Әлемді қайырымдылық пен сақтайық


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Әлемді қайырымдылық пен сақтайық

Ислам дініндегі жақсы құндылықтардың бірі - қайырымдылық жөніндегі тәрбие. Қайырымдылық біздің түсінігімізше, көбінде жетім-жесір мен мүсәпір, қайыршыларға жақсылық жасауға байланысты жалпы мағынада қолданылатын түсінік сияқты. Кейде бұл түсінік әке-шешеге қайырымдылық жасау мағынасында да қолданылып жатады. Ата-анаға балаларының қайырымдылық жасауы ол екеуінің балаларын жақсы адам болуға жетелеген жақсы тәрбиелерінің өтеуі. Ал, керісінше балаларын дұрыс тәрбиелей алмаған ата-ана, кейіннен оның зардап шегеді. Өйткені тәрбие мен ақылға құлақ аспай өскен баланың ержеткенде ата-анасына қайыр жасауы екіталай.

Қайырымдылықтың маңыздылығын, әсіресе ата-анаға қайырымдылық жасаудың қажеттігі жөнінде Құран - кәрімде былай делінген:

«Аллаға құлшылық етіңдер!, Оған ештеңені теңестірмеңдер, ата-аналарыңа жақсылық жасаңдар».

Бұған қоса пайғамбарымыздың хадисінде :

«Балаларың саған қайырымды болсын десең, әкелеріңе қайырымды болыңдар!», - деген. Сонда ата-анаға қайырымдылық жасаудың өтемі жақсы тәрбиемен өскен баладан, ал ата-анаға мейірімсіздікпен қараудың қайырымы ата-ананы тыңдамай, өз дегенімен кеткен балалардан болатыны белгілі болды. Өйткені, «не ексең, соны орасың» демекші, бір нәрсенің өтемі сенің іс-әрекетіңе тікелей байланысты. Егер Құран Кәрімнің әрбір парағына жіті үңіліп әділдік сияқты мағыналарды өзіне жинақтаған, көп мағыналы өте құнды ұғымдармен тоғысатынын байқаймыз. Осыған байланысты қайырымдылық атауы адамдарға арнап айтылумен қатар, кейде Аллаға да арнап айтылады. Мысалы: Бисиммилаһир ар-Рахманир ар-Рахим. Бұл сөздің мағынасы Алланың ең рахымды және оның мейірімді екендігін білдіреді. Ал, егер адамға байланысты айтылатын қайырымдылық ұғымына келер болсақ, онда бұған игі істерге жетелейтін жақсы қасиеттер мен адамға қатысты рухани құндылықтардың барлығы кіреді. Мұндай қасиеттердің күллісі адамзаттың Алламен байланысын арттырып, арадағы алшақтықты қысқарта түспек. Олай болса, қайырымдылық мағынасының діни тұрғыда және қазіргі өмірлік тұрғыда, тіпті келесі өмір тұрғысында алар орны өте зор екендігі белгілі.

Сонымен қатар, қайырымдылық ұғымы пайғамбарымыздың хадисінде ар-ұждан мағынасында да айтылған. Пайғамбарымыздың күнә мен қайырымдылық жөнінде сұраған кезде берген жауабы:

«Жүрегіңді тыңда, қайырымдылық жаныңды жадыратады, жүрегің тыныштанады, ал күнә жаныңды жараласа, кеудеңді тынышсыздық мазалайды, адамдарға не жасасаң, олар саған да соны жасайды».

Пайғамбарымыз бұл жауабында дініміздегі ар-ұжданның маңызын толық ашып көрсетіп тұр. Ар-ұждан - өз иесін үнемі жақсылыққа қарай жетелейтін сезім. Егер адам өз ар-ұжданын аяққа таптап, жамандық пен күнәға барар жолды таңдап алса, онда ол адам ар-ұждан азабынан өзін құтқара алмайды. Ал, егер адам өзінің ар-ұжданының сілтеген жолымен жүрер болса, жаны жай тауып, рахатқа бөленбек.

Құран Кәрімдегі қайырымдылық жөнінде ең ұзын аятта қайырымдылық түріне немесе біреудің сыртқы тұрпатына байланысты емес, керісінше, соның негізіне ең асыл қасиетімен тікелей байланысты. Мұны біз төменде оқитын мына аяттан байқаймыз:

«Ізгілік деген тек жүздеріңді шығысқа, немесе батысқа қаратып құлшылық ету ғана емес. Ол - Аллаһқа және ақирет күніне сенгендігіңде».

Кейіннен аят қайырымдылықтың үтір-нүктесіне дейін түсіндіреді. Қайырымдылық, кейбір тәпсіршілердің айтуы бойынша, жақсы қасиеттермен сипатталатын мынадай үш түрге бөлінеді: дінге деген қайырымдылық, істейтін іс-амалына деген қайырымдылық және жақсы қасиеттерге деген қайырымдылық. Дінге деген қайырымдылық тікелей сенімге байланысты. Мұның ішінен Аллаға иман келтіру, қиямет күні мен оның періштелеріне және кітаптары мен жіберген елшілеріне сену кіреді. Ал, іс-амалына деген қайырымдылыққа келсек, ол зекет беру, жан садақасын, мал садақасын беру (адамның оны жақсы көруіне қарамастан) деген мазмұнмен жетім-жесір, ғарып-мүсәпір, қайыршыларға садақа беру ұғымдары кіреді. Осы аятта зекет пен садақа ұғымы бір-бірін қайталамайтын жеке-жеке түсінік екендігі баса айтылады. Зекет дегеніміз әрбір адам беруге міндетті болып табылатын мал-мүлкінің белгілі бір бөлігі. Бұл дініміздің басты тіректерінің бірі. Ал, садақа беру дегеніміз осы зекеттен тыс адамның өз ықтияр-еркімен берген дүниесі. Сондықтан, Алла адамды байлықты жақсы көретін етіп жаратқан. Адам өзінің дүние құмарлығын жеңіп, садақа жасауы - ол адам жанының қалауы қажетсінетін нәрсе. Сондықтан, садақа беру - үлкен сауапты іс.

Ал, жақсы қасиеттерге деген қайырымдылыққа келер болсақ, ол жалпы игі қасиеттердің барлығын қамтиды. Бұл жөнінде пайғамбар хадисінде:

«Қайырымдылық - жақсы қасиет», - деген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзін өзі тану
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Жастардың адамгершілік тұрғыда өзіндік анықталуына әсер ететін тұлғалық және топтық факторлар
Өзін-өзі тану пәні бойынша тренинг-сабақ
«Жасыл экономика»: болашақ экологияның негізі
Білімдіден шыққан сөз
Бала тәрбиесі ата - ана үшін күрделі міндет
Сауат ашу балалардың жас ерекшелігіне қарай педагогикалық талаптар
Кеңес дәуірі әдебиетіндегі Шыңғыс хан бейнесі
Эхинококкоздың патогенді әрекеті мен биологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz