Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті: реттеу, жоспарлау және жобалау
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ МЕН БОЛЖАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және оның ұйымдастырушылық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен жобалаудың теориялық және методологиялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің ерекшеліктері ... ... .21
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮЖДЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Республикалық және жергілікті бюджеттердің қазіргі кезеңдегі орындалу барысын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
2.2 Қазақстан Республикасындағы бюджеттік үрдістің қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
3. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БЮДЖЕТТІК ҮРДІСТІ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
3.1 Бюджетаралық қатынастар мәселелерінің шешілу жолдары ... ... ... ..49
3.2 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің жаңа қағидаларын дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 56
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65

КІРІСПЕ
Үкіметтің таңдап алған эконмикалық саясаты негізінде жасалынатын әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуына және дамуында алдыңғы, аңықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке өзінің экономиалық және әлеуметтік реттеуін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін аса маңызды механизмдердің бірі – қоғамның қаржы жүйесі. Осы қаржы жүйесінің ең маңызды саласы – мемлекеттік бюджет. Осы қаржы жүйесі арқылы мемлекет мемлекет органдарына жүктелген қызметтерін орындауға мүмкіндік беріп, орталықтанған және орталықтанбаған қаржы қорларының құрылуына ықпал етеді.
Бюджеттің ролі, мәні және процедуралық аспектілері экономикада нарықтық қатынастардың белсеңді өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгереді. Бюджет мемлекеттің саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі құрал болып табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім сферасын дамыту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздандыруды көрсету, және де экономиканың нақты секторының дамуын қолдау сұрақтарын шешу бюджетке негізделеді. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттің институционалды негізінің элементі болып бюджет табылады. Бюджеттің бағытын анықтаған кезде бюджеттік саясаттың барлық аспектілерімен тығыз байланыстағы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің мүдделерін ескеру керек.
Бюджет – қайта өндіру процесінің жүзеге асырылуының аса маңызды құралы. Оның көмегімен әлеуметтік бағдарламаның орындалуына, қоршаған аймақты қорғауды қамтамасыз етілуіне, ғылыми – техникалық процесті жетілдіруге, қорғаныс саласының дамуына және басқа да мемлекеттік қызметтерді орындауға шарттар жасалынады. Сондықтан шаруашылық механизмінің бюджеттік қатынастарды дамытпай, ғылыми жетілген бюджетті саясат орындалмай, бюджеттік процесті басқаруының эффективті жүйесі болмай дұрыс жұмыс істеуі болмайды.
Сол сияқты, біздің еліздегі эконмикалық реформалауы қоғамдық қаржы жүйесінің қайта құрылуы қай бағыттарда болтынына, мемлекеттің бюджеттік саясаты заман талаптарына сәйкестігіне тәуелді.
Қаржылық баланс жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орынды алуда. Ол жыл сайын заң түрінде нақтыланып отырады және мемлекеттің ақша қаражатының орталықтандырылған қорын дұрыс қолдану және құру бойынша экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады.
Жоспарлау өз кезегінде мақсаттардың, приоритеттердің жолдарын және оларға жету құралдарын анықтаудың ғылыми негізделген процессі. Тәжірибеде ол жоспар құру арқылы жүзеге асады. Оның негізгі ерекшелігі көрсеткіштердің нақтылығы, олардың сандық және уақыт бойынша анықталғандығы болып табылады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548-11 жаңа Бюджет Кодексі.
2. “Бюджет жүйесі туралы” 1999 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы.
3. “Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау туралы” 2002 жылғы 29 қаңтарыңдағы Қазақстан Республикасының Заңы.
4. Финансы. Учебник. //под редакцией Радионовой В.М. –М., 1995. –432 с.
5. Худяков А. Финансовые право Республики Казахстан (Общая часть). –Алматы, 1995. –224 с.
6. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. Учебник. -Алматы, 1997. –472 с.
7. Государственной бюджет. Учебник. // Ильясов К.К и другие –Алматы, 1994. –267 с.
8. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1998 жылы 19 сәуір.
9. Зейнельгабдин А.Б. Финансовая система: экономическое содержание и механизм использования. –Алматы, 1995. –160 с.
10. Эсберг К.Т. Курс финансовой науки. –Санкт-Петербург, 1913. –113 с.
11. Мельников В.Д., Ильясов К.К Финансы. Учебник. –Алматы, 2001. –512 с.
12. Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуының 2004 –2006 жылдарға арналған индикативтік жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 926 қаулысы
13. Воронин А.Г., Лапин В.А., Широков А.Н. Основы управления муниципальным хозяйством. –СПБ., 1992. –540 с.
14. Пояснительная записка к проекту Закона Республики Казахстан “ О республиканском бюджете на 2005 год”. Постановление Правительства от 31 августа 2004 года № 20/5532.
15. Брачева Т.В. государственные финансы. Учебное пособие. –СПб.: Питер, 2001. –288 с.
16. Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуының 2005 – 2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы №917 қауылысы.
17. Хурсевич С.Н. Использование нормативного подхода организации бюджетного выравнивания. //Финансы. –1996. -№10. –С. 7-9.
18. Финансы. Учебник для вузов. //Под ре. Л.А. Дробзиной. –М., 2000. –257 с.
19. Бол Рой, Иохинес Ф.Ли. городские общественные финансы в развивающихся странах. –Нью-Йорк, 1992.
20. Ким И. Роль бюджета в развитии экономики и культуры. –Алматы77, -1967.
21. Баймуратов У.Б., Зейнельгабдин А.Б., Жансарбаев Б. Проблемы совершенствования механизмов налогово – бюджетного регулирования. //Экономические реформы: особенности переходного периода. В 2-х томах /под ред. Мамырова Н.К. Том 2. –Алматы: Экономика – 1999 –С. 96-105.
22. Алимбаева А.А., Утешев С.Б., Ахметов С.Н., Таубаев А.А. Региональная социально-экономическая система. –Караганда: Санат, 2002, Том 2. 409 с.
23. Исентаев Г.К. Особенности стратегического планирования регионов. //Реалии и социально-экономического развития Казахстана. /Сборник научных трудов. Отв.ред. Мамыров М.К. –Алматы: Экономика, -1999. –С.143-148.
24. Вустер Д. Реформа межбюджетных отношений в Казахстане. //Ал-Пари.-2000. -№2. –С.43-48.
25. Саткалиев М.А. Сущность и содержание финансовых ресурсов региона. //Экономические реформы: Особенности переходного периода. /Сб.научных трудов. под ред. Мамыров М.К. –Алматы: Экономика, -1999. –С.70-76.
26. Бримбетова М.Ж. Трансформация механизма бюджетного регулирования экономики. //Известия МО иН РК, НАН РК. –1999. -№3. –С.14-23.
27.Мельников В.Д., Ли В.Д. Общий курс финансов: Учебник.- Алматы:
Институт развития Казахстана, 2001-295с.
28.Исахова П. Мемлекеттік бюджет: Оқу құралы.-Алматы: Экономика,
1998-268с.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Экономика және бизнес факультеті
Менеджмент және бизнес кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТІ: РЕТТЕУ, ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ
ЖОБАЛАУ
Орындаған:
Ғылыми жетекші
Қорғауға жіберілді
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ МЕН БОЛЖАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және оның ұйымдастырушылық
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
. Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен жобалаудың теориялық және
методологиялық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..11
. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің ерекшеліктері ... ... .21
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮЖДЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.28
. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қазіргі кезеңдегі орындалу
барысын
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 8
2.2 Қазақстан Республикасындағы бюджеттік үрдістің қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
3. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БЮДЖЕТТІК ҮРДІСТІ ЖЕТІЛДІРУ
БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..49
3.1 Бюджетаралық қатынастар мәселелерінің шешілу жолдары
... ... ... ..49
3.2 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің жаңа қағидаларын
дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 65
КІРІСПЕ
Үкіметтің таңдап алған эконмикалық саясаты негізінде жасалынатын әрбір
дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуына және дамуында
алдыңғы, аңықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке
өзінің экономиалық және әлеуметтік реттеуін жүзеге асыруға мүмкіндік
беретін аса маңызды механизмдердің бірі – қоғамның қаржы жүйесі. Осы қаржы
жүйесінің ең маңызды саласы – мемлекеттік бюджет. Осы қаржы жүйесі арқылы
мемлекет мемлекет органдарына жүктелген қызметтерін орындауға мүмкіндік
беріп, орталықтанған және орталықтанбаған қаржы қорларының құрылуына ықпал
етеді.
Бюджеттің ролі, мәні және процедуралық аспектілері экономикада
нарықтық қатынастардың белсеңді өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгереді.
Бюджет мемлекеттің саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі құрал болып
табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және
қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім сферасын
дамыту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздандыруды көрсету, және
де экономиканың нақты секторының дамуын қолдау сұрақтарын шешу бюджетке
негізделеді. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттің институционалды негізінің
элементі болып бюджет табылады. Бюджеттің бағытын анықтаған кезде бюджеттік
саясаттың барлық аспектілерімен тығыз байланыстағы мемлекеттің экономикалық
қауіпсіздігінің мүдделерін ескеру керек.
Бюджет – қайта өндіру процесінің жүзеге асырылуының аса маңызды
құралы. Оның көмегімен әлеуметтік бағдарламаның орындалуына, қоршаған
аймақты қорғауды қамтамасыз етілуіне, ғылыми – техникалық процесті
жетілдіруге, қорғаныс саласының дамуына және басқа да мемлекеттік
қызметтерді орындауға шарттар жасалынады. Сондықтан шаруашылық механизмінің
бюджеттік қатынастарды дамытпай, ғылыми жетілген бюджетті саясат
орындалмай, бюджеттік процесті басқаруының эффективті жүйесі болмай дұрыс
жұмыс істеуі болмайды.
Сол сияқты, біздің еліздегі эконмикалық реформалауы қоғамдық қаржы
жүйесінің қайта құрылуы қай бағыттарда болтынына, мемлекеттің бюджеттік
саясаты заман талаптарына сәйкестігіне тәуелді.
Қаржылық баланс жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орынды алуда. Ол
жыл сайын заң түрінде нақтыланып отырады және мемлекеттің ақша қаражатының
орталықтандырылған қорын дұрыс қолдану және құру бойынша экономикалық
қатынастардың жүйесі болып табылады.
Жоспарлау өз кезегінде мақсаттардың, приоритеттердің жолдарын және
оларға жету құралдарын анықтаудың ғылыми негізделген процессі. Тәжірибеде
ол жоспар құру арқылы жүзеге асады. Оның негізгі ерекшелігі көрсеткіштердің
нақтылығы, олардың сандық және уақыт бойынша анықталғандығы болып
табылады.
Осы жұмыстың негізгі мақсаты қоғамдық қаржы жүйесінің маңызды элементі
болып табылатын мемлекеттік бюджеттің, оның құрылуының, орындалуы мен
ұйымдастырылуының, бюджеттік жүйе мен бюджеттік процестің негізгі шарттарын
талдау болып таблады.
Бұл жұмыста экономикалық қауіпсіздік мүддесінің Қазақстандағы бюджетті
жоспарлау процедурасымен сәйкестігіне талдау жасалды. Нарықтық моделі бар
экономикасы дамыған елдерде болжамдау мен жоспарлау экономиканы мемлекеттік
реттеудің маңызды құралы болып табылады. Бұл құралды мақсатты түрде
қолданып, бұл елдер техникалық прогресте, халықтың өмірлік деңгейін
жоғарлатуда және басқа да әлеуметтік-экономикалық облыстарда көптеген
жетістіктерге жеткені белгілі. Соған байланысты шет мемлекеттердің
тәжірибесі де сараланды.
Бітіру жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен қоланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың бірінші бөлімінде мемлекеттің
саясатын жүзеге асырудағы бюджеттің алатын рөлі мен мәні, оны жоспарлаудың
теориялық және методолгиялық аспектілері, сонымен қатар бюджеттік үдістің
ұйымдастырушылық негіздері қарастырылған. Екінші бөлімде Республиканың
бюджет жүйесінің қазіргі жағдайы талданып, оған жан-жақтылы сараптама
жасалған. Ал жұмыстың үшінші бөлімі бюджеттік үрдісті нарық жағдайында
жетілдіру жолдарына арналған. Қорытынды бөлімде жұмысты жазу барысында
алынған нәтижелер негізінде тұжырымдар мен ұсыныстар жасалынған.
1.МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ МЕН БОЛЖАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және оның
ұйымдастырушылық негіздері
Бюджет – мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың
шешімдерімен бекітілетін, мемлекет өз міндеттерін қамтамасыз етуіне
арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен
жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң
актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын
орталықтандырылған ақша қоры.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде өіне
тән объективті сипаты бар. Оның дербес бөлу сала ретінде бар болуы дамуы
орталықтандырылған сәйкес ресурстарға мұқтаж болатын қоғамдық өндіріспен
алдынала объективті анықталған 1.
Ақша құралдарының орталықтануы барлық халық шаруашылығы масштабындағы
қорлардың іркіліссіз айналымын ұйымдастыру және экономиканың барлық
салаларының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуі үшін қажет.
Айрықша бюджеттік саланың құндылық бөлінуінің бар болуы тағы табиғат
пен мемлекет функцияларымен шарттасылған. Соңғысы тез қарқынмен дамып
жатқан салаларды қаржыландыру үшін, қоғамдық масштабта әлеуметтік-мәдени
шараларды өткізу үшін, қорғаныс саласындағы мәселелерді шешу үшін,
мемлекеттік басқарудағы жалпы шығындарды өтеу үшін орталықтандырылған
қаражаттарды қажет етеді. Сол сияқты мемлекеттік бюджеттің бар болуы -
адамдардың субъективті қалау емес, ол кеңейтілген қайта өндірудің
қажеттіліктерімен, табиғат және мемлекет функцияларымен анықталған
объективті қажеттілік.
Мемлекеттік бюджетте мемлекетпен жүзеге асырылатын қаржылық
орталықтандыру қағидасы нақты қолданған. Орталықтандырылған қаржылық
ресурстар мемлекеттің өндірілетің жоспарланған қарқынын және
үйлесімділігін, салалық және территориялық құрылымын дамытуға, бірінші
кезекте экономика салаларының прогрессивті дамуына қажетті мөлшердегі
қаржыларды қалыптастыру, ірі әлеуметтік жаңғыртуларды жүзеге асыруды
қамтамасыз етеді. Қаржылардың орталықтанылуы арқасында мемлекеттің
экономикалық және әлеуметтік саясатының табысты жүзеге асуына жағдайлар
дайындап, қаржылар экономикалық және әлеуметтік дамудың шешімді
телімдерінде шоғырланады.
Қаржылық қайта бөлудің ерекше бөлімі ретінде мемлекеттік бюджет
өзіндік қоғамдық арнаулы қызметін атқарады – жалпы мемлекеттік қаржыларды
қанағаттандырады2.
Бюджет қатынастары арқасында ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету
және қоғамдық өндірістің салалық және территориялық құрылымдардағы
жоспарланған жылжытуларға жетумен байланысты өндірісті дамыту шығындары
өтелінеді; жалпы мемлекеттік масштабтағы резервтік қорлар құрылды;
өндіріске қатысты емес, жалпы басқару шығындары өтелінді; ұжымдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру және еңбекке жарамсыздарды асырауға арналған
қорларды құруға кеткен шығындар, мемлекет шекарасын қорғауға кеткен
шығындар, Қорғаныс күштерін асырауға, интеграцияның және басқа да дамуларға
кеткен шығындар іске асырылады.
Біз көріп отырғанымыздай, мемлекеттік бюджет қаржылық қатынастардың
аңықталған жиынтығы ретінде жалпы қаржы категорияларына тән сипаттарға ие
болады: бюджеттік қатынастардың бөлу сипаты; әрқашанда ақша түрінде іске
асырылады; қалыптастыру және арнаулы ақшалай қорлармен еріп жүреді. Сонымен
қатар, мемлекеттік бюджет құндық бөлудің өзіндік саласы ретінде келесімен
сипатталады:
Мемлекет қолындағы кері өнім құны бөлшегінің және жалпымемлекеттік
қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлу
қатынастарының экономикалық түрі болып табылады;
Құндылық тұтынуға кіретін өндірістік емес саланың қаржыларын және құру
мен құнның өндірістік тұтынуымен байланысты қоғамдық қызмет салаларымен,
экономика секторларымен, ел территорияларымен, халық шаруашылығы салалары
арасындағы құндылықтарды қайта бөлуге бағытталған;
Қоғамдық өнімнің тауарлы түріндегі қозғалысымен тікелей байланысты
емес және одан белгілі айырудағы бөлудің құндылық сатысын білдіреді. Сол
уақытта материалды өндірісте және өндірістік емес саладағы қаржылық
қатынастар тауар-ақша қатынастарымен тығыз байланыста болады;
Қоғамдық өнім құнының бюджеттік бөлу түрлері және пропорциялары қоғам
дамуының әрбір кезеңінің алдында мақсаттармен жалпы кеңейтілген қайта
өндірудің қажеттіліктермен анықталады;
Бюджеттік бөлу саласы қаржы-несие жүйесінің басқа салаларымен
салыстырғанда алдыңғы қатарда жүріп, орталық орынды алады.
Қаржылық баланс жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орынды алуда.Ол

қатынастардың жүйесі болып табылады. Мемлекеттік бюджет орталықтандырылған
және облыс, аудан, қала бюджеттерінен тұратын жергілікті бюджет болып
бөлінеді.Нысаны бойынша мемлекеттік бюджет баланс сияқты болып келеді. Оның
кірісті бөлігіне салық, салықтық емес түсімдер жатады, ал шығысты бөлігіне-
әлеуметтік қызметтерге кеткен шығындар, шаруашылық қажеттіліктері
(кәсіпорындарға дотациялар, субсидиялар,мемлекеттік бағдарламаларды іске
асыру үшін кеткен шығындар), мемлекеттік өкімет пен басқару органдарын
қамтамасыз етуге кеткен шығындар,мемлекеттік қарыз бойынша төлемдер және
т.б 3. Мемлекетте салық салу шарттарын қою мүмкіндігі бар болғандықтан,
ол жалпы сұраныс пен ұсыныстың көлеміне белсенді әсер ете алады.
Мемлекеттік баланс концепциясы барлық мемлекеттік шығындар мен
кірістердің сомаларының теңдігін қарастырады.Алайда тәжірибеде бюджеттің
шығысты бөлігі кіріс мөлшерінен асады. Ең бастысы екеуінің арасы өте алшақ
болып кетпеу керек. Көбінесе дефицитті немесе тапшылықты жабу көздерін
ішкі және сыртқы қарыз деп бөледі. Сыртқы қарыз көмегімен жабылатын жалпы
тапшылық қаражаттарды қолдануды жоспарлаумен байланысты бағаланады. Елдің
ішінде шығындарды үлкейтуге бағытталған сыртқы қарыз мемлекет
экономикасына ынталандырушы әсер етеді. Егер де сыртқы қарыз шетелде
шығындардың өсуіне әкелсе, онда ол ішкі сұранысқа әсер ете алмайды.
Қаржыландырудың ішкі көздеріне Ұлттық Банктен, коммерциялық банктерден
және банктік емес сектордан алынған қарыз жатады. Ұлттық банктен алынған
таза қарыз ақша массасының көлемін (қарыздың жалпы сомасы мен сол бойынша
қайтару немесе қайтарым қарыз сомасының арасындағы айырым) ұлғайтады.
Мемлекеттік бюджет жалпы шығын мен табысқа әсер ететін экономикалық
факторларды анықтауда басты рольді атқарады. Яғни, бюджетті құрайтын
табыстың, шығыстың және басқа да қаржылық баптардың болжамы керек. Табысты
болжамдауда экстрополяция әдісін қолдануға болады, бірақ мұндай есептеудің
нәтижелері нақты болмауы мүмкін,өйткені ол салықтық база эволюциясын
есептемейді, бұрынғы даму негізіне базаланады. Нақтырақ болжамға
функционалды тәуелділіктерді құру арқылы жетуге болады. Мұндай құрылым
дезагрегировалық деңгейі туралы шешім қабылдауды және де сәйкесінше есепті
салықтық базаны таңдауды талап етеді. Негізгі салықтық категориялар
арасындағы айырмашылықтарды талдау керек және егер де салық топтарының
базалары едәуір ерекше болса, онда бұл салық топтарын дезагрегировалау
керек.
Қосылған құн салығы үшін салықтық база болып қосылған құн мөлшері
табылады, табыс салығы үшін – салық салынуға жататын пайда сомасы, акциз
үшін- акциз қойылған тауарлар сатылымының сомасы, және т.б. 4.
Салық сомасының өсімшесі салық базасының және де салық салудың да
(мысалы,салық қойылымдарының өсуі) өсуімен байланысты болуы мүмкін.
Өзгерудің бірінші түрін автоматты әсер, ал екінші түрін дискреционды деп
атауға болады.
Автоматты әсер икемділік коэффициенті көмегімен өлшенеді 5. Мысалы:
салықтық табыс өсімшесінің қарқыны мен ЖІӨ өсімшесінің қарқыны арасында
қарым-қатынас құрылсын. Және салықтық жүйе салыстыру мерзімі ішінде
өзгермеді деген шарт қойылсын.
Дискрециондық әсерді есептеу үшін қай жылы салықтық жүйе өзгертілгені
туралы ақпаратқа ие болу керек және осы өзгерістердің салықтық табыс
сомасына әсер етуінің абсолютті шамасын анықтау қажет. Бұл мақсат үшін
пропорционалды корректировка әдісі қолданылады.Бұл әдіс фактілі салықтық
түсімдерге және дискрециондық шаралардың әсер етуінің есептелген деңгейіне
негізделген. Салықтық емес түсімдерге мүлікті қолданғанынан түскен табыс,
баждар және жинақтар кіреді. Бұлардың мөлшерлерінің болжамы осындай әдіспен
және де қаржыландыратын ұйымдардың ақпараттарына негізделу арқылы
есептеледі.
Мемлекет табыстарына қарағанда өкіметтік шығындарды болжамдауда
олардың деңгейін анықтау мүмкіндіктері аз (тек жай ғана экономикалық
қатынасқа сүйене отырып). Бұл мемлекеттік шығындар бойынша шешім қабылдау
процесінің саяси табиғатының салдары болып табылады. Бірақ та шығыстардың
экономикалық классификациясының шегінде кейбір негізгі көрсеткіштердің
эндогенді анықтамаларын қарастыруға болады.Мысалы: несие бойынша пайыз
төлемдері олардың мөлшерімен және мемлекеттік қарыздың көлемімен
анықталады. Қайтарымсыз төлемдер (трансферттер) экономикалық іс-әрекет
деңгейімен қатынаста қарастырылуы мүмкін.
Мемлекеттiк бақсарудың бюджеттiк қатынастарды реттеу саласындағы
құрылымын құрайтындар келесілер болып табылады:
- Қазақстан Республикасының Президентi;
- Қазақстан Республикасының Парламентi;
- Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi;
- Қазақстан Республикасының Үкiметi;
- экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
- бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
- бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
- iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;
- мәслихат;
- жергiлiктi атқарушы орган 6.
Қазақстан Республикасының Президентi бюджеттiк қатынастарды реттеу
саласында: республикалық бюджеттi әзiрлеу және оның атқарылуы туралы есеп
беру тәртiбiн айқындайды; Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол
туралы ереженi бекiтедi, оның құрамын айқындайды; Қазақстан Республикасының
аумағында төтенше мемлекеттiк бюджет енгiзу туралы шешiм қабылдайды және
оны әзiрлеу тәртiбiн айқындайды; мемлекеттегi жағдай мен республиканың iшкi
және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл
сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының бюджет
саясатының негiзгi бағыттарын айқындайды; Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорын басқару жөнiндегi кеңес құрады және ол туралы ереженi бекiтедi;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану
тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемi мен
бағыттары жөнiнде шешiмдер қабылдайды;Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есептердi бекiтедi; Бюджеттік
Кодексте көзделген жағдайларда тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына
арналған республикалық қаржы жоспарын бекiтедi; Қазақстан
Республикасының Конституциясына жән е заңдарына сәйкес өзге де
өкiлеттiктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Парламентi бюджеттiк қатынастарды реттеу
саласында: республикалық бюджеттi, сондай-ақ республикалық бюджетке
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi бекiтедi;
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Республикалық бюджеттiң атқарылуын
бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы
есептерiн бекiтедi; Қазақстан Республикасының Конституциясында Парламентке
жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi
бюджеттiк қатынастарды peттeу саласында:
республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбiн
белгiлейдi; iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен бiрлесiп
емлекеттiк қаржы бақылауының стандарттарын әзiрлейдi, сондай-ақ оларды
бекiтедi және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асырады;
төтенше мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;
бақылау iс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешiмдердiң
орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге
асырады 7.
Қазақстан Республикасының Үкiметi бюджеттiк қатынастарды реттеу
саласында: Қазақстан Республикасының Парламентiне республикалық бюджеттi
және оның атқарылуы туралы жылдық есептi табыс етедi;
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне
республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi табыс етедi;
жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды;
республикалық бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi, республикалық және
жергiлiктi бюджеттердi атқару тәртiбiн айқындайды;
тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру
туралы қаулы қабылдайды; қарыз алуды жүзеге асырады; шикiзат секторы
ұйымдарының тiзбесiн бекiтедi; орта мерзiмдi фискалдық саясат жобасын
әзiрлеу тәртiбiн айқындайды; бюджеттiк инвестициялық жобаларды
(бағдарламаларды) қарау тәртiбiн айқындайды; салықтық емес түсiмдердi алуға
жауапты және олардың түсуiне бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi
мемлекеттiк органдардың тiзбесiн, оларды бюджетке аудару тәртiбiн
айқындайды; мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер беру
қажеттiгi туралы шешiмдер қабылдайды; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер беру тәртiбiн,
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың
қарыздарын және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды алу, пайдалану, өтеу
және оларға қызмет көрсету, оларды тiркеу мен есепке алу, мемлекеттiк және
мемлекет кепiлдiк берген борыштың мониторингi мен оны басқару тәртiбiн
айқындайды; мемлекеттiк мекемелердiң өз иелiгiнде қалған тауарларды
(жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақшаны пайдалану
тәртiбiн айқындайды; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi
атқарушы органдардың резервiн пайдалану тәртiбiн айқындайды; Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорына активтердi есептеу, Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын пайдалану тәртiбiн айқындайды; Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру
үшiн рұқсат етiлген қаржылық активтердiң және, материалдық емес активтерді
қоспағанда, өзге мүліктің тiзбесiн айқындайды; Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының жыл сайынғы аудитiнiң өткiзiлуiн қамтамасыз етедi; төмен
тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджетке - бюджеттiк алып қоюлардың және
жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге бюджеттiк субвенцияларды
аударудың тәртiбi мен кезеңдiлiгiн айқындайды; жалпы сипаттағы ресми
трансферттер көлемдерi есептерiнiң әдiстемесiн айқындайды; Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң орта мерзiмдi фискалды саясатын бекiтедi; заттай
нормаларды бекiтедi; бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы бекiтедi және оны жасау
тәртiбiн айқындайды;
бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзу тәртiбiн
айқындайды; iшкi бақылау жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi; орталық атқарушы
органдардың, сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға
ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң штат санының лимитiн
бекiтедi; жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың үлгiлiк құрылымын және
жергiлiктi атқарушы органдардың штат саны лимитiн бекiтедi; Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есептi жасайды; Қазақстан
Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы
Президентiнiң актiлерiмен өзiне жүктелген өзге де функциялардыорындайды.
Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган: Қазақстан
Республикасы Yкiметiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатының жобасын
әзiрлейдi; тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы,
бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдардың жобаларын
әзiрлейдi және оларды қарауға Қазақстан Республикасының Үкiметiне табыс
етедi; бюджеттiк кредиттеудi жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады;

асырады.
Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджеттiк
қатынастарды реттеу саласында: республиканың әлеуметтiк-экономикалық
дамуының орта мерзiмдi жоспарының жобасын әзiрлейдi;
басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн
қалыптастырады; байланысты гранттарды тартуға басымдығы бар өтiнiмдердiң
тiзбесiн қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Yкiметiне
бекiтуге енгiзедi; бюджеттiк инвестициялар мен байланысты гранттардың
тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзедi; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган: республикалық
бюджеттi атқарады және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына қызмет көрсетудi
жүзеге асырады; тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы,

әзiрлеуге қатысады; тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет
туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының
жобасын әзiрлеуге қатысады; бюджетке түсетiн түсiмдердi болжауға және
мемлекеттiк бюджетке кiрiстердiң түсуi саласындағы мемлекеттiк саясаттың
мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысады; республикалық бюджет
қаражаты есебiнен бюджет кредиттерiнiң берiлуiн, оларға қызмет көрсетiлуiн
және олардың нысаналы пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады, олардың
есепке алынуын, мониторингiн және қайтарылуын қамтамасыз етедi; Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы
бар қала) әкiмдiгi: жергiлiктi бюджет жобасын әзiрлейдi және оны мәслихатқа
табыс етедi; жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi және
мәслихатқа оның атқарылуы туралы жылдық есептi табыс етедi; тиiстi қаржы
жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы жергiлiктi өкiлдi органның шешiмiн
iске асыру туралы қаулы қабылдайды; жергiлiктi атқарушы органның орта
мерзiмдi фискалдық саясатын бекiтедi; экономикалық, бюджеттiк жоспарлау,
бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдарды құрады; облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар
қаланың) бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ереженi бекiтедi, оның
құрамын айқындайды; Бюджеттік Кодексте көзделген жағдайларда тиiстi қаржы
жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспарын бекiтедi;
Бюджеттiк комиссиялардың құзыретiне: алдағы үш жылдық кезеңге
арналған орта мерзiмдi фискалдық саясат жөнiнде ұсыныстар талдап-жасау;
тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттер жобаларының көрсеткiштерiн айқындау
жөнiнде ұсыныстар талдап-жасау; алдағы үш жылдық кезеңде және жоспарланып
отырған қаржы жылында қаржыландыруға арналған бюджеттiк бағдарламаларды
iрiктеу, орта мерзiмдi фискалды саясатты негiзге ала отырып, оларды iске
асыру тетiгiн айқындау жөнiнде ұсыныстар талдап-жасау; республикалық немесе
жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе түсiмдерiн қысқартуды
көздейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша ұсыныстар талдап-
жасау; тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттердi нақтылау жөнiнде ұсыныстар
талдап-жасау;
бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуын бағалау нәтижелерiн қарау және
солар бойынша ұсыныстар талдап-жасау; Бюджеттік Кодексте, сондай-ақ
бюджеттiк комиссиялар туралы ережелерде көзделген өзге де өкiлеттiктер
кiредi.
1.2 Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен болжаудың теориялық және
методологиялық аспектілері
Республикалық бюджет жобасын дайындау үшін Қазақстан
Республикасының Президенті бюджеттік комиссияны құрады. Бұл комиссия
Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрілігімен енгізілген
республикалық бюджет жобасының негізгі болжамдық көрсеткіштерін
қарастырады.Бюджеттік процесте басты рөлді Қаржы Министрлігі атқарады. Ол
ҚР-ның Президентінің жыл сайын халыққа үндеуін ескере отырып, территория
дамуының экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларына және елдің
әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарының негізгі
параметрлеріне негізделе отырып алдағы үш жылдық мерзімге мемлекеттік
бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін жасайды. Қазіргі уақытта Қазақстанда
елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ортамерзімдік (бес жылдық) және
ағымдағы (жылдық) индикативті жоспарлары құрылуда.Қоғамдық іс-әрекеттердің
барлық аспектілерінің стратегиялық жоспарлануы және реттелуі бойынша
практикалық жұмыстарды өкіметтің атқарушы органы Қазақстан Республикасының
Үкіметі жүзеге асырады.Экономиканы реттеуге және жоспарлық жұмысқа тікелей
қатысатын ҚР Үкіметінің жұмысшы органдарының жүйесіне, ең алдымен,
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін жатқызамыз. Бұл
Министерства ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында қарастырылатын квартал
сайын “Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының
қорытындысы” атты доклад құрайды. Мұнда аналитикалық және кестелі-
графикалық материалдармен көрсетілген есепті мерзім ішіндегі экономика
дамуының тенденциясына көңіл бөлінеді, қалыптасқан негативті факторларды
шешудің жолдары көрсетіледі, және де алдағы кварталға экономикалық дамудың
болжамы беріледі. Материалдар Министерствалар мен Агенстволардың,
облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, отандық және шетелдік
эксперттердің ақпараттарына негізделеді.
Индикативті болжамды көрсеткіштерімен салыстыра отырып экономиканың
нақты көрсеткіштерінің мониторингісі жүргізіледі. Пайда болған
өзгерістердің негізінде ауытқудың себептері талданады және оларды жақсарту
бойынша ұсыныстар беріледі.
ҚР-ның экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі басқаруды жүзеге
асыратын орталық атқарушы орган болып табылады және заңнамамен көрсетілген
аяда ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын, ҚР-ның
стратегиялық жоспарын және ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының
индикативті жоспарын жасаудың салааралық үйлесуін басқаруды жүзеге асырады
және ортамерзімге мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін және
сәйкесінше қаржылық жылға республикалық бюджет жобасын құрастырады 8.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі
бағыттарын жасаумен ҚР-ның экономика және бюджеттік жоспарлау
Министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып келетін экономикалық саясат және
индикативті жоспарлау Департаменті айналысады.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың көрсеткіштерінің нақты тізімі өкілетті
органмен анықталады, яғни ол ҚР Қаржы Министрлігі және ҚР Ұлттық
Банкісімен келісе отырып жұмыс істейтін, Қазақстан Республикасының
экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі.
Республикалық индикативті жоспарды жүзеге асыру екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде алдағы қаржылық жылға республикалық және жергілікті
бюджеттердің жоспарларының және алдағы үш жылдық мерзімге мемлекеттік
бюджеттің болжамды көрсеткіштерінің құрылуының негізі болып табылатын
Республикалық индикативті жоспар жасалынады. Министрлік орталық және
жергілікті басқару органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға, және де
ұлттық компанияларға республикалық индикативті жоспар Баяндамасының
құрылымы мен көрсеткіштерінің тізімін, формасын жібереді. Одан кейін
Министрлік алдағы үш жылдық мерзімге арналған экономика дамуының
макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамын жасайды және оны Республикалық
бюджеттік комиссияға қарастыруға жібереді. Республикалық индикативті
жоспардың Маңызды көрсеткіштерінің болжамы бюджеттік комиссиямен қолдауы
жасалғаннан кейін Министірлік үш күндік мерзімде орталық
және жергілікті атқарушы органдарға, басқа да мемлекеттік органдарға, және
де ұлттық компанияларға жоспардың көрсеткіштерін қайта жібереді.
Екінші кезеңде елдің экономикасының дамуының болжамдық бағаларының
нақты анықталуы және бюджеттік комиссиямен қарастырылғанын ескере отырып,
бөлімдердің түзетілуі жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында бюджеттің құрылуы бюджеттік тапсырыстардың
қосылуына және бюджеттік ұйымдар арасында шектеулі қаражаттың ары қарай
нақты бөлінуіне келіп тоқталуда. Нәтижесінде өз кезегінде төлемсіздік
тізбегін әкелетін, несиелік қарыз тудыратын,”нақты емес” бюджет құрылатын.
Әсіресе, арнайы шоттар мәселесін айта кету керек. Олардың бар болуы тиімді
жоспарлау мәселесін бұзатын: тәжірибеде арнайы шоттар арқылы бір соманы
қабылдау кезінде мемлекеттік органдар қосымша пайда алатын, сөйтіп, олар
коммерциялық іс-әрекетке бағытталған және көбінесе, өздерінің негізгі
функцияларына тиімсіз жұмыс істеген 8.
Сонымен, бюджетті құру процессі мемлекеттің нақты мәселелерін шешуге
көмектеспеді және де ең бастысы қабылдау керек болған шаралардың, және іске
асыруға жататын бағдарламалардың қаржылық қамтамасыз ету сұрақтарын
шешпеді. Бюджетті құру және қабылдау кезінде бағдарламалық приоритеттер
есептелмеген жағдайда, елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мәселесін шешу өте қиын.
Мысалы, осы жылдың бірінші кварталында мемлекеттік бюджеттен әр түрлі
бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін 264,9 млрд.теңге шығындалған.
Бұл көрсеткіш жылдың алғашқы үш айында әубастан жоспарланған шығынның
сомасынан 80% аз шаманы құрайды. Айта кететін жайт, бұл жерде тек қана
қажетті, бірақ жоспарланбаған нәрселерге бюджеттік қаражаттың шашылуы
туралы айтылып тұрған жоқ,сонымен қатар облыстық өкілдердің республикалық
бюджеттік комиссия алдында айқай-шумен қорғаған бағдарламаларының
қаржыландырылусыз қалды деген сөз. Қаржы Министрлігігің есебі бойынша
мұндай қаржылық диетадан зардап көргендер отынды-энергетикалық комплекс
және жер қойнауын қолдану (мұнда бірінші кварталда жоспарланған істің тек
жартысы ғана қаржыланд ырылған), ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және
қоршаған ортаны қорғау (60%-дан аз), мәдениет, спорт, туризм және
ақпараттық кеңістік (70%-дан аз) 9.
Көптеген аймақтарда бірінші кварталда өздерінің аймақтық
қаражаттарын дұрыс қолдана алмаған. Бұл жерде көзге түскендер, олар Батыс
Қазақстан, Қарағанды және Жамбыл облыстары, сонымен қатар Астана және
Алматы қалалары. Бұнымен қатар басқа барлық аймақтарда қазна табысы
бюджетті құрған кезде жоспарланғаннан көп болып шықты. Нәтижесінде, алғашқы
үш ай қортындысы бойынша барлық аймақтарды қоса алғандағы фактілі табыстары
шығындарынан асып түсіп, 22 млрд.теңгені құрады.
Бұл жоспарланбаған миллиардтар ең бастысы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігінің көп штаттарына және оның аймақтық бөлімшелеріне
қарамастан, біздің елімізде сапалы бюджеттік жоспарлаудың жоқ екенін
дәлелдейді.
Жалпы елде 1999 жылдан бастап жоспарлаудың жаңа жұмыстары жүргізіле
басталған. Жаңа әдістер мен процедуралар бюджеттік қаражатты тиімді және
нәтижелі босатуға көңіл аударумен бюджеттік жоспарлау процесіне енгізілді.
Бұл, ең бастысы, қойылған мемлекеттік мақсатқа жету үшін қажетті осы
мақсаттардың табыс көлемімен есебін, жоспарланатын жүйе үшін басты
мақсаттарды шешуге бағытталуын, ресурстардың бір қалыпты концентрациясын,
салық төлеуші қаражаттарының мүмкіншіліктерін және басқа да мемлекеттік
табысты жалпы мемлекеттік бағдарламамен өлшемдеуді талап етеді.
Бюджеттік жоспарлаудың жақсаруына республикада бюджеттік бағдарламалау
әдісінің енгізілуі ықпал етті. Бұл әдіс бағдарлама әкімшіліктері арасында
ресурстарды бөлу, мемлекеттік приоритеттерді басқару мен құру үшін негіз
болып табылады. Сонымен қатар бюджеттік бағдарламалаудың артықшылығы
құрылатын бюджеттің негіздемелі болуын қамтамасыз ету, бағдарлама
жасалуының нәтижесіне көңіл бөлу; транспарантты ақпаратты қоғамға көрсете
алу мүмкіндігін ашу және есепберудің жоғары болуы болып табылады.
Бюджетті жоспарлау процесіндегі позитивті өзгерістерге қарамастан,
тәжірибеде жаңа нормалардың іске асуы нашар болып келеді 10. Оның ішінде
негізгілері:
─ республикалық бюджетті құру кезіндегі есептелетін негізгі
макроэкономикалық көрсеткіштердің толық бағаланбауы;
─ жергілікті бюджеттердің қаржылық міндеттерін жүзеге асыру кезінде
белгілі бір қиыншылықтарға әкелетін, республикалық бюджет пайдасына келетін
салықтық түсімдердің орталықтандырылуы;
─ мақсаттар мен мәселелердің негізделуінің жеткіліксіздігі;
─ жыл бойы республикалық бюджеттік бағдарламаның теңсіз орындалуы,
және керісінше қаржылық жылдың соңында орындалуы;
─ бөлек республикалық бюджеттік бағдарламалардың орындалмауы немесе
толық орындалмауы.
Ендігі кезекте бюджетті жоспарлау негіздеріне кеңінен тоқталып өтейік.
Бюджеттi жоспарлау туралы жалпы ережелердің қатарына жататындар:
1. Бюджеттi жоспарлау жоспарланып отырған кезң¦ге арналған бюджет
түсiмдерiнiң көлемiн және басымдықты ескере отырып, мемлекеттiң әлеуметтiк-
экономикалық даму мiндеттерiне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау
жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу процесi болып табылады.
2. Бюджет бiр қаржы жылына жоспарланады. Кезектi қаржы жылына
арналған бюджеттiң жобасымен бiр мезгiлде алдағы үш жылдық кезеңге арналған
бюджеттiң болжамы жасалады.
3. Республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан
Республикасының Президентi айқындайды. Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын
әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Бюджеттi жоспарлау қағидалары:
• сабақтастық қағидасы - бюджеттi алдыңғы кезеңде негiзге алынған
орта мерзiмдi фискалдық саясат бағыттарын сақтап, өткен және
ағымдағы қаржы жылдары бюджетiнiң атқарылу нәтижелерiн ескере
отырып жоспарлау;
• басымдық қағидасы - бюджеттi алдағы орта мерзiмдi кезеңге арналған
әлеуметтiк-экономикалық дамудың басым бағыттарын сақтай отырып
жоспарлау;
• негiздiлiк қағидасы - бюджеттi нормативтiк құқықтық актiлер және
бюджет жобасына белгiлi бiр түсiмдердi немесе шығыстарды енгiзу
қажеттiгiн айқындайтын басқа да құжаттар негiзiнде жоспарлау және
олардың көлемдерiнiң негiздiлiгi бюджеттi жоспарлаудың негiзгi
принциптерi болып табылады.
Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмді фискалдық саясатты
айқындау:
1. Орта мерзiмдi фискалдық саясат алдағы үш жылдық кезеңге арналған
салық-бюджет саясатын, соның iшiнде:
мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық
көрсеткiштерiн; бюджеттiк бағдарламалардың өткен кезеңнiң iшiнде iске
асырылу тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн; бюджет қаражатын жұмсаудың басым
бағыттарын; республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының
негiзгi бағыттарын iске асырудың тәсiлдерiн; бюджетаралық қатынастардың
даму бағыттарын; мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен
борыш саласындағы саясатты; ықтимал фискалдық тәуекелдердi айқындайтын
құжат болып табылады.
2. Орта мерзiмдi фискалдық саясат республиканың немесе аймақтың
орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары негiзiнде, өткен қаржы
жылы бекiтiлген орта мерзiмдi фискалдық саясат, мемлекеттiк, салалық
(секторлық), аймақтық бағдарламалар, өткен қаржы жылы iшiнде бюджеттiң
атқарылуын талдау мен бағалау ескерiле отырып, оның негiзгi бағыттары жыл
сайын түзетiлiп үш жылдық кезеңге әзiрленедi.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң алдағы үш жылдық кезеңге
арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатын Қазақстан Республикасының Yкiмeтi
ағымдағы жылдың 1 маусымына дейiн бекiтедi және ол мiндеттi түрде
жариялануға жатады. Жергiлiктi атқарушы органның алдағы үш жылдық кезеңге
арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатын жергiлiктi атқарушы органдар
ағымдағы жылдың 1 шiлдесiне дейiн бекiтедi және ол мiндеттi түрде
жариялануға жатады.
4. Орта мерзiмдi фискалдық саясатты әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан
Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Кесте 1- Жоспарлау формалары мен олардың мазмұны
Жоспарлау формалары Шығындарды жоспарлау Табыстарды жоспарлау
Ұзақмерзімді Басымдықтардың дамуы мен Жергілікті құрылымның
қаржылануын анықтау келешек қаржылық дамуының
табыс негізін құру
Ортамерзімді Инвестициялық жобалар Табыс негізін дамытудың
келешек жоспарына тартылатын
қаржының түрі мен көлемін
анықтау
Қысқамерзімді Бастапқы даму басымдықтарыӘртүрлі табыс көздерінен
мен инвестициялық түсетін түсімдерді болжау
жобалар-ды, және оларды нақты баптар
инвестициялауға және бойынша бөлу
ағымдағы шығындарды қаржы
жылына анықтау
Бюджетті жоспарлау мен атқару кезінде қолданылатын бірқатар
түсініктерді анықтап алған жөн. Атап айтқанда, заттай нормалар түсінігі.
Заттай нормалар - қажеттi материалдық немесе материалдық емес игiлiктердi
тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсеткiштерi. Заттай нормаларды
қолдану бюджеттi жоспарлау мен атқару кезiнде мiндеттi болып табылады.
Заттай нормаларды орталық мемлекеттiк органдар әзiрлейдi және Қазақстан
Республикасының Үкiметi бекiтедi. Орталық мемлекеттiк органдар мемлекеттiк
бюджеттiң және республиканың, әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамды
көрсеткiштерiн ескере отырып, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына
заттай нормаларды өзгерту немесе олардың күшiн жою туралы ұсыныстар
енгiзуге құқылы.
Бюджет түсiмдерiн болжау мәселесіне тоқталып өтейік.. Бюджет
түсiмдерiн болжауды республиканың немесе аймақтың орта мерзiмдi әлеуметтiк-
экономикалық даму жоспары және алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта
мерзiмдi фискалдық саясат негiзiнде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi
орган жүзеге асырады. Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң)
құны түрiндегi бюджетке түсiмдердi көрсетуге өтеусiз техникалық көмек
түрiндегi байланысты гранттар алған кезде ғана, сондай-ақ тек Қазақстан
Республикасы бекiткен халықаралық шартта көзделген жағдайларда жол
берiледi. Бұл ретте шығыстарда бюджеттiк бағдарлама алынған тауарлардың
(жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) құнына тең көлемде көзделуге тиiс.
Бюджет түсiмдерiн болжау әдiстемесiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық
уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi. Бюджет түсiмдерiнiң алдағы қаржы
жылына арналған болжамды көрсеткiштерiн бюджет комиссиясы қарап,
мақұлдайды.
Бюджет шығыстарының лимиттерiн айқындау. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi
уәкiлеттi орган орта мерзiмдi фискалдық саясат негiзiнде ағымдағы бюджеттiк
бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн бюджет шығыстарының
лимиттерiн қалыптастырады. Бюджет шығыстарының лимиттерiн бюджет комиссиясы
қарап, мақұлдайды.
Бюджет шығыстары лимиттерiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне және
бюджеттiк даму бағдарламаларына арналған шығыстар лимиттерiн бюджеттiк
инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iрiктеу үшiн экономикалық
жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға жеткiзудi бюджеттiк жоспарлау
жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Бюджеттiк бағдарламалар
әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдер жасауы келесідей:
• Бюджеттiк өтiнiм бюджетті әзiрлеу кезiнде бюджеттiк
бағдарламалардың қажеттiгiн негiздеу және оларды қаржыландыру
сомаларын айқындау үшiн алдағы қаржы жылына және үш жылдық кезеңге
арнап бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi жыл сайын жасап, табыс
ететiн құжаттар жиынтығы болып табылады.
• Бюджеттiк өтiнiм: бiрыңғай бюджет сыныптамасы; бюджет шығыстарының
лимиттерi; өткен қаржы жылы бюджеттiк комиссия мақұлдаған үш жылдық
кезеңге арналған бюджеттiк өтiнiм; республиканың немесе аймақтың
орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары және орта
мерзiмдi фискалдық саясат;
басым бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тiзбесi
негiзiнде жасалады. Осы Кодексте көзделген бюджеттi нақтылау
жағдайларын қоспағанда, бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi жыл сайын бiр
ғана бюджеттiк өтiнiм жасайды.
• Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк өтiнiмi:
бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) тiзбесiн
және олар бойынша шығыстар сомасын; бюджеттiк бағдарламаға
түсiндiрме жазбаны; бюджеттiк өтiнiмге енгiзiлген бюджеттiк
бағдарлама (iшкi бағдарлама) паспортының жобасын;
кредиторлық берешектiң жалпы сомасын оның пайда болуының
негiзгi себептерiн көрсетiп, жылдар бойынша мiндеттi түрде
бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай
бойынша кредиторлық берешек туралы ақпаратты; дебиторлық
берешектiң жалпы сомасын оның пайда болуының негiзгi
себептерiн көрсетiп, жылдар бойынша мiндеттi түрде бөле
отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай
бойынша дебиторлық берешек туралы ақпаратты; байланысты
гранттар сомасын жұмсалу бағыттары бойынша мiндеттi түрде

бойынша алынған және пайдаланылған байланысты гранттар
туралы ақпаратты; бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық
уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен, ағымдағы қаржы
жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және
пайдаланылған байланысты емес гранттар туралы ақпаратты;
бюджеттiк өтiнiмге енгiзiлген бюджеттiк бағдарлама (iшкi
бағдарлама) бойынша шығыстар есептерiн; басқа да ақпаратты
қамтиды.
Мемлекеттiк мекемелердің тауарларды (жұмыстарды,
көрсетiлетiн қызметтердi) сатудан түскен өздерiнiң
иелiгiнде қалатын ақша түсiмдерi мен шығыстарының тиiстi
қаржы жылына арналған болжамы бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi
орталық уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша жасалып,
бюджеттiк өтiнiммен бiрге табыс етiледi.
Бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) тiзбесi
белгiленген нысанда өткен жылғы есептiлiк деректерiн,
ағымдағы жылға арналған жоспарлы көрсеткiштердi және алдағы
үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткiштердi көрсете
отырып, алдағы үш жылдық кезеңге әкiмшi жоспарлайтын
бюджеттiк бағдарламаларды айқындайды 11.
Бюджеттiк бағдарламаға түсiндiрме жазба жоспарланып
отырған бюджеттiк бадарламаның қысқаша сипаттамасын
айқындайды, оның мәнiн, республиканың немесе аймақтың
әлеуметтiк-экономикалық дамуына қажеттiгi мен рөлiн ашып
көрсетедi, өткен жылғы бюджеттiк өтiнiмнен ауытқу
себептерiн көрсетедi. Бюджеттiк бағдарлама (iшкi
бағдарлама) паспортының жобасы бюджеттiк бағдарламаның
мақсаттарын, мiндеттерiн, нормативтiк-құқықтық
негiздемесiн, күтiлетiн нәтижелерiн, iс-шараларын, жауапты
орындаушыларын, орындау мерзiмдерiн, ұлттық валютамен
көрсетiлген құнын, қаржыландыру көздерiн айқындайтын құжат
болып табылады. Бюджеттiк бағдарлама (iшкi бағдарлама)
бойынша шығыстардың есебi бекiтiлген заттай нормалар
ескерiле отырып айқындалатын бюджеттiк бағдарламалардың
сандық және құндық көрсеткiштерiн ашып көрсетедi.
Бюджеттiк өтiнiмдердi қарау тәртібін қарастырамыз.
1. Бюджеттiк өтiнiмдердi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган
қарап, оларға бағалау жүргiзедi және солар бойынша тиiстi қорытынды
дайындайды. Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi бюджеттiк өтiнiмдi шығыстар
лимитi шегiнде енгізуге мiндеттi.
2. Бюджеттiк комиссия бюджеттiк өтiнiмдер мен бюджеттiк жоспарлау
жөнiндегi уәкiлеттi органның қорытындысын қарап, олар бойынша шешiм
қабылдайды.
3. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттiк жоспарлау
жөнiндегi уәкiлеттi органның арасындағы келiспеушiлiктердi бюджеттiк
комиссия қарайды.
4. Бюджеттiк комиссия бюджеттiк бағдарламалар бойынша түпкiлiктi
шешiм қабылдағаннан кейiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi қосымша
өтiнiмдердi ұсынуға құқылы емес.
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңның жобасын әзiрлеу. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық
уәкiлеттi орган Республикалық бюджеттiк комиссия қабылдаған шешiмдердiң
негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының
түпкiлiктi нұсқасын жасап, оны Республикалық бюджеттiк комиссияның қарауына
енгiзедi. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының
түпкiлiктi нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының
алдындағы жылдың 1 тамызынан кешiктiрiлмей аяқталады. Тиiстi қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтiнiнде:
- алдағы қаржы жылындағы республикалық бюджет кiрiстерiнiң,
шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттiк кредит беруiнiң,
қаржы активтерiмен жүргiзiлетiн операциялар бойынша сальдосының,
тапшылығының (профицитiнiң), тапшылығын қаржыландырудың (профициттi
пайдаланудың) көлемдерi;
- жалақының, зейнетақының, айлық есептiк көрсеткiштiң ең төменгi
мөлшерi;
- жергiлiктi бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюлар
көлемi;
- республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджеттерге берiлетiн бюджеттiк
субвенциялар көлемi;
- Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервi мөлшерi;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бойынша
мiндеттемелердi орындау сомасы;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктер беру лимитi;
- Үкiметтiк борыш лимитi болады.
Республикалық бюджет жобасын қарау мен бекiту туралы жалпы ережелер.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын
Қазақстан Республикасының Үкiметi жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың
1 қыркүйегiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Парламентiне
енгiзедi12. Қазақстан Республикасының Үкiметi алдағы қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бiр мезгiлде мынадай
құжаттарды және материалдарды:
1) әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмді жоспарын;
2) алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық
саясатты;
3) республикалық бюджеттiк бағдарламалар паспорттарының
жобаларын;
4) республикалық бюджеттiң түсiмдерi бойынша негiздемелер мен
болжамдық есептердi;
5) соңғы есептiлiк күнгi жағдай бойынша мемлекеттiк және
мемлекет кепiлдiк берген борыштың жайы туралы деректердi;
6) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасында
негiзге алынған шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны табыс етедi.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан
Республикасы Парламентi Палаталарының бiрлескен отырысында кемiнде екi
оқылымда және ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрiлмей бекiтiледi
12. Қазақстан Республикасының Парламентi ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына
дейiн алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды
қабылдамаған жағдайда, Қазастан Республикасының Президентi алдағы қаржы
жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы
жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджеттi Қазақстан Республикасының
Парламентi бекiткенге дейiн қолданылады. Алдағы қаржы жылының бiрiншi
тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30
желтоқсанынан кешiктiрiлмей алдағы қаржы жылына арналған республикалық
бюджет жобасының төрттен бiр бөлiгі көлемiнде бекiтiледi. Республикалық
қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге
асырылады.
Кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық
қаржылық жоспар бекiтiлген жағдайда, осы қаржы жылына арналған
республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешiктiрiлмей тиiс. Бұл ретте
аталған қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бiрiншi
тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескерiле отырып бекiтiледi.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң
қосымшаларымен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдағы қаржы жылының
бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы
қосымшаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Өкiлдi органдардың бюджет жобасын қарауының негізгі принциптерi
1. Өкiлдi органдар бюджет жобасын қараған кезде мынадай принциптердi
ескереді:
• негiздiлiк принципiн;
• бюджеттiң теңдестiрiмдiлігін сақтау принципiн13.
Негіздiлiк принципi депутаттардың бюджет жобасына
өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзу туралы кез келген
ұсыныстары, тиiстi есептердi оларға қоса тiркей отырып, осы
түзетулердi енгiзудiң қажеттiгiн, олардың әлеуметтiк-
экономикалық даму басымдықтарына сәйкестiгiн жазбаша баяндаумен
қатар жүруге тиiс екендiгiн бiлдiредi.
Бюджеттiң теңдестiрiмдiлiгiн сақтау принципi
депутаттар бюджет жобасына кез келген өзгерiс пен толықтыру
енгiзген кезде бюджет тапшылығының мөлшерiн бюджет жобасында
белгiленген деңгейден асырмай сақтау үшiн түсiмдердiң қосымша
көздерi не қысқартылатын шығыстар айқындалуға тиiс екендiгін
бiлдiредi.
Республикалық бюджет жобасын Қазақстан Республикасының Парламентiнде
қарау. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның
жобасын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi мен Сенатының жалпы
отырыстарында талқылау Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген
адамның (адамдардың) Қазақстан Республикасының орта мерзiмдi әлеуметтiк-
экономикалық даму жоспары, орта мерзiмдi фискалдық саясат және тиiстi қаржы
жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы бойынша,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының ақша-кредит саясаты бойынша
баяндамаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталары
уәкiлеттiк берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса
баяндамаларын қамтиды. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталары
жалпы отырыстарда алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы
заңның жобасы бойынша республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi
басшыларының сөздерiн тыңдауға құқылы. Алдағы қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңның жобасы Қазақстан Республикасы Парламентi
палаталарының бiрлескен отырысында кемiнде екi оқылымда қаралады.
Талқылау Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген адамның
(адамдардың) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының
орта мерзiмдi жоспары, орта мерзiмдi фискалдық саясат және тиiстi қаржы
жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы жөнiндегi,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының ақша-кредит саясаты
жөнiндегi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары

баяндамаларын қамтиды14.
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi бекiту Қазақстан
Республикасы Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында заң қабылдау
арқылы жүзеге асырылады.
1.3 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің ерекшеліктері
Бюджет жүйесі ең алдымен, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz