Астық дақылдары туралы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Астық дақылдарын сақтау.

2. Астық дақылдарының зиякестері олармен күресу жолдары.

3. Астық дақылдарының сақтау қоймалары.

ІІІ. Қорытынды.

Кіріспе.

Зиянды насекомдар мен кенелердің көптеген түрлері қоймадағы астықты және басқа да ауьтл шаруашылық дақылдарының өнімдерін зақымдауға бейімделген. Бұл зиянкестер астық дәндсрімсн жәнс олардан жасалған азық-түліктермен, сондай-ақ көптірілген жемістермен және көкөністермен қоректеніп, олардың салмағын кемітеді, экскременттерімен ластайды және тұқымдық материалдың өнгіштік қасиетін төмендетеді.

Зиянкестер қоймаға астық дәндерімен және басқа дақылдардың өнімдерімен бірге енеді, оларды кемірушілер мен құстар апаруы мүмкін. Бұрын табиғи жағдайларда тіршілік еткен және кемірушілердің іні мен құстардың ұясында өсімдік текті азық-түліктің қорымен қоректенген көптеген зиянкестер ұзақ уақытқа созылған тарихи процестердің нәтижесінде бірте-бірте жабық орындарды мекендеуге бейімделіп, қарқынды түрде өсіп-өне бастаған. Бұған азық-түлік сақталатын қоймалардағы ерекше жағдайлар, яғни күн сәулесінің жоқтығы, ауа ылғалдылығының жоғары температураның бірқалыпты болуы да едәуір мүмкіндік туғызған.

Қазіргі уақытта қойма жағдайында өсіп-өніп дамитын насекомдар мен кенелердің және кемірушілердің 300-дей түрлері белгілі.

Қоймаларды мекендеп, ауыл шаруашылық дақылдарының өніміне зиян келтіретін насекомдардың көпшілігі қатты қанаттылар мсн қабыршақ қанаттылар отрядына жатады. Насекомдардың басқа отряды өкілдерінің қоймаларға енуі кездейсоқ болады да түрақты мекендеуші болып саналмайды. Төменде насекомдар мен кенелердің зиянды түрлерінің негізгілеріне ғана қысқаша сипаттама беріледі.

Қамба бізтұмсығы . Қатты қанаттылар немесе қоңыздар отрядының бізтұмсықтылар тұқымдасына жатады. Қойма зиянкестерінің ішінде кең таралған түрлерінің бірі. Тек жабық орындарда ғана өсіп-өне алады. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында көп болады. Ал солтүстік облыстарда диірмен, наубайхана, сыра заводы сияқты жылы жайларда көбірек зиян келтіреді.

Қоңыздың денесі сопақтау, ұзындығы 3, 5 мм, түсі қара-қоңыр немесе қара, аяқтары және мұртшалары қызыл-қоңыр. Үстіңгі қанаттары бір түсті, дақсыз, артқы қанаттары жетілмеген. Қоңыз ұша алмайды. Жұмыртқасы сопақша, түсі сарғылт болады. Личинкасының басы қара, денесінің қалған бөліктерінің түсі ақ, аяқтары болмайды, ұзындығы 4 мм жетеді. Қуыршағы ақшыл-сары, ұзындығы 2, 7 мм шамасындай.

Зиянкес жұмыртқадан басқа фазаларының барлығында да қыстап шыға алады. Төменгі даму табалдырығы +Ю°С. Дәннің дымқылдығы 15-16% болғанда, дамуы үшін үйлесімді температура 20--26°С. Дәннің дымқылдылығы 11% төмен болса, зиянкес дами алмайды. Өсімталдығы орта шамамен алғанда 150 жұмыртқаға жетеді. 25°С температурада даму циклі 36-40 күнге, ал 12°С тсмпературада 7 айға созылады. Солтүстік Қазақстанда жылына 2, оңтүстіктс 4 ұрпақ беріп өсіп-өнеді.

Бізтұмсықтылардың ұрғашылары жұмыртқаларын дәннің ішіне, өздері кеміріп жасаған кішкентай куысқа салады. Астык, тұқымдастардың әр дәніне бір жұмыртқадан, ал жүгерінің дәніне екі жұмыртқадан орналасады. Жұмыртқадан шыққан соң личинкалар дәннің ішін үңгіп жеп, сонда тіршілік етеді. Қуыршақ стадиясы да сол дәннің ішінде өтеді.

Қоңыздар және олардың личинкалары бидай, қарл бидай, арпа, сұлы, күріш, тары, жүгері дәндерін, бұршақ тұқымдастар мен астық тұқымдас шөптердің тұқымдарын, әр түрлі жармалар мсн ұнды және ұннан жасалған тағамдарды зақымдайды. Олар әсіресс ұсақталған дәндерді көбірек ұнатады. Бүтін дәндерді көбінесе арқа жағынан бастап үңгіп жеп, ұрық бөлігін зақымдайды.

Бізтұмсықтар әрқашан да еден астындағы төгіліп түскен дәндерде көп болады. Олардың личинкалары зақымдаған астық дәндсрі себуге мүлде жарамайды. Олардың тамақтық қасиеті де едәуір төмендсйді.

Күріш бізтұмсығы. Қазақстанның барлық облыстарында таралған. Солтүстік және Орталық Қазақстанда жылы жайларды, сонымен қатар колхоздар мен совхоздардың қоймаларында ылғал шамадан жоғары болған жағдайда дән үймелерінің өздігінен қызған жерлерін мекендейді.

Қоңыздың ұзындығы 2-2, 5 мм, түсі күңгірт-қоңыр, немесе аздап жылтыр, арқа сақинасында тығыз орналасқан көптеген ірі шұңқырлар бар, үстіңгі қанаттарының әрқайсысында қызғылт түсті 2 дақ болады. Артқы қанаттары жақсы дамыған. Личинкасы сыртқы пішіні жағынан қамба бізтұмсығының личинкасына ұқсас.

Қоңыздар 3 айдан 8 айға дейін өмір сүреді. Осы уақыт ішінде ұрғашыларының әрқайсысы 500 дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын біреуден дәннің ішіне орналастырады. Ұрықтың дамуы 4-8, личинканың дамуы 25-30, қуыршақтың дамуы 5-8 күнге созылады. 18°С температура жағдайында бір ұрпақтың дамуы 3, 5 айға, ал 21--22, 5°С 1, 5 айға дейін созылады. Қолайлы жағдайлар болса, солтүстік облыстарда жылына 7-8 ұрпаққа дейін беріп өсіп-өнеді.

Қамба бізтұмсығымен салыстырғанда күріш бізтұмсығы едәуір жылу сүйгіш насеком, оның белсенді тіршілігі үшін үйлесімді температура 27-29°С шамасында. Суыққа ең төзімдісі-жұмыртқа, одан кейін төзімдірегі қуыршақ пен личинка, ең төзімсізі - ересек қоңыз. Р. С. Ушатинскаяның (1954) мәліметі бойынша минус 10°С срссск қоңыз 15, қуыршақ 27, личинка 24, жұмыртқа 90 сағаттан кейін тіршілігін жояды.

Дәннің дымқылдылығы 10%-тен төмен болған жағдайда қоңыздар дами алмайды. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 73% болғанда салатын жұмыртқаларының саны азаяды, ал 50% қоңыздар қырылады. Личинкалардың дамуы үшін дәннің дымқылдығы 17%-тен асқанда, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80-90% болганда ғана қолайлы жағдайлар туады.

Қамба бізтұмсығына қарағанда күріш бізтұмсығы өте көп
қоректілерге жатады. Ол масақты дақылдардың көптеітен түрлерінің,
күріштің, жүгерінің дәндерін және әр түрлі жармаларды, ұннан жа-
салған тағамдарды, бұршақты, мақта тұқымын, темекіні, шошқа
жаңғағын, тағы басқа көптеген өсімдік өнімдерін зақымдайды. Ол
қамба бізтұмсығына қарағанда жақсы ұша алады және егіс далала-
рында масақты, пісіп келе жатқан астық дәндерін де зақымдайды.
Одан соң ол астықпен бірге қоймаға енеді.

Үн қоңызы - ТепеЬгіо тоіііог Ь. Қатты қанаттылар (Соісоріега) отрядының қара денелілер (ТепеЬгіопісіае) тұқымдасына жатады. Қазақстанда кең таралған, әсіресе Солтүстік және Батыс Қазақстанда жиі кездеседі.

Қоңыздың ұзындығы 12-16 мм, түсі майлы жылтыры бар қара-қоңыр, үстіңгі қанаттарында көптегсн нүктелерден тұратын бойлық айғыздар орналасқан. Мұртшалары қысқа, олардың үш жағы аздап, жуандау, алдыңғы арқа сақинасы едәуір жалпақ. Жұмыртқасы сопақша келген, ұзындығы 1, 6-1, 8 мм, түсі сүттей ақ, жылтыр. Личинкасын «үн құрты» деп атайды. Олардың ұзындығы 25-30 мм і жетеді, түсі кошқыл сары, алдыңғы аяқтары ортаңғы және артқы аяқтарына қарағанда ұзын. Қуыршағының ұзындығы 16-18 мм, түсі сарғылттау, құрсақ бунақтарының бүйір жақтарында тарақ тәрізді төрт бұрышты қосалқылары және денесінің артқы жағында мүйіз тәрізді екі өсінді болады.

Зиянкес личинка фазасында ұнның арасында, ұннан жасалған тағамдарда немесе қойманың керегелерінің жарықтарында, қаптардың тігістерінде және басқа паналарда қыстайды. Суық жайларда жылына бір, жылы жайларда екі ұрпақ беріп дамиды. Личинкалары қыстап шыққан жерлерінде көктемде қуыршаққа айналады. Қуыршақтың дамуы 18°С температурада 10 күнге созылады. Қоңыздар кешке және түнде ғана ұшады. Жұмыртқаларын шашыратып немесе азғанадан топтап, ұнға, ұнтаққа немесе ұннан жасалған тағамдарға, олар жоқ болған жағдайда керегенің жарықтарына, қаптардың үстіне салады. Олардың үсті сілекейлі болады да көрсетілген заттарға жабыстырыла орналастырьтлады немссе оған ұн жабысып, түйіршік қамыр тәрізді болып көрінеді. Қоңыздар 25°С температура жағдайында 100 күндей өмір сүреді. Осы уақыт ішінде ұрғашы қоңыздардың әрқайсысы 300 дейін жұмыртқа салады. Ұрықтың дамуы 19-21°С температурада 10 күннен 19 күнге созылады. Личинкалар температураға және басқа жағдайларға байланысты 280 күннен 600 күнге дейін тіршілік етеді. Суыққа өте төзімді - минус 10°С температурада 1 айдан кейін, минус 18°С бір күннен кейін

өледі.

Қоңыздардың өздері де, личинкалары да зиян келтіреді. Личинкалар ұнды және ұнтақты, (әсіресе өте дымқыл және жатып қалған ұнды) сонымен қатар жармаларды, піскен нанды, кептірілгсн нанды, темекіні және т. б. зақымдайды.

Кіші ұн қоңызы . Бұл да қара денелілер (ТепеЬгіопісіае) тұқымдасына жатады. Ұзындыгы 2, 6-4, 4 мм, қара немесе қоңырқай түсті кішірек қоңыз. Личинкаларының түсі сарғылт-қоңыр, ұзындығы 6-7 мм, денесінің артқы жағында үшбұрышты ілмек тәрізді екі өсіндісі болады. Қуыршақтарының ұзындығы 2, 7-3, 5 мм, ақшыл сары, құрсақ бунақтарының бүйір жақтарында ұшында қылшықтары бар өсінділер болады.

Барлық аймақтарда тегіс таралған. Бұл қоңыз әдетте диірмен, макарон фабрикасы, наубайхана, жарма және құрама жем заводтарын мекендейді. Қоңыздардың өздері қыстап шығады. Ал жылы жайларда зиянкес жыл бойы үзіліссіз өсіп-өніп көбейеді. Жұмыртқаларын қоректік заттарының үстіне бір-бірлеп орналастырады. Орташа өсімталдығы 500 жұмыртқаға жетеді. Қоңыздар 3 жылға дсйін өмір сүреді де өсіп-өнуі жыл сайын қайталанады. Ұрықтың дамуы 6-15 күнге созылады. Личинка жазда 20-30 күн, ал қыста одан ұзағырақ дамиды да қоректенген жерінде қуыршаққа айналады. Қуыршақтың дамуы орта жағдайларына байланысты 5 күннен 28 күнге дейін дамиды. Жылылық 27-30°С, дәннің дымқылдығы 14, 5% жәнс одан жоғары болғанда зиянкестің дамуы үшін ең қолайлы жағдайлар туады. Осы жағдайларда оның бір генерациясының дамуы 30-40 күнге созылады. Қоңыздардың бұл түрі жылытылмайтын жайларда бір жаз ішінде 2-3, ал жылы жайларда 4-5 ұрпаққа дейін өсіп-өнеді.

Қоңыздар және олардың личинкалары ұнмен, ұнтақ жарма және басқа жармалармен, ұннан жасалған тағамдармен, астық дәндерімсн және басқа дақылдардың тұқымдарымен, кептірілген жеміс және көкөністермен, темекі және оның өнімдерімен қоректенеді. Зақымдалған ұн иленіп, кесек-кесек немесе түйір-түйір болып қалады, дәмі және исі ұнамсыз болады. Ондай ұн тамаққа және мал жемі үшін пайдалануға жарамайды.

Шоқпар мұртты ұн қоңызы. Бұл да қара денелілер тұқымдасына жатады. Қазақстанда тегіс таралған, әсіресе оңтүстік аудандарда жиі кездсссді. Сыртқы құрылысы және тіршілік әрекеті жағынан кіші ұн қоңызына ұқсас. Одан негізгі айырмашылығы-мұртшаларының соңғы 3 бунағы шоқпар (күрзі) тәрізді болып, жуандаған.

Қоңыздар және олардың личинкалары көп қоректі, ұнды, жарманы, күнбағыс тұқымын, ұрпақты, құрама жем-азықтарды, кептірілгсн жемістерді және басқа көптеген өсімдік тектес өнімдсрді қатты зақымдайды. Уатылған дәндерді көбірек ұнатады, бірақ өтс дымқыл болған жағдайда тұтас дәндермен де қоректенеді. Қоңыздар 2 жыл өмір сүреді. Әр ұрғашы қоңыз орта есеппен 400 дейін жұмыртқа салады. Зиянкестің дамуы үшін ең қолайлы температура 27-30°С. Қолайлы жағдайлар туған жағдайда жылына 6-8 ұрпаққа дсйін беріп дамиды.

Суринам ұн жемірі. Қатты қанаттылар (Соіеоріега) отрядының жалпақ денелілер тұқымдасына жататын ұзындығы 2, 5-3, 5 мм, қара қоңыр түсті қоңыз. Алдыңғы арқа бунағының бүйір жақтары ара тісі тәрізді кер-тешті болады. Мұртшаларының шоқпар тәрізді үшы 3 бунақтан тұрады. Личинкаларының ұзындығы 2, 5-3, 5 мм-ге дейін, түсі сарғылттау ақ, пішіні цилиндр тәрізді, көкірек бөлімінде 3 жұп аяғы бар. Қуыршағының ұзындығы 2, 5-3, 2 мм, түсі сарғылттау ақ, көкірек бөлігінің бүйір жақтарының әрқайсысында 6 тікенек болады. Ал құрсақ бунақтарының бүйір жақтарында олардың саны бір-біреудсн ғана.

Кең таралған зиянкес. Әр түрлі қоймаларда, диірмендерде, макарон және тәтті тағамдар жасайтын фабрикаларда, дүкендер мен тұрғын үйлерді мекендейді. Табиғатта ағаштардың сскі қабықтарының астында кездеседі.

Қоңыздар 6 айдан 10 айға дейін, кейде 2 жылға дейін өмір сүреді. Жұмыртқаларын көктемде бір-бірден жекелеп немесе 3-5 данадан топтап, ұнға, әр түрлі тағамдарға, қойма керегелерінің жарықтарына, қаптарға және т. б. жерлерге салады. Ұрғашы қоңыздардың әрқайсысы 300 дейін жұмыртқа салады. Қоймаларда жылына 5, ал жылытылатын жайларда 7 ұрпаққа дейін беріп өсіп-өнсді. Бір ұрпақтың дамуы жазда 1 айға, көктемде 2 айға, ал күзде 2-3 айға созылады.

Суринам үн жемірінің суыққа төзімділігі онша жоғары смес. Бұл жағдай оған қарсы астық немесе басқа тағамдар қорын белгілі бір дәрежеге дейін салқындату жолымен күресуді жеңілдетсді. Мысалы, минус 10°С қоңыздар 3 тәуліктен кейін, олардың личинкалары 2 тәуліктен кейін өледі. Ал минус 15°С зиянкестің барлық фазалары бір тәуліктен кейін қырылып қалады. Төменгі температураға оның жүмыртқа фазасы төзімдірек келеді. Зиянкес жоғары температураға да төзімсіз. Мысалы, 50°С температурада қоңыздар мен олардың личинкалары 40 минуттан кейін қырылып қалатыны байқалған.

Суринам ұн жемірінің қоңыздары мен личинкалары ұнды, ұннан жасалған азықтық тағамдарды, әр түрлі жармаларды, ұрпақты, кептірілген жемістерді қатты зақымдайды. Ал астық тұқымдас дақылдардың бітеу дәндері өте дымқыл болса немесе оларды басқа зиянкес (мысалы, қамба бізтұмсығы) кеміріп ұсақтаған жагдайда ғана зақымдайды.

Табиғатта суринам қоңызы жыртқыш болып саналады. Ағаш қабығының астын мекендейтін ұсақ насекомдарды (қабық жсгіштсрді т. б. ) жеп құртады.

Тері жемірі . Тері жемірлері тұқымдасына жататын қоңыз. Қазақстанның оңтүстік, батыс аймақтарындағы қоймаларда кездеседі. Бидай, арпа, сұлы, жүгері, күріш дәндерін, ұнды, сонымен қатар қоймалардағы терілерді, насекомдардың коллекцияларын зақымдайды.

Личинкалар алғашында астық дәнінің ұрық бөлігін жеп, одан әрі тереңдете үңгіп, эндоспермін зақымдайды. Олар зақымдаған ұнның түсі сұрғылт, дәмі нашар болады.

Тері жемірі личинка күйінде қыстап шығады да, көктемде сәуірдің аяғы мен мамырдың басында қуыршақтанады. Қоймаларда қоңыздардың жаппай үшуы мамырдың бас кезіндс байқалады. Ұрғашы қоңыздар қуыршақтан шыққаннан кейін 5-6 күн өтксн соң жұмыртқалауға кіріседі. Олардың әрқайсысының салатын жұмыртқаларының саны 90 дейін барады. Жұмыртқаларын олар керегенің, еденнің жарықтарына және басқа қалтарыс жерлергс орналастырады. Қоңыздар қоректенбейді. Жұмыртқасын түгел салып бітісімен өледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөрібұршақ және атбасбұршақтың халықтық - шаруашылық маңызы
Мал басына жазғы жайылым кезінде жем-шөп көлемін жоспарлау әдістері
Мал азықтық бақша дақылдары
Ауыспалы егіс
Мал азығын өндірудің алға қойған мақсаттары және агрономиялық негіздері
Ұн технологиясы
Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарының марфологиялық және биалогиялық ажырату белгілері
Дәнді дақылдарды стандарттау
Асбұршақтың тұқым шаруашылығы
Егістік ноғатық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz