: шигеллезбен ауырғандарды госпиталдау (көрсеткіш бойынша 100 процент ауруханаға алу) . Әлеуметтік және экономикалық тиімділік, эпидемиологиялық тиімділіктің негізін құрайды. Сонымен қымбат болғанына қарамастан міндетті түрде жоғары эпидемиологиялық тиімділік беретін шараны қолдану қажет. Эпидемияға қарсы шаралардың сапасын, сандық бағалау үшін мынадай ұғымдар қолданылады:

- потенциалдық тиімділік

- фактілік тиімділік

Потенциалды тиімділік ғылымның даму сатысында эпидемияға қарсы құралдар мен шараларды қолдана отырып аурудың алдын-алу немесе деңгейін төмендетіп, белгілі бір жетістіктерге жету.

Эпидемияға қарсы шараларды қалай бағалайды ?

Эпидемияға қарсы шараларды бағалаудың кең таралған әдісі эпид. талдау жүргізу. Сырқаттылықтың көп жылдық динамикасына аналлиз жүргізеді, жылдық динамикасының тенденцияясын анықтайды (жоғарылауын, төмендеуін, тұрақтылығын), шараларды жүргізу нәтижесінде маусымдылық өзгереді ма жоқ па? Көптеген эпидемияға қарсы шараларды қолдана отырып, ошақта қандай нәтижелерге жеткеніне қорытынды жасауға болады.

Мысалы: Ересек адамдар арасында күл жұқпалы ауруының ошшағында барлық ұсынылған шаралардың ішінде, айдын потенциальды тиімділігі бар шара, ол ошақтағы адамдарға жаппай иммунизация жүргізу. Эпидемияға қарсы жұргізілетін шаралар мен құраллдардың сандық бағасы, сырқаттылық көрсеткішінің бақылауға алынған топтарымен қатынасы арқылы анықталады:

тиімділік көрсеткіші (К)

қорғаныс көрсеткіші (Е)

Эпидемияға қарсы шаралардың тиімділік көрсеткіші ретінше формула бойынша қорғаныс көрсеткіші қолданылады.

а) эпидемияға қарсы шараларды немесе препараттарды қолданғандар ішіндегіауырғандар саны.

б) препараттарды қолданбағандар індегі ауырғандар саны. Қорғаныс көрсеткіш препарат қабылдаған адамдардың қанша пайызы аурудан сақтанғанын көрсетеді.

Тиімділік индексі (К) - препарат қабылдамаған адамдардан, препарат қабылдаған адамдардың сырқаттылығы неше есе төмен екені мына формула бойынша анықталады.

Қорғаныс көрсеткіші мен тиімділік индексі өзара байланысты.

Эпидемияға қарсы шаралардың фактілік тиімділігін анықтау, тұрғындарды эпидемияға қарсы шаралармен қамтамасыз етудің сапасын бағалау үшін қажет.

Фактілік тиімділліктің негізгі белгілері, осы шшараларды қолданғаннан кейін сырқаттылықтың ағымы мен жиілігінің төмендеуі.

Мысалы: салмоноллез ауруында эпидемияға қарсы шаралардың фактілік тиімділігі науқастың көпжылдық динамикасының анамнездері нәтижесімен енгізделуі мүмкін.

Айқын тиімділік қолданған шаралардың көмегімен сырқаттың деңггеейінің сәтсіз төмендеуі.

Жоғары фактілік тиімділік тұрғындар топтарының арасында сырқаттылық көрсеткішінің тұрақты болуы.

Эпидемияға қарсы жүргізілетін шаралардың тиімсіздігі аурудың көбеюін немесе жоғары деңгейдегі тұрақтылығын көрсетеді (ВГ, ЖІА) .

Жүргізілген шаралардың бірден бір тиімсіздік белгілері: аурудың көп жылдық динамикасының айқын кезеңділігі, маусымдылық эпидемияның күрт жоғарылауы. Эпид. ошақтарды жою кезіндегі шаралардың фактлік тиімділігінің негізгі белгілері: аурудың тоқталу мерзімі.

Барлық эпидемияға қарсы жүйелердің тиімділігі осы уақытқа дейін тәжірибеде жұқпаллы аурулардың алдын-алу кезінде жаңа құралдар, препараттар, әдістерді ойдағыдай өңдеп, қолдану негізіне байланысты болады. Бірақта есте сақтау қажет, жұқпалы аурулардың алдын-алудағы тиімділікжақсы танымал, ғылыми енгізделген ұсыныстарды дұрысқолдана білугге байланысты. Эпидемияға қарсы шараларды іске асыру өте қажет, себебі кейбір эпидемияға қарсы жүйелерді орындаушылар медицина қызметкерлері емес, басқару органдары. Сондықтан тұрғындар арасындағы эпидемиологиялық жағдайдың сәтті болуы оллардың жұмысты сапалы түрде жүргізулеріне байланысты (тамақтануды қйымдастыру, сумен қамтамасыз ету, территорияны тазарту т. б. ) .

Эпидемияға қарсы шаралардың (комплексті) жинақы принцптері және эпидемияға қарсы шаралардың (ЭҚШ) негізгі бағыттары.

Ғылыми жоспар бойынша ЭҚШ бір уақытта әсер етуі. Кейінгі кезде нақтылы эпидемиялық жағдайда ең басты (негізгі) шараларды таңдап алып, олардың әр бағытта жұргізілуіне көңіл бөліп отыр.

Жұқпалы аурулардың алдын-алудағы басты эпидемияға қарсы шаралардың белгілері:

1. Жеке нозоформалардың эпидемиологиялық ерекшеліктері, ЭП даму жағдайы мен себептермен анықтау.

- аэрозольді беріліс механизмі бар жұқпалы аурулар тобында, ЭП ЖАК (жұқпалы аурулар көзінің) көп болуымен сипатталады. Осы жұқпалы ауруларда ЖАК ертерек анықтау, оңашалау және ЭП 2-ші звеносына, беріліс механизміне әсер етуге мүмкіншілік жоқ.

Осы жұқпалы аурулардың алдын алудағы негізгі шаралар, ЭП 3-ші звеносына бағытталады, атап айтқанда тұрғындардың қабылдағыштығын төмендету, төзімді, коллективті иммунитет тудыру.

Сондықтан, аэрозольді антропоноздар проблемасы, иммунологиялық проблема болып қарастырылады (қызылша, көкжөтел, күл) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эпидемиологиялық зерттеу әдісі
Ел аумағына карантиндік және басқа да аса қауіпті инфекциялардың келуі мен таралуының санитарлық қорғаудағы нормативтік құқықтық құжаттар
Пәннің саясаты
Бейбіт және соғыс уақыты кезіндегі ТЖ тұрғындарға шұғыл медициналық көмекті ұйымдастырудың негізгі принциптері
Жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы
Эпидемиялық үрдіс туралы ұғым
Аурухана мен емханалардағы бөлімшелерде жүргізілетін санитарлық эпидемияға қарсы іс-шаралар тәртібі
«Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Жұқпалы аурулардың ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz