Конституциялық – құқықтық нормалар, институттармен принциптер


Конституциялық - құқықтық нормалар, институттармен принциптер
Жоспары:
1. Конституциялық - құқықтық нормалар ұғымы, олардың түрлері мен ерекшеліктері.
2. Құқықтық институттар.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясының принциптері.
1. Конституциялық - құқықтық нормалар ұғымы, олардың түрлері мен ерекшеліктері
Конституциялық құқықтық нормаларға құқықтық нормалардың барлық белгілері тән. Оларды мемлекеттік органдар қабылдайды. Олар қоғамдық қатынастарды ретке келтіретін құрал болып табылады.
Құқықтық нормалар реттеушілік және қорғаушылық қызмет атқарады . Реттеушілік нормаларға құқықтық қатынас мүшелеріне субъективтік құқық беру және оларға заңдық міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің белгілі бәр нұсқасын белгілейтін конституциялық құқықтық нормалар жатады. Бұл, Конституцияның азаматтардың құқықтары мен бостандықтары бөлімінде анық көрінеді. Қорғаушылық нормаларға субъектілер тәртібін мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолымен анықталатын конституциялық құқықтық нормалар жатады. Конституциялық құқық қорғау нормалары конституциялық құрылысты нығайтуда, азаматтың құқығы мен бостандығын қорғауда, саяси тұрақтылықты сақтауда үлкен рөл атқарады. Бұл нормаларға Президенттің импичменті туралы, Үкіметке, оның жекелеген мүшелеріне сенім көрсетпеу туралы конституциялық ережелер жатады.
Конституциялық құқықтық нормаларды түсіну үшін конституциялық реттеуші нормаларды өкілеттік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші нормаларға бөлеміз.
ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР
Реттеуші Қорғаушы
өкілеттік тыйым міндеттеуші
беруші салушы
Өкілеттік беруші конституциялық құқықтық нормалар субъективтік құқықтық жағымды мамұнда белгілейді. Ол субъектіге, яғни мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестікке, азаматтарға қандай да бір жағымды әрекет жасауға құқық береді. Осындай құқық беруші нормалар көп жағдайда азаматтарға беріледі. Бұлар азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік құқықтары туралы конституциялық нормалар. Құқық беруші нормаларға ҚР Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің конституциялық өкілеттігін анықтайтын нормалар жатады.
Тыйым салу нормалары адамдардың белгілі бір қасиетті әрекеттеріне ұстамдылық жауапкершілігін белгілейді. Айталық, Конституция діни негізде саяси партиялар құруға, заңсыз қарулы құрамалар ұйымдастыруға тыйым салады. Тыйым салушы конституциялық нормалар мемлекеттің конституциялық негіздерін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қорғауды көздейді. Бұл туралы Конституцияда анық айтылған. 5-баптың 3-тармағында «Мақсаты немесе іс әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұсқан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік, топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға тыйым салынады» делінген.
Міндеттеуші конституциялық нормалар адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың белгілі бір жағымды әрекеттержасау жауапкешілігін белгілейді. Конституция Парламент Палаталары Төрағаларына бірқатар жауапкершілік жүктейді.
Құқық саласының құқықтық нормаларынан конституциялық құқықтық нормаларды ажырататын ерекшеліктер:
1. Конституциялық құқықтық нормалар ерекше қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялық құқықтық нормалар адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздерін бекітуге қатысты конституциялық құрылыс негіздерін нығайту мен мемлекеттік органдар жүйесін анықтауға байланысты қатынастарды реттеуді көздейді.
2. Конституциялық құқықтық нормалардың үлкен заңдық күші бар. Басқа құқықтық нормалар Конституцияға қайшы келмеуі тиіс. Барлық басқа нормативтік актілер Конституция негізінде шығарылады. Конституция қағидаларына қайшы келмейтін құқықтық актілердің күші жойылуы тиіс. Конституциялық нормаларды қорғау құқығы Конституциялық Кеңеске және Прокуратураға берілген.
3. Материалдық және іс жүргізуші конституциялық құқықтық нормалар өзіндік қырымен ерекшеленеді. Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқықтан айырмашылығы конституциялық құқықтың конституцияық нормаларды жүзеге асырудың жалпы біржақты тәртібін белгілейтін мамандандырылған іс жүргізуші саласы жоқ. Дегенмен, Конституциялық құүқықытық нормалар мен реттелетін қоғамдық қатынастарттобының әр қайсысының да өзіндік іс жүргізу нормалары бар. Мысалы, Парламенттің заңдар қабылдауының белгілі бір тәртібі, Президент импичментінің, Парламентке депутаттар сайлауын өткізу, референдум өткізу тәртібі конституциялық нормалармен бегіленеді.
2. Құқықтық институттар
Барлық заңдық нормалар бірбірімен тығыз байланысты, өзара тәуелді, өзара негізделеген және бірыңғай жүйе құрайды. Құқық жүйесі - нақтылы түрде қалыптасқан құқықтың ішкі құрылымы. Құқық жүйесі құқықтық институт және құқық саласы деген екі элементтен тұрады. Құқық институты - бірыңғай қоғамдық қатынастардың жеке, шартты түрде дербес түрлерін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. Мысалы, конституциялық құқықта - азаматтық институты, азаматтық құқықта - сыйға тарту, сатып алусату институты.
Конституциялық құқық өзіндік мемлекеттік құқықтық институтқа ие. Құықытық институт заңдылық мазмұнының жақындығы бойынша топтасқан құқықтық нормалар жиынтығы. Құқықтық нормалар конституциялық құқық саласын құқықытық институттар арқылы құрайды. Конституциялық құқықтың конституциялық институты конституциялық құқық нормаларының ықпалындағы қоғамдық қатынастардың белгілі бір учаскелерін реттеуді көздейді. Әр құқықтық институт шартты түрде конституциялық құқық саласының дербес құқықтық нормалар тобын білдіреді.
Конституциялық құқықтың құқықтық институты қоғамдық қатынастардың ірі немесе шағын тобын реттей алады. Конституциялық құқықтық институттың кез келген басқа құқықтық институттар сияқты өз құрылымы бар. Бұл құрылымды құрайтындар әр қилы заңдық мазмұнмен сипаталады. Мұндай әр қилылық қоғамдық қатынастардың тиісті бір бөлігін реттеуді қамтамасыз етеді. Бүкіл әрқилылығына қарамастан құқықытық институттың нормалары ортақ құқықтық принциптермен, идеялармен бірлестірілген. Айталық, қабылдау негіздеріне қарамастан азаматтық институты азаматтардың бірлігі мен теңдік принциптерімен бірлестіріледі. Қүқық институты кей кездері жекелеген нормативтік актілерді бекітеді. Арнаулы заң қабылданған солазаматтық институтттың алалық. Бұл азаматтық қатынастарды реттейтін барлық құқықытық нормалар осы заңның ішінде деген сөз емес. Азаматтық туралы негіз боларлық нормалар ҚР Конституциясында жазылған.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясының принциптері
Құқықтық принциптер мемлекеттік органдардың, азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, лауазымды адамдардың қызметін үйымдастырудың белгілі бір бағыттарын қарастыратын құқықтық нормативтік идеялар болып табылады. Конституциялық принциптер Конституцияда және конституциялық құрылысты, оның қызметін ұйымдастыру бағытын анықтайтын құқықтық нормативтік идеялар.
Конституциялық принциптер Конституция қабылданар кезеңде қалыптасқан экономикалық, саяси, әлеуметтік, этникалық факторлармен және мемлекет пен қоғам дамуының стратегиялық идеяларымен қамтамасыз етіледі. Әлем таныған халықаралық құқық нормаларын да назардан тыс қалдыруға болмайды. Республика конституциясында Қазақстан халықаралық құқық принциптері мен нормаларын құрметтейтіндігі атап айтылған. Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларын талдау нәтижесі бойынша конституциялық принциптерді екі топқа бөлуге болады:
- Конституцияда айқындалған принцип
- Конституцияда айқындалмаған принцип. Бұл принцип конституциялық қағидаларды талдау аясында рәсімделеді.
Конститтуция Қазақстан Республикасының қызметіне негіз боларлық принциптерді орнықтырады. Қазақстан Республикасы қызметіне негіз боларлық принциптер туралы конституциялық ереже Қазақстан мемлекетіне, оның органдарына және Қазақстан қоғамына, оның қоғамдық саяси институттарына арналады.
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық келісім принципі бірінші орында тұрады. Өйткені қоғам әртүрлі топтарға, ұлттарға, тектерге, конфессияларға бөлінеді. Сондықтан қалыпты қоғамдық келісімнің маңызы айрықша. Мемлекеттік органдардың құқық қорғаушылық қызметінің де қоғамдық келісімді нығайтуға қосар үлесі зор. Мемлекет қоғамдық саяси бірлестіктерден қоғамдық келісімді бұзуға бағытталған әрекеттерге жол бермеуді талап етеді. Қоғамдық келісімді қолдау мемлекеттің, оның органдарының ғана емес, сондай ақ қоғамдық саяси институттардың, тұтастай қоғамның міндеті.
Бұл орайда Қазақстан Респуликасындағы жағдай қанағаттанарлықтай. Азаматтардың олардың қоғамдық бірлестіктерімен ұйымдарының сан мыңдаған ұсыныс тілектерін ескере отырып, Республикалық Референдум өткізу:
- референдумға ерікті түрде қатысу және азаматтардың өз қалауын еркін айту.
- Жабық сайлау кезінде референдумға азаматтардың жалпыға ортақ, тең және тікелей қатысу құқығы.
- Жариялылық принциптеріне негізделеді.
Парламенттің қызметі демократиялық әдістер негізінде жүзеге асырылады. Оның Палаталарының құзыретіне жататын барлық мәселелер, тұтас алғанда, ашық қарау, талқылау, дауыс беру жолымен шешіледі. Конституциялық Кеңес, Үкімет, орталық атқарушы органдар өз қызметтерінде демократиялық әдістерді кең қолданады.
Билікті бөлу принципі конституциялық құрылыс негіздерінің бірі ретінде Конституцияның мемлекеттік органдардың жүйесі мен құзыретін, олардың өзара өкілеттік шегін бекіткен көптеген қағидаларында көрініс тапты.
Мемлекеттік биліктің жоғарғы сатысында билік бөлу принципін қамтамасыз ету үшін ҚР Конституциясы бөлу принципін билік тармақтары арасында іс жүргізуді шектеу принципі мен ұштастыруды көздейді. ҚР Конституциясына тән сипат, онда іс жүргізудің түпкі билігі Парламентке бекітілген. Парламент, оның Палаталары Сенат және Мәжіліс өз қызметін тек Конституцияда көрсетілген өкілеттік шеңберінде ғана жүргізеді. Ал Үкіметтің өкілеттігіне келсек, Конституция бойынша оған олардың кейбіреуі ғана берілген Оның Президенттің заңдары мен актілері арқылы жүктелген басқа да қызметтерді атқаратындығы көрсетілген.
Билік бөлу принципін барлық билік тармақтарының тәжірибесін байыту есебінен жетілдіруге болады. Судьялардың жұмысы принциптерін арнайы атау ол билік тармақтарының бірі болғандығы үшін ғана емес, сонымен бірге құқықтық мемлекетте азаматтардың құқығын, бостандығын және заңды мүдделерін қорғауда айрықша мәнге ие болатындығымен де маңызды.
Қазақстан Республикасының Конституциясында Конституцияның үстемдік принципі Ресей Федерациясы Конституциясындағы сияқты (4б, 2т) тікелей дараланбаған. ҚР бүкіл аумағында Конституцяның үстемдік принципі әр қилы ісер етеді. Ең алдымен ол Қазақстанда конституциялық құрылысты орнықтырудан, құқықтық мемлекет құруға ұмтылудан көрінеді. Конституцияның үстедігін тану мемлекеттің Конституцияға, задарға бағыну идеясын білдіреді. ҚР Конституциясында республика «өзін құқықтық мемлекет ретінде бекітті» деп жазылған.
Конституцияның үстемдігі, сондай ақ оның басқа да принциптерімен, нормаларымен бүкіл мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, лауазымды адамдардың және азаматтардың қоғамдық өмірінің барлық салаларындағы қызметінің сәйкестендірілуі тиістігін білдіреді. Қазақстан Респуликасы Конституциясының үстемдігі принципінде мемлекеттік құрылымның біртұтас нысандары бейнеленеді. Біртұтас Қазақстан мемлекеті Конституциясының үстемдігі Республиканың барлық аумағында бірдей жүреді. Аумақтық тұтастық, оның бөлінбейтіндігі туралы қағида ҚР Конституциясының нақ лсы үстемдік принципіне негізделген.
Жалпы ұлттық келісім, қоғамдық саяси тұрақтылықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «1997 жылды жалпы ұлттық келісім және саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жариялау туралы» жарлық шығарды. Жалпыұлттық келісім жылын өткізуде саяси партиялар, ұлтық мәдени орталықтар, қоғамдық және діни бірлестіктер белсенді рөл атқарды. Олар қоғамдық келісімді, қоғамдық саяси тұрақтылықты нығайту бағытында бірлескен акциялар өткізуді көздейтін өзара келісімдерге қол қойды.
Республика қызметіне негіз болатын маңызды принциптердің бірі - елдің саяси тұрақтылығын орнату принципі. Қоғамдық келісім сияқты, саяси түрақтылықта та, мемлекеттің, қоғамның, олардың институттарының үздіксіз, ойластырып жүргізген жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асырылады. Қазақстан Респуликасы Конституциясы қоғамның барлық мүшелерін біріктіре алатын және саяси құқықтық мұраттарды әлеуметтік мәдени құндылықтарды қалыптастырады. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы мемлекеттік құрылым саласында және мемлекеттілік сипатында мұраттар бірлігін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасады.
Қазақстан Республикасының қызметі экономикалық дамуға бағытталуы тиіс. Қоғамды гүлдендірудегі шешуші мәніне орай экономикалық принцип негізгі принциптердің бірі болып табылады. Осы принципті орнықтыра отырып, Конституция, біріншіден, мемлекеттің, қоғамның экономикасын дамытуда алатын орны мен жауапкершілігін атап көрсетеде. Мемлекеттің жеке экономикалық қатынастар саласындағы қатал, байыпты да батыл реттеушілік қызметінсіз, сондай ақ экономиканың мемлекеттік секторларын жан жақты реттеп, қатаң басқармайынша экономиканы дамыту мүмкін емес. Екіншіден, Конституция экономикалық қатынастарды жолға қойып, экономиканы дамытуда азаматтық қоғамның өзінің де алатын орнын мойындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz