Әлеуметтік мінез-құлықтар және оның түрлері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

  1. Девиантты мінез-құлықты зерттеудің теориялық негіздері«девианттық мінез-құлық» ұғымының анықтамасы . . . 9Девиантты мінез-құлықтың критерийі және әлеуметтік норма . . . 14
  2. Жастардың бойынан девианттық мінез-құлықтың алыстатудың алдын -алу шараларыЖастардың ауытқу жағдайына жалпы сипаттама . . . 20Жастардың мінез-құлқының ауытқушылығының әлеуметтік себептері . . . 36Жастардың бойында жағымды мінез-құлықты қалыптастыру іс-әрекеттері . . . 46

Қорытынды . . . 55

Қосымша . . . 58

Пайдаланған әдебиеттер . . . 61

Әлеуметтік мінез-құлықтар және оның түрлері

  1. маңыздылығы, мазмұны және мінез-құлық түрлері.
  2. Девианттық мінез-құлықтың түрлері мен формаларының сипаттамасы.
  3. Девианттық мінез-құлықтың себептері.
  4. Девианттық мінез-құлықтың түрлерін жеңілдету және оның алдын алудың әдістері.

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: «Жастар арасындағы Девианттық мінез-құлықтың орнығуының шаралары». Бұл тақырып қазіргі таңда қоғамдағы ең өзекті бір мәселенің бірі. Себебі Қазақстан Республикасы - қалыптасуы мен дамуының қиын кезеңін басынан кешіріп отырған, жас егеменді мемлекет. Жастардың арасындағы девианттық мінез-құлық мәселесі, және оның қоғам өміріне зардаптары мен ықпалы, толық негізде қоғам өмірін зерттейтін гуманитарлық ғылымдардың, соның ішінде әлеуметтану ғылымы үшін өзекті және маңызды мәселе болып табылады. Сонымен қатар, Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы- жастар тәрбиесіне көңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жастарды тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да сан тарау. Солардың ішінде шешуші роль атқаратын тәлім мен тәрбиенің бір түрі- жастарды патриотизм үлгісіне тәрбиелеу маңызды іс саналады. Қоғамымыздың аумалы-төкпелі шағында өзін-өзі өлтіру (суицид), нашақорлық, қылмыс, маскүнемдік секілді түрлі керітартпа әдеттердің тым көбейіп, жұқпалы дерт секілді таралуы, олардың әсері мен қауіптілігі - бұл әлеуметтік проблема екені бәрімізге аян. Бұл проблеманы зерттеудің өзектілігі осы қоғамымызға жат әрекеттердің біздің елімізде үздіксіз өсуімен және оның қауіптілігінің күшеюімен түсіндіріледі.

Менің дипломдық жұмысымда, бұл тақырыпты таңдап алуымның себебі, осы мәселе бүгінде айтарлықтай өзекті және зерттеуді қажет етіп отыр.

Бұл мәселеге деген қызығушылықтың артуы да осы девианттық әрекеттерді тудыратын себептерді іздестіруге, әсіресе, бұл мәселеге жастардың көбірек араласуы, оның көбеюін дер кезінде тоқтатуға және алдын алуға, жалпы айтқанда қоғам өміріндегі осы бір дерттің толық шешілуіне өз үлесімді қосуды мақсат еттім.

Жастардың жат жағымсыз мінез-құлқын жіктеп зерттеу барысында қоғамдағы техникалық өркендеу, информациялық ресурстардың алшақталуы адамның қажеттілігінің өсуі, адам психикасындағы ауытқушылықтардың көбеюімен қоса жүріп отыратынын байқаймыз.

Девиация сөзі латын тілінен « ауытқу » деп аударылады. Девианты мінез-құлық ол ол бәрі қабылдаған әлеуметтік мөлшерлерден ауытқуды білдіреді. Барлық өзгеше болып көрінетін құбылыстар жағымды және жағымсыз болуы мүмкін- жастардың бандалары, дүниеден безгендер, дуана, сопы, тақуа, маскүнем, нашақор, жезөкше, қанішер мен жауыздар т. т. жүріс-тұрысы қалыпты мінез-құлықтан өзгеше екені айқын білінеді. Демек, бұлар ауытқыған мінез-құлық адамдарына жатқызылады. Жағымды уытқыған мінез-құлық саяси белсенділік, кәсіпкерлік іскерлік, әлеуметтік шығармашылық ретінде көрініс табады. Бұлар қоғамның, азаматтың ілгері дамуын қамтамсыз ете алады. Ал, жағымсыз ауытқыған мінез құлық жастардың өзіне және қоғамға зиянды, тіпті қауіпті. Ол жеке бастың пайдасын зорлықпен шешу, біреулерді қорлау, маскүнемдік, нашақорлық, азғындық дерттеріне шалдығу түрінде әлеуметтік тәртіпті бұзады, жақындары мен бүкіл қоғамда көптеген зардаптар әкеледі.

Ауытқыған мінез-құлықты ғалымдарымыз әр түрлі себептермен түсіндірген. Әр түрлі мәдениеттердің салыстыруы көрсеткендей, ұқсас қылықтарды қарама-қарсы бағалауы мүмкін. Мінез-құлықты ауытқушы ретінде бағалау әр түрлі жағдайларға, заманға, қоғамның даму деңгейіне, мәдениетіне, дүниетаныма, ұстанатын құндылықтарға, білім мен ғылымның дамуына, саяси мүдделерге байланысты.

Әлеуметтік тоқырау мен конфликті процестері адамдардың психологиясына, әлеуметтік топтар мен қоғамға кері ықпал жасап әлеуметтік институттар дезорганизациясын, социомәдени аномияны қауіп пен қатерді, әлеуметтік, пассивтілік пен нилигизімді, анорхияны, қатігездікті, қорлаушылықты орнатты. Бұл моральға жат қылықтарды, қылмысты, өзге де жағымсыз мінез-құлықтардың өршуіне әкеліп соқтырады. Жағымсыз мінез-құлықтың деңгейін азайту үшін әлеуметтік саясаттың жүргізілуі, эффектифтік бақылауды орнату әлеуметтік керітартпалық жағдайы мен динамикасы әсіресе, олардың детерминациясының заңдылықтары мен өзгешіліктері, дамуы мен ескертуі туралы ғылыми білімді талап етеді.

Демократия талаптарына сай жаңа қоғамдық қарым-қатынастардың құрылуы, гуманистік әлеуметтік құндылықтар мен нормалардың пайда болуынан жағымсыз мінез-құлықтардың шығу себебін анықтайтын жаңа ғылыми концепцияны жасау міндеті туады. Негізінде қылмыспен жағымсыз мінез-құлық тарихта бұрыннан бар. Сондықтан мұндай әлеуметтік құбылысты құқықтану, социология, психология, педогогика және т. б. ғылымдар зерттеп келеді. Алғашқы қылмыстың зерттелуі ХIХ ғасыр басындағы Белгиялық математик А. Ж. Кетленнің есімімен байланысты. Демографиялық және қылмыстық статистиканың негізінде ол қылмысты статистикалық заңдылықтарға тәуелді.

Девианттық мінез-құлық олардың қоғам -өміріндегі теріс орны мен салмағын айқындайды. Қоғам өміріндегі қатынастардың жүйесі түбегейлі өзгеріп жатқан қазіргі заманда, өмірлік тәжірибесі жоқ, әлі толыққанды көзқарасы қалыптаса қоймаған жастар үшін қалыпты тіршілік ағымынан ауытқу оңай. Қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға жол апаратын жүріс-тұрыс - девиантты жүріс-тұрыс болып табылады.

Қоғамның басқа топтарына қарағанда девианттық мінез-құлық жастар арасында көбірек байқалады. Оның объективтік себебі жастарда құқықтық әлеуметтену процесі (нормаларды меңгеруі) және делинквенттік мінез-құлықы (нормалардан ауытқу) бір мезгілде жүреді. Нашар тұрмыс жағдайы, шиеленіскен қатынастары бар сәтсіз отбасыларында тұратын жасөспірімдерге көбінесе мектеп бағдардамасына үлгермеушілік, мектеп ұжымынан алыстап кетуі және мұғалімнен қарым-қатынасының нашарлауы т. б. тән. Кейбір жағдайларда айналасын тәп-тәуір адамдар қоршаған тұрақты отбасының кәдімгі баласы өз ортасының нормаларынан бас тартып нағыз қылмыстық мінез-құлықтың белгілерін көрсетуі мүмкін. Қиын отбасынан шыққан жасөспірімдер үйлердің жертөлелерінде өткізеді. «Үй асты өмірі» олар үшін қалыпты. Себебі, ол жерге әртүрлі өздері сияқты жастар жиналады. Олардың өздерінің «үй асты» моральдық кодексі, жазылмаған заңдары бар. Мұндай жағдайда топтық ауытқу да дамиды. Олар жеке субкультуралық нормаларға сай өмір сүреді.

Қазіргі уақытта ойын-сауық орындарында жастар жасаған құқықбұзушылық әрекеттердің өсуі арнайы Заң қабылдауды қажет етеді. Ойын-сауық орындарында қолданылатын және таратылатын алкогольді ішімдіктерге, есірткі және психотроптық заттарға жасөспірімдерді тарту алаңдаушылық туғызады. Осыған байланысты, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың және балалардың қараусыз қалуын алдын алуға бағытталған кешенді құқықтық шаралар заңмен қарастырылған жөн.

Ересек адамдармен салыстырғанда жасөспірімдердің сотталуы аз болса да, мұндай құбылысқа атүсті қарауға болмайды. Қиянқы іс-әрекеттер жасайтын жастар ұйымдары дүниеқорлық пен туындайтын жастар санасың улайтын басқа да жат қылықты өсіп келе жатыр.

Қылмыстық жазалауда басты ой - жасөспірім құқықбұзушыны тәрбиелеу және түзеу. Бірақ оның еңбекпен түзеу колониясынан ол қандай болып шығатынына ешкім кепілдік бере алмайды. Сол себепті мемлекеттік ұйымдардың күшімен ғана емес, барлық қоғам болып белсенді іс-әрекет жүргізу қажет.

Екінші тарауда Қазақстандағы жағымсыз мінез-құлықтардың жастар арасында пайда болу себептері мен олардың алдын-алу проблемалары қамтылады. Яғни мұнда еліміздің болашақ жастардың жағымсыз іс-әрекеттерге баруы сонымен қатар, қылмыс, нашақор, суицид, маскүнемдік сияқты жағымсыз кері тартпа ғадеттердін жылдан жылға кең етек алуы кімді болмасын көкейіне ой салатын жәйт, сол себепті жастардың мінез-құлқының ауытқуына жастар ортасындағы теріс әрекеттер
Жастардың психоактивті заттарды пайдалануы еліміздің әрбір бесінші адамына тікелей немесе жанама түрде әсер ететін шылым шегудің, алкогольді ішімдіктер мен есірткіні қолданудың таралу деңгейі өз шынына жетіп, бұл беталыстардың өсуі қайтарылмайтын салдар тудыруы мүмкін.
Жасөспірімдер мен жастардың шылым шегу мен алкогольді қолдану жоғары деңгейінде жалғасуда, оған қоса, шылым шегудің таралу көрсеткіштері қыздар арасында өсуде. Жастардың есірткі қолдануы туралы есебі көбінесе нашақорлар диспансерлерге келгенде ғана жүргізіледі. Бұл жағдайда мемлекеттік мекемеге келгендер ғана есепке кіргізіледі.
Психикалық денсаулық проблемаларына байланысты сырқаттар мен өлімдер көрсеткіштері әрдайым өсуде. Бар мәліметтерге жүгінсек, жастардың 20% жуығы психикалық немесе мінез-құлықтық проблемалардан зардап шегуде. Жастар арасында суицид жағдайларының саны төмендемейді. ӘДҰ мәліметі бойынша, 100 мың адамға 20 суицид саны шекті жағдай болып табылады. Қазақстан суицидтік іс-әрекет пайда болуының жоғары көрсеткіштері жағынан Шығыс Еуропа елдері мен Ресейден кейінгі елдер қатарына кіреді. Соңғы онжылдықта 100 мың адамға 27-29 өзін-өзі өлтіру жағдайлары тіркелді.

Мен дипломдық жұмысымды жазу барысында осы проблемаларға деген студенттердің көзқарастарын және сол арқылы проблемалардың шешілу жолдарын қарастыру үшін респондентке сауалнама жүргіздім олардың 70℅-ы ұл, 30℅-ы қыздар болды және де 78℅ қазақ, 14℅ өзбек, 2℅ орыс, 6℅ түрік ұлттары белсене қатысты.

1. Әлемдік социология мен психологияда жағымсыз мінез-құлықтарды зерттейтін бірнеше теориялық-методологиялық әдістер қолданылып келеді.

  • Бірінші әлеуметтік-құрылымдылық әдіс. К. Маркстың экономикалық детерминизм және әлеуметтік топтық қайшылықтар теориясы; Э. Дюркгеймнің құрылымдық функционализм, әлеуметтік дезорганизация және аномия теориясы.
  • Екіншісі керітартпа мінез-құлықты зерттейтін мәдени әдіс. Оның негізі Р. Мертонның әлеуметтік мәдени теориясына сүйеніп жасалған.
  • Ал Тұлғалық әдістің бірнеше ерекшеліктері бар: Э. Кречмера мен Ч. Ломброзоның тұлғаның қылмыстық типі туралы теориясы антропологиялық үлгісі; биогенетикалық үлгі- К. Лоренцаның агресивтілік теориясы; психологиялық үлгі. З. Фрейдтің социо психогенетикалық конфликт теориясы; социальды психологиялық үлгі- Э. Сатерлендтың дифференцированды байланыс, әлеуметтік оқу мен мәдениет трансмиссия теориясы.

2. Зерттеу жағдайымен қылмыс динамикасы, әрі жағымсыз мінез-құлықтың таралуына қоғамдық көзқараспен оның алдын алу шаралары.

3. Девиантты мінез-құлықтың мәнін, формасы мен детерминант жүйесінің құрылымын қарастыру.

4. Жағымсыз мінез-құлықтың детерминациясының ерекшеліктерін онтологиялық және генетикалық (динамикалық) аспектілерге сүйеніп зерттеу.

5. Индивидуалды жағымсыз мінез-құлықтың генезисін, оның мотивациясы мен әлеуметтік-психологиялық механизмін талдау.

6. Зорлық қылмыстарын әлеуметтік талдау, агресивті қылмыстардың әлеуметтік және психологиялық факторларын зерттеу. Ішкілікке салыну мен алкоголизм себептерін анықтау.

7. Жағымсыз мінез-құлықтардың әлеуметтік және тұлғалық детерминантын әлеуметттік құбылыс ретінде зерттеу.

8. Әлеуметтік бақылау жүйесінде Жағымсыз мінез-құлықтардың алдын-алудың, негізгі бағыттарын айқындау, жастар арасындағы әлеуметтік жағымсыз іс-әрекеттер мен ішкілікке салынушылықтың әлеуметтік профилактикасының алдын-алу проблемаларын талдау.

Жағымсыз (девиантты) мінез-құлық терминінің аясында моральдық, құқықтық, өзге де нормалардың бұзылуы мен оларды әлеуметтік нормалардың көмегімен реттейтін қоғамдық қарым-қатынаспен өзара байланысын зерттеуге мүмкіндік бар. Ғылыми әдебиеттерде мынадай түсініктердің мысалға «әлеуметтік потология» «әлеуметтік ауру» «антиәлеуметтік іс әрекет» «негативті құбылыс» «сөздерін аз қолданылады. Жағымсыз мінез-құлықты әлеуметтік интерпретациялық түсінігі ретінде мына қасиеттерінің көрсеткіштері көрінеді: объективті әлеуметтік бағдар және функциялық тұрғыда мінез-құлықтың қоғамдық нәтижесі мен тұлғаның қалыптасу, қоғамның дамуы; мінез-құлықтың әлеуметтік құндылықтар және нормалармен сәйкестігі; қоғамдық көзқарастың негативті бағасымен жауапқа тартылу. Жағымсыз мінез-құлықтар тұлғаға, алеуметтік топтарға, қоғамға зиян келтіретін, жалпыға ортақ моральдық, құқықтық және өзге де әлеуметтік нормаларға қайшы, қоғам тарапынан айыпталатын және жауапкершіліктен қашатын мінез-құлық ретінде түсіндіріледі.

Келтірілген зиянының дәрежесіне, бұған әлеуметтік нормаларының түріне қарай Жағымсыз мінез-құлықтардың мынандай түрлері бар: деструктивті (фанатизм, конформизм, накопительдік, және т. б. ) асоциалды (ішкілікке салыну, наркотизм, өзіне қол жұмсау және т. б. ) құқыққа (заңға) қайшы әрекеттер (қылмыс және де өзге заң бұзушылықтар) .

Жағымсыз мінез-құлықтың субьектілері де анықталады. (жеке индивидтер, әлеуметтік топтар, ұйымдар, әлеуметтік институттар) және олардың көріну формалары (іс-әрекет, қайраткерлік, өмір сүру жолы) . Жағымсыз мінез-құлықтың үш сапалы спецификалық типінің ерекшеліктері бар: ортақ, жеке бір жақты түрлер және әлеуметтік құбылыс.

Зерттеудің жаналығы деп Қоғамдағы Жастардың жағымсыз кері тартпа жүріс тұрыс, іс- әрекеттердің әлеуметтік қызмет тұрғысынан алдын-алу шараларын көрсеткендігімізді айтуға болады. Девианттық мінез-құлық мәселесін зерттеген ғалымдар социология, экономика, философия, политология, заң ғылымдары есебінен жол көрсетсе, біз осы еңбегімізде жоғарыда аталған ғылымдар негізінде ауытқушылық жат қылықтармен күресудің мазмұны мен әдістерін ашып бердік.

Зерттеу жұмысының обьектісі мен пәні: жасөспірімдер және мектеп оқушылары. Жасөспірімдерді зерттеу объектісі етіп алуымның көптеген себептері бар. Біріншіден, жасөспірімдер арасындағы жағымсыз іс-әрекеттер ересек адамдарға қарағанда 2-3 есе жоғары болып келеді. Екіншіден, жасөспірімдер өмір тәжірибесі аз халықтың осал бөлігі болып табылады. Үшіншіден, жасөспірімдер басқа жастағы адамдарға, басқаның жағымсыз ықпалына тез түсіп қалады. Яғни, біреудің арбауына, алдауына, бір сөзбен айтқанда еліктегіш келеді. Яғни қазіргі таңда Жастарымыздың, соның ішінде мектеп қабырғасында жүрген жасөспірімдер жағымсыз іс-әрекеттерге көп шалдығады. Себебі оқушылардың өздері үйреніп қалған ескі қоғам құндылықтарымен айырылысуы мен әлі толық меңгеріп үлгермеген жаңа қоғам құндылықтарды расында да қайшылықтар туындайды. Ал, зертеудің пәні Қазақстандағы жастардың арасындағы девиантты мінез-құлқының жат қылықтарға күрт өзгеруі мен жүріс-тұрыстың қалыптасуы. Сондай-ақ жастардың әр түрлі ауытқушылық дәрежесіне енуі, және жұмыссыздыққа моральды-психологиялық дайындығын анықтау.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері - Қазақстан қоғамындағы және Оңтүстік Қазақстан облысындағы жағымсыз дивианттық мінез-құлықтың іс әрекетін анықтау, сонымен қатар бұл проблемамен күрес яғни жастар арасындағы девианттық мінез құлықтың алдын-алу шараларын қарастыру және жастар ортасындағы қазіргі заманғы тенденциялар мен жағдаяттардың дамуын уақытылы анықтау мақсатында және жастардың әлеуметтік-экономикалық стратификациясын іске асыру үшін кең ауқымды ақпаратты-талдау базасымен қамтамасыз ету. Ал жұмыстың міндеті Қазақстанның болашағы жастардың қолында, сондықтанда жастарымыздың ой-өрісін дамытып, ұлттық менталитетімізді қалыптастыру және патриоттық сезімге баули отырып жастардың сана сезіміне болашақ еліміздің көркеюі мен өркендеуіне қосар үлестерінің мол екендігін жауапкершілікпен сезіне білу.

Зерттеу жұмысының материалдық базасы Жастар арасында Девианттық мінез құлықтың мәселесімен айналысқан отандық ғалымдар- Қазымбетова Д. К., Гилинский Я. И., Смельзер Н., Джаманбалаева Ш. Е., Селлин Т., М. И. Бобнев, М. Е. Пеньков, С. А. Даштамиров, А. А. Ручка т. б. Ал ағартушы демократ ғалымдардан А. Құнанбаев, Ш. Уалиханов, Ы Алтынсарин. және шет ел ғалымдары еңбектерінен алынды. Олар, Э. Дюркгейм, К. Маркс, Р. Мертон, Э. Сатерленд, З. Фрейд, Я. И Глинский, Г. Тард, Н. Смелзер, Ч. Ламброзо, Уильям Шелдон, Р. Моррис, В. Н. Кудряцев еңбектерінен алынды. Сонымен қатар Қазақстандағы Статистика Агенттігі, Стратегиялық болжау институты секілді қоғамдық ұйымдар материалдары да зертеу жұмысымызға пайдаланылды. Және баспасөз, интернет деректері де зерттеу жұмысымызға арқау болды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден тиісті параграфтарға бөлінген екі тараудан, қорытындыдан, және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады, сонымен қатар, жұмысымызға арқау еткен қосымшыларды соңғы бетке орналастырдық.

  1. Девиантты мінез-құлықты зерттеудің теориялық негіздері

1. 1 «девианттық мінез-құлық» ұғымының анықтамасы

Девианттық мінез-құлық (лат. Deviatio-ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары.

Кең мағынасында девианттық мінез-құлық кез-келген әлеуметтік ережелерден (Мыс., оның ішіндегі жағымды: батырлық, аса еңбекқорлық, альтуризм, өзін құрбан ету, аса үлкен роль ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, әдет-ғұрыптарды аттп өту, өзіне-өзі қол жұмсау т. б. ) ауытқушылықты білдіреді. Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелі ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мұндай девианттық мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеліп соқтырады.

ХІХ ғасырда францияда ең атақты социолог, ғалым Э. Дюркгейм девианттық мінез-құлық ұғымын зерттеді. Одан кейінде көптеген зерттеуші ғалымдар, социологтар, атап айтар болсам, К. Маркс американдық социологтар Р. Мертон, Э. Сатерленд, француздық ғалым, психолог әрі криминолог Г. Тард, австриялық психолог З. Фрейд, Я. И Глинский және т. б. Ал демократ ағартушы ғалымдар А. Құнанбаев, Ш. Уалиханов, Ы Алтынсарин. Сонымен қатар, Отандық социологтардан Ш. Жаманбалаева, Д. Қазымбетова т. б ғалымдарымыздың көптеген еңбектерін қалай айтпасқа. Дегенмен біршама зертелгеніне қарамастан девианттық мінез-құлық ұғымының әлі күнге нақты анықтамасы жоқ.

Девианттық мінез-құлық ұғымы бірқарағанда түсінікті секілді. Ал шын мәнінде бұл ұғымды анықтауда біршама қиындықтар кездеседі. Мысалы, кісі өлтіру жағымсыз, қоғамымызда жат қылық ерсі болып саналса, соғыс кезінде ерлік деп есептелді. Сондықтан да бұл ұғым әр кезде әр түрлі болып түсіндіріледі. Міне осыдан келіп, Ғалымдарымыздың пікірлері арасында біршама айырмашылықтар, алшақтықтар кездеседі.

Дегенмен, әлеуметанушы үшін ауытқуды кісі типінің ерекшелігі ретінде қарастырғаннан гөрі, әлеуметтік ахуалдың немесе әлеуметтік жүйенің негізгі қасиеті ретінде қарастырған әлдеқайда абзал. Жоғарыда айтып өткеніміздей, түп мәні туралы нақты анықтама жоқ. Сондықтан тіпті кісі өлтіру немесе қан араластыру (бауырлар арасындағы жыныстық қатынас) ауытқу деп қабылданады. Дегенмен осындай құбылысты сипаттауға көмектесетін өзара байланысты екі қасиет бар.

Олардың біріншісі - ауытқуды норма бұзудың үлгісі ретінде қарайды да, нормалар шеңберін белгілейді. Нәтижесінде құқықтық нормалар қылмыскерлерге, денсаулық нормалары науқастарға, мәдениет нормалары экцентристерге жол ашады. Нормалар әлеуметтік ахуалдардың көпшілігінде туындайтындықтан, мұндай анықтама бәрін де қамтиды және әлеуметтік өмірдің әрбір саласына енеді. Мысалы, таптық психологияның нормативтік үлгілері орындалмаса, таптық ауытқу, немесе достар арасында қалыптасқан нормалар бұзылса, ахуалдық ауытқу туралы айтуға болады.

Екінші қасиет ауытқуды белгілі бір мінез-құлық түрлеріне жататын, кейін құнсызданып, мәнінен айрылатын және көбіне қолданудан қалатын масқаралық таңба деп белгілейді. Бұл сипаттаманыда әмбебап деп қарастыруға болады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас олардың әдет-қылықтарының бір-біріне жақпауынан алшақтауы мүмкін. Мысалы, Көп сөйлеу, балағаттау сияқты жағымсыз қасиеттер. Ауытқуды зерттеу бұл арада ең алдымен масқаралық таңбалардың құрылымымен, қолдануымен және ықпалымен байланысты [1. 29б] .

Әрбір дәстүрдің, нормалардың бұзылуы және масқаралық үлгісі шеңберінде ауытқу өзгеріп отыратын екі ұшты және аңғарыла бермейтін ұғым болып табылады. Ауытқитын мінез көрсеткен адамның шыққан әлеуметтік тобының нормалар мен белгілерін сол адамның іс-ірекеті арқылы анықтауға болады. Терминді зерттеумен байланысты орасан зор әлеуметтанушылық әдебиет жасалды. Енді осыған тоқталып өтейік.

Біздің әдебиетімізде мейлінше жиі кездесетін анықтама, яғни жоғарыда айтып өткеніміздей, девианттық мінез-құлық (ауытқу) -қоғамдық нормаларға сай келмейтін іс әрекет [2. 133б] . Алайда бұл анықтама мүлдем жалпылама (шектен тыс абстрактылы) және кең нақтылауды қажет етеді. Бұл жерде сөз кез-келген әлеуметтік норманы бұзу туралы болып отыр

Сондықтан да кейбір зерттеушілер бұл ұғымның анықтамасы қосымша, нақтылайтын белгілер енгізуге ұмтылады.

Оларға мыналар жатады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау
Жастардың девианттық мінез - құлық даму классификациясы, тенденциялары мен түсініктері
Девиантты мінез - құлық себептері мен факторлары
Девиантты мінез - құлыққа жалпы анықтама беру
Жастардың ауытқитын мінез-құлық стереотиптерінің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері мен себептері
Девиантты мінез - құлықты жастармен жұмыс жүргізу технологиясы
Тұлға туралы мәлімет
Психотерапиялық әдістер мен техникалардың қазіргі жағдайы
Заңды мінез-құлық түрлері
Әлеуметтік мәселелерді айқындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz