Балалар әдебиеті және балалар жазушыларының өмірі менi шығармашылығы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

3-БӨЛІМ. МАШЫҚТАНУ ЖӘНЕ СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

Практикалық (семинар) сабақтар:

Модульдің атауы мен шифрі
Тәжірбиелік сабақтар
Оқып үйренетін сұрақтар атауы
Сағат саны
Апталық жүктеме
Әдебиет
Ескерту
Модульдің атауы мен шифрі: 1
Тәжірбиелік сабақтар: 2
Оқып үйренетін сұрақтар атауы: 3
Сағат саны: 4
Апталық жүктеме: 5
Әдебиет: 6
Ескерту: 7
Модульдің атауы мен шифрі:
Тәжірбиелік сабақтар: 1
Оқып үйренетін сұрақтар атауы: Балалар ауыз әдебиеті және оның жіктелуі
Сағат саны: 2
Апталық жүктеме: 2
Әдебиет: 1, 2, 3, 4
Ескерту:
Модульдің атауы мен шифрі:
Тәжірбиелік сабақтар: 2
Оқып үйренетін сұрақтар атауы: Қазақ балалар әдебиетінің тарихындағы -Абай Құнанбаев
Сағат саны: 2
Апталық жүктеме: 2
Әдебиет: 1, 4
Ескерту:
Модульдің атауы мен шифрі:
Тәжірбиелік сабақтар: 3
Оқып үйренетін сұрақтар атауы: Шоқан Уалихановтың өмірі мен шығармашылығы.
Сағат саны: 2
Апталық жүктеме: 2
Әдебиет: 1, 9
Ескерту:
Модульдің атауы мен шифрі:
Тәжірбиелік сабақтар: 4
Оқып үйренетін сұрақтар атауы: Спандияр Көбеев -Ыбырай Алтынсарин үлгісіндегі педагог- жазушы
Сағат саны: 2
Апталық жүктеме: 2
Әдебиет: 1, 6
Ескерту:
Модульдің атауы мен шифрі:
Тәжірбиелік сабақтар: 5
Оқып үйренетін сұрақтар атауы: Міржақып Дулатұлының тәлім-тәрбиелік тағылымдары
Сағат саны: 1
Апталық жүктеме: 1
Әдебиет: 2, 3
Ескерту:
Модульдің атауы мен шифрі:
Тәжірбиелік сабақтар: 6
Оқып үйренетін сұрақтар атауы: Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңдегі балалар әдебиеті (1945-1960 жж. )
Сағат саны: 2
Апталық жүктеме: 2
Әдебиет: 1, 4
Ескерту:
Модульдің атауы мен шифрі:
Тәжірбиелік сабақтар: 7
Оқып үйренетін сұрақтар атауы: Баубек - жауынгер жазушы
Сағат саны: 1
Апталық жүктеме: 1
Әдебиет: 1, 3, 4
Ескерту:
Модульдің атауы мен шифрі:
Тәжірбиелік сабақтар: 8
Оқып үйренетін сұрақтар атауы: Сайын Мұратбеков - әңгіме -жазушы шебері.
Сағат саны: 1
Апталық жүктеме: 1
Әдебиет: 1, 5, 6
Ескерту:
Модульдің атауы мен шифрі:
Тәжірбиелік сабақтар: 9
Оқып үйренетін сұрақтар атауы: Қадыр Мырза Әли -балалар ақыны.
Сағат саны: 1
Апталық жүктеме: 1
Әдебиет: 1, 6
Ескерту:
Модульдің атауы мен шифрі:
Тәжірбиелік сабақтар: 10
Оқып үйренетін сұрақтар атауы: Мұзафар Әлімбаев өмірі мен шығармашылығы
Сағат саны: 1
Апталық жүктеме: 1
Әдебиет: 1, 4
Ескерту:
Модульдің атауы мен шифрі:
Тәжірбиелік сабақтар:
Оқып үйренетін сұрақтар атауы: Барлығы
Сағат саны: 15
Апталық жүктеме: 15
Әдебиет:
Ескерту:

Практикалық (семинар) сабақтар әдістемелік нұсқаулар

Болашақ маманның балалар әдебиеті туралы және балалар жазушыларының өмірі менi шығармашылығы туралы толық мағұлмат алып, мәтінмен жұмыс жасап, теориялық тұрғыдан талдау жасай білулері қажет.

Практикалық сабақтарға студенттер берілген әдебиеттерді басшылыққа ала отырып дайындалады. Әр тақырыптың ерекшелігіне қарай оны әдістемелік тұрғыдан меңгеріп, оқушыларға балалар ақын- жазушыларының шығармаларының тақырыптық, тілдік ерекшеліктерін аңғартуға, оны талдау барысыныда өзінің кәсіби дайындығының жоғары деңгейде екендігін аңғарулары керек.

1 тақырып Балалар ауыз әдебиеті

Сабақтың мақсаты: Қазақ балалар фольклорының бастау кезеңдері туралы түсінік беру.

Қазақ балалар фольклорының бастау кезеңдері. Халық мұрасының танымдық - тәрбиелік мәнінің шексіздігі.

Фольклор” термині халықаралық көлемде өзінің бір кездегі “халық ауыз әдебиеті” деген ұғым шеңберін ұлғайтып, халық өнерінің музыка, қолданбалы өнер, халық ойындары сияқты салаларын толық қамтитын кең өріске ие болып отыр. Оның тәрбиелік ролін де кең мағынасын қарастырған жөн. Халық мұрасының танымдық, тәрбиелік мәні шексіз, шектеусіз терең дүние. Және ол тұтастай алғанда жас ұрпақ үшін ғана емес, адам өмірінің барлық кезеңі үшін мәнді, адамзаттың рухани-эстетикалық қуатының қайнары.

Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне бағытталған, сәбидің жан дүниесінің қалыптасуына, рухани марқаюына негізгі ұйытқы болатын шығармалар өзінше арна түзеді. Мұны фольклор ілімінде “балалар фольклоры” деп атау қалыптасқан.

Қазақ фольклортану ғылымында бұл тіркес термин ретінде әлі толық қалыптасқан жоқ. Бірақ жалпы халық әдебиетінде балаларға арналған өлең жырлардың бар екендігін зерттеушілер жоққа шығармайды.

Қазақ оқырмандары үшін бұл тосын, тың проблема болғандықтан да әңгіме балалар фолклоры деген не? Оның үлкендер фольклорынан қандай айырмашылығы бар? Қазақ фольклорындағы үлгілерінен қандай айырмашылығы бар?

Балалар тірлігі-үлкендер тірлігімен біте қайнасып жататын ажырағысыз
құрылымның жанды бөлшегі екені белгілі. Бірақ баланың жас ерекшелігіне орай дүниетанымы ересектер көзқарасымен қаншалықты сәйкес келмейтін болса, оның күнделікті тіршілігі өзіндік өмір күйі соншалықты ерекше. Балалар фольклоры -қарапайым да нәзік, күрделі де, қызық әлемнің көркем дүниесі.

20-30 жылдарда балалар фольклорын орыс ғалымдары Г. С. Виноградов, О. И. Капица жинақтаған. 1928 жылы О. И. Капицаның басшылығымен КСРО халықтары балалар фольклорының үлгілері жинайтын комиссия құрылды. Соның нәтижесінде славян халықтарының рухани мұрасы хатқа түсіп үлгерген.

Қазақ балаларының рухани мұрасына зерттеушілер арнайы ден қойып, бөлек қарасытырған жоқ, арнайы зерттелмеген, оны жалпы мәдени мұраның ажырамас құрылымы ретінде қарастырған.

Ал қазақ фольклорының бай қорының алғашқы үлгілері қолжаба ретіне көне дәуірдің жазба ескерткіштерінен басталатын жазба әдебиеттің нұсқалары мен жиһанкездер жазбаларда бар.

Қазақ фольклорын ден қоя жинақтаушылар ол кезеңде балалар фольклорына арнайы көңіл бөлген жоқ, халық мұрасының бір қыры ретінде бесік жыры, жұмбақтар, өтірік өлеңдер сияқты танымал жанрларды қағазға түсірді

Қазақ балалар әдебиетінің атасы болып саналатын Ы. Алтынсарин 1979 жылы жарық көрген “Қазақ хрестоматиясы” алғашқы оқулық ретінде ғана емес, жалпы қазақ рухани дүниесіне назар аударған бетбұрыс еңбек болғаны белгілі.

Жалпы балалар өміріне назар аударуда сол кезеңде елеулі еңбек болған Е. Покровскийдің “Детская игра примущественно русские, в связи с исторей, этнографей, педагогикой и гигиеной” атты еңбегінде қазақ балаларының ойындарын қамтиды.

Қазақ балалар ойындарына көңіл бөлудің үлгісін А. Е. Алекторов, П. Ходырев сияқты авторлар мақалаларынан көруге болады.

Қазақтың балалары үшін көптеген жылдар оқулықтың қызметін атқарған М. Дулатовтың “ Қариғат” кітабында фольклорлық үлгілер де мол қамытлыған.

1926 жылы шыққан І. Жансүгіровтың “Балаларға тарту” атты кітабын ереше атаған жөн. Бұл жинаққа -халық поэзиясының балаларға арналған үлгілері тұңғыш топтастырылды. Мұнда бесік жырының саусақ ойындарының, тақпақтар мен сұрамақтардың, арнау-тілек өлеңдердің, қызықтамалардың, жаңылтпаштар мен жұмбақтардың үлгілері жинақталған.

І. Жансүгіровтың “Ел өтірігі” кітабы да осы жылдардағы бағалы жинақтардың бірі болды. 1928 жылы жарық көрген “Ауылдағы жастар, жас ұландар үшін ойын” кітапшасында да балалар жыры мен ойындары топтасытырлған.

Балалар фольклорының үлгілері жиналып, жарық көріп қана қойған жоқ, зерттеушілер назарына іліне бастады. Ұлы Ахаң әдебиет танытқыш еңбегінде “өтірік өлең”, “жұмбақ”, “жаңылтпаштар”, “тақпақ”, “жарапазан”, “ бесік жыры” сияқты терминдерді алғаш ғылыми айналысқа түсірді.

Фольклортану ғылымында -Х. Досмұхамбетовтың “Қазақ әдебиеті” атты еңбегіне ерекше назар аударды. Автордың “халық балалар әдебиетін зерттеу бала табиғаты мен тілінің дамуы жөніндегі мәселелерді анықтауға мол сәуле түсірді, бұған қазақ педагогтері баса назар аударуы керек ”- деген.

Ғалымдар арасында “ балалар фольклорына қандай шығармаларды жатқызуымыз керек деген ” екі ұдай пікір бар.

Бірқатар ғалымдар балалар фольклорына тек балалардың өздері айтып, өздері орындайтын, бүлдіршіндер арасында ғана өмір сүретін шығармаларды енгізейік десе, бірқатар зерттеушілер балалар фольклоры тікелей бала тәрбиелеуге қатысты біршама шығармаларды жатқызу шарт, сондықтан оған үлкендердің балаларға арнап айтатын туындылары да енеді деген.

Фольклор жанрының арасында үзілді кесілді шек қоюға болмайтыны сияқты өзара іштей байланысып жатқан бұл екі саланың арасында да “қытай қорғанын “ тұрғызу мүмкін емес. Өйткені халық дәстүрінде сәби шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап-ақ тәрбие басталмақ.

Сондықтан бүлдіршіндерге арналған шығармалардың барлығын баланың әрбір жас кезеңіне лайықталған туындылар. Оларды үлкендердің орындайтындығына қарап тұтас процестен бөліп алуға болмайды.

Мәселен, бесік жыры мен тұсау кесу жыры, қуырмаш ойындарын балалардың рухани әлемінен бөле жара қарауға болмайды.

Екінші үлкен мәселе, балалар аузында жатталып, олардың рухани кәдесіне жарап жүрген мол мұраның біразы балалардың өз шығармашылығы, дегенмен басым көпшілігі үлкендердің шығармашылығынан ауысқан.

Мысалы, ертегіні алайық, Бұл ересектер фольклорының көнеден келе жатқан күрделі де, негізіг жанрларының бірі. Бірақ ол бүгін таза балардың сүйіктісіне айналып кеткен шығарма.

Балалар фольклоры - балалар психологиясын, көркемдік талғамын, шығармашылық мүмкіндіктерін танытатын халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл мұрасы. Бала қабілетіне лайықтылығы, логикалық жүйелілігі, тілінің нәрлілігі. Балалар фольклорының жіктелуі, ішкі жанрлық топтары.

Әлпештеу поэзиясы. Сәбилік ғұрып жырлары. Мәпелеу жырлары Уату-алдарқату жырларының Бесік жыры болып топтастырылады. Бесік жырларының жиналуы, әлемдік фольклортану. Жеткіншектер поэзиясы. Түрлері: Наурыз, жарапазан жырлары.

Маусымдық жырлар: (Көктем, жаз және күз бен қыс өлеңдері) . Қызықтама. Өтірік өлең. Мазақтама .

Арнау - тілек өлеңдері: (Айға, күнге, табиғат құбылыстарына, жан-жануарларға арналған өлеңдер) .

Балалар өлеңдері. Шығу тегі, тақырып аясының кеңдігі. Балалар өлеңдерінің поэтикалық құрылымы мен орындалу мәнеріндегі өзгешеліктеріне қарай тақпақ және сұрамақ деп бөлінуі. Тақпақ термині. Оған берілген анықтамалар (А. Байтұрсынов, З. Ахметов т. б. ) Сұрамақтың композициялық құрылымының ерекшелігі. Оның диалогқа құрылатындығы. «Бақа, бақа, балпақ» сұрамағы.

Олардың белгілі бір сюжетке құрылып, өлеңдік баяндау түрінде жырланатыны. «Түлкі, түлкі, түлкішек», «Түйе, түйе, түйелер» қызықтамалары.

Ойындық фольклор. Ойын - балалар өмірінің нәрі, сәбилердің рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты. Ойын және поэзия. Ойынға байланысты келетін өлеңдердің функциясы, мазмұны мен өзіндік ерекшеліктері.

Тапсырма:

  1. Ауыз әдебиетінің балалар әдебиетінде алатын орны қандай?
  2. Балалар ауыз әдебиетінің зерттелу жайы туралы конспект жаса.
  3. Балалар фольклорын қалай жіктейміз?

2 тақырып Қазақ балалар әдебиетінің тарихындағы -Абай Құнанбаев

Сабақтың мақсаты : Абай өмірі туралы түсінік беріп, Бастауыш сыныпта Абай мұраларының оқытылуы ерекшеліктерін айқындау.

Абай Құнанбаев (1845-1904) . Ақынның балалар әдебиеті тарихынан алатын орны. Оның ұлт болашағы - жастар деп бала оқытып, оларды тәрбиелеу ісіне ерекше көңіл бөлуі. Өз өлеңдерінде жастарды оқуға, өнер-білімге шақыруы, «дүниеге кірпіш боп қаланып», халқына қызмет ету мәселесін көтеруі. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапты міндетіне назар аударуы. Абайдың «Екінші», «Сегізінші», «Оныншы», «Он сегізінші» т. б. қара сөздерінде өнер-білім, оқу-ағарту мәселесін қоюы.

Абай өлең шығаруды бала кезден-ақ бастаған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі-өз жанынан шығарған төл өлеңдері, екіншісі- ғақлия немесе қара сөз деп аталатын прозасы, үшіншісі- өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері. Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адам портретін жасауға, ішкі- сыртқы қылық- қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Абай лирикасы жанрлық ерекшеліктері жағынан көп салалы, көп қырлы болып келеді. Ол қазақ поэзиясында тіл кестесіне, сөз қолдануына да жаңа сипат дарытқан ақын. Абай поэзиясының тілінде адамның жан тебіренісін, көңіл-толғанысын, жүрек лүпілін, сезімнің сан құбылып ойнақшуын көрсететін сипаттамалар, эпитет, метафора және басқа да бейнелі сөздердің жаңа, өзі шығарған соны үлгі- өрнектері мол. Мысалы: «жүректің көзі», «жүректің оты», «ой өлкесі» деген ауыспалы мағына туғызатын бейнелі сөздері- метафораларды қолданады. Бірде ақын жүрегі кейіптеу бейне арқылы сипатталады: «жүрегім менің- қырық жамау». Осындағы жұлқынып, кескіленген, қырыққа бөлінген, парша-парша болып бөлектенген жүрек бейнесі ақынның өкінішін, арманын, қатаңдық-өшпенділіктен шеккен азабын, сүйенерге тірек таппай күйзеліп налуын, т. б

Ұлы педагог -ғұлама қазақ тәлім-тәрбиелік үрдіс жол жосық дәстүрлер мен мақал -мәтелдерді сынап, сырлап сұрыптар дамыта келе, өзінің жан -жақты педагогикалық жүйесін де ұтымды пайдаланғаны байқалады. Абай қазақтардың адам болғандағы ұят, ұтылығы туралы түйгендерін талдап, толықтырып, діни адамгершілік тәрбие құралы деңгейіне дейін көтереді. Абай өзінің «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» атты өлеңінде:

Қалың елім қазағым, қайран жұртым

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртым

Жақсы менен жаманды айырмадың

Бірі қан, бірі май боп екі ұртың

Бет бергенде шырайың сондай жақсы

Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?

Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді

Аузымен орақ ұрған өңкей қыртың

Өзімдікі дей алмай өз малыңды

Күндіз ұйқың бұзылды, түнде ұйқың

Бас -басына би бол, ан өңкей қиқым

Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын? -

Деп, халықтың кемшіліктерін әжуа етеді.

Ұлы ақын Абайдың педагогикалық көзқарасындағы нысана «Атаның баласы болма, адамның баласы болт жақсы көңке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін» деген гуманистік ой пікірді қуаттау болды. Оның жастарды тәрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары «дүние жүзілік педагогика классиктері Ж. Руссо, Д. Дидро, И. Кант т. б., орыстың ойшыл педагогтары: Л. Толстойдың, К. Ушинскийдің ағартушылық ой пікірлермен терең қабысып жатыр.

Абай ұрығын сепкен оқу, өнер -білім, адамгершілік әдеп, мораль мәселелері қазақ халқының рухани азығына айналып отыр.

Тапсырма:

  1. Ақынның балалар әдебиеті тарихынан алатын орны қандай?
  2. Оның ұлт болашағы - жастар деп бала оқытып, оларды тәрбиелеу ісіне қалай көңіл бөлген?

3 тақырып Шоқан Уалихановтың өмірі мен шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты: Шоқан Уалихановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағұлмат беру.

Шоқан (шын аты - Мұхамедханафия) Шыңғыс ұлы -1835 жылы қараша айында Құсмұрын бекінісінде қазіргі Қостанай облысында дүниеге келді. 1865 жылы Алтынемел, қазіргі Талдықорған облысы дүниеден өтеді.

Ол - қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, ағартушы демократ. Арғы атасы - Абылай. Оның үлкен ұлы Уәли - Шоқанның туған атасы. Балалық шағы әуелі Құсмұрында (әкесі аға сұлтан болғанда), кейін Көкшетаудағы ата мекені Сырымбетте халықтың қайнаған ортасында өткен. Уалиханов жвс күнінен өлең, жыр, аңыз, әңгімелерді қызықтап, соларға құлақ түріп өскен. Тіпті Құсмұрындағы шағының өзінде «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырын жазып алғаны бар. Сырымбетте аңыз, жырлар сюжетіне сурет салатын болған. Сөйтіп, табиғатынан алғыр, зерек баланың рухани бағыт-бағдары ерте қалыптаса бастайды.

Шоқан әуелі Құсмұрында қазақ мектебінде оқып, арабша хат таниды. Шығыс тілдерінен шағатай, араб тілін жасынан жақсы үйренген, кейінірек Орта Азияның түркі тілдерін меңгерген.

1847 жылы күзде 12 жасар Шоқанды әкесі Омбыға әкеліп, орыс достарының көмегімен Омбы кадет корпусына оқуға орналастырады. Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелетін бұл корпус, декабрист А. Завалишиннің сөзімен айтқанда, «ағартушылық пен патриотизмнің өркен жайған жері» болатын.

Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан «Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Екі-үш жылдан кейін -ақ Шоқан өз кластастарынан ғана емес. өзінен екі жас үлкендерді идея жағынан басып озды. », - дейді бірге оқыған досы Г. Н. Потанин. Шоқанның рухани өсуіне орыс әдебиетінің мұғалімі, ориенталист Н. Ф. Костылецский мәдениет тарихы курсын жүргізген айдаудағы ғалым Гонсевский, әдебиетші В. П. Лободовский елеулі ықпал етті. Костылецский арқылы 1852 жылы Шоқан мен И. Н. Березин арасында тікелей достық қатынас басталады. Березиннің тапсырмасымен Шоқан Тоқтамыстың «Хан жарлығына» талдау жасайды. Бұл - оның алғашқы ғылыми жұмысы. Осылайша Шоқан корпустың мұғалімдері мен Омбының алдыңғы қатарлы интеллегенциясының көзіне түседі. Шоқан тарих, география кітаптарынан бас алмай оқитын. Жас Шоқанның білімдарлығын, әсіресе Шығыс әдебиетін жақсы білетін С. Ф. Дуров, Семенов Тян-Шанский, Потанин, Н. М. Ядринцев жоғары бағалаған.

1853 жылы Шоқан кадет корпусты бітіріп, атты әскер корнеті атағын алып шығады. Сібір қазақ-орыс әскері 6-атты әскер полкіне офицер болып тағайындалады. Іс жүзінде Батыс Сібір генерал-губернаторының кеңсесінде қалдырылады. Бір жылдан соң Батыс Сібір мен қазақстанның солт-батыс аймағын басқарған генерал Г. Х. Гасфорттың адьютанты қызметіне белгіленеді. Екінші жағынан Батыс Сібір өлкесінің бас басқармасы оны айрықша тапсырмаларды орындайтын офицер етіп ұстайды. Қызметте Шоқан Бюрократтық аппараттың Дюгамель, Фридрихе, Кройерус, Кури сияқты мансапқор, парақор, тоң мойын чиновниктері мен патша өкіметінің отаршылдық саясаты туғызған әділетсіздікке қарсы күресіп, олардан қысым көреді. Бұл туралы достарына - Ф. М. Достоевский, А. Н. Майков, В. Курочкинге жазан хаттарында, Омбыдан кетуді, туған халқына пайдасы тиетін қызмет істеуді армандайтыны айтылған.

Ұлы жүздік Қоқан хандығының ықпалынан шығарып, бейбіт жолмен қосып алу міндеті жүктелген бір топ офицердің (Гутковский, М. М. Хоментовскийй) ішіне Шоқан да енгізілді. Осы сапарда қазақ, қырғыз ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясының материалдарын жинап алады. Жинаған материалдарын Омбыда қорытуға кіріскен Шоқанды наградаға ұсынған Гасфорттың оны аса жоғары бағалаған мінездемесі сақталған. Осы ұсыныс бойынша 1856 жылы Шоқанның әскери лауазымы бір саты жоғарылатылып, оған поручик атағы беріледі.

1856 жылы Шоқан М. М. Хоментовский басқарған әскери- ғылми экспедицияға қосылады. Экспедиция қырғыз елін жете зерттеуге, Ыстықкөл аймағының картасын түсіруге тиіс болады. Бұл- Шоқанның ғылыми жұмыс жүргізуіне мүмкіндік ашады. Осы жылы ол «Манасқа» назар аударады. Іленің басындағы Манас жорық жасаған деген қаланың орнын барып көреді. Ыстықкөлге жетіп, оның шығыс, солт-шығыс жағалауының, тау асуларының картасын түсіреді. Экспедицияда Шоқан ориентологиялық, этномологиялық коллекция жинап, гербари құрастырады. Жетісу, Ыстықкөл аймағының фаунасын зерттейді. Россия қол астындағы Жоңғарияда, әсіресе Іле бойында отырықшылық болғанын анықтайды. Алакөлден ТянШаньға дейінгі жерді тугел шарлаған ол қырғыздың Бұғы, Сарыбағыш, Солту руларында болып, қырғы халқының шежіресін, өлең, жыр, аңыздарын, «Манас» жырын жазып алады.

Қытаймен сауданы жолға қою мақсатымен Құлжаға Россияның өкілі болып баруға тиісті полковник М. Д. Перемышельскийдің орнына ақырғы сәтте Шоқан тағайындалады. 1856 жылы тамызда Құлжаға бет алған ол қытай мен Россия арасындағы шекара дауын да жанжалсыз жымдастыру міндетін атқарады. Құлжа жақта 3 ай болған Шоқан күзде Омбыға оралады. Саян-Тянь-Шань аралығы қырғыздардың көш-қоныс мекені болғаны жайлы ылыми проблеманы қолға алады. 17-18 ғасырлардың жазба деректерін сүзуге кіріскен Шоқан 1856 жылдың қысын Батыс Сібір облысының архивін ақтарумен өткізді. Сөйтіп, Сібір мен Тянь-Шань аралығында көшіп-қонып жүрген қырғыздар Алатаудың автохтоны екенін тарихта тұңғыш рет анықтап берген. Енисей мен Алтай, Жоңғар даласы, Тянь-Шань - бәрі біртұтас географиялық аймақ болып тұрған дегенді дәлелдеді. Ол Шығыстың да қырғыздар жөніндегі жазба деректерін зерттеген. Сол бойынша Алтай мен Тянь-Шань арасында 17 ғасырда Ойрат мемлекеті пайда болғанда ғана қырғыздардың Енисейге көшуі тоқталғанын анықтаған.

Уалихановтың тарих, география саласындағы еңбектерінің даңқы Петербург ғалымдарына жетіп, 20-дан жаңа асқан Шоқанды 1857 жылы Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайланды. Бұл - оның орыс ғылымы алдыңдағы зор еңбегін мойындағандықтың белгісі еді.

Тапсырма:

  1. Шоқан - тарихшы, географ деген сұраққа қалай жауап берер едіңіз?.
  2. Шоқан - этнограф, фольклорист екенін дәлелдейтін қандай еңбектері бар?
  3. Шоқан - суретші және ана тілі оқулығындағы «Мүсінші Мысық» әңгімесімен байланысы қандай?
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бүркіт ысқақовтың шығармашылығы
Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы
Қазақтың атақты біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев
ХIХ ғасырдағы қазақ- татар әдеби байланыстары
Мұхтар Әуезов және балалар әдебиеті
Қазақстан Республикасындағы көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы ақпараттық ресурстар
Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы
Қазақ балалар әдебиетінің ақсақалы
Қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің қалыптасуы
Ғабит Мүсірепов шығармаларының маңыздылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz