Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ АЯҚТАЛУЫ. ҚЫРЫМ-ПОТСДАМ ЖҮЙЕСІ. БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫН ҚҰРУ

Екінші дүниежүзілік соғыс аякталуға жақындаған сайын одақтас мемлекеттер басшылары Германияны тізе бүктіруге, Жапонияны талқандауға қатысты қимылдарды қарастыруға, сондай-ақ келешектегі халықаралық қатынастардың негіздерін белгілеуге мөн бере бастады. 1944 жылы шілдеде Ф. Рузьвелттің И. Сталинге жазған хатында Ұлыбритания, АҚШ, КСРО жетекшілері бас қосып түйінді мәселелерді талқылау туралы ұсыныс жасаған. Сталин біресе майдандағы жағдайларға, біресе өз денсаулығына байланысты себептермең кездесуге дайын еместігін ескерткен. Мүмкін ол Батыстағы одақтастарының екінші майда ашқанынан гөрі, кеңес әскерлерінің ірі жеңістерін күткен болар. Сол жылы казанда У. Черчилль Мәскеуге сапар шеккен. Келіссөзге КСРО-дағы АҚШ елшісі У. А. Гарриман да қатысқан. Бұл жолы олар пікір алысумен шектелсе де, кептеген мәселелер талқыланып, әр елдің көзқарастары анықтала түскен. Үштік одақтың конференциясын 1945 жылы қыс айларына өткізу белгіленіп, әр жақ өз жоспарларын алға салуға қызу кіріскен.

Біріккен Ұлттар Ұйымын құру туралы жоспар. Германия мен оның одақтастарының КСРО-ға шабуылы, сосын Жапонияның АҚШ пен Ұлыбританияға карсы шапқыншылығы фашистік басқыншыларға қарсы күресуші бірқатар мемлекеттердің бірігуін мәжбүр етті. 1941 жылы тамызда Рузвельт пен Черчилль "Атлантика хартиясын" жариялады. Онда олар соғыстың ресми мақсатын анықтады. Бұл құжат антигитлерлік коалицияның бағдарламалық деректерінің негізі болды. "Атлантика хартиясы" демократиялық елдердің аумақтық тұтастығын, бірлігін, өздеріне тиісті басқару жүйесін, жаппай қауіпсіздіктің сенімді жүйесін бекіту ұстанымдарын қолдайтынын айқындады. "Атлантика хартижын" Кеңес Одағы да жақтады. Сейтіп, бірте-бірте антифашистік, антигитлерлік коалиция қалыштаса бастады. Онын негізін әр түрлі қоғамдық жүйедегі үш ірі держава Ұлыбритания, АҚШ және КСРО-ның қарым-қатынасы құрастырды. Антигитлерлік коалицияға басқа да көптеген мемлекеттер қосылды.

1941 жылы 11 желтоқсанда Германия мен Италия АҚШ-қа соғыс жариялады. Соғыс шеңберінің кеңеюі жөне фашистік саясаттың дамуы антифашистік коалицияның нығаюын талап етті. 1942 жылы 1 қаңтарда 26 мемлекетиң өкілдері, оньщ ішінде КСРО, АҚШ, Англия және Еуропа мемлекеттері, Латын Америкасы елдері "Атлантика хартиясы" ұстанымдарының мақсатына косыла отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымын құру туралы мәлімдемеге қол қойған.

Потсдам конференциясы және оның шешімдері. Халықаралық қатынастар тарихында соғыстан кейінгі жарты ғасырға жуық кезең Потсдам конференциясымен сипатталады. Қырым конференциясының шешімдеріне сәйкес одақтас елдердің Германияны тізе бүктіруінен соң олардың Еуропада, сондай-ақ бүкіл дүние жүзіндегі саяси өмірінде зор өзгерістер болып жатты. Қатерлі жауды күйреткен КСРО, АҚШ, Англия жетекшілері тағы бір рет кездесіп, өздерінің мүдделеріне сөйкес тәртіпті орнату жөнінде келіссез жүргізген болатын. Сонымен бірге зардап шеккен көптеген халықтардың бейбітшілікте жөне қауіпсіздікте өмір сүруіне жағдайлар жасауды алға койды.

Ең алдымен, Германияға катысты мәселелерді реттеу күн тәртібінде тұрды. Оны бөлшектеу, басқару, фашистік жүйені жою, неміс халқын демократиялық жөне бейбітшілік негізде қайта құру, қарусыздандыру, соғыс шығындарын етеу, т. б. мақсаттардың шешімін шешуде жұмыстар жасалды.

Потсдамдағы Цецлиенхоф сарайында үш елдің басшылары Г. Трумэн, У. Черчилль, И. Сталин және олардың серіктестері 17 шілдеде алғашқы мәжіліс ашты. Черчилль касына лейбористік партияның жетекшісі К. Эттлиді ерте келген. Өйткені 5 шілдеде Англияда парламент сайлауы өтіп, ол сайлауда консерваторлар жеңіліске ұшыраса, үкімет басына Эттли сайланбақ еді. Жағдай солай болды да, ағылшын демократиясы жеңіске жеткізген Черчилльді биліктен бірнеше жыл аластатып жіберді.

Сайлау нәтижесі тек 26 шілдеде белгілі болып, лейбористер құрған үкіметті Эттли басқарып, конференцияға сол қатысатын болды.

Потсдам конференциясы Еуропадағы жеңілген елдермен бейбіт шарттар жасасуға дайындығын ескертіп, оны қарастыру үшін Сыртқы істер министрлер кеңесін құрған. Сыртқы істер министрлер Кеңесі бес мемлекеттің ресми екілдері - Сыртқы істер министрлерінен тұратын болды. Оған бірінші кезекте Германия, Венгрия жөне Финляндиямен бейбіт түрде келісім жүргізу жүктелген. Сондай-ақ жер мәселелерін қарастыру да тапсырылған.

Әрине, Потсдам конференциясының алдында ең маңызды болып Германия мәселесі тұрған. Оның негізівде саяси, өскери, экономикалык және жер бөлінісін реттеу жүргізілген. Оны толық қарусыздандыру, демократиялау, ұлтшылдыққа жол бермеу, бейбіт саясат ұстануға негіздеу ынтымақтастыққа шақыру, ұлттық-социалистік партияны жабу, келешекте оның бас кетермеуіне шара қолдану, ауыл шаруашылығы мен өндірісті көтеру тұжырымдары енген жоспарды орындауға бәріміз көмектесуіміз керек деп шешті.

Германия төлейтін әскери салықтың келемі Ялтада белгіленгенімен, АҚШ үкіметінің жаңа көзкарастарьша қарай, бүл мәселе көп дау-талас тудырған. Бұл жолы Америка алым-салықты өр ел өзі иеленген

181аймақтардан өзі жинастырсын дегенді айтты. КСРО қолындағы Шығыс Германия жері кирап жатқандықтан, одан түсетін пайда мөлшері түкке тұрмайтын еді. Оған КСРО наразы болып, төлемді бүкіл Германиядан алуға талаптанды. Осындай жағдайда АҚШ төлемді, Польшаның батыс шекарасын және БҰҰ мүшелікке ену туралы үш мәселені қосақтап бірге қарап, біркелкі шешуді талап етті. Ақырында, КСРО-ның төлем туралы талаптарының көбі қабылданғандай болды.

Потсдам конференциясының шешімі бойынша Германияға қатысты жердің бір бөлігі Польшаға берілген. Польшаның батыс шекарасы Одер-Нейсе өзендерімен жағаласатын болды. Пруссияның бір бөлігі - Данциг қаласы да Польшаға өтті. Бұл жерде қалған неміс халқы, сондай-ақ Судет (Чехословакия) және Венгриядағы немістер де Германияға жер аударылатындығына келісілді. Бұл әрекеттер заңсыз жүргізілгені үшін 90-жылдардың соңында Чехия президенті В. Гавел Германиядан кешірім сұраған еді.

Ақырында, Германия қылмыскерлерін халықаралық трибуналға тапсырып, тексеру жүргізіп, жазалау тапсырылған. Сондай-ақ Жапонияға қарсы соғыс жүргізу, оған КСРО-ның катысуы, Жапонияның басқа елдерден тартып алған жерлерін бұрынғы иелеріне қайтару карастырылған. Онда Корея түбегін 38-параллель бойынша уақытша АҚШ және КСРО әскерлерінің бөліп игеруі, Жапонияның негізгі аралдарына АҚШ әскерлерінің орналасуы, т. б. мәселелер талқыланған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және әлемді реттеу мәселесі
Ұлы отан соғысының негізгі кезеңдері
Бірінші дүниежүзілік соғысты жан-жақты талқылап, тарихи мәнін ашу
Соғыс аяқталғаннан кейінгі халықаралық саяси жағдай
Трумэн доктринасы
Екінші дүниежүзілік соғыс, соғыстың басталуы
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдай «қырғи қабақ соғыстың» шығу себептері
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы туралы
20 – ғасырдың екінші жарысы – 21 ғасырдың бас кезіндегі халықаралық қатынастар
Фашизммен соғысты жеңіспен аяқтаған Қазақстан жауынгерлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz