Атмосфера ауа тіршілік үшін маңызы және ластанудан қорғау жолдары


Атмосфера ауа тіршілік үшін маңызы және ластанудан қорғау жолдары

Жер атмосферасы (грекше: atmos - бу және sphaira) - Жерді қоршап тұрған газды қабықша. Атмосфера деп Жерді онымен бірге айнала жүріп оны қоршап тұрган газды ортаны айтамыз. Атмосфераның массасы 5, 15-5, 9 х 10 15 тонна. Атмосфера Жер бетіндегі барлық тіршілік процестерінің жүруін қамтамасыз етіп, адамзат тіршілігінің барлық жактарына үлкен әсер етеді.

Атмосфераны зерттеуші мамандардың пікірінше, ол Жер бетінен қашықтаған сайын түрлі температурадағы бірнеше аймақтардан тұрады.

Атмосфераның құрылысы бірнеше қабат құрылымнан тұрып, тропосфера, стратосфера, мезосфера және термосферадан тұрады. 1000 км және одан ары қарай экзосфера болып, онда атмосфералық газдар әлем кеңістігіне таралады. Осы қабатта атмосфера бірте-бірте планета аралық кеңістікке ауысады.

Атмосфераның Жер бетіне ең жақын қабаты "тропосфера" деп атапады. Бұл қабаттың орта ендікте теңіз деңгейінен биіктігі - 10-12 км, экваторда- 16-18 км, полюстерде - 7-10 км. Осы қабатта жауыншашын, бұлттар түзіліп, найзағайлар күн күркіреуі жүреді. Тропосфераның жоғарғы жағында 40 км - ге созылатын стратосфера қабаты орналасқан. Онда ылғалдылық біршама төмен, атмосферадағы озонның көп бөлігі осы қабатта жинақталған, озон Күннің ультракүлгін сәулелерін сіңіріп, атмосфераны қызып кетуден сақгайды.

Стратосферадан кейін 50 км биіктікте мезосфера қабаты орналасқан. Мезосферада температура одан әрі қарай төмендеп, 80 км биіктікте - 70°С -қа түседі. Мезосферадан жоғары белгілі шекарасы жоқ термосфера орналасқан, онда 500-600 км биіктікте температура +1600° жетеді. Атмосфераның қабаттарындағы ауа биіктеген сайын сұйылып, қысым төмендейді.

Табиғат үшін атмосфералық ауаның маңызы ерекше және әртүрлі. Ол, біріншіден, фотосинтез үшін көмірқышқыл газының және тыныс алу үшін оттектің көзі. Ол тірі организмдерді космостық сәулелерден қорғайды, Жерде жылуды сақтайды, климатты реттейді, зат алмасудың газ тәрізді өнімдерін қабылдайды, планетада су буларын тасымалдайды, бұлт, жауыншашын түзілетін және басқа да метеорологиялық процесстер жүретін орын, ұшатын организмдер үшін тіршілік ортасы болып саналады, топырақгың құнарлылығына әсер етеді, т. с. с.

Ғалымдардың пікірінше, қазіргі заманғы атмосфераның шығу тегі екінші реттік және ол Жердің қатты қабықшасынан планета түзілгенннен кейін бөлінген газдардан түзілген. Жердің геологиялық тарихы барысында Жердің атмосферасы түрлі факторлар: атмосфералық ғаздардың космос кеңестігіне бөлінуі, вулкандардың әрекетінен газдардың бөлінуі, күннің ультракүлгін сәулелері әсерінен молекулалардың ыдырауы, атмосфера компонентгері мен жер қабығының жыныстары арасындагы химиялық реакциялар нәтижесінде бөлінетін газдар әсерінен үлкен эволюцияны басынан кешірді.

Атмосфераның дамуы геологиялық және геохимиялық процестермен, сол сияқгы тірі организмдердің тіршілік әрекеттерімен тығыз байланысты. Атмосфера Жердің беткі қабатын оның қалың қабатгарына өту кезінде көпшілігі жанып кететін метеориттердің зиянды әсерлерінен сақтап тұрады.

Атмосфера кұрамының қалыптасуына үлкен әсер ететін тірі организмдердің тіршілік әрекеттері өз кезегінде осы атмосфералық жағдайларға тікелей байланысты. Атмосфера тірі организмдерге зиянды әсер ететін Күннің ультракүлгін сәулелерінің көп бөлігін ұстап қалады. Атмосфералық оттегі өсімдіктер мен жануарлардың тыныс алу процесіне қатысса, ал көмір қышқылы өсімдіктердің қоректенуіне қатысады. Климаттық факторлар, әсіресе, жылу режимдері мен ылғалдылық адамдардың денсаулығы мен тіршілік қызметіне әсер етеді. Сонымен қатар адамның тіршілік әрекеті атмосфераның құрамы мен климатқа үлкен әсер етеді. Планетадағы оттегі тірі заттар арқылы 5200-5800 жылда толық жаңарады. Ал оның бүкіл массасын 2 мың жылда тірі организмдер сіңірсе, көмірқышқылын - 300-395 жылда сініреді.

Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер

Өндірістің қарқындап дамуына және отын түрлерін кең масштабта жағуға байланысты атмосферадағы бос оттектің қоры азайып, ал көмірқышқыл газының мөлшері жоғарылауда. Нәтижесінде табиғатгағы көміртектің айналымы бұзылды деуге болады. Академик А. П. Виноградов зерттеулер нәтижесінде көмірқышқыл газының концентрациясы жыл сайын 0, 2% ға ұлгайып отырғанын анықтады. Адамзат қоғамында адам баласы отты ең алғаш peт қолданған күннен бастап осы күнге дейін түрлі жану процестерінде 273 млрд. тонна огтегі жұмсаған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға жуығы) соңғы жарты ғасырда ғана жұмсалған. Көміртек айналымының бұзылуы мен атмосферада көмірқышқыл газының концентра
циясының жоғарылауы Жердегі барлық химиялық тепе-теңдікке үлкен әсер етеді.

Атмосфера табиги және жасанды (антропогендік) жолмен ластанады.

Табши лартацу, Атмосферада унемі белгілі мөлшерде шаң болады. Шаң табиғатта жүретін табиғи процестер нэтижесінде түзіледі.

Шанның үш түрі болады; минералдық (органикалык емес), органикалық және космостық. Тау жыныстарының үгітілуі мен бұзылуы, вулкандар атқылауы, орман, дала, торфтардың өртенуі, теңіз беттерінен судың булануы минералдық шаңның түзілуіне себеп болады. Органикалық шан ауада аэропланктондар-бактериялар, саңырауқұлақтардың споралары мен өсімдіктің тозаңдары, т. б. түрінде және өсімдіктер мен жануарлардың ыдырау, ашу, шіру өнімдері түрінде болады. Космостық шаң жанған метеориттердің қалдықгарынан түзіледі. Табиғи ластанудың бір түрі космостық шаң атмосферадағы жанған метеориттер қалдыктарынан түзіледі, 1 жыл ішінде оның мөлшері 2-5 млн тоннаға дейін жетеді. Табиғи шаң жер атмосферасының негізгі құрам бөлігі болып табылады. Табиғи шаң бөлшектері органикалық немесе бейорганикалық болуы мүмкін, олардың радиусы шамамен 10" -10" см болады және топырақ пен тау жыныстарының үгітілуі, вулкан аткылауы, орман, дала, торфтардың өртенуі немесе су беттерінен булану нәтижесінде тұзілуі мүмкін. Атмосфераның төменгі қабаттарындағы шаң сусыз шөл далалардан пайда болады немесе аэропланктондар - бактерия, өсімдік споралары, саңырауқұлақтар, өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарының шіру, ыдырау өнімдерінен түзіледі.

Мұхит үстіндегі ауа атмосферасында магний, натрий, кальций тұздарының майда кристаллдары болады, олар су шашырандылары ауада құрғап қалғанда түзіледі. Әдетте табиғи жолмен ластану биогеоценоздар мен онда тіршілік ететін организмдер үшін аса көп зиян келтірмейді.

Жасанды ластану. Атмосфераны ластаушылардың ең негізгілері транспорт түрлері, әсіресе автомобильдердің жанармайларының жану өнімдері-болып табылады. Француз ғалымы Ж. Детрйдің есептеулері бойынша. автомобильдерден бөлінген газдардың құрамында көмірқышқыл газы - 9%, көміртек оксиді -4%, көмірсутектер- 0, 5%, ; оттек - 4%, сутек -2%,

Азот оксидтері - 0, 006% барлығы 200 ге жақын компонентгер бар екенін анықтады. Қоршаган ортаға көміртек, күкірт және азот оксидтерімен бірге бензиннің құрамына кіретін канцерогенді заттар, мысалы 3, 4-бензопирен мен қорғасын өте зиянды әсер етеді.

Атмосферага транспорттардан бөлінген газдардың құрамында 25-27% қорғасын болатыны анықгалған. Және оның 40% диаметрі 5 мкм ге дейін болатындыктан ауада ұзақ уақыт сақталып, онымен бірге адам организміне түсетіндігі белгілі болды.

Қазіргі кезде бүкіл әлемде шамамен 500 млн аса автомобиль жүріп тұрса, ұлкен қалалардағы атмосфералық ауаның тазалығын сақтау адамзат үшін қаншалықты маңызды екені түсінікті. Мысалы, Лос-Анджелес қаласының ауасын үнемі 2, 5 млн автомобиль, Парижде - 900 мың, т. с. с. ластайды. Ал әрбір мың автомобильден күніне ауаға 3000 кг көміртек оксидтері, т. с. с отынның толық емес жану өнімдері бөлінеді. Бұл физико-химиялық қоспалар тыныс алу кезінде адам мен жануарларға аса зиянды болып табылады.

Қала және адамның денсаулығы

Қазіргі кездегі адамның экологиялық ортасы - қала. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремалды деуге болатын орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жиналады.

Дүние жүзініқ қалаларында қазір ғаламшарымызды мекендейтін халықтың шамамен жартысы шоғырланган. Соңгы 45 жылда қала халқының саны 729 млн-нан 2540 млн. адамга дейін өсті, яғни 3, 5 еседей, ал олардың халықтың жалны санындағы үлесі 29-дан 44%-га дейін артқан. Сонымен қатар, қалалардың іріленуі жүріп отыр. 1995 жылдың соңына қарай дүние жүзінде халқының саны 1 млн. -нан астам халңы бар 320 қала және 5 млн. -нан астам халқы бар 48 қала болған.

Бірақ, урбанизация (латын тілінен аударганда urbanus - қалалық) процесі тек қала халқының немесе қалалардың мөлшері мен санының артуымен ғана шектелмейді. Сонымен- қатар, бұл процесс қоғам өміріндегі қалалардың рөлінің артуынан көптеген адамдардың өмір сүру салтының өзгеруінен де көрінеді

Қалалардагы адам экологиясына тән нәрсе - бұл
табиғи экологиялық факторлардан оқшаулану болып
табылады. Қажетті мөлшерде өсімдіктер, тірі топырақпен
сумен қамтамасыз етілген. Адамның биологиялық табиғаты мен оның табиғатқа қарсы іс-әрекетінің нәтижелері арасындагы қайшылық, әсіресе қала жағдайында шиеленісе түседі.

Қазііргі кезде қала - күрделі әлеуметтік-экономикалык ағза. Ол демографиялық, экономико-географиялық, инженерлік-құрылыс, сәулеттік факторлардың әсерінен, қоршаган экономикалық кеңістік пен табиғи ортаның алуан түрлі өзара әсерлері нәтижесінде қалыптасады. Көбінесе, қалалармен қоғамдық процестің көптеген белгілерін байланыстырады. Бірақ, қала өркениеті - қолайлы жағдайлар, тұрмыстың жеңілдеуіне әкелгенмен, коммуникация тығыздығы, , әр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктері -тек барлық жағынан қолайлы орта емес.

Қала ортасы адамның басты сапасы - оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық-түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транспорттың қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы, тұрмыстың химияландырылуы, шектен тыс көп ақпараттардың, ағыны, уақыттың жетіспеуі, гиподинамия, эмоциогенді қысым, дұрыс тамақтанбау, зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы -осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығың нашарлатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауаны ластайтын ластағыш заттар
Ауаны ластанудан қорғау
ЭКОЛОГИЯ ЖƏНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ. Оқу құралы
ГИДРОСФЕРА - ЖЕРДІҢ СУ ҚАБАТЫ
Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау және қорғау жолдары
Атмосфераның негізгі қасиеттері және оның экологиялық мәні
«Биоэкология» пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
АТМОСФЕРА - БИОСФЕРАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАМ БӨЛІГІ
АТМОСФЕРА — БИОСФЕРАНЫҢ НЕГІЗГІҚҰРАМ БӨЛІГІ
Табиғи обьектілердин экологиялык жағымсыз салдарына экономикалык баға беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz