Азаматтық сот ісін жүргізу қағидалары


Тақырыбы: Азаматтық сот ісін жүргізу қағидалары
Жоспар:
1. Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының түсінігі.
2. Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының мән-мағынасы.
3. Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының жүйесі.
Азаматтық сот ісін жүргізу қағидалары
Біздің елімізде жоғары заң күші бар және бүкіл аумақта тікелей қолданылатын Конституция әр адамның, ұйымның бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы қорғау мүмкіндігін бекітеді. Осындай қорғанудың негізгі нысаны - азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен істерді қарап шешу болып табылады.
Азаматтық істерді сотта қарап шешуге көптеген құқық субъектілері қатысады. Олардың барлығы сот ісін жүргізуде оның қағидаларын сақтап ұстануға тиіс. Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидалары сотта тараптар арасындағы құқықтық дауды демократиялың жолымен дұрыс және жылдам шешуге үлкен үлес қосады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаларының түсінігін беру үшін ең алдымен оны жалпы құқық қағидаларымен бастаған дұрыс. Қағида латын сөзінде (ргіпcipium - негіз, бастапқы) деген екі негізгі мағынаны білдіреді: объективтік (қандай болмасын ғылымның, теорияның негізгі ережелері) және субъективтік (болмысқа қатынасын белгілейтін адамның ішкі қасиеті - сендіру) .
Құқықтық қағида - бұл заңнамалармен бекітілген және экономикалық қатынастар дамуымен сипатталатын бастапқы идеялар, негізгі бастаулар.
Құқық қағидалары қоғамдағы құқықтық реттеуді және құқық жүйесін құрайтын объективті негізделген бастапқы идеялар. Оларды зерттеу арқылы құқықтық әлеуметтік-экономикалық, саяси және өнегелі табиғатының анық сипаттамасын біле аламыз, сондай-ақ жеке құқықсалалардың, институттардың және нормалардың мазмұны мен мәнін аша біледі.
2. Құқық қағидаларының мәнін дұрыс түсіну үшін олардың тек мазмұнын ғана емес, сондай-ақ, құрылымын да білу қажет. Бұл құрылым үш компоненттен тұра-ды: 1-құқықтық сана жөнінде нақты түсініктен, сонымен қатар, құқықтық ғылымда судьялардың және басқа да заңгерлердің құқықтық санасынан; 2-тиісті ережелерді қолданыстағы заңнамада бекіту; 3-құқық қағидаларының нақты қоғамдық қатынастарда жүзеге асырылуы (біздің жағдайда, азаматтық істерді қарап және шешу барысында сот қызметінде) .
ҚР АІЖК-де сот пен іске қатысушылар арасындағы қатынасты реттеуге, сондай-ақ нақты азаматтық істі шешуге бағытталған азаматтық сот ісін жүргізудің қағидалары құқықтық нормаларда бекітілген. Олар азаматтық іс жүргізу құқығының жеке зерттеу құқықтық институты болып танылады.
Азаматтық іс жүргізудің құқық саласында құқықтық нормалар қабылдау және қолдану қызметінде азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының мәні зор екенін байқауға болады. Азаматтық сот ісін жүргізу міндеттерін орындаудың бастапқы шарты ретінде азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларын сақтау және оларға сәйкес іс жүргізу әрекеттерін сот және басқа да іске қатысушыларымен жасау болып танылады.
Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының мән-мағынасы туралы дұрыс көрініс алу азаматтық іс жүргізу құқықтық саласының дамуына және азаматтық істер бойынша сот тәрелігін жүзеге асыруына соттардың қызметін жетілдіру үшін қажет.
Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидалары соттар мен құқықтық нормаларды дұрыс түсінуге және қолдануға септігін тигізеді, заң шығару тәжірибесі үшін негіз қалаушы болып табылады. Сондықтан қағидалар азаматтық іс жүргізу құқық саласында мазмұны бойынша жаңа құқық нормаларын әзірлеп қабылдауға және қолданыстағыларын өзгертіп жаңартуға үлкен үлес қосады.
3. Азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген азаматтық сот ісін жүргізудің бастапқы идеяларына, негіздеріне сүйене отырып құрылады. Осы азаматтық сот ісін жүргізудің бастапқы идеялары (қағидалары) азаматтық істер бойынша сот тәрелігінің тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Барлық азаматтық сот ісін жүргізудің қағидалары жиынтығы бойынша бір-бірімен тығыз байланыс құрып және бір-бірін толықтыра отырып, біртұтас жүйе (грек тілінен systema - бөлектерден құрылған тұтас байланыс) құрайды.
Жүйе дегеніміз - нақты тұтастықты құрайтын, бір-бірімен тиісті қатынаста болатын көптеген элементтер. Осылайша, азаматтық сот ісін жүргізу бір-бірімен байланыстағы қағидалардың жиынтығын құрайды. Тиісінше қағидалар өзара байланыс пен қатынаста болып біртұтас жүйе құрайды.
Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының жүйесі объективті сипатта болуына қарамастан, заң әдебиеттерінде оның құрамы және осы жүйеге кіретін кейбір жеке қағидалардің атауы бойынша бірқатар ой-пікірлер бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz