Дамыған мемлекеттерде зайырлылықтың жүзеге асырылуы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

14. 03. 2009. Дамыған мемлекеттерде зайырлылықтың жүзеге асырылуы 15:02

Айдар ӘБУОВ, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы: Дамыған мемлекеттерде зайырлылықтың жүзеге асырылуы әртүрлі

- Айдар мырза, дін мен идеологиялық қауіпсіздіктің арақатынасын қалай сипаттар едіңіз? Жалпы, екі ортада айқындылықтың орын алуы мүмкін бе?

- Дін - идеологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қызмет ететін идеологияның бір саласы. Мемлекеттен бөлек болғанымен, қоғамның іргетасын бекітетін идеологиялық құрал десек, еш асырып айтқандық емес. Сондықтан дін - адамзат өміріне, оның дүниетанымдық дамуына пәрменді ықпал жасап отыратын рухани құндылық. Сол себепті де қоғамымызда ақпараттық-идеологиялық қауіпсіздікті сақтауда діннің рөлі зор.

- Олай болса, діни ақпараттың көлемі мен бағытын тиісті орындар қадағалап отыруы қажет дегіңіз келе ме?

- Бұлай деп біржақты кесіп айтуға болмас. Біріншіден, ақпаратты алуға, пайдалануға тыйым, шектеулер жоқ қой. Діни ақпараттың кез келгені оқырмандар үшін қол жетімді.

- Аудиторияның діни сауатын ашуға, діни сананы қалыптастыруға бұқаралық ақпарат құралдарының ықпал ете алғанын жоққа шығара алмайтын шығарсыз . . .

- Егер мәселеге осы қырынан келер болсақ, әңгіме басқа. Мұны жастар арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеулерден айқын көруге болады. Мысалы, сауалнамаға қатысқан жастарымыздың көпшілігі өмірлік құндылықты дін деп біледі. Сондықтан телехабарлар мен интернеттегі ақпараттарға рухани бақылаудың керек екендігін, оның өзі өскелең ұрпақтың басқа мәдениеттің жетегінде кетпеуі үшін керек екендігін айтады.

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 28 тамызындағы қаулысына сәйкес халықаралық орталық өз жұмысын бастаған еді. Беталыстарыңыз қалай?

- Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының дүниеге келуіне Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей қатысы бар. Осыдан үш жыл бұрын өткен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ съезінде Елбасымыз Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығын құру туралы ұсынысын жария ете отырып: «Діни және мәдени мәселелермен қатар Орталық оқу-білім, ғылыми-зерттеу және гуманитарлық жобаларды жүзеге асырып, әлемдегі діни ахуалдың шиеленісті тұстарын зерттеумен айналыса алар еді. Осындай Орталықтың маңызды міндеттері - халықаралық шараларды өткізу және әртүрлі елдердегі дін қайраткерлері мен саяси элиталар арасындағы өзара қарым-қатынастар мен түсіністіктерге ықпал ету, кітаптар шығару. Сіздердің ықыластарыңызбен Орталық жақын арада Бейбітшілік пен келісім сарайында өз жұмысын бастауы мүмкін. Сіздердің бұл ұсынысты қолдайтындықтарыңызға сенем», - деген еді.

Орталықтың мақсаты - елімізде мәдениетаралық, конфессияаралық диалогты жетілдіру және экстремизм мен терроризмнен туындайтын қауіп-қатерлердің алдын алу.

- Қазақстан ежелден әртүрлі мәдениеттер мен діндердің тоғысу мекені болғандықтан, еліміздегі әртүрлі ұлт өкілдері конфессиялардың тәжірибесі де назардан тыс қалмайтын болар . . .

- Мәдениет пен діндер арасындағы қоғамдық қатынастарды үйлестірудің әлемдік тәжірибесін зерттеп, оны кәдемізге жарата білсек, ұтарымыз көп болмақ. Ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін халықаралық орталық мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарымен бірлесе жұмыс істеп, ортақ мұраттарға қол жеткізуді көздейді. Мемлекеттік органдарға ғылыми-әдістемелік және кеңес ретінде көмек те бере алады. Ғылыми дәрежелері бар он бес қызметкердің үшеуі ғылым докторы, біреуі PhD болса, қалғандары ғылым кандидаттары, доценттер. Қызметкерлердің көпшілігі - жастар. Олардың ішінде халықаралық «Болашақ» оқу бағдарламасымен білім алып келген жастармен қатар өз еліміздің жоғары оқу орындарын бітірген, бірнеше тілді меңгерген мамандар бар.

Өткен жылдың желтоқсан айында Бейбітшілік пен келісім сарайында өткен «Діндер үн қатысуынан өркениеттерді өзара түсінуге дейін» деп аталған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысына еліміздің және алыс-жақын шетелдердегі ресми және діни ұйымдар өкілдерімен қатар халықаралық қорлар, мемлекеттік емес ұйымдар, ғылыми-зерттеу орталықтары мен БАҚ қызметкерлері қатысты.

Тағы бір айта кетерлік жайт, біздің Орталық мәдениеттер мен діндерді зерттеуде олардың конфессияаралық өзара келісім және үйлесім табуына, ұлтаралық сыйластық пен төзімділік қалыптастыру жолындағы миссиясына көп көңіл аударады. Ұлтаралық және дінаралық әріптестік жоғары рухани мәдениетті қалыптастыратын әлеуметтік институт ретінде исламды, христиандық пен иудаизмді, басқа да діндерді дұрыс түсінуге көмектеседі. Қазақтың «көрші хақысы», «көршіні құдай қосады», «көршімен тату болу», «көршің аш болса, өзіңнің тоқтығыңнан не пайда?» деген қағидатының түпкі астары терең. Көршіңнің тілінің, дінінің, мәдениетінің өзгешелігіне қарамастан, татулықта, сыйластықта өмір сүр, өзгелерге қарас, шыдамды бол, сабыр сақта деген ойлармен сабақтас келеді. Сондықтан қазақ жері діндер тоғысқан мекен бола тұра, қаталдық пен жауыздықтан, көре алмаушылық пен іштарлықтан ада болып, осы күнге жетті. Қазақстанның ұстанған рухани бағыты айқын - әлемдік мәдениеттер мен өркениеттер үнқатысуын дамыту, ұлтаралық және конфессияаралық шиеленістерді болдырмау, лаңкестік пен экстремизмді жою.

Қазіргі кезде біздің сөздік қорымызға «толеранттық» деген сөз енді. Бұл - өзгенің мәдениетіне, әдет-ғұрпына, тіліне, дініне төзімділік таныту, түсіну, өзгенің рухани құндылығын бағалау дегенге саяды.

- Қазақ халқының өзгеге төзімді бола білу үлгісі қазір жеміссіз емес. Бірақ өзге ұлт өкілдері осыны бағалап отыр деп ойлайсыз ба?

- Бұл эволюциялық, кезең-кезеңімен жүзеге асатын шаралар деп ойлаймын. Жақында қазақстандық этносаралық құбылыстарға барлау жасаған ресейлік агенттіктер «Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің арасында 2025-2030 жылдары мемлекеттік тілде сөйлейтіндердің қатары 80 пайызға дейін жетеді» деген қорытындыға келіпті. Есіңізде болсын, бұл - біздегі қазақтан өзге халыққа ресейлік мүддемен қарауға дағдыланып қалған елдің сарапшыларының пікірі. Демек, бетбұрыс бар.

Кейбір қазақтан да таза сөйлейтін, мектепте, жоғары оқу орындарында қазақша оқитын өзге ұлт өкілдері көбейіп келеді.

- Алда дәстүрлі дін өкілдерінің ІІІ съезд өтеді. Сіздер өз тараптарыңыздан дайындық жұмыстарын бастап кеткен боларсыздар?

- Қайта өрлеу заманының өзінде дін білгірлері мұсылмандар мен христиандар арасындағы түсініспеушіліктер бейбіт жолмен шешілуі тиіс екендігін, егер соғыс арқылы шешілетін болса, оның адам айтқысыз зардаптарға әкелетінін айтқан. Сондықтан екі діннің жоғары басшыларының кездесуі соғыстың алдын алатындығына сенген белгілі философ Н. Кузанскийдің арманы орындалды. Ал жаңа замандағы Қазақстанда екі ғана емес, бірнеше діннің басшылары өз дінін өзгеден артық санамай, төзімділік танытып, бір шаңырақтың астында бас қосуын ХХІ ғасырдың «ғажайып құбылысы» деуге болады. Осындай әлем мойындап отырған алқалы жиынды үшінші рет өткізу - биылғы жылдың еншісіне тиіп отыр. Әрине, бұл үлкен жауапкершілікті жүктейді. Біздің ұжымда бұл мәселе күн тәртібінде бірінші болып тұр. Осыған орай істелетін жұмыстар үнемі қадағаланып, пысықталады.

- Діни сауаттандыру ғана емес, діни сананы қалыптастыру арқылы қоғамдық сана да пысықталатын болар.

- Қазақстан зайырлы мемлекет болып табылады. Қазіргі заманғы дамыған мемлекеттерде зайырлылықтың жүзеге асырылуы әртүрлі. Зайырлы мемлекетте билік дін өкілдерінің қолында болмауы бақыланады. Біздің зайырлы мемлекетімізде азаматтардың діни сенім бостандығына және діни ғибадаттарын емін-еркін жүзеге асыруына кепілдік берілген.

- Тәуелсіздік рухани тазаруымызға да жол ашты дейміз. Бірақ мұның кері тұстары әлден-ақ байқалып қалған жоқ па?

- Ойыңызды түсініп отырмын. Діни ағымдардың қаптап кетуіне де жол ашып, рухани сананы тұмандандырып жіберді дегіңіз келіп тұр ғой. Есіңізде болсын, тамырын тереңге жіберген дарақ дауылға төтеп береді. Елді иманға ұйытатын, жамандықтан сақтандыратын осындай орындардың болуының өзі діни сананың қалыптасып, дамуына әкеледі.

- Жастарды рухани ізгілікке тәрбиелеуде осыны ескерген жөн. «Біздің болашағымыз - жастар» деп жиі айтқанымызбен, олардың күнделікті іс-әрекеттері қадағаланбайды.

- Ол - рас. Дүниеде оларды қызықтыратын қызылды-жасылды дүрмек көп. Жастық албырттық оларды алды-артына қаратпай, кейде жақсы мен жаманды айыра алмай қалады да, түпсіз тұңғиыққа түсіп кетеді. Салауатты өмір сүруге кедергі келтіретін күнделікті өмірде кездесетін кержалқаулық, жатыпішерлік, енжарлық сияқты қасиеттерден жастарды қорғаудың бір жолы - мектепте діни тәрбие беру дер едім.

Бұл зайырлылыққа еш нұқсан келтірмейді, заңды бұзбайды, керісінше, қоғамда ауызбірлікті, татулықты арттыра түсетіні сөзсіз.

Мысалға, Түркияда бастауыш сыныптарынан бастап дін тәрбиесі сабақтары жүреді. Көршіміз Ресейдің өзінде бұл мәселе күн тәртібіне қойылған.

Діни сауатты, діни саналы адам жамандықтың бәрінен аулақ жүреді. Бұрынғы дәстүрлі қазақ қоғамында қазіргі күнгі жеккөрінішті әдеттер болған жоқ еді. Хат танымаса да, халқымыздың тіршілігі ізгілікке толы болатын.

- Қоғамда жемқорлықты болдырмау үшін де діни сананың көмегіне жүгінуіміз керек қой.

- Қай дінде болсын, біреудің ала жібін аттамау туралы ойлар жеткілікті. Сондықтан қоғамымызда діндердің маңызын, насихатын арттыру өмірдің өзі ұсынып отырған шара екендігінде дау жоқ. Тіпті мемлекеттік қызметкерлердің рухани сана-сезімін арттыру жемқорлықтың алдын алуға көп көмек берер еді. Біздің Орталық өз тәжірибемізді жетілдірумен қатар, шетелдермен де қарым-қатынасты жолға қойғандығын айттық. Дүниежүзіндегі діни ахуалдың жай-күйін бақылап, саралап отыру үшін жас мамандар шетелдік БАҚ-тың материалдарына ғылыми сараптама жасайды. Әлемдегі белгілі дінтанушылар, теологтардың еңбектерімен көпшіліктің танысуына мүмкіндік жасайды. Жақында Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдерімен Малайзияға іссапармен барып қайттық. Делегацияны сенатор О. Әбдікәрімов басқарып, оның құрамында ҚМДБ бас мүфтиі А. Дербісәлі, Мәжіліс депутаты Л. Н. Питаленко болды. Ұлттар мен діндер арасындағы татулық пен келісімге қол жеткізу - бұл елдің саяси тұрақтылыққа жетуіндегі екі негізгі фактор болып табылады. Осы екі фактор малай елінің өмірлік қағидасына айналған. Көпұлтты, көпконфессиялы ел ретінде екі мемлекет арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер конференцияда кеңінен сөз болды.

- Бірақ соған қарамастан, кейбір діни ағымдардың ниетінің, көздеген мақсатының біз қалағандай емес екендігі аңғарылып қалды.

- Оны жоққа шығара алмаймын. Әділет министрлігі Діни істер комитетінің соңғы мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі күні республикамызда барлық діни құрылымдар төрт мыңнан асып отыр. Қазір діни ұйымдардың барлығы туралы мәліметтер жинақталған. Еліміздегі дін бостандығын бетке ұстап, дәстүрлі діндермен таласа-тармаса басқа діндер мен секталар келіп жеткені жасырын емес.

Бірақ бұлардың кейбіреулерінің қандай жұмыстармен айналысатындығы белгілі болып, қатаң қадағалауға алынып отыр. Кейбір секталардың ел тәуелсіздігіне қауіп төндіретіндігі айқындалды.

Қоғамдық міндеттердің барлығына: сайлауға қатысуға, әскерге баруға, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетуге тыйым салынған, талап қойылған. Олар жоғары оқу орнына бармауға, адамдардың конституциялық құқықтарын шектеуге үндейді. Кейбір сектаға іліккендер бірте-бірте сол елдің азаматы болудан қалып, қоғамдық ортадан бөлектене береді. Бейресми деректерге қарағанда, кейбір отбасылар балалы болудан да бас тартатын көрінеді. Өйткені барлық уақыт тек уағызға арналуы керек деген догмаға басы айналған. Бұл ақырындап отбасының берекесін кетіріп, ерлі-зайыпты адамдардың, туған-туысқандарының бір-бірінен безіп кетуіне әкеледі. Ең ақыры, өз елінің туын сыйламайтын, әнұранын айтпайтын, жау келсе, қаруға жармаспайтын қара шемен жүректілер көбейеді. Ал бұл - мемлекет қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ең алғашқы жаулар. Тіпті мерзімді басылым беттерінде өздері енген секталардың діни сенімі бойынша әскерге барудан бас тартқан жастардың тізімі беріліп, қай ағымда екендігі көрсетілген.

Ал енді кейбір секталардың басшылары өзіміздің ұлт өкілі екендігі өкіндіреді.

- Террорлық әрекеттерге қарсы науқандар мұсылман құндылықтары мен исламға қарсы күрес ретінде жұртшылық наразылығын тудыратын да кездері бар. Осындай діни ағымдар нақты идеология ұстанып, ақпараттық соғыстарға қолданылып жүр ме?

- Құдайға шүкір, Қазақстан халқы экстремизм мен лаңкестікті дер кезінде түсінді. Оның үстіне ондай жамандықтардың алдын алу да өз нәтижесін берді.

«Хизб-ут-тахрир», «Уаххаби», «Таблиғи-жамағат», «Тәкфир» секілді діни ұйымдар өздерінің саяси мақсаттарын жасырмайды. Олардың идеологиясы - Қазақстан мен Орталық Азия территориясында Ислам халифатын құру болып табылады. Мемлекеттің конституциялық жүйесіне қауіп төндіретін бұл діни топтар Казақстан Республикасының «Экстремизмге қарсы күрес» заңына сай өз әрекеттерін ресми түрде тоқтатты. Әйтсе де, әр жерден олардың мүшелері анда-санда із тастап отырады.

- Елдің қауіпсіздігі мәселелерін шешуде мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда кедергілер бар ма? Бұл жерде қауіпсіздік мәселесін жалпылама ұғымда айтып отырғанымды түсініп отырған боларсыз.

- Қазіргі таңда жергілікті атқару органдары, Діни істер комитеті өздерінің жұмыстарында еліміздегі миссионерлік қызметке ерекше назар аударады. Республикада кейбір миссионерлердің діни ахуалға кері әсері анықталғаннан кейін қазір олардың түп-тамырын зерттеу қолға алынды. Дәстүрлі және дәстүрлі емес діндерді халыққа үнемі түсіндіру қажет.

Қазіргі қолданыстағы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңымыз тәуелсіздігіміздің алғашқы күңдерінде, 1992 жылы қабылданған болатын. Осы жылдар ішінде көп мәселелер айқындалып, өмірдің өзі бұл заңға өзгеріс керек екендігін көрсетті. Әсіресе, өткен жылы осы заңға өзгерістер енгізу туралы батыл пікірлер айтылды.

- Бірақ соған қарамастан, заң жобасы Президенттің алдынан кейін қайтты. Бұл жайлы не ойлайсыз?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуі
Қазақстанның құқықтық демократиялық әлеуметтік және зайырлы мемлекет ретінде дамуы
Қазақстанның зайырлы мемлекет ретінде дамуы: мазмұны, белгілері, болашағы
Зайырлылық
Діннің мемлекет пен ұлт қалыптастырудағы рөлі
Діни философия мен таным негіздері және зайырлылық
Жанжалдың конструктивтік және деструктивтік функциялары
Зайырлылық түсінігі
Қазақстандағы діни жағдайдың заңдық негіздері
Қазіргі заманғы құқықтық мемлекет пен діни бірлестіктер қарым-қатынасының негізгі үлгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz