Жасөспірімдік кезеңдегі қоғамдық, белсенділік және дүниетанымның қалыптасуы



І. Кіріспе
Қабілет жөніндегі түсінік
ІІ. Негізгі бөлім
1.Қабілеттің теориялары
2. Нышан және қабілет
3.Қабілеттердің даралық сипаттары
ІІІ. Қорытынды
Мүдделер мен рухани талап-тілектер. Қазіргі совет жігітгері мен қыздарын олардың 30—40-жылдардағы құрдастарымен салыстырғанда жастардың жалпы мәдени денгейінің, интеллектілік мүдделерінің кендігі мен жан-жақтылығын аңғармау мүмкін емес. Радио, теледидар, кино, көпшілікке арналған ғылыми басылымдардың арқасында жоғары кластағылар ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктерін біліп отырады. Жүргізілген психологиялық зерттеу оку үлгірімі тәуір жоғары класс оқушыларының ғылым, техника, мәдениет пен спорттың ен жаңа жетістіктері туралы хабардарлығы мұғалімдерден кем түспейтінін, ал кейде ұстаздарынан асып түсетінін көрсетеді. Бұлай болмауы да мүмкін емес: ғылыми-техникалық революция заманында әрбір келесі үрпақ өзінен бұрынғыдан білімдірек болуы тиіс. Жастардың бос уақытын өткізуі де аға ұрпақтардан гөрі мазмұндырақ. Жоғары кластағылардың көпшілігі ғылымға, елдің саяси өміріне, халықаралық қатынастарға, спортқа, өнерге өте зор ынта қояды. Олардың сүйікті істері — кітап оқу, кинофильмдер мен телевизия хабарларын көру, спортпен шұғылдану, туризм және т. б. көптеген жайлар. Физикалық-математикалық, химиялык және басқа олимпиадаларға қатысушылардың барған сайын көбеюі жастарда ғылымға деген ынтаның белсенді, творчестволық сипатта екендігін көрсетеді. Жігіттер мен қыздар ғылыми дүниетанымды калыптастыру үшін айрықша маңызы бар әлеуметтік проблемаларға (қоғамтануға, философияға) деп қояды.
1. Бабаев «Жантану негіздері»
2. Жарықбаев «Психология»
3. Тәжібаев, Алдамұратов «Психология»

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жасөспірімдік кезеңдегі қоғамдық, белсенділік және дүниетанымның қалыптасуы
Мүдделер мен рухани талап-тілектер. Қазіргі совет жігітгері мен қыздарын олардың 30—40-жылдардағы құрдастарымен салыстырғанда жастардың жалпы мәдени денгейінің, интеллектілік мүдделерінің кендігі мен жан-жақтылығын аңғармау мүмкін емес. Радио, теледидар, кино, көпшілікке арналған ғылыми басылымдардың арқасында жоғары кластағылар ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктерін біліп отырады. Жүргізілген психологиялық зерттеу оку үлгірімі тәуір жоғары класс оқушыларының ғылым, техника, мәдениет пен спорттың ен жаңа жетістіктері туралы хабардарлығы мұғалімдерден кем түспейтінін, ал кейде ұстаздарынан асып түсетінін көрсетеді. Бұлай болмауы да мүмкін емес: ғылыми-техникалық революция заманында әрбір келесі үрпақ өзінен бұрынғыдан білімдірек болуы тиіс. Жастардың бос уақытын өткізуі де аға ұрпақтардан гөрі мазмұндырақ. Жоғары кластағылардың көпшілігі ғылымға, елдің саяси өміріне, халықаралық қатынастарға, спортқа, өнерге өте зор ынта қояды. Олардың сүйікті істері —кітап оқу, кинофильмдер мен телевизия хабарларын көру, спортпен шұғылдану, туризм және т. б. көптеген жайлар. Физикалық-математикалық, химиялык және басқа олимпиадаларға қатысушылардың барған сайын көбеюі жастарда ғылымға деген ынтаның белсенді, творчестволық сипатта екендігін көрсетеді. Жігіттер мен қыздар ғылыми дүниетанымды калыптастыру үшін айрықша маңызы бар әлеуметтік проблемаларға (қоғамтануға, философияға) деп қояды.
Алайда қазіргі бар жағдайды дәріптей беру қате әрі зиянды болар еді. Аға ұрпақты барынша алаңдататын бірқатар проблемалар бар. Алдымен қалада және деревняда, сондай-aқ әр түрлі әлеуметтік ортада тәрбиеленген жігіттер мен қыздардың даму деңгейі мен мүдделерінің диапазонында әлі де болса үлкен айырмашылықтар сақталуда. Партия мен үкімет бұл теңсіздікті жою, ең болмағанда азайту үшін барлық жағдайды жасап отыр, бірақ мұндай міндет жылдам шешілуі мүмкін емес. Әсіресе қалада мектептің мәдени-тәрбие жұмысының орталығы регіндегі рөлінің біршама төмендегені алаңдатады. Мұғалімнің жағдайының өзі де күрделілене түсті. Бір кезде ол деревнядағы ең білімді, ал кейде тіпті жалғыз сауатты адам болып, мұғалім деген атақтың өзі оның беделін барынша көтеретін еді. Бүгінде ол басқа кәсіптің адамдары сияқты өзіне соншалық қажетті беделге өзінің жеке басының қасиеттерімен жетіп, сақтауға тиіс, ал бұл анағұрлым қиынырақ.
Кейде қазіргі жастардың мүдделерінің ауқымдылы тым кең емес пе, мұның өзі үстірттікке, жаңғалақтыққа, өзі іздеп табудың орнына дайын білімдерді енжарлықпен меңгеруге дағдыландырмай ма деген қауіп айтылады. Алайда бұл көбіне-көп оқытудың сипаты мен әдістеріне байлаңысты. Жоғары кластарда оқитын жас өспірім жігіттер әдетте оқудың неғұрлым белсенді және дербес формаларын жақсы көреді, сондықтан мектеп бұл қажеттерді қанағаттандыруға тиіс.
Ойлаудың техницизмі және гуманитарлық мәдениетті, әдебиетті, өнерді жете бағаламау елеулі қауіпі туғызады. Мұндай тенденция шын мәнін де бар, сондықтан онымен күресу қажет. Жоғары класс оқушылары өнердің әр қилы түрлеріне өте-мөте әркелкі ортақтасады. Бірегей мүмкіндіктері бар Ленинградтың өзінде жоғары кластар оқушыларының ішінен бірен-сараңдары ғана балетті өзінің көркемдік әуестігі деп атаған; бірде-біреуі операны әуестігім деп атамаған. Бейнелеу өнеріне деген ынта біршама төмен. Музыкалық мүдделер саласында жеңіл музыка мен джаз көбіне қалғандарының бәрін тықсырып тастаған. Кітаптар мен кинофильмдерді бағалаудың критерийлері де жоғары кластағылардың көбінде жетілмеген болып келеді.
Алайда бұл проблемалардың бәрінің жасқа қатысты дегеннен гөрі әлеуметтік проблемалар екендігін атап көрсеткен жөн. Білім деңгейі мен семья жағдайындағы айырмашылықтар мұнда жасқа байланысты айырмашылықтардан гөрі көлемдірек.
Бағалау бағдарлары және қоғамдық белсенділік. Балаң жастық —әлеуметтік белсенділіктің едәуір артатын кезеңі. Совет жігіттері мен қыздар ішкі және халықаралық өмірдің оқиғаларына деп қоюмен бірге, өздері коммунизм құрылысына белсене қатысушылар болғысы келеді. Алайда оқушы жастардың ересектердің еңбек өміріне нақты қатысу шамасы шектеулі. 1906 жылы туған адамдардың ішінен 16-жаста үштен біріне жуығы жұмыс істеген, ал 20 жаста жігіттердің бәрі дерлік еңбек өмірін бастаған екен. Бүгінде олардың құрдастарының көбі әлі оқып жүр. Мұның өзі қазіргі жастардың артықшылығы және білімдер адамдарды- керек ететін қоғамның объективтік қажеттілігі. Бір-ақ сонымен қатар бұл әлеуметтік кемелділіктің неғұрлым кем басталатынында білдіреді.
Ересектіктің субъективтік критерийлері сан алуан, олардың ішінде —білім алуды аяқтау, өз алдына еңбек өмірін бастау, әке-шешесінен материалдық тәуелсіздік, азаматтық кәмелеттік, әскерде қызмет атқару, үйлену, тұңғыш баласының тууы бар. Бұл оқиғалардың бірден болмайтыны өзінен-өзі түсінікті, сондықтан адам өзінің ересек болғанын бірден емес, біртіндеп сөзінеді. Бірақ аталған критерийлердің ең маңыздысы қалай дегенмен еңбек қызметінің басталуы болмақ.
Жоғары класс оқушыларының оқу істері көп болса да, олар оған қанағаттанбай, қоғамдық пайдалы еңбекке ұмтылады, оны практикалық пайдасына қоса, өзін орнықтырудын, маңызды-құралы деп біледі. Жаздағы ауыл шаруашылық жұмыстары, экспедициялармен құрылыстарға қатысу, қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектесу, қартайғандар мен кіші жастағы мектеп оқушыларына қамқорлық жасау —осының бәрі жігіттер мен қыздардың еңбек өміріне ортақтасуының сан алуан түрлерінің біразы ғана. Мектеп комсомолы қызметінің маңызды саласы —аға ұрпақтардың революциялық дәстүрлерін біліп-үйрену және әскери-патриоттық жұмыс.
Жоғары кластар оқушыларының қоғамдық белсенділігінің өз психологиялық ерекшеліктері бар. Жастық шаққа тән романтизм жастарды көбінесе үлкен істерді қолға алуға ұмтылдырады, үлкен істің ұсақ-түйектен құралатынын олар сырттан көмек болмайынша әлі біле бермейді. Бірақ үлкен қоғамдық бастамалардың нәтижесі көбінесе бірден емес, ұзақ уақыт өткеннен кейін барып көрінеді. Ал жастарға өз еңбегінің нәтижесін міндетті турде өзі көріп, сөзінуі керек. Егер ондай нәтижелер болмаса, оңай басталған елігу дәл осылай тез басылып, оның орнын немқүрайдылық басады. Осы себептен де А. С. Макаренконың таяудағы және шалғайдағы перспективами ұштастыру туралы белгілі нұсқауын ескеру ерекше маңызды.
Романтизм мен мұратка ұмтылудан жастар барынша күш салу, ерлік пен қаһармандық талап етілетін кез келген бастамаға ерекше ергіш келеді. Мұның өзі жанқиярлық пен батылдық, жамандыкқа келіспеушілік секілді асқақ адамгершілік мұраттарды тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасайды. Бірақ елден ерекше болып, жарқырай көрінуге ұмтылу кейде әлеуметтік тұрғыдан зиянды арналарға (батылдығын, елден ерекшелігін көрсету амалы ретіндегі сотқарлық, бұзақылық) ойысады.
Сонымен бірге, жас өспірімдік максимализм, асыра бағалау мен талаптану көбіне шындық болмысты дұрыс, байыптап түсінуге бөгет болады. Жас өспірім кейде көпке дейін жеткіншектік сыңаржақтылықтан, ымырасыз бірбеткейліктен арыла алмай жүреді. Қейбір жоғары класс окушыларында өзінше бір гиперкритицизмнің белгілері аңғарылады: олар өздері де осы жағдайлардың нәтижесі екендігін ұмытып айналасындағы дүниеге сырттан қарағандай болады. Мұндай жас өспірімдер алдымен өздерін қанағаттандырмайтын, өздерінің мұраттарына сай келмейтін жағдайларға назар аударуға бейім тұрады. Ал, міндет кемшіліктерді көруді ғана емес, оларды түзеу үшін күресе білуді де үйренуде болмақ.
Кейде мектептегі жағдайлардың өзі осындай ниеттерге ойыстырады. Егер комсомол жұмысы мектептің ішкі істерімен ғана тұйықталса, ол динамизмінен, ауқымдылығы мен тартымдылығының айрылады. Егер ересектер мектептің комсомол ұйымына әдеп сақтап кәмектесудің орнына ұсақ-түйек қамқорлық жасаса одан да жаман. Қоғамдық жұмыс дербес жұмыс болудан қалса болғаны балалар үшін қызғылықтығынан айрылып, іш пыстыратын ескі сарынға айналады. Мектеп активінің жыныстық құрамының үлкен маңызы бар. Көптеген мектептерде активтің жартысынан көбі қыздар болады: олар өздерімен жасты ер балалардан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары мектеп оқушысының тәрбиедегі өз-өзін бағалау ерекшеліктері
Жасөспірімдік шактың танымдық процесінің даму ерекшеліктері
Жасөспірімдердің әлеуметтік-психологиялық даму ерекшелігі
Құндылық аспекттері
Жасөспірімдік кезең сатылары
Жасөспірім психологиясы пәнінен ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ
Жасөспірімдерге өзін-өзі дамытып, бағалай білу қағидаларын меңгерту
Тұлғаның дамуы және қалыптасуы
Жеткіншек психикасының дамуының өзіндік сипаты
Жасөспірім кезеңі жалпы тұлға болып дамуындағы маңызды фаза
Пәндер