Іскер әйелдер мен жастарға иек артады


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 98 бет
Таңдаулыға:   
Іскер әйелдер мен жастарға иек артады: Іскер әйелдер мен жастарға иек артады
:
08. 06. 11. Кеше Астанадағы Тәуелсіздік сарайында VІІ Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы (ДИЭФ) басталды. ТМД мен Орталық Азия аумағында алғаш рет Қазақстанда ұйымдастырылған форумның бірінші күнгі басқосулары ислам әлеміндегі іскер әйелдер мен жас көшбасшыларға арналды. Форумның ашылу салтанатына Премьер-министр Кәрім Мәсімов пен ДИЭФ қорының төрағасы Тун Муса Хитам қатысты. Форум басталмас бұрын ислам дәстүріне сай Құран оқылды.Үкімет жетекшісі Кәрім Мәсімовтің сөзімен айтсақ, ДИЕФ отырысы 6 жылдың ішінде-ақ жаһандық маңызы бар шараға айналды. «Бұл жаһандық экономикада ислам әлемінің артып жатқан ықпалын көрсетеді», - деді Үкімет жетекшісі. Әңгімесін ағылшынша ағытқан Кәрім Қажымқанұлы форум қатысушыларына қаржылық дағдарыстан кейінгі Қазақстан экономикасының 7 пайыздық өсіммен дамып келе жатқанын жеткізді. Жұмыссыздық деңгейінің азуын айға білеген АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия сияқты елдерден едәуір төмен екенін айтты. Бұл күні форум қонақтары Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына тәнті болған да шығар. Себебі алғаш болып сөз алған Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев форумға қатысушыларды еліміздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасымен таныстырды. ДИЭФ қорының төрағасы Тун Муса Хитам да Қазақстан халқы мен Орталық Азия тұрғындарын ДИЭФ жобаларына қатысуға шақырды. Сөйтіп, форумда іскер әйелдер мен жастарға баса мән беріліп отырған себебін түсіндіре кетті. «Бүгінгі форум жұмысы барысында біздің әйелдер қауымы да үлкен тәжірибе жинақтап, бизнесті дамыту саласында тығыз әріптестік байланыстар орнатады деп сенемін. Бұл - біздің негізгі мақсатымыз. Жастар біздің ізбасарымыз, біздің ісімізді жалғастырушы, ал әйелдер қоғамдағы тұрақтылық пен үндестікке негіз болатын халқымыздың мәдениеті мен салтының бет-бейнесі. Сондықтан олардың көш басында болып, кейінгі ұрпаққа тағылымды тәрбие беруі аса маңызды. Ал біз болсақ, Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумының атынан жастар мен әйелдерге жаһандық үдерістерге етене араласып, өз пікірлерін ашық айтуға мүмкіндік беріп отырмыз», - деді. Қазақстан да бұл мәселеде құр алақан емес екен. Оны Үкімет жетекшісі К. Мәсімов айтты. Оның сөзіне қарағанда, елімізде әйелдердің саясатта, бизнесте, азаматтық қоғамда жетекші орындарды иеленуіне мүмкіндік беретін бағдарламалар әзірленуде. Статистиканы сөйлетсек, Қазақстан әйелдері елдің ішкі жалпы өнімнің 30 пайызына үлес қосып отыр. Қазақстан бүгінде алалаушылық пен кемсітушілікке тосқауыл қоюда Еуроодақ құрамындағы Италия, Франция секілді 12 мемлекетпен тең тұр. Атпал азаматтар ашып берген форумды іскер әйелдер жалғастырып әкетті. «Әйел және бизнес: табандылық пен сенімділік» тақырыбындағы отырысқа ДИЭФ Іскер әйелдер қанатының төрайымы Норраесах Мохамед жетекшілік етті. Оның айтуынша, бүгінгі заманның әйелдері бизнесті дөңгелетуді жақсы меңгерген. Бірақ әлемдік статистикада парламенттегі әйелдердің үлесі 30 пайыз, ал әйелдердің директорлар кеңесінің төрайымы сынды орындардағы үлесі 1 пайызды ғана құрайды. Демек, әйелдің рөлін әлі де арттыра түсу қажет. Бұл ретте, ДИЭФ іскер әйелдер желісінің аймақтық семинарларының маңызы зор екенін айтады. Ол өз сөзінде сондай семинардың бірін Астанада өткізуді ұсынды. Оның айтуынша, ДИЭФ осыған дейін іскер әйелдерге арналған екі семинар өткізген екен. Сол басқосулардан кейін ДИЭФ-ке алғыс арқалаған хаттар қарша бораған көрінеді. Біз Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Раушан Сәрсенбаеваның сөзінен ДИЭФ семинары тақылеттес шаралардың біздің елде де қолға алынғанынан хабардар болдық. Оның сөзіне қарағанда, өңірлерде саясаткер әйелдердің клубтары құрылған, әйелдер арасынан кадрлар резерві қалыптасырылуда. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мақсатында 2009- 2015 жылдарға арналған бағдарлама да қабылданып, ауылдағы іскер әйелдерге шағын несие беру бағдарламасы жасалыпты. Дегенмен бизнесті жүргізудегі ислам әлеміндегі іскер әйелдердің тәжірибесімен де танысқан жөн. Ынтымақтастық ауанда байланыс жасасақ та артық етпейді. Себебі оларда ақша көп те, жоба аз. Ал біздің елде керісінше. «Ислам елдеріне кіретін араб мемлекеттерінде ақша мол, бірақ осы қыруар қаражатқа іске асыратын жобалар аз. Бұл туралы араб бизнесмендері жиі айтады. Бізде болса, керісінше, жоба көп, ал оны іске қосатын қаржы тапшы. Сондықтан біз ДИЭФ сияқты ірі іс-шараларда тығыз қарым-қатынас орнатып, екі жақта қалыптасқан мәселені тиімді шеше аламыз» дейді Р. Сәрсенбаева. Бұл күні ислам әлеміндегі іскер әйелдер әлеуметтік кәсіпкерлік, бизнестің негізі - маркетинг, венчурлы капитал, денсаулық сақтау, туризм, білім, азық-түлік индустриясы төңірегіндегі тақырыптарды талқыға салды. Қыз-келіншектер бір-бірінен бизнес жүргізудің қыр-сырын ұғысты. ДИЭФ шеңберінде өткен жас көшбасшылар форумында да жақсы ойлар айтылды. Мәселен, ДИЭФ-тің жас көшбасшылар қанатының төрағасы Шри Назир Тун Абдул Разак «Бүгінгі көшбасшылар өзінен кейінгі ізбасарларына жол бере білуі тиіс» деген пікірімен көзге түсті. Оның пікіріне сүйенсек, нағыз көшбасшының негізгі көрсеткіші мынадай болуы керек. Егер көшбасшы белгілі бір ұйымнан кетсе, сол ұйымдағы оның ұжымы жан-жаққа шашырамай, қарқынын жоғалтпай жұмыс істеуі тиіс. Міне, сонда ғана осы адамды «Нағыз табысты көшбасшы» деп атауға болады. «Біз жас көшбасшыларды осы жолда тәрбиелеуіміз керек. Яғни бүгінгі заманда нағыз көшбасшылар өзінен кейінгі ізбасарларына жол бере білуі тиіс» деді ол. Айтқандай, ДИЭФ-тің жастар қанаты да қазақстандық жастарды өзара ынтымақтастыққа тартпақ ниетте. «Біз жас қазақстандықтарды біздің жас көшбасшылар желісіне қатысуға шақырамыз. Комитеттің Қазақстаннан мүшесінің болғандығын қалаймыз» дейді Шри Назир Тун Абдул Разак. Қазақ топырағында түрлі форумдар мен жиындар өтіп жатыр. Ал ДИЭФ отырысының жөні бөлек. Бұл жиын Қазақстанның іскерлер қауымын ислам әлеміне бір табан жақындата түскендей. Оның үстіне, ДИЭФ іскер әйелдер мен жастарға зор сенім артып отыр. Себебі әйел жүрген жерде әділет бар, жас жүрген жерде жұмыстың бәрі жемісті. Бұл ислам әлемінің өміршеңдігі үшін маңызды фактор.:

08. 06. 11. Кеше Астанадағы Тәуелсіздік сарайында VІІ Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы (ДИЭФ) басталды. ТМД мен Орталық Азия аумағында алғаш рет Қазақстанда ұйымдастырылған форумның бірінші күнгі басқосулары ислам әлеміндегі іскер әйелдер мен жас көшбасшыларға арналды. Форумның ашылу салтанатына Премьер-министр Кәрім Мәсімов пен ДИЭФ қорының төрағасы Тун Муса Хитам қатысты. Форум басталмас бұрын ислам дәстүріне сай Құран оқылды.

Үкімет жетекшісі Кәрім Мәсімовтің сөзімен айтсақ, ДИЕФ отырысы 6 жылдың ішінде-ақ жаһандық маңызы бар шараға айналды. «Бұл жаһандық экономикада ислам әлемінің артып жатқан ықпалын көрсетеді», - деді Үкімет жетекшісі. Әңгімесін ағылшынша ағытқан Кәрім Қажымқанұлы форум қатысушыларына қаржылық дағдарыстан кейінгі Қазақстан экономикасының 7 пайыздық өсіммен дамып келе жатқанын жеткізді. Жұмыссыздық деңгейінің азуын айға білеген АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия сияқты елдерден едәуір төмен екенін айтты. Бұл күні форум қонақтары Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына тәнті болған да шығар. Себебі алғаш болып сөз алған Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев форумға қатысушыларды еліміздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасымен таныстырды. ДИЭФ қорының төрағасы Тун Муса Хитам да Қазақстан халқы мен Орталық Азия тұрғындарын ДИЭФ жобаларына қатысуға шақырды. Сөйтіп, форумда іскер әйелдер мен жастарға баса мән беріліп отырған себебін түсіндіре кетті. «Бүгінгі форум жұмысы барысында біздің әйелдер қауымы да үлкен тәжірибе жинақтап, бизнесті дамыту саласында тығыз әріптестік байланыстар орнатады деп сенемін. Бұл - біздің негізгі мақсатымыз. Жастар біздің ізбасарымыз, біздің ісімізді жалғастырушы, ал әйелдер қоғамдағы тұрақтылық пен үндестікке негіз болатын халқымыздың мәдениеті мен салтының бет-бейнесі. Сондықтан олардың көш басында болып, кейінгі ұрпаққа тағылымды тәрбие беруі аса маңызды. Ал біз болсақ, Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумының атынан жастар мен әйелдерге жаһандық үдерістерге етене араласып, өз пікірлерін ашық айтуға мүмкіндік беріп отырмыз», - деді. Қазақстан да бұл мәселеде құр алақан емес екен. Оны Үкімет жетекшісі К. Мәсімов айтты. Оның сөзіне қарағанда, елімізде әйелдердің саясатта, бизнесте, азаматтық қоғамда жетекші орындарды иеленуіне мүмкіндік беретін бағдарламалар әзірленуде. Статистиканы сөйлетсек, Қазақстан әйелдері елдің ішкі жалпы өнімнің 30 пайызына үлес қосып отыр. Қазақстан бүгінде алалаушылық пен кемсітушілікке тосқауыл қоюда Еуроодақ құрамындағы Италия, Франция секілді 12 мемлекетпен тең тұр. Атпал азаматтар ашып берген форумды іскер әйелдер жалғастырып әкетті. «Әйел және бизнес: табандылық пен сенімділік» тақырыбындағы отырысқа ДИЭФ Іскер әйелдер қанатының төрайымы Норраесах Мохамед жетекшілік етті. Оның айтуынша, бүгінгі заманның әйелдері бизнесті дөңгелетуді жақсы меңгерген. Бірақ әлемдік статистикада парламенттегі әйелдердің үлесі 30 пайыз, ал әйелдердің директорлар кеңесінің төрайымы сынды орындардағы үлесі 1 пайызды ғана құрайды. Демек, әйелдің рөлін әлі де арттыра түсу қажет. Бұл ретте, ДИЭФ іскер әйелдер желісінің аймақтық семинарларының маңызы зор екенін айтады. Ол өз сөзінде сондай семинардың бірін Астанада өткізуді ұсынды. Оның айтуынша, ДИЭФ осыған дейін іскер әйелдерге арналған екі семинар өткізген екен. Сол басқосулардан кейін ДИЭФ-ке алғыс арқалаған хаттар қарша бораған көрінеді. Біз Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Раушан Сәрсенбаеваның сөзінен ДИЭФ семинары тақылеттес шаралардың біздің елде де қолға алынғанынан хабардар болдық. Оның сөзіне қарағанда, өңірлерде саясаткер әйелдердің клубтары құрылған, әйелдер арасынан кадрлар резерві қалыптасырылуда. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мақсатында 2009- 2015 жылдарға арналған бағдарлама да қабылданып, ауылдағы іскер әйелдерге шағын несие беру бағдарламасы жасалыпты. Дегенмен бизнесті жүргізудегі ислам әлеміндегі іскер әйелдердің тәжірибесімен де танысқан жөн. Ынтымақтастық ауанда байланыс жасасақ та артық етпейді. Себебі оларда ақша көп те, жоба аз. Ал біздің елде керісінше. «Ислам елдеріне кіретін араб мемлекеттерінде ақша мол, бірақ осы қыруар қаражатқа іске асыратын жобалар аз. Бұл туралы араб бизнесмендері жиі айтады. Бізде болса, керісінше, жоба көп, ал оны іске қосатын қаржы тапшы. Сондықтан біз ДИЭФ сияқты ірі іс-шараларда тығыз қарым-қатынас орнатып, екі жақта қалыптасқан мәселені тиімді шеше аламыз» дейді Р. Сәрсенбаева. Бұл күні ислам әлеміндегі іскер әйелдер әлеуметтік кәсіпкерлік, бизнестің негізі - маркетинг, венчурлы капитал, денсаулық сақтау, туризм, білім, азық-түлік индустриясы төңірегіндегі тақырыптарды талқыға салды. Қыз-келіншектер бір-бірінен бизнес жүргізудің қыр-сырын ұғысты. ДИЭФ шеңберінде өткен жас көшбасшылар форумында да жақсы ойлар айтылды. Мәселен, ДИЭФ-тің жас көшбасшылар қанатының төрағасы Шри Назир Тун Абдул Разак «Бүгінгі көшбасшылар өзінен кейінгі ізбасарларына жол бере білуі тиіс» деген пікірімен көзге түсті. Оның пікіріне сүйенсек, нағыз көшбасшының негізгі көрсеткіші мынадай болуы керек. Егер көшбасшы белгілі бір ұйымнан кетсе, сол ұйымдағы оның ұжымы жан-жаққа шашырамай, қарқынын жоғалтпай жұмыс істеуі тиіс. Міне, сонда ғана осы адамды «Нағыз табысты көшбасшы» деп атауға болады. «Біз жас көшбасшыларды осы жолда тәрбиелеуіміз керек. Яғни бүгінгі заманда нағыз көшбасшылар өзінен кейінгі ізбасарларына жол бере білуі тиіс» деді ол. Айтқандай, ДИЭФ-тің жастар қанаты да қазақстандық жастарды өзара ынтымақтастыққа тартпақ ниетте. «Біз жас қазақстандықтарды біздің жас көшбасшылар желісіне қатысуға шақырамыз. Комитеттің Қазақстаннан мүшесінің болғандығын қалаймыз» дейді Шри Назир Тун Абдул Разак. Қазақ топырағында түрлі форумдар мен жиындар өтіп жатыр. Ал ДИЭФ отырысының жөні бөлек. Бұл жиын Қазақстанның іскерлер қауымын ислам әлеміне бір табан жақындата түскендей. Оның үстіне, ДИЭФ іскер әйелдер мен жастарға зор сенім артып отыр. Себебі әйел жүрген жерде әділет бар, жас жүрген жерде жұмыстың бәрі жемісті. Бұл ислам әлемінің өміршеңдігі үшін маңызды фактор.

де өз орныңды таптың ба, сен?! Қызмет пен құрметтің иесіне сәйкес келуі

Автор:Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН

Мына жарық дүниеге келген әрбір саналы адамның парызы - Елі мен Жерінің игілігіне еңбек ету, өмірден өз орнын табу, адам деген ардақты атына сай өмір сүру. Тағдырдың әркімге әрқилы сыйы сол, біреулер өзінің қабілетіне, қалауына, мінез-қылығына, дүниетатымына, біліміне сәйкес мамандықты меңгермей, мақсат-мүддесіне жете алмайды, екінші біреулер таланты мен талғамына, талабы мен таным-түсінігіне сәйкес мамандықты меңгерсе де, тірлікте жолы болмайды. Кейбіреулер, керісінше, жағымпаздықпен, тамыр-таныстықпен өз дәрежесінен артық мансап, мәртебеге ие болып, халқына түк пайдасы тимесе де «қайраткер», «құрметті азамат», «лауреат», «халық қалаулысы» атанады.

«Неге арналсаң, соны істе»

Жас ұрпақ, яғни адам тәрбиесі туралы ой толғаған бір ұлағатты ұстаз: «Адамда бір ғана мамандық болуға тиіс, ол шын мәнінде адам деген атқа ие болу», - дейді. Оның мұндағы бейнелеп айтып отырған ой-пікірі: кез-келген адам адал, адамгершілігі жоғары, еңбекке қабі-летті де зейінді, өз міндетіне жауапты, бейнетке төзімді, мейірімді де білімді жан болса, ол таңдаған мамандық маңызды, жұмысы же-місті болып, өмірде жар-қын із қалдыра алады. Алайда, мұндай адамдар ең бірінші, өзінің қандай іске арналып жаратылғанын білсе, халқына да берер жемісі қанша ма мол болар еді . . .

Өмірде көріп, біліп жүрген ақиқат: көп адамның өзіне лайықты орнын таппауы, кейбіре-улердің өз ақыл-ойы, дүниетанымы, іскерлігі, білімі, біліктілігі сәйкес келмейтін жоғары орында болуы, дәрежесінен артық сый-құрметке бө-ленуі. Бұл барлық кезде қоғамымызда орын алып келе жатқан жиіркенішті жаман дерт. Сол себепті де Жүсіпбек Аймауытовтың айтып кеткен мына бір сөзі әлі күнге дейін мән-маңызын жоғалтқан жоқ: «Әлеумет тұрмысындағы зор кемшіліктің бірі - әлеуметтің мүшесі, әр адам «өз орнында» қызмет етпеу. Естеріңізде болсын: адам қалай болса солай сүйреуге көне беретін тулақ емес, қалай қақса солай домалайтын «алланың» добы да емес. Адам өзінің ыңғайымен, еркімен қызмет ететін зат. Кісі іштен туғаннан-ақ белгілі бір өнерге, қызметке икемді болып туады; басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қабілет, яки, зеректік болады. Біреу бала оқытуға, біреу етік тігуге, біреу әкім болуға, біреу мал бағуға, біреу әскерлікке, біреу жазушылыққа, біреу дәрігерлікке, біреу саудаға, біреу сөзге, біреу дауға ыңғайланып жаралады. Өмірде түк жұмысқа икемі жоқ жан сирек болады; ең болмаса өтірік айтуға зерек болып жаралады. Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен жүріп, қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де, үлкен пайда келтірмек. «Өз орнында» істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ. Қайғы сол: өз жолын шу дегеннен тауып алатын адамдар сирек болады. Адамның көбі ана жолға бір, мына жолға бір түсіп, өмір бойы өз соқпағын таба алмай, сенделумен күні өтеді. Өз жолында қызмет істемеген адамның жұмысы бере-кесіз болғаны өз алдына, ондай адам ісіне көңілі жарымағандықтан өмірге, тағдырға налып, зарланып, бақсыз жан болып күнелтеді».

Иә, өте орынды айтыл-ған, ұлтымызға ұлағат боларлық асыл сөз. Өйт-кені, адамдардың қай-қайсы да өзі өмір сүріп отырған елдегі қоғамның мүшесі, яғни сол әлеу-метке бір бөлшегі ретінде өз пайдасын тигізуге, сол үшін еңбек етуге, қоғамдық жұмысқа ат салысуға тиіс. Алайда, ада-мдардың сана-сезімі әрқи-лы. Біреулер елі мен жері үшін көп еңбек сіңіреді, сол жолда үйін де, күйін де ұмытып кететіндері де жоқ емес. Екінші біреулер өзінің жеке басының мақсат - мүддесін көбірек ойлап, көп еңбектенуден бойын тежейді. Сонда, әр адам өзі мен қоғамның мақсат-мүддесін қандай жағдайда бірге тоғыстырып, екі жаққа да пайдалы еңбек ете алады? Біздің ше, ол әрбір адам бойына біткен қабілетіне, ыңғайына, мүмкіндігіне, зеректігіне, еңбексүйгіштігіне, іскерлі-гіне, жауапкершілігіне, адалдығына, білімі мен біліктілігіне сәйкес өз орнында қызмет істесе ғана жүзеге асады.

«Әр адам өзі өмір сүріп отырған қоғамға пайдасын тигізіу үшін «Өз орнында» еңбек етіп жүр ме?». Оны сол адамның елі мен жері үшін атқарған қызметі, сіңірген еңбегі айқындап береді. Бұл қазіргі ел ағалары атанып жүргендерге де, билік басындағыларға да тән. Олардың қайсы жақсы, жаман атымен тарихта қалады, ол уақыт еншісінде.

Сөз орайы келгенде айта кететін жағдай, қазір оқыған, ақыл-есі бүтін бірқатар азаматтар өздерін қызметте тұрлаусыз, не болса соған тез еліктегіш, одан тез суынғыш, шала білімділік, мансапқорлық, пайдакүнемділік, кеңсе-шілдік, даурықпа - даңға-залық, өз бетінше шешім қабылдай алмаушылық, жауапсыздық, жағымпа-здық, сөз тасығыштық тәрізді жағымсыз жақтары-мен, мінез-құлқымен жиі көрсетеді. «Білгіштер» оған заманды, тұрмыс жағдайының қиындығын, ардың да, намыстың да ақшаға сатылатындығын кінәлайды. Біздің ше, бұл - мұндай адамдардың мемлекеттік, қоғамдыққызметке, сол мамандық-қа пісіп, жетілмегенін, тәжірибе жинақтамаға-нын, лайықты еместігін көрсетеді.

Жасыратыны жоқ, қазі-ргі көп адамның ойлайтыны қызметте өсу, шен-шекпен, байлық. Олар сол жолда қолдарынан келгеннің бәрін жасайды. Бас пайдасы үшін жазықсыз жанды қаралау, оған ор қазу, өзінен төмендетіп ұстауға тырысу, пара беру, өзін іскер, талантты етіп көрсету үшін жалған жарнама жасау, аңқау, ақкөңіл болып алдау оларға үйреншікті іс. Және көбісі обал-сауапты ойламайды. Рас, мемлекеттік қыз-меттегі, көптеген жауапты жұмыстағы адамдар-дың арасында лауазымды қызметке қабілеті, таланты барлары, лайық-тылары да аз емес. Алай-да, қаракөз бауырлары-мыздың басым бөлігі қазатың: «Бәрің бірдей қойшы болсаң, құл боларсың; Бәрің бірдей тойшы болсаң, жын боларсың», - деген нақыл сөзін ұмытқан, бәрінің де, қалауы бастық болу, атақ-даңққа кенелу, байыған үстіне баю.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ
Темекі тарту – зиянды әдет. Аналар темекiге қарсы
Жасырын жұмыссыздық - өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық жұмысшылардың қолданылуы
Дене шынықтыру шаралары
Оқырмандар ұйымдастырған кітап көрмесі
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Шара ұлттық драма театрының артисі
Интерактивті тақтаның шығу тарихы
Мектеп жасындағы балалардың оқу тәрбиесінің әдістемесін жасау
Тәжірибе өту кезеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz