Қазақ халқының мәдениеті


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ халқының мәдениеті

Өткен тарихымызды қайта қарап, оның терең қойнауын ақтарып, ежелгі дүниені танып білу - аса маңызды мәселе. Халық тағдырын баян етер тарих пен оның мәдениетін оқып үйрену әр адамды отансүйгіштікке, өз елінің азаматы болуға баулиды. Міне, осындай игі істерді атқаруға Елбасының ұйытқы болуымен жүргізіліп отырған «Мәдени мұра» бағдарламасы мұрындық болды. Осы бағдарлама аясында оқырмандарға арналған ғылыми және ғылыми көпшілік басылымдар арқылы бірнеше кітаптар мен кітапшалар жарық көрді. Осы еңбектердің алдыңғы қатарында белгілі ғалым, археолог, академик К. Байпақовтың «Қазақстанның ежелгі қалалары» атты кітабы тұр.

Бұл кітаптың беттерінде ежелгі және орта ғасырлық Қазақстан қалалары туралы тұңғыш рет жан-жақты толық мағлұматтар берілген. Қазақстан қалалары Жер Орта теңізінен Қытайға дейінгі Еуразияны көктей өтіп жатқан керуен жолдардың тоқсан торабы - Ұлы Жібек жолында орналасқан. Осы жол арқылы Шығыс пен Батыс қола дәуірінен бастап ХVІІ ғасырға дейін бір-бірімен сауда, мәдени және саяси байланыста болды. Қазақ жеріндегі қалаларда Үндістанның інжу маржандары мен тәтті тағамдары, Қытайдың сусылдаған жібек маталары, Афрасиабтың қыш бұйымдары, Иранның күміс заттары сатылып жатты.

Оқырман кітап беттерінен соңғы кездегі археологиялық зерттеулердің нәтижесі мен археолог ғалымдардың ерен еңбектерімен таныса алады. Орта ғасырлық тарихшылар мен жиһангездердің сол кездегі халықтардың этникалық тарихы туралы құнды мағлұматтар берілген. Өте бай сурет кескіндерімен көркемделген кітап беттерінен қазақтың кең байтақ даласында сан алуан мәдениет ошақтарының болғанын көреміз. Қазақстанның отырықшы қала халқы мен көшпелі тайпалары көрші елдермен және алыс жұрттармен қарым-қатынас жасауы арқасында адамзаттың ежелгі өркениетінің алмас тасындай жарқыраған далалық мәдениетті өмірге алып келді. Орта ғасырларда Қазақстанда жүздеген қалалар өмір сүрген. Олардың тамаша архитектуралық үйлесімдіктері, сарайлары, мешіттері, мавзолейлері, медреселері, ұстаханалары, шеберханалары кімді болмасын таңғалдырмай қоймаған.

Қазақстан археологиясындағы жарқын оқиғалардың бірі - жазба деректерде көрсетілген орта ғасырлық қалалық мәдениет пен қалалардың табылуы болды. Автор «Қазақстан - тек көшпенділер Отаны» деп айтылып келген жаңсақ пікірлерді жоққа шығарып, қазақ жерін далалық өркениеттің төл бесігі болғандығын дәлелдеп берді. Ол өркениет диһан мен малшы, қала мен дала мәдениеттерін бойына сіңірді.

Қазақстан археологтары мен тарихшылары дамыған орта ғасырларды (ІX-XІІ ғасырлар) қалалық мәдениеттің дамуының шырқау шегіне жеткендігін дәлелдеді. Сол кезде қоғамның, қолөнердің, ғылымның, өнердің, архитектураның шыңына жеткендігін көрсетеді. Қазақстанның қалалары саяси әкімшілік қызметін атқарып қана қоймай, қолөнердің сауда мен ауыл шаруашылығы тауарларының шоғырланған орны болды. Орта ғасырлық қалалар халқының этникалық құрамы негізінен, түркі тайпаларынан тұрды.

Кеңес дәуірінде «монғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан жерінде отырықшы мәдениет тоқтап қалды» деген пікір қалыптасқан болатын. Автор соңғы 15 жылда Қазақстан археологтары Сарайшық, Жайық, Сауран, Бұзық және Орталық пен Шығыс Қазақстанда кейінгі орта ғасырларға (XІІІ-XVІІ ғасырлар) жататын бірнеше қалаларға зерттеулер жүргізіп жатқанын баяндап отыр.

Археология тәрізді ғажап ғылым мен ғалымдар еңбегінің арқасында ұлы Жібек Жолындағы орналасқан Қазақстандық Отрар, Сауран, Испиджаб, Тараз, Талхир, Суяб, Баласағұн, Қойлық, Құлан, Жайық, Сарайшық қалаларының тарихы мен мәдениеті туралы қызықты мағлұматтар алып келеміз.

Дін және мәдениеттің арақатынасы жөнінде қыруар пікірлер айтылуда. Соңғы кездері діни экспансия алаңына айналған елімізде «дініміз өзгерсе өзгерсін, мәдениетіміз өзгермесін» (Дулат Исабеков, ҚӘ, №14, 18. 04. 2003ж. ) дейтіндей ора шолақ пікірлер де айтылуда. Осы мәселеге байланысты ғылыми қорытынды жасау үшін алдымен қоғам өмірінің ең маңызды ұстыны саналатын дін мен мәдениеттің арақатынасын анықтайық. Бүгінгі мәдениеттану, антропология және социология саласының теоретиктері дінді мәдениеттің ең маңызды құрамдас бөлігі деп санайды (мысалға Эдвард Бурнетт Тайлор, Леслие Уайт, Радклифф Броун, Рут Бенедикт, Франц Боаз, Бронислав Малиновский, Уиллиам Хавиланд қатарлы ғалымдардың еңбектерін айтуға болады) . Дінсіз қоғам болмайтындықтан, дінсіз мәдениет те болмайды. Дін әлеуметтік құбылыс, қоғамды қалыптастыратын ұйытқы ретінде адамзат өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кейбір идеологиялар мен саяси ағымдар діннің осы рөлін пайдаланғысы келеді. Бүгінгі күні дүниежүзінде орын алып жатқан саяси, әлеуметтік, мәдени һәм экономикалық уақиғалардың негізінде діни факторлардың бар екенін айту жаңсақтық болмас. Әсілі, дін осы салаларға бағыт-бағдар беретін күштің бірі, тіпті ең бастысы. Қоғамдық құрылымның анатомиясында діннің алатын орны ерекше. Қоғамдарды басқа қоғамдардан ажырататын ең негізгі қасиеттің бірі осы діннің өзі болып табылады.
Заманауи әлеуметтану ғылымдары қатарынан социология, психология, антропология, мәдениеттану, философия, саясаттану, өнертану дінді зерттеумен шұғылданады. Бұлар дінге әлеуметтік феномен, қоғамдық уақиға және қоғамға пішін беретін құдірет ретінде қарайды. Тіпті, халық арасында кең таралған хұрафи сенімдер мен ырым-секемдердің қаншалықты әсерлі екені баршаға белгілі. Діннің мәдениетті қалыптастырушы басты күш екеніне дау жоқ. Әсіресе, бүгінгі өтпелі кезеңде азаматтардың өзін-өзі танып-білуі, ортақ ұлттық мұраны қалыптастыруы және ХХІ ғасырдағы халқымыздың өсіп-өркендеуінің басты құралы - дініміз.
Маркс еңбектерінде идеология мәселесіне өзін жетектеген күштің дін болғанын жазған. Мұндай жағдайды Фейербахтың еңбектерінен де табуға болады. Мысалы, Фейербахтың ой жүйесі сезім арқылы білінетін нәрселердің ғана бар екендігіне негізделуші еді. Сол себепті Тәңірдің барлығын растайтын нақтылы дәлел болмайынша Оның барлығын дәлелдеуге болмайды деген философ. Сондықтан да Фейербах дін әкелген дәлелдерді ғылыми айғақтарға жатқызбай, жай қараңғы сенім қатарына жатқызған. Сөйтіп, ол Маркс пен Энгелске қатты ықпал жасаған. Міне, Фейербах философиясының әсеріне шалдыққан адамдар бізде де жеткілікті. Маркстің дінді «халықтың апиынына» теңеуі және Гегелдің «құқық философиясына сын» атты мақаласы осы сарында жазылғаны белгілі. Маркстің пікірінше дін адамды белгілі қағидалардың құлына айналдырады, діннен ада болған адам осы алданыштан да азат болады. Мұнымен, Маркс дін мен идеологияның арақатынасын мойындайды.
Әлеуметтану ғылымдары ішінде ең көп дау-дамай туғызғандардың бірі мәдениеттану болып табылады. Мәдениет дегенде кейбіреулердің есіне тек Пикассо, Моцарт, Чайковский түседі. Ал, мәдениет ұғымы шынында өте кең ауқымды қамтиды. Әр қоғамның қоғамдық қасиеттерінің материалдық және рухани тамырлары бар. Мәдениет дегеніміз осы дүниауи және рухани қатынастардың ғасырлар бойы етене араласуы нәтижесінде қалыптасатын нәрсе. Сондықтан, заман өзгеріп мәдениеттің кейбір тұстары өзгеріске ұшырағанымен, қоғам өзінің мәдениетін сақтап қалуға тырысады.
Ислам дінінің көшпелі және руларға бөлінген араб қоғамында пайда болғаны белгілі. Дегенмен, Ислам діні негізінен отырықшылықты, қалалық мәдениетті уағыздайды. Қазақ халқының тарихына қарайтын болсақ, ірілі-ұсақты рулар мен тайпалардың басын қосқан күш осы Ислам діні болған. Ислам діні қауымдастығына қосылмаған түркі тайпалары болса мүлдем басқа мәдениет тобына қосылып, мүлдем басқа қоғамдарға айналған. Бұған мысал ретінде бұлғарларды, мажарларды, чуваштарды т. т. айтуға болады. Америкада зорлықпен шоқындырылған қараларды, африкадағы халықтарды, Оңтүстік Америкадағы қызылтерілілерді осы санатқа жатқызуға болады. Демек, әр халықтың мәдени ортасын анықтайтын басты фактор дін екені анық. Біздің мұсылман халқымыздың басты қасиеттерінен меймандостық, ағайынмен тату болу, ораза айт пен құрбан айт кезінде кешірімдесу, араағайыншылық, қайырымдылық Ислам дінінің мұсылман үмметіне уағыздаған қасиеттері.
Әлеуметтік тұрғыдан алғанда Ислам діні:
1) Қоғамға бағыт-бағдар береді,
2) Қоғамды біріктіреді,
3) Идеологиялық және мәдени ұғымдарды күллі қоғамға телиді,
4) Жеке тұлғаның және қоғамның мүдделерін қорғайды,
5) Этникалық негізден гөрі адами, рухани құндылықтарға мән береді.
Діннің мәдениеттің құрамдас бөлігі екені туралы тәжірибелік (эмпирикалық) дәлелдер:
1) Діннің жеке тұлға және қоғам өмірінде нақты функциялары бар.
2) Дін әр адамға сол адам бағынышты болуға міндетті құдіреттің алдында жеке басының сенімділігі сезімін береді.
3) Дін адамға өзінің төңірегіндегі әлемді түсіну тұрғысынан өзіндік жүйе ұсынады.
4) Дін қоғам қатынастарының қалыптасуында басты міндет атқарады.
Мәдениеттің күштілігі соншалық, мәдениеттер арасындағы қақтығыста жеңіске жеткен мәдениеттің өзі жеңіліске ұшыраған мәдениеттің белгілі элементтерін сіңіріп алуға мәжбүр болады. Мұның нәтижесінде аралас мәдениеттер пайда болады. Ислам діні мәдениеттердің арасындағы парықтарды қабылдаған дін. Нәсілдер мен тілдердің, тіпті діндердің әртүрлілігін Ислам діні таниды. Құранда адамдардың тайпаларға, түстерге бөлінгендігі, әркімнің діні өзіне екені туралы айтылған және Құран мұны Жаратушының шешімі ретінде көрсеткен. Қоғамдар арасындағы парықтар адамдардың бірін-бірі танып-білуі және қарым-қатынас орнатуы жағынан жағымды рөл атқаруы да мүмкін. Бұл біздің қолымыздағы нәрсе. Сондықтан, Ислам дініндегі толеранттылықты шынайы толеранттылық деп қабылдаған жөн. Тарихқа қарағанымызда сан жағынан аз мұсылмандардың үлкен мемлекеттерді басқарғанын көреміз. Яғни, мұсылмандар басқа дін өкілдерін де қорғаумен шұғылданған. Мұсылмандар негізінен бір мемлекеттің туының астында біріккен басқа тілдегі және діндегі халықтарға, олардың мәдениетіне хошкөрушілікпен қараған.
Адамзаттың тарихында дінсіз мәдениет болмаған. Алғашқы қоғамдық құрылымнан бері қарайғы уақытта пайда болған мәдениеттердің барлығы да діни сенім негізінде қалыптасқан. Ал, сенім жүйесі ең жоғары деңгейдегі имани, фәлсәфи негіздерді қамтитын Ислам діні осы дінге қосылған халықтардың мәдениетіне орасан зор ықпал жасаған, түбегейлі өзіндік қалыпқа салған.
Дін адамдардың іс-әрекеттеріне бірінші дәрежеде ықпал жасайтын құдірет. Солай бола тұрғанмен дін мәдениеттің негізгі салаларымен шұғылданады да егжей-тегжейде адамға таңдау еркін береді. Мәселен, дін адамдардың киінуі мәселесінде негізгі қағидаларды белгілейді, бірақ дәл қандай киім үлгісін киюге араласпайды. Ислам діні адамдардың халал тағамдарды жеуін сұрайды, бірақ тамақты дайындау және қабылдау салтына араласпайды. Мәселен, қытайдағы мұсылмандар ағаш таяқшамен, еуропадағы мұсылмандар қасықпен, араб елдеріндегі мұсылмандар қолымен тамақ іше алады. Негізгі мәселе, халал, яғни рұқсат етілген таза тағамдарды жеу.
Кейбір әдебиеттерде, мәселен Жоржи Зейданның «Ислам мәдениеті тарихы» атты еңбегінде мәдениет былайша сипатталған: «Мәдениет дегеніміз бір қоғамды, жамиғатты, ұлтты ұлт жасайтын, оны өзге ұлттардан ажырататын өмірлік көріністердің топтамасы. Осы өмірдің

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті (Тарих. Теория. Практика)
Қазақ мәдениетінің рухани байлығы
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
ХҮ- ХҮІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ
Қазақ халқының ұлттық рухани мәдениетінің бастаулары
Этнография -этнология ғылымының дамуы
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы отандық ғалымдар еңбектерінің аннотациясы
Мәдениет ұғымы
Қазақ мәдениетінің рухани және материалдық құндылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz