Ауған соғысының ардагері


АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ
1981 жылы сәуір айында әскер қатарына шақырылған Әділ Бектасұлы Әбдіқалықов (төменгі суретте солдан бірінші) Ауған жеріндегі сұрапыл соғыстың бел ортасында боламын деп ойламаған жастарымыздың бірі. Ауған жеріндегі кеңестік шектеулі әскери топтың құрамында Жололабад қаласынан бір-ақ шыққан ол саперлер ротасына жіберіледі. Екі жыл ішінде барлығы жиырмадан астам арнайы әскери операцияларға қатысып, ерен ерлігімен көзге түскен жауынгер «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады.
Ауған соғысының ардагері әскер қатарынан босаған соң, КСРО ішкі істер министрлігінің Шымкент қаласындағы арнайы мектебін бітіріп, біраз жыл құқық қорғау органдарында тиянақты қызмет атқарады. 1986 жылы қоғамдық ұйымдардың ұсынысымен Қаратал ауданындағы Ауған соғысы ардагерлерінің ұйымына төрағалыққа сайланады. Аталған ауданда 62 Ауған соғысының ардагері тіркелген болса, оның жетеуі әділетсіз сойқанды соғыста қаза тапты. Осы бір аяулы азаматтардың есімін ел есінде қалдыру мақсатында Әділ Бектасұлының бастамасымен олардың туған ауылдарында көше аттары беріліп, арнайы еске алу шаралары тұрақты ұйымдастырылды.
Мәселен, Ауғандағы соғыстан ауыр жарақат алып келген Қәлпе ауылының азаматы ақыры сол жарақат салдарынан дүниеден озды. Әділ Бектасұлы тиісті орындарға хабарласа отырып, жауынгер есімін өз ауылының бір көшесіне берілуіне мұрындық болды. От пен оқтың ортасынан аман келіп, бейбіт күнде бұзақылардың қолынан мерт болған «Красный Восток» ауылының тұрғыны, Ауған соғысының ардагерін соңғы сапарға шығарып салудың бар қаржылық ауыртпалығын аудандық Ауған соғысының ардагерлері ұйымы өз мойнына алып, туған жер қойнына арулап жерледі. Қарулас болған достары басына арнайы ескерткіш тақта қойып, ақ кірпіштен көрнекті қорым тұрғызды.
Өмірдің қуанышы мен қиындығы қатар жүретін кезеңдерде қаруластары қатарынан табылуға тырысатын Әділ Әбдіқалықовты олар 2004 жылы үлкен сеніммен бір ауыздан Алматы облыстық Ауған соғысы ардагерлері ұйымы төрағасының орынбасары қызметіне ұсынды. Қаруластарының сенімі ақталды деуге болады: Әдекеңнің жетекшілік етуімен облыс көлемінде бірнеше мәртебе тәлімдік мәні бар шаралар ұйымдастырылды. Мысал ретінде айтар болсақ, осы жылдары Талдықорған және Үштөбе қалаларында Ауған соғысында мерт болған боздақтарға арналып сәулетті ескерткіштер ашылды.
Талай тағлымды істерге мұрындық болып жүрген Әділ Бектасұлы 2009 жылдың 25-сәуірінен Қапшағай қаласының Ауған соғысы ардагерлері ұйымына басшылық жасап келеді. Ұйымда біраз жылдардан бергі қордаланып қалған мәселелер баршылық десек, олар рет-ретімен өз шешімін тауып келеді. Бүгінгі күні ұйымда 122 мүше тіркелген болса, оның бесеуі Ауған жерінде мерт болғандар. Ал, үшеуінің Шеңгелді ауылының түлектері екендігін ескерсек, ауыл мектебінде (жоғарғы суретте) олардың ерліктерін паш ететін арнайы белгі-тақта қойылды. Әділ Әбдіқалықовтың бастамасымен қолға алынған осынау ескерткіш тақта бүгінде өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке, патриоттыққа, ұлтжандылыққа баулып тәрбиелейтін қастерлі орынға айналып отыр.
Сөз ретінде шындығын айтсақ, Ауған соғысы ардагерлерінің әлеуметтік тұрғыдан әлі күнге дейін лайықты деңгейде қорғалмай келе жатқаны бәрімізге белгілі. Дей тұрсақта, төрағамыздың қала әкімдігінің алдына ардагерлердің шешілуі тиісті мәселелерін дұрыс қоя білуінің, басқа да тиісті орындармен тығыз байланыста болуының нәтижесінде бүнгі күні Ауған соғысына қатысушыларға қала ішіндегі автобус көліктерінде тегін жүріп-тұруға, шаштараз қызметі бойынша 70 пайыз, моншаға 50 пайыз жеңілдік алуға қол жеткізілді.
Тағы бір айтарлық жай сол, биылғы жылдан бастап әр ардагерге ай сайын электр қуатының 40-50 квт пен бір газ баллоны тегін берілетін болып шешілді және осыларға кететін шығындар қала бюджетінде қарастырылатын болып отыр.
Биылғы жылы бірқатар Еуропа және ТМД елдерінде Ұлы Отан соғысының 65 жылдығының Жеңіс мерекесі салтанатты түрде атап өтілмек. Осынау айтулы мерекеге орай Қапшағайдың көрнекті жерінен Ауған соғысының боздақтарына арнап ескерткіш қою мәселесі өз шешімін тауып, оның орналасатын жері белгіленді. Келешекте бой көтеретін ескерткіштің жас ұрпақтың тағзым етіп келер орнына айналарына сенімдіміз. Осындай игі істерге ұйытқы болып жүрген Әділ Әбдіқалықовтың еңбегі бағалаусыз деп те айта алмаймыз және ол бірқатар қоғамдық істерді атқаруда белсенділік танытып, жастарды Тәуелсіз Отанды сүюге және қорғауға жалықпай үндеп келеді.
«Астанның 10 жылдығы» медалінің иегері, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының бақылау комиссиясының мүшесі, «Ауғанның от жалыны» кітабының авторы Әділ Бектасұлы өмірлік серігі Айнаш Некенқызымен екі бала тәрбиелеп отырған өнегелі жанұя. Өмірлік серігі демекші, кәсіпкер Айнаш Некенқызы Тәуелсіздігімізді бір табан жақындатқан, қоғам өміріне үлкен тарихи серпіліс әкелген 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісінің белсенді қатысушыларының бірі екендігін де айта кеткеніміз жөн болар.
Қорыта айтқанда, отыз жылға жуық Ауған соғысына қатысушылардың талап-тілек, мүдделерін қорғаумен тұрақты айналысып, жігерлілік танытып жүрген абзал азаматымыз Әділ Бектасұлына қайтпас қайсарлық, алға қойған істерінің әмәнда орындала беруіне сәттілік тілейміз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz