Қазақстан Республикасындағы кәмелет жасқа толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 105 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .

1. Кәмелетке толмағандар құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың түрлері.

1. 1. Кәмелет жасқа толмағандардың психологиялық жас ерекшеліктері . . .

1. 2. Қазіргі кездегі еліміздегі кәмелетке толмағандардың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық фактілері . . .

1. 3. Қазақстан Республикасындағы кәмелет жасқа толмаған балалардың қылмыс жасауға, құқықтарының бұзылуына итермелейтін себептер.

2. Кәмелет жасқа толамағандардың құқықтары бұзулу барысында ішкі істер органдарының атқаратын қызметтері және қолданатын шаралары.

2. 1. Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алудағы ІІО атқаратын қызметі . . .

2. 2. Кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды, балалардың құқық бұзуына жағдай туғызушы ата-аналарды, олардың орнындағы адамдарды, басқа да ересек адамдарды анықтау және есепке алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру . . .

2. 3. Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандарға қолданылатын мәжбүр ету шаралары . . .

2. 4. Кәмелетке толмағандардың ісі бойынша және олардың құқығын қорғау бойынша комиссияның атқаратын қызметтері . . . Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .

Қосымша . . .

Кіріспе

Диплом тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауында көрсетілгендей, яғни болашақ онжылдықта Қазақстан Республикасының ең маңызды алдыға басатын қадамы ол - саясаттық құрылымның құқықтық реформаға қатысты болады. Өйткені, құқық қорғау органдары құрылымын реформалау өте маңызды жұмыстардың шегіне кіреді. Сонымен қатар, жолдауында былай делінген: «Біз демократиялық мемлекет бола тұра, жаңа оңжылдықта, жаңа құқық қорғау органдарының құрылымын құруымыз үшін, біз шетел мемлекеттерінің деңгейінде қызмет атқаруымыз қажет» - деп көрсетілген.

Қазіргі уақыттағы кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар ісі бойынша сот ісін жүргізу маңызды мәселеге айналып отыр. Мұның бірқатар себептері бар, оларға жасөспірімдердің жеке бас сипаттарының күрделенуі сияқты әлеуметтік құбылыспен байланысты болып отыр. Аталған жас санаттарына жататын тұлғалардың қылмысы туралы істер бойынша барлық міндеттерді дұрыс орындау үшін құқық қорғаушы органдар тарапынан көбірек күш салу қажеттілігін де жатқызу қажет.

Қоғамда әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің ірі көлемді және жылдам процестері жүріп жатқан қазіргі уақытта, әсіресе дүниетанымы әлі толық қалыптаспаған, құндылықтар жүйесі тұрақсыз жастар үшін қиын болып отыр. Жасөспірімнің адамгершілік пен құқық туралы түсінігі оның жас ерекшелігіне байланысты вербалдық деңгейде - ол жете тусінуге, оның мінез-құлқының автоматты реттегішіне айналуға жеткен жоқ. Қазіргі уакытта жасөспірімдерге, жастарға деген көзқарас әсіресе құқық бұзушылықтың алдын алу, оны туғызатын себептер мен шарттарды жою тұрғысында өте күшейтілуі тиіс. Өйткені, қылмыс дегеніміз - әлеуметтік дерт, ал жасөспірімдердің құқыға қол сұғатын құқық бұзушылықтар - өте үлкен дерт, жасөспірімдерге қатысты қылмыс жасап отырған кезде мұндай құбылысқа төзуге болмайды.

Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын құқық бұзушылықтар туралы істерді жүргізу кезіндегі бірінші, әрі негізгісі мақсат - процесті кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушының өзіне тәрбиелік әсер етуге, оны адал еңбекпен өмір сүруге оралтуға көмектесетіндей етіп жүргізу және істі солай шешу өте маңызды.

Сонымен бірге, кәмелетке толмағандарға қатысты істер бойынша сот процестері өзге де табансыз, аумалы мінезді құқық бұзушыларға нақты ескерту ретінде ықпал етуі, жұртшылықтың назары мен күш-жігерін жасөспірімдерге қарсы жасалып жатқан қылмыстылығымен күреске жұмылдыруы, оларды қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен шарттарды жоюға әрекет етуі тиіс.

Жалпы сәби - құқықтары бар және өзіне көтеріңкі көңіл бөлуді, сондай-ақ мемлекет пен қоғам жағынан көмекті талап ететін адамзат баласы!

Қоғамдық санада кең таралған стереотипке сәйкес, балалық - ол адам өміріңдегі ең бақытты және жайбарақат кезең, ал балалар әр мемлекеттің болашағы ретінде, әрбір отбасының бақыты ретінде айнымас сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен еленеді, мейірімді көңілдің ортасында болады.

Ал, кәмелетке толмағандар дегеніміз кім деген кезде, яғни, әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде он алты жасқа толған, бірақ он сегіз жасқа толмаған адамдар кәмелетке толмағандар деп танылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстан Республикасындағы кәмелет жасқа толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтап, сол құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жаңадан өзгерістер енгізу.

Диплом жұмысының негізгі міндеттері - болып келесілер жатқызылады:

  • Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтап, зерттеу;

- Қазақстан Республикасындағы кәмелет жасқа толмаған балалардың қылмыс жасауға, құқықтарының бұзылуына итермелейтін себептер.

- Шетелге сатылып жатқан жасөспірімдердің сатылғаннан кейінгі шетелдегі тұрғылықты жерлері бойынша әлеуметтік жағдайын анықтау;

  • Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандарға қолданылатын мәжбүр ету шараларын қарастыру;

Зерттеу жұмысының заты мен объектісі. қарастырылатын жұмыстың мәселесін кешенді түрде зерттеуге сәйкес, зерттеудің объектісі кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар кезінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар аясы шеңберінде қарастыру.

Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі

Жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау жолында біз материалистік диалектика заңдарына және категорияларына, дүниетанымдық теорияның, әсіресе әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің негізгі тұжырымдарына, сондай-ақ құқықтық құбылыстарды зерттеудің әдістемелік іліміне сүйендік.

Зерттеу процесінде формальды логиканың ережелері, талдау мен жинақтау, салыстырмалы құқықтық және статистикалық, нақтылы-социологиялық әдістемелер пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының нәтижесі мен тәжірибелік мәні.

Дипломдық жұмыста берілген ұсыныстар, тұжырымдар мен қорытындылар болашақта қолға алынып, кәмелетке толмағандардың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылыұтардың азаю және қолға алынуы. Сонымен қатар кәмелет жасқа толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтарға қатысты жасалған зерттеудің тәжірибелік мәні оның теориялық қорытындыларын, тәжірибелік ұсыныстарын ғылыми зерттеу жұмысын және білім беру процесінде пайдалануға болатынды.

Жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, жеті бөлімшелерден құралған негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1. Кәмелетке толмағандар құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың түрлері.

1. 1. Кәмелет жасқа толмағандардың психологиялық жас ерекшеліктері

Адамның дамуы өте күрделі, ұзақ жүретін процесс болып табылады. Мұндағы жауапты кезеңдердің бірі - өтпелі жас деп аталатын жеткіншек жасы (11-12-ден 14-15 жасқа дейін) мен жасөспірімдік жас (15-16-дан 17-18 жасқа дейін) . Бұл кезеңде адамның физикалық пісіп-жетілуі ғана емес, сонымен бірге тұлғаның қарқынды түрде қалыптасуы, моральдық және зияттық күштерінің қуат алуы жүзеге асады.

Жеткіншек алды жасының өтпелі жас деп аталу себебі, ол балалық күйден үлкен өмірге, кемелсіздіктен кемелденуге өтумен сипатталады. Алайда, орта статистикалық жеткіншек деп аталатын жас өмірде болмайды. "Жеткіншек алды жасының ортақ заңдылықтары баланың қоршаған ортасы мен тәрбие шарттарына ғана емес, сондай-ақ оның организмі мен тұлғалық ерекшеліктеріне де тәуелді болатын жеке-дара нұсқалар арқылы көрінеді.

Ересек жеткіншек алды және жас немесе жасөспірімдік уақыт жас психологиясында өте маңызды кезең ретінде қаралады, өйткені осы жаста болатын өзгерістер одан кейінгі кезең заңдылықтарын дұрыс бағалау үшін маңызды болып табылады. Биологиялық жағынан бұл жас физикалық дамудың аяқталу кезеңін білдіреді.

Осы жастағы жасөспірімдердің мінез-құлқы мен әрекеттері саналы әрі жігерлі түрде жүзеге асады, осыған орай оларға неғұрлым жоғары талаптар койылады. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі 16 жастан басталатыны белгілі, ал кісі өлтіру, ұрлық, тонау және т. б. үшін - 14 жастан басталады (ҚР ҚК, 15-бап) .

Алайда жасөспірімнің физикалық және адамгершілік жағынан дамуы әлі аяқталған жоқ, бұл оның іс-әрекеттері мен қылықтарының сипатынан байқалады. Жеткіншек алды жасында организмде биологиялық терең өзгерістер жүреді, өсу жылдамдайды, жыныс бездерінің секрециясы күшейеді, қарқынды физикалық даму басталады. Организмдегі биологиялық өзгерістер психикалық дамуға да әсер етеді. Жеткіншек алды жасының бастапқы кезіндегі тепе-теңдік бұзылады: өз тұлғасына қызығушылық, айналасындағыларға сыни көзбен қарау пайда болады, мінезіндегі ерекшеліктер байқалып, қылықтары өзгереді.

Жеткіншек алды жасында мінездің психикалық жарақат алу мүмкіндігін арттыратын және мінез-құлық нормаларынан ауытқитын кейбір қасиеттері пайда болады. Көптеген жасөспірімдердің сезімдері, ойлары, әрекеттері тұрлаусыз болып келеді. Бұл:

а) елгезектік пен сылбырлық арасындағы қайшылық;

б) көңіл-күй өзгерістеріне алып келетін қызбалық пен сылбырлықтың тез ауысып отыруы ретінде көрінеді.

Импульсивтілік пен көңіл-күй тербелістері жеткіншектердің ойы мен кылықтарына ықпал етеді. Олардың бір пікірге келуі жылдам және тез өзгереді. Өз іс-әрекеттері мен басқа адамдардың қылықтарын дұрыс бағалай бермейді, дос таңдауда көбінесе қателесіп жатады, кездейсоқ жанжалдарға келіп әкеледі.

Бірқатар психологтар жеткіншек алды жасын ауыр "апаттар" кезеңі деп есептейді, торығу мен үмітсіздік ахуалы, есіріктену, агрессивтілік, қаталдық, кылмыс істеуге бейімділік туралы айтып өтеді.

Л. И. Божовичтің көрсетуінше, жасөспірімдердің моральдық саласында екі ерекшелік пайда болады:

а) қоғамдық мінез-құлық пен адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас нормалары мен ережелеріне байланысты мәселелерге жиі назар аударуы;

б) салыстырмалы түрде тұрақты және кездейсоқ ықпалдардан тәуелсіз моральдық көзқарастар, пікірлер, баға беру қалыптаса бастайды.

Жеткіншек алды кезеңіне жоғары эмоциялық қозғыштық қасиеті тән, "ұстамдылық" жүйесі мен өз мінез-құлқын саналы түрде бақылау нашар дамыған, сондықтан да жасөспірімдер ойлары мен пікірін өзгертуге уақыт кетіргенді ұнатпайды, тез іске көшеді. Бұл қасиеттер көбінесе құқыққа кайшы әрекетке алып келеді немесе оларды жасы үлкен құқық бұзушылар пайдаланады, кәмелетке толмағандар тарапынан ойланбай әрекет жасау мүмкіндігі туралы білетін олар оңтайлы сәтті тауып, жасөспірімдерді қылмыс істеуге тартады [19 - 3-7б. ] .

Кейбір жасөспірімдерге олардың тұрмыс және тәрбие шарттары белгілейтін дөрекілік, өжеттік, шамшылдық қасиеттері тән. Бұл қасиеттерді салдардың теріс іс-әрекеттері салдарынан болатын қоғамдық тәртіпті бұзуға байланысты құқыққа қарсы әрекеттерін тергеу барысында ескеру қажет.

Осы жаста көп кездесетін мінез-құлық кемшіліктерінің бірі-кырсықтық. Кәмелетке толмаған сезіктінің немесе айыпкердің кырсықтығына тергеуші істелген қылмыстың мән-жайын, ұрланған мүлік пен қылмыс құралының орналасқан жерін, қылмысқа қатысушыны аныктау кезіндегі жауап алуда тап келуі мүмкін. Сондай-ақ, тергеуші жасөспірімнің кырсықтыққа жақынырақ сапасы өтірікшілдікпен де соқтығуы мүмкін.

Өтірікке түрткі болатын нәрселер көбінесе:

а) жауапкершілік пен жазадан қорқу;

ә) қылмысқа қатысушылар немесе олардың туыстары мен достары тарапынан кек алу қорқынышы;

б) достықты дұрыс түсінбеушілік және осыған байланысты "сатқын" атанудан қорқу;

в) құрдастарының назарын аудару, таңғалысын тудыру тілегі. Жеткіншек алды жасында жекелеген жағымды қасиеттерді дамытуда,

кемшіліктерді жеңуге бағытталған өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілік дамиды. Жасөспірімдер осылайша өзінің сүйікті кейіпкеріне, мұғаліміне және т. б. ұқсауға тырысады. Бірақ, кейбір жағдайларда адамгершілік категориялары мен ұғымдары туралы дұрыс және жан-жақты түсініктерінің болмауынан жасөспірімдер оқиғалар мен адамдардың мінез-құлықтарын бағалауда қателесіп жатады. Кейбір жасөспірімдердің адамгершілік тұрғысынан жағымсыз тұлғаларға ұқсас болғысы келіп, еліктейтіні бекер емес. Жасөспірімнің адамгершілік сенімдері қате, теріс болуы мумкін. Және олар кейбір моральдық нормалар туралы теріс түсінікте болуы себепті немесе жасөспірімдердің жекелеген кішігірім топтарында қабылданған моральдық құндылықтар жүйесінің кесірінен қылмыс істеуі мүмкін. Қылмыстың өзімен де жасөспірім ерлік, батырлық, ептілік қасиеттерін көруі кездеседі.

Бұл жас ерекшеліктері бәрінен бұрын 14-15 жастағы жеткіншектерге тән. 16-17 жастағы жасөспірімдерде физикалық және ақыл-ой дамуы процестері жалғасады, бірақ осы кезеңнің соңына қарай қарқыны бәсеңдейді. Жасөспірімдердің импульсивтілігі азайып, эмоционалдық тұрақтылық пайда болады; жүйке жүйесінің түріне қарамастан, олар 14-15 жасар жеткіншектерден гөрі ұстамдылау және салмақтырақ. " Ересек жеткіншек алды жасы - бұл жасөспірім өз мінез-қүлқында басшылыққа ала бастайтын адамгершілік қағидаларының, сенімдерінің қалыптасатын уақыты". Дегенмен, өздерінің физикалық және ақыл-ой қасиеттері бойынша олардан кіші жеткіншектерге әлі де ұқсастықтары көп: физикалық және рухани кемелденуге жеткен жоқ; оларға әлі де 14-15 жасар балаларда болатын қасиеттер тән ("ересек болып көріну" сезімі, өзін көрсетуге ұмтылу, т. б. ) . Бұл жаста айналадағы адамдардың жасөспірімдерге неғұрлым жоғары талаптар қоюына және олардың құқықтарын, әсіресе, дербестікке құкығын мойындауға мүмкіндік беретін бірқатар психологиялық қасиеттері қалыптасады.

Алайда, психологтардың зерттеулері көрсеткендей, дербестікке ұмтылу үшін отбасында дұрыс үлгі көрсететін біреудің, жақын айналысында беделді, абыройлы адамның болуы қажет, сонда ғана жасөспірім одан үлгі, кеңес алады. Оның ерекшеліктерін білу жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күрес, оның алдын алу шараларын жүзеге асыру үшін, кәмелетке толмағандар қылмысын сапалы әрі тиімділікпен тергеу үшін, оларды толық әрі дұрыс ашу үшін өте маңызды.

Жасөспірімдер дамуының жоғарыда талданған ерекшеліктері іс жүргізу тәртібін реттейтін және осы категориядағы істердің өзгешелігін белгілейтін нормаларды бекіту кезінде ескерілген. Сонымен бірге, психология ғылымының ережелер негізінде жоғарыда қаралған жасөспірімдердің даралық қасиеттері кәмелетке толмағандар істерін жүргізуді жүзеге асырушы органдарға нақты процесті ұйымдастырудың іс жүргізу заңында керсетілген мүмкіндіктері шеңберінде дұрыс түрін таңдауға көмектеседі [23 - 21-22б] .

1. 2. Қазіргі кездегі еліміздегі кәмелетке толмағандардың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық фактілері.

Сәби - құқықтары бар және өзіне көтеріңкі көңіл бөлуді, сондай-ақ мемлекет пен қоғам жағынан көмекті талап ететін адамзат баласы!

Қоғамдық санада кең таралған стереотипке сәйкес, балалық - ол адам өміріңдегі ең бақытты және жайбарақат кезең, ал балалар әр мемлекеттің болашағы ретінде, әрбір отбасының бақыты ретінде айнымас сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен еленеді, мейірімді көңілдің ортасында болады.

Өкінішке орай, ақиқат басқа туралы мәлім етеді.

Осы тынышсыз, құбылмалы, кейде қатал және адамдар тұрмысына лайықты үшін нашар бейімделген заманда, бірінші кезеңде бала жапа шегеді - кедейліктен, әлеуметтік әділетсіздіктен, отбасының дағдарысты ахуалынан, эксплуатация мен зорлықтан, аурулардан, террорлық актілер мен соғыс қақтығыстардан.

Ересектер әлемі балалар дауысын естімейді дерлік, олардыі пікіріне көңіл бөлмейді және кейде шындап күлкілі емес мәселелеріне уайымдамайды.

Бала үйінде қалай тұрады, мектепте өзін қалай сезінеді?

Ылғи да дені сау болып өсуге, білімді болуға, өз қабілетін дамытуға және керекті мұқтажын қанағаттандырылуға мүмкіндігі бола ма?

Егер бала құқықтары сақталынса, барлық осы сұрақтарға мақұлдаған жауап мүмкін болар еді. Қазіргі уақытта біз балаларды жүрек суйгіш махаббатпен қамтамасыз етпесек, біз олардан не күтеміз?

Әр бала - мемлекеттің болашағы, сол елдің келешекте өсіп-өркендеуіне, дамуына өзіндік үлес қосар ұрпағы емеспе?

Яғни, бұл жерде туындап тұрған мәселе еліміздегі өзекті жағдайдың бірі болып табылады. Сәби, кәмелет жасқа толмаған тұлға болып есептеледі. Себебі, оның жасы әлі кәмелеттік жасқа жетпеген. Ал, кәмелетке толмағандар деп заң бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде он алты жасқа толған, бірақ он сегіз жасқа толмаған адамдар осы тараудың күші қолданылатын тұлғалар танылады. Осыған сәйкес, бала мәселесі елімізде әлі күнге дейін өзекті болып табылғандықтан, төмендегідей елімізде болып жатқан фактілерге тоқтала кетейін:

Сәби құны -25 мың доллар ма? Халықаралық статистикалық агенттіктер Қазақстанды адам трафигі жөнінен әлем бойынша алдынғы үштіктін қатарына қосып отыр. Осыған байланысты БҰҰ-ң «адамдарды оның ішінде іиелдермен балаларды сатудын алдын алумен онын жолын кесу және айыптыларды жазалау туралы» хатамалардын хатамасын бекіту үшін Үіметтін ізірленгн зан жобасын міжілістін қарауға ұсынғаны кім-кімді де бей жай қалдырмас. Хатама қылмыстық топтардын адам саудасымен жол беруіне тыйым салып, оларды жазалауды көздеиді. сондай-ақ жабайы сауда құрбандарына әлуметік, психологиялық психолгиалық көмек беру шаралары да қарастырылған. Ал дипуттар тарапынан заң жобасының қандаи өзгерістерге ұшыраитыны белгсіз. Ен бастысы, хатама ережелерінін іске асыру Республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын қажет етпейді екен.

2005 жылы елімізде «адамдарды сатуға және үшінші тұлғалардын жезөкшелікті пайдалануна атты күрес туралы конвенцияны және Қортынды хатаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қабылданғанымен, адам судасын ушығып тұрғанын мамандар мойындап отыр.

БҰҰ мамандарынын айтуынша жыл сайын Қазақстаннан сыртқа және ел ішінде балалар мен әйелдердің үлесі басым. Соңғы жылдары Республикада құл саудасы, құл иеленушілік те өрістеген. Соңғы он жылда адам аулап сыртқа саудалау қаты қарқын алып тұр. Халқаралық көші-қон ұиымының мәліметі бойынша Қзақстанда 2002 жылдын желтоқсаны мен 2006 жылы қантар арасында адам саудалаудын 210 оқиғасы тіркелген 2010 қоқиғасы тіркеліпті. Елімізде азаматтары жұмыстық және ембек жолымен қанау үшін шет елдіктерге шығару деректері тіркелгені дөк басып айту қыиын. Тек 2005 Еуропа елдеріне бұрынғы Кеңестік Республикалардан 120 мың әйел сатылғанын хабарлайды. ҚР Бас Прокуратурасының мәліметінше, адамдар шет елдерге және транзиттік шығару, согдай-ақ қадамға көндіру жөніндегі 128 бабы бойынша 14 қылмыстық іс қозғалып, беті ашылған қылмыстар мен заң бұзушылықтардың санына қарай жүргізілген есеп қана. Мұның сыртына қаншама қылмыстық істің көзден таса қылып жатқанын бір құдай біледі [44 -4 - 6б] .

Күнделікті хабарларға құлақ түрсен, статистикаға жүгінсең зәрең ұшады. Енді «интернетте» бөбектерді саудалау бастады. Қазір Қазақстанда 45 балалар үйі бар. Туа салысымен жетім қалған және тастанды 92000 бала есепке алынған. Ендеше, иесіз сұраусыз пендеге күн бола ма? Соңғы жылдары қазақ сәбилерінің асырап алушылар қазақстандықтар емес, шетелдіктер, оның ішінде американдықтар болып отыр. Бүгінде Республика бойынша 40-тан астам агенттік шеттелдік бала өткізумен тікелей айналысады екен. Өйткені, сәби саудасын бизнеске айналдырып алғандықтарын пышағы май үстінде, осы құпия сауданы тек балалар үйлерінің директорлары, облыстық қалалық оқу бөлімдері, сот ұйымдары өкілдері ғана біледі. Басқа ТМД елдерімен салыстырғанда Қазақстаннан бала асырап алу барысынша жеңілдіктеген әр сәбиге 25000 АҚШ доллары төленетін болғандықтан, екі алақандарын ысқалап жүрген делдалдық жандарын сала кіріспеген де қайтеді?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы
Әкімшілік жауаптылықтан босату институтындағы құқықтық қатынасты ізгілендіру мәселесі
Әкімшілік құқық бұзушылық – әкімшілік жауаптылық негізі: ұғымы, ерекшеліктері
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін тағайындалатын жауаптылық
Ювеналды юстиция
Жыныстық қылмыстардың ұғымы
Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру
Құқықбұзушылық түсінігі
Әкімшілік жауапкершіліктен босату жағдайлары
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz