Еңбекті қорғау пәнінен лекция тезистері


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:
- ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ.
Тақырып: Еңбек қорғаудың түсінігі.
Жоспар:
1. Еңбекті қорғауғаудың түсінігі және пәннің мазмұны.
2. Еңбекті қорғау саласының міндеті және қағидалары.
3. Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.
Лекция мақсаты: Студенттерге Еңбекті қорғау пәнін түсіндіру, еңбекті қорғау саласының міндеті мен қағидаларын оқыту және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын оқытып, үйрету.
Лекция мәтіні.
1. Еңбекті қорғауғаудың түсінігі және пәннің мазмұны. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны, әрбір азаматтың қауіпсіздік және тазалық талаптарына сай еңбек ету құқығы жарияланған. Мемлекет бұл талаптарды, ең алдымен, еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы нормалар жүйесі арқылы орындайды. Еңбекті қорғау пәні - бұл қызметкерлердің еңбек процесі барысында еңбекпен қорғалуын, яғни олардың өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ететін, өндірістегі қауіпті жағдайларды, кәсіптік зияндарды болдырмау және оқыс жағдайлардың алдын-алу шараларын жасайтын, оқытатын, зерттейтін пән. Яғни, Еңбек құқығының бір институты болып табылады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 5-бөлімі, 33-тарауының 306-бабында қысқаша тоқталған. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» туралы 2004 жылғы 28 ақпандағы №528-II-ші Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 16-тармағында еңбектi қорғауға былай анықтама берілген, еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе болып табылады. Қысқаша айтқанда, еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.
2. Еңбекті қорғау саласының міндеті және қағидалары. Еңбекті қорғау саласының мінтеті - адамдарды жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйрету және қызметкерлердің жұмыстарды атқару кезінде еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын бұзушылықтарды болдырмау болып табылады.
Еңбекті қорғау саласының қағидалары мыналар болып табылады:
- өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;
- қызметкердің өмірі мен денсаулығына өндірістік факторлардың зиянды әсерінің қайтымсыз салдарына жол бермеу;
- адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу;
- қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қорғауға мемлекеттің кепілдік беруі;
- еңбек бостандығы;
- кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;
- нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау арқылы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай талаптарды белгілеу;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;
- уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері және жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы келісілген iс-қимылдарды қамтамасыз ету;
- еңбек қауіпсiздiгiнің және еңбекті қорғаудың жай-күйi туралы ақпараттың жариялылығы, толымдылығы және дұрыстығы;
- мемлекеттiк бағдарламаларды қаржыландыруға, нормативтiк құқықтық актiлерді әзiрлеуге, еңбек қауiпсiздігі және еңбекті қорғау саласында ғылыми жұмыстар мен зерттеулер жүргiзуге мемлекеттiң қатысуы;
- кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;
- қауіпсіздік және гигена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамассыз ету;
- өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірімен денсаулығының басымдығы;
- еңбегі үшін жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес, әділетті сыйақыға құқығын қамтамассыз ету;
- тынығу құқығын қамтамассыз ету;
- қызметкерлердің құқықтары мен мүмкүндіктерінің теңдігі;
- қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамассыз ету;
- еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;
- қызметкерлер өкілдерінің ҚР еңбек заңнемасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамассыз ету болып табылады;
- қызметкерлер өкiлдерiнiң еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөніндегi мемлекеттік бағдарламаларды қалыптастыруға, еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау нормаларынан тұратын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға қатысуы.
3. Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары. Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мыналар:
1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік стандарттарды, ережелерді, нормаларды әзірлеу мен қабылдау;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларды әзірлеу;
3) еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды әзірлеу мен жақсарту, қауіпсіз техника мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын шығару жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйесін құруға және іске асыру;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторингті жүзеге асыру;
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізу;
6) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеу;
7) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңдары талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылау;
8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
9) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардан зардап шеккен қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғау;
10) өндірістің және еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы техникалық деңгейінде жойылмайтын ауыр жұмыс үшін және еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыс үшін өтемақылар белгілеу;
11) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі жұмыстың отандық және шетелдік озық тәжірибелерін тарату;
12) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлауға және олардың біліктілігін арттыру;
13) еңбек жағдайлары туралы, сондай-ақ өндірістік жарақат, кәсіби ауру туралы және олардың салдары туралы мемлекеттік статистикалық есептілікті ұйымдастыру;
14) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
15) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған.
Бақылау сұрақтары:
1. Еңбекті қорғауғаудың түсінігі және пәннің мазмұны.
2. Еңбекті қорғау саласының міндеті және қағидалары.
3. Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.
Тақырып: Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғауды ұйымдастыру.
Жоспар:
1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастырудың мазмұны.
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың мақсаты.
3. Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары, нормативтік құқықтық актілері және оларға қойылатын негізгі талаптар.
Лекция мақсаты: Студенттерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастырудың мазмұнын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың мақсатын түсіндіру және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге қойылатын негізгі талаптарды оқытып, үйрету.
Лекция мәтіні.
1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастырудың мазмұны . Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ұйымдастыруды «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» туралы 2004 жылғы 28 ақпандағы №528-II Қазақстан Республикасы Заңының 5-тарауының, 21-бабына сәйкес, қызметкерлер саны елу адамнан асатын өндiрiстiк ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушi еңбек қауіпсіздігi және еңбектi қорғау қызметiн құруға мiндеттi. Еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi өзiнiң мәртебесi жағынан негiзгi өндiрiстiк қызметтерге теңестiрiледi. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi ұйымның қызметi тоқтатылған жағдайда ғана таратылады. Қызметкерлер саны елу адамға дейiн болатын ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi маманның лауазымын енгiзу туралы шешімдi жұмыс беруші осы ұйымның қызмет ерекшелiгiн ескере отырып қабылдайды не еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi мiндеттер қосып атқару үшiн басқа маманға жүктеледi.
Қоғамда еңбекті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету ұйымдастырушылық, техникалық, методикалық, өндірістік, санитарлық-гигиеналық кешендерінен және басқа шаралардан құрылады. Шаралардың негізгі бағыттары - бұл:
- прогрессті технологияны, комплексті механизацияны, ауыр және ауыр еңбек жұмыстарын енгізу, өндіріс мәдениетінің деңгейін арттыру;
- қол көмегімен жасалатын еңбекті қысқарту үшін кіші механизация құралдарын енгізу;
- еңбек жағдайларын жақсартуға бағыталған техникалық құралдарды енгізу және қызметкерлерді қауіп жоғарылаған зонадан шығару;
- еңбекті қорғау нормалары мен ережелеріне сәйкес, қоршаған ортаның шаң болуын, газ болуын төмендету, жұмыс орындарында шуыл деңгейін және температуралық режимді келтіру, еңбек жағдайлары бойынша өндірістік нысандарды аттестациялау;
- қызметкерлердің санитарлық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту;
- қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша халықаралық стандартарын енгізу.
Еңбек қауiпсіздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады.
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың мақсаты. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың мақсаты - еңбек қызметі үдерісінде яғни, өндірісте қызметкерлердің денсаулығын қорғау және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастыру, техникалық, технологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, медициналық және өзге де нормаларды сақтау және еңбекті қорғауға жағдайлар жасау болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары, нормативтік құқықтық актілері және оларға қойылатын негізгі талаптар. Азаматтардың еңбек еркінділігіне сай конституциялық құқығына байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының еңбек туралы Заңы реттейді, ол Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және жекелеген қызметкерлер категорялары арасында еңбек қатынастарын реттейтін Заң мен басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Олардың қатарына мына заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді жатқызуымызға болады:
1. Қазақстан Республикасының 15. 05. 2007 жылғы N251 Еңбек кодексі. 19. 12. 2007. жылғы №9-ІV Заңымен мазмұы өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) , (05. 05. 2009 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
2. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» 2004 жылғы 28 ақпандағы N528-II Қазақстан Республикасының Заңы (05. 06. 2006 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы №278-Ө бұйрығымен бекітілген « Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» ережесі.
4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 22 тамыздағы № 200-П бұйрығымен бекітілген «Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі» туралы үлгі ережесі.
Мыналардың күшi жойылды:
1. "Еңбектi қорғау туралы" 1993 жылғы 22 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 3, 40-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 23, 931-құжат) ;
2. "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізу туралы" 1993 жылғы 22 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 3, 41-құжат) .
Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнен тұрады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің мазмұны. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер қызметкерлердің еңбек қызметі үдерісінде олардың өмірі денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастыру, техникалық, технологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, медициналық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді белгілейді. Нормативтік құқықтық актілер «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары ескеріле отырып әзірленеді және қабылданады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуге жатады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер:
1) еңбек қауіпсіздігінің жалпы талаптарын;
2) жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
3) жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
4) авариялық жағдайларындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
5) жұмыс аяғындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
6) өндірістік (технологиялық) үдерістерге қойылатын талаптарды;
7) өндірістік үй-жайларға қойылатын талаптарды;
8) өндірістік алаңдарға (өндірістік үй-жайлардан тыс жерлерде атқарылатын үдерістер үшін) қойылатын талаптарды;
9) бастапқы материалдарға, дайындамалар мен шала өнімдерге қойылатын талаптарды;
10) өндірістік жабдықтарға қойылатын талаптарды;
11) өндірістік жабдықтардың орналастырылуына және жұмыс орындарының ұйымдастырылуына қойылатын талаптарды;
12) бастапқы материалдарды, дайындамаларды, шала өнімдерді, дайын өнімдер мен өндіріс қалдықтарын сақтау және тасымалдау тәсілдеріне қойылатын талаптарды;
13) өндірісте жұмыс істейтіндердің еңбек ету және демалу режимін;
14) қызметкерлерді кәсіптік іріктеуге және олардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімін тексеруге қойылатын талаптарды;
15) өндірісте жұмыс істейтіндерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке және (немесе) ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды;
16) қорғаныс құралдарын қолдануға қойылатын талаптарды;
17) қызметкерлерді санитарлық-тұрмыстық үй - жайлармен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қамтуы тиіс.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттiк нормативтiк талаптар:
1. Еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөнiндегi мемлекеттік нормативтiк талаптар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгіленедi және олар қызметкерлердiң еңбек қызметi процесінде өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелерден, рәсiмдерден және өлшемдерден тұруға тиіс.
2. Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асырған кезде еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптарды орындауға мiндеттi.
3. Мемлекеттiк органдардың еңбек қауiпсіздігі және еңбектi қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актiлерді әзірлеуi мен бекiтуінің тәртібiн Қазақстан Республикасының Үкіметi белгілейді.
Бақылау сұрақтары:
1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастырудың мазмұны.
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың мақсаты.
3. Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары, нормативтік құқықтық актілері және оларға қойылатын негізгі талаптар.
Тақырып: Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
мемлекеттік басқару және бақылау.
Жоспар:
1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік басқару мен бақылауды жүргізу тәртібі.
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегi іс-шараларды қаржыландыру.
Лекция мақсаты: Студенттерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік басқару мен бақылауды жүргізу тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегi іс-шараларды қаржыландыру көздері туралы оқытып, үйрету.
Лекция мәтіні.
1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік басқару мен бақылауды жүргізу тәртібі. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» 2004 жылғы 28 ақпандағы N528-II Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес, еңбек қауiпсіздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады делінген. Сонымен қатар, ҚР-да еңбек қаіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды ҚР үкіметі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және өзгеде уәкілетті мемелекеттік органдар өз құзіретіне сәйкес жүзеге асырады.
«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» 2004 жылғы 28 ақпандағы N528-II Қазақстан Республикасының Заңы мен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердiң сақталуына мемлекеттiк бақылауды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ережелерге сәйкес уәкiлеттi органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 851 Қаулысы бойынша осы Ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының ІІІ тармақшасына сәйкес әзірленді және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібін белгілейді. Мемлекеттік бақылау жүргізудің мақсаты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Мемлекеттік бақылау мемлекеттік еңбек инспекторының жұмыс берушінің немесе қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындауына тексеру (бұдан әрі - тексерулер) жүргізуі жолымен жүзеге асырылады.
Тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді:
1. жоспарлы - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшесі жоспарлаған, алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралықтары ескеріліп жүргізілетін тексеру. Жоспарлы тексеру еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау мәселелері жөніндегі басқа да бақылаушы органдармен және қызметкерлердің өкілдерімен бірлесе отырып, кешенді түрде де жүргізілуі мүмкін.
Егер Қазақстан Республикасының зандарында өзгеше көзделмесе, бір жеке немесе заңды тұлғаға қатысты жоспарлы тексеру жылына бір реттен асырылмай, ал шағын кәсіпкерпік субъектілеріне қатысты - үш жылда бір реттен жиі емес өткізілуі тиіс. Жекелеген ұйымдарда немесе экономиканың тиісті салалары ұйымдарында кешенді тексеру жүргізу қажеттілігін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтаудың қалыптасқан жай-күйін немесе өндірістік жарақаттанушылық деңгейін ескере отырып айқындайды және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне тиісті тапсырмалар жібереді. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері тапсырмалардың негізінде, сондай-ақ ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуы жөніндегі талдау нәтижелеріне сәйқес тиісті айға, тоқсанға, жарты жылдыққа және бір жылға арналған тексеру жүргізу жоспарын жасайды.
2. жоспардан тыс тексерулер - жеке немесе заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуы туралы өтініш білдірген, сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторы қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқық бұзушылықтарды дереу жоюды талап ететін фактілерді анықтаған немесе осындай құқық бұзушылықтар белгілерінің болуын куәландыратын немесе өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруді жүргізу кезінде анықталған құжаттармен және өзге де дәлелдемелермен расталатын өзге ақпарат алған жағдайларда жүргізіледі.
Мемлекеттік еңбек инспекторы жоспардан тыс тексеру немесе өндірістегі жазатайым оқиғаға тексеру жүргізген жағдайда, жоспарлы тексерулер тексеру жүргізу жоспарын бекіткен лауазымды адаммен келісім бойынша басқа мерзімге ауыстырылады. Анонимдік өтініштер жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз болып табылмайды.
Тексерудің ұзақтығы он күнтізбелік күннен аспауға тиіс. Ерекше айларда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ тексеру көлемі ауқымды болған кезде мемлекеттік еңбек инспекциясының немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы (немесе оның орнындағы адам) тексеру жүргізу мерзімін оқшауланған құрылымдық бөлімшесі жоқ занды тұлға үшін жиырма күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге, ал оқшауланған құрылымдық бөлімшесі бар тұлға үшін отыз күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге ұзартуы мүмкін.
Тексеруді жүргізу мерзімін есептеу жұмыс берушіге құжаттарды ұсыну туралы талаптың берілу және олардың мемлекеттік еңбек инспекторына ұсынылу сәттері аралығындағы уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеруді бастар алдында жұмыс берушіге мынадай құжаттарды табыс етеді:
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс жоспарлы тексеруді тағайындау туралы актіні;
- қызметтік куәлігін;
- қажет болған кезде құзыретті органның режимдік объектілерге баруға рұқсатын табыс етеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz