Азаматтық қорғаныс— жалпымемлекеттік шаралар жүйесінін құрамдас бөлігі


АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС
Азаматтық қозғалыс - жалпымемлекеттік шаралар
жүйесінін құрамдас бөлігі
Азаматтық қорғаныстың мақсаттары мен міндеттері. Оқу орны Азаматтық қорғанысының ұйымдастырылу. Оқу орын Азаматтық қорғанысының құрылымдары, олардың мақсаты және жарақталуы.
Азаматтық қорғаныс - елдің халқын, шаруашылық объектілері мен аумағын ядролық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) қарудың әсерінен, сондай-ақ төтенше апат жағдайларынан (зілзаладан, су басудан, селден, дауылдардан және т. б. ) қорғау мақсатында бейбіт және соғыс уақытында жүргізілетін жалпымемлекеттік шаралар.
Халықты және шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау Азаматтық қорғаныстың бірінші дәрежелі міндеті болып табылады және қарсыластың қазіргі заманғы шабуыл құралдарын колдануы кезінде шығынды азайту үшін халықтың іс-қимылының, аумақтар мен шаруашылық объектілерін күнігері дайындаудың оңтайлы амалдарын ғылыми тұрғыдан анықтау кезінде, сондай-ақ зақымдалған ошақтарда шұгыл құтқару апаттық-қалпына келтіру және эвакуациялық жұмыстарды жүргізу үшін жүзеге асырылады.
Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері: басқару, хабарлау және байланыс жүйелеріл ұйымдастыру, дамыту және үнемі дайын қалыпта ұстау; Азаматтық қорғаныс күштерін құру, оларды дайындау және төтенше жағдайларда қимылдауға үнемі дайын қалыпта ұстау; орталық және жергілікті атқару органдарының ұйымдардын, адам құрамын дайындау және халықты оқыту; радиациялық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) жағдайды бақылау және лабораториялық бақылау; Азаматтық қорғаныстың әскери құрамдарының жұмылдырылу дайындығын қамтамасыз ету; шаруашылық салалары мен объектілерінің міндет атқару орнықтылығын нығайту жөніндегі шаралар кешенін жүргізу; қорғаныш құрылыстарының, жеке қорғаныш құралдары запастарының және Азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкінің қажетті қорын жинау және дайын етіп ұстау; адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қатар туралы және қалыптасқан жағдайдағы Іс-қимылдың реті туралы халықты, орталық және жергілікті атқару органдарын хабардар ету; іздеу-құтқару және басқа да шұгыл жұмыстар жүргізу; зардап шеккен халықтың тіршілігін жабдықтауды ұйымдастыру және оны қауіпті аймақтан эвакуациялау; азық-түлікті, су көздерін, тамақ шикізатын, жемшөпті, жануарлар мең өсімдіктерді радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зақымданудан, эпизоотиялар мен эпифитотиялардан қоргау.
Оқу орындарында Азаматтық, қорғаныс ұйымдардағы секілді ұйымдастырылады. Оқу орнының Азаматтық қорғанысының бастығы директор болып табылады, ол өзінің бұйрығымен Азаматтық қорғаныс штабын тағайындаңды. Азаматтық қорғаныс штабының бастығы болып оқу бөлімінің меңгерушісі тағайындалады. .
Барлық үлгідегі кәсіптік-техникалық және жалпы білім беретін мектептерде Азаматтық қорғаныстың бірыңғай жоспары, арнаулы орта оқу орындарында бейбіт және соғыс уақытындағы Азаматтық қорғаныстың жеке жоспары талдап-жасалады.
Оқу орындарында Азаматтық қорғаныс жөніндегі барлық шараларды директордың (Азаматтық қорғаныс бастығының) өкімі бойынша оқытушылар құрамы және басқа қызметкерлер өткізеді.
Оқу орындары оқу мақсатында аға сыныптар оқушыларынан Азаматтық қорғаныс құрылымдарын: құтқару командаларын, өрт сөндіру командаларын, қоғамдық тәртіпті сақтау командаларын, санитарлар жасақтарып (постыларын) құруы мүмкін. Құрылымдардың командирлері болып әдетте оқытушылар тағайындалады.
Жалпы білім беретін және кәсіптік-техникалық мектептердің ұжымдары жыл сайын "Балаларды қорғау күнінде" өткізілетін объектілік жаттығуларға қатысады.
Әрбір мектеп оқушысы мыналарды білуге тиісті: төтенше жағдай болу қатері кезіндс дұрыс қимылдау; жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарын пайдалану; тыныс органдарын қорғайтын қарапайым құралдар жасау; әуе және жергілікті жер радиоактивтік заттармен, улағыш заттармен және бактериологиялық құралдармен зақымданған жағдайда киім мен аяқ-киімді қорғаныш құралдары етіп бейімдей, пайдалану; тамақ өнімдері мен ауызсуды зақымданудан сақтау; дененің ашық жерлерін ішінара санитариялық өндеу және киім-кешек пен аяқкиімді ішінара өндеу жүргізу; радиакциялық, химиялық барлау және дозиметрлік бақылау аспаптарымен жұмыс істеу; радиакциялық және химиялық бақылау постыларының және басқа құрылымдардың құрамында қарекет жасау; Азаматтық қорғаныс нормативтерін тез және сеңімді орындау; зақымданғандар мен жараланғандарға алғашқы көмек көрсету.
Азаматтық қорғаныс құрылымдары бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлардың қатері мен тап болуы кезінде апаттық-құтқарушылық және басқа да шұғыл жұмыстар жүргізуге арналған.
Азаматтық қорғаныс құрылымдары ұйымдарда, аудандарда, қалаларда, облыстарда, құрылады, объектілік және аумақтық құрылымдар болып сараланады.
Объектілік құрылымдар меншік нысанына қарамастан ұйымдарда, тұрғылықты жер бойынша құрылады және әдетте солардың мүдделері үшін пайдаланылады. Жергілікті атқару органдарының шешімі бойынша объектілік құрылымдар тиісті аумақтардың мүдделері тұрғысындағы міндеттерді атқаруға қатыстырылуы мүмкін.
Аумақтық құрылымдар аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылады және тиісті Азаматтық қорғаныс бастықтарына бағынады. Аумақтық құрылымдарды құрудың негізі ұйымдар болып табылады.
Азаматтық қорғаныс құрылымдарының құрамы мен саны болжамдық есептеудін және алдағы апаттық-құтқарушылық жұмыстардың көлемі негізінде бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда халықтың, аумақ пен ұйымның сенімді қорғанышын камтамасыз ететіндей жеткілікті қажеттілік негізге алынып анықталады. Қазақстан Республикасының зілзала қаупі бар өңірлері үшін Азаматтық қорғаныс құрылымдары халықтың 10 адамына кемінде бір құтқарушыдан келетін есеппен дайындалады; су басу, өрттер және басқа да ықтимал қауіптер болуы мүмкін өнеркәсіпті өңірлер мен аумақтар үшін халықтың 15-20 адамына бір құтқарушы.
Өздерінде Азаматтық қорғаныс құрылымдары құрылатын ұйымдардың басшылары олардың кәсіптік даярлығы, қазіргі техиикамен, жабдықпен және басқа да материалдық құралдармен жарақталуы, құрылымдардың үнемі дайындық қалпында ұсталуы үшін жекелей жауапты.
Азаматтық қорғаныс құрылымдарының негізгі түрлері:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz