Ғүлама Әль -Фараби



1 Әл . Фараби шығармашылығының Абайға тигізген игі ықпалы
2 VII . VIII ғасырларда билік құрған Бағдат қаласының халиф.әмірлері
3 Философия жайында
Әл - Киндидің ісін жалғастырған қазақ топырағында туып өскен Отырар қаласының перзенті атағы әлемге жайылған ғүлама Әль -Фараби Бағдатта білім алып, Сирияда ғұмыр кешкен. Ол 950 ж. 80 жасында қайтыс болды, оның толық аты Абу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархани ибн Узлах әл - Фараби әл - Түрки.
Аристотельден кейінгі екінші ұстаз әл-Фараби Арыс өзенінің Сырдарияға құятын сағасына орналасқан Отырар (Фараб) қаласында 870 ж. дүниеге келген. Отырар жұрты Шымкент облысындағы бұрынғы Қызылқұм ауданының орталығы – Шәуілдір елді мекенінің жанындағы қасиетті қазақ топырағынан нәр алып, халық дүниетанымынан сусындаған, көптеген ғұламалардың ішінде бүкіл әлемге танымал фалсафашы ғалым Әбу Насыр әл - Фарабидің шығармашылық өмірі көзден жырақта өтсе де көңілімізге етене жақын екендігіне ерекше тәнтіміз. Дін исламның кеңінен тарала бастаған кезіндегі біліміне көңілі толмай, алыстағы Бағдатқа дейін барған. 70 – ке жуық тілді еркін меңгерген Әбу Насыр әл - Фарабидің әмбебап ғұламалылығы сол кездің өзінде - ақ аңызға айналған екен.
Шынында оның қаламы тартпаған ғылым саласы жоққа тән деуге болады. Ақиқатқа бергісіз қалай дегенде де Әбу Насыр атты ұлы дала перзентінің екінші ұстаз атануы кездейсоқ еместі. Оның ұлан ғасыр мұрасы - әр түрі ойлау мәдениетінің дәстүрлі, әрі сан қырлы ой кешу нәтижелерін бойына мықтап сіңірген және өз заманындағы ғылыми фәлсафалық жетістікті жан - жақты қорытып жаңа деңгейде, жаңа сапалы тұжырымдау жүйесін жасаудың жемісі. Оның ойынша бір тұтас болмыс алты сатыдан тұрады: Бірінші сатысы - алғашқа себеп құдай, екінші сатысы - аспан денелерінің болмысы (ас-сабаби-аспани), үшінші сатысы - әрекетшіл ақыл ой, төртінші сатысы - рух, бесінші сатысы - түр, форма, алтыншы сатысы - материя, Әл – Фараби білімді негізінен екіге бөлді практикалық (қолөнер) және теориялық (ғылым) деп.
1. X. Сүйіншіәлиев. «Қазақ әдебиетінің тарихы» 1997ж
Алматы «Санат» баспасы.
2. «Сөнбес жұлдыздар» 1989ж Алматы «Қазақстан» баспасы.
3. Бейсенов Қ.Ш. «Философия тарихы» 2005 Шымкент
4. Қасымжанов А. «Әл - Фараби» 1982ж
5. Д. Тоқмырза «Мұсылман ғалымдары» «шапағат нұр»
баспасы 2006ж Алматы.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Әл - Киндидің ісін жалғастырған қазақ топырағында туып өскен Отырар
қаласының перзенті атағы әлемге жайылған ғүлама Әль -Фараби Бағдатта білім
алып, Сирияда ғұмыр кешкен. Ол 950 ж. 80 жасында қайтыс болды, оның толық
аты Абу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархани ибн Узлах әл - Фараби әл -
Түрки.
Аристотельден кейінгі екінші ұстаз әл-Фараби Арыс өзенінің Сырдарияға
құятын сағасына орналасқан Отырар (Фараб) қаласында 870 ж. дүниеге келген.
Отырар жұрты Шымкент облысындағы бұрынғы Қызылқұм ауданының орталығы –
Шәуілдір елді мекенінің жанындағы қасиетті қазақ топырағынан нәр алып,
халық дүниетанымынан сусындаған, көптеген ғұламалардың ішінде бүкіл әлемге
танымал фалсафашы ғалым Әбу Насыр әл - Фарабидің шығармашылық өмірі көзден
жырақта өтсе де көңілімізге етене жақын екендігіне ерекше тәнтіміз. Дін
исламның кеңінен тарала бастаған кезіндегі біліміне көңілі толмай, алыстағы
Бағдатқа дейін барған. 70 – ке жуық тілді еркін меңгерген Әбу Насыр әл -
Фарабидің әмбебап ғұламалылығы сол кездің өзінде - ақ аңызға айналған екен.
Шынында оның қаламы тартпаған ғылым саласы жоққа тән деуге болады. Ақиқатқа
бергісіз қалай дегенде де Әбу Насыр атты ұлы дала перзентінің екінші ұстаз
атануы кездейсоқ еместі. Оның ұлан ғасыр мұрасы - әр түрі ойлау
мәдениетінің дәстүрлі, әрі сан қырлы ой кешу нәтижелерін бойына мықтап
сіңірген және өз заманындағы ғылыми фәлсафалық жетістікті жан - жақты
қорытып жаңа деңгейде, жаңа сапалы тұжырымдау жүйесін жасаудың жемісі. Оның
ойынша бір тұтас болмыс алты сатыдан тұрады: Бірінші сатысы - алғашқа себеп
құдай, екінші сатысы - аспан денелерінің болмысы (ас-сабаби-аспани), үшінші
сатысы - әрекетшіл ақыл ой, төртінші сатысы - рух, бесінші сатысы - түр,
форма, алтыншы сатысы - материя, Әл – Фараби білімді негізінен екіге бөлді
практикалық (қолөнер) және теориялық (ғылым) деп.
Әл - Фараби шығармашылығының Абайға тигізген игі ықпалы туралы
көрнекті ғалымдарымыз А. Нышанов пен М. Мырзахметовтер көлемді де күрделі
зерттеулер жүргізіп, еңбектерін жариялады. Қазіргі кезеңде Әл-Фараби
шығармашылығын зерттеу ісі жолға қойылған деуге әбден болады. Әл - Фараби
атындағы қазақтың ұлттық мемлекеттік университетінде фарабитану орталығы
жұмыс істейді. Алайда Әл-Фарабидің қанша еңбек жазғаны әлі күнге дейін
белгісіз. Профессор А. Қасымжанов олардың санын неміс ғалымы Ш.
Штейншнайдер - 117, түрік ғалымы А. Атеш - 160, тәжік ғалымы Б. Тафуров -
200 трактат деп көрсетеді - дейді. Туған жеріне әліде орала қоймаған
отырарлық ой – жәдігерлерді зерттеп, зерделеп, тәуелсіз Қазақстанның
қажетіне жарату ісі бүгінге ұласын деп фәлсафашы ғалымдарымыздың үлесінде
дейміз. Әл - Фарабидің Орта Азия, Иран, Кавказ, Түркия, елдеріндегі
философиялық осы ғылыми дамудың
барысында тарихи нышандарын бірінші орынға қояды. Насыр жас шағынан
талапты, оқуға жетік жас боп әкесініңде, ұстаз оқытушы- тәрбиешілерініңде
назарына ілігеді. Зерек жас көп ұзамай - ақ ілкі тәрбие мектебін аброймен
аяқтап, өз бетімен ізденген. Жас ақынның бақытына бұл кездегі Отырарда бай
кітапхана болған екен. Сол мүмкіншілікті жақсы пайдаланылған ақын Фараби
өте көптеген ғылымдар саласынан хабардар болып, тез зерек жетілген. Ғылым
мен білімге, әдебиетпен мәдениетке әбден құмартқан ол ержетіп, өзін өзі
билегендей жігіт шағынан бастап бөтен елге саяхат шегеді. Әбу Насыр грек,
араб, тілдерін де жетік үйреніп, сол тілдердегі ғылым табыстарына жетуге
ерендеген күш салды. Бұхара, Самарқанд, Шам, Мысыр, Александрия - араб және
парсы елдерін түгелімен кезеді. Заманындағы білімді деген ұстаз -
оқытушылардан тәлім алып, ғылым – мәдениетінің орталықтарында болды. Оқып
іздене келе өзінің өміріндегі бүкіл тіршілігін сол жолға, яғни білім жолына
бағыштауға бел буды. Дүние – дәулет өмір қызықтарының, айналадағы келеңсіз
болып жатқан жайлардан бой тартады. Не мал жинап, дүние – дәулет жинамай не
жар сүйіп, отбасы қызығын көрмей өтеді екен. Халық аузында ертеден сақталып
келе жатқан өзі туралы бір өлеңде өзінің өмір жолын былайша баяндайды:
Кешір мені, туған жер, сені артқа тастадым.
Кешір мені, туған ел, жолды алыс бастадым.
Кешір мені, ұлыса - ұрпағым, бақ, байлық, даңқ
Кешір мені, ар –ұжданым,білім болды баққаным.
VII - VIII ғасырларда билік құрған Бағдат қаласының халиф-әмірлері,
зертеушілерінің пікірі бойынша, прогресшіл бағытты ұстанған. Мысалы: Әл-
Масұр (745-775), Харун Рашид (786 - 809); Бұлардан кейінгі халифтардан
өзгеше ғылым білімге ықыласты Әл - Мамундар (813 — 819) әлеті болыпты
дейді. Осылар тұсында обсерватория, ғалымдардың бас қосатын даналар
ханасы ұйымдастырылған. Орта Азия мен Қазақстан өлкесінен шыққан көне
сонау ертедегі түркі ғалымдардың сол біразы осы орталықтарға барып, өздерін
өнер -білім әлеміне бағыштаған. Олар: Ғаббас Жауһари, Ахмед Фарғани,
Мұхамед әл-Хорезми, IX ғасырдағы Отырар өлкесінен өрбіген даналар Ахмед
Мирвзау де IX ғасырдағы Мервтен шыққан ғұлама екен. Әбу Насыр әл-Фараби осы
бір топ даңқты адамдар тұсында өмір сүріп, ғалымдар ғұламасы, ақын дана ел
арасында емес, дүние жүзілік бойынша Аристотельден кейінгі екінші ұстаз деп
атанған. Аталмыш есімдер көне түркі елінде, Қазақстан жерінде дүниеге
келіп, көне құтты мекеніміз Отырар шаһарында тәлім – тәрбие алып, ілгері
оқып жетіле түсу үшін сол тұстағы ғылым – тәрбие алып, ғылым - білім ошағы
саналған араб ғалымы В.В.Бартольд (1869-1930): ІХ-Х ғасырларда ғылыми
жұмыстар негізінен Тигр мен Ефрат алқабында, ескі мәдени орталықтарда
Балкан, Басра мен Хоррезмға шоғырланды.

Бағдат - бүкіл мұсылман әлемінен, әсіресе, Иран мен Орта Азиядан
шыққан әдебиетшілер мен ғалымдарды өзіне тартты деп жазған. Ол Бағдатқа
келген кезде мұнда зерделі зерттеулермен аттағы шыққан Иухамна бин Хайлан,
Әбу Бакір Матта, Әбу Бәкір бин Сираж сияқты белгілі ғалымдар ғұмыр кешіп
жатқан шақ болса керек. Ол медицина ғылымын Иухамна бин Хайланнан,
Жартылыстану мен грек тілін Әбу Бакір Маттадан, логика мен астаномиялық
ғылымдарды Әбу Бәкір бин Сираждан үйренген.
Әбу Насыр әл-Фараби логика, әуез, астрономия, және басқада ғылымдар
бойынша көптеген еңбектер жазған: Ол - аса ірі мұлсылман фалсафашыларының
бірі. Олардың ешқайсысы да өз деңгейіне жеткен жоқ. Әбу Әли ибн Сина да
(980-1037) өзінің шығармаларын жазу үшін оның еңбектерін пайдаланған, сол
арқылы да мәшһүрлікке жеткен -деп еске алады.
Әбу Насырдың мысырға келуі онда 935 - 946 жылдары аралығында патшалық
құрған Мұхаммед ибн Тұғұж әл-Ихшидтың кезімен тұспа - тұс болды. 935 жылы
ол Мысыр басқағы (әміршісі) болып тағайындалған. Халиф ар-Ридидан Ихшид
атаған алады. Арабтардың шежіресінде бұл атақтың мәні айқындалмаған, бірақ
Мұхаммед ибн-Түғұждың ата-бабасы мекендеген Орта Азияда ол құрметті лауазым
болған. Мысырда патшалық құрған кезде ол әл-Фарабиді жерлесі ретінде
қонаққа шақырса керек, бірақ бабамыздың Мысырда қанша уақыт болғаны жайлы
араб деректері ештеңе айтпаған. Әбу Насыр әл-Фараби өздігінен оқып жетілген
ғалым, ғұлама, ақын. Ол ең алдымен грек ғылымын, оның фәлсафасын, әсіресе
ұлы даңқты ұстаз Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Халликомның
айтуынша Әбу Насыр Аристотельдің Метофизикасын қырық рет, Жан туралы
еңбегін жүз рет Риторикасын екі жүз рет оқып шыққан сияқты. Осындай
алғырлығының арқасында ғана ол Аристотельдің еңбегін игерген екен.
Біз Әл-Фарабиді фәлсафашы ретінде танылғанын айттық. Оның фәлсафалық
еңбектерінің басым көпшілігі грек ғалымдарының, әсіресе Аристотельдің
мұрасын зерттеуге арналған еді. Сонымен қатар Әл-Фараби ұлы ұстаз
Аристотельдің Категория және бірінші-екінші Аналитика сияқты фәлсафалық
және логикалық шығармаларына да зор түсініктер жазған. Сондай-ақ өзіде
Кемеңгерлік меруерті, ізгі қала тұрғындарының көзқарасы, мәселелердің
түп мазмұны, Ғылымдардың шығуы, Бақытқа жету сияқты тағы басқада
көптеген трактаттар туындатқан. Бұл еңбектерде ол дүние, қоғам, мемлекет
және адамдардың өзара қарым-қатынасы туралы өз заманы үшін ой - пікірлерін
айтады. Орта ғасырдың өзінде-ақ Әбу Насыр қанаусыз, зорлықсыз бақытты қоғам
орнату жөнінде батыл болжам жасаған. Мұндай қоғамның тууын ол мемлекет
басшысының ақылымен, білімімен, адамгершілігімен байланыстырды. Фараби өз
заманында мұсылман елдеріндегі тілдердің көбісін білген. Сонымен қатар ол
ғылымда қолданылатын көршілес елдердің де тілін меңгергені мәлім. Мысалы
араб, парсы, түркі, латын, грек тілдерін өте жақсы білген. Оның 70 түрлі
тіл білемін дегені асырып айтқандық болуы да мүмкін. Алайда оның көп тіл
білу қабілеті орасан зор болғаны мәлім. Ол тілді үйреніп қана қоймай, тіл
ғылымдарының өркендеуіне зор көңіл бөлген. Оның филология, поэтика,
каллиграфия, риторика жөнінде жазған еңбектері, өлеңдері және т.б. бар.
Оған мына кітаптары дәлел бола алады: "Китаб фи әл хатаба" ("Риторика
туралы кітап"); ("Жазу Фарабидің тіл ғылымы жөніндегі ұлы дәстүрін
жалғастырған оның өкшелес жерлесі - отырарлық Әбунәсір Исмаил ибн Хамид әл-
Жауһари (1002 жыл шамасында қайтыс болған). Бұл да Фараби сияқты жаһанкез-
саяхатшы болып, бүкіл шығыс халифатын аралап шыққан адам. Оның "Тіл түзету
кітабы" ("Китаб ас-сахах әл-луғат") деген еңбегі дүние жүзіне белгілі
болған.

Осы лингвист Жауһари жоғарыда айтылған астороном-математик
Жауһаридың туысы болуы мүмкін деген де жорамал айтылып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҒҰЛАМА ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ
Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті және оны оқыту
Қазақ даласының жұлдыздары
Ғалымдар энциколопедиясы
Әл Фараби тарихи мұралары
Ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби
Данышпан, философ, энциколопедист, әдебиетші, ақын Әл-Фараби
Фарабидің педагогикалық идеяларының оның математикалық және жаратылыстану ғылыми еңбектерінде қолданылуы және жүзеге асырылуы
Әбу Насыр Әл-Фарабидің тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлері
Қазақ педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Пәндер