Ұйымдасқан қылмыстылық және оның өзекті мәселелері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қорғалуға жіберілді кафедра меңгерушісі
«___» 20__ ж.
Димломдық жұмыс
Тақырыбы: Ұйымдасқан қылмыстылық және оның өзекті мәселелері
Жоспар
Кіріспе . . . 3
1-бөлім. Ұйымдасқан қылмыстылықтың түсінігі.
- “Ұйымдасқан қылмыстылық” ұғымының заң шығару және құқық қолдану тәжірибесіндегі пайда болуы және дамуы . . . 6
- “Мафия”, “көлеңкелі экономика”, “кәсіби қылмыстылық” және “сыбайлас жемқорлық” ұғымдарының мазмұны және ұйымдасқан қылмыстылықпен байланысы . . . 19
2-бөлім. Ұйымдасқан қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы.
2. 1. Республика аумағында ұйымдасқан қылмыстылықтың құрылымы, деңгейі және динамикасы . . . 23
2. 2 Ұйымдасқан қылмыстылықтың пайда болуына және дамуына түрткі болатын себептер мен жағдайлар . . . 34
2. 3 Сыбайлас жемқорлық - ұйымдасқан қылмыстылықтың дамуының бірден - бір факторы ретінде . . . 51
2. 4 Ұйымдасқан қылмыстылықтың алдын - алу шаралары . . . 53
3-бөлім. Ұйымдасқан қылмыстылықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы.
3. 1 Ұйымдасқан қылмыстылықтың белгілері айқындалатын қылмыс құрамдарының сипаттамасы . . . 61
3. 2. Ұйымдасқан қылмыстылықтың қылмыс құрамы ретіндегі объективті белгілері . . . 62
3. 3. Ұйымдасқан қылмыстылықтың қылмыс құрамы ретіндегі субъективті белгілері . . . 67
Қорытынды . . . 72
Пайдаланған әдебиет . . . 75
Қосымша . . . 80
Кіріспе
Біз қазір өте қиын заманды бастан кешіріп отырмыз. Барлық континенттердің, соның ішінде Кеңес дәуірінен кейінгі ТМД елдерінің құрамындағы көрші мемлекеттердің қоғамдық өмірінде болып жатқан жағымсыз процестер әлеуметтік дағдарысқа әкелді. Бұл процестерді екі құбылыс арқылы сипаттауға болады. Біріншісі, мемлекеттің экономикалық дағдарысқа душар болуы болса, екіншісі, қылмыстылықтың қауіп төндірерлік деңгейге жетуі болып табылады. БҰҰ-ның Қылмыстылықтың алдын алу жөніндегі Комитетінің Екінші сессиясында қылмыстылықтың бүкіл дүние жүзі бойынша жылдан жылға өсуі күрделі мәселе ретінде танылды. Комитет мүшелері қабылдаған құжатта: “Шыдамдылық шегінен шықты, адамдар қылмыстылықпен күресудің тиімді шараларын тауып, жүзеге асыруы тиіс немесе олар өздерін өзі сыйлаудан қалады”- делінген [1] .
Біздің мемлекетімізде қылмыстылықтың жағдайы қандай ? Бұл сұраққа жауап беру үшін ресми статистикалық мәліметтерге жүгінейік.
2006-2008 жылдарға арналған 10 мың адамға шаққанда тіркелген қылмыстардың жалпы саны және қылмыс деңгейі туралы статистикалық деректердің талдауы тіркелеген қылмыстар деңгейінің артуына беталысы туралы дәлелдейді. Мысалы: Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2006 жылы 10 мың адамға шаққанда қылмыстың деңгейі 1250 құрайды, 2007 жылы 10 мың адамға шаққанда қылмыстың деңгейі 1395 құрады, 2008 жылы 10 мың адамға шаққанда қылмыстың деңгейі 1456 құрады. Қазақстан Республикасы бойынша 10 мың адамға шаққанда ұйымдасқан қылмыс деңгейі статистикалық деректерді талдай отырып, Шығыс Қазақстан облысы 2006 жылмен 2008 жылдар аралығында Алматы және Ақтөбе облыстарынан кейін 3 орынды алады (1-сурет) .
Осы мәліметтерден Қазақстан Республикасында қылмыстылықтың шырқау шегі 90-шы жылдардың басына таман екендігі көрінеді. Бұл жалпы тіркелген қылмыстардың саны, ал латентті қылмыстарды ескеретін болсақ, онда жоғарыда көрсетілген мәліметтер айсбергтің су бетіндегі бөлігі ретінде көрінеді. Ал, айсбергтің үштен екі бөлігі су астында болып табылады. Сол сияқты қылмыстардың бір талай бөлігі де жасырын сипатта болып келеді. Жоғарыда көрсетілген қылмыс санынан біз топпен жасалған қылмыстарды анықтайық. Қазақстанда, 1996 жылы - 20518, 1997 жылы - 17066, ал 2007-2008 жылы-1998 қылмыс топпен жасалған болатын. Топпен жасалған қылмыстардың жалпы қылмыстылыққа қатысты пайыздық үлес салмағы бойынша көрсетуге болады: 1997 жылы -10, 5%, ал 2008 жылы бұл көрсеткіш 14, 5 % жетті.
Республикада жасалатын қылмыстардың үлкен бөлігі пайдакүнемдік және пайдакүнемдік мақсаттағы күш көрсету сипатындағы қылмыстар болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті түрі - парақорлық анықтау бойынша жұмыс белсенділендірілді, ол - 64, 59 % (327-ден 538-ге дейін), қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану - 42, 4% (363-тен 517-ге дейін), қызметтегі әрекетсіздік - 33, 3% (36-дан 48-ге дейін), сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету - 56, 8% (132-ден 207-ге дейін), билікті немесе лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану - 18, 3% (60-тан 71-ге дейін), қызметтік жалғандық - 4, 8% (578 -ден 606-ға дейін), билікті теріс пайдалану, билікті асыра пайдалану немесе оның әрекетсіздігі - 2, 3 есе (3-тен 7 дейін) өскен. Экономикалық қылмыстардың өсуіне біздің заңдарымыздың, құқық қолдану тәжірибеміздің “ақсауы” әсер етеді деуге болады. Және айта кететін мәселе, қылмыскер тұлғалардың ең жиі кездесетін жасы 18-40 жас аралығы болып табылады.
Ұйымдасқан қылмыстылықтың қарамағындағы пайда табудың көзі - есірткі бизнесі екендігі бәрімізге мәлім. Сондықтан да, Қазақстан Республикасында есірткі бизнесінің кең өріс алуы халықты алаңдатуда. Оған, біріншіден, Қазақстанның есірткі плантациясы Шу алқабы әсер етсе, екіншіден, Қазақстанның саяси, экономикалық, географиялық жағдайлары әсер етеді.
Қазақстан арқылы Ауғаныстаннан келетін есірткі шет елге шығарылуда. Осылайша, 2005 жылы есірткіге байланысты 9668 қылмыс тіркелсе, 2006 жылы ол 13258-ге жетеді. 2007-2008 жылдары есірткі сатумен айналысқан 529 қылмыскер жауапқа тартылып, 10 тоннаға жуық есірткі заты тәркіленді.
Қылмыстылықтағы мұндай өзгеріс сыбайлас жемқорлықтың өсуімен, талан-таражға салушы ұрылармен, қорқытып алушылармен, қарақшылармен арласуымен қабаттаса келеді. Ұйымдаса, топтаса отырып тұрақты қылмыскерлер пайда табу үшін қылмыстық ұйым құрады.
Ұйымдасқан қылмыстылықтың жоғарғы жасырындылығы оны ашумен қатар, оның түпкі мағынасын түсінуге, яғни онымен күресудің тиімді шараларын қабылдауға мүмкіндік бермейді.
Ұйымдасқан қылмыстылықтың жоғарғы жасырындылығына сот статистикалық мәліметтері дәлел. Сонымен, егер 2007-2008 жылдары Қазақстанда жалпы сотталушылардың ішінде топпен жасалған қылмыстардың жалпы үлесі 34, 4% және 27, 7% құраса, ұйымдасқан топ құрамымен 2, 1% және 1, 7% құрайды, ал қылмыстық ұйыммен 0, 1% және 0, 02% құрайды [2] .
В. В. Лунеев жоғарыда көрсетілген қылмыстық статистиканы пайдалану арқылы Ресей Федерациясындағы осындай көрсеткіштерге нақты түсінік берді. Оның пікірінше, ұйымдасқан қылмыстық топпен жасалған заң бұзушылық есепке алынады, егер ол қылмыстық іс ашылып және дәлелдемелердің жеткіліктілігі, яғни нақты осы қылмысты ұйымдасқан қылмыскерлер жасағандығы анық болса. Егер осы әрекеттер жасалып, бірақ дәлелденбесе онда есепке алынбайды. Мысалы: 2006 жылы 10 терроризм оқиғасы болса, соның ішінде осы аталған жылы 10 ғана тіркелген. Аталған әрекеттер ұйымдасқан қылмыстық топпен және қылмыстық ұйыммен жүзеге асырылған. Бірақ бірде-бір тергеу әрекеттері аяқталмаған, себебі белгілі бір террористік акт ұйымдасқан топпен (ұйыммен) жасалғандығы туралы дәлелдемелер жоқ, сондықтан біз ұйымдасқан топпен жасалған террористік актілер туралы ақпараттарға ие емеспіз [3] .
Біздің көзқарасымызға сәйкес ұйымдасқан қылмыстылықты жоғарғы жасырынды қылмыс түріне жатқызу оның түп-тамырындағы қатынастарын зерттеуге жол ашады. Көптеген ұйымдасқан қылмыстылықпен күрес мәселелеріне байланысты басылымдарға қарамастан, осы құбылысты зерттеу нәтижесі жауаптан гөрі көптеген сұрақтар туғызуда.
Мемлекетке қауіпсіздік туғызуыдағы ең басты себебі ұйымдасқан қылмыстылықтың жоғарғы жасырындылығы құқық қорғау жүйесінің және жалпы қоғамның осы құбылысқа қарсы тұруы болып отыр. Осы құбылыс өзінің жоғары деңгейлі жасырындылығына байланысты қоғамның барлық салалары және мемлекетке үлкен қауіп төндіруде. Мамандардың пікірінше, халықаралық деңгейдегі ұйымдасқан қылмыстылықтың 300 млрд. доллар көлеміндегі қаржы-қаражаттары әртүрлі фирмалар мен кәсіпкерліктің жылжымайтын мүлкіне, сонымен қатар банктік шоттарына салынған. Осы қаржылар есірткі, қару-жарақ және рэкеттік жолмен табылғандар. Сонымен қатар, олардың жылдық табысының көлемі 120 млрд. долларды құрайды. Қосымша, бейресми мәліметтерге сәйкес ұйымдасқан қылмыстылықтың ауқымы бұдан да кең көлемде әрекет етуде [4] .
Сонымен, Н. Ф. Кузнецованың анықтауынша, шетелдік сарапшылардың мәліметтеріне сәйкес: ақша-қаражаттарды заңдастыру, есірткі сатудан түскен, салық төлеуден жалтарған, саяси лауазымын сату дүние жүзлік экономиканың бір бөлімін құрайды, яғни мұнай сатудан түсетін табыспен (дүние жүзінде осылайша жылына 1000 млрд. долларға жуық ақша-қаражаттар заңдастыруда) бірдей болып тұр [5] .
Ұйымдасқан қылмыстылықтың жетілген тенденцияларының көріністеріне сәйкес, оның қоғамға төндіретін қауіптілік деңгейі жоғарылауда, сонымен қатар жоғарғы жасырындылық деңгейін пайдалану арқылы қоғамның барлық саласына енуде, яғни мемлекет тарапынан ешқандай құқықтық және ұйымдасқан шаралардың жоқ жерлерінде көрініс табады.
А. И. Долгованың көрсеткіштеріне байланысты, қарапайым қылмыс қоғам, тап, оның мүддесіне қарсы болса, ұйымдасқан қылмыстылық мемлекет және қоғам институтына сүйене отырып, өз мүддесін жүзеге асыру үшін оларды пайдаланады [6] .
Ұйымдасқан қылмыстылықтың жоғары деңгейлі жасырындылығы бірнеше мақсаттарды көздейді:
- зерттеу сипатына байланысты. Ұйымдасқан қылмыстылықтың жоғары деңгейлі жасырынды қылмыстардың бір түрі екендігін біле тұра, оларды зерттеу әдісін, яғни қарапайым қылмысты зерттеу әдісінен бөліп зерттеу қажет. Себебі тәжірибеде осы қылмыстылықты арнайы қаруланбаған көзбен байқау өте қиын;
- ұйымдасқан қылмыстылықты жоғарыда аталған негіз бойынша зерттеу ғалымдардың, сонымен қатар тәжірибедегі қызметкерлердің бұл құбылысқа деген психологиялық көзқарасының өзгеріске ұшырауына әсер етеді. Мұның маңыздылығы - қылмыстылықты анықтау, сараптау және нәтижелі шараларды қабылдауға әсер етуінен байқалады;
- қылмыстылықты зерттеуде және онымен күресу шараларын қалыптастыруда нақты мәліметтерді негізге алу. Ол ресми тіркелген статистикалық мәліметтер, мамандардың ой-пікірлері және криминологиялық зерттеулердің нәтижелері болу мүмкін.
Біздің көзқарасымыз бойынша, ұйымдасқан қылмыстылықты жоғары деңгейлі жасырынды қылмыстардың бір түрі ретінде қарастыру оның түпкі мәселелерін анықтап, шешуге және құқық қорғау органдарының осы аталған мәселелермен күресінің нәтижесін тиімді түрде арттыруға әсерін тигізеді.
1-бөлім. Ұйымдасқан қылмыстылықтың түсінігі.
1. 1. “Ұйымдасқан қылмыстылық” ұғымының заң шығару және құқық қорғау тәжірибесіндегі пайда болуы және дамуы.
Қылмыстылық - әрбір қоғам өмірінің қарама - қайшылықтары салдарынан пайда болатын құбылыс болып табылады.
Әрбір қоғам өзінің даму кезеңіне байланысты, әлеуметтік құрылысы мен әлеуметтік - экономикалық процестеріне байланысты өзіне тән, тиісті қылмыстылық деңгейіне ие [7] .
Қылмыстылық феномені әлеуметтік - экономикалық және саяси тұрғыдан дағдарысқа түскен кедей мемлекеттерге ғана емес, айтарлықтай экономикалық және саяси тұрақтылыққа жеткен мемлекеттерге де тән болып келеді.
Әрбір мемлекеттің қылмыстылығының өзіне тән құрылымына, динамикасына, ерекше белгілеріне қарамастан қылмыстылықтың сапалық өзгерістері барлық мемлекеттерге тән қасиет болып табылады. Бұл, бірінші кезекте, қылмыстық қызметтің көлеміне, ұйымдастырылуына, қылмыстық бизнестің заңдастырылуына және т. б. байланысты, жалпы айтатын болсақ, қазіргі өмірдің әлеуметтік құбылысы - ұйымдасқан қылмыстылықтың деңгейінің күрт өсуіне және кең өріс алуына байланысты болып келеді.
XX ғасырдың 80-90 жылдары барлық дерлік капиталистік мемлекеттерде ұйымдасқан қылмыстылықтың деңгейінің күрт өсуі байқалады. Жалпы қылмыстармен қатар қымбат автокөліктерді ұрлап сату, қару-жарақ, жарылғыш заттар, есірткі сату, жалған ақша жасау, ірі мөлшердегі қаржылық қылмыстары, сонымен қатар, қымбат қол-өнер туындыларын ұрлап сату қылмыстары қауіп төндірерлік көлемге жетеді [8] .
Осы қылмыстардың негізгі ұйымдастырушылары жан-жақты, тіпті халықаралық байланыстары бар, жасырын сипатта болып келетін және аса ірі мөлшердегі қаржылық бизнесі бар жасырын индикаттор болып табылады. Мұндай қылмыстылық саяси мақсаттарға жету мақсатында “жоғары ” жақтан қолдау табады.
Біздің мемлекетте ұйымдасқан қылмыстылық − ғылыми зерттеу объектісі ретінде салыстырмалы түрде жас болып табылатындықтан (алғаш рет бұл мәселені И. В. Карпец 1984 жылы Мәскеуде өткен социалисттік мемлекеттер криминологтарының алтыншы ғылыми Конференциясында көтерген болатын), бұл құбылыспен күресу тәжірибесі мол деп айту қате болар еді. Сондықтан да, басқа мемлекеттердің заңгерлерінің осы мәселе төңірегіндегі зерттеулеріне көңіл бөлген дұрыс болар еді. Бұл біздің ұйымдасқан қылмыстылық ұғымын дұрыс ашуымызға, бұл құбылысқа қолданылатын тиімді шараларды табуымызға көп көмегін тигізетіні анық. Бірақ, көптеген авторлардың пікірінше және біз де оған қосыламыз, ұйымдасқан қылмыстылықтың ұғымын, оның заңи бекітілуін, оған қарсы қолданылатын шараларды механикалық түрде көшіріп алу үлкен жетістіктерге әкеле қоймайтыны анық. Міндетті түрде мемлекетіміздің өзіне тән ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Біздің мемлекетте ұйымдасқан қылмыстылықпен тиімді күресу үшін басқа мемлекеттер заңгер-ғалымдардың жүргізген зерттеулерінің негізгі бағыттарын басшылыққа алу керек. Осы арқылы мемлекетіміздің өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, бұл құбылыспен күресудің негізгі бағыттарын, сратегиясын, әдіс-тәсілдерін анықтау қажет.
Ұйымдасқан қылмыстылық ұғымы Италия, Жапония және АҚШ- да кеңінен ашылған. Себебі, бұл құбылыс осы мемлекеттерде кеңірек өріс алған.
Италияда ұйымдасқан қылмыстылық терең әлеуметтік-экономикалық және саяси тамырларға ие құбылыс болып табылады. Зерттеулерге сүйенсек, ондағы ұйымдасқан қылмыстылықтың (мафия) пайда болуы XIX ғасырдың басына қарай өмір сүрген кедей, әлеуметтік- экономикалық жағдайы нашар сицилиялық шаруалармен тығыз байланысты. Сицилиялық мафияның нақты пайда болу мерзімі жөнінде ортақ пікір жоқ: кей ғалымдардың пікірінше мафия 1882 жылы болған көтеріліске байланысты пайда болды. Мафия пайда болған кезде қазіргі заманға тән қасиеттерге ие болған жоқ. . Алғашында ол бай жер иеленушілерге қарсы күрестің қарулы топ сипатында болып келген. Кейін келе ол ірі латифундисттер жалдайтын “күзет” ретінде өмір сүрді.
XX ғасырдың 20 жылдарына олар заңды сипатта болып келеді де, құрылымның басшылығы “жанұя” (“семья”) болып табылды.
“Жанұя” бүкіл Италияға таралып, әр жерде әр түрлі атала бастайды - Неапольде “каморра”, Калабрияда “дрангетта”, Миланда “мала” . 1
“Мафия” термині біртіндеп жақсы ұйымдастырылған, әлеуметтік және саяси өмірде беделі бар барлық жасырын қылмыстық топтарға берілетін болды. 2
Италиядағы қазіргі мафияның жағдайын нақтырақ көрсеткен криминолог, жазушы Ф. Камон былай деп жазды: ”Мафия - мемлекетпен тығыз байланысқандығы соншалық, бір ыдыстағы екі бұлақтың суы сияқты. Қазір мафияның қай жерде аяқталып, қай жерде мемлекет басталатындығын ешкім білмейді. Мафия “мемлекет жауы” ретінде өмір сүрмейді, керісінше мемлекет ретінде қызмет етеді: ол мемлекет сияқты банкілік қызметпен, құрылыспен, саудамен, акциялармен, делдалдық қызметпен айналысады. Мафия мен мемлекеттің бір-біріне жақындығы соншалықты, қазір мемлекет мафияны құрту үшін өзінің бір мүшесін кесіп тастау керек” [9] .
Ал, енді Италияда ұйымдасқан қылмыстылыққа қандай анықтама бергеніне көңіл аударайық .
Б. Ломбарда, криминолог-ғалым мынадай анықтама береді: “Ұйымдасқан қылмыстылық - бұл бірге қылмыс жасайтын адамдар тобы ғана емес. Ұйымдастырушылық белгілері бес белгінің болуын қажет етеді:
- ақпарат жинау және өз мүшелері арасында тарату;
- құқық қорғау институттарының қызметіне кедергі жасау;
- негізгі әлеуметтік-экономикалық қызметтерді қолдану;
- ішкі құрылымның болуы;
- әрекеттерінің сырттай заңды сипатта болуы”[10] .
АҚШ- ғы ұйымдасқан қылмыстылық құрылымы, ерекшеліктері жағынан Италия мафиясымен ұқсас болып келеді. Айырмашылығы тек АҚШ- тағы ұйымдасқан қылмыстылықтың пайда болу уақыты мен себептерінде.
XX ғасырдың 20 жылдарында Италиядан қоныс аударушылар АҚШ-да мафия құрып, оны “Коза Ностра” (“Біздің іс”) деп атайды.
Американың заң шығарушылық және құқық қолдану тәжірибесінде ұйымдасқан қылмыстылық ұғымы кеңінен ашылып қарастырылады. АҚШ-да 1968 жылы қабылданған “Көшедегі қылмыспен күресу және қауіпсіздікті қадағалау туралы” заңында ұйымдасқан қылмыстылық ретінде - заңмен тиым салынған қызмет көрсетумен, соның ішінде, қорқытып алушылықпен, жезөкшелікпен, есірткі сатумен, заңсыз қару сатумен және т. б. заңсыз қызметпен айналысатын, жоғары деңгейде ұйымдастырылған ассоциация мүшелерінің заңсыз әрекеттері танылады.
А. Блок және У. Чамликс деген американдық заңгер - ғалымдары өздерінің “Ұйымдасқан қылмыстылық” атты шығармасында (Нью Иорк, 1981г. ) ұйымдасқан қылмыстылықтың түсінігін төмендегідей көрсетеді: ” . . . “ұйымдасқан қылмыстылық” терминін рэкетпен есірткі тарату, жезөкшелік және т. б. заңсыз әрекеттердің ұйымдастырылуымен байланысты заңсыз белсенді әрекетке қатысты қарастыру керек” [11] .
АҚШ-ң қылмыстық заңдылығына сәйкес ұйымдасқан қылмыстылық ретінде мафия ғана танылмайды, оған жалпы, пайда табу мақсатымен құрылатын қылмыскерлердің тұрақты тобы жатқызылады.
Сонымен қатар, соңғы жылдары кішігірім, бірақ тұрақты, қылмыстық бизнеске “лайық” қылмыстық топтардың көбеюі байқалады.
Осыған байланысты, біздің пікірімізше, Р. Колдуэлл ұйымдасқан қылмыстылықтың түсінігін дұрыс көрсеткендей. Ол ұйымдасқан қылмыстылықтың сегіз негізгі белгілерін анықтады:
- Қылмыспен кәсіп ретінде салыстырмалы ұзақ уақыт айналысу мақсатында қылмыстық топ құру;
- Билік бір немесе бірнеше адамдардың қолында шоғырланады;
- Ұйым мұқтаждарын қанағаттандыру үшін көлемді ақша қорының болуы;
- Топтың белгілі бір қылмыстарды жасауға “мамандануы” және ішкі құрылымында қызметтердің бөлінуі, өзіндік еңбек бөлінісінің болуы;
- Экспансиялық және монополисттік тенденцияның болуы;
- Мемлекеттік органдар шенеуліктерімен сыбайлас жемқорлық сипаттағы байланыстың болуы;
- Өз ішінде қатал тәртіптің және жүріс-тұрыс ережелерінің болуы;
- Қылмыстардағы тәуекелді азайту мақсатында нақты жоспарлауды жүзеге асыру [12] ;
Ұйымдасқан қылмыстылық нарықтағы бәсекелестерін ығыстыру мақсатында, әдетте, экономикалық механизмдерді көбірек қолданады. Ал саяси билік болса, белгілі бір мақсатқа жетудің құралына айналады [13] .
Жапониядаға ұйымдасқан қылмыстылық (якудза) басқа мемлекеттердегілерге тән барлық негізгі белгілерге ие. Қылмыстық топтар олардың мүшелерінің арасындағы қарым- қатынастарды анықтайтын рөлдерді, қызметтерді және т. б. орнататын иерархиялық тәртіптің болуымен сипатталады. Жапониядағы қылмыстық топтардың шет ел ұйымдасқан қылмыстылығынан айырмашылығы, қызмет ету үшін территориялық дау қоймайды; ұйымдасуында туыстық немесе “жанұялық” байланыстарды басшылыққа алмайды және ішкі құрылымы құпия емес. Жапондық заңгер - ғалымдар ұйымдасқан қылмыстылықтың ұғымына қатысты ортақ пікірге келмеген. Олардың пікірінше, ұйымдасқан қылмыстылық ұғымының мазмұнын бір түсінікпен, анықтамамен ашып көрсетуге мүмкін емес.
Атақты Жапон криминологы С. Якуминава ұйымдасқан қылмыстылықтың түсінігін анықтау мәселесіне көңіл аудара келе, оны анықтау үшін бірлесе қылмыс жасау сияқты белгілер жеткіліксіз деп көрсетеді. Ұйымдасқан қылмыстылықтың негізгі белгісі ретінде Якуминава “қандай да бір қылмыстық қызмет нәтижесінде қалыптасқан ұйымды” таниды.
Енді Жапонияның ресми органдарының ұйымдасқан қылмыстылыққа берген анықтамаларын қарастырайық .
Жапонияның Әділет министрлігі “Ұйымдасқан қылмыстылық дегеніміз- құқыққа қайшы әрекеттерді жүзеге асыратын немесе жүзеге асыру қаупі бар ұйым немесе топ”, - деп көрсетеді. 3
Жапон полициясы болса сәл өзгеше анықтама береді: ”Ұйымдасқан қылмыстылық дегеніміз- өзінің ұйым немесе құрылым күшімен ұдайы құқыққа қайшы әрекеттерді жүзеге асыратын кәсіпкерлік топ”4
Бұрынғы КСРО мен шет мемлекеттерінің ұйымдасқан қылмыстылығының сыртқы пішіні ұқсас болып келгенімен, әр мемлекеттердің экономикалық, саяси-құқықтық, әлеуметтік жағдайларына байланысты ерекшеленеді. Айырмашылықтарын дұрыс көрсету үшін ТМД елдеріндегі ұйымдасқан қылмыстылқтың негізгі белгілерін жүйелеп, оған дұрыс анықтама беру керек.
Қылмыстылық - әлеуметтік құбылыс ретінде дамудың жалпы заңдылықтарына ие. Олар қоғамдық құрылысқа тәуелсіз болып келеді. Тек әр мемлекеттегі ұйымдасқан қылмыстылық мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық және т. б. салаларына байланысты ерекшеленеді. Сондықтан да, “отандық” ұйымдасқан қылмыстылықты зерттеу үшін шет ел ғалымдарының еңбегіне сүйену дұрыс болар еді.
“Ұйымдасқан қылмыстылық” мәселесі жөніндегі маман-ғалымдардың арасында бұл құбылыстың анықтамасы мен белгілеріне қатысты елеулі тиіспеушілік болғанымен, олардың барлығы - ұйымдасқан қылмыстылықтың халықаралық сипаттағы құбылыс болып табылатындығын мойындайды.
Жоғарыда көрсетілген шет ел ғалымдарының зерттеулеріне негізделе отырып ұйымдасқан қылмыстылықтың жалпы белгілерін анықтайық :
- Қылмыстық қызмет тұрақты сипатта болып табылады;
- Қызметтері қылмыстық кәсіпкерлік сипатта болып келеді және жалпы қылмыстық әрекеттерден айырмашылығы белгілі бір қызметтер мен тауарлар ұсынуы тән;
- Қылмыстық кәсіпкерлік көп мөлшерде заңсыз табыс бере алатын әлеуметтік - экономикалық салаларды қамтиды;
- Негізгі мақсаты - ірі мөлшерде табыс алу, бірқатар әлеуметтік салаларға бақылау орнату арқылы, нарықтың белгілі бір көлемін монополизациялау арқылы, мемлекеттік органдармен коррупциялық байланыс орнату арқылы жүзеге асырылады;
- Заңды бизнеске қылмыстық жолмен алынған қаржыларын заңдастыру, “тазарту” мақсатында араласады;
- Ұйымдасқан қылмыстық топтың тұрақтылығы қатал ішкі тәртіппен қамтамасыз етіледі;
- Ерекше қылмыстық “құрылым” ретінде қызмет етеді және өз ішінде иерархиялық сатылармен сипатталады.
“Ұйымдасқан қылмыстылық” ұғымының анықтамасын дұрыс беру үшін осы мәселені зерттеген ғалымдардың берген негізгі зерттеу бағыттарын қарастырайық . Бұл бағыттарды былайша тізбелеуге болады:
а) ұйымдасқан қылмыстылықты - ұйымдасқан топ, мүшелері жасаған қылмыстардың жиынтығы ретінде тану;
ә) ұйымдасқан қылмыстылықты - құрылымы, бағыты, қылмыстық әрекеттің нысаны және сыртқы байланыстарының сипаты бойынша ерекшеленетін әр тектік және әр түрлі деңгейлік құрылымдардың жиынтығы ретінде тану;
б) ұйымдасқан қылмыстылықтың - заңсыз табыс алу мақсатында пайда болатын әлеуметтік құбылыс, әлеуметтік байланыс пен қарым - қатынастардың жүйесі ретінде қарастыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz