Бейнелеу өнерінен үйірме жұмыстарында оқушыларды табиғатты бейнелеуге үйрету



КІРІСПЕ ... ..3
1 БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕН ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ТАБИҒАТТЫ БЕЙНЕЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Бейнелеу өнерінің өзіндік болмысына тән көркем білім мен тәрбие ... ... ... ...6
1.2 Оқушыларды табиғатты бейнелеуге үйрету жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.3 Үйірме жұмыстары арқылы оқушылардың көркем шығармашылық
іс.әрекетін қалыптастыру ... ... ... ... ... .25


2 МЕКТЕПТЕГІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Орта буын оқушыларына бейнелеу өнерін оқытудың мазмұны ... ... ... ... ...30
2.2 Бейнелеу өнерін оқытуды ұйымдастыру және сабақтың құрылымы ... ... ...35
2.3 Үйірме жұмыстарының танымдық мүмкіндіктерін қалыптастыру ... ... ... ... 42
2.4 «Жаз көріністері» атты шығармашылық жұмыстың композициялық
құрылымы ... ... ... ... ... ... ..53

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ..55
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... .57
ҚОСЫМША ... ... ... ... ...59
Қазіргі қоғамды дамытудың ғаламдық алғышарты білім мен ғылым болып табылады. Әрбір мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық тұрғыдан дамуы оның интеллектуалдық деңгейіне байланысты анықталатындығы белгілі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «...Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу...» - мәселелері анықталған [1].
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында: «...Жастар - біздің болашағымыздың тірегі», - делінген [2].
Білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерді шешу үшін әр оқытушының күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтармен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа карым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Қазіргі таңда ұлттық өнерді жас ұрпақтың бойына дарытатын, үйрететін жастардың халықтық тәрбие негізінде білімін шыңдайтын, мектептерде жүргізілетін бейнелеу өнері пәні. «Бейнелеу өнері» білім беру саласы оқушыларды іс-әрекетке баулудың негізгі буыны болып табылады. Бұл пән оқушыларға көркемдік білімді жан-жақты саналы түрде игеруге мүмкіндік береді.
Бейнелеу өнері сабақтарының сапалы өтуі оқушылардың білім сапасын арттыруға әсер ететін фактор болып табылады. Оқыту үдерісі үшін оқыту бағдарламаларының және оқулықтардың, оқу құралдарының сапалы қамтамасыз етілуі, мектептің оқу-материалдық базасының жақсартылуы, мұғалімнің әдістемелік және кәсіби шеберлігі сабақтың нәтижелігін арттырады.
Оқушылардың жас кезінен сурет салуға үйрету сабақ үстінде белгілі бір мөлшердегі қажетті білім мен іскерліктерді үйретеді. Бейнелеу өнері сабағы тәрбиелік өрісі өте кең сабақтардың бірі, ол оқушының ой-қиялын байытып, шығармашылық қабілетін, рухани байлығын арттырады, оқушыларға бейнелеу өнері мен оның түрлері жайлы мағлұматтар беріп, жан дүниесін сезімдерге бөлейді.
Қазақстанда бейнелеу өнері пәнін оқыту әдістемесінің дамуына педагог – ғалымдар Ә.Қамақов [3], Қ.Ералин [4], Қ.Әміргазин [5], Б.Әлмухамбетов [6], Е.Асылханов [7], М.Тәңірбергенов [8], С.Бейсенбаев [9], Е.Әуелбеков [10], Б.Жолдасова [11] т.б. бейнелеу өнерін оқыту саласында түрлі оқу мәселелерін зерттеу нәтижелері қомақты үлес болып қосылды.
Жалпы білім беретін орта мектептерде қазақ бейнелеу өнерінің шығармаларын оқыту оқушылардың өз халқына сүйіспеншілігін арттырады, жастарды өз отанына деген мақтаныш сезіміне тәрбиелейді. Сондай-ақ мектепте оқушылардың көркем мәдениетке деген оң көзқарасын қалыптастыруға және қоғамның белсенді болашақ мүшесін тәрбиелеуге лайықты үлесін қосады.
1 Қазақтан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 27 шілде 2007ж. № 319 //Егемен Қазақстан
2 11 Қараша 2014. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы. АСТАНА.ҚазАқпарат.
3 Қамақов Ә. 4 - 6 сынып оқушыларына сәндік – қолданбалы өнер арқылы эстетикалық тәрбие беру. Алматы. 1982.
4 Ералин Қ. Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері. –Түркістан, 2005.-92б.
5 Әмирғазин Қ. Қазақ қолөнері. - Алматы: ТОО «Дайк Пресс», 1996.
6 Әлмұхамбетов Б. Сурет салу және бояумен жұмыс істеу әдістері. – А., 1987
7 Асылханов Е. Қазақтың сәндік – қолданбалы өнерін республика орта мектептерінде оқып үйрену. Алматы. 1986. -226 б.
8 Тәңірбергенов М. Графика. Шымкент: 2004.
9 Бейсенбаев С. Арнайы пәндерді оқыту. Шымкент: 2010.
10 Әуелбеков Е. Бейнелеу өнерінің теориясы мен әдістемесі (Оқу-әдістемелік құрал). Түркістан, «Тұран», 2010 ж.
11 Жолдасова Б. Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері: Оқу құралы. -Шымкент, «Нұрлы бейне». 2012. -68 б.
12 Дьюи Дж. Психология и педагогика мышления. Пер. с англ./Под ред. Н.Д.Виноградова. М., 1997.
13 Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Оқулық. – Алматы, Нұр-кітап, 2002. -388 бет.
14 Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: Учеб. пособие для студ.пед. вузов и системы повыш. Квалиф.пед.кадров /Е.С.Полат, М.Ю.Бухаркина, М.В.Моисеева, А.Е.Петров; Под.ред. Е.С.Полат. – М.: Издательский центр «Академия», 2000. -272 с.
15 Сухомлинский В.А.Сердце отдаю детям. – Киев: Ряданська школа, 1973.
16 Изобразительное искусство в начальных классах /Б.П.Юсов, М.Н.Семенова, Г.С.Лепский и др.; Под.ред. Б.П.Юсова, Н.Д.Минц. – Мн.: Нар.асвета, 1986. -167 с.: ил.
17 Оразқұлова Қ.С. Бейнелеу өнері тарихына кіріспе: Көркем-сурет факультеті студенттеріне арналған көмекші құрал. – Алматы. – Абай атындағы ҚазҰПУ, 2008. – 100 б.
18 Каменова Е. «Кемпірқосақтың түсі қандай?» Алматы. 1981ж.
19 Ералин Қ. Мамандыққа кіріспе. Оқу құралы. ХҚТУ «Тұран», Түркістан. 2009.-178 б.
20 Айдарова З., Дирксен Л. Бейнелеу өнері. Оқу құралы. –Астана: Фолиант, 2010. -216 бет.
21 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Халыққа Жолдауы. // Дала мен Қала №5. 8- ақпан, жұма. 2008.
22 Аманжолов С.А. Балалардың сурет салу мүмкіншілігін анықтауда суретші-ұстаздың білімділігі. «Білім саласындағы жаңа ақпараттық технологиялар» Х ғылыми-әдістемелік конференция материалдары. 2009 жыл, 13 ақпан. Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2009. - 376 б.
23 Жалпы білім беретін мектептің 5-6 сыныптарына арналған «Бейнелеу өнері» оқу бағдарламасы .– Астана, 2010. – 17 б.
24 «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері оқушыларын еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасы» Алматы, Қазақстан, 1993ж., 21 қаңтар
25 Бишняков А.Б., Ли К.В., Көпбасынов Р.Т. Қазақ тіліне аударған Д.Т.Базарбаев. «Қазақстандағы бейнелеу өнері. –Алматы: «Атамұра», 2001. -331 б.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

М.Бекмуратова

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕН ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ТАБИҒАТТЫ БЕЙНЕЛЕУГЕ
ҮЙРЕТУ
ЖАЗ КӨРІНІСТЕРІ. ПЕЙЗАЖ 100-80 см, МАЙЛЫ БОЯУ, КЕНЕП

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010700 - Бейнелеу өнері және сызу мамандығы

Түркістан 2015

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК

УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді
Бейнелеу өнері кафедрасының
меңгерушісі п.ғ.к., доцент м.а.
_________________ Е.Әуелбеков
_____ ______________ 2015 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕН ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ТАБИҒАТТЫ
БЕЙНЕЛЕУГЕ ҮЙРЕТУ. ЖАЗ КӨРІНІСТЕРІ. ПЕЙЗАЖ 100-80 см, МАЙЛЫ БОЯУ, КЕНЕП

5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу мамандығы

Орындаған

СБС-015 тобы студенті
Бекмуратова М.

Ғылыми жетекшісі
п.ғ.к., доцент м.а.
Жолдасова Б.

Түркістан 2015

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕН ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ТАБИҒАТТЫ БЕЙНЕЛЕУГЕ
ҮЙРЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Бейнелеу өнерінің өзіндік болмысына тән көркем білім мен
тәрбие ... ... ... ...6
1.2 Оқушыларды табиғатты бейнелеуге үйрету
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.3 Үйірме жұмыстары арқылы оқушылардың көркем шығармашылық
іс-әрекетін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .25

2 МЕКТЕПТЕГІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Орта буын оқушыларына бейнелеу өнерін оқытудың
мазмұны ... ... ... ... ...30
2.2 Бейнелеу өнерін  оқытуды ұйымдастыру және сабақтың
құрылымы ... ... ...35
2.3 Үйірме жұмыстарының танымдық мүмкіндіктерін
қалыптастыру ... ... ... ... 42
2.4 Жаз көріністері атты шығармашылық жұмыстың композициялық

құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...55
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..57
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .59

КІРІСПЕ

Қазіргі қоғамды дамытудың ғаламдық алғышарты білім мен ғылым болып
табылады. Әрбір мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық тұрғыдан дамуы оның
интеллектуалдық деңгейіне байланысты анықталатындығы белгілі.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: ...Білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым
мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу... - мәселелері анықталған [1].
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Нұрлы жол - болашаққа
бастар жол Жолдауында: ...Жастар - біздің болашағымыздың тірегі, -
делінген [2].
Білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерді шешу үшін әр оқытушының
күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтармен қайта құру, өзгерістерге
батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа карым-қатынасқа өту қажеттігі
туындайды.
Қазіргі таңда ұлттық өнерді жас ұрпақтың бойына дарытатын, үйрететін
жастардың халықтық тәрбие негізінде білімін шыңдайтын, мектептерде
жүргізілетін бейнелеу өнері пәні. Бейнелеу өнері білім беру саласы
оқушыларды іс-әрекетке баулудың негізгі буыны болып табылады. Бұл пән
оқушыларға көркемдік білімді жан-жақты саналы түрде игеруге мүмкіндік
береді.
Бейнелеу өнері сабақтарының сапалы өтуі оқушылардың білім сапасын
арттыруға әсер ететін фактор болып табылады. Оқыту үдерісі үшін оқыту
бағдарламаларының және оқулықтардың, оқу құралдарының сапалы қамтамасыз
етілуі, мектептің оқу-материалдық базасының жақсартылуы, мұғалімнің
әдістемелік және кәсіби шеберлігі сабақтың нәтижелігін арттырады.
Оқушылардың жас кезінен сурет салуға үйрету сабақ үстінде белгілі бір
мөлшердегі қажетті білім мен іскерліктерді үйретеді. Бейнелеу өнері сабағы
тәрбиелік өрісі өте кең сабақтардың бірі, ол оқушының ой-қиялын байытып,
шығармашылық қабілетін, рухани байлығын арттырады, оқушыларға бейнелеу
өнері мен оның түрлері жайлы мағлұматтар беріп, жан дүниесін сезімдерге
бөлейді.
Қазақстанда бейнелеу өнері пәнін оқыту әдістемесінің дамуына педагог –
ғалымдар Ә.Қамақов [3], Қ.Ералин [4], Қ.Әміргазин [5], Б.Әлмухамбетов [6],
Е.Асылханов [7], М.Тәңірбергенов [8], С.Бейсенбаев [9], Е.Әуелбеков [10],
Б.Жолдасова [11] т.б. бейнелеу өнерін оқыту саласында түрлі оқу мәселелерін
зерттеу нәтижелері қомақты үлес болып қосылды.
Жалпы білім беретін орта мектептерде қазақ бейнелеу өнерінің
шығармаларын оқыту оқушылардың өз халқына сүйіспеншілігін арттырады,
жастарды өз отанына деген мақтаныш сезіміне тәрбиелейді. Сондай-ақ мектепте
оқушылардың көркем мәдениетке деген оң көзқарасын қалыптастыруға және
қоғамның белсенді болашақ мүшесін тәрбиелеуге лайықты үлесін қосады.
Қоғамдағы болып жатқан бетбұрыстар, саяси көзқарастар аясында қазақ
елінің тарихын шынайы тұрғыда танып - біліп, салт – дәстүріне, рухани
мұрасына қасиетпен қарау ерекше маңызға ие болып отыр. Сондай
қажеттіліктердің бірі – халық өнері. Өнерден қуат алмаса тіршіліктің
шырағы өшеді деп М.Әуезов айтқанындай, өсіп келе жатқан ұрпағымызға өз
халқының өнерін бойына сіңіріп өсіру – педагогтердің қазіргі кездегі кезек
күттірмейтін мәселесі.
Мұғалімнің – оқушымен сыбайлас көркем шығармашылық қызметі, қызметтестік
ізгілік әрекет қалыптастырып баланы еңбекке, өмірге, айналасындағы
адамдармен жарасымды қатынасқа бейімдейді. Оқу-білім үдерісінде өмір
шындығын танып, оны игеруде өнер туындысын сомдап, оны қабылдауда оқушы мен
мұғалім шығармашылық бірлікте қызмет етуі оқыту әдістемесінің негізгі
қағидасы. Мәселен, табиғат құбылыстарын – мұғалім мен оқушы оны бірге
тамашалап, оның әсерін, мотивін әңгімелеп талдап сезіне отырып бейнелеу
тәсілдерін бірлесе шешіп орындауы. Сабақ және көркем жұмыс мақсатына
жетуге бірге тырысуы т.б.
Бейнелеу өнер сабақтарында оқушылардың практикалық білімі мен көркемдікті
түйсіндік үйлесімді ұштастыра білуге шындық пен өнердегі әсемдікті дәл
сезіне білуі шығарманың ынтасына өнерге деген ықыласы мен қызушылығына және
материалдық дүние танымының қалыптасуына ықпал етеді. Айналадағы өмір
шындығы көріністерін көркем бейнелеу әдістері мен тәсілдерін меңгеру
белсенді шығармашылық жұмыс.
Табиғат көрінісін бейнелеудің переспективалық заңдылықтарын ескере
отырып, зат көлемін толық бейнелеуге үйрету, сурет салудың заңдылықтарына
баулу, білімді өздігінен меңгеруге жағдай жасау, пейзаж жанры туралы
білімдерін тереңдету, табиғат құбылыстарын бейнелеуде алуан құбылыстарды
меңгертуге дағдыландыру, есте сақтау қабілетін дамыту, эстетикалық тәрбие
беру, табиғат көріністерін бейнелеу арқылы бейнелеу өнері пәнін және өз
елінің табиғатын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу бейнелеу өнеріне баулудың
жолдары болып табылады.
Өз ойымызды тұжырымдай келе, мектеп алдындағы басты міндет –
оқушыларды халқымыздың ұлттық игіліктері мен адамзат мәдени мұралардың
сабақтастығын сақтай отырып ұлттық рухта тәрбиелеу мен оқыту және жас
жеткіншектің дүниетанымының қалыптасуына жан – жақты мүмкіндік жасау
мақсатында зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: Бейнелеу өнерінің үйірме
жұмыстарында оқушыларды табиғатты бейнелеуге үйрету деп алдық.
Зерттеу мақсаты: Бейнелеу өнерінің үйірме жұмыстарында оқушыларды
табиғатты бейнелеуге үйретудің теориялық негіздерін анықтау, мектеп
оқушыларына бейнелеу өнері сабақтарын оқыту әдістемесін ұйымдастырудың
мүмкіндіктерін сипаттау.
Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін мектептегі орта сынып
оқушыларына үйірме жұмыстарында табиғатты бейнелеуге оқыту үдерісі
Зерттеу пәні: Бейнелеу өнері пәнінен үйірме жұмыстарында табиғатты
бейнелеуге баулу
Зерттеу міндеттері:
- тақырыпқа байланысты арнайы, психологиялық, педагогикалық
әдебиеттерге талдаулар жасау;
- үйірме жұмыстарында табиғатты бейнелеуге үйрету жолдарын мазмұндау;
- мектепте орта сынып оқушыларын бейнелеу өнеріне оқытудың маңызы мен
міндеті, әдістері мен формаларын сипаттап, сабақ үлгісін жасау;
- Жаз көріністері атты шығармашылық жұмыстың композициялық

құрылымын мазмұндау.
Зерттеу әдістері: озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу және
талдау, салыстыру; педагогикалық-психологиялық, философиялық әдебиеттерді,
ғылыми басылымдарды оқу және оларға талдау жасау; шығармашылық іс-
әрекеттерді бақылау, сараптау т.б.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды,
әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

1 БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕН ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ТАБИҒАТТЫ БЕЙНЕЛЕУГЕ
ҮЙРЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Бейнелеу өнерінің өзіндік болмысына тән көркем білім мен тәрбие

Мәдени және рухани мұралар мен көркем өнер арқылы тәрбиелеуде
интеллектуалдық мәдениетті дамыту философиялық ой-тұжырымдар арқылы іске
асады. Осы себепті қазіргі жаһандану дәуірінде білімнің философиялық
мазмұнын жас ұрпаққа проблемалық – қызметтік әдістемелер қолданып үйрету
көзделуде. Барлық көркем білім салаларында рухани мәдениет, көркем өнер
көздері мен олардың философиялық мәнін ашып көрсету арқылы оқыту ең сапалы
біліммен қамтамасыз етеді. Мұнда рухани құндылықтар мен мәдени мұралардың,
өнер түрлерінің саналы-сезімдік, философиялық үлгілік мәнімен таныстыру
басты орынды иленеді. Мысалы, өнер туындыларының философиялық мән-мағынасын
талдап, ашып көрсету, оны оқушылардың өз мүмкіндіктерінше интеллектуалдық
тұрғыда жүйелі талдап тұжырымдаулары т.б. Философиялық ой-тұжырым мазмұны
қоршаған орта әлемінен мән тауып, оны өз өмір салтында, қызметінде
қолдануға талпыну т.б. болып табылады.
Қазіргі жаңа дәуірдегі адам, қоғам болмысының техникалануына сай рухани
және моральдық құндылықтарға философиялық ой-тұжырым тұрғысынан қарап,
өмірлік мәнділікке жүгінуіне жол ашып, көркем педагогикалық білімдер
жүйесінде оң шешім табуы тиіс. Жалпы тұтас педагогикалық процесте оқушымен
мұғалім қызметі сана және сезім қатынасы өлшемімен өрнектелуі заңды. Сөйтіп
оқушы – мұғалім қызметінде білім мазмұны мен тәрбие көзі ой бейнесі арқылы
мағыналы мәндік үрдіске айналады. Сондықтан ой бейнесі шығармашыл асқақ
сезіммен қиялды туындатып, білім мен тәрбие сапасын арттырады. Саналы ой
бейнесі оқушы шығармашылық қызметі процесінде әсерлі сезіммен қиялды
туындата отырып оның көңіл күйін шарықтатып, көркем образ сомдауға
мүмкіндік береді.
Табиғат әлемі, мәдени мұралар мен өнер түрлері барлығы адамның рухани
дүниесін байытып, ой бейнесін тудырып оның көңіл күйін, сезімін оятып,
көркемдік талғамы мен танымдық көзқарасын дамытып, қоршаған орта өміріне
бейімдейді. Сөйтіп мәдениет астары көркем педагогикалық білім, тәрбие
тәсілдерін жүйелеуге мүмкіндік береді. Сондықтан өнерде логикалық
құрылымдар емес саналы-сезімдік, көркем-образдық бейне түзілімдері негізгі
танымдық өріс болып табиғи тұрғыда қалыптасады. Ал мұндай әдіснама өнер мен
білімге деген шынайы ықылас пен құлшынысты туындатады. Өнер мен білімге
деген сүйіспеншілік өмірге бейімдеп, адамның өмір сүру салтының мәнін, оның
рухани мүмкіндіктері арқылы толықтырып отырады. Адам өз бойына біткен
құдіретті сананың күшімен әлемнің сырлы бейнесін ой бейнесіне ендіріп, өмір
мәнін түсінуге ұғынуға талпынады. Әрине мұндай талпыныс шығармашылық қиялды
тудырады. Шығармашылық қиял санадағы ой бейнесін көркем-образдық бейнеге
айналдыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық процестегі мұндай сезімдік-
логикалық реттілік рухани тәрбие тәсілдерін іріктеуге мүмкіндік туғызады.
Рухани тәрбие оқушы жан дүниесін елітіп, ақыл ойы мен сана-сезімін
нұрландырады. Затында адам санасында әр нәрсе материалдық та, руханилықта
бейнелі болуы мәнді. Бұл бейнелеу өнеріндегі, жалпы барлық өнер
түрлеріндегі бейнелілік сипатқа тән және ол кескіндік, тұлғалық көркем-
образдық әдіс-тәсілдер жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ол бейнелі
санаға тәуелді. Адам өз өмірін әлемді бейнелі қабылдаудан бастайды.
Дж.Дьюи философиясындағы адамның қоршаған ортамен үзіліссіз өзара әрекет
тәжірибесі туралы өмірлік идеясы, осы көрсетілген тұжырымдар мәнін
анықтауға көмектеседі.
Оның философиялық зерттеулері педагогиканы одан әрі дамытуда маңызды
болған, ойлау актісі мен оқыту процесінің сәйкестігі туралы ойын
тұжырымдау мен негіздеуге мүмкіндік береді [12].
Бейнелеу өнерін оқытуда оқушының шығармашылық жұмыс орындау
творчестволық процесі мен оқытудағы оқушы мен мұғалім арасындағы
педагогикалық процесс кезеңдерінің сәйкестігі ұтымды нәтижеге жеткізеді.
Мысалы мұғалімнің тақырыпты әсерлі бейнелеп түсіндіруі мен оқушының осы
тақырыпты әсерлі мазмұнда көркем қабылдау сәйкестігі. Немесе мұғалімнің
орындау әдіс-тәсілдерін көрсетуі мен оқушының бейнені орындауға қажетті
тәсілдерді бейне формасына сәйкес елестетіп қолдана отырып жұмыс орындауы
т.б.
Бейнелеу өнерінің дамытушы күші сананың бейнелеушілік қабілетіне, яғни
адамның өмірді түр, түс, пішін, көлем, кеңістік, уақыт арқылы сезімді-
бейнелік қабылдау мүмкіндігінде екендігін адамзат пайда болып даму
эволюциясы көрсетіп отыр.
Адам өмірді бейнелі пішінде қабылдайды. Бұл адамның генетикалық өрісінен
де белгілі. Адамның танымдық табиғатының негізінде бейнелік қабылдау мен іс-
әрекет жатыр.
Ойлау актісі мен оқыту процесінің сәйкестігі туралы Дж.Дьюй
философиялық іліміне қатысты таным және шығармашылық қызмет түрлі ақиқатты
құмарлықпен  ізденуді, оған талпыну мен ынтаны сипаттап тек-тамырында,
түбінде бір тұтастық процестер жүйесін құрайды. Ойлау биологиялық және
әлеуметтік дамудың жемісі.
Осы қасиеттер ортақтығы да тәрбие мен шығармашылық – жаратымпаздық
процесстер сәйкестігін, және осыған байланысты осы тұрғыдағы ойлау актісі
мен оқыту процестерінің сәйкестілік жүйесін құрайды. Бұл әрине білім мен
тәрбие беруде оқушы белсенділігін, оның рухани жан дүниесін байытып, оқыту
сапасын арттырады. Сана адамның қоршаған дүниені танып білу, бейнелеу
қабілеті ретінде оның өмірді суреткерлік бейнелеушілік байланыстарын
Д.Кішібеков Қоғамдық сананың тағы бір көне формасы - өнер. Ол объективті
ақиқатты бейнелеп көрсетеді. Көркемдік бейне-құбылыстарды нақты сезімталдық
түрде барынша ерекше, типтік тұрғыдан бейнелейді. Былайша айтқанда, ол
жалпылық пен жекенің, объективтік пен субъективтік, материалдық пен
идеялықтың, диалектикалық ерекшеліктерінің бірлігі. Көркем бейне негізінде
дараланған, нақтыланған сын-сипат жатады, сонымен қатар ол дара, жеке,
нақты адам бейнесі арқылы көпшілікке белгілі, түсінікті типтерді,
құбылыстарды сомдап, бейнелейді, жаманнан жирентеді, жақсыға ынталандырады
- деп көрсетеді  [13].
Сана рухани құбылыс, ол бір жағынан білім жүйесі, екінші жағынан таным
процесі. Сана белгілі бір қатынастағы бейнелеу. Сана дегеніміз – объективті
дүниенің адам миында пайда болатын субъективтік бейнесі, сәулесі. Ол жай
бейне емес, шығармашылық бейне.
Жас ұрпақтың ойын тереңдетіп, қиялын өрістететін әдістемелер білім
философиясының категорияларымен анықталады. Мысалы ұлттық рухта, қазақы
менталитетті қалыптастыратын көркем өнер түрлерінің туындылары қол өнері
бұйымдарын, бейнелеу өнерін, музыканы, поэзияны, көркем әдебиетті, кино,
театр өнерін т.б. өнер түрлерін, мақал-мәтелдерді, даналық сөздерді әсерлі
сезініп, саналы қабылдау тәсілдері білім философиясының рухани мәнділік
тәсілдеріне жүгінеді. Бұл тәсілдер отан сүйгіштікке, адамгершілікке,
инабаттылық пен имандылыққа баулиды.
 Көпшілік жағдайда терең де сапалы, жаңа дәуірге бағыттылығын тұтас
көркем педагогикалық процесс мәселелерінің бәрі материялар әлемімен идеялар
әлемінің ара қатынасы арқылы шешілуі тиіс.
Рухтың тазарып өрістеуі арқылы адамның санасы мен сезімі, ой жүйесі,
мәдениеті сауығатындығын А.Г.Гурвичтің биоөрістің генетикалылығы туралы
дәлелі адам ойының ғарыштағы сана өрісінде сақталатындығына тәуелділігін
байқатады. Қазіргі прогрессивті ғалымдар ойынша адамның рухани түсініктері
мен дүниетанымдық көзқарастары адамның – энергиялық ақпараттық жүйесінде
айқындалады. Тәрбие процесінде жас өспірімнің жағымсыз қасиеттерін, оның
осы биоөрістік жүйесінен аластатып, жоғарғы асқақ сезіммен шығармашылық
қиялын шарықтату, көркем өнер мен мәдениет көздері арқылы, олардың
биоөрістік жүйесіне әсер ету тәсілдерімен іске асырылуы бүгінгі күннің
бұлжымас міндеті. Жас буынның сана өрісімен рухани сезімін тәрбиелеу, осы
тұрғыда көркем өнер пәндері мен мәдениет көздері арқылы жүйелі тұтас
педагогикалық процесте іске асырылуы білімнің негізгі қағидасы болуы тиіс.
Көркем педагогикалық білім беруде өнер пәндері мен рухани мәдениет
негіздеріне сүйене отырып рух пен сана тәрбиесіне баса мән беріледі.
Көркем біліммен тәрбие процесінде оқушының шығармашылықпен қызмет етіп,
өз мүмкіндігінше көркем образды сомдауы, осы қағидаларды қаперге ала отырып
белгілі бір әдістемелік тәжірибеге сүйенеді. Бұл әдістемелер – бейнелеу
тәсілдері сызық, түс, түстер үйлесімі, қатынас, кеңістік, перспектива,
ритм, жарық-көлеңке қатынастарының тұтас жүйесі арқылы өз сезімін көңіл-
күйін көрсете білуіне бағытталады.
Мұғалім міндеті осы саналы-сезімдік бейнелік әдіс-тәсілдерді қолдана
отырып оқушылардың қоршаған ортаны, әлемді шынайы қабылдап ақиқатты тану
қабілеттерін қалыптастыру. Өнердің басты мақсаты ақиқат шындықты көркем
сезіммен ойлыақыл арқылы саналы тану, қоршаған орта сұлулығын әсерлі
бейнелеу. Ал оқыту өмірге бейімдеп оқытып үйрету, ол саналы когнитивтік
үйрету болып табылады.
Педагогикадағы гуманитарлық бағыт В.Дильтей, Т.Литт, В.Флитнер,
Э.Венигер еңбектерінде философиялық негіз қалап тарихи көрініс тапты.
Педагогикалық гумманитарлық бағыт, тәрбие мен білім мазмұны, түрі, әдісі,
құралы әрқашанда рухани-материалдық кеңістік аясындағы қоғаммен қоғамдық
сана-сезіммен, қоғамның түрлі өндірістік, мәдени, рухани қарым-
қатынастарымен тығыз сабақтастық байланыста. Таным білімнің қалыптасып
дамуының жалпы шарты болғандықтан жас өспірімнің өнерге деген шығармашылық
сүйспеншілігі мен қатынасы танымдық мәдениет арқылы өрістейді. Танымдық
мәдениет бұл адамды білімге, ғылымға, өнерге бастайтын педагогикалық
категория. Ол білім мен тәрбие алу көзі, рухани дамудың алғы шарты.
Сондықтан бүгінгі білім беру жүйесінде оқушы танымдық мәдениетін
қалыптастыру басты міндет.
Оқыту мен тәрбие адамды педагогикалық ұйымдастырылған іс-әрекет жүйесіне
енгізу, қатыстыру процессі болғандықтан ол шығармашылық ізденісті талап
етеді. Шығармашылықтың жалпыға ортақ қызмет өрісі мен функциясы адамның
барлық рухани –танымдық, практикалық қабілеттері мен қасиеттерін дамыту.
Адам қызметінен туындаған қажеттіліктер оларды қанағаттандырудың түрліше
жолдарын, тәсілдерін ізденіп табуды көздейді.Жаңа ғасыр оқушылары өзін-өзі
дамыту, өзін-өзі актуальдандыру мен өзіндік әлеуметтену толқынында ынта мен
ықылас, талап пен ізденіс басты мәнге ие болып ғылыми таным, рухани
мәдениет, адамзат жады мен сенім-нанымы барлығы сана, сана астары, ми, ми
қызметі аяларындағы ой, таным, сезім, парасат, қасиет танымдық био өрістері
жүйелі қатынас процесстерінде әлемді қабылдап, танып, түсінуге деген ынта-
ықыласты туғызып оның танымдық мәдениет тәсілдерін, танымдық процесс
жолдарын анықтайды. Сөйтіп рухани құндылықтар мен көркем мәдениет
оқушылардың танымдық мәдениетін өрістетіп жан-жақты дамыған тұлға
қалыптастыруға мүмкіндік ашады.
 Бала білім-білігін рухани, мәдени құндылықтарға бағдарлау: рухани-
адамгершілік, ізгілік, имандылық; интеллектуалдық – білім танымдық,
қабілеттілік; коммуникативтік және мәдени-әлеуметтік, біліктілік бағыттарын
көрсетеді. Білім беру жүйесін философиялық тұрғыда әлеуметтендіру, қоғамдық
өзгерістерге бағдарлау жеке тұлғаның адами, танымдық,
жауапкершілік,  ұстамдылық, белсенділік, жанашырлық, талапкершіл қарым-
қатынас тәртібін, мінез-құлқын, мәдени-әлеуметтік іс-әрекетін қалыптастырып
қоғамға, қоршаған орта әлеміне енуіне мүмкіндік туғызады. Көрсетілген
тұжырым оқушының жеке тұлғалық-бағдарлы және әлеуметтік даму мақсатын
анықтайды.
Бұл мәселелерді шешудегі басты талап - оқушының осы білім мазмұны мен
талаптарын қажетсінуі, талабы, құлшыныс-қызығушылықтары, осы білім-білікті
игеруде және мәдени әлеуметтік, жеке тұлғалық құндылықтарға қанағаттануы
мен қанағаттанбауына қарай білім-білік, тәрбие беру арқылы қажеттілік
туғызу.
Жаңа білім беру жүйесіне көшу негізінен оқушылар жеке дара
ерекшеліктеріне мейлінше мән беріп, оқушылардың алған білімдерін өмірде
қолдана алатындай өмірге бейімдеу және мамандыққа бағыттау негіздерін
қарастырады.
Мұндағы мотивациялық компонент бұл, оқушылардың жеке бас ерекшелігі –
баланың оқу әрекетіне, сыныптастарына, мұғалімге, өзіне деген қарым-
қатынасы, ойымен әрекеттестігі, әлеуметтік көзқарасы. Оқушының ынта –
жігері, қызығушылығы, қанағаттануы, әсерленуі, сүйсінуі, т.б. анықтап
осыған оңтайлы жағдайлар туғызу. Ол бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға
түрлі мазмұндағы шығармашылық сурет тапсырмаларын орындатып оларды талдау,
арқылы анықталады. Көркем образдық бейнелеуде бала өз мінез-құлқы мен
танымдық іс-әрекетін, өз сезімі мен ойын бейнелейді.
Ал мазмұндық компонентте, оқушы интеллектуалдық
деңгейін,  мүмкіндіктерін еске алу – баланың алдыңғы білім қорының,
дүниетанымының негізінде - сана-сезімі, түсінігі, ой жүйесі қамтылатын
көркем бейнелік әдістемелер қолдану арқылы оқушының жеке дара ерекшеліктері
дамытылады. Оқушыға не таныс, содан бастау керек, және олардың алдында
неғұрлым күрделі құбылыстарды оқушының өзіндік белсенділігіне сүйене отырып
біртіндеп ашу қажет [14].
Бұл оқушылардың көркем туындыларды, бейне суреттерді қабылдауы
процесінде оларды композициялық, көркем образдық талдап түсінуі, өз
мүмкіндіктерінше көркем образдық бейне орындауы арқылы анықталады. Мұнда
оқушы өзінің көркемдік талғамы мен мәдениетін көрсетеді.
Келесі компонент оқушылардың мәдени-әлеуметтік, психологиялық деңгейлері
мен мүмкіндіктерін еске алу – бұл баланың өзін қоршаған ортаға
бейімделуіне, қарым-қатынасымен оған жауабына, басқа дос-жарандарымен,
сыныптастарымен, мұғалімдермен, ата-анамен қарым-қатынасының ерекшеліктері,
тәртібі мен мәдени-салауаттылығы, әдептілігі, әсерленушілігі,
құмартушылығы, әуесқойлығы, қанағаттылығы, рахымдылығы, талап тілегі,
көркемдік, сұлулық, әсемдік талғамдары жеке дара тұлғаны қалыптастыру
әдістерін айқындайтын негізгі компоненттер болып табылады. Жаңа
адамды,  жеке дара тұлғаны қалыптастырып дамыту - әлемдік білім
кеңістігіндегі оқытумен тәрбиенің озық жаңа технологияларын қамтып жаңа
білім мазмұнын анықтайды. Ақыл-ой әлеуетін барынша дамытуға жол ашады.
Қазіргі білім беру парадигмасы, қағидасы – жеке дара шығармашыл тұлғаны
қалыптастыру, дамыту, республикамыздың білім беру басымдығында көрсетілген
жалпыға білім беру моделінен әр адамға білім беру моделіне көшу
талаптарын айқындайды. Жаңа мазмұндағы білім жүйесі білім және тәрбие
алудың, оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық процестегі біртұтастығы мен
бірізділігін  басшылыққа алуы тиіс.
Білім мазмұнының жаңа бағытта өзгеруі, оқытудың әр адамға білім беру
моделі жеке дара шығармашыл тұлға қалыптастыруды көздеп, интеграциялы,
профильді мақсаттарды алға қойып, инновациялық процестер мен жаңа
технологияларды  меңгеру мен қолдануды мектеп мұғалімдеріне
жауапкершілікпен  жүктейді.
Бұл қағиданы терең философиялық антропософиялық және экзистенциалдық
тұрғыдан қарап өнер циклы пәндерін оқытуда білім - тәрбие моделі ретінде
пайымдауға, Абай тану ілімінің көркем танымдық мазмұны зор мүмкіндік
береді. Мұндағы терең логикалық-поэзиялық сарында сомдалған ой-тұжырымдар
қазіргі жаңа қоғам өзгерістеріне сай жаңа таным, жаңа ой, жаңа сезім
туындатып әрбір жеке тұлғаға арналып ұлттық тәрбие тәжірибесіне негізделіп
әрқашан жаңа құнды мазмұнға ие болып отырады. Ғылыми ой-таным мен ұлттық
көркемдік сана-сезім тоғысында  субъективті қызығушылық, құлшыныс,
серпінділік мәні тиянақталып жаңа дәуірге оңтайлы бағыт-бағдар ұсынады,
оның тәлім-тәрбиелік мәні мен тәсілдерін анықтайды.
Жоғары ойлы, көркем бейнелік тіл мен сезімдік пішін, қоғам тарихи
тәжірибесімен өрнектеліп берілуі бұл қағиданы жаңа қоғамдық өзгерістерге
оңтайлы қолдануға мүмкіндік беріп, ұлттық білім мен тәрбиенің бұлжымас
моделіне айналдырады.  Адамзат тарихында әлемдік таным мен қоғамдық
болмыстан туындаған бұл қағиданың, нақты объективті ғылыми ой -тұжырымдары
мен оның тарихи әлеуметтік жағдайларда әлемдік дүниені тану, көркем ой,
сана-сезім тоғысында пайда болуы, оны өнер циклы пәндерінің білім моделі
ретінде ұсынуға болатындығын дәлелдейді.
Абай ұлттық педагогикалық көзқарастары, ой-танымы бұл тұжырымның, ғылым
мен өнер салаларындағы бірдей, ортақ жалпы мазмұндық және диалектикалық
өрбу жолы мен сабақтастығын дәлелдейді.
Бұл қағиданың туындау мақсаты, тәлім-тәрбиелік мазмұны, қоғамдық болмысы
осы үш арнада – жеке шығармашыл, интеллектуал тұлғаны дамыту категорияларын
негіздейді. Қағиданы көркем білімнің ұлттық моделі ретінде танып
қарастыруға болатындығын оның қоғамдық болмыстан, әлеуметтік жағдайдан
туындауы және ғылыми ой-тұжырымы мен көркемдік
болмысының  философиялық  құбылыс екендігі мойындатады.
Негізгі мәселе – оқушының оқу қызметін белсендіру, әрекетті тұлға
ретіндегі оның мұғаліммен қатынасын қызметтес серіктестік түрінде
жандандыру, білім-тәрбие процесінде оқушы мен мұғалім қатынасын
демократияландыру және ізгілендіру.
Жаңа педагогикалық технологиялар тек білім, білік беру жолдарын көздеп
қана қоймай, оқушылар шығармашылық қабілетін дамытып жеке дарыны мен білім-
білігін ұштауы тиіс. Түп өзегі шығармашылық қызметтен бастау алатын
бейнелеу өнері пәні оқушы дүниетанымын, рухани әлемін, ынтасы мен қабілетін
дамытып оның оқыту, білім-тәрбие нәтижелері қазіргі жаһандану үрдісінде
мемлекетіміздің білім саясатының бағыттарымен ұштасуын қамтамасыз етеді.
Сондықтан бейнелеу өнерін оқыту үрдісін белсендіру жаңа педагогикалық
технологияларды қолдану арқылы жүзеге асатындығын мектеп оқыту тәжірибесі
көрсетіп отыр. Бейнелеу өнері пәнінің өзіндік болмысына тән білім-тәрбие
қызметі, іс-әрекеті мазмұны мен тапсырма мәні де, танымдық және
шығармашылық сипатта болуы оқыту технологияларын оқушылардың жас және жеке
дара танымдық ерекшеліктеріне сәйкес интеграциялы қолдану мүмкіндігін
қарастырады. Мұндай оқыту бағыты оқушыларды саналылыққа тәрбиелеп, сыртқы
көркем мәдениетінің және ішкі рухани жан-дүниесінің үйлесімді жетілуіне
ықпал етеді. Оқушы оқу-білім процесінде белсенді іс-әрекет етіп өмірге
қажетті білім мазмұнын шығармашылық деңгейде игереді. Бейнелеу өнері
пәнінің мазмұны мен негізгі қасиеті шығармашылық болғандықтан оқушының жеке
тұлғалық қабілетін анықтап оны өз білімін өмірде саналы қолдануға бейімдеу
шарт.
В.А.Сухомлинский Балалар шығармашылығы – бұл олардың рухани өмірінің
өзіндік ерекше терең сферасы, әр баланың өзіндік жеке даралық қасиеттері
айқын көрініс табатын, өзін көрсете білуі мен өзін айғақтауы. Мұндай
өзіндік ерешелікті қандай да біріңғай және бұқараға міндетті
ерекшеліктермен қамту мүмкін емес [15].
Бұл оқушы белсенділігін, ынтасын арттырып жігерлендіреді, өмірде пайдалы
іс-әрекеттік мақсаттар қоюға оны орындап іске асыруға итермелейді. Бала іс-
әрекеттік белсенділігі артады. Істеген шығармашылық еңбек нәтижесінің
қажеттілігіне, оның рухани – заттық мәдени мәні бар екендігіне иландырып,
баланы жаңа жетістіктерге ұмтылдырып оқу-білім алудың ықтималдық жағдайын,
серпілісін туғызады.
Мұғалімнің – оқушымен сыбайлас көркем шығармашылық қызметі, қызметтестік
ізгілік әрекет қалыптастырып баланы еңбекке, өмірге, айналасындағы
адамдармен жарасымды қатынасқа бейімдейді. Оқу-білім процесінде өмір
шындығын танып, оны игеруде өнер туындысын сомдап, оны қабылдауда оқушы мен
мұғалім шығармашылық бірлікте қызмет етуі оқыту әдістемесінің негізгі
қағидасы. Мәселен, табиғат құбылыстарын – мұғалім мен оқушы оны бірге
тамашалап, оның әсерін, мотивін әңгімелеп талдап сезіне отырып бейнелеу
тәсілдерін бірлесе шешіп орындауы. Сабақ және көркем  жұмыс мақсатына
жетуге бірге тырысуы т.б.
Оқушылардың қоғамдық ой-пікірдің, жаңа сананың, халықтық рухтың
негіздерін өз бейнелік дүние танымы арқылы бейнелеуіне және тарих
кезеңдеріндегі қол өнер шеберлері, суретшілері көркем еңбегі мен есімдерін,
олардың шығармашылық мазмұнын жаңғыртып еске ала отырып қабылдауына жаңа
оқыту технологиялары зор мүмкіндіктер береді. Осы орайда оқушыларға ұлттық
өнер, тарих, ұлттық сана, болмыс туралы түсінік, мағлұмат-деректер беріп
оны бейнелік, музыкалық, әдеби көркемдік тәсілдер көрсетумен ұштастыру
олардың шығармашылық қызметін ынталандырады. 
Оқытудың жаңа инновациялық технологиялары өмір ұсынған мәселелердің,
уақыт туғызған жаңа ой-пікірлердің, әлем тану үрдістерінің  бала санасында
тұрақты, жан-жақты дамуына ықпал етеді. Жаңа оқу технологиялары оқушылардың
қоршаған ортаны тануына, одан әсер алып дамуына  мұғалім қолдауы арқылы екі
тараптың, оқушы мен мұғалімнің бірлесе отырып белсенді қызметі арқылы
мүмкіндік береді. Мұғалім мен оқушы бір-бірінің пікірлерін, қонымды ұсыныс-
тілектерін бірлесе отырып, танымдық және көркемдік рухани мұқтаждықтарымен
сұраныстарын қанағаттандыруға мейлінше бейімділікпен бірге бағдарлап отыруы
қажет. Мұғалім оқушының көркем-әдістемелік және мәдени мұқтаждықтарын,
сұраныстарын қанағаттандыруға, білімді игеруі мен шығармашылық қызметіне
мейлінше ұтымды жағдай жасап отырады.
Мұғалім мен оқушы тараптардың арасында тығыз байланыс, шынайы
шығармашылық қарым-қатынас орнауы бейнелеу өнері пәнінің бейнелік көркем-
образдық оқыту әдістемесі мазмұнында іске асады. Жалпы, оқушыларды түрлі
ынталандыру, марапаттау, тәсілдері мен көркем танымдық, сана-сезімдік
әдістер шығармашылықта жүлделі болуға итермелейді. Олардың өнерге деген
белсенділігін арттырады. Бұл мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне тікелей
байланысты. Ал мұғалім шеберлігі жаңа педагогикалық технологияларды дұрыс
меңгеруіне тәуелді. Сондай-ақ мұнда үлкен диалектикалық дүниетанымдық
байланыс бар. Ол ең алғаш  бейнелеу өнері пәнінің шығармашылық, өнер
тәнділік мазмұнында яғни, мұғалімнің көркем педагогикалық шеберлігі де,
оқушы іс-әрекеті де өнер шығармашылығындағы әдіс-тәсілдердің бірлігінде.
Педагогикалық шеберлікте, оқушы іс-әрекеті де өнер тәсілдеріне бағынышты,
тәуелді. Осы негізде біз бейнелеу өнері пәні ерекшелігіне тән, оны
оқытудағы жаңа педагогикалық технология ретінде бейнелік көркем образдық
өнер үштігі әдістемесін қарастырамыз. Бұл олардың өнер тәнділік
байланысында. Олардың терең тізбектік құрылымындағы жүйелі бір тұтастық:
ол, оқушы бойындағы жеке бастапқы және меңгерілетін таным, білім-білігі;
өнер және сабақ түрлерімен әдіс-тәсілдері; мұғалім көркем  педагогикалық
шеберлігі.
Оқушы-оқу, білім-білік, - өнер – құралдар, әдіс-тәсілдер, түр,
пішін, - мұғалім – оқыту-әдістемелері, педагогикалық шеберлік, бұл
бірлік өнердің көркем образдық әдіс-тәсілдері арқылы тұтастық жүйеде қызмет
етеді. Мұндағы ортақ қасиет дүниені көркем қабылдап тану, игеру, оны көркем
образдық тұрғыда сомдауда өнер тәсілдеріне жүгіну арқылы көркем
шығармашылық қызмет. Бұл дүниетанымдық қалып – форма және процесс - оны
игерушілік, оның пішіндік бейнеленуі, оны таныту, игерту, оқыту және оны
өмірде, өз қызыметінде пайдаланушылық әдіс-тәсілдер тұтастығы. Мұндай
процесстердің барлығы философиялық категориялар, қағидалар, құрылымдар
түрінде дүниетанымдық диалектика негізінде жүзеге асады. Осылайша өмір
құбылыстарын және адам танымын игерудің жүйелі бір тұтас шығармашылық
процестері қалыптасады. Мұндағы басты мәселелер оқушы – таным – білімі және
педагог оқыту, тәрбиелеу қызметтері, өнер және шығармашылық процестер.
Ал негізгі нысандар ол, қоршаған орта әлемі - өнер, сабақ түрлері –
шығармашылық қызмет. Дидактикалық диалектика тұрғысынан бұл бейнелеу өнерін
оқытудың өзіндік  шығармашылық, өнер тәнділік оқыту технологиясы,әдістемесі
болып қалыптасады.
Қоршаған орта, өнер, шығармашылық, білім мен тәрбие заңдылықтары мен
процестерінің  оқушы – білімді игеру әдіс-тәсілдерінің, өнер – орындалу
әдіс-тәсілдерінің, мұғалім - оқыту, тәрбиелеу әдіс-тәсілдерінің,
құралдарының жүйелі біртұтас бірлігі, бір-бірімен тығыз байланыста қызмет,
іс-әрекетте нақты нәтиже көрсетеді. Оқушы танымдық іс-әрекеті, қызметі,
өнердегі көркем образ әсері, мұғалім педагогикалық іс-әрекеті, қызметі бір-
бірімен тікелей шығармашылық байланыстағы әдістемелер жүйесінің бір тұтас
нәтижесі жан-жақты гармониялық жеке бас, шығармашыл тұлға дамуының заңды
көрінісі.
Бұл әдістеме жүйесі оқушының әрбір тапсырманы, жұмысты, хош көңілмен
қабылдап, өнер түрлерінің тәсілдеріне ыждахаттылықпен зейін қойып игеруіне
мүмкіндік жасайды. Оқушы өмірді өзінше, өзіндік танымдық көркем-эстетикалық
негізде бағалап бейнелеуге тырысады. Бала суретінде, біз одан көріп тұрған
бейнеден молырақ сезім, түсінік, ой-қиял бейнеленеді. Оқушы бейнелеу
еңбегінде түрлі қызмет түрлері қабаттасып біртұтас бағытта орындалады.
Мәселен мұнда бейнелеу еңбегіне таным, білім, қатынас, сұхбат, диалог,
сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгіме, ойын қатар қабаттасып өмірді қабылдау, тану,
бейнелеу, дүние сұлбасын, келбетін жаңаша бейнелеу сияқты түзілімдер
тізбегінде оригиналды түпнұсқалық образ сомдалады. Бастауыш сынап оқушылары
өмірді, болмысты берілген күйінде түсініп, оны интуитивтік түрде
бейнелейді. Оқушылар көркем танымдық шығармашылық еркіндігі адамның,
табиғаттың, өмірдің, табиғи мазмұнын таным, сезім, түйсіну арқылы ашып
қабылдаудан тұрады және оның  сезімдік материалдық формасы мен мазмұндық
мәнімен сабақтас.
Ғалымдар Б.П.Юсов, М.Н.Семенова, Г.С.Лепский, Н.Д.Минц Бейнелеу өнерін
оқыту негізі белгілі бір дағдылар мен білімдерді меңгеру барысында
шығармашылық проблема мазмұнына еніп, осы сабақта өз шешімін табатын оқу
және шығармашылық міндеттердің органикалық бірлігі болып табылады деп
көрсетеді [16].
Мұнда сабақ құрылымының өзі оқу-оқыту қызметі құрылымдарының жүйелі
бірлігін орнатады. Мұнда сабақ процесі мен оқушылар көркем қызмет үдерісі
жүйелі бірлікте бір тұтастыққа енеді. Бейнелеу өнері пәніндегі бұл жүйе
мұғалім оқыту қызметі мен оқушы оқу, білім алу қызметінің көркем образдық
шығармашылық тәсілмен ұштасуына себепші болып, біртұтастықта өрбіп осы
ортақ қызметтің өнімділігі мен сапалылығын әрі нәтижелілігін арттырады.
 
1.2 Оқушыларды табиғатты бейнелеуге үйрету жолдары

Бейнелеу өнер сабақтарында оқушылардың практикалық білімі мен көркемдікті
түйсіндік үйлесімді ұштастыра білуге шындық пен өнердегі әсемдікті дәл
сезіне білуін, шығарманың ынтасына өнерге деген ықыласы мен қызушылығына
және материалдық дүние танымының қалыптасуына ықпал етеді. Айналадағы өмір
шындығы көріністерін көркем бейнелеу әдістері мен тәсілдерін меңгеру
белсенді шығармашылық жұмыс.
Табиғат көрінісін бейнелеудің переспективалық заңдылықтарын ескере
отырып, зат көлемін толық бейнелеуге үйрету, сурет салудың заңдылықтарына
баулу, білімді өздігінен меңгеруге жағдай жасау, пейзаж жанры туралы
білімдерін тереңдету, табиғат құбылыстарын бейнелеуде алуан құбылыстарды
меңгертуге дағдыландыру, есте сақтау қабілетін дамыту, эстетикалық тәрбие
беру, табиғат көріністерін бейнелеу арқылы бейнелеу өнері пәнін және өз
елінің табиғатын сүюге, құрматтеуге тәрбиелеу бейнелеу өнеріне баулудың
жолдары болып табылады.
Бейнелеу өнерін оқытуда теориялық білім беру, әр жанрмен терең
таныстыру, нақтылы бейнелеуге жаттықтыру ісімен тығыз байланысты
жүргізіледі.

Қ.Молдағали. Туған ауыл. 1987 (тұрмыстық жанр)

Қ.Нұрбекұлы. Жекпе-жек, 1971 (ботальды жанр)

Бейнелеу өнерінде заттардың мәніне байланысты, тарихи даму барысында
қалыптасқан, жалпы көркем шығармашылыққа тән – жанрдың түрлері. Жанр –
көркем шығармашылықтың ішкі түрлерге бөлінуі. Жанр француздың genre-түр
деген сөзінен алынған, шығармалардың нені бейнелегенін білдіреді. Бейнелеу
өнерінің түрлері әр алуан ұғымдардың мән-мағынасын түсіндіреді [17].
Адамдардың тұрмыс-тіршілігінен құралған шығарманы тұрмыстық жанрға
жатқызады.
Өткен уақыттың уақиғаларына арналған туындыларды тарихи жанрға
жатқызады.
Ұрыс даласындағы шайқастарды бейнелейтін суреттер батальды жанр, оны
салған суретшіні баталист деп атайды.
Анималистер деп бірыңғай аңдарды бейнелейтін суретшілерді айтады. Ол
латынның animal (хайуанат) деген сөзінен шыққан.

Франц Марк. Көк ат, 1911
Маринистер теңіз көріністерін салады, ол латынның marinus - теңіз
деген мағынаны білдіреді.
Витраж - терезеге салынған сурет. Ол француздың vitre (терезе әйнегі)
деген сөзінен шыққан. Орта ғасырларда салынған соборлардың барлығы дерлік
витраждарымен ерекшеленеді.
Графика-сурет салу өнері. Гректің grapho (жазамын, суретке
саламын) деген сөзінен шыққан.

И.К.Айвазовский. На острове Крит. 1850 (маринистік жанр)

витраж

Риза Аббаси. Парсы миниатюрасы. XVII ғасыр

Император Юститиан. Раввенна
шіркеуіндегі мозайка. 547 ж.
Миниатюра – ескі қолжазба кітаптардың беттерінде айтылып отырған
оқиғаны бейнелейтін суреттер. Суреттердің көлемі шағын болса да, суретші
ондағы ең бір елеусіз нәрселердің өзін мүлт жібермей, тәптіштеп көрсетеді.
Мозайка – (франц. mosaique) ең ежелгі өнердің бірі. Ол асыл шынының түрлі-
түсті сынықтарынан құрастырылған сурет.
Мүсін - ең ежелгі өнерлердің бірі. Ол латынның sculpere-
қашау деген сөзінен шыққан. Мүсінші өз шығармасын тастан, мәрмәрдан
қашайды, не саздан жасайды. Ол өз ойын картинадағыдай тек бір жазықтықта
кескіндемей, кеңістікте жан-жағынан бірдей көрінетіндей қылып, толық
мүсіндейді.
Натюрморт - (франц. naturemorte) өлі табиғат деген ұғымды
білдіреді. Оған тұрмыста кездесіп жүретін заттарды бейнелейтін картиналар
жатады. Натюрморт алғаш рет ХҮІІ ғасырдың басында Голландияда пайда болды.

А.Тұрсынов. Қажымұқан ескерткіші, 2001, қола

Б.Сабаев. Натюрморт, 1996, кенеп, майлы бояу

С.Керімбеков. Әке және шешем портреті. 1980, кенеп, майлы бояу
Портрет – француздың portrait- бейнелеу деген сөзінен шыққан, арнайы
адамдардың суретін салу бейнелеу өнеріндегі жанрдың бір түрі.
Пейзаж - (франц.paysage) табиғат көріністерін бейнелейтін бейнелеу
өнерінің жанры. Кейбір пейзаждар өмірде бар нақты өлкелердің көрінісін
бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Адамдар әу бастан
табиғат көрінісін салған. Бірақ көпке дейін белгілі бір оқиға мен адамның
тұлға-тұрпатын бейнелегенде керек фон ретінде пайдаланып келген. Тек ХҮІІ
ғасырда ғана бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар туа бастады.
Мұндай жанрды голланд суретшілері ойлап тапты [18].

Ю.Н.Ломакин. Жайлау, 2004, пейзаж

Живопись ең бір ежелгі өнер. Ол көне дәуір мен қайта өрлеу
дәуірінде де, Ежелгі Египет пен Грецияда да өмір сүрген. Живопись станоктік
және монументтік деп екіге бөлінеді. Мольбертке немесе керілген кенепке
салынған шығармалар станоктік, ал үйлердің ішкі не сыртқы қабырғаларының
өзіне салынған шығармалар монументтікживописке жатады.
Бейнелеу өнерінің барлық түрлері графика, живопись, мүсін, сәндік –
қолданбалы өнері, сулет өнері, барлығы эстетикалық тәрбие негізі. Көркем
өнер туындыларын түсініп сезіну, оның образдық мазмұнын қабылдау, өнер
тілін меңгеру барлығы оқушылар эстетикалық талғамын дамытады.
Қоршаған ортамен таныстыру арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын
қалыптастыру бейнелеу өнері сабақтары түрлерінде іске асырылады.
Әсемдіктің таптырмас бұлағының бірі – табиғат. Ол эстетикалық сезімнің,
байқампаздықтың, қиялдың дамуына үлкен әсерін тигізеді. 
Табиғат үйлесімділігінің, әсемдіктің, мәңгілік жаңарудың, әлемдік
заңдылықтары әртүрлі болу, түстер, жарық сәулелер, көмегі арқылы балаларды
әсемдік талғампаздық, әсерленушілік сезімге тәрбиелейді. 
Табиғатқа топ серуен жасаған кезде балалардың оның сұлулығын эстетикалық
тұрғыда қабылдауы күшейеді, ерекше рухани серпеліс, сүйсіну сезімі туады,
ойы мен қиялы дамиды. Жаратылыстың сұлу заттары бала жанында сұлулық
сезімдерін оятады. 
Үлбіреген түрлі түсті гүл,  көк –жасыл орман – тоғай, сылдыраған су,
шексіз – түпсіз көк теңіз, түрлі шөптермен,  толқынданған дала, бұлтпен бел
алысқан асқар тау, сұлу ай, жұлдызды түн, міне, осылар секілді жаратылыстың
сұлу көріністері, жанды билеп әкететін ән, күй, сиқырлы сөз, сұлу суреттер 
әсері баланың жанында бір сұлулық толқынын оятып тұрғызбай қоймайды. 
Егер оқушылар табиғатты қорғауға атсалысатын болса, табиғаттың эстетикалық
ықпалы да айтарлықтай арта түседі. Міне, сондықтан да балардың табиғатты
қорғау әрекеттеріне (күнделік жүргізуде, табиғат бұрышында, мектептің оқу
–тәжірбие алаңында, табиғатта, үйде, жануарларды қорғауда, мектеп ауласын
көгалдандыруда) эстетикалық бағыт беру керек.  Табиғатқа, қоршаған ортаға
эстетикалық қатынасты тәрбиелеу үшін дүнижүзілік және ұлттық көркем
туындылар (жазушылардың, композиторлардың, суретшілердің т.б.) мысалдарын,
үлгілерін көрнекі қолдану қажет. 
Мектеп оқушыларын табиғатқа серуендеуге шығарғанда, оларға әр қилы
тапсырмалар орындатуға болады: заттың өзіне қарап суреттер салып, ұнаған
жерлерді суретке түсіру. 
Табиғат – біздің өміріміздің сәні. Ол бізді мол шаттыққа кеңелтеді. Кең
байтақ далаға, айнадай жарқыраған су айдынына, ұлы тауларға қарап, сүйсіне
ләззат аламыз. Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат
шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сондықтан да, оқушылардың
эстетикалық танымын қалыптастыруда қоршаған ортаның әсері мол. 
Оқушылардың эстетикалық талғамын жетілдіре, бекіте түсу үшін сабақ
барысында табиғат көріністерінің сұлулығы жырланған шығармалардан
(жазушылардың, композиторлардың, суретшілердің) көбірек пайдаланған тиімді.
Мысалы,  С.Сейфуллиннің Көкшетау поэмасы, Абайдың табиғатты суреттеуі,
Ілияс Жансүгіровтың Жетісуды суреттеуі т.б.
Негізінде эстетикалық тәрбие экологиялық тәрбиемен тығыз байланысты,
өйткені экологиялық тәрбиенің де басты бағыты жас ұрпаққа табиғатпен
қатынаста жоғары мәдениеттілікті, қоршаған ортаға деген азаматтық
жауапкершілікті қалыптастыру. Орта сынып оқушыларын эстетикалық тәрбиеге
баулу туған табиғатты бейнелейтін көркем сипаттама мен көріністерді жақсы
түсінуге негіз салады, оқушыларды суретке, қиып жапсыруға баулу, түстердің,
сызықтардың тамаша келісті үйлесімділігін таңдай білу қабілетін дамытуға
жәрдемдеседі.  Өмірді, оның қоғамдық тәрбиелік мәнін жан –жақты түсіну үшін
әсемдік, әдемілік заңдарын жақсы түсіну шарт. Өнер біздің қоғамда
адамдардың,  әсіресе оқушыларды рухани, эстетикалық тәрбиелеуде сенімді
күшті құрал болып табылады. Оқушыларды көркемөнерді сүюге, адамға тән ізгі
қасиеттерді қастерлей білуге үйретеді.
Бейнелеу өнері туралы әңгіме жасағанда оқушыларды көркем бейнелеудің
аса маңызды құрамдарын ұғынуға үйреткен орынды. Сабақ барысында әр алуан
әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдаланған жөн. Қажетті жағдайда мұражайлар мен
көркемөнер галереяларына саяхат жасау пайдалы болмақ. Бейнелеу өнерінде
қолданылатын термин сөздерді өз кезегінде түсіндіре отырып, оқушылардың
ойын, қиялын кеңейтуге, көркемөнерге деген ынта- жігерін арттыруға күш салу
керек. Қоршаған ортаны, заттар мен құбылыстарды жан-жақты терең танып
білуіміздің көптеген тәсілдерінің бірі – түр-түс әлемі. Түр-түстің
табиғатын білу, құрамын, эталонын анықтау, қабылдау – барлық салаға, соның
ішінде білім беру саласына да қажетті, тәжірибелік маңызы зор мәселелердің
бірі. Ғылым, білім саласында белгілі бір жетістікке жету көп ізденісті
қажет ететін болса, бейнелеу өнерінде де түсті қабылдау жолдарын меңгерудің
маңызы зор. Түсті қабылдаудың баяндау негізі етіп алыну себебі: түс
әлемінің тек өнерде ғана емес, философия, психология, педагогика, сәулет
өнері т.б. ғылымдарда да мағыналық мәні бар. Шынында да, түр-түс әлемі
өзінің пайда болып, ұзақ қалыптасу тарихы бар, адам баласы үшін әлі ашылып
болмаған сыры мол өзіндік сымбатқа ие өте күрделі, әрі байырғы табиғат
құбылыстарының біріне жатады.
Бейнелеу өнерінің тағы бір сыры: құдіретті салынған көркем шығарма,
ондағы бояулардың түсі, картинадағы композиция адам жанына тікелей әсер
етеді. Мысалы, кейбір көркем шығарманы көргенде адамды қарапайым қуаныш
билеп, жаны жадырап сала береді. Кейбірі тұңғыйық ойларға жетелейді, тіпті
кейбір шығарма ауырған адамның ауыруынан айығуына, көңілінің көтеріңкі
болуына көмектеседі. Ойлау, есте сақтау, қиялдау арқылы оқушылар айнала
қоршаған әлемдегі құбылыстар туралы танымын байытып, тереңдете түспек.
Оқушылардың бейнелеу өнеріндегі бояу түсін өз деңгейінше қабылдай білуді
дамытуда жоғары нәтижеге жету үшін:
• Сыныптан тыс жұмыстар арқылы түр-түсті әсерлі түрде сезініп,
қабылдауға үйрету, көріп-білгенін шығармасында пайдалана білу
шеберлігін қалыптастыру, дамыту қажет;
• Танымдық маңызы бар өнер шараларына жиі қатыстырып, мектепішілік
көрмелер ұйымдастыру қажет;
• Жалпы көркемдік әлемін қабылдауға үйрету, тәрбиелеу жұмысын бүкіл
педагогикалық үрдістің іске асу барысында жүйелі жұмыс түрінде, үзбей
жүргізіп отыру керек;
Бейнелеу өнерінің мақсаты – айналамызда қоршаған ортаны қабалдауға,
көзімізге көрінген заттардың түр-түсін, белгілі бір формасы мен
пропорциялық айырмашылықтарын қабылдап, саралай білуге тәрбиелеу.
Кеңістіктегі түстер айырмашылықтарын, бір түстен екінші түске ауысу
заңдылықтарын, бояу ерекшеліктерін, жарық пен реңктердің әсерін зерттей
отырып, ойлау қабілеттерін дамытады. Бояу түстерін байқау тәжірибесінің
болмауынан: бояу түстерінің өзара үйлесімділігін ажырату, қажетті түсті
табу, заттардың айырмашылығын айыру алғашында оқушыға қиынға соғады.
Қайткенмен де, жүйелі бағыттап оқыту, үйрету, көрсету негізінде оқушылардың
көбі бояу реңін дұрыс, жарасымды, үйлесімді, ажырата білудегі ережелерге
біртіндеп үйрене бастайды, бояулардың негізгі қасиеттері өзара қоспалары
арқылы күшейетіндігіне мән бере қарайтын болады [19].
Табиғат әлемі, мәдени мұралар мен өнер түрлері барлығы адамның рухани
дүниесін байытып, ой бейнесін тудырып оның көңіл күйін, сезімін оятып,
көркемдік талғамы мен танымдық көзқарасын дамытып, қоршаған орта өміріне
бейімдейді. Сөйтіп мәдениет астары көркем педагогикалық білім, тәрбие
тәсілдерін жүйелеуге мүмкіндік береді. Сондықтан өнерде логикалық
құрылымдар емес саналы-сезімдік, көркем-образдық бейне түзілімдері негізгі
танымдық өріс болып табиғи тұрғыда қалыптасады. Ал мұндай әдіснама өнер мен
білімге деген шынайы ықылас пен құлшынысты туындатады. Өнер мен білімге
деген сүйіспеншілік өмірге бейімдеп, адамның өмір сүру салтының мәнін, оның
рухани мүмкіндіктері арқылы толықтырып отырады. Адам өз бойына біткен
құдіретті сананың күшімен әлемнің сырлы бейнесін ой бейнесіне ендіріп, өмір
мәнін түсінуге ұғынуға талпынады. Әрине мұндай талпыныс шығармашылық қиялды
тудырады. Шығармашылық қиял санадағы ой бейнесін көркем-образдық бейнеге
айналдыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық процестегі мұндай сезімдік-
логикалық реттілік рухани тәрбие тәсілдерін іріктеуге мүмкіндік туғызады.
Рухани тәрбие оқушы жан дүниесін елітіп, ақыл ойы мен сана-сезімін
нұрландырады. Затында адам санасында әр нәрсе материалдық та, руханилықта
бейнелі болуы мәнді. Бұл бейнелеу өнеріндегі, жалпы барлық өнер
түрлеріндегі бейнелілік сипатқа тән және ол кескіндік, тұлғалық көркем-
образдық әдіс-тәсілдер жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ол бейнелі
санаға тәуелді. Адам өз өмірін әлемді бейнелі қабылдаудан бастайды.
Көрнекілік әсіресе бейнелеу өнерін оқытудың алғашқы сатысында үлкен
мәнге ие болады. Көрнекілік әсіресе бейнелеу өнерінің негізін құрайтын
заңдылықтарға кіретін терминдерді, түсініктерді ұғындыру үшін аса қажет.
Көрнекілік арқылы мұғалім горизонт сызығы, перспектива, сызықтық
перспектива, көлеңке перспективасы, және т.б. түсініктер таблица түрінде
көрсетіліп немесе табиғаттың өзіне алып шығып көрсетіледі. Заттың
конструкциялық құрылымын түсіндіру үшін, оқушыларға сым темірден шартты
түрде зат формасын елестететін көрнекіліктер қолданылады. Гипстен жасалған
шар, куб, целиндр формаларын бейнелеу барысында мұғалім оқушылараға Жарық
пен көлеңке бірлігі, Жартылай жарық, Заттың өзіндік көлеңкесі, Түсіп
түрған көлеңке ұғымдарын түсіндіруге арналған көрнекті құралдар
пайдаланады [20].
Кескіндеменің негіздерін үйретуді мақсат ететін — бояумен сурет
салу сабақтарында педагог оқушыларға Хроматикалық түстер, Ахроматикалық
түстер, Жылы түстер, суық түстер, Кеңістіктегі түстердің өзгеру
сипаты, Реңдік қатынастар, Зат бетіндегі жарық пен көлеңкеге байланысты
түстердің өзгеруі, Түстерді араластыру тақырыптарына арналған көрнекті
құралдар қолданылады.
Кеңістік көріністеріндегі заттардың түстерінің өзгеруі, оларды бейнеленуін
оқушыларға ұғындырудың ұтымды жолдарын даңықты суретшілердің картиналарының
иллюстрациялары болып табылады. Мұндай шығармалардың қатарында
Ш.Уәлихановтың Теріскей Алатау, М.Кенбаевтың Асауды ұстау, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ГРАВЮРА ӨНЕРІНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚУШЫЛАРҒА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА МҮСІНДІК КОМПОЗИЦИЯ ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫ МАКЕТ ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУ» «ОҚУ ҒИМАРАТЫ» 100Х80 Х40, пвх
Оқушыларды сыныптан тыс үйірме жұмыстарында майлы бояумен жұмыс жазудың қыр-сырына үйрету
Табиғат көріністерін бейнелеуге оқушыларды үйретудің тиімді әдістері
Бейнелеу өнерін оқытудың негізі
Бейнелеу өнерінің саласы кескіндеме өнері туралы
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗІ
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету (көшпенділер)
Бейнелеу өнері арқылы оқушылардың патриорттық сезімдерін арттыру
Пәндер