Әлемнiң ұлы физиктерi



1 Максвелл Джеймс Клерк
2 Ньютон Исаак
3 Ом, Георг Симон
4 Эйнштейн Альберт
5 Попов Александр Степанович
6 Мария Склодовская
7 Пьер Кюри
8 Ампер.Андре Мари
9 Нильс Бор
10 Рентген Вильгельм Конрад
11 Ленц Эмилий Христианович
12 Бальмер Иоганн Якоб
13 Гук Роберт
14 Чарльз Таунс
15 Яблочков Павел Николаевич
16 Эрстед Ганс Христиан
Ағылшын физигi Эдинбург және Лондон хандық қоғамының мүшесi Дж.Максвелл 1831 ж. Эдинбургте дүниеге келген. Эдинбург және Кембридж университеттерiнде оқыған. 1856-1860 ж.ж. Абердин университетiнiң профессоры, 1860-1865 ж.ж. Лондон хандық колледжiнiң профессоры, ал 1871 ж. бастап Кембриджтегi эксперименталды физиканың бiрiншi профессоры болып қызмет етедi. Максвелдiң басқаруымен Кембриджтегi әйгiлi Кавендиш лабораториясы құрылады, ол өзiнiң өмiрiнiң соңына дейiн сонда жұмыс iстейдi.
Максвелдiң жұмыстары электродинамикаға, молекулалық физикаға, жалпы статистикаға, оптикаға, механикаға, серпiмдiлiк теориясына арналған.
1859 ж. газ молекулаларының жылдамдық бойынша таралуын сипаттайтын статистикалық заңды орнатты.
1866 ж. тура және керi соқтығысуға негiзделген молекулалардың жылдамдық бойынша таралу функциясының жаңа қорытындысын шығарды, тасымалдау теориясын диффузия, жылуөткiзгiштiк және iшкi үйкелiс процестерiне қолданып жалпы түрде дамытты.
1867 ж. термодинамиканың екiншi бастамасының статистикалық табиғатын бiрiншi болып көрсетiп,
1878 ж. “статистикалық механика" терминiн енгiздi.
Максвелдiң ең үлкен ғылыми жетiстiгi болып 1860-1865 ж.ж. құрылған электромагниттiк өрiс теориясы табылады.
1873 ж. жарық қысымын теориялық түрде есептедi. Сонымен қатар серпiмдiлiк теориясының теоремасын берiп, жылулық физиканың негiзгi параметрлерiнiң арасындағы қатынасты орнатты.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛЕМНIҢ

ҰЛЫ

ФИЗИКТЕРI

1 Максвелл Джеймс Клерк
1831 - 1879

Ағылшын физигi Эдинбург және Лондон хандық қоғамының мүшесi Дж.Максвелл
1831 ж. Эдинбургте дүниеге келген. Эдинбург және Кембридж
университеттерiнде оқыған. 1856-1860 ж.ж. Абердин университетiнiң
профессоры, 1860-1865 ж.ж. Лондон хандық колледжiнiң профессоры, ал 1871 ж.
бастап Кембриджтегi эксперименталды физиканың бiрiншi профессоры болып
қызмет етедi. Максвелдiң басқаруымен Кембриджтегi әйгiлi Кавендиш
лабораториясы құрылады, ол өзiнiң өмiрiнiң соңына дейiн сонда жұмыс
iстейдi.

Максвелдiң жұмыстары электродинамикаға, молекулалық физикаға, жалпы
статистикаға, оптикаға, механикаға, серпiмдiлiк теориясына арналған.

1859 ж. газ молекулаларының жылдамдық бойынша таралуын сипаттайтын
статистикалық заңды орнатты.

1866 ж. тура және керi соқтығысуға негiзделген молекулалардың жылдамдық
бойынша таралу функциясының жаңа қорытындысын шығарды, тасымалдау теориясын
диффузия, жылуөткiзгiштiк және iшкi үйкелiс процестерiне қолданып жалпы
түрде дамытты.

1867 ж. термодинамиканың екiншi бастамасының статистикалық табиғатын
бiрiншi болып көрсетiп,

1878 ж. “статистикалық механика" терминiн енгiздi.

Максвелдiң ең үлкен ғылыми жетiстiгi болып 1860-1865 ж.ж. құрылған
электромагниттiк өрiс теориясы табылады.

1873 ж. жарық қысымын теориялық түрде есептедi. Сонымен қатар серпiмдiлiк
теориясының теоремасын берiп, жылулық физиканың негiзгi параметрлерiнiң
арасындағы қатынасты орнатты.

2 Ньютон Исаак
1643 - 1727

Исаак Ньютон - классикалық физиканы құрған әйгiлi ағылшын ғалымы, 1643 ж.
Вулсторпада дүниеге келген. 1665 ж. Кембридж университетiн бiтiрiп, сонда
1669-1701 ж.ж. кафедраны басқарған.

Ньютон зерттеулерi механикаға, оптикаға, астрономияға, математикаға
арналған. Классикалық механиканың негiзгi заңдылықтарын есептеген,
бүкiләлемдiк тартылу заңын, жарық дисперсиясын ашқан, жарықтың
корпускулалық теориясын дамытқан, Лейбництен тәуелсiз дифференциалдық және
интегралдық есептеулердi шығарған. Ол бүкiләлемдiк тартылыс заңынан
Кеплердiң 3 заңының шығатынын көрсеттi, айдың қозғалыс ерекшелiгiн
түсiндiрдi, жердiң фигурасының теориясын дамытты, жердiң жасанды
серiктерiнiң құрылу проблемасын қарастырды және т.б.

Ньютонның оптикаға әкелген еңбегi мол. 1666 ж. үш жақты шыны призма
көмегiмен ақ түстi жетi түске орналастырып, оның күрделiлiгiн
дәлелдедi.1668ж. және 1671 ж. телескоп-рефлекторды ойлап тапты. Жұқа
пластиналардың түстерiн зерттеп, жарықтың дифракциясы мен интерференциясын
анықтады. Өзiнiң оптикалық зерттеулерiн Оптика еңбегiнде жариялады.

Ньютонның атымен Халықаралық бiрлiк жүйесiнде күштiң өлшем бiрлiгi – ньютон
аталған.

3 Ом, Георг Симон
1787-1854

Ом, Георг Симон, немiс физигi 1787 ж. 16 наурызда Эрлангемде туылды. 1805-
1806 жылдары Эрланген университетiнде оқыды. Әр түрлi гимназияларда
математика мен физикадан сабақ бердi Эрланген университетiнде докторлық
диссертациясын қорғады. Бамбергте, Кельнде, Берлинде сабақ берумен
айналысты. Нюрнбергтегi Политехникалық мектептiң, Мюнхен университетiнiң
профессоры болды. 1826 ж. эксперименттер арқылы ток күшiн, кернеу және
кедергiнiң бiр-бiрiмен байланысын өрнектейтiн электр тiзбегiнiң негiзгi
заңын ашты. Математикалық түрде Ом заңы U=I*R қарапайым формуламен
өрнектеледi. Мұндағы U – тармақталмаған тұрақты ток тiзбегiнiң бөлiгiндегi
өткiзгiш ұштарындағы потенциал айырымы, I – ток күшi, R - өткiзгiш
кедергiсi. Ом кедергiнiң өткiзгiш материалына тәуелдiлiгiн, оның ұзындығына
тура пропорционал және көлденең қиманың ауданына керi пропорционал екенiн
көрсеттi. 1827 ж. электр мен жылудың таралуының сәйкестiгiне сүйенiп теория
негiздерiнен заңдылықты табуға әрекет жасады. Ол электр ток заңын Фурье
тұжырымдаған жылу ағынының заңымен салыстырды. Температуралар айырымына
ұқсастығы арқылы “электр кернеулерiнiң түсуi" деген ұғым енгiздi. “Электр
қозғаушы күш"(ЭҚК), “өткiзгiштiк" деген ұғымдарды да ол енгiзген. 1830 ж.
Ом алғаш рет ток көзiнiң электр қозғаушы күшiн өлшедi.

Омның кейiнгi еңбектерi акустикаға, соның iшiнде дыбыстың күрделi құрамын
(обертондардың бар болуын) зерттеуге арналған. 1841 ж. ғалым Копли
медалiмен марапатталды, 1842 ж. Королдық қоғамының мүшесi болды.

Ом 1854 ж. 7 шiлдесiнде Мюнхенде қайтыс болды.

4 Эйнштейн Альберт
1879 - 1955

А.Эйнштейн 1879 ж. Ульмада туылған (қазiргi ФРГ). 14 жасында Швейцарияға
көшiп№ 1900 ж. Цюрих политехникумын бiтiредi. 1902-1908 ж.ж. Бернде патент
бюросында эксперт болоады, 1909-1913 ж.ж. Цюрих политехникумының
профессоры, 1914-1933 ж.ж. Берлин университетiнiң профессоры және физика
институтының директоры болады. Фашистер үкiметi құрылғаннан кейiн
Германиядан кетуге мәжбүр болады.

1933 ж. АҚШ-қа көшедi, өзiнiң өмiрiнiң соңына дейiн Принстон институтының
перспективтi зерттеуiнде қызмет етедi.

Эйнштейн кеңiстiк, уақыт және материя туралы түсiнiктi түбегейлi түрде
өзгертiп салыстырмалылықтың арнайы және жалпы теориясын құрды. Өзiнiң
теориясына 2 постулатты енгiздi: Галилейдiң салыстырмалы механикалық
принципiнiң жалпыламасы болатын салыстырмалылықтың арнайы принципi және
вакуумдегi жарық жылдамдығының тұрақтылық принципi.

Сол теориясының негiзiнде 1905 ж. масса мен энергияның байланыс заңын ашты.

Эйнштейн кванттық теорияны құруға да маңызды роль атқарды. Егер 1900 ж.
Макс Планк материалды осциллятордың энергиясын ғана кванттаса, ал Эйнштейн
1905 ж. жарықтық сәуле шығаруды, жарық квантының немесе фотондардың ағыны
деп қарастырып, кванттық, дискреттiк құрылымын зерттедi. Жарықтың кванттық
теориясының негiзiнде фотоэффект құбылысын түсiндiрдi.

5 Попов Александр Степанович
1859 - 1905

Попов Александр Степанович – 1859 жылы туған, 1877 жылы Санкт-Петербургтегi
университетке оқуға түстi; 1882 жылы физика-математикалық факультетiнiң
математикалық бөлiмiн бiтiргеннен кейiн физика кафедрасында профессор
атағын алу үшiн университетте қардылырған. Крондштадтағы теңiз техникалық
училищеде офицерлiк класста физика мен электротехника пәндерiнен лекция
оқыған. 1893 жылдан бастап Императорлық техникалық қоғамдастықтың IV
бөлiмiнiң төрағасы. Негiзiнен электротехникамен айналысқан; 9 жыл бойы
жаздық кезеңдерде Нижегородтық жәрмеңкенiң электр станциясының меңгерушiсi
болды. Баспа жұмыстарынан келесi мақалаларды атап көрсетуге болады: "Орыс
физика-химиялық серiктестiктiң журналында" жарық көрген “ Жылулық
энергияның механикалық энергияға айналуы“ (1894), “Электр тербелiстердi
табу мен регистрациялау құралы" (1896); осы құрал кейiннен өткiзгiшсiз
электромагниттiк толқындардың көмегiмен телеграфтауда қолданылды. Кейiннен
осы мақсаттта Англияда Маркони жасаған құрал Поповтың құралының аналогы
болып шықты. Сонымен қатар “Электричество" журналында Попов әртүрлi кезде
электротехника саласынан бiрнеше мақала жариялады. 1905 жылы 31 желтоқсан
күнi қайтыс болды. Попов Герцтiң керемет тәжiрибелерiн жасаудаң нәтижесiнде
өткiзгiшсiз телеграфтауды ашты. Алғаш рет өзiнiң құралдары мен
тәжiрибелерiн1895 жылы Орыс физика-химиялық серiктестiктiң отырысында
көрсетiлдi және үлкен қызығұшылық тұғызды. Өзiнiң ашулары үшiн 1898 жылы
Императорлық техникалық ұйымның премиясын алды, 1900 жылы құрметтi инженер-
электрик атағын алды, ал 1901 жылы Императорлық техникалық қауымдастықтың
құрметi мүшесi болды. Попов өзiнiң ашқан құралдардың қолдануына броненосец
“Генерал-адмирал апраксин" –дi құтқарғанда қатысты. 1901 жылы
электротехникалық институттың физика профессоры болып, ал 1905 жылы
қыркүйекте осы институттың директоры болып сайланды.

Александр Степанович Поповтың атымен физика мен электротехника салаларында
жасалған еңбектер үшiн берiлетiн премия аталды.

6 Мария Склодовская
1867 - 1934

Мария Склодовская 1867 ж. 7 қарашада Варшавада дүниеге келедi. Мария
ғылыммен айналысу құрметтелетiн жанұясында тәрбиеленедi. Ол мектептi үздiк
бiтiредi.

1891 ж. Польшадан кетiп, Мария Париж университетiне (Сорбонна) жаратылыс
ғылымының факультетiне түседi. 1893 ж. Мария Сорбоннаның физика саласында
лиценциат дәрежесiн алады (магистр дәрежесiне эквивалент). Сол 1894 ж.
Мария Пьер Кюридi кездестiредi. Физикаға деген қызығушылықтарының
нәтижесiнде жақындасып, бiр жылдан кейiн үйленедi.

1897 ж. М. Кюри өзiнiң магнитизмге байланысты зерттеулерiн бiтiредi.

1896 ж. Анри Беккерель уран қоспалары терең енетiн сәулелену шығаратындығын
тапты. М. Кюри урандық қоспада тағыда бiр ашылмаған радиоактивтi элемент
бар деген пiкiрiн айтты. Ыдырау және трансмутация терминдерiн енгiзген
Марияның өзi болды.

1898 ж. маусым және желтоқсан айларында Мария және Пьер Кюри полоний мен
радий деп өздерi атаған жаңа элементтердiң тауып ашқандығын айтады.

1902 ж. қыркүйек айында Кюрилер бiрнеше тонн уран қоспаларынан оннан бiр
грамм мольшерiнде радий хлоридын бөлiп алғандығы жайлы хабарлайды. Марияның
Радиоактивтi заттардың зерттеулерi тақырыбына жазылған докторлық
диссертациясы Сорбоннада 1903 ж. маусымында ұсынылды. 1903 ж. желтоқсанында
Швед Корольдiк ғылым академиясы физика саласы бойынша Беккерель мен Кюри
жұбайларына Нобель сыйлығын бередi.

Кюри жұбайлары, радий iсiк ауруларын емдеу мақсатында қолданылуы
мүмкiндiгiн айтып кеткен. 1910 ж. ол радий химиялық элемент екендiгiн
дәлелдеп бередi.

Бiрнеше айдан кейiн Швед Корольдiгiнiң ғылым академиясы химия саласы бойына
Мрия Кюриге Нобель сыйлығын бередi. Сөйтiп Мария Кюри алғаш Нобель сыйлығын
екi рет иеленген ең бiрiншi лауреаты болып танылды. Жиналған
тәжирибейелерiн ол 1920 ж. Радиология және соғыс атты монографиясында
жалпылайды.

Мария Кюри 1934 ж. 4 маусымында лейкемия ауруынан қайтыс болады.

7

8

9 Пьер Кюри
1859 - 1906

Пьер Кюри (1859 - 1906) ж. Парижде дәрiгерлер жан ұясында туылды. Он алты
жасында Сорбоннаның бакалавр дәрежесiн , ал екi жыл өткеннен кейiн физика
ғылымының лиценциат дәрежесiн алады. 1880 ж. Кюри(ағасы Жакпен бiрге)
пьезоэлектрлiк эффекттi ашты. 1883 – 1895 жылдар аралығында Пьер Кюри
кристалл физикасының саласында үлкен сериялы еңбектерi жарық көрдi,
негiзiнде, сонымен қатар, кристалл қырларының беттiк энергиясы терминiн
енгiздi, кристаллдардың өсуiнiң жалпы принципiн тұжырымдады, қандайда бiр
әсердiң ықпалында тұрған кристаллдың симметриясын анықтайтын принциптi
ұсынды (Кюри принципi).

1890 жылдан 1895 жылға дейiн Кюри әр түрлi температура кезiндегi заттардың
магниттiк қасиеттерiн зерттеген, бұл зерттеулерiнiң арқасында Кюри заңы
ашылған, сонымен қатар темiрдiң температурасы белгiлi бiр мәнiнен асқаннан
кейiн темiрдiң ферромагниттiк қасиетi жоғалатындығын және меншiктi электр
өткiзгiштiк және жылу өткiзгiштiк қасиеттер секiрмелi түрде өзгередi. (Кюри
нүктесi)

Пьер Кюри және Мария Кюри 1988 ж. полоний және радий деп өздерi атаған жаңа
радиоактивтi құбылысты, 1901 – радиоактивтi сәулеленудiң биологиялық әсерiн
ашты да, радий препараттары iсiк ауруларын емдеуге пайдасы болуы мүмкiн деп
тұжырымдайды, 1903 ж. радиоактивтiлiктiң деңгейiнiң төмендеуiнiң мөлшерлiк
заңын және радиоактивтi элементтердiң жартылай ыдырау периодының түсiнiгiн
енгiздi, радиоактивтi ыдырау теориясын ұсынды.

1903 ж. Швед Корольдiгiнiң ғылым академиясы Кюри жұбайларына Нобель
сыйлығын бердi.

1904 ж. қазан айында Пьер Кюри Сорбоннада физика профессоры болып
тағайындалды. 1906 ж. 19 сәуiрде Пьер Кюри қайғылы оқиғада қайтыс болды.

10

11

12 Ампер-Андре Мари
1775 - 1836

Андре-Мари Ампер – электромагнетизм саласында бiрнеше жаңалық ашқан,
Француз ғалымы. Ампер 1775 жылы 20 қаңтарда Лион маңындағы Полимьеде
дүниеге келген. Оның әкесi ауқатты адам болғандықтан, баласына жан-жақты
бiлiм алуға жағдай жасайтындай мүмкiндiгi болды.

1802 жылы оны Бурго қаласындағы Орталық мектепке физика және химиядан
профессорлыққа шақырды. Бұнда ол өзiнiң алғашқы “Математикалық теория
ойыны" атты iрi еңбегiн жазып, жарыққа шығарды. 1809 жылы Ампер
Политехникалық мектепте математика профессоры болды. Ампер өзiнiң
дифференциалдық теңдеулер бойынша жеке туындылар еңбегi үшiн 1814 жылы
Ұлттық ғылым академиясына сайланды. Физика саласында Ампер жарық
дифракциясымен шұғылданып, бұл тақырыпта бiрнеше еңбектерiн жарыққа
шығарды. 1820 жылы қыркүйектiң аяғында ол екi параллель ток өткiзгiшi
арасындағы тартылу күшi бар екендiгiн паш еттi. Бұл еңбектерiн жалғастыра
отырып, катушка (тогымен) тұрақты магниттiк әсер туғызатынын тапты
(кейiннен бұл саланы жалғастырып, Майкл Фарадей электромагниттiк индукция
құбылысын ашты). Ампер iлiнген инеден тұратын құрылғыны ойлап тапты, ол ине
катушка арқылы берiлген токтың әсерiнен ауытқиды, ток күшi көп болған сайын
ауытқуда жоғары болады. Бұл құрылғы жетiлдiрiлiп, гальванометр - атты
өлшеуiш құрылғы пайда болды.

Ампердiң электр және магнетизм саласы бойынша өте маңызды мақалаласы 1827
жылы жарық көрген “Электродинамика құбылыстарының математикалық теориясы
туралы мемуар" – болып табылады. Былайша айтқанда, онда өткiзгiштегi ток
күшi мен магниттiк индукцияны байланыстыратын Ампер заңының формуласы
жазылған. Ампер бұл iргелi еңбегiнде келтiрiлген идеяларымен ол
электромагнетизм сияқты ғылымның кең саласына есiк ашты.

Ампер 1826 жылдан Сорбонна университетiнiң физика кафедрасының меңгерушiсi
болып бекiтiлдi, бұл қызметте өмiрiнiң аяғына дейiн iстедi. Ол 1827 жылы
ағылшын Корольдiгiнiң мүшесi болып сайланды (бұндай құрмет шетел
ғалымдарына өте сирек берiлетiн). Оның беделi европа физиктерiнiң арасында
зор болатын. Ампер әрi керемет экспериментатор да, теоретик те болатын.
Ампер-Андре Мари есiмi өшпестей болып Айдағы таулардың бiрiне берiлген және
ток күшiнiң өлшем бiрлiгi аталады.

Нильс Бор
1885-1962

Данияның ұлы физигi Нильс Бор атомның бiрiншi кванттық теориясын жасап,
соңынан кванттық механиканың негiзiн қалауға көп еңбек сiңiрген. Нильс Бор
1908 ж. Копенгаген университетiн бiтiрген соң Кембриджте Дж. Томсонның
қолында жұмыс iстедi, ал 1912-1913 ж.ж. Манчестерде Э.Резерфордтың
жетекшiлiгiнде болды. 1916 ж. бастап Копенгаген университетiнiң профессоры
болып, ал 1920 ж. бастап өзi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физика жайлы алғашқы деректер
Дүниежүзілік ядролық физиканың жетістіктері
Физиканың зерттелуі
Физика
Термоядролық реакция энергиясын пайдалану
Физика мен биология байланысы
Ұлы шығыс физиктері
Нанотехнологияның даму тарихы және оның жетістіктері
Нанотехнология негіздері факультативті курсын әзірлеу
Ресейлік ғалым ядролық сынаққа тыйым салынуын сынайды
Пәндер