Жастар әлеуметтануының даму тарихы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жастар әлеуметтануының даму тарихы

Жастар әлеуметтануының қазіргі жастарымыздың жеке тұлға ретінде қалыртасуы үшін оларға нарықтық экономикаға тән жаңа құндылықтарды меңгерту, сондай-ақ, олакрдың жан-жақты кемелденіп жетілуінде мектеп пен отбасының, әлеуметтік ортаның ықпалы сияқты объективті және субъективті факторлардың маңызы зор. Социология ғылымында бұл факторларды әлеуметтендіру үрдісі деп атайды. Зерттеушілердің пікірінше, адамның әлеуметтенуі белсенді түрде өтетін процесс болғанымен, ол бүкіл өмір бойына созылмайды. Ол шамамен орта есеппен алғанда 25-30 жасқа дейінгі аралық. Ал ересек, яғни, толық әлеуметтеніп үлгерген адамдардың бір әлеуметтік ақуалдан екіншісіне ауысыуна байланысты жаңа рухани құндылықтар мен мінез-құлық нормаларын меңгеруіне келсек, мұны әлеуметтену процесі емес, өмірге бейімделу процесі деп белгіліген дұрыс сияқты. Баланы әлеуметтендіру процесін, әдетте 3 кезеңге бөліп қарастырады:

Бастапқы әлеуметтену немесе баланың әлеуметтенуі.

Аралық әлеуметтену немесе жасөспірімнің әлеуметтенуі.

Орнықты немесе біржола әлеуметену.

Бірінші кезең негізінен, отбасында және балалар бақшасында тәрбиелену кезеңімен, екінші кезеңі 17-18 жасқа дейінгі орта мектептегі оқу-тәрбие кезеңімен сәйкес келеді. Ал үшіншісі-жасөспірім шақтан ересек шаққа өту кезеңін, яғни, 23-25 жастар аралығын қамтиды.

20-ғасырдың аяғына дейін жас ұрпақты кәсіптендіру және әлеуметтендіру процестері, негізінен, жанұя арқылы, еңбек процестеріне тікелей араласу барысында сол айналадағы әлеуметтік ортада ғана жүзеге асып келген болса, ол 20 -шы ғасырдың басынан бері, әсіресе ғылыми техникалық революция басталған 50-жылдардан бері қарай, оқу-тәрбие мекемелерінің рөлі барған сайын артып келеді. 20 ғасырдың 70-80 жылдарынан бастап адамды әлеуметтендіру прагматизм, экзистенционализм сияқты, субъективтік-идеялистік философиялар тұрғысынан түсіндіретін социологиялық бағыттары кеңінен тарады. Бұлар адамның табиғатын не таза психологиялық тұрғыдан немесе « техникалық», « технологиялық детерменизм» тұрғысынан түсіндіріп, қазіргі адамның табиғаты мүлдем өзгергенін дәлелдеуге тырысады. Оқу-тәрбие жүйесінің жас ұрпақты әлеуметтендіру міндетін субъективтік-идеалистік тұрғыдан түсіндіретін концепциялардың бірі- американдық прагматизм теориясы. Д. Дьюдің пірінше, тәрбиенің басты мақсаты баланың өз тәжирибесін ұдайы еске алып, оның жеке басының мүддесі мен үмітін қанағаттандыру тиіс. Кµптеген батыстың социологтары жастары « жаңа тап» деп атайды, олардың өмірге деген көзқарасы бірдей, талғамдары, мүдделері және қажеттіліктері дәл келеді. Жастар « біз» деген сезім күшінде социологирялық тұтастықты білдіреді. Осылайша, бұл жерде жастардың әлеуметтік- психологиялық құрамы және сапасы дербес және қоғамдық өмірдің сипатына қатысты емес ерекшелік ретінде қарастырылады. Социологиялық түсінікте жастық қашан басталады? Әртүрлі авторлар жастарды ерекше әлеуметті- демографиялық тап ретінде сипаттай отырып бұл ұғымды біржақты қолданады. Мысалы, австриялық социолог Л. Розенмайер жастық кезең 13 жастан басталып 24 жаста аяқтамады деп санайды. Ғалым осы кезеңнің ішкі жас ерекшелігін және әлеуметтік дифференциясын баса айта отырып, қандай да болмасын нақты негіз бермейді.

13 пен 18 жыл аралығындағы жас « жасөспірім шақ» ұғымымен біріктіріледі және әлеуметтік тәртіптін нысандарына әкелетін биопсихологиялық дамумен сипатталады. Бірақ адамды балалық шақтан бөлетін демаркациялық сызық 18 жаста өтеді. Бұл жас көптеген елдерде құқықтық дербестіктің басталуымен сипатталады. Яғни ересектермен қалыпты теңестірумен және заңды құқықтарды алумен: еңбек үшін тең ақы төлеу, армиядан қызмет ету, некеге отыру, сайлауға қатысу. 18 және 24 жыл арасындағы жаста жастардың отбасылық, кәсіби және құқықтық мәртебесі бойынша дифференциация негұрлым нақты болады. Осы кезеңді Л. Розенмайер « жас ересектер» деп атайды. Егер бірінші кезеңде бұл кейбір кезде біртекті топ болса, онда 18-25 жас аралығындағы халық гетерогенді ( бір текті емес) . Бұл құрдастар тағдырының айырмашылығына байланысты әлеуметтік біртектік емес және социологтар үшін ерекше мүдде.

Жастық шақта әлеуметтік рөлдерді белсенді игеру процесі болады. Олардың саны олар бәсең игерілетін немесе тоқтатылатын белгілі бір « толығу» шегіне жылдам жақындайды.

Социолог В. Н. Боряз « толығу» шегі жастық шақ деп есептейді. Ал одан әрі әлеуметтік есею кезеңіне кіру. В. Н. Боряз жастар санатын айқындауға арналған аса кең шекараларды ұсынады., ал осы топқа 14-13 жакс аралығындағы адамдарды кіргізеді.

Қазіргі жастарымыздың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін оларға бүгінгі нарықтық экономикаға тән жаңа құндылықтарды меңгерту, сондай-ақ, олардың жан-жақты кемелденіп жетіліуінде мектеп пен отбасының, әлеуметтік ортаның ықпалы сияқты объективті және субъективті факторларлардың маңызы зор. Жастардың негізі белгілі жас мөлшері арқылы анықталады. Жас мөлшер тұрғысынан стратификация адамның тек хронологиялық белгісін ғана көрсетіп қоймай сонымен қатар жастардың қоғамда алатын орнын, рөлін, статусын білдіреді. Адамдардың жетілуі балалық шақтан, ересек шаққа өтуі хронологиялық шеңберден шығады. Хронологиялық шекаралар индивид ерекшелігіне байланысты анықталуы мүмкін. Мысалы: психиатрияда 14-18 жас аралығын, жасөспірімдік шақ, психологияда 16-18 жас «жастық шақ». Криминалистикада-13-16 жасөспірімдік, 17-21 жастық шақ деп хронологиялық шекараларды бөледі. Жалпы алғанда зерттеушілер мөлшерлік шекараны 14-30 деп алады. Жастардың әлеуметтік мәселеллерін түрлі белгілері бойынша классификациялағанда социологтар ең алдымен жастардың әлеуметтік бағдарларына ерекше көңіл бөледі. Өзінің « жастар социологиясы» атты курсында Тощенко ұрпақтың бес түрлі ұғымының контексті анықтамасын береді:

1. Демографиялық ұрпақ немесе когорта. Бір уақытта туылған құрдастар. Аталған ұрпақ туылу деңгейіне тәуелді бола отырып сонымен қатар басқа да, жағдайларға байланысты тәуелді болады. Мысалы: соғыс, репрессия, эпидемия, табиғи апаттар. Осыған байланысты ұрпақ саны жағынан көп немесе аз немесе көп болуы. Осы жерде мәдениетті дамытушы өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмаған қабаттар жойылып кетеді.

2. Антрпологиялық ұрпақ: бұл- жалпы бір тектен шыққан жанұяның генеологиясы туралы түсінік береді. Өткен ғасырда генеологияны сословиялық қоғамның қалдығы деп қаралып, оған көңіл бөлінбеді. Нәтижесінде біраз отбасы өзінің тектерінің өмірі мен тұрмысы туралы хабары беймәлім болды.

3. Тарихи ұрпақ: бұл қоғамда, 5 ұрпақтың бірдей уақытта өмір сүруін білдіреді.

4. Хронологиялық ұрпақ- бұл қандайда нақты өмір сүріп жатқан ұрпаққа белсенді әсер ету қызметін атқарады. Сонымен қатар хронологиялық ұрпақ ұғымы- жастардың жас ерекшеліктерін білдіреді.

5. Символикалық ұрпақ- тарихтың белгілі бір кезеңімен байланыстырылып қарастырылады. Мысалы:қандайда бір саяси жағдайдың куәсі болып туылған балалар(1991 ж. ) . Жастар статусы дегенде олардың қоғамда алатын орнын айтамыз.

Жастар социологиясы- нақты айтсақ ХХ ғасырдың 60 жылдарының басында пайда болды. Аталған ғылым саласы өз қалыптасуының алғашқы сатысында- 20 жылдары жүргізілген зерттеулерге сүйенеді. Жастар социологиясы - негізгі жеке зерттеу бағыты бар ерекше сала ретінде өткен ғасырдың 20- жылдарынан бастап қалыптасты. Осы кезеңдерде жастардың мінез-құлқы, құндылықтары, мінез-құлық қөзқарастарын мектеп қабырғасынан бастап олар араласатын өмірдің барлық саласы бойынша жеке зерттеле бастады. 1980 жылдарға қарай зерттеу бағыттары аясы күшейе түсті. Жастардың әр аймақтағы проблемаларын анализ арқылы зерттеу мүмкіндіктері пайда болды. Жастар социологиясының теориялық және практикалық мәні бар проблемалары келесідей:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар әлеуметтануы туралы
Білім беру әлеуметтануы
Білім беру әлеуметтануы пәнінің қарастырылатын мәселелердің ауқымы
Орта деңгей теориясы
Жастар социологиясы
Девианттық мінез-құлық әлеуметтануы
ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ
Жастар бойында рухани-адамгершілік мәдениетті қалыптастырудың әлеуметтанулық аспектілері
Әлеуметтік мәртебенің факторы ретінде білімнің рөлін көрсету
Ғылым және білім жүйесіндегі қазіргі жастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz