Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі


ЖОСПАР
1. 2. Алаш зиялыларының ХХ ғасыр басындағы қазақ
қоғамындағы ролі . . .
КІРІСПЕ
XX ғасырдың бас кезі қазақ қоғамы үшін түрлі ағымдардың өзара қақтығыс, күрес кезеңі болды. Бір жағынан, ескі, күні өткен феодалдық қатынастар өзінің барлық даму қуатын тауысып, қоғамдық өсіп-өнуде кедергіге айналса, екінші жағынан оларды ауыстыра аларлық жаңа қоғамдық қатынастар тым әлсіз, балаң күйде еді. Елдегі мұндай ауыр жағдайды ресейлік имперализмнің пәрменді отарлау және орыстандыру саясаты тереңдете түсті. Демек, бұл мезгілді орта ғасырлық мешеулік пен ұлттық езгі қыспағына бірдей іліккен қазақ елінің болашағына үлкен қауіп төнген еді.
Осындай жағдайда қоғамдық күреске қазақ қоғамы үшін мүлдем жаңа саяси әлеуметтік күш-ұлттық интеллигенция араласа бастайды. (1) . Нәтижесінде қазақ қоғамында мүлде жаңа сападағы жағдай қалыптасып, феодалдық тоқырау мен отарлық тәуелділікке қарсы күрес негізгі белгілеріне айналады.
Қазақ қоғамы үшін нағыз өтпелі кезең болған сол уақытта тарих сахнасына көтеріліп, бас-аяғы жиырма жылға созылған қысқа мерзім ішінде өшпес із қалдырған ұлт зиялылары еді.
Кеңес үкіметі тұсында қазақ зиялыларының тарихын жасау ірі ресми саясатқа тікелей тәуелді болды.
Алаш қайраткерлерінің тағдырын, әсіресе шет елдерге қоныс аударуға мәжбүр болған алаштықтардың өмірі мен қызметін танып білуде X. Оралтай еңбегінің орны ерекше. Мәселен, автордың "Алаш" партиясы тарихын 1905 жылдан бастауымен "Қазақ" газетімен бірге "Айқап", "Қазақстан" басылымдарын осы ұйымның органына жатқызуы. (2) Бұл сөздер аталған еңбектің даулы жерлері болып табылады.
Ф. Голощекин 1925 жылы Қазақ өлкелік партия комитетінің басшылығына келген кезден бастап "Алаш" деген атқа қатысы бар өнер, ғылым, мәдениеттің түрлі салаларында халық үшін жемісті еңбек етіп жүрген барлық қазақ зиялыларының соңына шам алып түседі (3) . Алаш қозғалысына жетекшілік еткен қайраткерлер қызметтерінен куылып, Қазақстаннан аластатылып, олардың басым көпшілігіне "контрреволюциялық әрекеттер ұйымдастырушылар" деген саяси айып тағылады. Қазақ халқына қарсы жасалған геноцидтік саясатын іске асыру үшін Голощекин 20-шы жылдардың өзінде жекелеген қызметкерлерге алаштың "контрреволюциялық ұлтшылдық мәнін" әшкерелейтін еңбектер жазуға арнайы тапсырмалар береді.
Сондай тапсырма алған республика мемелекеттік баспаның директоры А. К. Богачов "Алашорда" деген кітапша жазып, онда алашты бастан-аяқ қаралап шығады. "Алаш" жөнініде қүжаттар жинағын жазған БК(б) П Қазақ өлкелік комитетінің насихат бөлімінің меңгерушісі Николай Мартыненко жинағына "Алаш" партиясы бағдарламасының орыс тіліне А. Кенжин аударған, түпнұсқаға жақын нұсқасы бола тұрып, басқа, яғни құжаттық мазмұнын бұрмалауға салған сапасыз аударма түпнұсқасын енгізген. Кейіннен бұл нұсқа шетелдік басылымдарға да енді.
Богачев пен Мартыненко еңбектерінің шығуымен бір мезгілде алаштық интеллигенцияны қудалау және сотқа тарту ісі қатар жүрді.
БКП (б) Қазақ өлкелік комитетінің жанындағы Партия тарихы институты оның ұйымдастыруымен 1933 жылдың желтоқсанында өткен "Алашорда және Алаш партиясы тарихына" арналған пікірсайыста институт қызметкерлері С. Брайнин мен Ш. Шафиро "Алашорданың тарихи рөлі" деген баяндама жасап, 1935 жылы олар "Алашорда тарихы бойынша очерктер" деген кітабын жарыққа шығарады.
Аталған еңбектер "Правда" газетінде (14 көкек 1935 жылы) жарияланған. П. Русановтың "Алашординская контрабанда" мақаласына орай БК (б) П Қазақ Өлкелік Комитеті 1935 жылы 15 көкекте пленум өткізіп, "контрреволюциялық ұлтшылдық идеологияны таратуға қызмет етуіне" байланысты "Алаш" атауын пайдаланудан шұғыл алып тастауға қаулы қабылдайды. Сөйтіп, 1989 жылдың шілде айына дейін "Алашты" айтуға тиым салынады.
Алаш партиясы 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өткен Бірінші бүкілодақтық съездің шешіміне байланысты құрылған еді. Бұл съезге Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана, облыстарынан және Бөкей ордасынан делегаттар қатысқан. Съезде қаралған 14 мәселенің ішіндегі ерекше маңыздысы қазақ қоғамының сол кездегі алдында тұрған мақсаттарына сәйкес қазақтың дербес саяси партиясын құру болатын. Бұл мәселені талқылау барысында съезд іс жүзінде партияны Ұйымдастыруға арналған Құрылтай Жиналысына айналады.
Жаңадан құрылған партия қазақ атауының синонимі "Алаш" деген атқа ие болды. Оның құрамына қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдері - М. Тынышбаев, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, Ғ. Қарашев, С. Торайғыров, Х. Ғаббасов, Ә. Ермеков, Ж. Досмұхамедов, М. Дулатов тағы басқалар кіреді.
Әрине "Алаш" қандай партия болды деген сауал бүгінге дейін зерттеліп келе жатыр дегенмен толыққанды жауабын ала алмай келеді.
Алаш қозғалысын зерттеу және оны өз оқырмандарына таныстыруда көп еңбек тындырып келе жатқан "Ақиқат" журналы.
Қазақ ұлт-азаттық қозғалысын бүгінгі қоғамдық сұранысқа сай зерттеуде М. Қозыбаев еңбектерінің орны ерекше (4) . Олар бұл күрделі мәселені ескі, ұлыдержавалық мүдде тұрғысынан емес, ұлттық ерекшеліктер мен мүддеге, жалпы адамзаттық қасиеттерге негізделген жаңа әдістемелік және теориялық деңгейде зерттеуді меңзейді. Академик М. Қозыбаев "Алаш" партиясының бағдарламасының жобасын және бүкілодақтық екінші съездің құжаттарын талдай келіп, партияны ұлтшыл саяси ұйым деп айыптаудың негізсіз екендігін дәлелдеп берді.
Интеллигенция тарихын зерттеудегі жаңа кезеңнің тағы бір белгісі бұл мәселені кең тарихи хронологиялық ауқымда және нақты деректік негізде зерттеуді қуаттайтын еңбектердің жарық көре бастауы. Ұлттық интеллигенция тарихын Кеңес билігі дәуірімен шектеген Қарағүсов және басқа авторлардың пікірін Х. Әбжанов орынды сынаған. Сондай-ақ осы жаңа кезенде ұлттық интеллигенияның қоғамдық-саяси қызметін зерттеу тарихнамасы да белгілі бір жүйеге түсе бастады. І. Қозыбаевтың тарихнамалық еңбектерінің жарық көруі соның айғағы болатын (5) .
К. Нүрпейісов "Алашқа" әдеттегі таптық партияға ауысу" кезеңін бастан кешірген өтпелі жалпыұлттық саяси ұйым" деген баға берді. Т. Кәкішев "Алаш" құрылған 1917 жылы шілде айында оның нағыз саяси партияға тән қабылданған жарғысы мен бағдарламасы болмағандығын, ресми басқару органдарының сайланбағанын айта келіп, оны шын мәніндегі саяси партия ретінде қалыптасып үлгермеген ұйым деп бағалады.
М. Қойгелдиев пен Т. Омарбеков "Алаш" қайраткерлерінің негізгі мақсаттары қазақ елін отарлық езгіден азат ету және қазақ қоғамын ортағасырлық мешеуліктен өркениетті әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму жолына алып шығу болғандықтан, "Алаш" партиясын "Ұлттық демократиялық партия" деп атады.
М. Қойгелдиевтің тұжырымы бойынша - "сол тарихи кезеңде қазақ қоғамына терең дағдарыстан өркениетті жолға шығу үшін, тарихи тәжірибе көрсеткендей, большевиктер ұсынған жол анағұрлым тиімді және азабы кем еді. Себебі алаштық интеллигенция ұсынған жол қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін революциялық әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды эволюциялық жолмен, басқа өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі жетілдіре түсуді көздеді.
Қазіргі таным тарихында кеңестік саясатқа ұлттық тұрғыдан баға берген академик Манаш Қозыбаев "Кеңестік Орталық пен большевизм жүргізген геноцид-отаршылдық шыңы болды"(6) десе, кешегі КСРО-ның құлауы туралы академик Тұяқбай Рысбеков "КСРО-ның құлауы заңды құбылыс. Өйткені оны қорғайтын қоғамы орнатылмаған болатын"(7), деп ой қорытуы негізсіз еместі. Осы орайда ұлт зиялыларын зерттеп жүрген белгілі тарихшы Мәмбет Қойгелдиевтің "Алаш өкілдерінің осы аралықтағы ұстанған позициясы мен көздеген мақсаты біреу, ол мақсат қазақ қоғамын ояту, халқын, жұртын тәуелсіздікке үндеу болатын"(8) деген тұжырымы да орынды.
Кешегі таптық саясат келмеске кетті десек те, кеңестік
саясат пен кеңестер билігі бүгіндері ұлттық тұрғыдан қайта
жазылуы керек. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан тарихында ұлт
зиялыларының саяси қызметтері қайтадан жазыла бастады.
Бұл - құптарлық жайт. Болашақ ұлт бірлігі, мемлекет тұтастығы
қазақ қоғамының болуында десек, қоғамның бірлігі ұлт
өкілдерінің саяси танымының, біліктілігінің болуына байланысты.
Еңбектің мақсаты:
1. XX ғасырдың басындағы және 20 жылдардағы "Алаш" партиясының Қазақстан тарихындағы алатын орны, "Алаш" зиялыларының қазақ қоғамындағы атқарған қызметі, сонымен қатар "Алаш" партиясының бағдарламалық жобасының негізгі ойын ашу. Тәуелсіздік жылдарындағы жарияланып отырған жаңа мәліметттер негізінде жаңа көзқарастағы тұжырымға көз жеткізу.
2. патша өкіметінің қазақ қоғамының ішкі бірлігіне іріткі түсіріп, қазақ жерлерін тартып алу, қорлау саясатының кез келген көрінісіне қарсы күштерді басып-жаншуға арналған түрлі құқықтық, нормативтік құжаттар мен актілерін талдап, олардың Ж. Ақбаев, Ә. Бөкейханов, Х. Досмұхамедов, Ә. Ермеков сияқты қазақ зиялыларының құқықтық көзқарасының қалыптасуына тигізген әсерін анықтау.
3. ғасырлар тоғысы мен ХХ ғасыр басындағы Ресейдегі саяси, қоғамдық-әлеуметтік процестердің қазақ зиялыларына, саяси қайраткер ретінде қалыптасуына және саяси күресте қаншалықты кәдеге жарағанын саралау.
4. қазақ халқының тәуесізідк жолындағы ұлт-азаттық күресінің қалыптасу, өрістеу, бәсеңдеу сатыларындағы Алаш партиясы, Алашорда үкіметі мен Алаш автономиясының рөліне құқықтық тұрғыдан баға беру.
Міндеті:
- "Алаш" зиялыларының XX ғасыр басындағы қызметіне тоқтала кетіп, қазақ қоғамындағы орнының сипатын ашу.
- "Алаш" партиясының бағдарламалық жобасына талдау жасап, ерекшеліктерін айтып өту.
- Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов Ж. Ақбаев бастаған қазақ зиялыларының саяси мұрасын және Алашорданың конституциялық құжаттарын саралай келіп, олардың Қазақстанда зайырлы қоғам құруды мақсат еткенін аңғару.
- Алаш қайраткерлерінің нағыз интернационалистік келбеті де жан-жақты ашу.
Өзектілігі:
Өмірі қысқа болғанымен рухы мықты, бағыты ізгі "Алаш" партиясының қазақ тарихында алатын орны және сол кезеңдегі тарихи жағдайдың ерекшелігі қай қазақ баласын қызықтырмас.
Алашорда қайраткерлерінің өмірі мен құқықтық көзқарасы арқылы саяси күрес пен оны зерттеу нәтижесінде қалыптасқан саяси және құқық ілімі тарихының пайда болуы мен даму жолын зерттеу. Сондықтан олардың қызметіндегі саяси күрестің алуан формалары: үгіт-насихат жұмысы, оның қоғамдық қызметі, патша өкіметінің жергілікті құқық қорғау мекемелерінің жүгенсіздіктеріне қарсы әрекеті, жоғары лауазымды адамдарға шағым түрінде жолдаған қоғамның саяси-экономикалық жағдайы туралы еңбектерінің, Уақытша үкімет органдарына қатысуы, Алашорда қозғалысын басқарып, оның құқықтық құжаттарын жасауға қатысуы т. б. жан-жақты талданады.
Еңбектің хронологиялық зерттеу ауқымы XX ғасырдың алғашқы жылдарынан - 20-жылдарына дейінгі кезеңді қамтиды.
Қазақстанда отаршылдық езгі, патша өкіметінің қазақ халқын қанауды одан әрі күшейтуі негізінде туындаған әр түрлі бас көтеру, наразылық акцияларынан бастап, саяси күштердің "Қазақ" газеті төңірегіне топтасуына дейінгі аралықты қамтиды. Сондай-ақ "Қазақ" газеті шығуымен ұлттық зиялы қауымның біртұтас саяси күшке айналып, оны Ақпан (1917) революциясына дейінгі азаттық жолындағы күресін қамтитын кезең. Ақпан революциясынан бастап Алаш партиясының, Алашорда үкіметінің құрылуымен аяқталатын (1917 жыл, желтоқсан) - саяси тәуелсіздік жолындағы күрес кезеңі. Соңғы кезең - қазақ қауымының саяси жетекші күшін құрайтын Алашорда қозғалысы қайтаркерлерінің қуғындалып, қозғалыстың таратылу кезеңі (бұл 1919-1920 жылдарды қамтиды) .
Қазақстанның Ресейге бодан болғаннан бергі тарихындағы XX ғасырдың алғашқы ширегін «саяси күрестер мен рухани жаңғыру кезеңі» деп айтуға әбден болады. Бұл кезеңде саяси күрес сахнасына Ресейдің аса үлкен ғылыми, саяси орталықтарында білім алған, сол кезеңдегі Европадағы саяси күрестің бет алыс бағдарларынан әбден хабардар, экономика, құқық тарихы мен теориясын терең меңгерген қазақ зиялыларынын үркердей озық ойлы тобы басым көпшілігі ғылымға емес - утопияға, демократияға емес - авторитаризмге негізделген большевизм идеясын кабылдамай, баррикаданың арғы бетіне шығып, өз елінде, өз жерінде отырып азап шеккен қазақ халқының мұн-мұктажын қорғауды максат еткен «Алаш» партиясын ұйымдастырды. Ел алдындағы ұлы мақсаттарды жүзеге асыратын атқарушы билік органы - «Алашорда» үкіметін құрып, ұлттык-аумақтык негіздегі «Алаш автономиясы» мемлекеттігін жариялауға талпыныс жасады. Қазақ халқынын ұлттык, саяси санасын қалыптастырудағы ең биік белес болған. ХХ ғасыр басындағы осы бір қазақ зиялылары алдыңғы қатарлы тобының саяси қызметі де, құқықтық көзқарастары да, тіпті ғылыми, әдеби мұралары да ұзак жылдар бойы жабық тақырып саналып, зерделі зерттеулерге объект бола алмады. Оларсыз қазақ тарихы - тұл, алтын дегені - күл еді. «Алаш» партиясынсыз саяси күрес тарихын, «Алашорда» үкіметінсіз экономикалык ілімдер мен реформалар тарихын, «Алаш автономиясынсыз» Қазақстан мемлекеттілігінің негізін, Алаш ардагерлері емірінсіз ұлт тарихының ұлы аркаулары - тұлғалары тарихын жасау мүмкін емес-ті.
Қазақ коғамының қасіретін халыктың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғарды. XIX ғасырдың аяғында қазақ халқын саяси жағынан қайта түлету қажет екенін айқын түсінген қазақ зиялылары қалыптаса бастады. Бұл кезде қазақ халқы саяси күрес тарихынын аренасында болуға тиіс пе, жок па деген мәселе алға қойылған еді. Қазақ зиялылары арасынан саяси қызметтің катерлі жолына жалтақтамай, жанкиярлықпен түскен көрнекті тұлғалар шықты.
Ә. Бекейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Акбаев, Ә. Ермеков, X. Досмұхамедов және баскалар сондай адамлар болатын. Олар патша самодержавиесінің қазақ халқының саяси сана-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына барынша кедергі келтіріп отырғанын әуел бастан-ақ түсінген еді. Сондыктан да олар, бір жағынан, өзін-өзі басқару негіздерін тықпаланып отырған күйінде қолданудың қазақ халқы үшін зияндылығын ашып көрсетіп, екінші жағынан, отаршыл өкімет орындары әрекетінің халыкка қарсы мәнін әшкереледі. Қазақтың қоғамдық-саяси қайраткерлері оларды сынап кана қойған жок, сонымен қатар саяси дамудың нақты жолдарын ұсынып, өздері сол үшін жапа шеккеніне қарамастан, ойын халық санасына сіңіре білді. Бұл орайда олардың ұлт-азаттык қозғалысының объективті зандарын басшылыққа ала отырып, әлдебір азын-аулақ топтардың емес, бүкіл халық мүдделерін көздеп іс-қимыл жасағанын атап көрсеткен жөн.
Бүкіл халыкты саяси ағарту, ұлттык сана-сезімді қалыптастыратын саяси ұйым құру арқылы ғана қайта түлету мақсатына жетуге үміт артуға болатын еді.
Алаш қайраткерлері жалпы адамзаттық гуманизм принциптерін асқақ тұтып, бүкіл қазақ халқының мүдделеріне қызмет етті және бүкіл ғұмырын осы максатка жетуге арнады.
Патша самодержавиесі қазақтарды саяси аренадан ығыстырып шығаруға ұмтылып қана койған жоқ, олар қазақ халқының ғасырлар бойы калыптаскан шаруашылық жүргізу нысандарын жоюға және оны тіршілік етуінің экономикалық негіздерінен айыруға құқылык негіз жасауды максат етті. Қазақ жері мемлекеттік меншік деп жарияланды. Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын баскару туралы ережеде (1891) көшіп-қонуға арналған жер мен сол жерлердегі барлық дүние-мүлік, соның ішінде ормандар да мемлекеттік меншік болып саналды, ал көшпелілер үшін артылып қалуы мүмкін жерлер мемлекеттік мүлік министрлігінің қарамағына түседі деп табылды. 1896 жылы Ішкі істер министрлігі жанынан қоныстандыру баскармасы ұйымдастырылып, ол қазақ халқының тағдырында зұлымдық рөл атқарды. Қазақ даласына Ф. Щербина мен Н. Н. Румянцев басшылык еткен екі экспедиция ұйымдастырылып, олар қазақ халқының «бос жаткан» немесе «артық» жерін анықтады. Соның салдарынан XIX ғасырдың аяғынан қазақтардын жерін жоспарлы түрде тартып алып, оған қазақтар мен қоныс аударушы орыс мұжықтарын орналастыра бастады. Орыстың озық ойлы қайраткерлері патша өкіметінің қазақтар жөніндегі әділетсіз көзқарасы туралы бүкіл Ресейде мәселе көтерді. «Қырғыздар (қазақтар) тірі қалар ма?» деген аландаушылық білдірген атаумен енбектер жарық керді. Алайда мұндай үрейлі ойлар «құмға сіңген судай» болып қала берді. Патша өкіметі қазақ жерлерін тоқтаусыз әрі күштеп отарлауын жалғастырып, қазақтарды бай деп, кедей деп бөлмей, шөл және шөлейт жерлерге ығыстырып көшіре берді.
Осындай жағдайда прогресшіл, озық ойлы қазақ қайраткерлері патша самодержавиесінің отаршылдық саясатына ашық карсы шыға бастады. Олар қазақ халқын жерінен айыру оның құрып бітуіне апарып соғатынын түсінген еді. Сондықтан олар, бір жағынан, патша өкіметінің отаршылдық шараларына қарсылық ұйымдастыруға тырысты, ал екінші жағынан, өз халқын құрып бітуден құтқарып қалу үшін өздерінің ұлттық жер бағдарламасын әзірледі. Бұл орайда олар халыктың жекелеген топтарынын жайын емес, бүкіл халықтың қамын ойлады.
Отаршыл өкімет орындары саяси аренаға қазақ халқының алдыңғы қатарлы өкілдерінің шығуы халыктың ояну белгісі болатынын айқын да анық түсінді. Сондықтан олар өз қарсыластарының қызметін өрістетуге мүмкіндік бермеу үшін қажетті тәсілдердің бәрін пайдаланып, оларға қарсы жазалау шараларының қандайын болса да қолданудан тайынбады. Бірақ өздерінің өмірін, кабілеті мен іс-қимылын халык мүдделеріне арнауға бел байлаған ұлтжанды азаматтарды ешнәрсе тоқтата алмады. Осылайша, қазақ халқы озық ойлы өкілдері арқылы өзінің өміршендігін ғана емес, тарихи тұрғыдан келешегі зор екенін де танытты. Ұлттык мүдделерді ұғынған қазақ қайраткерлерінің саны қаншалықты аз болғанымен, олар бүкіл қазақ қоғамын саяси күрес ісіне тарта білді. Өйткені кең-байтақ қазақ өлкесінде осынау елжанды, жанқияр қайраткерлердің есімдері революцияға дейін-ак мәлім болатын және халық олардың сонынан еріп, айтқанына құлақ асты. Коммунистік партия үстемдік құрған кезде қазақ ұлт-азаттық, козғалысы қайраткерлерінің көзқарастарын, идеялары мен қызметін объективті тұрғыдан зерттеуге тыйым салып, оларға сан алуан жағымсыз айдар тағып бақты.
- "Алаш " партиясының құрылуы
XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі "Алаш" партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихында алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. Бірақ белгілі обьективті себептерге байланысты бұл әрекеттері нәтиже бермеді.
Қазақ зиялылары тарапынан осы мазмұндағы әрекеттің нышандары 1913 жылы қайтадан бой көрсетті. М. Сералин бастаған "Айқап" журналы төңірегіне шоғырланған қазақ зиялылары ең өзекті қоғамдық мәселелерді талқылап, белгілі бір бағдарламалық тұжырымдарға келу үшін жалпықазақ съезін шақыру жөнінде бастама көтерді.
Сонымен, жалпықазақ кеңесін шақырып, онда ұлт өміріне қатысты өзекті мәселелерді қарау, соған сай саяси партия құру ісін қолға алуға қажетті алғышарттар тек ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты (9) .
Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә. Бөкейханов пен А. Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды (10) .
Бірінші жалпықазақ съезіне қатысқан М. Шоқаев өзінің естеліктерінде бұл жиынға өзбек және татар елдері өкілдерінің де қатынасып, өздерінің ыстық ықыласын білдіргендігін айтып:"Сөйтіп құрылтай ұлы түркі халықтарының бас қосқан үшеуінің мызғымас бірлігін көрсететін сахнаға айналды" - дейді. Бірінші жалпы қазақ съезін ұйымдастыру бюросы "Қазақ" газетінің 24 -маусым күнгі санында съездің тәртібіне қойылатын мәселелерге байланысты ел талқысына өз тұжырымдарын ұсынды. Тезистер түрінде баяндалған бұл мәселелердің бәрі дерлік кейін бірінші жалпықазақ съезінің күн тәртібіне енді. Бұл тезистер, белгілі дәрежеде, сол тарихи кезеңдегі қазақ демократиялық интеллигенциясының күрделі аяси мәселелерге байланысты ұстанған айқындамасынан, көзқарас деңгейінен хабар беретін еді.
Мысалы, бюроның түсінігі бойынша, съезде қаралуға тиіс ең негізгі мәселе, әрине мемлекеттік дербестік мәселесі еді. Олай болса бюро мүшелері өздері сұраған ұлттық автономия мазмұнын қалай түсінді?
Бұл сауалға біз тезистерден мынадай жауап аламыз:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz